Етқоректілер эхинококкозын балау
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Паразитология, эпизоотология және ВСС кафедрасы
Паразитология және инвазиялық аурулар пәнінен Ірі қара эхинококкозы
тақырыбына
Курстық жұмыс
Орындаған:
ВМ-53 топ студенті
Сатыбалдиева Ж.М
Тексерген :
в.ғ.д профессор
Шалменов М.Ш.
Орал, 2012
Мазмұны
Бет
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Тақырыптың
өзектілігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .4
Зерттеудің
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 4
Зерттеудің
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 4
1. Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...5
1.1.Орналасуы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2.
Таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 8
1.3.
Қоздырғышы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...9
1.4. Өсіп -
өнуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .11
1.5. Эпизоотиялық
мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.11
Үнемдік
зияны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .12
1.6. Аурудың өрбуі мен сырт
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...13
1.7. Өлекседегі
өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .13
1.8.
Балау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...13
Салыстырмалы
балау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 13
1.9.
Сауықтыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .14
1.10. Сақтандыру
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...15
Өзіндік
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 15
2. Материалдар мен зерттеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.1. Мал мен адамды тірі кезінде зерттеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2. Сойып – жару
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 17
2.3. Шаруашылыққа
мінездеме ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
8
Өзіндік зерттеудің
нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
..22
3. Ит, мал және адам эхинококкозының БҚОда таралуы және
ветеринарлық – санитарлық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
3.1. Шалқар шаруашылықтарындағы иттердің ішек құрттарымен
залалдануы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..21
3.2. Шалқар шаруашылықтарындағы қойдың эхинококкозбен

... ... ... ... ... ... ..23
3.3. Батыс Қазақстан облысында адамдардың эхинококкозбен

3.4. Итті ішек құрттарынан (Echinococcus granulosus) және адамдарды
эхинококкоздан сақтандыру
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
3.5. Эхинококкозға шалдыққан иттерге антигельминттік дәрілерді
жегізгендегі үнемді
тиімділік ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...25
Ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 26
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..28
Кіріспе
Ауыл шаруашылығының дамуына етқоректілерден таралатын аурулар
айтарлықтай өз әсерін тигізіп отыр. Соның бірі – эхинококкоз.
Бұл ауру халық арасында бершімек деген атпен де белгілі. Әртүрлі
ішкі мүшелердің зақымдануымен сипатталатын гельминтоз ауру. Етқоректілердің
ішек жолдарының зақымдануымен сипатталады.
Эхинококкоз ауыл шаруашылығына көп зиян келтіреді. Сонымен қатар адам
өмірі үшін де қауіпті ауру. Негізінен етқоректі жануарлардың нәжісі арқылы
сыртқы ортаға таралатын ауру.
Эхинококкоз Қазақстан Республикасының барлық елді – мекендерінде
дерлік кездеседі. Бұның себебі ауылдық, аудандық, қалалық аймақтарда
малдәрігерлік – санитарлық шаралардың төмендегі, әрі дер кезінде иттердің
дұрыс дәрілемеудің салдарынан.
Жалпы бұл дертке шалдыққан етқоректілер титықтап арықтайды, асыл
тұқымды иттердің өнімі төмендейді, өлім – жітімге ұшырайды.
Осының салдарынан ауыл шаруашылығы, оның экономикалық дамуы
айтарлықтай зиян шегеді.
Эхинококктың таспасы ит, қасқыр, түлкі т.б. етқоректілердің ащы
ішегін мекендейді, ал көпіршіктері (бершімектері) адам, үй және жабайы
тұяқтылардың өкпесінде, бауырында, кейде басқа да мүшелерінде тіршілік
етеді.
Қоздырғышы – Echinococcus granulosus. Негізінен ит және етқоректілер
нәжісі арқылы эхинококктың жұмыртқалары жайылымға, шалшық суларға тарайды.
Мал олармен жем – шөп, су арқылы зақымданады. Эхинококкоз адамға иттен,
құрт жұмыртқалары жабысқан киім – кешек, ыдыс – аяқ, жеміс – жидек, көкөніс
және судан жұғады. Сонымен қатар залалданған қойды сойған кезде оның ішкі
мүшелерін итке беретініміз белгілі. Осының салдары эхинококкоздың өрбуінің
бір көрінісі.
Жалпы осы аталып отырған ауруымызды болдырмау үшін, ең алдымен
иттердің немесе қаңғыбас иттердің санын үнемі қысқартып отыруымыз қажет.
Сонымен қатар итке беретін дәрі – дәрмектерімізді уақытында беріп, бақылау
жүргізуіміз керек. Халық арасында үгіт – насихат жүргізуді қолға алуымыз
шарт. Яғни иесі бар иттерді есепке алып, арнайы журналға түрі, түсі, жасы,
иесінің аты - жөні жазылынып отырылуы тиіс. Тек осы жағдайлардың бәрі қолға
алынса ғана аурудың одан әрі өрбімеуіне қол жеткізе аламыз. Сонымен қатар
мал шаруашылығын одан әрі дамыту мүмкіндігіне ие бола аламыз. Жалпы аурудың
қоздырғышының көзін жойсақ адам, сүтқоректілер мен етқоректілер өмірі үшін
қауіпті аурудан арыла алатынымызға көз жеткізе аламыз.
Тақырыптың өзектілігі. Етқоректілер эхинококкозы – ауыл шаруашылық
малдарын сойғанда олардың эхинококк көпіршіктерімен зақымданған ішкі
ағзаларын иттерге (етқоректілерге) жегізгенде, ал жабайы мал – аңдардың
өлгендерінің эхинококк көпіршіктерімен залалданған ағзаларын жегенде пайда
болады.
Мал ағзаларының эхинококк көпіршіктерін жеген иттердің ащы ішегінде
Echinococcus granulosus өсіп - жетіліп қоршаған ортаға нәжісімен осы таспа
құрттың жұмыртқаларын таратады. Мал эхинококк жұмыртқаларымен залалданған
шөп, су арқылы, ал адамдар кір қолымен, жуылмаған жеміс – жидек, көкөніс,
бау – бақша өсімдіктерін жегенде ауруға шалдығады. Эхинококкозға шалдыққан
мал өнімінің санымен сапасы төмендеп, кейде өлімге душарлайды. Ал осы
ауруға щалдыққан адамдар бірден он алтыға дейін операцияға түседі. Осы
қысқаша келтірілген мағлұматымыз етқоректілер эхинококкозының әлеуметтік
және үнемдік проблема екендігін көрсетеді, сол себепті бұл бүгінгі таңда
аса өзекті мәселе.
Зерттеудің мақсаты. Етқоректілер эхинококкозының таралуын, балауын,
сауықтыру жіне сақтандыру жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
- Етқоректілер эхинококкозының таралу деңгейін анықтау;
- Етқоректілер эхинококкозын балау;
- Етқоректілерді эхинококкоздан сауықтыру шаралары;
- Етқоректілерді эхинококкоздан сақтандыру шаралары;
1. Әдебиетке шолу
Кереев Я. М. [1] мәліметтері бойынша Echinococcus granulosus – ұсақ
құрт 10 мм, сколекстерден, мойыны және 3 – 4 буылтықтардан тұрады. Балаң
құрт сатысы (эхинококк) қойдың басқа жұп тұяқты жануарлардың паренхиматозды
ағзаларында және ұлпаларында паразиттік тіршілік етеді, сонымен қатар
адамда. Эхинококк кішкене түйіршіктен өсіп баланың басындай көпіршіктерге
жетеді, мөлдір сұйықтыққа толып тұрады.
Ордабеков С. [2] деректеріне сүйенсек эхинококкоз (кейде халық
бершімек, бауырқұрт деп те атайды) адамдарға мал мен иттерден жұғатын
кең таралған паразиттік кесел.
Эхинококк иттердің, қасқырдың ішегінде тіршілік ететін паразиттік
құрттардың бірі. Олардың мыңдаған сансыз жұмыртқалары иттердің нәжісі
арқылы сыртқа шашылып, қоршаған ортаны ластайды. Олар өте майда, көзе
көрінбейтін болғаннан соң адамдар оған мән бермейді. Эхинококк жұмыртқалары
суға түсіп, шөпке жабысып, топыраққа араласып бірте – бірте көп аймақты
қамтиды. Сол аймаққа жайылған мал шөппен немесе сумен бірге эхинококк
жұмыртқаларын да жұтып, осы дертке шалдығады.
Шабдарбаева Г. С. [3] деректері бойынша даму сатысы – биогельминт,
екі иесі бар.
Ақтық иелері – ит, қасқыр, шибөрі, түлкі, т.б. етқоректілер.
Аралық иелері – қой, ешкі, ірі қара, түйе, шошқа, адам және т.б.
сүтқоректілер.
Қибасов М., Кереев Я. М. [4] мәліметтері бойынша эхинококозбен
ауырған иттің денесі, жүріп – тұрған орындары өте қауіпті деп саналады.
Эхинококозбен ауырған ит ауыратындығын білдіртпейді. Сиректеу болса да бұл
ауруды мысықтар таратады. Осы эхинококкоз ауруынан арылу үшін үй иттерін 6
ай бойы әр 45 тәулік сайын емдік әсері жоғары дәрілермен (дронцит, азинокс,
бикитун, пиквитон, гидробунид, феналидон, фенбенат т.с.с.) дәрілеп отыру
қажет. Содан кейін оларды малдәрігерлік – зертханалық тексеруден өткізіп,
эхинококктан таза екендігін анықтағаннан соң да жылына төрт рет дәрілеуді
ұдайы жүргізіп отырған дұрыс.
Кармалиев Р. С. [5] деректеріне сүйенсек эхинококкоз – жануардың және
адамның паразиттік ауруы, эхинококк таспа құрт балаң сатысын шақыртады, екі
аралық иеде дамиды.
Эхинококкоз медицинада жіне ветеринарияда үлкен орын алып отыр.
Эхинококкоз ауыл шаруашылық малдарына айтарлықтай зиян әкеледі. Негізінен
адамның денсаулығының бұзылумен зиянды.
Сабаншиев М., Сүлейменов Т. және т.б. [6] деректері бойынша ит және
т.б. етқоректілер нәжісі арқылы эхинококктың жұмыртқалары жайылымға, шалшық
суларға тарайды. Мал олармен жем – шөп, су арқылы зақымданады.
Акбаев М. Ш. [7] айтуы бойынша аралық иелері гельминт жұмыртқаларын
ауыз арқылы жеп залалданады, ал ақтық иелері аралық иелерінің ішкі
ағзаларын жеу арқылы зақымданады, яғни эхинококк көпіршіктерімен
залалданған ағзаларды жеу арқылы.
Ішке түскеннен кейін иттерде және басқа етқоректілердің ішектерінде
эхинококк 68 – 97 тәулікте жыныстық жетіледі, ал кәрі иттерде 105 тәулікте
көбейіп жетіледі.
Шалменов М. Ш. [8] зерттеуі бойынша ауыл мен қала иттерін тексерген
кезде эхинококкус гранулезус құрттары табылған, қала иттерінен 28 (8,5 %),
ауыл иттерінен 21 (21,6 %).
Тексеру қорытындысы бойынша ауруды әдетте ауыл иттері таратады. Бұның
себебі, ауылдық, селолық аймақтарда, әртүрлі шаруашылықтардағы қожалықтарда
малдәрігерлік – санитарлық шараларының төмендігі, әрі дер кезінде дұрыс
дәріленбеудің салдарынан болады.
Соңғы кездерде ларвальды цестодоздарға тиімді шаралар қолдану үшін
облыстық бюджеттен антигельмитиктер (дронцит, азинокс, азинокс+) алуға
қаржы бөлінді.
Эхинококкозға қарсы күрестің ең басты шараларының бірі – "қой – ит -
қой" циклін болдырмау, себебі басқа мал түліктерінің эхинококкоздың
таралуына бәлендей әсері жоқ. Осы себептерге байланысты Батыс Қазақстан
облысы аумақтық басқармасының бұйрығымен аудандарда міндетті түрде
эхинококкозбен зақымдалған қойдың ағзалары дер кеінде жойылып, өртенуге
тиісті деп шешім қабылданған.
Иесі бар иттер есепке алынып, журналға түрі, түсі, жасы, иесінің аты
– жөні жазылады. Иттің санын үнемі қысқартып отыру керек. Шаруашылықта
эхинококкоздан тез арада арылу үшін аллергиялық (иммунологиялық) реакция
әдістерін кеңінен қолдануға болады.
Ауыл иттерін піштіру олардың санын азайтуға және эхинококкозбен
күресуге кететін шығынды біршама төмендетуге, сөйтіп шалғайдағы мал
шаруашылығын осы ауру жөніндегі эпизоотиялық ахуалын жақсартады.
Абуладзе К. И. [9] мәліметі бойынша бершімектің өсіп - өнуіне қарай
эхинококк көпіршіктің үш түрі (типі) болады:
1. Echinococcus hominis – адамдар мен маймылдарда (приматтарда)
кездеседі. Олар классикалық беріш болып саналады. Ішінде
протосколекстер, капсулалар қыз және немере бершімектері бар.
2. Echinococcus veterinorum – ішінде тек қана капсулалар мен
протосколекстер бар. Ірі қара мен қойда кездеседі, адамда өте сирек
болады.
3. Echinococcus acephalocysticus – яғни бұл стерильді көпіршік болып
саналады, сколекстері, яғни бастары жоқ. Эхинококк бершімегінде
құрттың протосколекстері жоқ. Ондай жағдай жануардың иммунды
қорғаныш күштері жақсы дамыған кезде туады.
Кузнецов А. Ф. [10] деректері бойынша эхинококкоздан сақтандыру
үшін, кешенді іс – шаралар жүргізу қажет. Иттерді паспорттап, жоспарлы
диагностикалық зерттеулерден, дегельминтизациядан өткізіп отыру керек.
Котельников Г. А. [11] мәліметі бойынша құрттарды анықтауда
гельминтоларвоскопия және гельминтоовоскопия әдістері қолданылады.
Дьянков Л. Т. [12] деректеріне сүйенсек өлген кезде тек
паренхиматозды органның эхинококк көпіршіктерін қарау арқылы диагноз қояды.
Ал тірі кезінде Казони реакцияларын қолдануға болады.
Кадыров Н. Т. [13] мәліметі бойынша тірі кезінде диагнозды нәжісін
Фюллеборн әдісімен тексеру арқылы қояды, тениидтердің түріне жататын
жұмыртқаларын табу арқылы.
1.1. Орналасуы
Эхинококкоз кең тараған ауру екені белгілі. Бұл аурудың негізгі
таратушысы етқоректі жануарлар болып саналады. Негізінен етқоректілерде
эхинококк қоздырғыштары ішек жолдарында кездеседі, одан нәжіс арқылы сыртқы
ортаға таралады. Мал соңғы аралық иелердің нәжісімен бірге сыртқы ортаға
түскен эхинококктың жұмыртқасын сумен және азықпен қосып жұтып қою арқылы
личинка түріндегі құртпен зақымданады. Жұмыртқадағы ұрықтар ішектің
қабырғасына еніп, қан айналысымен бірге барлық органға тарайды да, одан
личинкалар пайда болады. Соңғы аралық иелері личинкасы бар органдарды жеп
зақымданады. Олардың ішектерінде одан көптеген жынысы өсіп жетілген
эхинококктар өсіп - өнеді.
1.2. Таралуы
Эхинококкоз қоздырғышы космополит, Қазақстанның
барлық аймақтарында кездеседі. Республиканың Оңтүстік аудандарында 30 – 100
%, ал Солтүстікте 50 % кездеседі. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында
да кездесетіні белгілі болды. Ауыл мен қала иттерін тексерген кезде
эхинококкус гранулезус құрттары табылған, қала итерінен 28 (8,5 %), ауыл
иттерінен 21 (21,6 %) құраған.
Аумақта эхинококкоздың тұрақсыз ошақтарына жататыны: Бөкейорда,
Жанғала, Жәнібек, Казталов аудандары. Мұнда 100 мың халыққа орташа
көрсеткіші 0,5 – 4,0 %. Иттер мен мысықтар көптеген паразиттерді таратады,
әсіресе гельминт жұмыртқалары адамдар мен жануарлар үшін қауіпті.
1.3. Етқоректілер эхинококкозының қоздырғышы
Эхинококкоз қоздырғышының жіктелуі
Топ үсті – надтип – Scolecida (төменділер, амерлық құрттар)
Топтама – тип – Plathelminthes – жалпақ құрттар
Тек тармағы – класс – Cestoda – таспа құрттар
Тобы – отряд – Cyclophyllidea – қармалауышы бар құрттар
Топасты – подотряд – Taeniata – Тенииата
Тұқымдасы – семейство – Taeniidae – Тениида
Туысы – род – Echinococcus - Эхинококкус
Түрі – вид - Echinococcus granulosus – Эхинококкус
гранулезус
Қоздырғышы - Echinococcus granulosus larva (E. unilocularis) – бір
камералы көпіршік, іші сұйықтыққа толы, көлемі бұршақтың дәнінен адамның
баласының басындай болады. Қос қабықты – дәнекер ұлпа қабаты мен
герминативтік қабаты бар. Ішінде сұйығы және көптеген протосколекстер мен
капсулалары бар. Капсулалардың ішінде де майда протосколекстер өте көп, ол
болашақ таспа құрттардың бастары.
Көпіршіктің ішінде екінші буын, одан үшінші буын көпіршіктер туындап
өсе береді. Оларды қыз және немере бершімектер деп атайды. Туындап өсіп
жататын бершімектер көпіршіктің ішіне де, кейде қабығын тесіп, сыртқа да
шығып өсуін жалғастыра береді. Сондықтан біз малдың өкпесінен, бауырынан
көптеген бершімектерді көреміз. Жүзге кейде мыңға тарта ірілі – ұсақты
бершімектер болады.
Бершімектің сыртында қалың капсуласы бар. Ол иесінің ұлпасынан
қалыптасқан. Бершімектің өсіп - өнуіне қарай эхинококк көпіршіктің үш түрі
(типі) болады:

кездеседі. Олар классикалық бершімек болып саналады. Ішінде
протосколекстер. Капсулалар қыз және немере бершімектері бар.
2. Echinococcus veterinorum – ішінде тек қана шығыс капсулалар мен

құрттың протосколекстері жоқ. Ондай жағдай жануардың иммунды қорғаныш
күштері жақсы дамыған кезде туады.
Қоздырғыштың морфологиясы
1. Ларвоцистасы, яғни балаң құрты Echinococcus granulosus larva – бұл
көпіршік көлемі бұршақтың дәнінен адамның баласының басындай болады.
2. Имаго – ересек сатысы, қысқа, ұсақ 5 – 6 мл дейін қарулы таспа құрты,
бунақ денесі 4 – 5 буылтықтардан құрылған, соңғы пісіп – жетілген
буылтық қалған денесінен ұзын болады, асып тұрады, ұзынша келеді,
ішінде жалғыз ғана қапшық секілді, іші жүздеген жұмыртқаға толы
жатыры орналасады. Жұмыртқада онкосферасы бар.
3. Жұмыртқа – майда, сопақтау, сыртқы қабатының көлденең сызықтары бар
ішінде ұрығы – онкосфера бар.
1.4. Өсіп - өнуі
Иттер және т.б. етқоректілер нәжісі арқылы эхинококктың жұмыртқалары
жайылымға, шалшық суларға тарайды. Мал олармен жем – шөп, су арқылы
зақымдалады. Эхинококкоз адамға иттен, құрт жұмыртқалары жабысқан киім –
кешек, ыдыс – аяқ, жеміс – жидек, көкөніс және судан жұғады. Денеге
түсісімен гельминт ұрығы жұмыртқаны жарып шығып, ішектің ішкі қабатына
еніп, одан әрі қан тамырлары арқылы денеге тарайды. Олар өкпе мен бауырға
және басқа ағзаларға жетіп, онда бірте – бірте эхинококк көпіршік –
бершімектер пайда болады. Бершімектер өте баяу, айлап жылдап өсіп –
жетіледі. Кейбір ларвоцисталардың есеюі көп жылдарға (адамда 10 – 30 жыл)
созылады. Ал бұралқы иттер т.б. жыртқыштар эхинококкоздан өлген малдың ішкі
мүшелерін жеп ауруға шалдығады. Эхинококктың жыныстық жетілуіне 1 – 3 айға
жуық мерзім керек. Иттің ішегінде бұл таспа құрттар 5 – 6,5 айдай өмір сүре
алады.
1.5. Эпизоотиялық мәліметтер
Эхинококкоз қоздырғышы космополит, Қазақстан Республикасының барлық
дерлік аймақтарында кездеседі. Эхинококкозды таратушы иттер және басқа да
етқоректілер. Бұлар сыртқы ораға күн сайын таспа құрттың мыңдаған
жұмыртқаларын шашады. Эхинококк жұмыртқасы суда 16 күн ұстап, 11 күн ауада
кептірген кезде олар тіршілікке бейімділігін сақтайды, 1 градус суықтықта 4
айға дейін сақтаған кезде де тірі қалған. Яғни, олар сыртқы орта жағдайында
өте төзімді. Қазақстанда эхинококкоздың таралуы келесідей схема түрінде
болып отыр: ит – қой – ит.
Эхинококкоздың кең таралуының басты себептері мынадай:
1. Иттердің жоспарлы түрде алдын – ала ғылыми негізде белгіленген
мерзімде дегельминтизацияланбауы
2. Өлген немесе етке сойылған қойдың және басқа да малдың эхинококк
цистасымен залалданған өкпе – бауырын иттерге бере салу, иттерге
жегізу.
3. Дегельминтизация жасаған дәріні бере салысымен иттерді босатып қоя
беру, ал, нұсқауы, тәртібі бойынша дәріленген иттерді екі күн бойы
байлауда ұстап, ішінен түскен нәжісті, құрттарды өртеп жіберу керек.
Осы айтылған жайттардың эпизоотиялық маңызы өте зор. Эхинококк таспа
құрттары көбінесе шопанның, малшы иттерінде көп кездеседі. Кейбір
шаруашылықтардағы иттердің 70 – 80 % - нан осы құрттарды табуға
болады. Бір иттің ішінде мыңдаған, он мыңдаған таспа құрттар
тоғышарлық тіршілік етеді. Көптеген ғылыми зерттеулерге қарағанда
эхинококкпен экстенсивті залалдануы деңгейі осындай:
- шопан иттерінің 3,7 – 81 % - ға дейін;
- ауыл иттерінің 0,4 – 65 % - ға дейін;
- қала иттерінің 2,7 – 45 % - ға дейін;
Үнемдік зияны
- негізінен асыл тұқымды иттер жүдеп, ауруға шалдығады;
- егер ұрғашы иттер ауру болса, олардың күшіктеу деңгейі
кешеуілдейді. Сонымен қатар олардың басқа ауруларға қарсы күресетін
иммунды қорғаныш күштері де нашарлайды;
- иттердің ішінен, әсіресе, кәрі иттер арасынан өлім – шығын болады;
- күшіктерде, яғни жас иттерде кездессе, онда оларың өсуі нашарлайды;
- негізінен эхинококкоздың таралуы ауыл шаруашылығы үшін үлкен зиян
тигізеді;
1.6. Аурудың өрбуі мен сырт белгілері
Эхинококктар ішекте терең орналасады, кілегей қабықтарында болады
және қоршап тұрған ұлпаларға өзіндік зиянын тигізеді, атрофиялық өзгерістер
пайда болады. Жоғары дәрежеде өткен жағдайда, асқорыту жолының секреттік –
моторлық қызметі тез бұзылады. Нәтижесінде азыққа тәбеті төмендейді, іш
қату мен іш өту белгілері байқалады және арықтайды. Сирек анустың аймағында
зуд пайда болады. Аңшылық бағыттағы иттер тез шаршайды. Ауру жануарларда
гемоглобиннің құрамы төмендейді, лейкоцитоз бен эозинофилия пайда болады.
1.7. Өлекседегі өзгерістер
Иттерді жарып – сойып қараған кезде ішектерінде өзгерістерді
байқаймыз. Ішек атрофияға ұшырайды. Толық зерттелмеген.
1.8. Балау
Тірі кезінде диагнозды нәжісін Фюллеборн әдісімен тексеру арқылы
қояды, тениидтердің түріне жататын құрт жұмыртқаларын табу арқылы. Сонымен
бірге клиникалық белгілеріне және тері ішіндегі аллергиялық реакцияның
нәтижесіне қарай қойылады.
Салыстырмалы балау
Салыстырмалы балау үшін гельминтоскопия жүргізеді және де балаң
құрттардың құрылысына қарап қандай таспа құрттарға жататынын анықтайды.
Өлгеннен кейінгі диагнозды ащы ішекті тексеру арқылы табады. Ішектегі
заттарды шайып, қалғанын бинокулярлы луппамен немесе микроскоппен үлкейту
арқылы тексереді. Ішектің кілегейлі қабығында луппамен тексеру арқылы
зерттейді.
1.9. Сауықтыру
Эхинококкозға қарсы антигельминтиктердің бәрі бірдей жарамайды,
олардың ішінде тек етқоректілердің таспа құрттарына қарсы түрі қолданылады.
Празиквантел (дронцит) және азинокс тамақпен бірге ашықтыруға қоймай-
ақ 5 мгкг мөлшерде ауыз арқылы береді.
Азинпрол (10 % - ті азинокстың силиконды суспензиясы) тері астына 20
мгкг мөлшерінде тағайындайды немесе 0,2 мгкг мөлшерінде бір мезгілде
ендіреді. Оны асептика шараларын сақтап, белгіленген аймаққа ендіреді, 10 %
- ті силиконды имплантант депосы пайда болады, 6 ай бойына азинокс
бөлініп тұрады.
Цестекс (епсипрантел) 100 мг ДВ таблетка түрінде шығарады. Иттерге
мөлшері 2,5 мгкг, мысықтарға – 1,25 мгкг азықпен бір рет беріледі.
Лопатол 200 мгкг мөлшерде азықпен бір рет тағайындайды.
Бромқостотықты ареколин 4,0 мгкг мөлшерде сүтпен, ұсақ етпен 12 – 14 сағат
ашықтандырудан соң береді.
Ішектегі заттарды шығару үшін тері астына 0,04 % - ті карбохолин
ерітіндісі (0,04 г карбохолин 100 мл суға) қолданылады. Иттерге 5 – 10 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz