Зейіннің түрлері мен қасиеттері


Қазақстан Республикасындағы арнайы білім берудің қазіргі жағдайы өткен кезеңдермен салыстырғанда өзгеше. Мүмкіндігі шектеулі өскелең ұрпақтың өмір салтын қалыптастыратын мәселелер арнайы білім беру, психикасын дамыту, денсаулығын сақтау, еліміздің әлеуметтік саясатымен, қоғамдық санадағы өте маңызды өзгерістермен көрініс беруде.
Осы мәселелерге дәлел ретінде тоқталатын болсақ, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңы өз күшіне енген. Сонымен қатар, 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» атауға болады[1, 2] .
Зерттеудің өзектілігі : зейін бұл психикалық іс - әрекеттердің белгілі бір объектіге шоғырлануы және бағытталуы. Ол сенсорлы, интелектуалды және қозғалыс белсенділігінің деңгейін жоғарлатады. Зейін аса маңызды психикалық процесс. Зейін базалық психикалық процесс болып табылады, басқа психикалық функцияларды және әрекет түрлерін «қоректендіреді». Зейін арқылы әсер етуші факторлардың нәтижесінде сезімталдық өзгеріске түседі[3] . Баланың зейінінің тұрақсыздығы, оның білім алуына кедергі келтіреді. Барлық жастағы зияты зақымдалған баланың зейінінің тұрақсыздығы белгілі бір түрде олардың ерік - жігер сферасының әлсіздігіне негізделеді. Олар ұзақ уақыт орындалып жатқан объектіге зейіндерін шоғырландыра алмайды.
Зияты зақымдалған балалардың зейіні ырықсыз болып келеді. Баланың зейінінің құрамы оның кемістік құрылымына байланысты әсіресе, зейін көлемінің аздығы және оның қысқа мерзімділігі қозғыш оқушыларға тән. Бұл балалар импульсивті және тұрақсыз болып келеді.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаның зейін қасиеттерінің жоғары деңгейде болуы зияты зақымдалған оқушылардың оқуда және келешекте еңбекте, қоғамдық өмірде белсенділігін дамыту жолдарын ашуға мүмкіндік береді. 30-40 жылдары психологияға қатысты танымдық процестер жайлы зерттеулерді қазақ ғалымдары (Ш. Әлжанов, С. Балаубаев, С. Қожахметов, Ә. Сыдықов, Т. Тәжібаев, А. Темірбеков, т. б. ) жүргізіп келді [4] . Елуінші жылдары Қазақстанның өзінде психология ғылымынан (Е. Суфиев, А. Темірбеков, М. Мұқанов, т. б. ) бірнеше диссертация қорғалды. М. Мұқанов өз диссертациясында зейінді тәрбиелеу тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізген [5] . Соңғы 50 жыл ішінде көптеген ғылыми еңбектер, оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді. Солардың қатарында зейін мәселесін өз еңбектерінде М. Мұқанов [6], Қ. Жарықбаев [7], Т. Жүкеш қарастырса, Р. Илешова «Медициналық психология» [8], Ә. Алдамұратов «Қызықты психология» [9] атты еңбектерінде зейін қасиеттері жайлы зерттеулер жүргізгендігін атап өтуге болады. Кейіннен психологтар Ж. И. Намазбаеваның, В. К. Шабельниковтың, С. М. Джакуповтың зейін қасиеттерін дамыту барысындағы жүйелі және кешенді қатынас, іс-әрекет жайлы психологиялық теориялары жарық көрді [10] . Отандық ғалымдардан зейін мәселесін тереңінен қарастырып келген О. С. Сангилбаевты айтуға болады. Ол психология ғылымдарының докторы, профессор Ж. И. Намазбаеваның жетекшілігімен «Оқу материалдарын тиімді жоспарлау арқылы оқушылардың зейіндерінің қасиеттерін дамыту» тақырыбында диссертация қорғады [11] . Сонымен қатар, М. Б. Уакасовамен бірге «Зейін әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде» тақырыбында зерттеу жүргізсе [12], «Оқу іс-әрекетіндегі зейіннің негізгі түрлерін талдау» [13], «Қазіргі кездегі әлемде зейін мәселесін зерттеутуралы» тақырыптарында еңбектер жазды [14] .
Л. С. Выготский көптеген зерттеушілерге қосылып, зияты зақымдалған балалардың ырықты зейінін қарастырған. Ол зейіннің 2 түрі бар деген зерттеушілерге қосыла отырып, ырықты зейіннің әлсіздігінің себептерін анықтауға тырысқан. Л. С. Выготский ырықты зейіннің жетілмеуін сөйлеу тілі бұзылуымен байланыстырған, ал соңында өзін - өзі басқару, яғни өз тәртібін зерттеумен болған. Арнайы мектеп оқушыларының зейінінің дамуы өте төмен. Олар қандай да бір объектіге немесе бейнеге қарағанда олардың ең негізгі элементтерін байқамайды. Психикалық белсенділіктің ауытқуының ең негізгі себебі бас миының фазалық жағдайының қысқа уақыттық үзілісі. Оны психологтар басқаша - психикалық процестің шаршағыштығы деп атайды. Мұндай психикалық белсенділік тонусының төмен түсуі әр бір жалпы мектептегі жүйке жүйесі әлсіз балаларда да кездеседі. Дегенмен арнайы мектеп оқушыларының психикалық белсенділік тонусының төмендеуі жиі жүреді [15] .
Мұндай балаларды Е. Д. Хомская [16] және Э. С. Мандрусова зерттеген. Э. С. Мандрусованың мәліметтері бойынша мұндай церебрастеникалық жағдай зияты зақымдалған балаларда жүреді. Бұл жағдайлар мектепте оқытылатын пәндерді меңгеруде қиындық туғызады. Оның зерттеулерінде зияты зақымдалған балаларға жатқызуға болмайтын церебрастеникалық себептерге байланысты, олар жалпы мектепте білім ала алмайды. Зейіннің күрделі және жартылай бұзылуы немесе тербелуі оларға жалпы мектептің бағдарламасымен қатар арнайы мектептің бағдарламасын меңгеруге кедергі келтіреді. Ұзақ уақыт жарақаттаушы оқу бағдарламасына үлгермеушілік бұл балаларда невротикалық және психопатқа тән синдромдарды туғызады [17] .
М. С. Певзнердің клиникалық және патофизиологиялық зерттеулері бойынша, зияты зақымдалған балалардың жоғарғы жүйке әрекеттерінің бұзылысы жүйке процесстерінің бұзылысы мен олардың белсенділігіне негізделеді. Сонымен қатар М. С. Певзнердің айтуы бойынша зияты зақымдалған балаларда жүйке процесстерінің байланысы бұзылуы байқалады. Басқаша айтқанда, тежелу қозудан басымырақ немесе керісінше қозу тежелуден басымырақ болып келеді. Көптеген авторлар зияты зақымдалған балаларда қысқа уақыттық фазалық жағдайлар байқалатынын және оқу іс - әрекеті кезінде зейіннің тұрақсыздығына әкелетінін анықтаған [18] .
А. Р. Лурия [19] және Е. Д. Хомская зейіннің нейрофизиологиялық негіздерін қарастырады. Е. Д. Хомскаяның зерттеуінде селективті зейінге аса мән берілген. Бұл зейін қажетті ақпаратты және зейінді ұстауын қарастырады. Е. Д. Хомская зейіннің тұрақсыздығын қарастыру барысында оның себептерін анықтай отырып, шартты ақыл - ой әрекетін кеңінен зерттеген. Адамның зейін ерекшеліктерін қарастыру барысында бас ми қабының жеке бөліктерінің өте үлкен рөл атқаратынын атап өткен [16] .
И. Л. Баскакова өз зерттеуінде арнайы мектеп оқушыларының зейінін анықтау үшін біртіндеп күрделенетін эксперименталдық тапсырмалар жүйесін қолданған. Ол біртекті жұмыстарды орындау барысындағы зейін тұрақтылығын зерттеген. Бұл тапсырмаларды ол біртіндеп күрделендірген [20] .
Жалпы ғылыми деректерге сүйенетін болсақ, зейін туралы зерттеулер қорытындысына сай теориялық мәліметтер зор. Тек қалыпты балалардың зейін ерекшеліктері ғана емес, зияты зақымдарған балалардың да зейін ерекшеліктері жайлы мол мағлұмат алуға болады. Ал зияты зақымдалудың деңгейіне (F70, F71) сай балалардың зейіндерінің ерекшеліктері жайлы анық мәліметтер әдебиеттерде аз көрсетілген. Осы кезге дейін дефектолог мамандарда зияты зақымдалған жоғарғы сынып оқушыларының зияты зақымдалу деңгейіне (F70, F71) сай негізгі зейін қасиеттерін айқын сипаттайтын және нақты статистикалық материалдар жеткіліксіз, ол балалар арнайы мектептерде түзетуге бағытталған оқыту жүйесімен қамтылған. Сонымен қатар, арнайы мектеп мұғалімдерімен әңгімелесу жұмысын жүргізу барысында зияты зақымдалған оқушылардың зейін ерекшеліктері жайлы қоғзалған мәселеде мынадай ортақ тоқтамға келгендігін нақты көрсетуге болады: мұғалімдер оқушыларға сабақ өту, тапсырма беру барысында оқушылардың зейін дәрежесінің төмендігі кедергі келтіретіндігін (әсіресе жас мамандар) айтады. Осыған сәйкес, зейіннің қасиеттерін зияты зақымдалудың дәрежесіне сай және жеке дара әр оқушыда қаншалықты деңгейде екендігін білсек, озық жұмыс жасайтын зейін қасиетін пайдалану арқылы жетістікке жетуге болатындығын атап өтті.
Сондықтан, жеңіл және орташа деңгейде зияты зақымдалған жоғарғы сынып оқушыларының зейін ерекшеліктерінің айырмашылығын ажырата зерттеу, өз кезегінде, оларға нәтижелі педагогикалық - психологиялық және коррекциялық көмек көрсетуге зор үлесін қосатын құнды материал болатын өзекті мәселелердің бірі.
Біздің дипломдық жұмысымыздың тақырыбы - «Жеңіл және орташа деңгейде зияты зақымдалған жоғарғы сынып оқушыларының зейін ерекшеліктері (салыстырмалы сипаттау) ».
Зерттеудің мақсаты: жеңіл және орташа деңгейдезияты зақымдалған жоғарғы сынып оқушыларының зейін ерекшеліктерін анықтап, салыстырмалы сипаттама беру.
Зерттеудің міндеттері:
- Педагогикалық, психологиялық, физиологиялық еңбектердің теориялық мәселелерін талдау;
- Анықтаушы эксперимент негізінде жеңіл және орташа деңгейде зияты зақымдалған жоғарғы сынып оқушыларының зейін ерекшеліктерін анықтап, салыстыру;
- Арнайы (түзету) мектептегі мұғалім, психолог мамандарына және зияты зақымдалған оқушылардың ата - аналарына арналған ұсыныстар даярлау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егержеңіл және орташа деңгейдегі зияты зақымдалған балалардың зейін ерекшеліктерінің айырмашылығын ажырата зерттесек, бұл өз кезегінде оларға нәтижелі педагогикалық - психологиялық және коррекциялық көмек көрсетуге зор үлесін қосатын құнды мәлімет болады.
Зерттеу нысаны: жеңіл және орташа деңгейде зияты зақымдалған арнайы (түзету) мектебінің жоғарғы сынып оқушыларының психикалық үрдісі.
Зерттеу пәні: жеңіл және орташа деңгейде зияты зақымдалған жоғарғы сынып оқушыларының зейін ерекшеліктері.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері:
Зейін мәселелеріне көптеген теориялық және әдіснамалық зерттеулер жүргізілген. Л. С. Выготскийдің «Бала дамуының жақын арадағы аймағы теориясы», «Адамның даму психологиясы», И. П. Павловтың«Толық жинақ» (1991), С. Л. Рубинштейннің «Жалпы психология негіздері»(1996) және «Ақыл есі кем баланың психологиясы» (1986), Л. В. Занковтың «Ақыл-есі кем бала психологиясы очерктері» (1985), И. В. Страховтың «Оқушылардың зейінін тәрбиелеу» (1998), И. Л. Баскакованың «Зияты зақымдалған оқушылардың зейіні» (2001), К. Д. Ушинскийдің «Адам тәрбие құралы ретінде», И. В. Страховтың «Зейін психологиясы» (1988), А. А. Ухтомскийдің «Доминанта теориясы» (1990), Н. Ф. Добрыниннің «Зейін психологиясы жайлы негізгі сұрақтар» (1990), А. Н. Леонтьевтің «Зейін хрестоматиясы» (1996) сынды ғалымдардың еңбектерінен өз бейнелерін тапты, ал шетелдік психологияда В. Вундтың «Психология очерктері» (1997), У. Джемстің «Психология» (1991), Н. Н. Лангенің «Зейін хрестоматиясы» (1996) еңбектерінде зейін мәселелері жайлы көзқарастарына теориялық талдаулар жасалған. П. Я. Гальпериннің (1994) зерттеулеріндегі «Ырықты жоспармен іске асырылатын зейін тұжырымдамасы», Б. Г. Ананьевтің, А. Н. Леонтьевтің, Ж. И. Намазбаеваның, В. К. Шабельниковтың, С. М. Джакуповтың зейін қасиеттерін дамыту барысындағы жүйелі және кешенді қатынас, іс-әрекет жайлы психологиялық теориялары, отандық ғалымдардан О. С. Сангилбаевтың «Оқу материалдарын тиімді жоспарлау арқылы оқушылардың зейіндерінің қасиеттерін дамыту» тақырыбында диссертациясында, М. Б. Уакасовамен бірге жүргізген «Зейін әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде» тақырыбындағы зерттеу жұмысында, «Оқу іс-әрекетіндегі зейіннің негізгі түрлерін талдау», «Қазіргі кездегі әлемде зейін мәселесін зерттеутуралы» еңбектерінде қарастырылған.
Зерттеудің әдістері:
1. Теориялық:
- педагогика, психология, физиология салаларындағы арнайы әдебиеттерді тақырып бойынша талдау;
- жеңіл және орташа деңгейде зияты зақымдалған жоғарғы сынып оқушыларының медициналық және педагогикалық құжаттарын, әлеуметтік паспорты туралы мәліметтерді, психологиялық-педагогикалық сипаттамаларын қарастыру;
- арнайы (түзету) мектептегі мұғалім, психолог мамандарына және зияты зақымдалған оқушылардың ата - аналарына арналған ұсыныстар.
2. Эмпирикалық:
- Арнайы (түзету) мектептің мұғалім, психолог мамандарымен, зияты зақымдалған оқушылармен әңгімелесу;
- Арнайы (түзету) мектептің жеңіл және орташа деңгейде зияты зақымдалған жоғарғы сынып оқушыларын бақылау;
- Арнайы (түзету) мектептің жеңіл және орташа деңгейде зияты зақымдалған жоғарғы сынып оқушыларының зейін ерекшеліктерін анықтауға арналған әдістемелер көмегімен тәжірибе жасау:
- Зейіннің тұрақтылығын анықтау (Бурдон әдістемесі)
- Зейіннің шоғырлануын анықтау (Мюнстенберг әдістемесі)
- Зейіннің көлемін анықтау (В. Богомоловтың «Есте сақтап нүкте қой» әдістемесі)
- Зейіннің бөлінуін анықтау (Корректуралық сынақ (Бурдон әдістемесі) )
- Зейіннің қайта қосылуын анықтау (Р. С. Немовтың «Үшбұрыштар» әдістемесі)
- Сандық және пайыздық талдаудың нәтижелерінің қорытындысы.
Зерттеудің теориялықмаңыздылығы: зерттеу жинақталған материалдар жеңіл және орташа деңгейдезияты зақымдалған жоғарғы сынып оқушыларының зейін ерекшеліктерін анықтауға бағытталған және әдебиеттерде кездесетін тақырыпқа сай мәліметтерді кеңейтуге көмек береді.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы: жинақталған материалдарды зияты зақымдалған оқушылардың оқыту - тәрбиелеудегі үдерісінде тәжірибе жүзінде пайдаланса, зейін қасиеттерінің деңгейін жоғарылатуға зор мүмкіндік береді.
Зерттеу базасы: №7 «Даму интеллектуалдық қабілеті төмен балаларға арналған арнайы (түзету) мектеп - интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Зерттеуге осы мектептің жоғарғы сыныптарында оқитын жеңіл және орташа деңгейде зияты зақымдалған барлығы 30 оқушы қатысты.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Графикалық мәлімет: 6 сурет, 15 кесте, 2 мақала (G-Global, 2016жыл, Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы № 2, 2017жыл) .
1 ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Педагог, психолог және физиолог ғалымдардың зерттеу мәселесіне қатысты көзқарастары Зейін деп - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Ол туралы пікір таластар ғасырлар бойы жалғасып келеді. Ғалымдардың бірқатары зейін тәуелсіз процесс ретінде өмір сүре алмайды, ол тек қана кез-келген психологиялық процестің немесе адам іс-әрекетінің бір жағы ретінде көрінуі деп тұжырымдайды. Ал басқалары зейінді тәуелсіз процесс, өзінің ерекшелігі бар, олар анатомиялық және физиологиялық өзін-өзі басқаратын құрылымына сүйеніп, басқа таным процестерінің міндетін атқаруын қамтамасыз етеді дейді. Зейін дегеніміз - айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Зейін - сезім мүшелері арқылы бір хабарды іріктейтін, басқаларды елемейтін процесс. Зейін деп - психикалықәрекеттің айналадағы заттарға және құбылыстарға бет алып, бағытталып түйдектелуін айтады. Зейін бізге сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын анығырақ және ашығырақ сәулелендіру үшін, психикалық әрекеттеріміздің оларға бет алып жинақталуы үшін керек.Мысалы, оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б. ) . Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып азғантай үзілістен кейін тарих, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады. Осындағы түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды - көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.
Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ, ашығырақ қабылдауға, оларды санамызға сәулелендіруге болмас еді. Психикалық әрекеттердің бет алуы және түйдектелуі олардың өзгеріп, дамып отыратындығын, заттардың, құбылыстардың сәулесін санамызға түсіретіндігін көрсетеді. Адамның күнделікті тұрмысында да, оқу процесінде де, еңбекте де зейін үлкен орын алады.
Егер адамда зейін болмаса, ой еңбегінің де, дене еңбегінің де мәні, нәтижесі болмас еді. Егер оқушылар өздерінің оқитын пәндеріне, мұғалімдерінің әңгімесіне зейін қойып құлақ самаса, оларды ұғып, есінде қалдыра алмайды. Оқушылардың үйреншікті зейіні жақсы болғанда ғана, олар материалды жақсы түсініп, көп ұғып алады.
Зейін - арнайы бір уақытта, қандай да бір обьектіге баланың іс-әрекетінің шоғырлану процесі. Егерде зейін сыртқы ортадағы обьектіге шоғырланса онда оны сыртқы зейін деп атайды, ал егерде субьективті әлемдегі обьекттерге бейнелеп, талқылап шоғырланса онда оны ішкі зейін деп атайды.
Ғалымдар Аристотель, Әбу Насыр әл-Фараби, Бэкон Фрэнсис, Ренэ Декарт, Локк Джон, Лейбниц Вильгельм, Юм Дэвид сынды философтардан жеткен психикалық құбылыстар жайлы теорияларды ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап эксперимент жүзінде өңдей бастады[21, 22] .
В. Вундт зейін мәселесін талқылауда оны жеке сана психологиясын талдаумен байланыстырады. Ол зейіннің негізгі қасиеті ретінде - қабылдау кезіндегі анықтықты, сол кездегі эмоцияны ескермей көрсетеді. Зейіннің көрінуін активті және пассивті деп бөлді[23] .
У. Джемс зейінді толықтай физиологиялық шартқа тәуелді психикалық процесс ретінде қарастырады және ол зейін объектілерінің солай анықталатынына сенімді. Ол зейінді психологиялық тұрғыдан қарастырып, зейінді талдау мен педагогикалық мәселелермен байланыстырды [24] .
Э. Б. Тичнер зейін еңбектің нәтижелігін қамтамасыз ететін сананың дәрежесі деп түсіндірді. Оның еңбегінде өмірдегі жағдайларды байқау арқылы зейін көлемінің дәрежесі зерттелді [25, 26] .
Вундт, Джемс, Тичнердің зерттеулерінде зейіннің, әлеуметті еңбектің негізі және механизмі қарастылырмаған [25, 26, 27] .
Т. Рибо үшін психикалық үрдістердің және қалыптардың физиологиялық өзара байланысы ерекше болды, және де осы жағдай, бізді қызықтыратын көріністері оның трактатында айтылды. Осы айтылғандарды негізге ала отырып, Т. Рибоның концепциясын психофизикалық деп атауға болады. Қозғалыстың зейін актісіндегі маңыздылығын Т. Рибо келесі түрде көрсетті. Қозғалыс физиологиялық тұрғыда берілген сана қалпына күш бере отырып оны күшейтеді. Сезім мүшелері үшін - зейін, көру және есту, басқару және көрумен байланысты қозғалыстарды шоғырландыру және тежеу болып табылады.
Ұсынылып отырған күш зейінді жинақтайды және тежейді, әрқашанда дене негізіне сүйенеді. Т. Рибоның ойы бойынша, зейіннің қозғалыс нәтижелігі мыналардан құралады: кейбір түйсіктер, ойлар, есте сақтаулар. Бұл құрылымдар басқа қозғалыс белсенділіктерімен салыстырғанда нақты болады. Қимыл-қозғалыстарды басқару - ырықты зейін құпиясы болып табылады. Қажетті қозғалысты ырықты түрде қайталау негізінде зейінімізді осы қозғалысқа аударамыз. Т. Рибо ұсынған зейіннің моторлы теориясының сипаттары осындай [28] .
Зейін мәселесіне қатысты физиологиялық зерттеудің тағы бір маңызды көрінісі, бұл - бас миы бөлігінде тітіркендіргіштердің ретсіз орналасуы. Оны өңдеумен айналысқан атақты физиолог И. П. Павлов болды [29] .
И. П. Павлов зейіннің физиологиялық негіздерін мида пайда болатын индукция заңдарымен байланыстырады. Бұл заң бойынша мидың бір саласында пайда болған қозу мидың басқа салаларының әрекетіне бөгет жасауы немесе пайда болған тежеулер мидың басқа салаларын қоздыруы мүмкін. И. П. Павловтың пікірінше, зейін кезінде мида өктем қозу пайда болуы мүмкін. Сөйтіп, И. П. Павлов зейіннің физиологиялық негіздерін шартты рефлекстер пайда болуымен, жүйке саласының қызметімен байланыстырады [30] .
Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені, адам өз өмірінің әрбір кездерінде бір нәрсені қабылдайды, не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге, не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен, бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші сыныптан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады, зейіннің физиологиялық негіздерін И. П. Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады [29] .
И. П. Павлов, егер ми қабығының бір аймағында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған аймақтарда тежелу процестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу кіріссе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір аймағында күшті қозу процесі болып жатады да, айналасындағы аймақтарда тежелу болады (теріс индукция заңы) [30] .
Е. Н. Соколов нысаналы рефлекстердің және организм мен объектінің ара байланысын нығайтудағы маңыздылығын дәлелдейтін бірқатар ережелерді негіздеді [28] .
Психология тарихында зейіннің моторлық теориясына үлкен орын беріп, құрастырған Н. Н. Ланге [31] . Ол өзінің «Психологиялық зерттеулер» еңбегінде осы мәселе туралы жазды. Н. Н. Ланге зейіннің моторлық теориясын тек қана оның бейімделуге қозғалысы деп есептемейді, еріктік зейін ол «моторлық және апперцепциялық үрдіс» түйсіктің қозғалыстық және еске түсірудің арасындағы байланыстарды дәлелдейді. Сонымен қатар ол сол уақыттағы философиялық және психологиялық әдебиеттерден орын алған зейіннің негізгі теорияларының жүйелілігін тексеріп, негізгі сегіз теорияны бөлді.
- Зейін - сана көлемінің шектеуі.
- Зейін - қозғалысқа бейімделудің нәтижесі.
- Зейін - эмоцияның нәтижесі.
- Зейін - апперцепцияның нәтижесі.
- Зейін - жүйке тітіркендіргіштерінің нәтижесі.
- Зейін - ерекше белсенділік, жан қабілетінің нәтижесі.
- Зейін - іс-әрекет түрлерінің бірі.
- Зейін - жүйке тежелулерінің нәтижесі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz