Шетел тәжірибесіндегі микроқаржыландыру жүйесінің ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Анықтамалар . . .
3
:
Анықтамалар . . .: Белгілер мен қысқартулар . . .
3: 4
:
Анықтамалар . . .: Кіріспе . . .
3: 5
: 1
Анықтамалар . . .: Микроқаржыландыру жүйесінің қалыптасуының теория-әдістемелік аспектілері . . .
3: 8
: 1. 1
Анықтамалар . . .: Микроқаржылындыру жүйесінің қажеттілігі және пайда болу алғышарттары . . .
3: 8
: 1. 2
Анықтамалар . . .: Қазақстан Республикасында ұйымдастыру механизмі . . .
3: 15
: 1. 3
Анықтамалар . . .: Шетел тәжірибесінде микроқаржыландыру ерекшеліктері . . .
3: 24
: 2
Анықтамалар . . .: Қазақстандағы микроқаржыландыру жүйесінің жағдайын талдау және бағалау . . .
3: 32
: 2. 1
Анықтамалар . . .: ҚР-дағы микроқаржыландырудың институционалдық дамуының жағдайын талдау . . .
3: 32
: 2. 2
Анықтамалар . . .: Микроқаржыландыру жүйесінің әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламаларын жүзеге асырудағы рөлі . . .
3: 44
: 2. 3
Анықтамалар . . .: «KMF» микроқаржылық ұйымы» ЖШС-нің микроқаржыландыру қызметін талдау және бағалау . . .
3: 50
: 3
Анықтамалар . . .: ҚР-да микроқаржыландыру жүйесінің даму факторлары . . .
3: 60
: 3. 1
Анықтамалар . . .: Қазақстандағы микроқаржылық ұйымдардың қызметін жетілдіру перспективалары . . .
3: 60
: 3. 2
Анықтамалар . . .: Секьюритилендіру микроқаржыландыруды дамытудың перспективалық моделі ретінде . . .
3: 67
:
Анықтамалар . . .: Қорытынды . . .
3: 75
:
Анықтамалар . . .: Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 77
:
Анықтамалар . . .:
3:

Анықтамалар

Микроқаржы ұйымы - коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ осы Заңмен рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;

Өтініш беруші - микроқаржы ұйымына микрокредит алуға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;

Қарыз алушы - микроқаржы ұйымымен микрокредит беру туралы шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;

Мақсатты микрокредит - микрокредит беру туралы жасалған шартқа сәйкес қарыз алушының белгiлi бiр мақсаттарға оны пайдалануының талаптарымен берiлген микрокредит;

Микроқаржыландыру - табысы аз халықтың санаттарына арналған қаржылық қызмет

Микрокредиттік ұйымдар - бұл микрокредит берумен айналысатын ұйымдар болып табылады.

Микрокредиттеу - бұл қоғамдық қажеттіліктер мүддесіне қаржылык институттармен микрокредитерді ұсыну жүйесі.

Микрожинақтау - болашақта пайдалану үшін аз ақша сомасын сақтауға мүмкіндік беретін депозитке салу

Микросақтандыру - денсаулығына немесе еңбек қабілетіне байланысты тәуекелдердің азаюынан кәсіпкерлерге өз бизнесін дамытуға неғұрлым көңіл бөлуге мүмкіндік беретін жүйе

Микролизинг - толық құнына сатып алу мүмкіндігі жоқ көлік құралдарын немесе ауыл шаруашылығынын техникасын, қымбат тұратын жабдықты шағын кәсіпорындарға немесе ұсақ кәсіпкерлерге лизингке беру бойынша қызмет көрсету

Белгілер мен қысқартулар

ҚР - Қазақстан Республикасы

ҰБ - Ұлттық Банк

ҚМҚҰҚ- Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы

МҚҰ - Микроқаржылық ұйым

ЕДБ - Екінші деңгейлі банктер

АДБ - Азия Даму Банкі

ЕҚҚДБ - Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі

АҚ - акционерлік қоғам

«KMF»- Микроқаржылық ұйым

USAID - Халықаралық дамудың АҚШ Агенттігі

ТАСИС - ТМД елдеріне техникалық көмек көрсету Комиссиясы

ИДБ - Ислам Даму Банкі

МКҰ - микрокредиттік ұйымдар

ШОБ - Шағын және орта бизнес

КС- кредиттік серіктестік

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ел экономикасын дамытудың маңызды сфераларының бірі болып қаржы секторын жетілдіру табылады. Қазақстанның дамуының әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескеріп, микроқаржыландыруды, оның ішінде микронесиелендіруді дамыту аса өзектілікке ие болады. Қаржы нарығының қазіргі жағдайы Қазақстандағы микроқаржылардырудың жағдайын қарастырудың кешендік тәсілдемесін және оның даму перспективаларын анықтаудың қажеттілігін болжайды. Қазақстандағы микроқаржылық ұйымдар қызметі және микрокредиттеу процесінің негіздері, сондай-ақ оның механизмін жетілдіру ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Микроқаржылық ұйымдар нашар қамтамасыз етілген, бірақ экономикалық белсенді тұлғаларға қаржылық қызмет көрсете отырып, әлеуметтік топтарды қаржылық нарыққа белсенді қатысуға тарта отырып, қаржы нарығының шекарасын кеңейтеді. Әлеуметтік бағыттылығына қарамастан, микроқаржыландыру жүйесінде қаржыландыру үшін қаражат жетіспеушілігімен, мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігмен, техникалық және ресурстық базаның жоқтығымен байланысты әртүрлі проблемалармен орын алған. Аталған проблемалардың барлығын шешу, микроқаржыландыру жүйесін жан-жақты талдауды және әрі қарай жетілдіруді қажет етеді. Осы факторлардың барлығы диссертация тақырыбының өзектілігін және түбегейлі қарастыру қажеттілігін анықтаған.

Микроқаржыландыру жүйесінің жағдайын қарастырып саралауға, мәселелерін зерттеуге мына отандық экономист-ғалымдардың және практиктердің еңбектері арналған: У. М. Искаков, Д. Т. Бохаев, Э. А. Рузиева, Н. Н. Хамитов, Ғ. С. Сейітқасымов, С. Б. Мақыш, Д. А. Тлеужанова, А. Глухов, Ш. Жусупов және т. б.

Магистерлік диссертацияның мақсаты мен міндеттері. Микроқаржыландыру жүйесінің теориялық негіздерін нақтылап, жағдайын талдау мен бағалау негізінде проблемаларын анықтау және микроқаржыландыру жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу зерттеу мақсаты болып табылады.

Осы мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделген:

- теориялық көзқарастар мен нормативтік-құқықтық базаны талдау негізінде «микроқаржыландыру» ұғымын нақтылау және микроқаржыландырудың экономикалық мәнін ашу;

- шет ел тәжірибесіндегі микроқаржыландыру жүйесінің ерекшеліктеріне сипаттама беру;

- ҚР-дағы микроқаржыландырудың институционалдық дамуының жағдайын талдау;

- «KMF» микроқаржылық ұйымы» ЖШС-нің микроқаржыландыру қызметін талдау және бағалау;

- Қазақстан Республикасындағы микроқаржыландырудың даму факторлары мен перспективаларын анықтау.

Микроқаржыландыру жүйесінің теориялық және практикалық мәселелерін кешенді зерттеу негізінде ғылыми негізделген ұсыныстар мен нұсқауларды әзірлеу диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы болып табылады.

Зерттеу барысында, ғылыми жаңалығы бар, мынадай ғылыми нәтижелер алу көзделген:

  • «Микроқаржыландыру» түсінігінің нақтылануы;
  • ҚР-ның микроқаржылық жүйесінің жағдайын талдау және бағалау;

- микроқаржыландыру жүйесін дамытудың перспективалық моделі ретінде секьюритилендіруді қолдану ерекшеліктерін негіздеу.

Зерттеу пәні ретінде қаржы нарығындағы микроқаржыландыруды жүзеге асыру үдерісіндегі экономикалық қатынастардың жиынтығы қарастырылады.

Зерттеу объектісі ретінде ҚР микроқаржыландыру жүйесі және «KMF» микроқаржылық ұйымы» ЖШС қарастырылған.

Практикалық және теориялық маңызы. Берілген зерттеудің теориялық негізі микроқаржыландыру саласындағы отандық және шетелдік авторлардың ғылыми жұмыстарынан, микроқаржыландыруға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен қаулыларынан, ҚР Үкіметінің экономикалық бағдарламаларынан, ҚР статистика Комитетінің мәліметтерінен тұрады. Берілген зерттеудің теориялық негізі бойынша Қазақстан Республикасында микроқаржыландыру жүйесінің даму тарихы мен кезеңдері қарастырылады.

Практикалық маңыздылығы. Автормен әзірленген, мемлекеттің және микроқаржыландыру саласындағы қаржылық субъектілердің өзара байланысы тәжірибе жүзінде пайдаланылуы мүмкін. Сонымен қатар, микроқаржыландыру жүйесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар ҚР мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару субъектілерімен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағдарламаларын жасау кезінде қолданылуы мүмкін.

Зерттеудің әдістемелік негізі диалектикалық әдіс-таным, жүйелеу әдісі, формалды логика, сондай-ақ статистикалық әдістер сияқты жалпы ғылыми әдістерді қамтиды.

Зерттеу жұмысының апробациясы және оның нәтижелерін енгізу. Магистерлік диссертицияның негізгі ғылыми конференциялар материалдарында және мерзімді басылымдарда талқыланды.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Магистрлік жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

1 Микроқаржыландыру жүйесінің қалыптасуының теория-әдістемелік аспектілері

  1. Микроқаржылындыру жүйесінің қажеттілігі және пайда болу алғышарттары

«Микроқаржыландыру» термині бастапқыда шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін ірі қаржы-кредиттік ұйымдармен берілетін кредиттерге қарағанда неғұрлым қол жетімді қаржыландыру құралы реінде пайда болды. Осыдан біршама жыл бұрын ғана «микроқаржыландыру» ұғымы шағын кәсіпкерлерге қысқа мерзімді қарыздарды тарту және ұсынудың тиімді тәсілі ретінде қарастырылды.

Жалпы әлемдік тәжірибеде микроқаржыландыру ұғымы микрокредиттеуден, жинақ қызметін көрсетуден, ақша аударымдарынан және сақтандырудан тұрады. Дегенмен, микроқаржыландыру қызметі көпшілік жағдайда микрокредиттеуге негізделеді. Ал микроқаржыландырудың негізі бола отырып, микрокредиттеу, жұмыс істеп тұрған сондай-ақ жаңа кәсіпорындарды қаржыландыруға бағытталады. Микрокредиттік қызмет өзінің кәсіпкерлік қыметін жетілдіру үшін қарапайым банктік кредит алуға мүмкіншілігі жоқ, шағын касіпорындардың иелерінің қарыз қаражаттарға қол жеткізуіне бағытталған. Сондай-ақ, микрокредит өз ісін ашқысы келетін, бірақ банк кредитін алуға мүмкіншілігі жоқ, экономикалық қаржылық жағынан қаражат қажеттілігіне тірелген кәсіпкерлерге беріледі. Сонымен микрокредиттеу тұрмысы төмен субъектілердің пайда табуы мақсатында бизнесін құру және дамытуы үшін беріледі.

Микрокредиттердің негізгі сипаттарында (көлемі, өтеу мерзімі, пайыздық ставка және өтеу пайызы) біршама айырмашылықтар бар. Микрокредиттің мөлшеріне катысты жалпыға ортақ стандарттың жоктығына карамастан, микрокаржылық ұйымдар тажірибесі көрсеткендей, аз мөлшердегі қаражаттың өзі - аз қамтылған адамдарға үлкен көмек болады. Микрокредитті өтеу мерзімі ұзақ емес (3 айдан төмен және 12айдан асатын жағдай өте аз кездеседі), сөйте тұра апта сайын немесе тіпті күн сайын өтеу мүмкіндігі қарастырылады. Коммерциялық банктер сияқты көптеген микрокаржылық ұйымдар жауапты кредит алушыларға түрлі, біршама тиімді шарттар ұсынады. Мысалы кредит мерзімін ұзартады немесе қомақты кредит береді. Микрокредиттеу шығынын жабу үшін, осылайша микрокредит қызметінін қаржылык тұрақтылығын камтамасыз ету, пайыздық үстеме, әдетте коммерциялық кредиттер бойынша жоғары үстеме, бірақ солай бола тұра өсім алушыға төмен талап қойылады.

Соңғы жылдары микрокредиттеудің тұрақталған әдістемесінің тез дамуы байқалынуда, бұл микрокредиттеу ұйымдарына инновациялық және мейілінше жетілдірілген жаңа қызметтің түрлерін ойлап табуға практикалық ұсыныстар ұсынуда [1] .

«Микроқаржыландыру» және «микрокредиттендіру» деген терминдері көбінесе синоним ретінде қарастырылады. Қазақстан Республикасында осы екі терминнің бірігу жағдайы да байқалады. Микроқаржыландыру толық қаржылық қызметтер спектріне қатысты, ал микрокредиттеу қаржылық қызметтің нақты бір түрі болып табылады. Микроқаржыландыру табысы аз халықтың санаттарына арналған қаржылық қызмет. Микрокредиттеу табысы табысы аз халықтың санаттарына қысқа мерзімді микрокредит беруді қамтамасыз етудегі кепілдікті қамтамасыз етуді тиімді пайдаланудағы кредиттеу әдістемесі.

Р. Б Гриб өз еңбегінде микроқаржыландыруды қаржы ұйымдары мен шаруашылық жүргізудің шағын формалары арасында аумақтық жақындығы жағдайында қаржы ресурстарын шоғырландыру және оларды ақылылық, қысқа мерзімділігі, қайтарымдылығы, сенімділік және шаруашылығын дамытуға мақсатты пайдалану қағидаттарында оңайлатылған ұсыну шартындағы кредиттік қарым-қатынастар ретінде қарастырған [2] .

Ғылыми әдебиеттерде халықаралық ұйымдар қолданатын терминология жиі пайдаланылады. Мәселен, әлемдік тәжірибеде микроқаржыландыру мынадай қызметтердің кең кешенін қамтиды [3] :

- микрокредиттеу кезде банк немесе басқа ұйыммен клиентке кішігірім ақша сомасы түрінде кредит беріледі. Микрокредит кепілге немесе кепілсіз жеке немесе топтық кредит беруге ұсынылуы мүмкін

- микрожинақтау - болашақта пайдалану үшін аз ақша сомасын сақтауға мүмкіндік беретін депозитке салу

- микросақтандыру - денсаулығына немесе еңбек қабілетіне байланысты тәуекелдердің азаюынан кәсіпкерлерге өз бизнесін дамытуға неғұрлым көңіл бөлуге мүмкіндік беретін жүйе

- микролизинг - толық құнына сатып алу мүмкіндігі жоқ көлік құралдарын немесе ауыл шаруашылығынын техникасын, қымбат тұратын жабдықты шағын кәсіпорындарға немесе ұсақ кәсіпкерлерге лизингке беру бойынша қызмет көрсету

Барлық жоғарыда аталған микроқаржылық қызметтерден тек микрокредит пен микролизинг шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қаржыландыру нысаны болып табылады

«Микроқаржыландыру ұйымдары туралы» ҚР-ның Заңына сәйкес микрокредиттеу - бұл шағын кәсипкерлікті дамыту және мемлекетпен анықталған әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған, микрокредиттерді ұсынуды реттейтін процесс. Ал микрокредит - бұл микроқаржылық ұйымдармен Заңмен анықталған мөлшерде және ретпен қарыз алушыға төлемдік, қайтымдылық және мерзімділік шартында берілетін ақша. [4] . Берілген анықтамада микрокредиттеу өрісі микрокредиттік ұйымдардың қызметімен шектеледі, ал іс жүзінде микрокредитлеу қызметін тек қана микрокредиттік ұйымдар ғана емес, сондай-ақ банктер және банктік емес басқа да қаржылық институттар жүзеге асырады.

Сонымен, микрокредиттеудің теориялық негіздерін талдау және бағалауға негізделген қызмет негізінде микрокредиттеуге мынадай анықтама беруге болады: Микрокредиттеу - бұл қоғамдық қажеттіліктер мүддесіне қаржылык институттармен микрокредитерді ұсыну жүйесі. Микрокредит - бұл төлемдіқ, мерзімділік, кайтымдылық шартында ұсынылатын және мемлекеттің әлеуметтік міндеттерін шешуге бағытталған, микрокредиттік нарық институттарының ақшалай каражаттары. Микрокредиттеу кредиттік жүйенің екінші және үшінші денгейлерімен жүзеге асырылады.

Микроқаржы ұйымдары туралы ҚР Занына сәйкес микрокаржы ұйымы - коммерциялык ұиым болып табылатын, ресми мартебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттерді беру жөніндегі қызметі, сондай-ак осы Занмен рұхсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға [4] .

Р. Г. Янбых берген анықтамасына сәйкес: микроқаржылық ұйым ‒ дәстүрлі банктік қызмет көрсетулерге шектеулі қолжетімділігі бар шағын кәсіпкерлік субьектілеріне және жеке тұлғаларға макроэкономикалық тиімділік тұрғысынан қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті реттеу, халықтың өмір сүру деңгейін артыру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті дамытуға қаржылық және оларды толықтыратын әлеуметтік қызметтер көрсету институты [5] .

Микроқаржыландыру коммерциялық тиімділік ала отырып әлеуметтік миссиянының симбиозын болжайтын, әлеуметтік кәсіпкерліктің жарқын үлгісі болып табылады. Өмір сүру сапасын арттыру және бизнесті кеңейту бойынша тұлғалық даму тұрғысынан одан әрі өсуді қамтамасыз ететін шағын қалалар мен ауылдық жерлерде тұратын ең алдымен табыс деңгейі төмен халыққа қаржы және соларға ілеспелі қаржылық емес қызметтер үшін экономикалық жағынан ақтаған жинақтарды беру бойынша микроқаржылық институтының микрокредит беру технологиясы.

Осы кезде микроқаржыландыру қажеттілігі ерекше. Шын мәнінде, дәстүрлі кредиттеу технологиясы банктер үшін жоғарыда аталған санаттағы клиенттердің жоғары тәуекелдерімен байланысты, олармен ауқымды тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді(банктер жеткілікті болған кезде сұраныс тарапынан төлеу төлем қабілеті жоғары клиенттермен жұмыс істеуді қалайды) . Екінші жағынан, бейресми ростовщиктер коммерциялық пайдаға қол жеткізе отырып, әлеуметтік әсер алмайды [5] .

Микроқаржыландыру моделі қарыз алушының тәуекелін бағалау жөніндегі рәсімдердің пайдалануды болжайды және қарыздарын қайтаруды қамтамасыз етудің арнайы әзірленген өзіндік технологияларды пайдалануға негізделеді. Сонымен қатар, қарыз алушы борышты өтегеннен кейін өзіндік даму үшін кірістің бөлігін қалдыруға мүмкіндік беретін, пайыздық ставкалардың шкаласы бойынша клиенттердің сараланған түрлерімен жұмыс істейді. Клиенттермен жұмыс істеген кезде әрқайсысына дербес тәсіл қолданылады [6] .

Қазіргі кезде Қазақстандағы микрокредиттеудің кызмет ететін сызбасын үш негізгі түрге бөлуге болады: топтык, жеке, жеке-тұтынушылык. Олардың озіндік ерекшеліктері төменде бейнеленген 1 суретте келтірілген.

Сурет 1 - Микрокредиттеу түрлері мен ерекшеліктері

Ескерту- 3 әдебиет негізінде автормен өңделген.

Сонымен топтық кредиттеу топпен қарыз алуды білдірмейді, ол кепілдік ретінде топ құратын жеке қарыз алушыға ұсынылатын кредитті білдіреді. Топтык механизмге дәстүрлі қамтамасыз ету түрлері, бизнес жоспары, кітабы есептеу немесе кредиттік тарихы жоқ клиенттерге ұсақ кредиттерді берумен байланысты тәуекелдерді және шығындарды төмендетеді. Бұған көптеген әкімшілік шығындарды және кредиттік тәуекелдері клиенттердің өзіне жүктеу жолымен жүзеге асырылады. Карыз алушылар кредиттеу процесінің бүкіл аспектісін және оның бөлігін, оның ішінде, клиенттерді тандау, олардың іскерлік бағалануын өзіне алады. «Граммин банк моделі» деп аталатын топтық кредиттеу моделінің негізі топтық кепілдік болып табылады. Кредит біріне-бірі кепілгер болып табылатын адамдардың тобына беріледі. Топтың катысушылары өздерінің топтарының мүшелерін өздері тандап, мұндай өзара қатынас кредит бойынша біртұтас жауапкершілік арқылы уақытылы төлемдерді қамтамасыз етеді, сонымен бірге, микрокредиттеу ұйымының клиенттердің мониторингі және тыңғылықты тандауы бойынша шығындарды төмендетеді. Топтық кредиттеуде кезеңдік кредиттеу жүйесі қарастырылған. Топтық кредиттеу кезеңдік жүйені қатаң сақтау кезінде бірінші кезеңнен басталып беріледі, ал микрокредиттеу тобы ерікті негізде кұрылады. Берілген модель бойынша микрокредитті топтың кез келген мүшесі алады. Қызмет етуші топқа жаңа қарыз алушы қосылса, ол микрокредитті кредиттеудің бірінші кезеңінен алады. Жоғарыда аталып өткендей микрокредит бойынша қамтамасыз етілу топтық кепілдік болып табылады, оған сәйкес топтың барлық мүшелері микрокредиттік ұиым алдыңда біріккен жауапкершілік алады [7] .

Табысты микрокредиттер мыналардың көмегімен қарыз алушылардың экономикалық қауіпсіздігін жақсартуға мүмкіндік береді:

- кредит алушының борышқордың өтімділігін қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада көтеру;

- кредит алушының-борышқордың экономикалық әлеуетін көтеру;

- экономикалық мүмкіндіктерді қолдану үшін жағдай жасау, табысты диверсификациялау жолымен сыртқы жағымсыз факторлардың әсеріне тәуекелді төмендету.

Қаржылық ресурс қаржылық қызметтің негізгі компоненті болып табылады және барлық микроқаржылық ұйымдар капиталды шоғырландыру проблемасымен кездеседі. Микроқаржылық ұйымдардың ақша қаражаттарының негізгі көзі ішкі(алған табыс) сондай-ақ сыртқы (микроқаржы ұйымдарына кез келген ақша аударымдары) болуы мүмкін. Микроқаржылық ұйымдардың микрокредиттеу қызметін қаржыландырудың сыртқы көздеріне мыналар жатады:

- жәрдемақылар мен гранттар;

- жеңілдетілген кредиттері;

- коммерциялық қарыздар;

- басқа нарық өнімдері (бағалы қағаздар және т. б. ) ;

- акционерлік капитал;

- депозиттер.

Қаржы көздерінің осы түрлері жалпы 3 санатқа бөлінуі мүмкін: донорлар арқылы берілген қаражаттар, коммерциялық банктердің қаражаттары мен жинақ шоттары. Микроқаржыландыру ұйымдары қаржыландырудың әртүрлі көздерін түрлерін қолданады, дегенмен, әрбір микроқаржылық ұйым өзінің қаржылық ресурстарға қажеттілігін түпкілікті жоспарлауы қажет, қаржының бар екенін тексеріп, қаржылық шығынды есептеуді жүргізу алғышарты болып табылады. Қаржы құралдарына қол жеткізу микроқаржыландыру ұйымдарының қаржылық іс-әрекеті мен жеке меншік құрылымына байланысты ерекшеленеді. Барлық ұйымдар донорлардың гранттарын пайдалана алмайды. Ұлттық ізгі ниеттілік талапқа байланыcты ерікті жинақтарды пайдалануға жол бермейтіндіктен қаржы нарығының тұрақты өкілі микроқаржыландыру ұйымдарында ғана әр түрлі қаржы қызметтеріне қолжеткізе алады. Микроқаржыландыру ұйымдарында қаржыландырылу құрылымы оның даму сатысымен тікелей байланысты.

Микроқаржыландыру қызметін бағалауда халықтың қамтылу деңгейі мен тұрақтылығы бұл ұйымдардың қызметінің сапалылығын анықтайтын негізгі сипаттамалар болып табылады. Халықтың қамту деңгейі табысы аз халықтың қаржылық қызметтерді, коммерциялық қаржыларды қолдану мүмкіншілігімен анықталады. Микроқаржыландыру ұйымдарының өмір сүру қабілеттілігі ұзақ мерзімде қаржылық қызмет көрсетуге бейімділігін көрсетеді және табысы төмен халыққа қызмет көрсетудің негізгі талабы болып табылады [7, 17 б. ] .

Халықты қамту микроқаржылық ұйымдардың табысы төмен халыққа қызмет көрсетуінің бағытын бағалау үшін қолданылады:

- қамтылудың ауқымы (қызмет көрсету адамдарының саны) ;

- қамтылу ауқымының тереңдігі;

- көрсетілетін қызметтің сапасы.

Жоғарыда айтылып өткендердің барлығы микрокредиттеудің келесідей қағидаттарын анықтауға мүмкіндік береді:

-шағын кәсіпкерлікті қолдаумен дамыту;

- тұрғындардың кәсіпкерлік белсенділігін жоғарылату және ынталандыру;

- мерзімділік, мақсатты бағыттылық, қамтамасыз етілу және қайтымдылық қағидаттары негізінде микрокредиттер ұсыну;

- қарыз алушылармен қатынастарды құқықтық шектеу (ұсынылатын займдардың сомасының шамалылығына қарамастан) ;

- елдің экономикалық сауаттылығын жоғарылату мен капитал айналысының көлеңкелі айналымынан халықты шығару жәнет. б.

1. 2 Қазақcтан Республикаcында ұйымдастыру механизмі

Қазақстан Республикасының микрокредиттік ұйымдар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, «Микроқаржыландырулық ұйымдар туралы» ҚР заңы мен Қазақстан Республикасының өзгеде нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

«Микроқаржыландыру ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы №56-V Заңы микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, Микроқаржыландыру ұйымдарының құқықтық жағдайының құрылуының, қызметінің ерекшеліктерін белгілейді, сондай-ақ Микроқаржыландыру ұйымдарын мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшеліктерін айқындайды.

Микроқаржыландыру ұйымы бір қарыз алушыға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде микрокредиттер береді [4, 8] .

Микроқаржыландыру ұйымы өзінің жоғары органы бекіткен микрокредиттер беру қағидалары болғанда ғана микрокредиттерді беруге құқылы.

Микроқаржыландыру ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен микрокредиттерді ұсыну үшін уәкілетті органның алдын ала келісімін алуға міндетті. Берілген микрокредитті пайдаланғаны үшін сыйақы мөлшерлемесі микрокредиттің берілу мерзіміне қарамастан, біржылға қайта есептеуде көрсетіледі.

Микрокредиттерді беруге байланысты комиссияны, сыйақыны және өзге де төлемдерді микрокредит берілгеннен кейін немесе оны беру кезінде микроқаржыландыру ұйымы алады.

Микрокредит беру туралы шарт жазбашаны санда жасалады, оның бір данасын микрокредиттік ұйым қарыз алушының несиелік досьесінде сақтайды. Несиелік досье - микрокредит беру туралы жасалған шартқа сәйкес берілген, микрокредиттік ұйым әрбір қарыз алушыға қалыптастырған құжаттармен мәліметтер.

Микрокредит беру туралы шартта:

1) микрокредиттік ұйымның толық атауымен қарыз алушының тегін, атын және әкесінің атын немесе толық атауын қоса алғанда, микрокредиттік ұйым және қарыз алушы туралы мәліметтер;

2) микрокредиттің мақсаты (мақсатты микрокредит беру кезінде) ;

3) берілетін микрокредиттің жалпы сомасы;

4) микрокредитті өтеу мерзімдері;

5) микрокредитті өтеу тәсілі (біржолата не бөлшектеп) ;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атаулы мөлшерлеме - құнсыздануды ескермейтін пайыздық мөлшерлеме
Банктік реформа және теңге жүйесі
Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі қалпы мен даму ерекшеліктері
Шағын кредиттік ұйымдардың қатынастары
Микрокредиттік ұйымдардың несие нарығындағы рөлі
Отанымыздағы инвестициялық жобаларды басқарудағы көрсеткіштердің деңгейін анықтау
Несие жүйесіндегі проблемалар, жаһандық дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасының несие жүйесінің даму бағыттары
Ынталандыру сипаттағы төлемдер
Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті дамытудың жолдары
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесінің қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz