Абай тілінің зерттелуі



Кіріспе

Мазмұны

1)Абай тілінің зерттелуі
2)Шежіре тілінің лексикасы мен фразеологиясы
3) Абайдың поэзия тілі, поэтикасы
Абай тілінің зерттелуі. Аса көрнекті ақын-жазушылар шығармаларының тілі екі тұрғыдан зерттеледі. Бірі - қаламгердің қолданған тілінің даму барысында оның алған орны мен сіңірген еңбегін анықтау, екіншісі-оның өз қаламына тән шеберлік тәсілдері мен өзге де тілдік ерекшеліктерін талдау. Абай тілін де осы екі тұрғыдан қарастыру керек, өйткені ол әдеби тілде дайын тұрған қалып-нормаларды дұрыс, көркем пайдалана білген қатардағы қаламгер емес, сол тілдің даму тарихындағы жаңа кезеңді бастаушы, сапалық жаңа түрінің іргетасын қалаушы суреткер. Қай тұрғыдан болса да Абай тілін өз алдына сөз ету оның туындыларын талдаумен қатар жүріп келді. Әрине, бір мезгілде, бірдей қарқында емес. Ең алдымен, ақын шығармашылығының идеясын, мазмұнын танып, білуге күш салынды, сол мазмұнның сыртқы көрінісі-тіліне үңілу содан кейін басталды. Абай шығармашылығы хақында алғашқы пікір айту-19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың алғашқы жылдарында басталған болса, тілі жайында да алғаш рет сөз қозғау осы тұстарға саяды. Әрине, бұл әңгіме ұлы ақынның тілін нақты түрде талдау емес, жалпы тұжырым айту, қазақтың поэтикалық дүниесінің тіліне жаңа лептің келгенін атау түрінде болды. 1901 ж. қазақ даласынан жиналып, Орыс географиялық қоғамына жіберілген өлең үлгілерінің ішінде Абайдың жылдың төрт мезгілі туралы өлеңдері: «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» деп басталатын туындылары болды. Осы материалдарды редакциялап, баспаға дайындауды қолға алған орыс түркологі П. М. Мелиоранский, авторы кім екенін білмесе де, бұл өлеңдердің өзге шығармалардан бөлекше тұрғанын, олардың жазба әдебиет үлгілеріне жататынын айтты. Абай поэзиясы және оның тілі жөнінде қазақтардан түңғыш рет арнайы пікір айтқан - Ә. Бөкейханов. А. Байтұрсынов «Қазақ» газетінің 1913 ж. 39-41-сандарында «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақала жариялап, ақынның өмір баянынан қысқаша мәлімет бере келіп, оның поэтикасын сөз етті. Ал С. Торайғыров «Айқап» журналының 1913 ж. 22-23-сандарында «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан» деген мақаласында сол тұстағы қазақ поэзиясының мазмұн-мәнімен қатар, тілін де азын-аулақ сөз етеді, тіл жағынан Абай өлеңдерін өте жоғары қояды. Ақынның 1922-23 жылдардағы шығармаларының тіліне қатысты аз-кем пікірлер мен кейбір араб, парсы, орыс сөздерінің түсініктемесін Абайдың 1922
1) Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы,
2) Сыздықова Р. Абай шығармалары мен 19 ғ-дағы жазу нұсқаларының тілін зерттеудің маңызы. «Қазақ тілі мен әдебиеті»
3) Абай Құнанбайұлы Шығ. жинағы. І том Алматы Жазушы 1966,

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Мазмұны

1)Абай тілінің зерттелуі
2)Шежіре тілінің лексикасы мен фразеологиясы
3) Абайдың поэзия тілі, поэтикасы

Абай тілінің зерттелуі. Аса көрнекті ақын-жазушылар шығармаларының тілі екі тұрғыдан зерттеледі. Бірі - қаламгердің қолданған тілінің даму барысында оның алған орны мен сіңірген еңбегін анықтау, екіншісі-оның өз қаламына тән шеберлік тәсілдері мен өзге де тілдік ерекшеліктерін талдау. Абай тілін де осы екі тұрғыдан қарастыру керек, өйткені ол әдеби тілде дайын тұрған қалып-нормаларды дұрыс, көркем пайдалана білген қатардағы қаламгер емес, сол тілдің даму тарихындағы жаңа кезеңді бастаушы, сапалық жаңа түрінің іргетасын қалаушы суреткер. Қай тұрғыдан болса да Абай тілін өз алдына сөз ету оның туындыларын талдаумен қатар жүріп келді. Әрине, бір мезгілде, бірдей қарқында емес. Ең алдымен, ақын шығармашылығының идеясын, мазмұнын танып, білуге күш салынды, сол мазмұнның сыртқы көрінісі-тіліне үңілу содан кейін басталды. Абай шығармашылығы хақында алғашқы пікір айту-19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың алғашқы жылдарында басталған болса, тілі жайында да алғаш рет сөз қозғау осы тұстарға саяды. Әрине, бұл әңгіме ұлы ақынның тілін нақты түрде талдау емес, жалпы тұжырым айту, қазақтың поэтикалық дүниесінің тіліне жаңа лептің келгенін атау түрінде болды. 1901 ж. қазақ даласынан жиналып, Орыс географиялық қоғамына жіберілген өлең үлгілерінің ішінде Абайдың жылдың төрт мезгілі туралы өлеңдері: Қансонарда бүркітші шығады аңға, Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман, Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат деп басталатын туындылары болды. Осы материалдарды редакциялап, баспаға дайындауды қолға алған орыс түркологі П. М. Мелиоранский, авторы кім екенін білмесе де, бұл өлеңдердің өзге шығармалардан бөлекше тұрғанын, олардың жазба әдебиет үлгілеріне жататынын айтты. Абай поэзиясы және оның тілі жөнінде қазақтардан түңғыш рет арнайы пікір айтқан - Ә. Бөкейханов. А. Байтұрсынов Қазақ газетінің 1913 ж. 39-41-сандарында Қазақтың бас ақыны деген көлемді мақала жариялап, ақынның өмір баянынан қысқаша мәлімет бере келіп, оның поэтикасын сөз етті. Ал С. Торайғыров Айқап журналының 1913 ж. 22-23-сандарында Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан деген мақаласында сол тұстағы қазақ поэзиясының мазмұн-мәнімен қатар, тілін де азын-аулақ сөз етеді, тіл жағынан Абай өлеңдерін өте жоғары қояды. Ақынның 1922-23 жылдардағы шығармаларының тіліне қатысты аз-кем пікірлер мен кейбір араб, парсы, орыс сөздерінің түсініктемесін Абайдың 1922 ж. Ташкентте шыққан өлеңдер жинағына редакция атынан берілген ескерту сөзден және татар ғалымы А. Сағдидың Ақжол газетінің 1923 жылғы бірнеше санында басылған мақаласынан табамыз. Абайдың қазақ әдебиетінде алатын орны мен ұстаған бағыт-бағдары жайында 20 жылдардың ішінде, тіпті 30 жылдардың 2- жартысына дейін баспасөз бетінде болып келген пікірталастар кезінде ақынның тілі туралы да айтылып өтті. Бұлардың ішінде, әсіресе, Ы. Мұстанбаевтың батыл да ашық айтқан пікірлері Абай тілі жөніндегі қазіргі бағаларымызбен ұштасып жатыр. 1930 жылдардың орта шенінен бастап Абай шығармаларының тілі жөніндегі пікірлер көбірек және айқынырақ айтыла бастады. Әсіресе, бұған 1934 ж. Абайдың қайтыс болғанына 30 жыл толуын атап өту шаралары үлкен себепкер болды. М. Әуезов, Қ. Жұбанов, I. Жансүгіров, Е. Ысмайылов, 3. Шашкин ұлы ақынның тілге деген көзқарасы мен еңбегін, сөз қолдану шеберлігі мен өлең құрылысын арнайы сөз етеді. Әуезов ақынның өмір кешкен ортасы мен қалдырған мұрасына үңілген еңбектерінде Абайдың тілі жөнінде де дұрыс әрі түбегейлі пікір айтып отырды. 1934 ж. Абай ақындығының айналасы деген мақаласындағы ойын 1951 ж. жазған Абай мұрасы жайында деген еңбегінде де, содан кейінгі Абай Құнанбаев деген монографиясында да өрбітіп, анықтап айтады. Бұларда Әуезов Абайдың қазақ әдеби тілінің даму жолындағы орнын көрсете келіп, екі ерекшелігін атайды: 1 - Қазақтың халықтық, салттық және өзінен бұрынғы ауыз әдебиетіне көрік берген мол, шебер сөздік қорынан пайдаланып, халықтың әдебиеттік тілін қалай жасаудың жолын көрсетуі; 2 - Қазақ қоғамы ортасында Абай заманында кіре бастаған жаргондық сипаттағы кітаби шұбар тілден іргесін ашып алуы, одан бас тартуы. Абай шығармаларының тілі жайында арнайы пікір айтқан ғалым - Қ. Жұмалиев. Өзінің мектеп оқушыларына арналған оқулықтарынан бастап, 18-19 ғ-дағы қазақ әдебиеті тарихы туралы жазған ғылыми зерттеулерінде, әдебиет теориясына арналған еңбектерінде Жұмалиев Абайдың шығармашылығымен қатар, оның тілін талдап: 1) Абайға дейін де қазақтың поэтикалық тілі дамып келді... оның өзінше даралық байырғылық сипаты болды. Абай осындай әдебиеттің о заманнан қалыптасып қалған поэтикалық тілін жоғары мәдениеттілік сатыға көтерді. 2) Абай заманында едәуір етек жайған тілдегі шағатай шылау, татар шылауға қарсы күрес ашты, қазақ тілін аса қадірлеп, таза сақтауға күш салды, оның сөздік қорының бір бұтағы орыс тілі болды. 3) Абай қазақтың мол сөз байлығын қолданумен қатар, өзі де жаңа сөз, жаңаша сөйлем құрылыстарын енгізді. 4) Өлең құрылысына қыруар жаңалықтар қосып, көркемдеудің жаңа тәсілдерін ұсынған деген тұжырым жасады. Ақын шығармаларының тілі жайында жеке монография жазбаса да, ол жөнінде белгілі жазушылар мен ғалымдар Ғ. Мүсірепов, М. С. Сильченко, Б. Кенжебаев, Е. Ысмайылов, Т. Нұртазин, Т. Әлімқұлов, X. Сүйіншәлиев пікір айтты. Қазақ тіл мамандарының ішінде Абай тілі жайында алғаш терең әрі дәлелді пікір айтып талдау жасаған Құдайберген Жұбанов болды. 1934 ж. жазған Абай - қазақ әдебиетінің классигі деген еңбегінде екі үлкен принципті пікір білдіреді: бірі - бүтін Орта Азия ескі күншығыс ислам мәдениетінің кірлі көрпесін қалың жамылып жатқан кезде, түркі тілдес көрші халықтардың ең ірі қалам қайраткерлері... шағатай тілінің шырмауынан шыға алмай, шығармашылығына өз ана тілдерін қару ете алмай отырған кезде, Абайдың жеке-дара үздік шығып, таза қазақ тілінде жоғары поэзия тудыруы. Екіншісі - ғасырлар бойы келе жатқан туған тілінің ең бір нәрлісін кәдеге жарата біліп, әлсізінен безуі. Абай тілін танып-білу шын мәнінде 30 жылдардың ортасынан басталды да, 50-60 жылдар ішінде мәселеге С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, I. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, А. Ысқақов тәрізді тіл мамандарының қатысуына байланысты едәуір жандана түсті. 60 жылдардан бастап өзге тіл мамандары да: Ш. Ш. Сарыбаев, Е. Жанпейісов, Р. Сыздықова, Т. Қордабаев, Қ. Өмірәлиев Абай тілінің нақты фактілерін: сөз қолданысын, сөздің қазынасын, граммат. тұлға тәсілдерін талдады, Сыздықованың Абай шығармаларының тілі (1968) және Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы (1971) атты монографиялары жарық көрді. Аталған монографиялардың алғашқысында Абайдың әдеби мұрасы қазақ тілі тарихының материалы ретінде зерттелді. Мұнда ұлттық жазба әдеби тіліміздің ірге тасын қалап, әрі қарайғы даму бағыттары мен принциптерін белгілеудегі Абайдың ерекше ролі мен теңдесі жоқ қызметі көрсетілді. Ақын өлеңдерінің синтаксистік құрылысына арналған 2-монографияда қазақ өлеңдерінің, оның ішінде Абай туындыларының синтаксистік амал-тәсілдері, ұйқасы, өлшемі, композициясы және олармен синтаксистік құрылымының өзара байланысы нақты талданды. Күрделілігі, сыйымдылығы, көркемдік әсері жағынан Абай өлеңдерінің синтаксистік жазба поэзия талаптарына сай түсетін, өзіне дейінгі қазақ поэтикасы дәстүрінен жоғары көтерілген, кейінгі қазақ поэзия тіліне бағыт-үлгі болатын сипатта екендігі дәлелденді. Бүл 2 еңбекте негізінен Абай шығармалары тілінің лексикасы мен грамматикасы жүйелі түрде зерттелді, дегенмен, Абайдың шеберлік тәсілдері, даралық ерекшеліктері, қысқасы, көркемдік дүниесі арнайы талдау дәрежесіне көтеріле алмаса да мұнда ұлы ақын поэтикасына қатысты мәселелер кеңінен қозғалды. Ғылым баспасынан 1968 ж. Абай тілі сөздігі жарық көрді. Бұл - ұлы ақын шығармаларының тілін танып-білу саласындағы аса қажетті, қомақты жұмыстардың бірі. Ол Абайдың тілін, әсіресе, лексикасын зерттеймін немесе білемін деушілерге өте қолайлы, реттелген материал, белгілі бір сөздің немесе сөз тіркесінің қай мағынада қанша рет қолданылғанын, бір мағынадағы кейбір сөздерді Абай қалайша қатар жұмсағанын, оның ішінде қайсысын жиі, қайсысын сирек қолданғанын көре алады. Мыс., Абайда тіршілік, тірлік, өмір, мағишат деген төрт сөз бір ұғымды білдіреді, бірақ бұлардың қолданылу жиілігі, поэтикалық, жүгі бірдей емес: тіршілік 6 рет, тірлік 11, өмір 113, мағишат 1 рет қолданылған. Абай тілін танып-зерттеуге тікелей қатысты қарекеттің бірі - текстологиялық ізденістер мен түзетулер. Ақын мұрасының текстологиясына үңілу кейінірек басталды. Ақын мұрасының әр кездердегі басылымдарында кеткен текстол. ағаттықтар мерзімді баспасөз беттерінде де, жеке жинақтар мен кітаптарда да көрсетілген, оларды арнайы зерттеуге назар аударылып отыр. Газет беттерінде жарияланған қыруар құнды мақалаларды былай қойғанда, журнал беттерінде жарық көрген З. Ахметов пен Ы. Дүйсембаевтың, Б. Жақыпбаевтың, М. Сәрсекеевтің, Қ. Өмірәлиевтің, М. Бөжеевтің мақалалары мен Қ. Мұқаметхановтың арнайы жазылған Абай шығармаларының текстологиясы жайында (1959) атты кітабы Абай шығармаларының тілін танып-білуге үлкен септігін тигізген еңбектер. Абайтану саласының бір тармағы ретіндегі Абай тілін зерттеудің 70-80 жылдық тарихы бар

Абай қазақ әдеби тілін жаңа сатысы Көтергенде,бұрынғы принципібағыттардың жоққа шығарып керісінше ең бастысы өмірлік белгілерін сақтап оларды әрі қарай ұстау.
Бұл принцыпты бағыттар
1)Өз дәуіріндегі өз туындысы жалпы халықтық сөйлеу тілін негізгі етіп ұстау.XV-XVIғасыр Қазмұрын , Шалкиіз,Достанбет тілінің лексикасы өзге екені даусыз .Дәстүр үкіметіне даусыз. XIX ғ Махамбет, Дулат , Шортанбайдың тілі.
Қозы көрпеш Баян сұлу жырларының көне нұсқасымен келесі жырлар айтуындағы аймақтар заман тіліне биім
2)Жалғастылық принципі.Ертеде белгілі бір кезеңдердепайда бағытын көркемдеу элементтері үзілмей сақталып келесі дәуірлерде қайталанып,стандарттануы осы принцип бойынша жүзеге асады.Сондықтан эпостық жырларда көртеген жыраулардың толғауында ұшырасатын тылсымдар, екінші бір ақындарда ұшырасудың бір себебі жаңа кезеңге дейін ,қазақ әдеби тілініңосы принципінен туған заңдылық
Абай осы екі дәстүрдіде әрі қарай толықтырып жаңа мазмұнына сай етіп қолданды
Абай түсында және алдында қазақ халқының кезеңі рухани дүниесінде ауызшада, жазбаша да түрде тараған әр алуан әдебиет саласы барлық жағыннан ,тақырып жағынан азаматтық және діни т.б
Дүние танымы мен суреткерлігіне бағыттап ол демохраттық идеяны ұстану,шығармашылығында азаматтық тақырыпта қалады.Бұлар маныздыда халықтық демократтық партияға алынуы тиіс,ол қазақтың ұлттық жаңа әдебиеті үшін жалпы халықтың сөйлеу тіліне негізделген әдеби тіл-сан ғасырлар қазақ поэзиясы тілін таңдау
Абайдың қазақ әдеби тілін дамытудағы
1)дәстүрлі элементтерді жаңартып пайдалану екі түрде жазу,жаңа объектіні әр қырынан анықтау арқылы абай сөзінің метрорлық қызыметін ұлғайтады .Тіркесу мүмкіншігін кеңейту әр эксприссивті бояу күштің, модельдік реңкі бар сөздерді образ үшін пайдалану дамыту.
Абайдың қазақ көркем сөзінің лексикалық құрамына өзгеріс енгізу
Өзгеріс туғызған екі нәрсе 1)ақын жырлаған тақырыптар мен шығармаларының жанрлық құрлысы , 2)жаңа образдар
Абайдың моральдік бейнесін беру сыртқы портрет беруде ақын жыраулардың жалпы түрде өсиет ақыл айтуы сияқты сипаты емес нақты заттың немесе іс қыимылын іс-әәрекетін суреттеу түрінде әр мінез қылықтарын өзін дәл атау түрінде жырлайды .
Жүйелеп айтсақ
А)сирек қозғалатын этнографизмдер мен көне сөздер
Ә)тілдік необлизмдер
Б)адамның психикалық күйін білдіретін сөздер
В)нақты қыимыл қозғалысы,сын сипаты білдіретін сөздерді өлең тіліне енгізу )ауызын ашып қазақтың тісін қайрау.
2)тұрмыстық сөздер
Д)дөрекі ауыз екі тіл
Е)араб парсы сөздері
3)өмір шындығы (мал ,табиғат, айналадағы құбылыстар)
4)Фразеологиясы поэтикалық эксприсил құрал ртінде беру
Ақын поэзиясында жұмсалатын ,адам сипаттайтын ,адамның тілі жан дүниесін танытады.

Абайдың поэзия тілі, поэтикасы

Абай қазақтың өзіне дейінгі және өзімен тұстас өлең сөзіне қатаң талап қойып, кей сәттерін сынай отыра, қазақ поэзия тілінің жасалу және даму заңдылықтары мен шарттарына мойынсұнбай кетпеді, өйткені бұл - көркем сөз дамуының объективті заңдарының бірі. Абай буын саны жағынан өлеңнің өзіне дейін болмаған жаңа түрін жасағанымен олардың барлығы да силлабикалық құрылыс заңдылығына бағынады, өйткені қазақ өлеңінің жасалу табиғатының өзі - силлабикалық буын өлшеміне құрылған. Абай өлеңнің тармақ саны мен ұйқасуына қарай небір алуан жаңа түрлерін ұсынғанымен олар өлеңді ұйқасқа құру шартына бағынады, өйткені соңғы дәуірлердегі қазақ өлеңінің негізгі белгісі - аллитерация емес, ұйқас. Абай қазақ өлеңі бұрын білмеген теңеудің, эпитеттің, метафораның жаңа түрлерін ұсынды, ал олардың қолданылу принциптері мен жасалу техникасы Абайға дейінгі қазақ өлеңіне де тән болатын. Бұл шарттан да Абайдың аттап етуі мүмкін емес еді. Бірақ осылардың барлығын жетілдіру, түрлендіру, жаңа сапалық белгілер қосу тұрғысынан. т-н дамытуда Абайдың еңбегі орасан зор болды. Абай, Пушкин сияқты, өлеңнің іші поэтикалық ойға толы болуына күш салады. Ойға құрылған өлең сол ойды дәл, әсерлі етіп беретін амал-тәсілдерді іздестіреді. Сондықтан да Абайда өлеңнің мазмұнын, айтпақ идеясын білдіретін элементтердің айқындала түсуі басым.

Абай қазақ тілінің сөздік құрамына өзгеріс енгізді. Өзіне дейінгі ақын-жыраулар тілінде көп қолданылмайтын тұрмыс-салттық лексиканы, қарапайым сөздерді, терминдік мәнге ие болған ескі, жаңа атауларды өлең тіліне қосып, оларды поэзия тілінің құралына айналдырды. Абай шығармашылығы тақырыбының бірі және бастысы - адам, оның моральдық бет-бейнесі, сыртқы портреті, ішкі дүниесі, іс-әрекеті. Және бұл тақырыптарды Абай бұрынғыдай жалпы түрде, есиет-ақыл айту түрінде емес, нақтылы түрде, әр қимыл-әрекетті, әрмінез- қылықты дәл көрсету сипатында жырлайды. Сондықтан адамның белгілі бір сәттегі психология күй қалпын дәл беру үшін бұрыннан тілде қолданылатыны жүрегі лүпілдеу, буыны босау, сағыну, ләззат алу тәрізді дағдылы сөздермен қатар қазақ өлең-жырлары тілінде көп кездеспейтін суыну, ысыну, өлең қағу, бос шошу, қызару, сұрлану деген сияқты жай-күй атауларын пайдаланады. Абайда жалпы адамды әр алуан жақтан бейнелейтін етістіктердің көптігін және олардың образ жасауға қатысатынын айту керек. Сырт қарағанда поэтикалық паспорты жоқ бұртақтау, тыртыңдау, арсаңдау, босқа талтаңдау, ит көрген ешкі көздену, тізесін созғылау деген сияқты сөздердің өзіне де стильдік жүк артып, поэзия тілінің құралына айналдырған.

Абай өлендеріне көзге елестетіп берілетін образдау тән. Мысалы, аңға салған құс пен одан қашқан түлкінің суретін көзге елестетіп беру үшін ақын қайқаң қағу, салаң ету, аузын ашып қоқақтау, қанат-құйрық суылдау сияқты сөздерді ұтымды пайдалана білген.

Мағына ауыстыру, теңеу сияқты прозалық сөздерді пайдалануды жүйеге айналдырған. Мысалы, бақсының моласындай жалғыз қалу, безгек ауру сықылды жүдететін ғашықтық, піскен алма секілді тәтті қыз, өмір жолы - иген жақ т. б. Лексик. топтардың ішінде тек күнделікті тұрмысқа қатысты немесе поэтикасында сөз болу қасиеті (мағынасы мен бояуында) бейтарап сөздерді ғана емес, ' қоғамның саяси-экономик. құрылысына, оқу-білімге, философия мен дінге қатысты сөздердің поэзия тілінемолынан қатыстырылуы және кебінің образ жасауға қатысып, көркемдік құралына айналуы - Абай өлеңдері тілінің бір ерекшелігі. Абай поэтикасында кезге түсетін тағы бір құбылыс-образдардың ауызша әдеби тілдегідей, көбінесе қазақ халқының сан ғасырлық күн көріс тіршілігінің негізі - малға немесе ез көзіндегі қазақ тіршілігіне таныс құбылыстарға байланысты болып келетіндігінде ғана емес, сол образдардың тыңдығында, бұрын айтылмаған теңеу, бейнелеулерде. Мысалы, мұнда күлкіні - мәліш саудаға, алыс-берісті - асық ұтысқа, бозбаланы-оңғақ бұлға теңеу немесе ұрлық пенен қулыққа байлағанда-кестің бау деуі осыны көрсетеді. Абай талаптың аты, талаптың тұлпары, асау жүрек, жүйрік уақыт, үміттің аты, қу тілмен қулық сауу деген соны фразеологизмдерді жасауда да малға қатысты бейнелі сөздерді алады. Абай негізін қалап, әрі қарай жүйеге айналдырған поэтикалық тәсілдің бірі төксе түзу саласына қатысты. Текст түзу дегеніміз шығарманың бір бөлігінде немесе шағын бір өлеңнің өн бойында мағыналары бірін-бірі айқындайтын, модальдық реңктері біртектес сездірді шоғырлап беру болса, Абай сездің белгілі бір поэтикалық мақсатты өтеуі үшін сол текстегі өзге сөздерге иек артады, яғни сөздердің бір-біріне қызмет көрсетулері керек екенін жақсы сезеді. Мысалы, Байлар жүр жиған малын қорғалатып деген шағын өлеңінде ақын өз заманындағы қоғамның аса жағымсыз топтарын суреттейді. Сондықтан мұнда сұм-сұрқия, қу, білгіш деген зат есімдерден бастап, құдай ату, бұтып-шату, есіру, ісіп-кебу (ауыспалы мағынада), қабару (бұл да), ит ырылдату, сілесі қату, құдай қалжыратып құмар қылу деген етістіктерді қолданады. Бұлардың әрқайсысы - экспрессоид, яғни әрқайсысында жағымсыз қылық, іс-әрекетті білдіретін мағынамен қатар сол мағынаны әсерлі өтіп көрсететін бояу бар: жоқтан барды жай айту емес - бұтып-шату, құр мақтану емес - есіру, жай шығынды болу емес - шығынға белшесінен бату, жай құмар қылу емес - құдай қалжыратып құмарқылут. б. Бұл сөздердің әрбіреуі осындай экспрессияға ие болса, олар бір жерге, бір өлеңге шоғырланып берілгенде есері мен бояуы одан сайын күшейіп, өлеңді жұп-жұмыр, тұтас дүниеге айналдырады. Текст түзудің тағы біржақты үлгісіне Сегізаяқ өлеңін келтіруге болады. Бұл өлең - Абайдың ақындық, азаматтық ар-ожданының толғанысы, дүниеге, болмысқа деген көзқарасы, философиясы, сондықтан ақын мұнда абстракт ұғымдарды сөз өтуді, ол үшін сол ұғымдардың атауын таңдайды. Бұл өлеңде қызыл тіл (бұл атау толғаныс, философия, поэзия, сөз деген ұғымдарды білдіреді), ой, әдет, қайрат, сөз (толғаныс, өлең, пікір), мінез, насихат, есек, ынсап, ұят, дәулет, нәсіп, еңбек, ар, өтірік, ұрлық, зорлық, тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, қулық, сұмдық, қорлық, мақсұт, абұйыр, талап, ғылым, дерт, жалғыздық деген сияқты 40-қа жуық абстракт ұғым атауларын қолданады. Бұлардың шоғырланып келуінде стильдік мән бар: осы сөздерді талғап, таңдап келтірудің арқасында өлеңге философия сипат беріліп тұр.

Сол сияқты өз замандастары - болыс пен пысықтардың, әсемсіп, сәнсіген кербез, керімдерді, бойы бұлғаң, сөзі жалмандарды - осылардың баршасының образын дәл, әсерлі етіп беретін сөзімдік әсері күшті поэтикасында құралдарды іздеп, ол үшін бейнелі, көркем бояуы қалың, яғни семантикасында жағымсыз реңкі бар етістік сөздерді шоғырымен келтіреді. Бір ғана Болыс болдым, мінеки деген өлеңінде болыс, шабарман, пысықтардың портретін жасауда ақын далпылдап, барқылдап, бартылдап, тарқылдап, қарқылдап, шартылдап, лепілдеп, күпілдеп деген сияқты образды сөздерді топтап келтіреді. Бұл өлеңді құрайтын езге сөздер де модальдық реңкі жағынан осылармен үндес келеді: мұнда бейтарап мағыналы беру етістігі емес - тығындау сөзі бейнелі немесе мықтап ұстау, қатты ұстау деген сөздер әлдеқайда әлсіз, бояусыз, бейтарап іс-әрекет атаулары болар еді, сондықтан бұлардың орнына мығымдап ұстау сөзі қатысқан, сияз бар десе, болыстың жүрегі жай лүпілдемейді - суылдайды т.б. Образ жасауға қатысқан бұл етістіктердің баршасы өткен шақ көсемше тұлғасында (барқылдап, қарқылдап...) қолданылған. Тегі, бұл тұлғаны белгілі бір стильдік жүкті көтеретін құрал есебінде жұмсау қазақ поэзиясында, оның ішінде Абайда әбден қалыптасқан амал деп санау керек. Абай өлеңнің іші алтын, сырты күміс болуын қалағанда, құлаққа әсерлі боп естілетін әсіре қызыл сөздерден аулақ болу принципін ұстайды. Сондықтан ол дәстүрлі эпитеттерді қолданудан гөрі соныларын іздейді. Мысалы, Абай бұрынғы әдеби мұраларда жиі қолданылған ару (сұлу, таза, пәк мағынасындағы), берен, берік, байтақ (хандық, ел.жұрт), ауыр, көп, күшті сияқты эпитеттерді мүлде қолданбаған. Қанша әдемі болса да дағдылы образдау (ару қыз, берен қылыш, ауыр жұрт, байтақ жұрт. б.)кез келген идеяға сай келе бермей, құр әсем жылтырақ тіркес болып шығуы мүмкін. Мұны Абайдың өзі де бірнеше рет ескертіп өтеді: бірде сөзімнен әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз десе, енді бірде өлең деген - әр сөздің орайлы жарасымы дейді. Қысқасы, өз өлеңі тілінің бұрынғыдан өзгеше, жаңа екенін ескертеді. Ол жаңалық - поэтикасында элементтердің кәнігі түрлерін қолдана бермейтіндігі. Сол сияқты халықтық символдарды немесе байырғы қазақ поэзиясы тіліндегі дәстүрлі сез-образдарды да талғаммен, кемде-кем алады. Мысалы, еркіндіктің образы тарлан, тарпаң сөздері Абайда жоқ, ал алғырлықтың дәстүрлі символы - қыран құс, бүркіт, биіктіктің символы - бәйтерек, тойымсыздықтың, қаскөйліктің образы-аш бөрі, ержүрек тіліктің символы - арыстан сөздерін Абай сөз -образ етіп емес, ездерінің тура номинативтік мағынасында жұмсаған, ал бұлан, бөкен сияқты сөз - образдау Абайда тек мақал-мәтел, тіркес құрамында келген. Дәстүрлі символдардан Абайда кездесетіні қызыл гүл - жастықты, сұлулықты, жолбарыс - қайраттылықты білдіретін образдау ғана. Поэтикасында үйреншікті қалыптардан қашуы - көне мұрадан мүлде бас тартуы емес, немесе қайткенде де жаңалыққа құмарлығы да емес, поэзияның жаңа талабын орындау мақсаты. Абай, әрине, қазақ поэзиясы тілінің бұрынғы амал-тәсілдерінің бәрінен мүлде бас тартқан жоқ. Ауыз әдебиетіндегі қатуланды, қаттанды.., буырқанды, қылаң етіп, қылт етіп... деген сияқты штамптарды олардың жамандығынан емес, шығармашылығының жанрлық сипатына сай келмегендіктен қолданбаған, өйткені бұлар батырлық жырларға тән, өзге орында, әсіресе лирикаға мүлде жанаспайтын образдар. Ал реті келген жерде, Мысалы, жоқтау топтамасындағы өлеңдерінде бұрынғы ауызша әдеби тілден келе жатқан образдарды - тұрақты тіркестерді кездестіруге болады. Қолдан ұшқан ақ сұңқар Қайтып келіп қонбайды, Артына қарай аһ ұрып. Тіпті өзге өлеңдерінде де Абай иіні келсе, бұрынғы стереотип образдаудан қашпайды. Мысалы, Көріп алсаң бөріктіні, Таңдап алсаң тектіні. Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды. Бірақ бұлар сан жағынан көп емес.

Ақын өзіне дейінгі ауызша әдеби тіл поэтизмдерінің көбін орынды пайдаланады. Мысалы, оның тіліндегі алаш (қауым), айдын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдеби тілінің зерттелуі
Тіл білімінде метафораның зерттелуі жайлы еңбектердің хронологиясы
М.Әуезовтің қазақ тілі туралы ойлары
Абай поэзиясындағы араб тілінен енген сөздер
Қазақ әдебиеті тілінің тарихы
Қазақ тіліндегі үстеу сөздер жайлы
Тіл білімі сөздігі
Қимыл ұғым атауларының көп мағыналылығы
Сөзжасамдық жұп және оның семантикасы
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Пәндер