Қалыпты балалардың зейінінің ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Зияты зақымдалған балалардың зейінінің ерекшеліктері

Орындаған:

Қабылдаған :

Мазмұны

Кіріспе3

І. Зияты зақымдалған балалардың зейін ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық негізі5

1. Зейіннің псиxологиялық және физиологиялық негіздері5

2. Қалыпты балалардың зейінінің ерекшеліктері12

3. Зияты зақымдалған балалардың зейінінің ерекшеліктері20

Қорытынды22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ26

Кіріспе

Зейін бұл психикалық іс - әрекеттірдің белгілі бір объектіге шоғырлануы және бағытталуы. Ол сенсорлы, интелектуалды және қозғалыс белсенділігінің деңгейін жоғарлатады. Зейін аса маңызды психикалық процесс. Зейін базалық психикалық процесс болып табылады, басқа психикалық функцияларды және әрекет түрлерін «қоректендіреді». Кейін арқылы әсер етуші факторлардың нәтижесінде сезімталдық өзгеріске түседі. Баланың зейінінің тұрақсыздығы, оның білім алуына кедергі келтіреді. Барлық жастағы олигофрен баланың зейінінің тұрақсыздығы белгілі бір түрде олардың ерік - жігер сферасының әлсіздігіне негізделеді. Олар ұзақ уақыт орындалып жатқан объектіге зейіндерін шоғырландыраалмайды.

Ақыл - ойы кем балалардың зейіні ырықсыз болып келеді. Баланың зейінінің құрамы оның кемістік құрылымына байланысты әсіресе, зейін көлемінің аздығы және оның қысқа мерзімділігі қозғыш оқушыларға тән. Бұл балалар импульсивті және тұрақсыз болып келеді. Курстық жұмыстың өзектілігі : Зияты зақымдалған балалардың зейін процесінің ерекшелігін зерттеу. Балалардың сабақта тапсырмаларды орындау барысындағы зейінін шоғырландырудағы кездесетін қиыншылықтар. Зейінін шоғырландырудың ұзақтығы. Зейін процесінің басқа таным процестерімен байланысы. Ии

иПсихикалық белсенділіктің ауытқуының ең негізгі себебі бас миының фазалық жағдайдың қысқа уақыттық үзілісі. Оны психологтар басқаша «Психикалық процестің шаршағыштығы» деп атайды. Бұл шаршағыштық ақыл - ойдың бірақ белсенділігінен кейін пайда болуы мүмкін. иииЗейіннің күрделі және жартылай бұзылуы немесе тербелуі оларға жалпы мектептің бағдарламасымен қатар көмекші мектептің бағдарламасын меңгеруге кедергі келтіреді. Олардың психикаларын, ұзақ уақыт жарақаттаушы мектепке үлгермеушілік бұл балаларда невротикалық және психопатқа тән синдромдарды туғызады.

Л. С. Выготский көптеген зерттеушілерге қосылып, ақыл - ойы кем балалардың ырықты зейінін қарастырған. Ол зейіннің 2 түрі бар деген зерттеушілерге қосыла отырып, ырықты зейіннің әлсіздігінің себептерін анықтауға тырысқан. Л. С. Выготский ырықты зейіннің жетілмеуін сөйлеу тілі бұзылуымен байланыстырған, ал соңында өзін - өзі басқару, яғни өз тәртібін зерттеумен болған. Көмекші мектеп оқушыларының зейінінің дамуы өте төмен. Олар қандай да бір объектіге немесе бейнеге қарағанда олардың ең негізгі элементтерін байқамайды. Психикалық белсенділіктің ауытқуының ең негізгі себебі бас миының фазалық жағдайдың қысқа уақыттық үзілісі. Оны психологтар басқаша «Психикалық процестің шаршағыштығы» деп атайды. Бұл шаршағыштық ақыл - ойдың бірақ белсенділігінен кейін пайда болуы мүмкін. ААМұндай психикалық белсенділік тонусының төмен түсуі әр бір жалпы мектептегі жүйке жүйесі әлсіз балаларда кездеседі. Дегенмен көмекші мектеп оқушыларының психикалық белсенділік тонусының төмендеуі жиі жүреді Мұндай балаларды Е. Д. Хомская және Э. С. Мандрусова зерттеген.

Зерттеу мақсаты: - Зияты зақымдалған балалардың зейін ерекшеліктерінің теориялық негізін анықтау;

Зерттеудіңтміндеті:
-Зияты зақымдалған балалардың зейін ерекшеліктерінің ғылыми теориялық әдебиеттеріне талдау жасау;

-қалыпты балалардың зейінінің ерекшеліктерін анықтау;
-зияты зақымдалған балалардың зейінінің ерекшеліктерін анықтау;

Зерттеу обьектісі: Зияты зақымдалған балалардың зейінінің ерекшеліктері

Зерттеу пәні: Зияты зақымдалған балалардың зейінінің даму үрдісі.

І. Зияты зақымдалған балалардың зейін ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық негізі 1. Зейіннің псиxологиялық және физиологиялық негіздері
Зейін деп - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілерінің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Зейін деп психикалық әрекеттің айналадағы заттарға және құбылыстарға бет алып, бағытталып түйдектелуін айтады. Зейін бізге сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын анығырақ және ашығырақ сәулелендіру үшін психикалық әрекеттеріміздің оларға бет алып жинақталуы үшін керек.

Мысалы, оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б. ) . Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып азғантай үзілістен кейін тарихы, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады. Осындағы түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды - көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.

Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ, ашығырақ қабылдауға, оларды санамызға сәулелендіруге болмас еді. Психикалық әрекеттердің бет алуы және түйдектелуі олардың өзгеріп, дамып отыратындығын, заттардың, құбылыстардың сәулесін санамызға түсіретіндігін көрсетеді. Адамның күнделікті тұрмысында да, оқу процесінде де, еңбекте де зейін үлкен орын алады.

Егер адамда зейін болмаса, ой еңбегінің де, дене еңбегінің де мәні, нәтижесі болмас еді. Егер оқушылар өздерінің оқитын пәндеріне, мұғалімдерінің әңгімесіне зейін қойып құлақ самаса, оларды ұғып, есінде қалдыра алмайды. Оқушылардың үйреншікті зейіні жақсы болғанда ғана, олар материалды жақсы түсініп, көп ұғып алады.

Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К. Д. Ушинский (1824-1870) зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді: “зейін адам санасынан қорытылып өтетін, барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, одна баланың санасында ештеңе де қалмайды”.

Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені адам өз өмірінің әрбір кездерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен, бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші сыныптан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады, зейіннің физиология-лық негіздерін И. П. Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.

И. П. Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу кіріссе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті қозу процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы) .

Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиолыгы, академик А. А. Ухтомскийдің (1815-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады. Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапты беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден (мысалы, сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге жәрдемдеседі. Өйткені жоғарыда айтылғандай мидағы басыңқы қозу әлсіз тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен күшейіп отырады, А. А. Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И. П. Павловтың “қозудың оптималдық алабы” дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі.

И. П. Павловтың оптималдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді. Қозу процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды, өйткені онда әр уақытта қозу пайда болатындай жағымды “оптималдық жағдай” жасап отырады. Оптималдық қозу бар осы ми қабығының творчестволық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бұл жөнінде И. П. Павлов былай дейді “Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарла-рының оптималдық қозу болатын жеріне жарқылдап көрінсе, біз ойлап отырған саналы адамның ми сыңарларында формасы және шамасы өне бойы өзгеріп тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуле дағын көрер едік. Бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді”. Ұлы физиолог оптималдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндірді. Мидағы тежелулердің бірінен екінші сапқа түсуі, біреулерінің күшейіп, алдыңғы сапқа шығуы осы оптималдық қозу алабының жұмысы болады. Оптималдық қозуы бар осы алап (өзара индукция заңы) мидың басқа бөлшектеріндегі тежелуді күшейтеді. Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ал қалған объектілерді байқамайтын болады. Оптималдық қозу алабын екінші жүйелі шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдардан ми қабығындағы осындай алаптардың бір-біріне ауысуын тездетіп отыратындығын, сайып келгенде, психикалық әрекеттің толғамалы сипатта болатынын жақсы көрсетеді.

Бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейіпінен де (дененің, бастың, көздің түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу т. б. ) жақсы көрінеді. Бірақ бір қарағанда зейін анық байқала да қоймайды. Өйткені осы айтылғанға біршама ұқсас сыртқы көріністерді өмірде жиі кездестіруге болады. Сондық-тан да кейбір мұғалімдер сыныптағы оқушылардың келбетіне қарап бір дегеннен баланың сабаққа қаншалықты зейінді не зейінісіз отырғанын ажырата алмайды. Бұл әсіресе, тәжірибесі аз жас мұғалімдерде жиі кездеседі. Түрлі тәсілдер арқылы оқушы зейінінің қасиеттерін тәрбиелей отыру мектептегі барша мұғалімнің ат салысатын негізгі педагогикалық істерінің бірі, іске шын мәнісінде зейін қойып кіріскенде ғана әрекетті нәтижелі етіп орындауға болатындығы мұғалім үшін аксиомалық қағида болуы қажет. аааЗейін - арнайы бір уақытта, қандай да бір обьектіге баланың іс-әрекетінің шоғырлану процесі. ммЕгерде зейін сыртқы ортадағы обьектіге шоғырланса онда оны сыртқы зейін деп атайды, ал егерде субьективті әлемдегі обьекттерге бейнелеп, талқылап шоғырланса онда оны ішкі зейін деп атайды. ррр Зейінде өзіндік мазмұн болмағанымен таным процестерімен тығыз байланысты (қабылдау, есте сақтау, ойлау) . Бірақ ол психикалық процестерге емес оның серпінді құрылымына қатысты. Жеке тұлға зейін қойған уақытта оның сана сезімі таңдаулы түрде обьектіге бағытталған және мақсатты түрде шоғырланады. Зейін нейрофизиологиялық механизімдерден таралған күрделі психофизиологиялық процесс. рррКогнитивті процестерді зертеуде негізгі теориялық мәселе ретінде зейіннің механизімі мен заңдылығын зерттеу болып табылады. оооТәжірибе жүзінде зерттеулердің анықтауы бойынша зейіннің дамуы таным процестерінің, ерік жігердің және эмоционалды психикалық аймақтардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Кіші мектеп жасындағы балалардың зейінінің қалыптасу деңгейі танымдық іс-әрекеттінің дамуына және білім алудың тиімділігінің дамуына әсерін тигізеді және балалардың тек қарапайым әдіс арқылы оқытуды ғана емес сонымен қатар жаңа ақпараттық технологияларды жақсы қабылдай алады. оооҚазіргі таңдағы ғылымда зейіннің бұзылуы мен түзету мәселелерінің бірнеше аспектілері бар. Олар психология, психофизиология, нейрофармакалогия, нейрофизиолгия.

Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.

Сыртқы дүниенің кез келген обьектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзіне тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына жалт қарайды т. б. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейінің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені, балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекеттері (оқу, еңбек т. б. ) белгілі жүйеге келе қоймайды да осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу - ырықсыз зейінің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейінді жеткілікті. Ал қызықсыз кітап оқу-ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам істен шығатын нәтижеге қызығады, оны орындау үшін күш жұмсайды. Өйтпесе іс өнбейді, күткен нәтиже шықпайды.

Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен роль атқарады. Ырықсыз зейін кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейінің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:

а) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т. б. ), заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі, дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т. б. ) .

ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер етді.

Адамның ырықты зейіні әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат көздеп, объектіге ерекше зер салып отыруы көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынадай ерекшеліктермен сипатталады:

  1. Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.
  2. Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн.
  3. Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс.
  4. Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-гүрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады.
  5. Зейінді бөлуді үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда, ырықты зейін деп іс әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.

Зейіннің екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады. Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шындығында, адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін де емес. Оқушы алғашқыда жай қызыққан нәрсені тікелей зеінін аударады, ал содан кейін сабақтың мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға да зейін қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға түсінікті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейінің пайда бола бастағаны.

Зейіннің үйреншікті деп аталатын түрі де бар. Үйреншікті зейін-адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мәселен, бала оқуға берілсе, бұл оның тұрақ әдісіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады. Үреншікті зейінің де табиғаты осыған ұқсас. Өйткені, үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыптасады. Зейінің қай түрі болмасын іс-әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер адам жұмысқа өздігінен беріліп істесе ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей беруіде мүмкін емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажытып шаршатады. Сондықтан адам жұмысты зейіннің осы екі түрін қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыру қажет.

Зейінді өзіндік көрініс сияқты емес танымдық психикалық іс-әрекеттің жағы сияқты қарастыру көрінісі кеңестік әдебиетте әсіресе С. Л. Рубинштейн мен Н. Ф. Добрынинаның еңбектерінен көрінді. Добрынинаның еңбегінде зейін психикалық іс-әрекеттің бағыттылығы, шоғырлануы сияқты анықталады. Осыдан зейін бірден-бір кез келген психикалық іс-әрекет сипатының қасиеті екені белгілі. Рубинштейн зейінге танымдық процестердің бір жағы деген анықтама береді.

Зейінді пайда болуы жағынан зерттеу біріншіден сананың бірден-бір нақты-психологиялық теориясы болып келді. Алғашқыда зейінді зерттеу дәл осы сананың индивидуалдық мәселелерінің контекстіне қатысты болды. Жалпы психологияда зейін мәселелері жан-жақты қарастырылған. Сондықтанда ең бірінші көзге түсетіні бұл зейіннің әр түрлі анықтамаларының көп болуы. Зейінді зерттеуде әр түрлі тәсілдерді қалайда жүйелеуге тырысу үшін зейінінің әр түрлі теорияларын, осы мәселелердің зерттеу тарихын қарастырған жөн.

Өз уақытында орыс психологы Н. Н. Ланге сол уақыттағы философиялық және психологиялық әдебиеттерден орын алған зейіннің негізгі теорияларының жүйелілігін тексеріп, негізгі сегіз теорияны бөлді.

  1. Зейін қозғалысқа бейімделудің нәтижесі.
  2. Зейін сана көлемінің шектеуі.
  3. Зейін эмоцияның нәтижесі.
  4. Зейін апперцепцияның нәтижесі.
  5. Зейін жүйке тітіркендіргіштерінің нәтижесі.
  6. Зейін ерекше белсенділік, жан қаблетінің нәтижесі.
  7. Зейін іс-әрекет түрлерінің бірі.
  8. Зейін жүйке тежелулерінің нәтижесі.

Зейіннің осы теориясын қысқаша қарастырудың өзінде зерттеу көрінісінің сипатында көп жоспарлықтың жатқандығын көрсетеді.

У. Джемс зейінді толықтай физиологиялық шартқа тәуелді психикалық процесс ретінде қарастырады. Және ол зейін объектілерінің солай анықталатынына сенімді.

Зейінді психофизиологиялық зерттеу және оларды талдау.

Ағзаның белсенді ұйымдасуының таңдамалы бағытының көрінудегі еріксіз зейіннің формасын зерттеу басты жағдайда психофизиологиялық зерттеудің контекстінде жүзеге асырылады. Осы зерттеумен олардың теориялық көріністері мен түсініктеріне тән негізгі бағыттарды қарастырамыз.

Шеррингтон воронкасы. Зейіннің физиологиялық табиғатын түсінуде танымал физиолог Чарльз Шеррингтон еңбегінің маңызы зор болды. Координация қозғалысын зерттей отырып, ол «Шеррингтон воронкасы» деген атқа ие болған жүйке жүйесі жұмысының бірден-бір принциптерін анықтады. Шеррингтонның теориясы бойынша, адамға әсер етуші көп қоздырғыштардың арасында күрес болады. Егер бір-біріне ұқсас қоздырғыштар болса, олар бір-бірін толықтырып, немесе бір-біріне жол беріп отырады. Егер әсер ететін қоздырғыштар қарама-қарсы болса, олардың арасында күрес пайда болып әлсіздері жеңіліп күштілері жеңеді. Күшті қоздырғыштарға сезгіш жолдар арқылы қимыл таратушы психологияларға барған соң, оларға тиісті жауап қайтарылады. Міне, осы қайтарылатын жауаптар - зейін.

Шеррингтонның теориясы бойынша, зейінді белсенді, ерікті әрекет деп түсінуге болмайды. өйткені ол зейінді әсер етуші күшті қоздырғыштарға ғана қайтарылатын жауап ретінде түсіндіреді.

Зейін мәселесіне қатысты физиологиялық зерттеудің тағы бір маңызды көрінісі, - бұл бас миы бөлігінде тітіркендіргіштердің ретсіз орналасуы.

Оны өңдеумен айналысқан советтің атақты физиологы И. П. Павлов болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші мектеп жасындағы балалардың көру бұзылысын зерттеу
Зейіннің түрлері мен қасиеттері
Қалыпты және көру бұзылысы бар балалардың зейінінің психофизиологиялық негіздері
ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНІҢ ТҮЗЕТУШІЛІК БАҒЫТЫ
Көру ақаулықтары бар балаларды мектепте оқыту
Зейінді когнитивті психологияда зерттеу, информацияларды фильтрлеу механизмі ретінде сипаттау
Көру қабілеті бұзылған балалардың зейін ерекшелігі
Бастауыш сынып оқушыларының зейінін бағалау ерекшеліктері
Соқырлардың зейінінің ерекшелігі
Зейін рухтық сананың ерекше белсенділік қабілеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz