Латын әліпбиін оралу идеясының маңыздылығы мен ұтымды тұстары
Мазмұны
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.1 Латын әліпбиінің пайда болу
және даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.2 Қазақ графикасының тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..7
2.3 Латын әліпбиіне оралудың ұтымды тұстары ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.4 Зерттеу бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
IV.Пайдаланылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 30
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.Зерттеу жұмысында латын әліпбиін оралу идеясының маңыздылығы мен ұтымды тұстары жан-жақты қарастырылған.Латын әліпбиінің пайда болу және даму тарихына талдау жасап,әр түрлі тәжірбиелер жасау арқылы Президентіміздің латын әліпбиіне оралу идеясының маңыздылығы баяндалады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әліпби ауыстыру ұлтымыздың тарихындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады.Мемлекет басшысы 2012 ж. Қазақстан-2050 стратегиясында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісеміз деп мәлімдеген болатын. Биылғы сәуірдегі Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру атты бағдарламалық мақаласында Елбасы Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауы тиіс деп нақты тапсырма берді.Кеңес өкіметі билігі тұсында әліпбиіміз бірнеше рет ауыстырылды.1923-1940 ж. Латын әліпбиі қолданысқа енгізілсе,1940 ж. Кириллицаға көшіріледі. Кеңес билігі халқымызды мәңгүрттендіру,тарихи жадынан айыру үшін әдейі осындай саясат ұстанды.Оның үстіне әлем шапшаң даму үстінде.Заман талабына ілесу үшін біз де барлық жағынан өзгеруіміз керек.Соның бірі-латын әліпбиіне оралу мәселесі. Әлемде 5 миллиардтан астам халық латын әліпбиін қолданады. Жаһандағы ғылыми еңбектердің,технологияладағы жетістіктердің 90 пайызы латын әріптерімен жазылған. Зерттеу жұмысын жүргізе отрып,ғылыми жағына баса назар аудара отырып,өндірістегі тиімділігін көрсету-жұмыстың өзектілігі.
Тақырыпты зерттеу деңгейі.Саясаткерлер,журналисттер,п едогогтар мен филолог мамандар арасында жалпы латын әліпбиіне оралу мәселесі белгісіз, зерттелмеген тақырыптардың қатарынан емес.Ғаламтор желісінде,газет-журналдарда көптеген құнды мақалалар бар.Бұл-2012 жылдан бері талқыланып келе жатқан мәселе.Мен өзімнің ғылыми жобам арқылы осы тарихи маңызды үдеріске өзімнің кіші болса да үлесімді қосып; мемлекетіме,еліме,ұлтыма пайдамды тигізгім келеді.
Курсттық жұмыстың мақсаты.Латын әліпбиінің даму тарихына тоқтала отырып,бүгінгі таңдағы латын әліпбиіне оралу барысындағы ұтымды тұстарының мақсатын айқындау.
Зерттеу нысаны-латын әліпбиі.
Зерттеудің әдіснамалық негізі.Ғылыми жобаны орындау барысында зерттеуші тарапынан латын әліпбиін толыққанды және объективті түрде зерттеу үшін жалпы әдіснамалық принциптер қолданылады. Нақты айтқанда, бақылау,анология,тәжірбие жасау,синтездеу,классификациялау әдістері пайдаланылды.
Ғылыми жобаның құрылымы.Ғылыми жоба кіріспеден,екі тараудан,зерттеу бөлімінен,қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
2.1 Латын әліпбиінің пайда болу және даму тарихы
Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады б.з.б. 7 ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. 1 ғасырында қалыптасты. Жазу оңнан солға немесе солдан оңға қарай (брустрофедон бойынша) жазылып, бағыты әрдайым алмасып отырған. Б.з.б. 4 ғасырдан бастап жазу тек солдан оңға қарай жазылды, алғаш 20 әріп болды. Әліпбиге б.з.б. 230-жылдары G, Y және Z әріптері енген, соңғы екеуі грек тілінен кірген сөздер үшін алынған, ал J, U, W әріптерінің қолданылуы қайта өркендеу дәуіріне жатады. Орта ғасырда Латын әліпбиі Еуропаға тарады, Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Латын сөздерін оқуға негізделген әріп таңбалары қалыптасты. Қазіргі латын әліпбиінде 26 әріп бар. Дауысты дыбыстар созылыңқы және қысқа айтылады, осыған байланысты сөздердің мағынасы өзгереді: līber-тәуелсіз, liber-кітап. Латын әліпбиінде алты монофтонг (жалаң дауысты)-а, е, і, о, u, у, сондай-ақ екі дифтонг (қос дауысты) -аu, еu бар. Үш диграф (қос таңбалы) - ae, oe, ue бар. Дауысты дыбыстардың санына, орналасу тәртібіне байланысты сөзге екпін түседі, буындар да осы негізде жабық (дауыссызға бітсе) және ашық (дауыстыға немесе дифтонгқа аяқталса) болып бөлінеді.[1]
Қазақ тілі үшін әр аймақтарда келесі жүйелер пайдаланылған:
Қазақстан Республикасында-кирил жазуынегізінде, ресми түрде Қазақстан бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында. Тағы да көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін бірыңғай мекендеген қазақ жұрты пайдаланады, сонымен бірге басқа ыдыраған КСРО республикаларында да пайдаланылады.
Қытайда-араб жазуы негізінде, ресми түрде Шыңжаң Ұйғыр аутономиялық ауданындағы Іле Қазақ автономиялық облысында. Тағы да Ауғанстан, Иран және Пәкістан елдеріндегі қазақ диаспорасы да пайдаланады.
Түрік Республикасында-қазақ диаспорасы ресми емес түрде латын жазуы негізіндегі түрік әліпбиін пайдаланады. Сонымен бірге Түркия, Германия, АҚШ т.б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы әртүрлі қалыпты емес латын жазуын пайдаланады.
Латындық Жаңәліп.КСРО ОАК жанындағы Жаңа әліпби бойынша комитет тарапынан латын тіліне негізделген Ортақ түркі әліпбиі ұсынылды. Қазақ тілінің талаптарына сай кейбір өзгерістер енгізілген бұл әліпби ресми түрде 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып келді, сосын кирил әліпбиімен алмастырылды.
Пинйін латыны.1950-шы жылдары Қытайда орын алған мәдени төңкеріс кезінде аз санды ұлттардың, соның ішінде қазақтардың жазуын қытай иероглифтік жазуына өткізуге талпыныстар жасалды. Бұл әрекеттер сәтсіз аяқталған соң арнайы бұйрықпен Шыңжаң Ұйғыр аутономиялық ауданының үш облысын мекендейтін қазақтарға арнап пинйін негізіндегі жазу енгізілді. Ал пинйін жазуы 1950-ші жылдары Қытайдың Орталық үкіметінің қаулысы бойынша қалыптастырылған болатын. 1980-ші жылдардың соңында төте жазу қайта қабылданды.
Салыстыру
Кирилл
Араб
Латын
Барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен кұқықтары тең болып дүниеге келеді. Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан берілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс.
بارلىق ادامدار تۋمىسىنان ازات جانە قادىر-قاسيەتى مەن كۇقىقتارى تەڭ بولىپ دۇنيەگە كەلەدى. ادامدارعا اقىل-پاراسات، ار-وجدان بەرىلگەن، سوندىقتان ولار ءبىر-بىرىمەن تۋىستىق، باۋىرمالدىق قارىم-قاتىناس جاساۋلارى ءتيىس.
Barlıq adamdar twmısınan azat jäne qadir-qasïeti men kuqıqtarı teñ bolıp dünïege keledi. Adamdarğa aqıl-parasat, ar-ojdan berilgen, sondıqtan olar bir-birimen twıstıq, bawırmaldıq qarım-qatınas jasawları tïis.
Шоқындырушылардың жазуы.Алғашқы қазақ кирил әліпбиін 19-шы ғасырда Ыбырай Алтынсарин жасап шығарған. Кирил әліпбиінің негізінде православ миссионерлері діни әдебиет және орыс-түзем мектептеріне арнап қазақ миссионер әліпбиі жасалды. Онда түрлі қосарланып жазылатын және диакритикалық таңбалар қолданылды. Миссионерлік әліпби 1917 жылға дейін шектеулі дәрежеде қолданылып келді.[2]
2.2 Қазақ графикасының тарихы
Қазақ тілі жазуының түптамыры V ғ. б.з.б. пайда болған көне түркі жазулары екендігі белгілі. Ол VII ғ. бастап Ислам дінімен бірге енген араб əліпбиін қолданды. Ал 1912 жылы Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің дыбыстық жүйесін айқындап, құрамында 28 əрпі бар араб графикасы негізінде жаңа əліпби жасап , төте жазу ережесін анықтады. Кейін қазақ жазуы 1929 жылы 29 əріп бар латын графикасы негізіндегі əліпбиге, ал 1940 жылы орыс тілінің дыбыстары үшін қосымша 13 əрпі бар 42 əріптік кирилл графикасы негізіндегі əліпбиге ауыстырылды. [3,51б]
А.Байтұрсынұлы 1910 жылдан бастап араб жазуын қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне ыңғайлап,графиканы жетелдірді. [4]Ол қазақ зиялыларының арасында қызу қолдау тауып,ерекше ілтипатпен қабылданды.
А.Байтұрсынұлы реформалаған қазақ әліпбиінің ережелері мен принциптері алғаш рет 1924 жылғы 12-18 маусымында Орынборда өткен қазақ, қырғыз білімпаздарының тұңғыш съезінде қабылданды.[5]
1926 жылы Баку қаласында Бүкілодақтық I түркологиялық съезд шақырылды. Бұл съезден бұрын Орта Азиядағы түркі елдері əңгімені бір жерден қорытып алу мақсатымен Самарқанда жиылды. Жиылысты ұйымдастырушы өзбек өкіметі болды. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстаннан өкілдер қатысты.
Жиылыста:
1)жаңа əліпби латын негізінде алынсын;
2)жаңа əліпби үндестік заңына бағындырылып алынсын;
3)бір дыбысқабір əріп алынсын;
4)əріпке жаңадан үтір,ноқат т.б. белгілер қойылмасын;
5)түрік елдеріне бірдей айтылатын дыбыстардың таңбалары да бірдей болсын;
6)бас əріп алынбасын,-деген қаулылар қабылданды.[6,18б]
Бакуде өткен түркітанушылардың съезінен кейін қазақ жазуын латын графикасына көшіру шаралары белсенді түрде жүзеге аса бастайды. 1926 жылы Қазақстанда Жаңа əліпбишілер қоғамы құрылады.Оның құрамында Ж.Чомбалов,Ə.Сейдалин,Т.Рысқұлов,Т. Шонанов,А.Байсейітов, Ə.Байділдəұлы,Е.Мұқанов,Б.Майлин, А.Сегізбаев,Е.Алдоңғаров т.б болды.[7]
1928 жылы Жоғарғы Орталық Комитеттің ұйымдастыруы бойынша Баку қаласында бүкіл түркітілдес халықтардың əліпби жобалары сарапталды. Отырысқа келген əр елдің өкілі өз елінде болып жатқан саяси-мəдени шара жөнінде баяндай отырып, латын графикасына негізделген əліпби жобаларымен таныстырады. Ал Қазақстаннан барған Ораз Жандосов28 əріптен тұратынжобаныұсынды.(Жоба Ə.Байділдəұлы,Т.Шонанұлы, І.Қайменұлы, І.Жансүгіров, Ж.Тоқжігітұлдарының қатысуымен
жасалған)
Латын
Кирилл
Латын
Кирилл
Аа
а
Nn
н
Bb
б
Ŋŋ
ң
Сс
ш
Оо
о
Çç
ж
Өө
ө
Dd
д
Jj
й
Ее
е
Рр
п
Gg
г
Rr
р
Ƣƣ
ғ
Ss
с
Hh
х
Tt
т
Ii
i
Uu
ұ
Kk
к
Uu
у
Qq
қ
Yy
и
Ll
л
Zz
з
Mm
м
ь
ы
Әліпби жүйелерін салыстыра,қағидаттарын белгілей отырып,қазақ тілінің төл дыбыстарын бейнелейтін 29 таңба алынды.Осыдан кейін ресми түрде барлық мерзімді басылым беттерінде қазақтың жаңа әліпби жүйесі жарияланды. Қабылданған әліпби тілдің дыбыстық жүйесінен ауытқымайды,ережесі де,әліпбиі де ұлттық дыбыстардың негізінде жасалды. Аталған кезеңде ауызша тілдің қызметі басымырақ болып,сөздердің дыбыстық жағынан өзгерген түрлері молынан қолданылды.Тілдік материалдан байқағанымыз-1938 жылға дейін кірме сөздер қазақ тілінің заңдылықтарына толықтай бағындырылды.1929-1938 жылдар аралығында кірме сөдердің дыбыстық құрамы мен тұлғасы өзгеріп,сындырып("қазақшалап") жазу үрдісіне бағынды. 1938 жылдың орта тұсында шет тіліне енген сөздерді дұрыс таңбалау үшін,жазуды оңтайлы ету үшін,"түпнұсқалыққа жақындық принципі таңдалып,үш(в,ф,х) әріптің таңбасы алынып,әріптің саны жағынан артқаны белгілі(32 әріп). Сонымен в,ф,х таңбаларының қабылдануының басты себебі қазақ тіліндегі діни,кітаби лексиканы және орыс тілінен енген сөздерді дұрыс жазуға бағыттау болатын[ 6, 14-16 бб ]
2.3 Латын әліпбиіне оралудың ұтымды тұстары
Елбасымыз Қазақстан халықтары Ассамблеясының 2006 жылғы 24 қазанында өткен ХІІ сессиясындағы сөзінде Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік,- дей келіп, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек, - деген болатын. Одан кейін 2012 жылғы Қазақстан - 2050 стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында: Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл - ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруге, ең бастысы - қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады, - деп тағы да атап көрсеткен еді. Ал осы жылғы сәуір айында жарияланған Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек,- деп, нақты тапсырма берген болатын. Латын әліпбиі туралы алғаш сөз қозғалғаннан бері ғылыми ортада латын әліпбиінің мүмкіндіктері мен оны қазақ әліпбиіне көшіру мәселесі жөнінде түрлі дәрежедегі талқылаулар болып, көптеген ғылыми зерттеу мақалалар да, түрлі авторлардың құрастырған әліпбилері де жарияланды.
Қазақ тілі - мемлекеттік тіліміз болып табылады. Осы тұрғыда қарағанда, жазуымызды латын әріптеріне көшірудің мемлекеттік тілдің дамуы мен қолданыс аясын кеңейтуге де қосар үлесі зор деп білеміз. Қазіргі таңда мемлекеттік тіліміз керегесін кеңге жайып, егеменді елімізбен қатар дамып, мемлекеттік тілге деген сұраныс та артып келеді. Сондықтан Қазақстан сияқты бүкіл әлемге танылған елдің мемлекеттік тілінің жазуы да заман талабына сай келуін күнделікті өмірдің өзі талап етіп отыр. Қазір шетелдермен әр түрлі саладағы байланыстардың күшеюіне байланысты осы шараларды рәсімдеу құжаттарын жазуда латын әріптерінің қажеттілігі анық байқалады. Сондай-ақ Елбасының мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы сарабдал саясаты, оның шетелге барған сапарында БҰҰ мәжілісінде қазақ тілінде сөйлеуі қазір мемлекеттік қызметтегі адамдарға ерекше ықпал етті деп айта аламыз. Қазір шетелден келушілер саны көбейіп, Қазақстанға әлемнің назары ауып отырған тұста еліміздегі өзге ұлттармен қатар, шетел азаматтарының да мемлекеттік тілді үйренуге деген ынтасы артып отыр. Мысалы, кешегі Қытай жерінде өткен ән додасында жерлесіміз Димаш Құдайбергеновтың қазақ тілінде ән айтып, елді аузына қаратуы, әншінің шетедік жанкүйерлерінің қазақша ән айтуға, қазақ тілін үйренуге деген ықыласын оятқаны баршаға аян. Қазіргі Қазақстанның дамып, әлем көз тіккен талай маңызды шаралардың ұйтқысы болуы, оның мемлекеттік тілі мен жазуының да осы биіктен көрінуіне түрткі болып отыр. Осындай көптеген жағдайлар, күнделікті өмірдің өзі, жаңа технологиялар заманы қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің қажеттілігін алға тартты.
Сонымен бірге қазақ жазуының латын әріптеріне көшірілуі ел болашағы - жас ұрпақтың оқу-білім және ғылым жолындағы ізденістеріне де жол ашады. Қазіргі заман - жазу заманы, ғылым мен техника, оқу-білім, ақпарат, жаңа технологиялар заманы. Адам жазу арқылы білім алады, жазу арқылы бір-бірімен байланыс жасап, жүрген-тұрғанын, жасаған жұмыстарын да жазып отырады, яғни хаттама, түрлі қатынас іс қағаздары, компьютер, интернет, агент т.б. арқылы хабарласулар - бәрі де жазу арқылы жүзеге асады. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатаны байқалады. Барлық дәрі-дәрмек атаулары, математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер т.б. латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады. Осы жаңа заманда өмір сүріп, білім алу, еңбек ету, белгілі бір мамандықты игеру, т.б. адамның белсенді іс-әрекеттері мемлекеттік тіл мен ағылшын тілінен, оның жазуынан айналып өте алмайды. Сондықтан латын әріптері өркениеттің жазуы ретінде өмірдің өзі талап етіп отырған басты қажеттіліктердің бірі деп білеміз. Латын әріптерімен жазу арқылы басқа тілді де меңгеру, оны жазу да бір-біріне жақындап, бір әріптен екінші әріпке ауысып отыру қиындығын жеңілдетіп, тілдің қолданысына да оң әсер етеді. Осындай жағдайда білім алып, мамандығын шыңдап жатқан жастарға әлемнің қай жерінде жүрсе де кедергі келтірмей, жұмысын жеңілдете түсуге ықпал етеді. Ендеше латын әліпбиінің болашағы да зор.
Кейбір адамдар халықтың жаңа әріптерді меңгеруі, әсіресе, қарттардың оқып-жазуға бейімделуі қиын болатынын алға тартып жатады. Қандай іс қылсаң да, ол оңай бола қоймайды, оның қиындығы да қоса еріп жүреді. Сондықтан Шегірткеден қорққан егін екпейді дегендей, қиындықтан қорықпау керек. Тілдің болашағы - елдің болашағы. Жазуымызды латын әліпбиіне көшіру бір күннің ісі емес, ол осы жазуымызбен қатар жүріп, елдің көзі үйреніп, көңілі орнына түсіп, жаңа әліпбиді әбден меңгеріп кетуіне мүмкіндік жасайды. Қазірдің өзінде жастар ұялы байланыс кезінде бір-біріне осы латын әріптерімен хабарлама жібереді. Айналадағы түрлі мекемелер, банктер, машина маркалары, көше жарнамалары, т.б. латын әріптерімен жазылған сөздерді барлығымыз да жатсынбай оқып, түсініп жүрміз. Ал жастарымыздың барлығы да мектептегі ағылшын сабағынан латын әріптерін жақсы меңгергенін білеміз. Әр істің өз қиындығы бар дегендей, орыс мектептерінде оқитындар бұрынғы жазумен жүретін болса да, көштен қалмай,олар да осы елдің азаматтары ретінде латын әріптерін меңгеруге ұмтылады. Ал кейбір пікір айтушылардың латынға көшкен кезде орысша оқығандар латын әріптерін меңгермей қалады, қазақша оқығандар орыс тілінен алыс қалады деген сөздері ешбір қисынға келмейді. Қазір біздің жастарымыз ағылшын тілін аз уақытта қалай меңгеріп алса, орыс тілін де солай тез меңгереді. Себебі қазіргі өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі өте жақсы, елімізде қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқуға ерекше қамқорлық жасалып отырғаны да баршаға аян.
Кез-келген әліпбидің міндеті графикалық (әріптің дыбысты таңбалау, көру, оқу, жазуға оңтайлы болуы), лингвистикалық (тілді дәл жеткізуі), техникалық (баспа ісі, компьютер, телефакс, интернет т.б.) талаптарға сай болуы керек. Қазіргі таңда латын әліпбиі осы талаптар биігінен көрініп, үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да мүмкіндігі де зор екендігін танытып отыр. Қазіргі әліпбиімізге байланысты жазуымызда орын алған қиындықтарды түзетіп, тіліміздің табиғи айтылымына қайшы келетін кемшіліктерімізден арылатын кез келді. Әр сөзді бабалар салған жолмен ұлттық үндесіміне қарай айтуымыз үшін жарыса қапталдап кедіргі келтіріп келген ескі әліпбиімізді латын әліпбиіне ештеңеден қорықпай алмастыра салуға мүмкіндік туды. Латын әліпбиін кезінде профессор Қ.Жұбанов та қолдап, осы әліпбиді қазақ тіліне бейімдеу бағытында белсене жұмыс жасаған еді. Қазір әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған елдері латын әліпбиін қолданады, латын әріптері - өркениет жазуы, өмір талабы, сондықтан оның бұл артықшылығын ескеріп, біз де өз мақсатымызға сай латын жазуының игілігін көруіміз қажет.
Біздің қазіргі кирилл әліпбиіндегі қазақ тіліміз - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Сонымен қатар қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, қырым, құмық, татар тілдеріне жақын. Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен.
Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тілі деген. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Түркияның ғалымы Әбдіуақап Қара өзінің Латын әліпби қазақ тілін еркіндікке шығарады атты мақаласында Түркия халқы латынға 1928 жылы өткенімен онда бар-жоғы 29 әріп бар. Олардан бірқатар дауыстылар ескерілмегенін бүгінгі ғалымдар айтып отыр. Негізі түркі тілдерін 34 таңбамен белгілеуге болады. Бүгін түрік латын әліпбиінде 5 әріп кем болып отырғанын айтады. Тіл ғалымдары, солардың ішінде ең ұтымды алфавиттің Қазақстан қолданған кирилл әліпбиі екенін айтуда. Мәселен, түрік ғалымы Хатиже Ширин Ұсер қазақ-кирилл әліпбиі өзге түркі-кирилл алфавитіне қарағанда, таңбаның графикалық және фонетикалық тұрғыдан бір-бірімен байланысты болуы және бір дыбысқа бірден көп таңба берудің болмауына байланысты мұқият дайындалғанын айтады. Бұл тұрғыда қазақ-кирилл әліпбиін дайындаған тіл ғалымы С.А. Аманжоловтың рөлінің зор екендігін атап өтеді.
Бүгінгі күнге дейін Тіл саласының білікті мамандары латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің жобаларын жасауда қызу талқылауда ойларын да айтып бөлісті. Айта кетсек, солардың бірі - филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбектің пікірі: Латын әліпбиіне көшудің қиыншылығы қазіргі біздің қолданып жүрген әліпбиіміз қазақтың төл әліпбиі емес, орыс тілімен араласып кеткені, бізге өзге тілден енген дыбыстар араласып кетсе онда кедергілер туындайтынын, латын әліпбиіне төл дыбыстарымызды баптап, соның аясында көшуін және қазақ жазуына тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа керек екенін, ол реформа үш мәселені дыбыс, әліпби және емле ережені бірдей қамтиды - деп айтты.
Әрине, ұлт үшін маңызды өзекті мәселелердің оңды шешілуіне қосып отырған кәсіби білікті мамандардың пікірлері ескеріліп, латын қарпіндегі қазақ әліпбиін жасалу жолдарына қатысты өрбісе және басқа жоғарыда аталған елдердің тәжірибесіне қарап салыстыра отырып жасалса құба-құп болар еді.
Қазіргі уақытта ұялы телефондарда жарнамалар, хабарламалар латын әліпбиімен жазылуда. Сонымен қатар, интернет желісінде де латын әліпбиіне аударатын транскрипция орнатылған, бірақ орыс графикасында ғана жасалған, болашақта қазақ графикасында жасалады деген ойдамыз. Латын әліпбиіне көшуде осындай бастапқы жұмыстар атқарылып отыр.
Латын әліпбиіне көшу - ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz