Жетыбай кен орны


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Бисенғалиева Ж. Н.

ЖЕТЫБАЙ КЕН ОРНЫ ЖАҒДАЙЫН ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ АНТРОПОГЕНДІК ЖЕР БЕДЕРІНІҢ КАРТАСЫН ҚҰРАСТЫРУ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

мамандық 5В071100 - «Геодезия және картография»

Алматы 2015

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым минстрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра Х. М.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «ЖЕТЫБАЙ КЕН ОРНЫ ЖАҒДАЙЫН ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ АНТРОПОГЕНДІК ЖЕР БЕДЕРІНІҢ КАРТАСЫН ҚҰРАСТЫРУ»

5В071100 - «Геодезия және картография» мамандығы бойынша

Орындаған

Ғылыми жетекші

г. ғ. к., доцент

Норма бақылаушы

Алматы, 2015

Түйіндеме

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Жетыбай кен орны жағдайын геоэкологиялық бағалау және антропогендік жер бедерінің картасын құрастыру».

Жұмыстың құрылымы: 57 бет, 3 тарау, 3 кесте, 23 иллюстрация, 26 пайдаланылған әдебиет көздері, 6 қосымша.

Кілт сөздер: картографиялау . экология, антропоген көздері, геология, ара қашықтықтан зерделеу, ГАЖ технологиялары.

Жұмыстың мақсаты: ГАЖ технологияларының көмегімен Жетыбай кен орны жағдайын геоэкологиялық бағалау және антропогендік жер бедерінің картасын құрастыру болып табылады.

Қойылған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттер орындалды:

  1. Жетыбай маңының қазіргі физикалық-географиялық жағдайын анықтау;
  2. карталарды құрастыру әдістерін анықтау;
  3. ArcGIS 9. 3 және ENVI 4. 7 бағдарламаларының жасақтамасының

көмегімен Жетыбай маңының ғарыштық сурет негізінде, физикалық, антропогендік көздер және экологиялық жағдайының карталарын құрастыру;

Жұмысты өңдеу барысында топографиялық карталар, ғарыштық суреттер, әдебиет көздері, диссертациялар, интернет ресурстары мен заманауи геоақпараттық картографиялау әдістері қолданылды.

Реферат

Дипломная работа на тему: «Геоэкологическая оценка состояния и составление карты антропогенного рельефа месторождения Жетыбай на основе данных ДЗЗ».

Структура работы: 57 страниц, 3 главы, 3 таблиц, 23 иллюстраций количество использованных источников 26, приложений 6.

Ключевые слова: картографирование экология, источники антропогена, геология, дистанционное зондирование, ГИС - технологий.

Цель работы является геологическая оценка состояния и составление карты антропогенного рельефа месторождения Жетыбай.

Для достижения поставленной цели были выполнены следующие задачи:

  1. выявить современное состояние физико-географических условий местности Жетыбай;
  2. определить методику составления карт;
  3. составить физическую, экологическую, динамическую карту с использованием программных обеспечений ArcGIS 9. 3 и ENVI 4. 7.

В прцессе работы были топографические карты, космоснимки, литературные источники, диссертации и монографии, данные интернет и современные методы геоинформационного картографирования.

Abstract

Diploma thesis on the topic of «Geoecological assessment and mapping of anthropogenic relief Zhetybai field» 7

Structure : 57 pages, 3 chapters, 3 charts, 23 illustrations, the number of sources that were used 26, enclusore 6.

Keywords : mapping, ecology, sources of anthropogen, geology, remote sensing, GIS technology.

An aim of work is geological estimation of the state and drafting of map of anthropogenic relief of Zhatybai field.

To achieve this goal the following tasks were included:

  1. to identify the current state of physical and geographical conditions of the Zhetybai field;
  2. to determine the method of the maps are created;
  3. make of charts anthropogenic relief, geoecological assessmentusing softwareArcGIS 9. 3 andENVI 4. 7.

In the process, the processed data were used remote sensing, literature, dissertations and monographs, Internet data and modern methods of geoinformation mapping.

Мазмұны

Кіріспе . . .
5
: 1
Кіріспе . . .: Жетыбай кен орнының қазіргі жағдайы . . .
5: 6
: 1. 1
Кіріспе . . .: Географиялық орны . . .
5: 6
: 1. 2
Кіріспе . . .: Жетыбай кен орнының геологиялық зерттеу және игеру тарихы . . .
5: 6
: 1. 3
Кіріспе . . .: Тектоникалық құрылымы . . .
5: 7
: 1. 4
Кіріспе . . .: Жетыбай маңының жер бедерінің ерекшеліктері . . .
5: 9
: 1. 5
Кіріспе . . .: Топырақ-өсімдік жамылғысы . . .
5: 9
: 1. 6
Кіріспе . . .: Зерттеу аймағының өнеркәсібіне сипаттама . . .
5: 11
: 1. 6. 1
Кіріспе . . .: Аймақтағы мұнай өндірісі . . .
5: 11
: 1. 6. 2
Кіріспе . . .: Жетыбайдағы жарықшақ тас өнеркәсібі . . .
5: 15
: 1. 7
Кіріспе . . .: Мұнай-газ өндірісінің табиғи компоненттерге әсері . . .
5: 17
: 2
Кіріспе . . .: Зерттеу аймағының карта құрастыру әдістері . . .
5: 19
: 2. 1
Кіріспе . . .: ГАЖ-дың карта құрастырудағы рөлі . . .
5: 19
: 2. 2
Кіріспе . . .: Геоақпараттық модельді ArcGIS бағдарламасында құрастыру . . .
5: 21
: 2. 3
Кіріспе . . .: Ара қашықтықтан зерделеу мәліметтерін қолдану . . .
5: 28
: 2. 4
Кіріспе . . .: ENVI бағдарламасының карта құрастырудағы мүмкіншіліктері . . .
5: 33
: 3
Кіріспе . . .: Жетыбай мұнай кешенін картографиялау . . .
5: 37
: 3. 1
Кіріспе . . .: Ғарыштық сурет негізінде құрастырылған карта (1984, 1994, 2015жж
5: 37
: 3. 2
Кіріспе . . .: Антропогендік жер бедерінің картасы . . .
5: 40
: 3. 3
Кіріспе . . .: Геоэкологиялық бағалау картасы . . .
5: 46
:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
5: 50
:
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
5: 51
:
Кіріспе . . .: Қосымша А . . .
5: 52
:
Кіріспе . . .: Қосымша Ә . . .
5: 53
:
Кіріспе . . .: Қосымша Б . . .
5: 54
:
Кіріспе . . .: Қосымша В . . .
5: 55
:
Кіріспе . . .: Қосымша Г . . .
5: 56
:
Кіріспе . . .: Қосымша Ғ . . .
5: 57

Кіріспе

Маңғыстау обылысы - мемлекетіміздің мұнай өнеркәсібінің жетекші аймағы. Өндіру динамикасы жылдан-жылға артып келеді, жылдық мұнайдың - 15721, 6 мың т, үлесін құрайды.

Жетыбай мұнай кешені - тек Маңғыстау өңірінде ғана емес, сондай ақ еліміздің экономикасында үлкен жетекші рөл атқарып отырған кен орны. Сондықтан оны зерттеу және картографиялау бүгінгі күнде өзекті мәселе.

Дипломдық жұмыста Жетыбай кен орны жағдайын геоэкологиялық бағалау және антропогендік жер бедерінің картасын құрастыру үшін, алдымен Жетыбай кен орнының ғарыштық суреттерін және топографиялық картасын табу кажет болды. Содан соң Жетыбай кен орнының осы уақытқа дейінгі және қазіргі экологиялық жағдайы туралы мәліметтерді жинақтауды қажет етті.

Жұмыстың мақсаты - жаңа ГАЖ- функцияларын, технологияның мүмкіндіктері мен ұтымдылығын көрсете отырып, жаңа технологияларды пайдаланып ғарыштық суреттердің алыну және өңделу жолын көрсету, сонымен бірге ArcGis бағдарламасы арқылы бақылау жасау мүмкіндігі көрсетілген.

Негізгі бөлімнің алғашқы тарауында Жетыбай кен орнының физика -географиялық жағдайы сипатталған. Оның ішінде географиялық орны, жер бедері, топырақ - өсімдік жамылғысы, пайдалы қазбалары, мұнайгаздылығы, тектоникалық құрылымы туралы толығымен баяндалған.

Негізгі бөлімнің екінші тарауында аэроғарыштық суреттердің алыну және өңделу жолы көрсетілген. Картографияда аэроғарыштық зондтаудың қолданылуы, қазіргі жағдайы жайында мәліметтер келтірілген. Ғарыштық суреттердің артықшылықтары мен қолданылу аясы туралы да баяндалған.

Соңғы тарау осы жұмыстың негізгі процесі - Жетыбай кен орны жағдайын геоэкологиялық бағалау және антропогендік жер бедерінің картасын құрастыру, яғни ArcGis пен Envi бағдарламасын қолдану арқылы қазіргі бедер түзуші үрдістерінің картасын, антропогендік көздер картасын құрастырып, өзгерістерін көрсету.

Жұмыстың міндеттері:

1) картографиялау нысанының физикалық-географиялық негіздері;

2) зерттеу аймағының картасын құрастыру әдістері;

3) Жетыбай мұнай кешенін картографиялау.

1 Жетыбай кен орнының қазіргі кездегі жағдайы

1. 1 Географиялық орны

Маңғыстау облысы Еуразия материгінің орталығында Каспий теңізінің солтүстік-шығысындағы Маңғыстау, Бозашы түбектері мен Үстірт қыратының батысында, Қазақстанның қиыр оңтүстік-батысында орналасқан.

Жетібай кен орны Маңғышлақ түбегінің батыс бөлігінде орналасқан және әкімшілік жағынан Қазақстан Республикасындағы Маңғышлақ облысының Ералиев ауданының құрамына кіреді. Кен орнына жақын елді мекендер Жетібай кеңшары (1 км), Ералиев аудан орталығы (60 км), Жаңаөзен қаласы (70 км) және Ақтау қаласы (80 км) болып табылады.

Географиялық жағынан аудан әлсіз өрнектелген кең (жазық), Оңтүстік-батыс бағытында жазық болып осал айқындалған көрсетеді. Рельеф (жер бедері) белгілері 140 тан 170 километрге дейінгі аралықта өзгереді. Ауданның климаты лездік континенталдық. Атмосфералық жауын-шашын жылына 140 мм дейін түседі. Абсолюттік минимум минус 33ºС. Ауаның орташа жылдық температурасы плюс 10ºС. Аудан күшті желдермен және құмды борандармен сипатталады. Солтүстік-батыс бағыттағы желдер басымырақ. Топырақтың тақ боп қату тереңдігі 1 метрге жетеді.

Кен орнының өнеркәсіптік мұнай газдылығы 1961 ж. орнықтырылған. Кен орнындағы мұнай өндіруді «Мангышлакнефть» «Жетыбайнефть» МГӨБ жүргізеді. Пайдалану бұрғылауын Жетібай басқармасының бұрғылау жұмыстары жүргізлді. Аудан жерінде «Ақтау-Жетібай-Өзен-Мақат-Атырау» темір жолы өтіп жатыр.

Жалпы ұзындығы 150 км болатын Өзен-Жетібай-Ақтау көлік жолы тартылған. Мұнайды тасымалдау үшін мұнайды жолай қыздыруы бар: Өзен-Атырау және «Өзен-Жетібай-Ақтау» мұнай құбыры тартылған. Ақтау теңіз портына мұнайды танкерлермен құю айлағы тұрғызылған [1] .

1. 2 Жетыбай кен орнының геологиялық зерттеу және игеру тарихы

Кен орыны жергілікті көтерілімдер мен күмбездермен күрделенген, батыс-солтүстік-батыс созылымының ірі брахиантиклиналь қатпарына тураланған. Жоғарғы және төменгі бор, жоғарғы және ортаңғы юра түзілімдерінде өнеркәсіптік өнімділік анықталған. Өнімді қабаттың биіктігі 1500 метрге жетеді. Бор кенішінде таужыныстардан 12 газды, ал юра қатқабатынан-13 мұнайлы және мұнайлыгазды горизонттар бөлініп шығады. Өнімді горизонттардың көпшілігі көп қабаттық болып келеді. Тұтқыштардың типтері бойынша шоғырлар негізінен қабаттық, дөңесті, тектоникалық және литологиялық шектелген. Негізгі дөңесте горизонттарының бір ғана су-мұнай жапсары бар, осыған байланысты шоғырлар типтері бойынша массивті-қабаттыққа жатуы ықтимал.

Жинауыштары саңылаулы, құмтастар мен құмайттастардан құралған. Газдық горизонттардың ашық кеуектілігі 26, 8-30, 6%, өтімділігі 0, 2-0, 4мкм² дейін. Юра қатқабатында біршама жоғары кеуектілік-26, 5% және өтімділік-0, 523 мкм². Өнімді горизонттарының жапқыштары 2-60 метр қалыңдықтағы саздар болып келеді. Жинауыштардың тиімді қалыңдығы кең шекте өзгереді. 2, 7-14, 1 метр дейінгі газ қанығу төменгі бордың шоғырларында 4-30 метр дейін, юра горизонтында сәйкес түрде 2, 6-167 метр дейін және 1-20 м дейін. Мұнайдың тығыздығы 844-874км/м³, күкірттің мөлшері 0, 16-2%, парафин 16-22, 6%. Мұнайдың бастапқы шығымдары горизонт бойынша тәулігіне 1 метр текшеден 81 метр текшеге дейін өзгереді. Газдық фактор 47-275 метр текше.

Құрылым төменгі өнімді горизонттар бойынша біршама анық білінетін жеті жергілікті көтерілімдерден күрделенген. Порсымұрын және Шығыс Порсымұрын көтерілімдері, бір-біріне салыстырмалы түрде жықпыл тәрізді орналасқан күмбезден тұратын Хумұрын күмбезі мен негізгі дөңес антиклиннің осьтік линияларына тураланған. Солтүстік-Батыс және Ақсай күмбездерін өзен қатпарларының солтүстік қанаты күрделендіреді [2] .

Жетібай кен орны кіретін Оңтүстік-Маңғышлақ иілімінің Солтүстік беті өткен жүз жылдықтың ортасынан бастап зерттеле бастады. Ауданды едәуір жоспарлы геологиялық зерттеу 1950-ші жылдардың соңынан бастап басталды.

1962 жылы «Казнефтегеофизика» және «Мангышлак-нефтегеофизика» Жетібай ауданында 1:5 масштабында МОВ сейсмикалық жұмыстары жүргізілді, ІІІ-Г жағылмалы горизонты бойынша солтүстік-батысқа өте жатық екенін ауқымды құрылымдық террасса айқындалған.

1962-1964 жылдары іле геофизикалық экспедицисымен (А. В. Праршков, В. А. Попов, В. Л. Рыбак) графометриялық және радиогеологиялық жұмыстар жүргізілді. Батыс-Жетібайлық құрылымның сипаттамалары алынды.

Тұрандық геофизикалық экспедициясымен (Н. Я. Купик, А. О. Урсов, В. О. Быкадоров) Оңтүстік-Маңғышлақ территориясында КМПВ әдісімен аудандық сейсмикалық профилдеу жұмыстары жүргізілді.

1. 3 Тектоникалық құрылымы

Жетібай кен орны белгілі болғандай, Оңтүстік-Маңғышлақ майысуының шегінде тұр, оған тән ерекшелік, оның көлденең құмды-ракушкалы көтерілу аймақтары. Қараудандық білек тәрізді тоқының және Қараудандық аңғарының бірнеше тереңдік изомертлік ойысымен айырғандылық болып табылады. Майысудың солтүстік бортында оңтүстік шекараның Жетібай-Өзендік-қақшабаттық тектоникалық сатылары орналасқан, олар шағылмалы горизонт бойынша тіркелетін тереңдік айырмашылық болып табылады. Солтүстігінде Жетібай-Өзендік тектоникалық саты тереңдік сынулармен (шығыс жақ бөлігі қазіргі уақытта әлі де болса айқындалмаған), өзінің құрамына бір қатар ірі білік тәріздес көтерілулермен майысулар кіретін Маңғышлақтық дислокация аймағын Оңтүстік-Маңғышлақ майысуын бөліп тұрады. Жетібай-Өзендік тектоникалық сатысы едәуір айқын болып табылады, онда Өзен, Қарамандыбас, Жетібай, Теңге, Тасболат, Ақтас сияқты бір қатар газ-мұнайлы кен орындары анықталған, олар басқа да бір қатар құрылымдармен бірге үш күмбез тәріздес орналасқан тік сызықтар түзеді, оларға өз кезегінде ІІ кезекті құрылымдар үйлескен.

І Өзендік-Өзен-Қарамандыбас, Асар-Қарамандыбай, Солтүстік Жетібай құрылымы.

ІІ Жетібайлық-шығыс Жетібай, Ақтас, Оңтүстік-Асарлық құрылымы.

ІІІ Теңгелік-Теңге, Тасболат, Тарлы, Атанбай құрылымы [3] .

Осы аймақтардың геологиялық құрылыстардың жалпы ерекшелігі Маңғышлақ дислокация аймағына қарай бағытта тектоникалық сатыны бойлай сызықты шығыңқылық болып табылады. Жетібай Өзендік тектоникалық сатының барлық айқындалған құрылымдары антиклиналдық қатпарлары бар, өте тік, батыс шеті бір шама жетілген және шығысында едәуір ауқымды ассиметриялық ақаулы болып табылады. Сонымен қатар бөліктен нақты зерттеуден кейін бірнеше өстер байқалды. Өзінің дамуында барлық құрылымдар зерттелген болып табылады. Олардың құрылымдық қабаттарының өте толық сәйкес келуі және морфологиялық лездік нақтылығы тереңдігіне байланысты. Геологиялық құрылыс тән болып табылады. Жетібай тектоникалық жағынан ірі жатық, субендікті бағытта шығыңқы қатпарларды білдірді. Турон неоком табаны бойынша құрылымдық карталарға талдау жасау көрсететіндей қатпарлардың негізі пішіні және оның кеңістіктегі орны әртүрлі стратиграфиялық горизонттар бойынша жақсы сәйкес келеді, бірақ-та онша үлкен емес ауытқулар бар.

Тұран табаны бойынша оның сызықты өлшемдері мен құрылымының жазық төбеге және едәуір жатық қанаттарға ие, төбенің шығыс және батыс бөлікетерінде өстің әсерінен оны туран табаны бойынша контурлайтын екі онша үлкен емес күмбез тектес көтерілім байқалады. Оның иілуі 240 метрді, неоком жату беті бойынша 1225 метрді құрайды. Олардың арасындағы майысу амплитудасы үш және ондағанға жетеді, және сәйкесінше батыс бөлігі -113, 3, 31, 27 ұңғылар аумағындағы шығыс жақ бөлігінше салыстырғанда желінген. Оңтүстік бағытта жыныстардың құлауы Оңтүстік қанаттың батыс және шығыс бөліктерімен салыстырғанда айқын бейнеленген. Жыныс жамылтқы бетінің құрлымдық картасы бойынша шамамен бірдей, құрылымдық мұрындығы байқалмайды, құрылымның пішіндері бірдей, батыс - қазір шығыстағы төбе ауқымды кең. 92-ұңғы аумағында амплитудасы 5-7 метр болатын майысу байқалады. Әр бір қанаттағы көтерілу кеніштен тысқары жерде орналасқан. Кестеде көрсетілгендей тереңдеген сайын қатпарлардың құлау бұрышы өседі, ал амплитуда кемиді. 1-кестеде кен орынның тектоникалық құрылымдары (қабаттардың сандық көрсеткіштері) көрсетілген.

1-кесте

Жетібай кен орнының тектоникалық сипаттамалары

Құрылым-дық бет
Қабатқа жыныстардың құлау бұрышының орташа мәні, м

Қатпарлы

қабаттардың

амплитудасы

Қатпарлардың

өлшемі, км

Иілуді соңғы

нұсқалау, м

Ұзын өс бойынша
Қысқа өс бойынша
Құрылым-дық бет:

Туран

ауданы

Қабатқа жыныстардың құлау бұрышының орташа мәні, м: 0 0 40*1 0 10/0 0 30
Қатпарлықабаттардыңамплитудасы: 60
Қатпарлардыңөлшемі, км: 26 29
Иілуді соңғынұсқалау, м: 4, 8 6, 0

-270

-290

Құрылым-дық бет:

Құмдық

ауданы

Қабатқа жыныстардың құлау бұрышының орташа мәні, м: 2 0 *2 0 30/1 0
Қатпарлықабаттардыңамплитудасы: 115
Қатпарлардыңөлшемі, км: 25, 3
Иілуді соңғынұсқалау, м: 4. 1/0
-1275
Құрылым-дық бет: Жамылу
Қабатқа жыныстардың құлау бұрышының орташа мәні, м: 2 0 40*4 0 10/1 0 30
Қатпарлықабаттардыңамплитудасы: 180
Қатпарлардыңөлшемі, км: 21, 1
Иілуді соңғынұсқалау, м: 2, 0/4, 6
-2230

1. 4 Жетыбай маңының жер бедерінің ерекшеліктері

Аймақ территориясының жер бедері біркелкі емес. Оның территориясында аласа таулар, қыраттар немесе үстіртті жазықтар мен ойпаттар, ойыстар бар. Олар: аласа таулар - облыстың орталық бөлігінде; қыраттар немесе үстірттер - батыс, оңтүстік және шығыста; ойпаттар - солтүстік және оңтүстікте, теңіз жағалауында. Бұлардан басқа облыста құмды алқаптар, сорлар, тақырлар барлық жерде кездеседі.

Жетыбай жер бедерінің геологиялық даму кезеңі юра-палеоген дәуірінде аяқталып, кейін геоморфологиялық даму кезеңі батсалды. Рельефтің қалыптасуына өзінің даму кезеңдерінде ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) күштердің әсері болған. Эндогенді күштердің әсерінен тау жүйелері, қыраттар, жазықтар мен ойыстар пайда болса, сыртқы (экзогенді) күштердің әсерінен таулар бұзылып, қыраттар тілімденіп отырған. Тауаралық аңғарлар үгілу өнімдеріне толып, тауаралық жазықтар пайда болып, таулар тегістелген аласа тауларға айналған. Сонымен қатар, сайлар, жыралар, құмды алқаптар, үңгірлер, тақырлар, сортаңдар пайда болған.

Жетыбай жер бедерінде негізінен рельефтің орта-аласа таулар, куэст таулар, биік үстірттер, ойпаттар, сорлар және ұсақ-жеке төбешіктер, жыралар, жартастар, төрткілдер, үңгірлер басым келеді [4] .

1. 5 Топырақ-өсімдік жамылғысы

Топырақ - күрделі табиғи құрылым. Ол әртүрлі факторлардың (климат, тау жыныстары, тірі организмдер, т. б. ) өзара әрекеттесіп, өзгеру нәтижесінде пайда болады. Жетыбай топырағының құрылысы ерекшеліктерге ие болғанымен, негізінен қоңыр және сұр қоңыр топырақ типтерінен тұрады. Қоңыр топырақ қоңыр түсті болып келеді және қара шірік қабаты едәуір дамыған, құнары біршама жақсы болады. Ал сұр қоңыр топырақ ақшыл, кейде ақ түсті болып келеді, қара шірікке өте кедей (1%-дан аз) . Екі торыраққа да ортақ қасиеттер негізінен олардың тек шөл дала зонасына тән болуында. Олар сазды, саздауытты жыныстардан түзілген. Екі топырақтың да құрылысы қарапайым әрі құнары аз болады. Неоген және төрттік дәуір шөгінділерінде қалыптасқан қара шірік (гумус) қабатының қалыңдығы 10-20 см -ге болады. Қоңыр топырақтың астыңғы қабаты тығыз, беткі қабаты бос шаңдауытты болады, екі типтегі топырақта өте жұқа, қатты қабықшамен қапталған. Қабықша топырақты жел мен судың әрекетінен барынша қорғайды. Олар ауыр салмақты (автомашина, т. б. ) күшке шыдай алмай тез бұзылады да, қалпына келуі қиындай түседі [5] .

Топырағы бұзылған жерлер су мен желдің әсерінен ұлғайып, шаң көтерілуіне және өсімдіктің өспеуіне апарып соқтырады. Көлік жүрген жерлер бірте- бірте линиялық ойысты сызықтарға айналып, жаңбырлы кезде батпақ болып көлікті жүргізбейді, сондықтан көліктер үнемі жаңа жол жасауға мәжбүр болып, бірте- бірте жолдар, яғни бұзылған топырақ қабатының көлемі ұлғая береді. Осындай жолдар ғарыштық суреттердің өзінде де анық айқын көрініп тұрады. Бұзылған жолды топырақ қабатын қалпына келтіру үшін кемінде 25-30 жылдай уақыт кетеді. Сондай -ақ мұндай топырақ жамылғысы бұзылған жерлерге ешқандай өсімдік түрлері өспейді.

Жетыбай аймағы шөлдік шөлейттік табиғат зонасында жатқандықтан, Қазақстанның басқа табиғат зоналарына қарағанда өсімдіктер өте аз таралған мекен. Шөл өсімдіктері шөптесін, шалабұта және бұта болып бөлінеді, олар шөл жертарабының өсімдік қабатының әртүрлі деңгейін құрайды. Олардың өсу мерзімі әртүрлі болып бөлінеді көп жылдық және де біржылдық. Негізгі шөптесін өсімдіктер: адыраспан, алабота, жантақ, жусан, қамыс, бетеге т. б. Шөл флорасының жоғарғы қабатын бұталар мен ағаштар құрайды. Олардың кәдімгі ағаштан айырмашылығы - діңдері көп болады. Биіктігі 5-6 м- ге дейін жететіндері бар және 15-20 жыл өмір сүреді. Жетыбай өсімдіктер дүниесінің ең басты ерекшелігі -біртұтас өсімдік жамылғысының болмай, жеке өсімдіктердің шашыраңқы өсуінде.

Екінші бір қасиеті - құрғақшылық пен ыстық климатқа бейімделуі (ксерофиттік) . Мұндай өсімдіктердің жер бетіндегі бөлігінен гөрі тамырлық жүйесі жақсы дамып, ылғал алуы үш метр тереңдікке дейін барады. Шөл өсімдіктері (ксерофиттер) өз бойындағы азғана ылғалды үнемдеу үшін әртүрлі ғасырлық бейімдеулерді басынан өткізген. Көптеген өсімдіктердің жапырағы кіп кішкене, шағын болып келеді (жусан), ал кейбірінде жапырақтың жапырағы аты қалмайды (қылша сияқтылар), жантақ сияқтыларда жапырақтың орнын тікенек басады. Селеу, бетеге, т. б. өсімдіктердің ұзын жапырағы түтікшеге айналып оратылып дамиды. Осының бәрі ыстық күн астында булануға барынш а кедергі жасауға арналған табиғи бейімділік. Сондай- ақ шөл, шөлейт өсімдіктердің сыртының түкті-түбітті болуы да, балауыз табымен шырыштанып тұруы да осындай әрекеттің қатарына жатады [6] .

Жетыбай өңірінің өсімдіктері топырақ құрылымына байланысты әр жерде әртүрлі болады. Сонғы жылдары Жетыбай өсімдіктер дүниесі өте қатты деңгейдегі дағдарысқа ұшырады. Малды артық баққанда жайылым тапталып, топырақ қабаты тығыздалып қалады. Мұның өзі өсімдіктердің өсіп-өнуін қиындатады. Сондай-ақ өсімдіктердің өспей қалуына адам әрекетініңде әсері жоғары. Топырақ қабатының бұзылуы, өсімдік түрлерінің азаюы, жайылым сапасының күрт төмендеуі-мал шаруашылығының тигізден зардабы болып саналады. Жетыбай көлік жолдарын реттеу, жайылымды жерлерді шамадан тыс артық пайдаланбау, бағалы өсімдіктердің жасанды түрлерін көбейту адам өмірі үшін маңызды шаралардың бірі.

1. 6 Зерттеу аймағының өнеркәсібіне сипаттама

1. 6. 1 Аймақтағы мұнай өндірісі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақтау қаласына сипаттама
Талшықты оптикалық байланыс желілерінде қолданылатын технологияларға шолу
Кәсіпорынның тиімділігін көтерудің теориялық аспектілері
Мұнай өндіру процесі
Қазақстанның мұнай-газ потенциалы
Мұнай мен газ қорлары
Үй пісірмелері бизнес-жоспар
Алдын ала қыздырылған мұнай және мұнай өнімдерін айдау
Жетібай кенорнында қабат қысымын ұстау жүйесіндегі су айдау жұмыстары
Жетібай мұнай кенішінің топырақ, өсімдік құрамындағы мұнай және мұнай өнімдерін, ауыр металдарды анықтап, қоршаған ортаны ластау деңгейін зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz