ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ өңдеу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
6
: 1.
Кіріспе: Электрондық оқулықтың оқу үрдісіндегі маңызы
6:
: 1. 1
Кіріспе: Қазақстан Республикасындағы электрондық оқу басылымының қазіргі жағдайы
6: 8
: 1. 2
Кіріспе: Электрондық оқу басылым жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты
6: 10
: 2.
Кіріспе:

Электрондық оқу басылымды дайындауда қолданылатын программалық қамту

6:
: 2. 1
Кіріспе:

Электрондық оқу басылымын жасау үшін қолданылатын

программалық қамту түрлері

6: 23
: 2. 2
Кіріспе: Электрондық оқу басылымын құру әдістері
6: 40
: 2. 3
Кіріспе: FrontРage қосымшасының электрондық оқулық дайындығының тиімділігі
6: 43
: 2. 4
Кіріспе:

Электрондық оқулық дайындауға қолданылатын FrontРage қосымшасының негізгі компоненттері мен формалары

6: 53
: 3.
Кіріспе: mICROSOFT OFFICE БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ өңдеу
6:
: 3. 1
Кіріспе: «Microsoft Office бағдарламаларын» оқыту курсы бойынша электрондық оқулыққа кіріспе
6: 60
: 3. 2
Кіріспе: Электрондық оқулық құрылымындағы білімді тексеру блогы
6: 61
: 4.
Кіріспе:

Экономикалық бөлім

6:
: 4. 1
Кіріспе: Жұмыстың қысқаша сипаттамасы және оның бағытталуы
6: 64
: 4. 2
Кіріспе: Бағдарламаның өнімді құрудағы шығындарды анықтау
6: 64
: 4. 3
Кіріспе: Түйіндер
6: 69
: 5.
Кіріспе: Еңбекті қорғау
6:
: 5. 1
Кіріспе: Еңбекті қорғау заңдары
6: 71
: 5. 2
Кіріспе: ДЭЕМ-ді қолданудағы еңбекті қорғау туралы кейбір мәліметтер
6: 71
: 5. 3
Кіріспе: Компьютермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы
6: 72
: 5. 4
Кіріспе: Жұмыс орнына қойылатын эргономикалық талаптар
6: 73
: 5. 5
Кіріспе: Денсаулық бұзылуының белгілері
6: 73
: 5. 6
Кіріспе: Өрт қауіпсіздігі
6: 74
: 5. 7
Кіріспе: Электр қауіпсіздігі
6: 75
: 5. 8
Кіріспе: Компьютермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы
6: 76
:
Кіріспе: Қорытынды
6: 77
:
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер
6: 78
:
Кіріспе: Қосымша (компакт дискіде)
6:


Кіріспе

Алдыңғы қатарлы оқу орындарында оқу барысында жаңа компьютерлік технологияны қолдану - білім берудің жаңа стандартына айналып отыр. Ақпараттық жүйе және технология ауылшаруашылық саласындағы техникалық, экономикалық бағытындағы мамандардың барлық кәсіби қызметтеріне тез ену де және қарқынды дамуда.

Еңбек нарығы мен білім беру аясындағы өткір бәсекелестік жағдайда ақпараттандыру элементтері оқыту процесінің ажыратылмайтын маңызды бөлігі болып табылады. Жоғарғы оқу орындарында оқыту процесінде жаңа компьютерлік технологияны қолдану, бүгінгі күні білім стандартының міндетті элементі болып табылады.

Ақпараттық технологияның дамуы, деректерді өңдеу технологиясынан басталатыны мәлім. Ақпараттық технология маманның кәсіби ісінің жұмыс жабдықтарының қызметтерін компьютермен орындауда, ақпараттық технология оқыту процессінің сапасын көтеруде, жаңа оқыту процесінің қажет элементі ретінде үлкен роль атқарады

Дипломдық жоба мақсаты - FronPage 2003 қосымшасы ортасында электрондық оқулық жасау.

Зертеу объектісі - «Алгоритмдеу және программалау тілі» пәні.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу керек болды:

  1. Пән бойынша теориялық материалдарды жинақтап шолу;
  2. Зертханалық жұмыстарды бір жүйеге келтіру;
  3. Тестілік сұрақтарды кезеңдерге бөлу;
  4. Электрондық оқулықтың дизайнын ойластыру;
  5. Қолданушы интерфейсін жасау.
  6. Электрондық оқулық жасау үшін FrontPage 2003 қосымшасының барлық мүмкіндіктерін игеру.

Электрондық оқу басылымды инженер-техника мамандарына оқу процесінде қолдану ең қолайлысы болуы мүмкін. Қазіргі уақытта оқытушыға, менеджерге, экономистке, инженерге, кез-келген сала маманына күнделікті қызметін, кәсіби ісін толық табысты орындау үшін ақпараттық жүйе мен технологияны қолдана білуі қажет. Бірақ, қазіргі кезде компьютерлер күнде қолданылады, оларсыз біз өмірімізді елестете алмаймыз. Алайда компьютерді көптеген оқытушылар оқу курстарын құрудың құралы ретінде қолдануды білмейді

Ақпараттық технологияның дамуы, деректерді өңдеу технологиясынан басталатыны мәлім. Ақпараттық технология маманның кәсіби ісінің жұмыс жабдықтарының қызметтерін компьютермен орындауда, ақпараттық технология оқыту процессінің сапасын көтеруде, жаңа оқыту процесінің қажет элементі ретінде үлкен роль атқарады.

Дербес компьютер оқытушының, қызметкердің, студенттің әмбебап құралына айналды. Оқыту аясында тез дамитын ақпараттық, коммуникациялық технологияларды қолдану, оқудың қалыптасқан дәстүрлі технологиясын өзгертеді, бұл өз кезегінде, жоғары мектеп алдына көптеген кең ауқымды мәселелі сұрақтар қоюда

Жоғарғы оқу орнында компьютермен ақпараттық технологияның орны мен ролі мәселесі психология, педагогика теориясы, жоғары мектеп педагогикасы аймағына қатысты сұрақтардан бастап белгілі-бір экономикалық сала, технологиялық дайындық бойынша бір жақты мамандар дайындау сұрақтарына дейінгі аспектілер жиынтығынан тұрады. Барлық мәселелер кешенін комьютерлік техниканың ақпараттық және коммуникациялық мүмкіндіктері қолданатын жаңа технологияны меңгерумен шешу бүгінгі және күннің маңызды міндеті

Оқу процессін ақпарттандырудың тиімділігі белгілі-бір пәнді оқуда компьютерлік технология мүмкіндігін және тұтастығын қолдану мәселесіне тәуелді. Ол әртүрлі ақпараттық ресурстардың; оның ішінде электронды тасымалдаушыдағы электронды оқу материалдарының болуымен және олардың оқытушы мен студентке түсініктілігімен маңызды.

Электрондық басылым сапасы өте маңызды; жоғары сапа талабы тек қана техникалық тұрғыдан ғана емес, жоғары мектеп педагогикасы тұрғысынан, дизайнға, пән ерекшелігіне қойылады.

Осының барлығы өз кезегінде оқытушыдан ақпараттық технология элементтерін және жоғары оқу орнында ақпараттық-коммуникациялық технология мәселесі бағытын білуді талап етеді. Электрондық басылымды дайындаудың және қолданудың негізгілерін білу жоғары оқу орнындағы оқытушыға қойылатын міндетті кәсіби талап.

Оқу процесіне таным процесінің мүмкіндіктері бар және үйретілетін субъектіге оны қызықтыратын тақырыпқа тікелей қосылатын компьютерлік оқыту-бақылау жүйесін енгізу оқытудың тиімділігін көтерудің әрекетті тәсілдерінің бірі.

Қазіргі кездегі компьютерлік дидактикалық бағдарламалар(электрондық оқулықтар, компьютерлік есептер, оқу құралдар, гипермәтінді ақпаратты-анықтамалық жүйелер-архивтер, каталогтар, энциклопедиялар, тестілейтін-моделдейтін бағдарламалар және т. б. ) көптеген білім салаларының ұштасуында пайда болған мультимедиа технологиялардың негізінде жасалады.

Соңғы кезде компьютерлік электрондық материалдары аймағында алуан түрлі терминьдер мен анықтамалар нұсқаулары көріне бастады. Осыған байланысты қазіргі уақытта мемлекеттік стандарт анықтамалар спектрі ауқымды түрде өсті.

Электрондық оқулық - бұл тек жиынтық қана емес, оқу материалдарының қиын жерлерін ақпараттық технологияның әртүрлі формаларын пайдалану арқылы түсіндіруге мүмкіндік беретін толық дидактикалық, әдістемелік және интерактивті бағдарламалық жүйе. Электрондық оқулық көмегімен материалды студентке түсінікті де, көрнекті түрде жеткізуге болады.


1 Электрондық оқулықтың оқу үрдісіндегі маңызы

1. 1 Қазақстан Республикасындағы ЭОБ қазіргі жағдайы

« Электронды оқулық -үлкен ғылыми және әдістемелік деңгейде жасалған негізгі электронды оқу басылым, түгелдей арнайы мемлекеттік білім стандартымен құрастырылған тәртіпбі және дидактикалық бірліктер стандарты мен программа анықтамасымен бағытталған»

Әр электронды оқу басылым тағайындауы білім стандартына сәйкес келу керек. Электронды басылым әр түрлі электронды сақтаушыда жасалуы мүмкін және де ол жергілікті және ауқымды компьютерлік желіде орналасуы мүмкін. Біздің көз қарасымыз бойынша электронды басылымға деген түсінігіміз кең, электронды оқулық немесе мультимедиалық өнімді тағайындауға қарағанда. Біз мультимедиалық өнімге назарымызды шоғырлаймыз, өйткені ол арқылы мультимедиалық көрсетілімді оқу материалындағы курс мазмұнын жіберу қолайлы.

Электрондық оқу басылымды инженер-техника мамандарына оқу процесінде қолдану ең қолайлысы болуы мүмкін. Бірақта қазіргі уақытта жағдай шығып жатыр, өйткені оқу бекітуінде программалық өнімі толып және кеңейіп жатыр (соның ішінде мульдимедиалық өнім), ал техникалық университеттің және инженерлік жоғары оқу орындарының оқытушыларының көбі жаңа программалық өнім туралы білмейді.

Оқиғалар қатарында өздерінің сәйкестік туралы электрондық оқу басылымды Электрондық оқу басылымның кейбір жағдайларда өз өнімдерінің мемлекеттік стандартқа және белгілі бір оқу курстарының программаларына сәйкес келуін қадағаламайтын коммерциялық фирмаларды қалыптастырады және шығарады. Басқа жағдайларда электрондық оқу басылымды (ЭОБ) нақты жоғарғы оқу орындарының шығармашылық коллективтерін шығарады. Олардың ойлап тапқан курстары стандарттар талабына жауап береді және оларды басқа жоғарғы оқу орындарының оқытушылары қолдана алады, бірақ бұл көбінесе техникалық себептер бойынша және оларды алу шарттары бойынша өте қиын болып келеді.

Компьютерлік курстарды құруға және құрастырушыларды күшейту координациясына, мысалы заттық-сүйенген сипаттама бойынша, жүйелік жақындау қажет болып отырғаны белгілі. Сонымен қатар ЭОБ құру процесіне қатысуға тиісті және осы өнімдерді оқу процесіне енгізуге тиісті оқытушылардың квалификациясын өсіру бойынша жүйелік жұмыс маңызды болып келеді. Ғаламдық маңыздылықтың тағы бір сұрағы бар- мультимедиа құралдарын оқу мақсатында әдістемелік негізді құру.

Алайда, бізге берілгендей компьютерлік технологияның элементтерін оқу процесіне енгізудегі алғашқы буын болып ЭОБ құру табылады. Оларды құру деңгейінде оқытушы анықталған әдістемелік тәсілдерді салады. Әрі қарай ЭОБ -ды тәжірибеде жүзеге асыра отырып, бағалауға болатын оларды енгізудің нәтижесін алады. Осылай жиналған тәжірибе мультимедиа құралдарын оқу процесінде қолданудың әдістемелік негіздерін біртіндеп құруға және негізін салуға мүмкіндік береді және негізгі сұраққа жауап беруге мүмкіндік береді: ЭОБ -ды оқу процесінде не үшін, қалай және қандай көлемде қолдануға болады және қолдану қажет?

Қазіргі кезде компьютерлер күнде қолданылады, оларсыз біз өмірімізді елестете алмаймыз. Алайда компьютерді көптеген оқытушылар оқу курстарын құрудың құралы ретінде қолдануды білмейді.

Олар графикалық материалдарды, фотографияларды, дыбыстарды, анимацияларды және видеофрагменттерді өңдеу мен құру үшін қолданылатын программалық өнімдерді меңгермеген; оқу материалдарын оқудың бір мультимедиалық өніміне біріктіруді білмейді.

Сонымен қатар кейбір жағдайларда оқытушылар өздерінің компакт-дискілеріндегі дайын электронды оқулықтың мазмұны туралы және әдістемелік мүмкіндіктері туралы мәліметтерді қалай құру керек екенін білмейді. Олар электронды оқулықтардың навигациялық жүйелеріне нашар бейімделген, студенттерді өздік жұмыс үшін осы электронды оқулықтарды тиімді қолдануды үйрете алмайды.

Компьютерлік техниканың әрдайым өсу мүмкіндігі мен өнімділігі және сонымен қатар компьютерге «қызмет көрсететін» периферийлік құрылғыларды және оқу процесін жабдықтайтын техникалық құралдарды интенсивті жүзеге асыру электронды мультимедиалық өнімдерді құруды реттейді. Бұған параллель дамып келе жатқан бағыт - дистанционды білім сәйкес келеді. Дистанционды оқытудың пайда болуы біріншіден барлық оқу материалдарын электронды формаға ауыстыруды талап етеді.

Сонымен қатар мұндай жағдайда барлық оқу-әдістемелік материалдарды электронды формаға қарапайым ауыстыру аяқталмаған болып шығады. Қолданушыға (студент) мониторда көрсетілген материалға қарағанда, басылып шыққан (қағаз тасушыда) материалды оқыған жеңіл.

Сондықтан да басылып шыққан басылымды электронды тасушыға қарапайым ауыстыру - өтілген деңгей болып келеді. Қазіргі кезде мультимедианың барлық мүмкіндіктерін қолданатын оқу материалдары (сонымен бірге электронды оқулықтар) керек. Мультимедиалық оқу өнімдерін құру технологиялық қатынаста жеткілікті түрде күрделі процесс болып табылады.

Бастаушы техникалық университеттер электронды оқулық құрудағы өздерінің лидерлігін сақтап қалу мақсатында өздерінің универсалды қабықшаларын (программалық құралдар) құрды. Олардың базасында тәжірибесі жоқ компьютер қолданушыларына оқуға байланысты мультимедиалық өнімдерді құру мүмкін болады. Енді оқытушыға электронды оқу материалдарын құру үшін программалау тілдерін білу міндетті емес. Оған бөлек әдістемелік немесе иллюстративті материалдарды сапалы түрде дайындау үшін программалық өнімдердің шектелген санын меңгеру жеткілікті. Мұндай жағдайларда берілген пән бойынша оқу курстарын қолдау үшін бұның өзі жеткілікті.

Сапалы мультимедиалық оқулық құру тек бір адамның қолынан келмейді. Бұл жерде біріккен творчествалық коллектив қажет. Мысалы, олар келесілерден тұратын коллектив болуы мүмкін: электронды оқулық құратын барлық оқытушылар:

  • оқулық сценариінің авторынан, берілген пән бойынша консультанттан
  • жоба дизайнерінен, ол компьютер дизайнері болуы мүмкін
  • компьютерлік монтаж видео-, аудио- және графикалық материал бойынша специалисттен
  • Программалық өнімдермен және аппараттық құралдармен жұмыс жасай алатын видео-, аудио- және графикалық материалдарды құру және өңдеу бойынша специалисттен
  • Редакторлар мен корректорлардан

Әрине, бұл мультимедиалық оқулық құратын топтың толық тізімі емес. Сонымен қатар кейбір жағдайларда коллектив аз бола алады, сонда әр адам бірнеше функцияларды біріктіре алады.

Өз пәні бойынша оқулық немесе оқу әдістемесін құрудың инициаторы болып табылатын техникалық пән оқытушысының электрондық өнім ерекшеліктерінде, инструментальды құралдарында, программалық өнімдер жиынында белгілі бір ой-өрісі болуы керек. Сонымен қатар кейбір жағдайларда оқытушыға салыстырмалы қарапайым материал дайындау қажет және ол оны әріптестерінің- компьютерлік технология мамандарының көмегінсіз өзі жасай алады.

Қысқарту

ЭБ - электронды басылым.

ЭОБ - электронды оқу басылымы.

1. 2 Электрондық оқулық басылым жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты

1 Қолдану саласы

1. 1 Осы мемлекеттік стандарт электрондық оқу басылымдарының жалпы талаптарын және оның құрылымына, функцияларына, мазмұнына, оқу элементтеріне, рәсімдеуіне, құжаттамалырына және шығу мәліметтеріне қойылатын талаптарды анықтайды.

1. 2 Стандарт авторлық ұйыммен, электрондық оқу басылым бойынша эксперттік кеңестер және комиссиялармен, тапсырушылармен қолданылу керек және электрондық оқу басылымның сапасының экспертизасын өткізу және оларды жетілдіру бойынша немесе олардың шығарылуын тоқтату үшін негізі болып табылады.

2 Анықтамалар

Осы мемлекеттік стандартта терминдер және анықтамалар ҚР СТ 34. 014-2002 және МСТ 7. 83-2001 сәйкес қолданылады. Оларға қосымша стандартта келесi анықтамалар қолданылады:

- білім алушы - мақсаты оқу материалын оқып-үйрену және білімін бақылаудан өткізу болып табылатын электрондық оқу баспасын қолданушы;

- оқу курсы - мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартына енгiзiлген пән;

- оқыту траекториясы - бір электрондық оқу басылымындағы оқыту бірліктерінің немесе нақты квалификацияны алу үшін енгізілген пәндер тізбегі;

- электрондық басылым - программалық басқару құралдары мен құжаттамалары бар және кез келген электрондық ақпарат тасымалдаушысында орналасқан немесе компьютерлік желілерде жарық көрген сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа ақпараттар жиынтығы.

- электрондық оқу басылымы - оқытуды және білім бақылауды автоматтандыруға арналған және оқу курсына немесе оның жеке бөлімдеріне сәйкестендірілген, сонымен қатар оқыту траекториясын анықтауға мүмкіндік беретін және әртүлі оқу жұмыстарымен қамтамасыз ететін электрондық басылым;

- электрондық оқулық - құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің жүйелі мазмұны бар және берілген басылым түріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы;

- электрондық оқу құралы - құрамында оқу курсының ең маңызды бөлімдері, сонымен қатар есептер жинағы, анықтамалықтар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу тәжірибесін өткізуге нұсқаулар, практикумға, курстық және дипломдық жобатарды дайындауға әдістемелік нұсқаулары бар берілген басылым түріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы.

3 Қысқартулар

ЭБ- электрондық басылым;

ЭОБ- электрондық оқу басылымы;

4 Электрондық оқу басылымына қойылатын жалпы талаптар

  1. ЭОБ-ның объектісі ғылыми негізделген фактілер, тұжырымдар мен ережелердің, сонымен қатар берілген оқу курсында оқытылатын объектілердің, құбылыстар мен үрдістердің қатынастары мен қасиеттерінің жиынтығы болып табылатын сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа оқыту ақпараты болу керек.
  2. ЭОБ анықтамалық және басқарушы ақпаратты қамту керек, және қолданушының назарын өзіне аудартатын және оқу мақсаттарына қызмет етпейтін ақпаратты қамтымау керек.
  3. ЭОБ әртүрлі мамандықтар үшін олардың типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес қолдануға мүмкіндік беру керек.
  4. ЭОБ-да интерфейс көрнекті, түсінікті, бірмәнді және қолданушы қате іс-әрекеттер жібермеуі үшін ЭОБ-ның түгел және оның бөлек бөліктерінің функцияларының логикасын түсінуге көмектесетін түрінде келтірулі керек.
  5. ЭОБ-да имитациалық компьютерлiк моделдер оқылатын объектiлер, үрдістер мен құбылыстардың құрылымын және параметрлерін беру және өзгерту, сонымен қатар, сыртқы әрекеттердiң имитациясы үшiн ыңғайлы құралдармен жабдықталу керек. Компьютерлік моделдермен өзара-әрекет мәселелері білім алушыны оның көмегімен шешілетін дидактикалық есептердің мазмұнынан көңілін бөлмеуi керек.
  6. ЭОБ қалай жабық, солай ашық ортада қолданылу мүмкіндіктеріне ие болу керек. ЭОБ жабық ортада жылжымалы ақпаратты тасушыларда орналасуы және жеке алынған компьютерде немесе локальды компьютерлік желіде атқарушы программалар сияқты жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болу керек. ЭОБ ашық ортада глобалды компьютерлік желілерде орналасады және жұмыс істеу үшін программа-браузерлерді қолданады.
  7. ЭОБ қосымша программалық құралдарды талап етпейтін операциялық жүйенің версиясын ескере автоматты түрде орнатуының мүмкіндігіне ие болу керек. Орнату комплектінде мемлекеттік немесе халықаралық стандарттарына сәйкес ЭОБ-ның тәуелсіз жұмысы үшін барлық қажет шрифтер, драйверлер және программалар пакеттері болу керек.
  8. ЭОБ тұрақсыздандыру әрекеттер болмағанда (электр өшуі, операциялық жүйенің істен шығуы) берілген режимде функциясын жасау керек және тұрақсыздандыру әрекеттермен шақырылатын ауытқулар болғаннан кейін ЭОБ-ның жұмысын жалғастыруды қамтамасыз ететін қабілеті болу керек.
  9. ЭОБ қолдану процесінде ЭОБ-ға қажет өзгерістер мен кемшіліктерді енгізудің қарапайымдылығын қамтитын және оқу материалдарына және статистикалық берілгендерге санкциалданбаған кірісті болдырмау мүмкіндіктері болу керек.

5 Электрондық оқу басылымынының құрамына қойылатын талаптар

ЭОБ-ның құрамына: титул, тақырыптама, мазмұны, утилиталар, көмекшi және құжаттама енгiзiлу керек.

  1. Титулда ЭОБ-ның шығу мәліметтері орналасады. Шығу мәліметтеріне қойылатын талапта сәйкес тарауда келтірілген.
  2. Тақырптамада ЭОБ-ның құрылымы мен барлық семантикалық оқу бірліктерінің аттары көрсетілуі керек.
  3. Мазмұнда ЭОБ-ның мақсаттары және есептеріне қатысты және сол арқылы бiлiмдердiң қорытынды бақылауын өткізуге қажет барлық оқу материалы берілуі керек. Оқу материалы ғылыми терминологияны пайдаланып түсінікті, дәл, толық және қарамақайшылықсыз жазылуы керек.
  4. Утилиттер пайдаланушыларды тіркеу, статистикалық деректерді шығару, мазмұнды қарау, оқу траекториясын анықтау және сонымен оқыту, ағымдағы, аралық, белестік және қорытынды тестілеуді жүргізу үшін арналған.
  5. «Көмекшi» элементi ЭОБ-ның жұмысын басқару бойынша ақпарат және ЭОБ-ның iске қосылу моментiнен бастап іске қосылуын қамту керек.

6 ЭОБ-ның функцияларына қойылатын талап тар

  1. ЭОБ-мен жұмыс жасау үшiн келесi функциялар асырылу керек: пайдаланушының тiркелуi, берiлгендердi қорғау, навигация, контенттi қарауды ұйымдастыру, оқылатын траекторияны анықтау, бiлiмдi бақылау және оқыту, тестiлеу, статистикалық есеп.
  2. Пайдаланушының тiркелу функциясы ЭОБ-да пайдаланушы туралы берiлгендердi енгізу, өзгерту және жоюды қамтамасыз ету керек.
  3. Берiлгендердi қорғау функциясы контент бүтiндiгi мен ЭОБ-дағы әртүрлi материалдарға санкциалданған кірісті ұйымдастыруды қамтамасыз ету керек.
  4. Навигация функциясы ЭОБ бойынша алға және артқа қозғалудың мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.
  5. Қарау функциясы тапсырмаларды орындауды, сұрақтарға жауап беруді және білімді бақылауды өтуді талап етпей, ЭОБ-ның контентiмен алдын ала танысуға мүмкiндiгiн қамтамасыз ету керек.
  6. Оқыту траекториясын анықтау функциясы қолмен, тесттік немесе толық таңдау негізінде жүргiзiлетiн бiлiм бақылауларымен мiндеттi түрде оқытылу үшiн сабақтардың тізбегін құрастыруға мүмкiндiк беру керек.
  7. Оқу және білімді тексеру функциясы теориялық материалды оқу, тапсырманың интерактивті орындалуын, қойылған сұраққа жауап беру және оқу траекториясы көлемінде ағымды, аралық, рубеждік және қорытынды бақылаулар өту мүмкіндіктерін көрсетуі керек. Осы жағдайда көптеген сұрақтарға дұрыс жауап берілмесе, білім алушы ЭОБ-ғы оқытудың ағымды бірлігін қайталауға мәжбүр болады.
  8. Тестілеу функциясы нәтижелерді тіркеу және тіркемей мүмкіндіктерімен ЭОБ және оның бөлек бөліктері бойынша білім деңгейін автоматты түрде бақылау құралдарына мүмкіндік беру керек. Ол үшін тестер оқу курсы бойынша берілген сұрақтардың жалпы базасынан таңдалған оқыту бірлігі бойынша сұрақтарды және жауаптар варианттарын кездейсоқ таңдау арқылы беру керек. Білім алушының жауапты енгізу немесе өзгерту мүмкіндігі білім алушы сұрақтардың жауаптарын енгізу техникасына емес, ал сұрақтар бойынша жауаптарына концентрация жасай білу себебімен өте қарапайым болу керек. Тестілеудің нәтижесі экранға шығады. Тестілеудің қанағаттандырылмайтын нәтижесінде жауабы дұрыс берілмеген кез келген сұраққа еркін көшу ескерілу керек.
  9. Статистикалық есеп функциясы білім алушының берілген оқыту бірлігін меңгеру деңгейі және сұранысқа тәуелді ол туралы басқа статистикалық берілгендер туралы нақты ақпаратты беру ескерілу керек.

7 Электрондық оқу басылымының мазмұнына қойылатын талаптар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа формалар мен оқытудың әдісі
Электрондық оқулықтар жасау
Электрондық оқыту құралдарын жасау және білім беру жүйесінде пайдалану
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Қазақ этнопедагогикасы пәнінің электронды оқулығын дайындау жайында
Информатика курсы бойынша электрондық оқулықтың нұсқасын жасау
Электрондық басылым
Кредиттік оқыту жүйесіндегі Web- технология пәнінен электрондық оқулық
«Қазақ этнопедагогикасы» пәнінің электронды оқулығын дайындау
Электронды оқулықтарды құрастыру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz