Инвестициялық жобаның жіктелуі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті

Курстық жұмыс

Пәні: Қаржылық менеджмент
Тақырыбы: Инвестициялық жобаны талдау әдістері

Тексерген:

Орындаған:

Қарағанды –
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3

I бөлім. Инвестиция жобасының мазмұны, қызметі және жіктелуі...5
1.1. Инвестиция мәні, реттелуі және
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... 5
1.2. Инвестициялық жобаның
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
II бөлім. Кәсіпорындағы инвестициялық жобаның рөлі, есептелу әдстері және
инвестиция салымының ұзақтығы ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.1. Кәсіпорынды өндіріс факторларымен қамтамасыз етудегі
инвестициялар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 19
2.2. Таза дисконтталған құнды есептеу
әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...22
2.3. Инвестициялардың рентабельдік индексін есептеу әдісі ... ... ..26
2.4. Инвестиция көкжиегі (горизонты) және инвестициялық жобаның өмірлік
циклі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .30
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...32

Кіріспе

Кез келген шаруашылық жүйесіндегі экономикалық өсу, қаражаттар
ағымындағы айналымнан және ағымдағы тұтынудан босатылатын және дамуға үлес
қосатын байлықтың бір бөлігін жинақтаумен байланысты жүзеге асады.
Инвестициялар деп аталатын бұл қаражаттар шектеулі болып саналады,
сондықтан да оларды тиімді пайдаланудың белгілі бір бағыттарын айқындау
үлкен маңызға ие болады.
Инвестициялық сипаттағы шешімдерді негіздеу қаржылық менеджер
қызыметінің негізгі салаларының бірін білдіретіндігін түсіну аса қиын емес,
әр сөз стратегиялық сол сияқты жедел аспектілер турасында болуы тиіс.
Мәселе мынада: инвестиция (Investment) кең мағынада алдағы кірістерді күте
отырып жасалған шығындарды құндық бағалау ретінде түсіндрілуі тиіс.
Тәжірибеде инвестициялар ұғымы негізінен ұзақ мерзімді сипаттағы салымға
дейін тар шеңберді білдірсе де, уақыт факторы айқындаушы болып саналмайды.
Басқалай айтсақ, кез келген ақша қаражатын (мысалы, шикізат қорларын сатып
алу) мақсатқа сай келетін тұрғыда салу, сондай-ақ инвестициялық қызметтің
қандай да бір нұсқасын білдіреді. Осыдан мынадай анық қорытынды шығады:
фирманың инвестициялық қызматін басқаруды кең мағынасында оның активтерін,
оның мүліктік әлеуетін басқару ретінде түсіндіруге болады.
Белгілі бір салаға инвестицияны салу және сол салымнан болашақта пайда
алу үшін ақша қаражаттарын орналастыру жерін, яғни, инвестициялық жобаны
талдауды қажет етеді. Сол себепке байланысты курстық жұмыста инвестициялық
жобаны талдау әдістері көрсетіледі.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде инвестицияның мәні, реттелуі,
құралдары және жобаның жіктелуі, яғни, инвестиция ұғымы, жобаның
қаншалықты анық, инвестордың сенімділігіне байланысты инвестиция көк
жиегіне (горизонтына) қатысты жіктелуі, дәстүрлі түрде инвестициялардың
бөлінуі, инвестиция салынған өндірістің қуаты тез арада физикалық және
маральдік тұрғыдан тозатыны және одан қашып құтылу жолы, инвестиция
құралдарындағы құнды қағаздар түсінігі қарастырылады.
Ал екінші бөлімге келетін болсақ кәспорынды өндіріс факторларымен
қамтамасыз ету инвестициясы жайында, яғни, жұмыс істеп тұрған өндіріс
қуаттарын кеңейту, қазіргі уақытта адам капиталына инвестициялар, оның
ақпараттық-технологиялық, тауарлар мен қызметтер көрсетудің жаңа түрлеріне
инвестициялар; инвестициялық жобаны және жобалар жиынын білдіретін портфель
инвестициялық бағдарламалар жасау, кәсіпорынды өндіріс факторларымен
қамтамсыз етудегі инвестицияларды жобалау; таза дисконттық құнды, сонымен
қоса рентабельдік индекісін есептеу әдістері; инвестиция көк жиегі және
инвестициялық жобаның өмірлік цикілі жайында түсінік береді.
Инвестиция – бұл аса күрделі, үлкен туекелмен байланысты, бір жақты
түсіндіруге болмайтын және тәжірибеде жүзеге асыруы қиын ұғым. Сол себептен
курстық жұмыстың мақсаты – инвестициялық жобаны нақты, тура есептеу арқылы
шешімдар қабылдаудағы инвестициялық жобаның маңыздылығын қарастыру.
Ал курстық жұмыстың міндетіне келетін болсақ – ол инвестицияның
экономикадағы алатын орынын, халықаралық қатынастардың дамуын, жалпы
қоғамның дамуына белсенді әсер ететінін ашып көрсету.

1.1. Инвестициялар: маңызы, реттелуі және құралдары

Инвестиция термині экономикада неғұрлым жиі пайдаланатын, әсіресе
трансформация процесінде болатын немесе көтерілуді (өсуді, өрлеуді) бастан
кешіретін ұғымдар қатарына кіреді. Бұл сөз investio деген латын сөзінен
шыққан, қазақша киіндіремін деген ұғымды білдіреді және ел ішіндегі және
шетел экономикасына ұзақ мерзімді капитал салу ретінде түсіндіреледі.
Инвестициялық қызмет бойынша басшылықтарды, негізінен инвестиция түрінде
жеткілікті түрдегі ұзақ уақыт кезеңі ішінде, болашақта кірістер алу
сенімімен ресурстарды жұмсау инвестиция ретінде түсіндіріле отырып, кең
мағынасында баяндалады. [Шмидт, Бирман].
Жоғарыда берілген анықтамадан оның екі негізгі тұсын атап өтеміз.
Біріншіден, сөз болашақта кіріс алу сенімі туралы сөз болып отыр бірақ та
оның алдың ала анықталған болып саналмауы, заңды деу керек. Басқалай
айтсақ, кез келген инвестицияның тәуекелдігі, кіріс алуға деген сенімнің
өзін-өзі ақтамай қалуы да мүмкін екендігімен байланысты.
Инвестор салымдар жасай отырып, ертеңгі күні салған қаржыны қайтарып
қана қоймай, өзінің пайда нормасын қанағаттандыратын табыс табамын деген
есеппен, қаражатты бүгінгі күні тұтыну мүмкіндіктерінен бас тартады.
Өйткені экономикада тәуекелге бармайтын операциялар іс жүзінде жоқ десе
де болады, сондықтан да инвестицияны сол уақытта белгілі бір
құндылықтардан бас тарту ретінде түсіндірілетіні кездейсоқ емес.
Екіншіден, бұл ұғым жие түрде ұзақ мерзімді капитал салумен
байланыстырылады. Сонымен бірге, соған сәйкес, алдағы уақытта кірістер алу
мақсатымен жасалған, құнды бағасымен берілген шығыстар инвестициялар болып
түсіндіріледі. Мұндай жағдайда инвестициялар горизонтына қатысты
инвестицияларды ұзақ мерзімді және қысқа мерзімге жіктеуге болоды. Өйткене,
осылай бөлу әрқашан да шартты болып саналады, ал келтірілген анықтама
қолдануға толықтай қолайлы, басқалай айтсақ, ұзақ мерзімдік белгі
инвестиция ұғымын енгізу кезінде жүйені құрушы болып саналмайды. Аталған
тәсіл, қаржылық инвестицияларды дамытумен байланысты, әсіресе өзекті болып
отыр. Мәселе мынада болып отыр деу керек, бағалы қағаздар нарығындағы
салымдарға қатысты, бұл қаржылардың ұзақ мерзімге салынатынын ешқашанда
белгілі болатындай етіп айтуға болмайды. Сонымен қатар, инвестициялау
обьектісі ретінде, сатып алған бағалы қағаздардан нарық коньюктурасы
өзгерген жағдайда, олардан құтылуға, яғни оларды саптуға тура келеді. Бұдан
байқайтынымыздай, қаржылық сипаттағы кез-келген шешімде қандай да бір
болсын дәрежеде стратегиялық аспекті қатысатын болады. Мысалы, жиынтық
түрде ағымдағы қаржылық саясаттың элементтерінде және олардың дәйекті
жүзеге асырылуы ретінде қаралатын қысқа мерзімді шешімді стратегиялық
қаржылық менеджменттің құралды бөлігі ретінде түсіндіруге болады. Соған
қарамастан инвестициялық сипаттағы шешімдердің материялдық-техникалық
базасының обьектілеріне берілетін қосымшалардағы ұзақ мерзімдік параметірі
базистік параметрге кіреді.
Дәстүрлі түрде инвестициялардың – қаржылық және нақты екі түрінің ара
жігі ажыратылады. Бірінші түрі ұзақ мерзімді қаржы активтеріне капитал
салуды білдіреді; екінші түрі - өндірістік және өндірістік емес аядағы
кәсіпорындардың материялдық-техникалық базасын дамытуға капитал салуды
білдіреді. Қаржылық инвестициялар жекелей алған актив түрінде (мысалы,
нақты фирманың акцияларына), сол сияқты активтердің жиынында жүзеге
асырылуы мүмкін; соңғы жағдайда инвестиция портфельдік атауға ие болуды
(біздің көріп отырғанымыздай, портфельдік инвестициялар инвестициялаудан
шығынға бату тәуекелін азайтуға мүмкіндік береді). Нақты инвестициялар
болып Қазақстан заңнамасында капитал салымы арнайы термині бекітілген,
Негізгі капиталға жасалатын инвестициялар, оның ішінде жаңа құрылысқа,
жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейтуге, техникалық қайта
жарақаттандыруға, машиналар, жабдықтар, сатып алуға, жобалау-іздеу
жұмыстарын жүзеге асыруға жұмсалатын шығындармен өзге де шығындар капитал
салымы болып түсіндіріледі.
Инвестиция – бұл көбірек жиынтық тұтынуды (ағымдағы және болашақтағы)
қамтамасыз ету ретінде күтілетін салыстырмалы түрде алдағы уақытта үлкен
табыс алу пайдасына, ағымдағы тұтынудан саналы түрде бас тарту.
Инвестиция – бұл аса күрделі, бір жақты түсіндіруге болмайтын және
тәжірибеде жүзеге асырылуы қиын ұғым.
Өмірсүруге қабілеттілік, кез келген әлеуметтік – экономикалық жүйенің
маңызды дәрежеде рационалды инвестициялық саясатқа қатысты екндігі жалпыға
бірдей мойындалған факті болып саналады. Бұл саясат шығынды және тәуекелге
баруды талап етеді. Біріншіден, инвестициялар шығынсыз болмайды; алдымен
ақша қаражаттарын салу, яғни қаражат жұмсау қажет. Егер жасалған есептер
дұрыс болатын болса, онда жұмсалған шығындар өзін-өзі ақтап шығады.
Екіншіден, болашақта инвестор күтетін барлық мән-жағдайларды алдын-ала
болжау мүмкін емес; салым инвестицияларды толық немесе ішінара жоғалту
ықтималдығы әрқашан да өмірсүреді.
Инвестициялық қызметтің бұл ерекшеліктері кез келген бизнесменді және
кәдімгі адамды, өзінің арсеналында қаражат салудың элементарлық
дағдыларының болуын үйретеді. Бұл айтылғандар. әрине, өзін жерлеуге ақша
жинайтын кәрі адамнан, өзінің жоғалтқан денсаулығын қалыпына келтіру
мақсатымен Канараға бару үшін ақша жинауды армандайтын Қаржылық
менеджмент пәнінің оқытушысынан мүлде ерекшеленеді.
Инвестиция - бұл жұмысбастылық ағымынан саналы түрде ауытқу, үнемі
өзгерістер, болашаққа көз жіберуге талпыну. Инвестициялық қызмет кейбір
мағынасында лажсыз іс-шара болып саналады, өйткені кез келген сауаты аз
бизнесмен, басшы әлде менеджер, инвестиция - тоқыраудан гөрі әрқашанда одан
жақсы болып саналатын қажетті рационалды қозғалыс екенін жақсы түсінеді.
Мысалы, ағымдағы өндірістік қуаттар өзінің сипаттамалары бойынша олардың
меншік иелерін толық қанағаттандыру мүмкін, бірақта олардың өкілі бұл
қуаттардың тез арада физикалық және маральдік тұрғыдан тозатынын елемейді
немесе ескермейді. Оған керісінше, жоспарлай білетін маман, өзгерістің
болмауы,тоқырау әрқашан да регрестің басы екендігі туралы өзіне есеп беру.
Л.Кэррал өзкезінде дұрыс байқағандай, бір орында тұрып қалғаннан гөрі,
одан тез қашып құтылу керек. Инвестициялық қызмет – басшының бір орында
тұрып қалғаннан, одан қашып құтылуға талпынған белгісі болып табылады.
Осындай қашып құтылу әрине қатесіз болмайды, ол кім бір орында отыра береді
– сол сүрінбейді, ол ештеме жасамау-әсіресе бизнестегі жақсы нұсқа болып
саналмайды.
Мамандар инвестициялық қызмет, инвестициялық ахуал, инвестициялық
тартымдылық туралы айтқан кезде, тұтастай алғанда елді, оның өңірлерін,
жекелеген фирмаларды интенсифтендіру тәсілдері мен проблемаларын талқылау
контекісінде айтатыны кездей соқ емес.
Инвестициялық қызмет, оны ұстап тұру талқыланған басқару деңгейіне,
жүзеге асыру тәсілдеріне, жоспарланатын нәтижелерге қатысты ара жігі
ажыратылады. Олардың айырмашылықтары инвестициялық мүмкіндіктерден,
әлеуетті жұмылдырылатын ресурстардан, болуы мүмкін қателіктер жіберуге
жауапкерлік дәрежелерінен көрінеді.
Егер сөз, өзінің инвестициялық тартымдылығын көтергісі келетін ірі өңір
туралы болып отырса әңгіме бір басқа; егерде біз жеке меншік фирманың
инвестициялық бағдарламасы туралы айтатын болсақ, онда мүлдем басқаша
болады. Өйткені кез келген осы заманғы экономиканың негізін кәсіпорындар
құрайды деп түсінуіміз керек, сондықтан да біз инвестициялау проблемаларын
атап айтқанда фирималарға қосымшаларды қарастыруымыз қажет. Инвестициялық
процестегі негізгі ауырлық атап айтқанда, осы кәсіпорындарға түседі.
Ұлттық немесе өңірлік маңызға ие инвестициялық жобалардың
өмірсүретіндігі сөзсіз, сондықтанда оны мемлекеттік немесе муниципалды
органдар орындайды. Мұндай жағдайда өзге бағалау өлшемдері мен
қаржыландыру әдістері қолданылуы мүмкін, бірақта бизнес-ортада қандай да
бір принципті айырмашылықтар болуы мүмкін. Сондықтан да, ірі шаруашылық
субьектілеріне қосымшадағы инвестициялық қызметтің принциптерін, мазмұның
және әдістерін сипаттай отырып, осы ерекше маңызды экономикалық
қатынастардың маңызды белгілеріне сипаттама береміз.
Осылайша, инвестициялық жоба, құжаттардың екі ірі блогынан тұратын
құжаттамалардың жиыны ретінде түсіндіріледі:
- экономикалық тұрғыдан мақсатқа, қажетті жобалау-сметалық
құжаттаманы қоса алғанда, капитал жұмсауды жүзеге асырудың көлемі мен
мерзімдерінің құжаттылық рәсімделген негіздемесі;
- бизнес-жоспар инвестицияларды жүзеге асыру бойынша практикалық іс-
қимылды сипаттау ретінде.
Бірақ та тәжірибеде инвестициялық жоба құжаттардың жиыны емес,
қаражаттар салудың көлемдері мен тәртібін негіздеумен олардың нақты
салынуын, қуаттарды қолданысқа енгізумен, жобаны ұстап тұруды және оны
жалғастырудың мақсатқа сай келумен және оның аяқталуы бойынша жобаның
нәтижелігін қорытынды бағалаумен байланысты, іс-қимылдардың дәйекті
(жалғастықпен) жүзеге асырылуы ретінде – кең аспектіде түсіндіріледі.
Мұндай жағдайда белгілі бір кезеңділік инвестициялық жобаға тән болып
саналады, яғни ол көзделген кезеңдер түріде дамуды, ал оның мақсатқа сай
келушілігін және тиімділігін негіздеген құжаттар жиыны, тұтастай алғанда
жобаның негізгі элементтерінің бірі болып қана қатысады. Атап айтқанда,
аталған курстық жұмыста инвестициялық жоба осылай түсінді рілетін болады.
Жобаны құжаттық рәсімдеуге қатысты айтатын болсақ, онда осындай құжаттарды
әзірлеу логикасы, принцптері мен әдістемелері арнайы әдебиетте егжей-
тегжейлі сипатталған.
Инвесторлар, тапсырысшылар, мердігерлер, капитал жұмсау обьектілерін
пайдаланушылар және өзге де тұлғалар инвестициялық қызмет субьектілері
болып саналады.
Бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылатын заңды және жеке
тұлғалар және заңды тұлғаларды біріктіру заңды тұлға мәртебесіне ие емес,
мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ
кәсіпкерлік қызметтің шетелдік субьектілері, капитал жұмсауды жүзеге
асыратын инвесторлар, яғни тұлғалар болуы мүмкін.
Мынандай анықтама беруге болады. Инвестор (Investor) – бұл оларды пайда
ала отырып қайтаруды болжайтын, кейбір жобаларға өзінің қаржысын ұзақ
мерзімді негізде салатын тұлға. Капитал нарықтары тұрғысынан инвесторлардың
– акционерлер және лидерлер сияқты екі типі туралы айтуға болады. Өз
қаражаттарын инвестициялай отырып, акционерлер ағымдағы пайданың бір
бөлігін және жобаны тартқан жағдайда қалдық мүлікті алу құқын иеленеді, ал
екіншісі - тұрақты кіріс алу және белгілі бір жағдайлар орын алған жағдайда
инвестициялау кезінде сатып алынатын бағалы қағаздар номиналын алу құқын
иеленеді.
Инвестициялық жоба бойынша, инвесторлардың өздері, сол сияқты олар
уәкілеттік берген жеке және заңды тұлғалар тапсырушылар болып қатыса алады.
Жоба талаптарына сәйкес өндірістік қуаттарды қосу жөніндегі тікелей
жұмыстарды – ҚР АҚ сәйкес тапсырысшылармен жасалатын мемлекеттік контракты
немесе мердігерлік шарты бойынша жұмыстарды орындайтын мердігерлер – жеке
және заңды тұлғалар жүзеге асырады. Мердігерлер, заңнамаға сәйкес
лицензиялауға жататын қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиялары болуға
міндетті.
Инвесторлар сол сияқты кез келген жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде
шетелдіктер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, жергілікті өзін өзі басқару
органдары, аталған обьектілер солар үшін құрылатын шетел мемлекеттер,
халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар.
Олардың арасында жасалатын мемлекеттік контрактыда немесе шартта өзгеше
көрсетілмесе, инвестициялық қызмет субьектісіне заңмен екі жеке адамды көп
субьектілердің функцияларын қосып атқаруға рұқсат етілген.
Барлық инвесторлардың инвестициялық қызметтерді жүзеге асыруды, капитал
жұмсау бағыттары мен көлемдерін дербес атқаруды, капитал жұмсау
обьектілерін және жүзеге асырылған инвестициялар нәтижелерін пайдалануда,
оған билік етуде құқықтары теңдей.
Инвестициялардың мақсатқа сай келушілігі бойынша басқару шешімі,
негізінен, стратегиялық сипаттағы шешімдерге жатады.
Олар мұқият аналетикалық негіздеуді талап етуі. Біріншіден, кез келген
инвестиция ақша қаражаттарының ірі көлемін шоғырландыруды талап етеді.
Екіншіден, инвестициялар тез арада қайтарым бермейді, соның салдарынан
активтар де қозғалыссыз жатқан меншікті капиталды, біршама уақыттан кейін
пайда әкеле бастауы үшін қайта жұмылдырады. Сондықтан да кез келген
инвестиция, жаңа бизнес жасау кезеңінен қиындықсыз өтуі үшін, компанияның
белгілі бір қаржы қоры болуы тиіс. Үшіншіден көпшілік жағдайларда
инвестициялар заем капиталын қатыстыра отырып жасалады, сондықтан да қаржы
көздерінің құрылымын негіздеу, оларға қызмет көрсету құнын бағалау және
әлеуетті инвесторлар мен лидерлер тартуға мүмкіндік беретін дәлелдерін
тұжырымдау болжанады.
Қаржылық құралдың тез таралуы және оның қол жетімділігі арқасында
инвесторлардың барлық типтеріне қол жетімді барлық инвестициялық құралдар,
бағалы қағаздар болып саналмайтын олардың құрамы мен активтерін қоса
алғанда (мысалы, қозғалмайтын мүлік) қаржылық құралдар деп атала бастайды.
Қысқа мерзімді құралдар – бір жыл шегінде қаражат жинақтауға мүмкіндік
беретін құралдар. Банктердегі депозиттер, осындай аса маңызды және кең
таралған құралдар болып саналады. Қысқа мерзімді құралдар уақытша жұмсалмай
жатқан қаражаттарды орналастыруға ғана ыңғайлы емес, сонымен бірге
инвестордың бүкіл портфелінің тәуекелін азайтуға да қабілетті, өйткені ақша
қаражаттарына шұғыл қажеттілік туындаған уақытта оны алуға болады.
Кәдімгі акциялар – оның бір бөлігіне меншік құқығын беретін,
акционерлік капиталға қаржы салу құралы. Әрбір кәдімгі акция – ашық
акционерлік қоғам формасында жұмыс істейтін кәсіпорын капиталының бір
бөлігіне меншік титулы болып саналады.
Мысалы, ашық акционерлік қоғамдағы капитал 100000 акцияларға бөлінген,
кәдімгі акция 1100000 капиталға меншік құқығын береді.
Кәдімгі акцияларға кірістер: кәсіпорындар өз акцияларының иелеріне
төлейтін дивидендтердің тұрақты түсуі түрінде және сатып алу және сату
кезінде бағамдағы айырмашылықтан туындайтын бағамдық кіріс түрінде
таныстырылған.
Мысалы: Ашық акционерлік қоғамның бір кәдімгі акциясы 1000 теңгеге
сатып алдыңыз. Бірінші жылы сіз оған 150 теңге сомасында дивиденд алдыңыз,
ал жыл соңында сіз оны1100 теңгеге саттыңыз. Егер сатып алу, сту шығындарын
қоспағанда сіз дивидендтер формасында 150 теңге және бағамдық кіріс
формасында 100 теңге алдыңыз. Сату бағасы арасындағы айырмашылық-1100
теңгеге тең, сатып алу бағасы арасындағы айырма 1000 теңгеге тең. Кірістің
жалпы сомасы 250 теңгені құрайды. Инвестициялардың табыстылығы мынаны
құрайды:

(2501000)*100%=25%

Кірісі белгіленген бағалы қағаздар – тұрақты мөлшерлеме бойынша
мерзімді кіріс әкелетін қаржылық құралдар тобы. Осы бағалы қағаздардың
кейбірі бойынша кіріс мөлшерлемесіне кепілдік берген және сатып алу туралы
контрактыда қосымша жазылады, өзге бағалы қағаздар бойынша - кіріс алу
жазылады, бірақ та оған кепілдік берілмейді. Кірісі белгіленген бағалы
қағаздардың басты түрлері – бұл облигациялар және артықшылық берілген
акциялар.
Облигациялар – күні бұрын белгіленген мөлшарлеме бойынша пайыз түрінде
кіріс әкелетін ұзақ мерзімді бағалы қағаздар қосу (плюс) өтеу мерзімі
келген кездегі номинал құнының сомасы.

Облигациялар – бұл акционерлік қоғамдардың, мемлекеттің және
муниципалды биліктердің борыштық құжаттары. Қарапайым нұсқа бойынша
облигациялардың иелері күні бұрын ескертілген мөлшерлеме бойынша кіріс
алады, ол әдетте жарты жылда бір рет төленеді және қосылған облигацияның
номинал құны төленеді.
Мысалы, сіз жарты жылда бір рет жылдық 12%-ды төлеумен, номинал құны
10000 теңге облигация сатып алдыңыз, сіз әрбір алты ай сайын (10000
теңге*12 жыл * 12%100) 600 теңге алып отыратын боласыз, ал өтеген кезде
сіз облигациялардың номинал құны түрінде 10000 теңге алатын боласыз.
Инвестор, номиналдан ерекшеленетін баға – бағам бойынша өтеу мерзіміне
дейін облигацияны сатып алып және сата алады.
Артықшылық акциялар – кәдімгі акциялар бойынша дивиденттерге қарағанда,
ерте төленетін дивидендтер түрінде тұрақты кіріс әкелетін кәсіпорын
капиталының үлесіне меншік құқын беретін бағалы қағаздар. Артықшылық
берілген акцияларда белгіленген өтеу мерзімі жоқ. Әдетте, инвесторлар
оларды дивидендтер үшін сатып алады, бірақ та ол бойынша сондай-ақ бағамдық
кірістер алуға болады.
Еркін айналыстағы бағалы қағаздар – кірісі белгіленген бағалы
қағаздардың ерекше түрі (облигациялар немесе артықшылық берілген акциялар),
бұл бойынша инвесторға, осы бағалы қағаздарды шығарған эмитент-ұйымның
кәдімгі акцияларының белгілі бір санына айырбастауға рұқсат етіледі.
Қайтымды облигациялар мен қайтымды артықшылық берілген акциялар – бұл
инвесторлар үшін тартымды қаржылық құралдар, өйткені олар белгіленген
кірісті кәдімгі акцияларға тән бағамдық кірістер алудың әлеуетті
мүмкіндіктерімен үйлестіріледі.
Алып-сатарлық инвестициялық құралдар – тұтастай алғанда жоғары тәуекл
деңгейімен сипатталады. Әдетте олар өмірсүрмейтін немесе сенімсіз
жобалардың атын жамылып шығарылады, кәдімгі кірістер, тұрақсыз нарықтық
бағалар. Тәуеклдің жоғары болуымен байланысты осы құралдар бойынша
күтілетін табыстылық нормасы да жоғары болады.
Алып сатарлық құралдардың басты түрлері – опциондармен, тауар және
қаржы фьючерстерімен, сондай-ақ нақты заттай активтермен, мысалы, алтынмен,
күміспен таныстырылған.
Опциондар: құқықтар ордерлер-варанттар, пут және калл опциондар.
Бұл өзге бағалы қағаздарды белгілі бір мерзім ішінде арнайы қосымша
ескертілген баға бойынша сатып алу сатуға инвесторға құқық береді. Жиі
түрде опциондар, кәдімгі акциялардың бағамдық құнын төмендету немесе оның
өсуін есептей отырып сатып алынады. Өйткені кәдімгі акциялар бағамының
өзгеру үрдісі жеткілікті түрде айқындалған, опционды сатып алушыға қандай
да бір пайда алуға кепілдік бермейді және ол өзі салған бүкіл соманы
жоғалтуы мүмкін, өйткені опцион оның мерзімі аяқталатын болғандықтан пайда
әкеледі деп танылмайтын болады. Опциондар алып сатарлық мақсаттар үшін ғана
сатып алынбайды, сонымен бірге салынған қаржыларды жоғалтып алудан қорғау
үшін де жасалады.
Құқық - бұл қысқа мерзім ішінде, әдетте бір-екі ай ішінде нарықтық
құннан төмен бағам бойынша сол эмитенттен кәдімгі акциялардың жаңа
шоғырылымының белгілі бір үлесін сатып алуға арналған опцион.
Ордер немесе варрант - өзінің иесіне ордердің өзін сатып алу кезінде,
ұзақ мерзім ішінде-әдетте 2-ден 10 жылға дейін, типті одан да ұзақ уақыт
ішінде міндетті түрде нарықтық бағамнан жоғары белгілнетін бағам бойынша
кәдімгі акциялар сатып алу мүмкідігін береді.
Опцион пут белгіленген күн келгенге дейін күні бұрын белгіленген
бағам бойынша кәсіпорының 100 кәдімгі акцияларын сату құқын береді. Опцион
калл белгіленген күн келгенге дейін күн бұрын белгіленген бағам бойынша
100 акция сатып алуға құқық береді. Осы опциондардың басым көпшілігі бір
жылдан аспайтын мерзімге есептелген. Инвесторлар, оның бағаны төмен түседі
деп күтілген кезде, опцион пут сатып алуға, ал бағаның көтерілуі күтілгн
кезде – опцион калл сатып алуға артықшылық береді.
Тауар жеке қржылық фьючерстер – аталған контрактының сатушысы белгілі
бір активтерді белгіленген мерзімде белгіленген баға бойынша жеткізуге
өзіне міндеттеме алатын, ал контрактыдағы сатып алушы аталған шарт
жағдайларында осы активтерді сатып алуға міндеттенетін контрактылар. Тауар
және қаржылық фьючерстермен сауда жасау-бұл жоғары мамандандырылған және
үлкен тәуекелге барумен байланысты қызмет, өйткені осы мәмілелер бойынша
пайда алу мүмкіндігі, жалпы экономикелық коньюктуралар саласына қатысты,
бақылауы қиын көптеген факторлаға қатысты болады.
Нақты активтер – қозғалмайтын мүліктен өзге, қолмен қозғауға болатын
заттық мүлік, мысалы, алтын және өзге қымбат металдар, бриллиантттар,
коллекциялық заттар – маркалар, манеталар, өнер және антиквариянт заттары.
Қозғалмайтын мүлік, олардың иелері тұратын жеке үйлер, бос жатқан жер
учаскілер, сондай-ақ әртүрлі мүліктер, иелеріне кіріс әкелетін: қоймалар,
көп пәтерлі тұрғын үйлер, петерлер мен дүкендер, ақша салатын осындай
обьектілерді білдіреді. Соңғы жылдары барынша өзіндік ерекшелігі бар
инвестициялау обьектісі болып саналатын, қозғалмайтын мүлікке қаржы салу,
оған деген бағаның жалпы өсуінің арқасында күшті өсті, сондай-ақ
қозғалмайтын мүлікке қаржы салу, жалға беру ақысының өсуі түрінде табыс
әкеледі.

1.2. Инвестициялық жобалардың жіктелуі

Нақты активтерге инвестициялау, қысқа мерзімді преспективалар емес,
ұзақ мерзімді преспективалар тұрғысынан басшылық құрам оның
рентабелділігіне басымдық беретін, кез келген қарқынды дамушы коммерциялық
ұйымдар қызметінің неғұрлым маңызды аспектілерінің бірін білдіреді.
Жоғарыда айтқандай, компанияда әдетте бір – бірін толықтыратын, иерархиялық
реттелген мақсаттар әзірленеді. Компания неғұрлым үлкен болса, оның
қызыметі соғұрлым үлкен дәрежеде диверсификацияланған нысаналы
айқындамалардың құрылымы соғұрлым күрделі. Осы иерархияда негізінен, қызмет
ауқымын кеңейту жөніндегі нысаналы айқындамалар алдыңғы орындардың бірін
алады. Сөз, компанияның ресурстық әлеуетін, өндіріс көлемі мен өткізуді
сипаттайтын көрсеткіштерді өрістету (жоғарлату) туралы болып отыр.
Фирма қызметінің ауқымын кеңейту есептерінің әлеуметтік, сол сияқты
экономикалық табиғаты бар. Біріншіден, бұл процесс фирманың имиджіне
(беделіне) оң ықпал етеді, бұл тауарлар мен қызмет көрсету нарығында оның
позициясын нығайтуға және кеңейтуге оң ықпал етеді. Неғұрлым ірі
фирмалардың тәжірибелі басқару қызметкерлері құрамын тартуға деген
мүмкіндіктері де үлкен. Екіншіден, өндіріс көлемін ұлғайту, ауқымды
кеңейтуден қайтарымның да ұлғаюы деген атқа ие балған нәтижемен жиі түрде
байланыста болады.
Баламалы немесе өзара тәуелсіз бір қатар жобалар болған жағдайларда
шешімдер жиі қабылдануы тиіс, яғни қандай да бір формалданған өлшемдерге
негіздей отырып, бір немесе бірнеше жобаларға таңдау жасау қажет. Мұндай
өлшемдер бірнешеу болуы мүмкін. Өйткені қандай да бір жоба бүкіл өлшемдері
бойынша өзгелерден артық болады. Мұндай жағдайда бір өлшемге басымдық
беріп, олардың иерархиясын белгілеп немесе бағалаудың қосымша формаланбаған
әдістерін қолдануға тура келеді.
Нарықтық экономика жағдайында инвестициялау мүмкіндіктері барынша көп.
Сонымен бірге кез келген коммерциялық ұйымның инвестициялауға мүмкін
болатын уақытша жұмсалмай жатқан бос ақша ресурстарын шектелген саны
болады. Сондықтан да инвестициялық портфельді оңтайландыру міндеті әрқашан
да өзекті болып саналады.
Жоғарыда айтқандай , тәуекел факторы аса маңызды. Инвестициялық қызмет,
біріншіден, компанияның қаржы ресурстарын иммобилизациялаумен әрқашан да
байланысты, екіншіден, оның түрленуі әртүрлі дәрежеде болуы мүмкін,
белгісіздік жағдайларында жүзеге асырылады. Мысалы, негізгі құралдарды
сатып алу кезінде осы операциялардың экономикалық дәрежесін ешқашанда алдын
ала дәл тапшылауға (предсказать) болмайды. Сондықтан да шешімдер жиі түрде
интуитивті жағдайда қабылданады. Активтердің қандай да бір көлемін сатып
алуға қатысты қате болжам жасау; оның көлемін кемітуге қарай
инвестициялаудағы қателік қажетті кірісті алмауға әкеледі; артық
инвестициялау қуатты толық іске қосылуға әкеледі.
Копанияны басқару қызметкерлері құрамы тұрғысынан инвестициялық жобалар
әртүрлі негіздер бойынша жіктелуі мүмкін. Бірақта, сипаттамалардың
абсолютті болып саналмайтыны сөзсіз. Атап айтқанда талап етілетін
инвестицияларды көлемі бойынша бөлу жиі түрде компанияның мөлшеріне қатысты
болады.

Инвестициялық жобалардың жіктелуі.
Өзара тәуекелсіздік қатынастарын бөліп көрсету инвестициялық жобаларды
талдауда аса маңызды болып саналады. Егер олардың біреуін қабылдау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық әрекеттің объектілері
Инвестициялық жобаларды экономикалық бағалау әдістері
Қаржылық инвестицияның маңызы және жіктелуі
Инвестиция және инвестициялық тартымдылық. Инвестициялық жобалардың негізгі ерекшеліктері
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдікті төмендету жолдары
Тәуекел мәні, функциялары және жіктелуі
Инвестициялық жобалар және олардың жіктелуі
Мұнай- газ өндіру кәсіпорындарының инвестициялық қызметі
Ақша қаражаттары және олардың баламалары
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы
Пәндер