Материалтану оқу курсының оқыту әдістемесі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 6
I. ДИДАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР - БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІМЕН КӘСІБИ БІЛІМ АЛУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ . . . 9
- Оқушылардың өзбетімен кәсіби білім алуына бағытталған дидактикалық тапсырмалардың түрлері . . . 9
- Пән сабақтарына арналған шығармашылық тапсырмалар жүйесін құрудың дидактикалық және әдістемелік негіздері . . . 23
II. АРНАЙЫ ПӘН САБАҚТАРЫНА ТАПСЫРМАЛАР ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АЙҚЫНДАУҒА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ . . . 37
2. 1 «Материалтану» оқу пәніне арналған дидактикалық тапсырмалар үлгілерін құру . . . 37
2. 2 Арнайы пән сабағына құрылған дидактикалық тапсырмалардың тиімділігін айқындауға педагогикалық тәжірибе ұйымдастыру . . . 53
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 65
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 66
ҚОСЫМША . . . 68
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын тәлімді, ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары, дүниетанымы дұрыс дамыған азамат етіп тәрбиелеуде дидактиканың алатын орны ерекше.
Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне енуге деген мүдделілігі осы салада халықаралық әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан озық деп танылған оқыту модельдерін өз мүмкіндігімізге сай үйлестіре қолдану үшін заман талабына лайық отандық білім беру стратегиясы мен тактикасын жаңалаудың қажеттілігін арттырып отыр. Өйткені «Ұлттың бәсекелестік қабілеті, бірінші кезекте, оның білімділік деңгейімен және шығармашылық қабілетерімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз» [1] . Бұл үздіксіз білім беру жүйесінің аса бір маңызды буыны болып саналатын техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарындағы оқыту үдерісін де түбегейлі жетілдіруді қажет етеді. Себебі, кәсіптік білім дамудың негізгі қозғаушы күші болса, білімді де, шығармашыл, білікті маман - еліміздің ертеңін, жарқын келешегін құрушылар.
Осыған орай, сабақтың бірден бір белсенді өтуіне себепші, оқушылардың өз деңгейін көрсетуге ықпал ететін құралдың бірі - тақырыптың мазмұнына сәйкес жасалған дидактикалық тапсырмалар болып табылады.
Дидактикалық тапсырма - топта немесе үйде өздігінен жұмыс істеу үшін оқушыларға таратылатын немесе бүкіл сынып алдында мұғалімнің көрсететін көрнекі оқу құралының ерекше үлгісі[34] .
Педагогикалық зерттеу жұмысының барысында дидактикалық тапсырмалардың әдіснамалық, дидактикалық және әдістемелік негіздері мен құрастырылудың технологиялары туралы педагогикалық және психологиялық еңбектерді терең зерделеу мен талдау барысында айқындалған ерекшеліктердің бірі - білім алушылардың өз бетімен жұмыстануға бағытталған тапсырмалардың мазмұны басым жағдайда, олардың теориялық білімі мен тәжірибелік іскерліктерін бекіту, бақылау және бағалауға бағыталғаны анықталды. Ал, олардың өнімді танымдық әрекеттермен өзбетімен жұмыстануға анықталған дидактикалық тапсырмалардың шығармашыл сипатының орны терең және толық зерттелмеуі байқалды.
Осыған байланысты, біздің педагогикалық зерттеуімізде дидактикалық тапсырмалардың құрылу технологиясындағы әдістемелік негіздерін қарастыру тікелей шығармашылық сипаттағы тапсырмалардың жүйесін құруға тақырыпымызды таңдауға негіз болып табылды.
Педагогикалық тәжірибенің зерттеу мақсаты: «Маериалтану» оқу курсында оқушылардың өз бетімен шығармашылық сипаттағы дидактикалық тапсырмалардың жүйесін құрудың әдістемелік негіздерін анықтау мен сол тапсырмалды педагогикалық тәжірибеде тексеру болып табылды.
Зерттеудің болжамы: педагогикалық тәжірибе барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру сәтті орындалады, егер:
- пән сабақтарының оқыту әдістемесінде оқушылардың өзбетімен жұмыстануға бағытталған шығармашылық тапсырмалардың құрылуында олардың қызығуы мен сұраныстарын қанағаттануына деңгейлік түрлерімен анықталып жасалса;
- оқушылардың өзбетімен жұмыстануға арналған тапсырмаларды түрлерін ұсыну оқыту мазмұнының формаларымен, әдістерімен үйлесімді ұштастырылса.
Осы педагогикалық тәжірибені ұйымдастыру мен өткізуге арналған зерттеудің мақсаты мен болжамының жүзеге асырылуына мынандай міндеттер қойылды:
1. Педагогикалық және психологиялық еңбектердегі «өз бетімен жұмыс», «дидактикалық тапсырма» ұғымдық түсініктері мен оларды құрудың әдістемелік негіздерін оқып үйрену мен талдаулар жасау.
2. Шығармашылық сипаттағы дидактикалық тапсырмалардың жүйесін деңгейлік мазмұнда құрудың әдістемелік негіздерін жасау.
3. «Материалану» оқу пәні бойынша шығармашылық сипаттағы дидактикалық тапсырмаларды құру.
4. Педагогикалық тәжірибеде шығармашылық сипаттағы дидактикалық тапсырмалардың тиімділігі мен ұтымдылығын анықтау.
Зерттеудің нысаны: Атырау индустриалды колледжі «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мaмaндығынa aрнaлғaн материалтану пәнін оқыту үрдісі .
Зерттеудің пәні: «Материалтану» оқу курсының оқыту әдістемесі.
Зерттеу жұмысының кезеңдері мен ұйымдaстыру бaзaсы.
Бірінші кезең (2017 жылдың қaңтaр - ақпан aйлaры aрaлығындa) - педaгогикaлық-психологиялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге тaлдaу жaсaлды. Оқытудa оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға aрнaлғaн теориялық, әдістемелік және тәжірибелік мaтериaлдaр жинaқтaлып, педагогикалыық эксперимент жүргізудің тәртіптері aйқындaлды. Оқушылaрдың өз бетімен жұмыс істеу және шығармашылық қабілеттері анықтаушы тәжірибе кезеңінде зерттелді.
Екінші кезең (2017 жылдың ақпан - нaурыз aйлaрындa) - оқушылaр біліміне, қызығуына және шығармашылық қабілеттеріне қоятын тaлaптaрын ескере отырып, материалтану пәнін оқыту әдістемесін жетілдіру және осы пән сабақтарында оқушылардың кәсіби деңгейіне әсер ететін әдістер негізделіп педагогикалық тәжірибенің қалыптастырушы кезеңі орын алды.
Үшінші кезең (2017 жылдың сәуір - мaмыр aйлaрындa) -материалтану пәнін оқыту бойыншa тәсілдердің бірнеше формaсы көрсетілді, осы пән бойынша оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыратын әдістемесі дaйындaлды.
Педагогикалық зерттеу жұмысының тәжірибелік базасы -Атырау обылысы, Атырау индустриалды колледжі болып анықталды.
Зерттеудің теориялық мәні: «өз бетімен жұмыс», «тапсырма» ұғымдық түсініктердің анықтамасы айқындалды. Прaктикaлық мәнділігі: оқушылардың өзбетімен шығармашылық сипаттағы тапсырмалардың үлгілері мен оны пән сабақтарында қолдануға ықпал ететін тиімді оқытудың әдістері мен тәсілдері болып табылады.
Дипломдық жұмыстың aпробaциясы мен енгізілуі. Құрылыс технологиясы пәні - арнайы пән сабақтарынан оқушылaрың білімін бaқылaу және бaғaлaу әдістерінің тиімділігі Атырау индустриалды колледжінің педaгогикaлық кеңесінде және Жәңгір хaн aтындaғы БҚAТУ-дың Кәсіби және техникалық оқыту кaфедрaсының отырысындa тaлқылaнды. Колледждің құрылыс технологиясы сaбaқтaрынa қолдaнуғa құрaстырылғaн тaпсырмaлaр мен оны жaсaу әдістемесі пaйдaлaнылудa.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тaрaудaн, қорытындыдaн, пaйдaлaнылғaн әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрaды.
I. ДИДАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР - БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІМЕН КӘСІБИ БІЛІМ АЛУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ
1. 1. Студенттердің өзбетімен кәсіби білім алуына бағытталған дидактикалық тапсырмалардың түрлері
Қазіргі өндіріс пен әлеуметтік өмір жаңа буын мамандарының бойынан дәстүрлі сипаттағы кәсіби білім мен тәжірибелік іскерлікті меңгеру қабілеттеріне үйрену қабілеттерімен бірге, сол қасиеттерді қажетті жағдайларға тән түсіндіре және қолдана алуды, өзбетімен және жауапкершілікте таңдау жасай алатын, пайда болған қиындықтарды өзбетімен шешуге потенциалы жеткілікті, шығармашылықта іс-әрекеттерді орындай алатын белгілеріне мұқтаж болып келеді.
Осыған сәйкес, қазіргі кәсіби білім беру саласының педагогикалық үдерісінде білім алушының кәсіби білім алу барысында, оның тұлғалық қасиеттерін дамыту басымдылығы артып келеді. Кеңестік дидактика білім алушының білімі мен іскерлігін ғана қалыптастыруға, оқу-танымдық іс-әрекеттерде танымның әдістерін (талдау, жинақтау, нақтылау, салыстыру, жүйелеу, ажырату, ұқсастық және т. б. ) сәтті қолдануға педагогтар пәннің оқу үдерісінде білім алушыларды ақпаратты дұрыс қабылдауға, түсінуге, еске сақтауға, қайта шығару(воспроизведение), теориялық білімді тәжірибеде қолдануға ғана бағыттады. Дәстүрлі оқыту теориясында білім алушылардың тұлғалық қасиеттеріне тән кейбір белгілерін (шығармашылық, өзін-өзі бақылау мен бағалау, шешім қабылдау) дамытуға анықталған негіздері болғанымен, оқу орындарының оқу үдерісі тәжірибесінде еленбей қалып отырды. Оған себеп, Кеңестік педагогикада оқу үдерісінің оқу түрі тек бір типті жүруінде болды. Ол - түсіндірмелік-иллюстративтік оқыту. Бұл оқыту түрі білім алушылардың жоғарыдағы шектеулі оқу-танымдық қасиеттерін қалыптастыруға ғана дәрменді болуымен шектелді.
Болашақ мамандардың жоғарыдағы кәсіби және тұлғалық қасиеттерін үйлесімді дамыту мен педагогикалық үдерісте қалыптасқан құбылыс арасындағы қайшылықты шешуге педагогика ғылымы жаңа білім беру моделдерін жасап, оқыту технологияларының алуан түрін тәжірибеге ұсынып келеді. Солардың бірі, тұлғаға бағдарлы, құзыреттілікке бағытталған, жүйелілік іс-әрекеттік білім беру моделдері болып табылады.
Бұл білім беру моделдерінің мәні білім алушы тұлғасының оқу үдерісінде субъектілік қатынастарға түсуіне үлкен мүмкіндіктер береді. Білім алушы субъект ретінде оқу үдерісінде іс-әрекетті орындауға мақсат қоюға, құралдарын өзбетімен таңдауға, жоспарлауға және ұйымдастыруға, өзін-өзі бақылауға, шешім қабылдауға, тапсырманың сапасын анықтауға, баға беруге ұмтылады. Олай болса, білім алушы оқу үдерісінде белсенді қатысушы болып, үйренуге анықталған оқу материалының мазмұнын, оны меңгеруге белгіленген әдіс-тәсілдерді, құралдарды өзі таңдауға, жооқушыуға, шешімін табуға, өзін-өзі бақылауға, бағалауға мүмкіндік алады. Бұл тарапта педагогтың негізгі қызметі кеңесші, қолдаушы және бағыт берумен шектеліп, білім алушыға меңгерілетін білім көздері мен тәжірибелік ептіліктерінің қалыптасуына ықпал ететін педагогикалық, дидактикалық шарттарды қамтамасыз етумен анықталады.
Мұндай құрылымдық сипаттағы оқыту мазмұны білім алушының оқу-танымдық іс-әрекетінің белсенділігінің артуымен бірге, оның білімді меңгеру мен ептілікке үйренудің басқа оқушымалы түрлерін өзбетімен үздіксіз ізденісте, шығармашылықта танымдық әрекеттер орындау мәдениетінің қалыптасуына, танымдық және интеллектуалдық потенциалдарының негізінде түрлендірілген жаңа психикалық құрылымдарының пайда болуына алып келеді. Осы сипаттағы білім алушының оқу-танымдық іс-әрекеті субъектілік тұлғаның құндылық бағдарын, өмірлік және кәсіби болашағын мақсатқа сай анықтауын, оқу-танымдық әрекет стилін, тұлғалық позициясын дамытуға ықпал етеді.
Қазіргі кезде шығармашылықтағы тұлға қоғамның әрбір саласындағы даму процесстерінде сұраныста болып келеді. Өмірдің және уақыттың өзгеруі адамның қасиеттеріне жаңа талаптар қойып, оның продуктивті және шығармашылықта іс-әрекеттерді орындап, кез-келген өзгерістерге дайын болуын қажет етуде. Ол өзгерістерге сәйкестікпен жауап беру үшін өзінің шығармашылық потенциалын белсендендіруі тиіс.
Қазіргі кезде оқытудың теориясы мен практикасында тиімді әртүрлі әдістер мен приемдарды ұштастыруға ықпал ететін - оқу процессі болып табылады. Біріншіден, білім игеруде оқушының барлық сезімдік қабылдауы іске қосылады: көру, дыбыс, қимыл. Бұл қабылдаулар оқытуды тиімді жасауға қолайлылық жасайды. Екіншіден, оқушының әртүрлі типті естері мен ойлау іс-әрекеттері, оның белсенділігін қамтамасыз етеді. Үшіншіден, әр алуан әдістер мен приемдар оқушының танымдық іс-әрекеттерін белсендендіреді. Осы кезге дейін оқу процессі игерілетін оқу материалының көлемін арттыруға бел байлап келеді. Ол оқушының өзбетімен шығармашылық тұрғыда ойлау дағдысын қалыптастыра дамытуға кедергі келтіріп, оқушының жеке дара шығармашылық жұмыстармен шұғылдануға мүмкіндік бере бермейді.
Осыған байланысты, мектептің даму барысында мақсатқа сай оқу процессін түзетумен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу орынды. Ол, яғни, оқушының өзбетімен шығармашылық жұмыстармен айналысу меншігін арттыру. Қазіргі таңдағы оқушының өзбетіндік жұмыстарындағы кемшіліктер:
- өзбетіндік тапсырмалар мен жұмыстарды орындаудың жүйесіздігінде;
- өзбетімен орындайтын тапсырмалардың күрделілігі мен қиындығы оқушының танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес келмеуі;
- өз бетіндік жұмыстардың және тапсырмалардың орындалу мерзімінің белгісіздігінде;
- оқу барысында өзбетіндік тапсырмалардың және жұмыстардың бір типті болуы;
- өзбетіндік жұмыстардың нәтижесін тексеретін формалар мен әдіс-тәсілдердің тиімсіздігі[1] .
Оқушының өзбетіндік жұмыстары мен тапсырмалары, оның білімін тексеру, оқу материалын қайталау және бақылау күйін қайта қарастыра, мұғалім әртүрлі өзбетіндік жұмыстар мен шығармашылық тапсырмалар қорын көбейте отырып сабақтарда қолдануға ұмтылу. Оқушының үйренуіндегі шынайы қызығушылық тек қиындықтардан арылу шешімдерімен жұмыстану болып табылады.
Осыған сәйкес, өзбетіндік жұмыстар мен шығармашылық тапсырмаларды жүйелі түрге келтіріп, оқушының үйренуге белссенділігін және білімге қызығушылығын арттыру оқу процесінің басты міндеттеріне айналуы тиіс. Бұл әрине, жұмыс мазмұнына және ерекшеліктеріне тәуелді.
Оқушының өзбетіндік жұмыстарын ұйымдастырудағы оқушының танымдық қасиеттірін дамыту мәселелері Есипов Б. П., Пидкасистый П. И. [49], Далингер В. А. [26], Дашковский С. С., Жарова Л. В[27] . және т. б. авторлардың еңбектерінде қарастырылған.
«Өзбетіндік жұмыс» ұғымы бір ғана мән бермейді. Бір жағынан - үйренудің формасы мен әдісі болса, екінші жағдайда - арнайы шығармашылық тапсырмалар, ол тапсырмалар оқушының өзбетімен орындауға арналған. Үшінші жағы - өзбетіндік жұмыстың орындалуы мұғалімнің қатысуынсыз шешілетін тапсырмалар мен жұмыстар. Осы өзбетіндік жұмыстың мәні педагогика ғылымы мен практикасында әр түрлі түсініктер пайда болып отыр. «Өзбетіндік жұмыс» ұғымына белгілеген дидактар мен әдіскерлердің талқылауында мынандай белгілерімен байқалады: мұғалімнің оқу материалына байланысты тапсырмасы; мұғалімнің басқаруымен орындалатын жұмыс түрі, тапсырма түрі; оқушының өз бетіндігі; мұғалімнің қатысуынсыз орындалатын оқушының жұмыс тапсырмасы, оқушының белсенділігі[27] .
Өзбетіндік жұмыс ұғымына толық және дәл анықтамасын Жарова Л. В. ғалымы береді. Өзбетіндік жұмыс деп - мұғалімнің басқаруымен берілетін танымдық тапсырманы оқушының өзбетімен орындаудағы оқыту әдісі дейді[27] .
Білім алушының осы танымдық және интеллектуалдық, кәсіби және тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған білім беру моделдерінің оқыту мазмұнындағы түйінді бір құрылымдық құралы - оқу үдерісін оқу тапсырмасы болып табылады. Оқу тапсырмасы дидактиканың кең таралған категориясы. Ол оқыту процесінде қолданатын құралы мен күтілетін нәтиженің құрылымдық бірлігін құрайды. Оқу тапсырмасы дәстүрлі оқыту процесіндегі білім алушының оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастырушы және басқаршы құралын атқарады.
«Оқу тапсырмасы» ұғымына педагогика, психология және әдістемелік еңбектерде түсінік беруде әлі де болса ортақ, бірегей анықтамасы қалыптаспаған. Кәсіби білім беру сөздігінде оқу тапсырмасы - әр түрлі танымдық іс-әрекет (бақылау, тәжірибе, әдебиетті оқып үйрену) барысында шешім орындауға құралған тапсырма десе, екінші бір анықтамасында білім алушылар әр түрлі формада құрала (топтық, жеке) аудиторияда, шеберханада, зертханада өзбеттерімен орындауға бағытталған мәселе бойынша педагогтың белгілеген оқу жұмысының көлемін айтады[1] .
Оқу тапсырмасы - оқушының оқу әрекеттерін (теориялық, практикалық) орындауға талап қоятын педагогтың тапсырма түрі[2] .
Танымдық тапсырма дегеніміз оқытуда байланыстарды, қатынастарды, дәлелдеулерді белсенді қолдануды ынталандырыруға, жаңа білім көздері мен тәсілдерін іздеуді көздейтін құрал [3] .
Тапсырманы грек тілінде «проблема» ұғымымен оқушымалайды. Тапсырма анықтамасының кең мағынасы практикалық және теориялық қызығушылық танытатын сұрақ, жауап. Психологиялық тұрғыда тапсырманың анықтамасын былай белгілеген, тапсырма - құралдарды сәйкестіктегі шарттарды қолдана жетістікке жету үшін талап қоятын және белгілі бір шарттар да берілген іс-әрекеттің мақсаты. Мақсаттың сипаты практикалық және теориялық түрлерімен ажыратылады. Практикалық тапсырма белгілі бір күйді тікелей түрлендіруге бағыттаса, теориялық құбылысты немесе үдерісті тануға ұмтылдырады. Танымдық іс-әрекеттегі тапсырмалардың түрі перцепті, мнемикалық, сөздік және ойлау үдерісіне байланысты бөлінеді. Тапсырма деп кейбір практикалық түрлендіруге немесе жалпы заңдармен және категориялармен байланысты проблемалық ситуациялардың белгілі және белгісіз элементтері арасындағы қатынастарды айқындауға шарттарын іздестіруге бағытталған теориялық сұрақтың жауабына қойылған талап мазмұнын құрайтын ойлау іс-әрекетінің объектісі.
Психология ғылымының бір топ зерттеушілері А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн кең таралған анықтамасы ретінде ойлау іс-әрекетінің мақсаты деп қарастырса, екінші топтағы авторлар В. В. Давыдов, А. М. Матюшкин тапсырма анықтамасын белгілеуде ойлау үдерісін тыс қалдырмай мынандай анықтама береді: кез-келген тапсырманы шешуге бағытталған ойлау үдерісі өзінің ішкі құрылымымен әрекет немесе іс-әрекет актісі болып табылады. Д. Б. Эльконин оқу тапсырмасының ерекшелігі оның мақсаты мен нәтижесі субъектінің іс-әрекетін өзгертуден тұрады. [16]
Осы педагогтар мен психологтардың тапсырма ұғымына берілген анықтама мазмұнына сәйкес Г. А. Балл, оларды екі түрге бөлген: оқу тапсырмасы және танымдық тапсырма. Кез-келген тапсырмалар танымдық сипатта бола бермейді. Оқу үдерісінде қолданылатын тапсырмалар басым түрде оқу тапсырмасы мазмұнында жүреді[6] . Әсіресе, ол білім алушының оқу материалын меңгеруіне ғана тән болады. Білім алушылар оқу материалын қабылдау, еске сақтау, меңгеру, қайта шығару, меңгерген білім көзін дәстүрлі немесе жаңа ситуацияларда қолдану, ойлау операцияларының қарапайым түрлерін тәжірибелеуге ғана бағытталады екен. Оқу үдерісі мен өзіндік жұмыс барысында кейбір тапсырма түрлері білім алушылардың күрделі ойлау операцияларын (білімді басқа құрал түріне тасымалдай алу, құбылыстар мен процестердің мәнін түсіндіре алу, проблемалық ситуацияларды шешу, дәлелдеу, баға беру, жалпыламалау, қорытындылау) дамытуға бағытталған тапсырмалар танымдық түріне жатады. Танымдық тапсырманың анықтамалық сипаты жоғарыдағы психологиялық сөздікте анықталғандай, білім алушының өнімді ойлау іс-әрекеттерімен жүзеге асырылады.
Олай болса, педагогика және психология ғылымында дәстүрлі және жаңа білім беру моделдеріне тән анықталған тапсырмалардың түрлері әлі де болса ортақ жіктелуі қалыптаспаған. Олардың алуандылығы әр түрлі тұрғылармен байланыстырады. С. Ф. Жуйков оқу тапсырмаларын екі топқа бөлген. [17] Бірінші тапсырма түрі оқушылардың білім мен іскерлікті меңгеру үдерісіне тән анықталса, екінші тапсырма өткен тақырыпты бекітуге арналатынын көрсеткен.
И. Я. Лернер білім алушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға проблемалық-танымдық тапсырмалар жүйесін ұсынып, оның түрлерін төмендегі көрсеткіштермен анықталуын көздеген:
- тарихи материалдарды оқып үйрену мен ұғынуға тән негізгі типтік проблемаларды шешуге үйрету тапсырмалары;
- тарихи танымның әр түрлі типті әдістеріне және проблемалық тапсырмаларды шешу тәсілдеріне үйрету тапсырмалары;
- шығармашылық іс-әрекеттерді орындау тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар.
Таңбалы-контекстілі оқыту технологиясының авторы А. А. Вербицкий оқытудың үш моделін: семиотикалық, имитациялық және әлеуметтік ұсына, оларға тән тапсырмалардың типтерін жасаған: мәтінмен жұмыс істеуді көздейтін проблеманы оқып үйрену бойынша тапсырма; қабылдаған ақпаратты білім алушы өзінің болашақ кәсіби іс-әрекеті ситуацияларымен байланыстыру; пәндік білімді тереңдету мен білім алушының әлеуметтік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған білім берудегі өзекті проблемалар бойынша тапсырмалар. [13] Т. В. Кудрявцев білім алушылардың техникалық ойлауын дамытуға тапсырмаларды екіге бөлген: техникалық тапсырмаларды шешу мен конструктивтік-техникалық тапсырмалар. Бірінші тапсырмада білім алушыларды жаңа нәтижелер алуға ұмтылдырса, екінші түрінде олардың күрделі есептеулер мен конструкцияларды талдау жұмыстарына үйретуге ықпал етеді.
Тұлғаға бағдарлы білім беру моделінің авторы В. В. Сериков тапсырманы шешу үдерісін білім алушының тұлғалық тәжірибесін қалыптастырумен байланыстырады. Білім алушының оқу тапсырмасын шешу нәтижесі жаңа білім, тәсіл, модель болып табылуын көздейді. Осы сипаттағы нәтиже тапсырманың танымдық екенін дәлелдейді[8] . Қазақстанның білім беру саласында білім сапасын арттыруға сәйкес білімнің нәтижеге бағытталған тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында шетелдік тәжірибелерге де үлкен мән беріп келеді. Қазіргі жалпы орта мектеп пен кәсіби білім беру оқу орындарында білім алушылардың білім сапасын анықтауға американ психологы Бенджамин Блумның оқу мақсаттарын жүйелеу (таксономия) еңбегіне негізделуде. Б. Блумның теориясында білім алушының оқу іс-әрекеттерін толық қамтып: танымдық, аффективтік және психомоторлық әрекеттерін сәтті бақылау мен бағалауға мүмкіндік береді. Оның танымдық саласы бойынша алты деңгей анықталған: білім, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау және бағалау[9] .
Бұл Б. Блумның оқу мақсаттарының таксономиясы өткен ғасырдың елуінші жылдары белгілі болса да, Кеңестік дәуірде оның оқу үдерісінде қолданылмауына негіз болған танымдық сала бойынша анықталған деңгейлер құрамында білім алушының оқу-танымдық іс-әрекетіндегі шығармашылық қабілетін диагностикалау мүмкіндігінің көзделмеуінде болып келді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz