ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЫН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының сюжеттік-рөлдік ойындарда ойын дағдыларының ерекшеліктері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Алматы, 2017
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі . Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11-бабында «Білім беру жүйесінің міндеттері-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау», - делінген [1] . Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатын бастауыш сыныптың алар орны ерекше. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы «Бала құқықтары туралы» Заңында, [2] «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ Заңында [3], балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру қарастырылған. Зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларына ойындарды ойната отырып, балаларды қоршаған ортаға бейімдеу керек. Зияты зақымдалған балалар-тәрбие ісінде, оқытуда көптеген қиындықтар келтіреді. Білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы болып табылады. Осыған орай балаларға белгілі бір көлемдегі білім, дағдыларды меңгертуде ойындардың маңызы зор. Бала еліктеу, қабылдау арқылы түрлі рольді ойындарды атқара отырып, әлеуметтік өмірдегі өндіріс қатынастарының мазмұнын түсінеді. Әртүрлі ойын баланың дүниетанымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасауда белсенділігін дамытады [4] .
«Ойын» ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде іс-әрекеттің бір түрі. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді. Ғалымдар ойынды балалардың іс-әрекеті ғана емес танымдық әрекет деп қарастырған, ойынды баланың ізденіс шығармашылық құралы ретінде зерттеген. Қазақстандық ғалымдардың бірі А. К. Айтпаеваның 1997 жылы жарық көрген«Казахские народные игры как средство воспитания младших школьников» атты еңбегінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық ойынның тигізер әсері жайлы айтылған [5] . Сонымен қатар Ж. Аймауытұлы, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров, Т. Тәжібаев сияқты ғалымдар ойынның ерекшеліктерін анықтады [6] . Ресейлік ғалымдар А. Н. Леонтьев, А. П. Усова және шетелдік ғалымдар Фрэнк, Ф. Шиллер, К. Гросс, Г. Спенсер, И. Кант ойынның ерекшеліктерін қарастырды [7] . Е. С . Слеповичтің «Сюжеттік-рөлдік» ойын теориясы бойынша бала ойын барысында заттарды пайдалану жолдарын үйреніп, қарым-қатынас жасау құралдарын меңгереді және оның мотивациялық жүйесі іс-тәжірибесіне негізделеді, - деген болатын [8] . Ойын мәселесімен шұғылданған көрнекі ғалымдар Р. М. Жуковская, Д. В. Менджерицкая, Т. А. Маркова, Н. Я. Михайленколардың айтуынша балалар игерген білімдерін ойынға пайдалана білу керек, - деген болатын [9] . Кеңестік педагогика және психология ғылымдарында ойын К. Д. Ушинский, П. П. Блонский, С. Л. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин еңбектерінде қарастырылды [10] . Я. Коменский ойынды баланың қозғалуына табиғи қажеттілік ретінде қарастырды [11] . Ол балаларға ойнау үшін көмектесіп отыру қажеттігін, олардың іс-әрекетін бақылау керектігін ерекше атап көрсетеді. Ойнай жүріп балалар қоршаған орта жайлы білімдерін толықтырады, дербес шешім қабылдауға дағдыланады, ойлау барысында ұтқырлық пен тапқырлық танытады. Бала ішкі белсендігіліне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Бала белсендігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. Балада белсенділік бір қалыпта болмайды оның қарапайым (еліктеушілікке, жай қайталауға, біреудің айтқанын бұлжытпай орындауға негізделген) және күрделі шығармашылық т. б белсенділік түрлері болады. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы артады. Зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының өмірлеріне қажетті, әрі күнделікті тіршілікте өте керек дағдылар мен икемділіктерді игерту үшін осы балалардың әрқайсысының өз ерекшеліктері мен қиындықтарын ескере отырып, өмірге бейімділіктерін игертуіміз қажет. Зияты зақымдалған балалардың өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын игерту, ең болмаса бір бөлігін үйретсең де ол бәріміз үшін үлкен бақыт, зор қуаныш. Адам іс-әрекетінің ерекше түрінің бірі - ойынның пайда болуы туралы зерттеушілердің көпшілігі өз еңбектерінде ойын - өнер мен көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіріледі. Өмірдің әр түрлі құбылыстары мен үлкендердің әр түрлі әрекеттеріне еліктеу ойынға тән нәрсе. Ойын балаларға ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі деуге болады. Балалар ойын барысында: өзін еркін сезінеді; ізденімпаздық тапқырлық әрекет байқатады; сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау секілді түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді. Зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларын әлеуметтік-тұрмыстық икемділіктері мен дағдыларын игертуге сюжеттік-рөлдік және дидактикалық ойындарды ұйымдастыру барысында жүзеге асыруға болады. Ойын - өмірдегі, іс-әрекеттегі пайдалы және сонымен қатар аса қажетті маңызды құбылыстардың бірі болып табылады. Зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларына арналған ойын дағдыларының ерекшеліктерін анықтау қазіргі кезде өзекті болып табылады .
Е . С . Слеповичтыңтеориясына, яғни «Сюжеттік-рөлдік» ойын теориясы бойынша бала ойын барысында заттарды пайдалану жолдарын үйреніп, қарым-қатынас жасау құралдарын меңгереді және оның мотивациялық жүйесі іс-тәжірибесіне негізделуінесүйене отырып дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдадық. Яғни, зерттеу мәселесі зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларына арналған сюжеттік-рөлдік ойындарда ойын дағдыларының ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Осы көрсетілген мәселе негізінде «Зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының сюжеттік-рөлдік ойындарда ойын дағдыларының ерекшеліктері» атты тақырыпта зерттеу жүргізілді.
Зерттеудің тақырыбы: «Зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының сюжеттік-рөлдік ойындарда ойын дағдыларының ерекшеліктері»
Зерттеудің мақсаты: Зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының сюжеттік-рөлдік ойындарда ойын дағдыларының ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
- Педагогикалық, психологиялық, философиялық еңбектерінің теориялық мәселелерін талдау;
- Анықтаушы эксперимент негізінде зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының сюжеттік-рөлдік ойындарда ойын ерекшеліктерін анықтау;
- Арнайы (түзету) мектептегі тәрбиеші, психолог мамандарына, зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына ұсыныстар даярлау;
Зерттеудің болжамы: Егер, зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының ойын дағдыларының ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы (түзету) мектептерде балаларды тәрбиелеу кезінде ойын дағдыларын қалыптастырса, онда зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының бір-бірімен қарым-қатынас жасау дағдысын, таным процестерін, тұлғалық және тұлға аралық қатынасының дамуына жақсы әсерін берер еді және әлеуметтік бейімделуі оңай болар еді.
Зерттеудің нысаны: Зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларына арналған арнайы (түзету) мектептеріндегі түзете-тәрбие үрдісі.
Зерттеудің пәні: Зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының (1-3 сынып) сюжеттік-рөлдік ойындарда ойын дағдыларының ерекшеліктері. Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері:
Ойын дағдыларының ерекшелігі және ойынның балаға әсері туралы әртүрлі пікірлер айтылып кеткен (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, А. В. Запорожец, Л. А. Венгер, Д. Б. Эльконин) .
К. Гросстың теориясыбойынша бала ойын барысында заттарды пайдалану жолдарын үйреніп, қарым-қатынас жасау құралдарын меңгереді. Я. Коменский ойынды баланың қозғалуына табиғи қажеттілік ретінде қарастырды. А. С. Макаренко бала тәрбиелеуде ойынның маңыздылығын айтып кеткен.
Қазақстандық Н. Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану - болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген. А. К. Айтпаеваның 1997 жылы жарық көрген«Казахские народные игры как средство воспитания младших школьников» атты еңбегінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық ойынның тигізер әсері жайлы айтылған. Қ. Қ. Өмірбекова, Г. Н. Тулебиева, Г. С. Оразаеваның 2011 жылы жарық көрген «Логопедиялық сабақта ұлттық ойындарын қолдану» атты еңбегінде балалардың жан-жақты дамуында ойынның рөлі жайлы айтылып кеткен. Г. С. Оразаеваның 2006 жылғы «Казахские народные игры на логопедических занятиях» атты еңбегінде ұлттық ойынның балаға әсері жайлы айтылып кеткен. Г. С. Касымова мен А. Т. Баймуратованың«Игротерапия» атты бағдарламасында балаларды ойын арқылы түзеу жайында айтылып кеткен.
Қазақстандық ғалымдар (Н. Құлжанова, Б. Баймұратова, А. Меңжанова, Қ. Аймағамбетова, М. Тұрыскелдина, Ф. Жұмабекова т. б. ), ресейлік ғалымдар (А. Н. Леонтьев, А. П. Усова А. К. Бондаренко, О. М. Дьяченко, В. С. Мухина және т. б. ), шетелдік ғалымдар (Фрэнк, Ф. Шиллер, К. Гросс, Г. Спенсер, И. Кант, В. Вундт, К. Бюллер, В. Фриге) ойындардың әдістемелік теориясын талдай келіп ойынның ерекшеліктерін анықтады.
Зерттеудің әдістері
Теориялық:
- Педагогикалық, психологиялық, философиялық және арнайы әдебиеттерді тақырып бойынша талдау;
- Зияты зақымдалған оқушылардың медициналық және педагогикалық құжаттарын, әлеуметтік паспорты туралы мәліметтерді, психологиялық-педагогикалық сипаттамаларын қарастыру;
- Арнайы (түзету) мектептің психолог, тәрбиеші мамандарына, зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына арналған ұсыныстар құрастыру.
Эмпирикалық :
- Зияты зақымдалған оқушыларды бақылау;
- Арнайы (түзету) мектептің психолог, тәрбиеші мамандарымен, зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларымен әңгімелесу;
- Сюжеттік-рөлдік ойындар («Аураухана», «Шаштараз», «Дүкен») ойнатқызу;
- Сандық және сапалық талдаудың нәтижелерінің қорытындысы; .
Зерттеудің ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы:
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау бойынша зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының сюжеттік-рөлдік ойындарда ойын дағдыларның ерекшеліктері туралы мәліметтер қатарын толықтыруға көмек берді.
Арнайы (түзету) мектептің бастауыш сынып психолог, тәрбиеші мамандарына, зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына арналған ұсыныстарды пайдалана отырып, түзете-тәрбиелеу процесін арнайы (түзету) мектепте оңтайландырып жүзеге асыруға жол ашты.
Зерттеудіңтәжірибелік-эксперименттік базасы: Алматы қаласындағы «Даму интеллектуалдық қабілеті төмен балаларға арналған №7 арнайы(түзету) мектеп-интернаты». Зерттеуге барлығы зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларынан 30 бала қатысты.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан, 1 мақаладан (G-Global, 2016жыл «Зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының сюжеттік-рөлдік ойындарда ойын дағдыларының ерекшеліктері») тұрады.
Графикалық мәлімет:
12 сурет, 6 кесте, қосымшалардан тұрады.
1 ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЫН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Философ, педагог және психологтардың бастауыш сынып оқушыларының ойыны туралы көзқарастары
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» -деп баланың өмірінде ойын ерекше орын алады, - деген болатын [13; 65] . Мағжан Жұмабаев: «Ойын - баланың өз ісі. Баланың ойынына кірісуші болма. Баланы бір нәрсе бүлдірмес үшін тек шеттен бақыла. Есте болуы керек, бақылау деген сөз-қарауылда тұрған солдаттай қабағыңды түйіп, қарап тұр деген сөз емес, олай тұрсаң бала ойынына кірісуші болма!», - деген болатын [14; 47] .
А. С. Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін, еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады», - деген болатын [15; 89] .
А. М. Горький: «Ойын арқылы бала дүниені таниды» - десе, [16; 102] А. С. Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» - дейді [17, 65-бет] .
Н. К. Крупская ойынның байқағыштыққа, ептілікке және басқа мінездерге тәрбиелейтін атап айтқан [18] .
К. Д. Ушинский бастауыш сынып оқушыларының ерекшеліктерін ескеріп, былай деп жазады: «Бала табиғатты көрнекілікті аса қажетсінеді. Балаға өзіне белгісіз бес сөзді жалаң үйрете бастасаңыз, көп уақытты зая кетіріп, босқа қиналасыз. Сіз балаға қарапайым ғана ойыңызды қанша түсіндірсеңіз де, оңай ұға қоймайды. Дәл сол ойды күрделі суреттер көрсете баяндасаңыз, ол сізді тез түсінеді», - деген болатын. К. Д. Ушинский баланың ойынға деген қызығушылығы жөнінде былай дейді: «Ойын-балалар үшін шындық. Ал шындық қоршаған ортадан да қызық, бала үшін қызықты болу түсінікті, өйткені онда өзіндік іс-әрекет көрінеді [19; 35] .
Бала психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар (Ж. Аймауытұлы, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров, Т. Тәжібаев т. б) өз еңбектерінде ойынның балаға пайдасы зор деген болатын [20] . Ресей ғалымдары Т. В. Лодкина, А. И. Захаров, В. С. Мухина, А. М. Леушина, Е. И. Щербакова, Е. О. Смирновалар бала үшін ойынның ерекшеліктерін атап көрсеткен [21] . Дидактикалық ойындарды пайдалану мәселесі педагогикалық теорияда кеңінен қарастырылған. Атап айтсақ, С. Ахметов, А. Алдабергенов, Н. К. Ахметов, Ж. С. Хайдаров, М. В. Кларин, А. Қайырбекова, Г. Төлтаева, А. Әбселемова, А. Әбішова т. б. ғалымдар дидактикалық ойындардың маңызын, түрлерін қолдану жолдарын көрсеткен [22] .
В. В. Давыдовтың еңбектеріне оқу материалының тек сыртқы белгілерін ғана санамалап оқыту мектеп жасына дейінгі балаларының ақыл-ой даму қарқынын төмендетіп, өздігінен білім алу қабілетін қалыптастыруға кедергі келтіретіні жайлы пікірі бар [23] . Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орны жөнінде қазақстандық ғалым Н. Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс-әрекет және өмірі деп дәлелдеген. Н. Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану - болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген [24] .
А. С. Макаренконың айтуы бойынша «Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса, балалар өмірінде ойын да сондай қызмет атқарады», - деді [25; 116] .
Я. А. Каменский: «Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі», - деп атап көрсеткен болатын. Осы сөздің өзінен-ақ балалардың танымдық әрекетін қалыптастыруда ойынның қаншалықты маңызы бар екенін түсінуге болады, -деген болатын [11; 69] . Оқыту мақсатын дидактика түрінде алғашқылардың бірі болып зерттеген чех педагогы Я. А. Коменский. Ол ойынды баланың ең қажетті іс-әрекетінің табиғатына және биімділігінің ең жауапты түрі деп санайды. Чех педагогы Я. А. Коменский. Ол ойынды баланың ең қажетті іс-әрекетінің табиғатына және биімділігінің ең жауапты түрі деп санайды [11] .
Белгілі психолог Е. А. Аркиннің пайымдауынша, ойын және ойыншық балалар өмірін сипаттайтын бірден-бір жалпы ұғым: «Балақай өсімдік сияқты өз ішінен өсіп жетіледі. Және бұл үрдіс қатал түрде әр жеке баланың өзіне ғана тән. Бала тіршілігінің негізгі заңдарының бірі осындай», - деген болатын [26; 55] . Оқу мен тәрбиеге байланысты жұмыстарды үйлестіруде іздестіру барысында С. Т. Шацкий қазірге дейін маңызын жоймаған мынадай пікір айтқан еді: «Біздің қолымызда күш пен қаржы болғандықтан, біз тек арнаулы мектеп ғимараттарындағы емес, одан тыс жерлердегі педагогикалық үрдістерді зерттеуіміз керек», - деген болатын [27; 65] .
Л. Н. Толстой мектепке дейінгі шақ туралы: «Бәлкім, қазір бойымда бар нәрсенің бәріне мен сол кезде ие болған шығармын және көп, тез иеленгенім соншалық, қалған бүкіл өмірімде мен соның жүзден біріне де ие болмаран шығармын? Бес жастағы баладан маған дейін бір адым ғана. Ал жада туған баладан бес жастағыға дейін ғаламат қашықтық» деп жазды [28; 95] .
Соңғы жылдарда бала ойынына байланысты А. П. Усова, М. Д. Менджеринцкой, Р. И. Жуковскаяның ғылыми зерттеулерінде, А. С. Черкова, П. П. Саморукова, Р. И. Ринбургтың жұмыстарында балалар ойындарындағы ерекшеліктер көрсетілген [29] .
Атақты психолог ғалымдары Л. С. Выготский, А. И. Леонтьев, А. С. Запорожец, Л. Д. Венгер, Д. Б. Эльконин, Е. И. Игнатьева, Ю. К. Бабанский, И. Я. Лернер т. б. зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің ішіндегі ең маңыздысы шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады [30] .
Көрнекті педагог В. А. Сухомлинский ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шыгармашылык кабілетін оятады дей келіп, былай деп айтып кеткен: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол аркылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады [17; 89] . Алайда, функционалдық тенденция концепциясының негізін салған Д. Узнадзе: «Ойын артық әл-қуатты сыртқа шығындаудың тәсілі емес, дамудың негізгі бас формасы, қызмет бағытының емін-еркін бұрқаған көрінісінің формасы болып табылады және әрекеттер ретінде олардың өз бағыты бойынша бір-бірінен айырмашылықтары бар, міне осылар баланы мазмұнды жағынан әр түрлі ойындар ойнауына мәжбүр етеді», - деген [31; 69] . Ойынның бала өмірінде үлкен орын алатыны ертеден дәлелденген. Тіпті XVIII ғ. Руссо былай деп жазған: «Баланы жақсы тану және түсіну үшін оны ойын кезінде бақылау керек», - деген болатын [32; 91] .
Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин сияқты белгілі психолог ғалымдар: «Ойын баланың өзіндік өмірі» - деген ортақ тұжырым жасайды [33; 186] . Ал біздің халық даналығы: «Ойлы бала, ойыннан өседі» - дейді [34; 75] Л. Ф. Обухова былай дейді: «Ойында бала өзін осы шаққа бұра отырып, өз өткеніне көңіл аударады. Ол өткендегі қиындықтарын жаңа қабылдауға және қатынастарда араластыра отырып ойнайды» [35; 25] .
Белгілі психолог Е. А. Аркиннің пайымдауынша, ойын және ойыншық балалар өмірін сипаттайтын бірден - бір жалпы ұғым: «Балақай өсімдік сияқты өз ішінен өсіп жетіледі және бұл үрдіс қатал түрде әр жеке баланың өзіне ғана тән. Бала тіршілігінің негізгі заңдарының бірі осындай», - деген болатын[36, 85] .
С. Т. Шацкий қазірге дейін маңызын жоймаған мынадай пікір айтқан еді: «Біздің қолымызда күш пен қаржы болғандықтан, біз тек арнаулы мектеп ғимараттарындағы емес, одан тыс жерлердегі педагогикалық үрдістерді зерттеуіміз керек», - деген болатын [37; 55] .
А. В. Запорожецтің сөздерін келтірсек: «Баланың бастапқы кезде ойын техникасын меңгерумен іс аяқталмайды және ойын әрекетін әрі қарай дамыту тәрбиешінің белгілі тәртіппен күрделі сюжеттерді ойнатудың нәтижесі болып табылады», - деген болатын [38; 105] .
А. Н. Леонтьев бұл жайында мынадай пікір білдіреді: «Ойын баланың жетекшісі іс-әрекеті болу үшін, ойынды басқаруды үйрену керек, ол үшін ойынның даму заңдылықтарына бағыну қажет, олай болмаған жағдайда оны басқару емес, ойынды бұзуына әкеліп соғады» [39; 75] .
Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К. А. Покровский ойындытөзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістердің бipi, - деген болатын [40; 109] .
Л. С. Выготский пікірінше, ойын мектепке дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады, - деген болатын [41; 80] . Мысалы: ежелгі гректерде "ойын" түсінігі балалардың қимылы деген ұғымды білдіреді, ал еврей халқында "ойын" сөзі қуаныш, шаттық сезімдерін сипаттайды - деп, барлық халықтың ойын түсінігінің түп - тамырының сабақтасып жатқандығы туралы тұжырым жасайды [42] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz