Зияты зақымдалған балалардың өзін - өзі бағалау ерекшеліктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫММИНИСТРЛІГІ
Зияты зақымдалған төменгі және жоғарғы сынып оқушыларының өзін-өзі бағалау ерекшеліктері(салыстырмалы сипаттау)
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Алматы, 2017
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі : Қазақстан Республикасында қазіргі таңда жүріп жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістер жас ұрпақ өмірінің барлық жақтарын әлеуметтендіру үрдісіне ықпал етеді. Осыған байланысты бұл күндері отандық және әлемдік өркениетті елдердегі психология, педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып жетілдірудің қажеттілігі туындауда. Тұжырымдамалардың басты теоретиктері
(Карл Роджерс, Д. Гербертмид, А. Маслоу, Жан Пиаже, Лоуренс Колберг,
Н. Миллер, Дж. Доллард, Альберт Бандура, Ури Бронфенбреннер) [1] өз еңбектерінде тұлғаның қоғамда орын алған тәртіпке саналы және тіпті сыни тұрғыда қарауын қалыптастыру, қоғамда өз орнын табуға ұмтылуын дамыту міндеттерін алға қойды. Тұлғаның өзіндік бағалау ерекшеліктерін қарастырған жұмыстарда тұлғаның әртүрлі даму жақтары нақты қарастырылған
(Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, А. И. Липкина, И. И. Чеснакова т. б. ) [2] . Өзіндік бағалауды адамның мінез-құлқын реттеуші, жеке бастық феномен ретінде сипатталған көптеген эксперименттік жұмыстар бар. (Б. Б. Коссов, З. В . Сафин, С. Ф. Спичак т. б. ) [3] . Сонымен қатар, Қазақстанда жүргізілген зерттеулердің ішінде профессор Ж. Ы. Намазбаеваның жетекшілігімен Р. Ш. Сабырова,
С. Ж. Өмірбекова және Л. С. Пилипчуктың жұмысында балалардың өзіндік сана-сезімдері, өзіндік бағалау ерекшеліктері зерттелінген[4] .
Қазақ ағартушылардың еңбектерінде баланың тәрбиесінде жас өспірімдердің жан дүниесін, ақыл-ойын қалыптастыруға ұдайы, өзіне көңіл бөлу мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті деп есептеді. Ы. Алтынсарин .
А. Құнанбаев, М. Әуезов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин,
Б. Майлин М. Дулатов, Х. Досмұхамедов[5] .
Өзінің әртүрлі тұрғыларында бағалау отандық және шетелдік психологтар мен педагогтар Ж. Аймауытов, Қ. К. Жампеисова, Жарықбаев, Р. Т. Мендалеева, А. К. Рыспекова, Ж. Ы. Намазбаева А. Е. Берікханова, Б. Г. Ананьев,
Ю. К. Бабанский, П. П. Блонский, Дж. Брунер, Л. И. Божович, Л. С. Выготский, Э. Ф. Голубева, А. Н. Леонтьев, И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин, Д. Б. Эльконин,
А. И. Липкина) [6] еңбектерінен көрініс тапты. Өзін - өзі бағалаумен байланысты мәселелер кеңестік кезең зерттеушілері - Л. С. Выготскийдің,
С. Л. Рубинштейннің, В. В. Давыдовтың, Л. И. Божович, Э. Эриксонның,
М. С. Тайчиновтың [7] т. б., сондай - ақ шетел зерттеушілері - Р. Бернс, Куперслиздің, Скоттың зерттеген еңбектерінде жан - жақты қарастырылған [8] .
Сонымен бірге, әлеуметтік педагогикалық бағалаудың мәнін анықтайтын бағалау әрекетінің құрылымы мен жүйесі тұжырымдалған қағида бойынша бағалау әрі үрдіс, әрі іс-әрекет, әрі әлеуметтік біліктілік жиынтығы және қызмет ету аясы ретінде қызмет көрсетеді. Мектептің келешекке жылысуы үшін одан да маңызды мәселелер, әлеуметтік психологиялық қиындықтар туындайды. Яғни, біріншіден, баланың жеке басы мен жас ерекшелігіне, екіншіден, оқу үрдісіндегі қиындықтар мен оқу мәліметінің ерекшелігіне байланысты. Сол қиындықтарды әлеуметтік педагог, психологпен мұғалім бірлесе отырып, шешу жолдарын тауып, жеке тұлғаның жеке бас ерекшелігі ескеріліп, оқытудағы кемшілік жеке тұлғаның қандай кешенді қасиеттеріне байланысты екенін анықтау керек. Сондықтан да, жалпы орта білім беретін мектептен жеткіншек ұрпаққа білім беру сапасын, оқыту әдістемелерін, әлеуметтік тәрбиелерін жетілдірумен бірге оқушыларға жан-жақты тәлім-тәрбие берудің әлеуметтік мазмұнын, әдістемелік іс-шараларын қоғамдық талаптарға негізделіп, үнемі жаңартып отыруды талап етеді. Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік дамуы жеке тұлғаның жетілуін, белсенділігін қалыптастыруға жоғары талаптар қояды. Жеке тұлға қалыптасуының маңызды факторы өзін - өзі бағалау болып табылады. Жасөспірімде өзін - өзі бағалауды қалыптастыру мәселесі - оның тұлғасының дамуын анықтайтын маңызды мәселе. Міне, сондықтан да жасөспірім шақтағы оқушылардың өзін - өзі бағалау ерекшеліктері мәселесі психологтардың назарына алынып, бүгінгі күн талабына сай мәселелердің бірі болып отырады.
Қазіргі кезде зияты зақымдалған оқушылардың тұлғасының ерекшеліктері, яғни өзін -өзі бағалауы, қарым - қатынас, мінез - құлық туралы мәселелер зерттеушілердің назарын аудартуда. Сондықтан да, бiздiң ғылыми зерттеуiмiзде болашақ ұрпақтың, әсiресе зиятында ауытқушылығы бар оқушылардың терiс жолға түспеуiн, адемгершiлiктiк - өнегелi қасиеттерiнiң жоғары және iзгi ниеттiазамат болуына, олардың тұлғасының дұрыс қалыптасуы, осы мәселенің теориялық тұрғыдан зерттелуі және ғылыми әдістемелік жағынан қажетті деңгейде қамтамасыз етілмегендігі арасында қарама - қайшылық орын алуына байланысты, зерттеу тақырыбымызды «Зияты зақымдалған төменгі және жоғарғы сынып оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктері(салыстырмалы сипаттау) » деп таңдауға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты: зияты зақымдалған төменгі және жоғарғы сынып оқушыларының өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- Педагогикалық, психологиялық, философиялық еңбектерінің теориялық мәселелерін талдау;
- Анықтаушы эксперимент негізінде зияты зақымдалған төменгі және жоғарғы сынып оқушыларының өзін - өзі бағалау ерекшеліктерін анықтап, салыстыру.
- Арнайы(түзету) мектептегі психолог, тәрбиеші мамандарына және зияты зақымдалған оқушылардың ата - аналарына арналған ұсыныстар құрастыру.
Зерттеудің болжамы: егер, зияты зақымдалған төменгі және жоғарғы сынып оқушыларының өзін - өзі бағалауы жасына сай анықталса, онда нәтижесінде баланың қарым - қатынас жасау дағдысы, таным процестері, тұлғалық және тұлға аралық қатынасының дамуына өз үлесін қосатын құнды мәлімет болады.
Зерттеудің нысаны : зияты зақымдалған төменгі және жоғарғы сынып оқушылардың арнайы (түзету) мектептегідамыту үрдісі.
Зерттеудің пәні : зияты зақымдалған төменгі және жоғарғы сынып оқушыларының өзін-өзі бағалау ерекшеліктері.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері:
Тұлғаның өзіндік бағалау ерекшеліктерін қарастырған жұмыстарда тұлғаның әртүрлі даму жақтары нақты қарастырылған (Б. Г. Ананьев,
Л. И. Божович, А. И. Липкина, И. И. Чеснакова т. б. ) Өзіндік бағалауды адамның мінез-құлқын реттеуші, жеке бастық феномен ретінде сипатталған көптеген эксперименттік жұмыстар бар. (Б. Б. Коссов, З. В. Сафин, С. Ф. Спичак т. б. ) [9] Сонымен қатар, Қазақстанда жүргізілген зерттеулердің ішінде профессор
Ж. Ы. Намазбаеваның жетекшілігімен Р. Ш. Сабырова, С. Ж. Өмірбекова және Л. С. Пилипчуктың жұмысында балалардың өзіндік сана-сезімдері, өзіндік бағалау ерекшеліктері зерттелінген.
Қазақстанда жүргізілген зерттеулердің ішінде профессор
Ж. Ы. Намазбаеваның жетекшілігімен Р. Ш. Сабырова, С. Ж. Өмірбекова және Л. С. Пилипчуктың жұмысында балалардың өзіндік сана-сезімдері, өзіндік бағалау ерекшеліктері зерттелінді. Қазіргі қоғамда жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалауын психологиялық тұрғыда зерттеудің психология ғылымы мен педагогика ғылымы үшін қажеттілігі әрқашан да зор. Қазіргі кезде жасөспірімдердің тұлғасының ерекшеліктері, яғни өзін -өзі бағалауы, қарым - қатынас, мінез-құлық туралы мәселелер зерттеушілердің назарын аудартуда[10] .
Өзінің әртүрлі тұрғыларында бағалау отандық және шетелдік психологтар мен педагогтар (Қ. К. Жампеисова, Жарықбаев, Р. Т. Мендалеева,
А. К. Рыспекова, А. Е. Берікханова, Б. Г. Ананьев, Ю. К. Бабанский, П. П. Блонский, Дж. Брунер, Л. И. Божович, Л. С. Выготский, Э. Ф. Голубева,
А. Н. Леонтьев, И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин, Д. Б. Эльконин, А. И. Липкина) еңбектерінен көрініс тапты [11] . Өзін - өзі бағалаумен байланысты мәселелер кеңестік кезең зерттеушілері - Л. С. Выготскийдің, С. Л. Рубинштейннің,
В. В. Давыдовтың, Л. И. Божович, Э. Эриксонның, М. С. Тайчиновтың т. б., сондай - ақ шетел зерттеушілері - Р. Бернс, Куперслиздің, еңбектерінде жан - жақты қарастырылған.
Зерттеудің әдістері:
1. Теориялық:
-Педагогикалық, психологиялық, философиялық және арнайы әдебиеттерді тақырып бойынша талдау;
-Зияты зақымдалған 3, 4, 5 және 7, 8, 9 сынып оқушыларының медициналық және педагогикалық құжаттарын, әлеуметтік паспорты туралы мәліметтерді, психологиялық-педагогикалық сипаттамаларын қарастыру;
-Арнайы (түзету) мектептің мұғалім, тәрбиеші мамандарына, зияты зақымдалған оқушылардың ата-аналарына арналған ұсыныстар құрастыру.
2. Эмпирикалық:
-Зияты зақымдалған оқушыларды бақылау;
-Арнайы (түзету) мектептің мұғалім, тәрбиеші мамандарымен, зияты зақымдалған оқушылармен және ата-аналарымен әңгімелесу;
-Эксперименталдық әдістемелер:
-«Мен қандаймын?» әдістемесі;
-«Мақтаулар»әдістемесі;
-«Суретті жобалау»әдістемесі;
-Сандық және сапалық талдаудың нәтижелерінің қорытындысы;
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы:
Психологиялық-педагогикалық және арнайы әдебиеттерді талдау бойынша, салыстырмалы тұрғыдан зияты зақымдалған жоғары және төменгі сынып оқушыларының өзін-өзі бағалау ерекшеліктері мәліметтер қатарын толықтыруға мүмкіндік береді.
Арнайы(түзету) мектептегі психолог, тәрбиеші мамандарына және зияты зақымдалғанбалалардың ата - аналарына арналған ұсыныстар өз кезегінде іріктеліп, түзете тәрбиелеу үрдістерін тұтастай оңтайландыруға жол ашады.
Зерттеу базасы: «№7 даму - интеллектуалдық қабілеті төмен балаларға арналған арнайы түзетумектеп - интернатыныңмектеп базасында өткізілді. Зияты зақымдалған төменгі және жоғарғы сынып 2, 3, 4- 7, 8, 9 - 36 бала қатысты.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Графикалық мәлімет:
9 сурет, 15 кесте, қосымшалардан тұрады.
1ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН ЖОҒАРҒЫ ЖӘНЕ ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Педагог, психолог, философтардың қалыпты және зияты зақымдалған балалардың өзін-өзі бағалауерекшеліктері туралы көзқарастары
Қазіргі таңда зиятында ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез - құлықтарыжалпы дамуында айрықша орын алады. Осы кезеңде даму - процесінің қалыптасуының жеткіліксіз деңгейлерінің нәтижесінде зияты зақымдалған балалардың еркін дамып жетілмеуі оның іс-әрекетін, мінез- құлқын бақылап, басқарып отыруға кедергі болуға, яғни өзінің іс - әрекетіне қойылатын талап пен мінез-құлқын үйлестіре алмайды.
«Жеке адам», «тұлға» деген түсініктерді қарастыратын психологиялық білімдердің бірі - өзін-өзі бағалау. Кең мағынада бұл - адамның өз мүмкіндіктері мен өзіне баға беруі. Өзін-өзі бағалау, П. П. Чеснакованың айтуынша, өзіндік сананың бір компаненті болып табылады[12] . Өзін-өзі бағалау сондай-ақ талаптану, яғни адамның алдына қойған мақсат-міндетінің деңгейін және оны шешуге өзінің қабілетін айқындайды. Өзін-өзі бағалаудың алғашқы зерттеулерін 30-жылдары алғаш рет К. Левин жүргізген. Қазіргі таңда да бұл мәселе аз зерттелінген. Осы уақытта өзін-өзі бағалауды оқып үйрену және оның жеке тұлғаның дамуына ықпалы өзектілігімен қалып отыр. Бұл бірінші кезекте, білім берудегі алға басумен, өзгерістермен байланысты болса, қоғаммен де соншалықты байланысты[13] .
Қазіргі кездегі мектептер үшін оқушыларға ақпарат, мәлімет беріп қана қоймай, оларды өздігінен білім алуға, өздігінен жетіліп-кемелденуіне дайындау өте маңызды. Ол үшін балада өзінің жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты, әсіресе, әділ бағалай білетін белсенді ұстанымын, позициясын, яғни өзіндік бағасының белгілі бір деңгейін қалыптастыру қажет.
Қалыпты жағдайда дамыған жеке адамның өзіндік бағасы жағымды түрде болуы қажет. Бұл адамның өз күшіне деген сенімділігін және белсенді іс- әрекетке бағытталуын қамтамасыз етеді. Жағымсыз сипаттағы өзіндік баға адамды селқостыққа, енжарлыққа әкеп соқтыруы мүмкін. Мұндай жағдайды болдырмау үшін бала жетістіктері мен сәтсіздіктерін өзі сезе бастайтын, яғни жасөспірімдік кезеніңде оқушыда дер кезінде өз-өзіне қарым-қатынасын және өз күшіне деген сенімділігін қалыптастыру қажет. Өзін-өзі бағалау - ойлау әрекеті өлшемдерінің бірі, күрделі динамикалық, жеке тұлғалық құрылым. Өзін-өзі бағалау ең алдымен реттегіштік қызметті атқарады. Өзін-өзі тәрбиелеу өзі-өзі бағалаудан басталады. Адам өзін тәрбиенің қандай сапаларына тәрбиелеу керектігін нақты білуі керек. Өзіндік баға - өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы және өзінің талаптану деңгейін өзінің іс- әрекетінің нәтижесімен салыстыру арқылы қалыптасады. Тепе - тең өзіндік баға өзін - өзі тәрбиелеудің мақсат-міндеттерін дұрыс қалыптастыруға ықпал етеді. Өзін-өзі бағалау - субьект отбасында, оқу орындарында, басқа да жерлерде адамдармен қарым-қатынасқа түскен жағдайда және өзгелер өзі туралы көзқарастарын білдірген кезде қалыптасады. Ол өзін айналасындағылармен салыстырады, егер бұл байланыстардың нәтижесі төмен өзіндік бағаны көрсетсе, адам өзінің әрбір ісінен кедергілер мен тосқауылдар тауып отырады.
Психологиялық зерттеулер көрсеткендей, тұлғаның өзі жайлы пікірі оның іс- әрекеті мен істерін реттеудің негізі болып табылады [14] . Тұлғаның динамикалы, көпқырлы, күрделі құбылысы өзіндік бағалау адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын, өмірінің көп жақтарын шарттандырады. Өзін-өзі бағалаудың даму шарты, оның мазмұны жайлы, оның анықтамасы жайлы бірыңғай ықпалдар әлі де қалыптаспаған. Зияты зақымдалған оқушылардың өзін - өзі бағалау, өз күш - жігерін, қабілетін, мүмкіндіктерін, ерекшеліктерін, кемшілігі, теріс сапаларын нақты көре алмауы, олардың өзін - өзі бағалауы жоғары, төмен болады. Балаға өзіне дұрыс, әділ баға беруге үйрету - өзіндік тәрбие жетекшілігіндегі маңызды міндет. Нақты өзін - өзі бағалаудың шешуші шарттары: өмірлік тәжірибе, байқағыштық, өзіндік таным тұрақтылығы, ұжымдағы қоғамдық дұрыс пікір, достар тарапынан айтылған сындар. Зияты зақымдалған оқушылардың өзін - өзі бағалаумен байланысты мәселелер
Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин, М. С. Тайчинов,
Л. И. Божович, Э. Эриксон [15], т. б. зерттеушілердің өзіндік танымды зерттеген еңбектерінде байқалады. Сондай - ақ шетелдік Скот, Куперслиз, Сейдман, Лорд, т. б. зерттеушілердің де еңбектерінде кездеседі[16] .
Арнайы эксперименттік зерттеулерде оқушылардың өзін - өзі бағалауы іс - әрекеттің нақты түрінде зерттеледі. Өзін-өзі бағалаудың пайда болуы
Л. С. Выготскийдің жастағы дағдарыспен байланыстырады. 7 жас дағдарысы кезінде балалардың өзін-өзі бақылаумен не болады? Бұл өзгерістің негізінде қандай психологиялық заңдылықтар мен механизмдер жатады? Оның оқу іс-әрекетінің құрылымымен қандай қатынасы байланысы бар? Қандай іс-әрекетінде бұл психологиялық механизмнің қалыптасуы жүреді?[17]
Бұл жастағы балалардың реакциясын спецификалық ерекше деуге болады, яғни табысқа жету өзін-өзі бағалаудың жоғалуына, ал сәтсіздік оның төмендеуіне әкеледі. Баланың өзіне деген қатынасы, мектептегі жақсы оқумен тығыз байланысты. Тұрақты бағалаудың пайда болуы баланың мектепке психологиялық, дайындығының маңызды компоненті болып табылады. Мектепте оқуда қиындықтарға кездесетін балалар өздерін жоғары бағаламайды. Бірақ бұл нәтиже баланың өзіне деген обьективті қатынасынан емес, оның психикалық және жеке тұлғалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Ересектермен қарым-қатынас балаға оқу міндетін қабылдауға, құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, тапсырмаларды орындауды меңгерудің жалпы тәсілдерін құруға мүмкіндік береді. Оқу іс-әрекеті жөнінде айта келе, В. В. Давыдов былай деді: “оқушылардың білім игеруінде бақылау мен бағалау оқу әрекеттері үлкен роль атқарады. Бақылау мен бағалау әрекетін орындау оқушыларға өз әрекетінің мазмұнын талап етілетін міндет нәтижесіне сәйкес қарастыруға мүмкіндік береді. Оқушылардың өз әрекетін қарастыруы олардың құрылуы мен өзгерістерінің дұрыстығына қызмет етеді. Оқу іс-әрекетте және оның жеке компоненттері (бақылау мен бағалау) рефлексия деп аталатын адам санасының сапасына байланысты жүзеге асады. Зерттеушілердің айтуынша, жоғарғы сынып зияты зақымдалған оқушыларының бақылау және бағалау әртүрлі балада рефлексияның пайда болуымен тығыз байланысты.
Л. С. Выготскийдің балалардың ересектермен және құрдастарымен қарым- қатынас жасау кезінде жоғары психикалық функцияларының дамуы жайындағы тұжырымдарына сүйене отырып, бала іс-әрекетінің құралдарын игеріп, рефлексияның бастауыш формалары қарым-қатынас жағдайында пайда болады [18] .
Л. С. Выготскийдің көрсетуінше, зияты зақымдалған оқушыларында өзін - өзі бағалау және өзіне деген қатынасы пайда бола бастайды. Өзін - өзі бағалау баланың өзіне деген қатынасының, оның іс - әрекетіне, басқалармен қарым - қатынасына тікелей қатысты. Р. Бернс көптеген зерттеулердің нәтижесіне сүйене келе, мектепке дейінгі жас пен бастауыш сынып аралығында Мен - концепциясының дамуында сапалы өзгерістер пайда болады деді.
М. С. Тайчиновтың зерттеуі нәтижесі бойынша, нақты мектеп жасындағы балаларды өзін - өзі бағалауға тәрбиелеу өзін - өзі тәрбиелеудің мазмұны мен бағытына байланысты. Ол үшін мыналар қажет. Біріншіден, әр оқушының бағасы жүйелі, нақты болуы керек. Жақсы қалыптасқан ұжымда жоғарғы сынып оқушыларда өзін - өзі бағалаудың жоғары деңгейі байқалады. Екіншіден, оқушының жеке тұлғасының бағасын оның ұжымдағы мінез - құлқы мен іс - әрекеттің нәтижесін талдауға байланысты құру керек. Балаға айтылған сын балаларды мазақ етпеуі керек. Үшіншіден, өзін - өзі бағалау өзіндік тәрбие мен өзіндік пікірмен тығыз байланыста болғанда мәні тереңдей түседі. Өзін басқалармен салыстыру, оқушылардың өзін - өзі бағалаудың сапасы балалардың ұжымдағы алатын орнына, мамандық таңдауы, өмір жолына, өзіндік тәрбиелеу мақсатына байланысты. Бала жетістікке жетуге тырысқан іс - әрекетте оқушыларда өзін - өзі бағалау дами бастайды. Өзін - өзі бағалаудың жас кезеңіне байланысты ерекшеліктері де бар. Оқушылар өз мінез - құлқына байланысты себептерді түсіне бермейді. Э. Эриксонның айтуынша, ұялу сезімінің пайда болуы өзіндік танымның қалыптасуымен байланысты. Өзіндік бақылау сезімін жоғалтудан ұялу мен күмәндануға бейімділік пайда болады. Л. И. Божовичтің басшылығымен болған зерттеулерде баланың мінез - құлқында сыртқы бағалаудан өзін - өзі бағалауға өту кезіндегі уақыт пен процесс көрсетілген [19] .
Отандық психологияда жоғарғы сынып зиятызақымдалған оқушыларының өзін - өзі бағалау мәселесі зерттелінген мәселе ретінде қарастырылады. Зерттеулерде жоғарғы сынып оқушылардың өзін - өзі бағалау құрылымы, даму кезеңдері, механизмдері, өзін - өзі бағалаудың жеке тұлғасының әртүрлі сипаттамаларымен байланысы талқыланады.
Отандық және шетелдік психологтардың көзқарастарын салыстыруда бұл ұғымның принциптік айырмашылықтары мен терминологиялық нақтылығы сөз болады. Жоғарғы сынып оқушыларының өзін - өзі бағалау мәселесі аймағында терминологиялық сәйкестікті орнату керек. Отандық психологияда жалпы(өзін - өзі бағалау тұтас күйінде) және жеке (жеке тұлғаны құрайтын сипаттамаларды бағалау) өзін - өзі бағалау қарастырылған. Олардың әрқайсысында когнитивті және эмоционалды компоненттер бар. Сондықтан “жалпы өзін - өзі бағалау” ұғымы шетелдік психологияда “Мен - концепциясы” түсінігінің үйлесімі болып табылады.
Зияты зақымдалған оқушының өзін - өзі бағалауға дайындық процесі мынадай педагог - психологтардың еңбектерінде кездеседі: Л. И. Божович,
М. С. Неймарк, Х. Й. Лийметс, Н. Н. Тригубова, Л. Ф. Обухова., Х. Й. Лийметс өзін - өзі бағалауды қалыптастырудың нақты негізгі міндеттерін өзін бағалай білу қабілетімен байланыстырады, яғни мұғалім мен ата - анасының берген бағасы, берілген бағалауды ажырата алу[20] . Осы негізде Л. И. Божович мынадай гипотезаны ұсынды: егер бала айналасындағылар тарапынан дұрыс бағаны қажетсінсе, жасөспірімнің өзін - өзі бағалауын сақтауға деген қажеттілік туады және бұл дайындықпен байланысты болады. Бұл авторлардың айтуларынша, жасөспірім шақтағы оқушылар өзін - өзі бағалау процесіне жеткілікті дайын болмаған кезде өзін - өзі бағалай алмайды. Л. С. Рувинский зерттеулерінде жоғарғы сынып оқушылар өзін - өзі бағалау тәсілдерін аз біледі, өздерінің жеке тұлғалық сапаларын бағалауда қиындыққа кездеседі[21] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz