Қазақстандағы лизингтік қызмет жағдайын талдау және бағалау


Мазмұны
Белгілер мен қысқартулар
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҰБ - Ұлттық Банк
ЕДБ - Екінші деңгейлі банктер
АДБ - Азия Даму Банкі
ЕҚҚДБ - Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі
АҚ - акционерлік қоғам
ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достығы
USAID - Халықаралық дамудың АҚШ Агенттігі
ТАСИС - ТМД елдеріне техникалық көмек көрсету Комиссиясы
ИДБ - Ислам Даму Банкі
АӨК - Агро өнеркәсіптік кешен
ШОБ - Шағын және орта бизнес
ШОБС - Шағын және орта бизнес субъектілері
КС- кредиттік серіктестік
Кіріспе
Практикалық және теориялық маңызы:
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізіне, экономикалық теория бойынша іргелі жұмыстар негіз болды. Бұл жұмыстар лизинг саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер нәтижелері, логистика, инвестициялық сала, қазіргі зерттеу тақырыбына қатысты түрлендірулер, жетекші отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми жарияланымдары мен монографиялары, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлардың материалдары, осы салалардағы шетелдік және отандық тәжірибе мәліметтерінен тұрады. Сонымен қатар, диссертациялық зерттеу математикалық талдау, статистика, маркетинг, менеджмент пен системологияның әдістері мен ережелерiне сәйкес жүргізілді
Жұмыстың практикалық маңыздылығы мынада: зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу Қазақстандағы лизингтік компаниялардың және олардың контрагенттерінің инвестициялық тауар нарығының, ұсынылатын лизингтік қызмет сапасының, өндірісті жандандырудың, экономиканы тұрақтандырудың тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады. Логистикалық концепцияларды лизингттік қызметке қатысты пайдаланар болсақ, онда ол, оны оңтайландыруға, тиімділігін арттыруға, лизингтің сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты бейімделуіне мүмкіндік береді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Лизинг әлемде экономиканы ынталандырудың маңызды тетігі болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстанда және шетелде нарықтық экономикалық жүйенің тиімді жұмыс істеуінің ажырамас бөлігі - лизинг механизмінің инвестициялануы болып табылады. Біздің елімізде, лизинг қалыптасу сатысында болып табылады, және де, лизинг қызметінің жаңа өндірістерді, облыстарды, экономикалық секторларды қамту аясы жеткілікті дәрежеде тез кеңейіп келеді.
Ұлттық экономиканы қуаттандыратын, инвестициялық процестің өндірісін іске қосу тетігі ретінде лизинг Қазақстан үшін аса өзекті орынды иемденеді. Логистика саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін лизинг субъектілерінің қызметінде кеңінен қолданған жағдайда, лизингтік қарым- қатынасқа тән, әр түрлі ағымдарды оңтайландыру мүмкін болады. Бастапқы мәні лизингтік қызметтің процесін, жалпы басқаруды жүзеге асыратын лизингтік компанияға тиесілі. Ағымдағы ахуалдың ерекшелігі лизинг мәселелерінің үлкен қызығушылық тудыруында, соның нәтижиесінде, соңғы жылдары лизинг қызметінің түрлі аспектілерін талдауға арналған жұмыстардың санының айтарлықтай көбеюіне әкелді. Дегенмен, Қазақстанда лизингтік қызметтің проблемалары әлі де болса жеткілікті, ол көбінесе институционалдық жетілмеумен, салық ауыртпалығының жоғары болумен байланысты. Осыған орай, Қазақстанда лизингтік қызметтің проблемалары және даму перспективаларына бағытталған зерттеулер әлі де болса өзекті болып отыр.
Жаңалығы:
Қазақстан Республикасындағы лизингтік қызметтің теориялық және практикалық мәселелерін кешенді зерттеу негізінде ғылыми негізделген ұсыныстар мен нұсқауларды әзірлеу диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы болып табылады. Лизингтік мәмілелердің экономикалық тиімділігін бағалау (амортизацияны есептеудің әртүрлі әдістеріне байланысты), лизингтік төлемдердің мөлшерін айқындау әдістері жасалынған
Зерттеу мақсаты және негізгі міндеттері:
Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты еліміздегі лизингтік операцияларды дамытуды теориялық және әдістемелік жағынан зерттеу, оның жетілдіру жолдарын ұсыну.
Қойылған мақсаттарға сәйкес төмендегі міндеттерді шешу көзделеді:
- негізгі теориялық көзқарастар мен ұғымдар, «Лизинг» және лизингтік қатынастар ұғымын зерттеу;
- ҚР экономикасындағы лизингтің орны мен маңыздылығын ашу;
- ҚР лизинг және оның нысандарын дамыту, тарихи және экономикалық және құқықтық зерттеу жүргізу;
- елдегі макроэкономикалық ахуал аясында ҚР лизингтің дамуын талдау;
- лизингті стратегиялық дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды қарастырып бағалау және нақты ұсыныстар жасау.
Күтілетін нәтижелер:
Зерттеу үдерісінде, ғылыми жаңалығы бар, мынадай ғылыми нәтижелер алу көзделген:
- лизингті алудағы кепілдік мүмкіндіктерді кеңейту бойынша өңделген шаралар кешені;
- Лизинг қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін логистикалық концепцияларды қолданудың орындылығы;
- лизинг арқылы өндірістің одан әрі өсуін қамтамасыз ету үшін инвестициялық зерттеулер;
- елдегі лизинг дамуының стратегиялық аспектілерін жетілдіруге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша нақты ұсыныстар
- Лизингтік қызметті ұйымдастырудың теориялық негіздеріЛизингттік қызметтіің пайда болу алғышарттары
Қазақстандағы лизингттікқызметтер нарығы 2000 жылдары дами бастағанымен, лизингтіңидеясы жас емес. Кейбіркелтірілген деректер бойынша адамзатқа лизингтің ертеден таныс болғаны белгілі. Көптеген тарихшылар мен , алғашқы лизингтіккелісім-шарттар б. э. д. Шумермемлекетінде жасалған. Аристотельдің (б. э. д. 384 / 383 - 322 ж. ж. ) “Риторика” трактатының бірбөлімінде: “Богатство состоит в пользовании, а не в праве собственности”, яғни, пайда алу мақсатында мүліктің иесі болуы міндетті емес, осы мүлікті пайдалану құқығыболукерек, соның нәтижесінде пайдаалу мүмкін болады деп лизинг идеясын келтірген.
Алайда, В. Хойердің айтуы бойынша, негізгі қызмет түрі лизингтік операциялар болып саналатын алғашқы Акционерлік қоғам 1952 жылы Санфранцискода “United States Leasing Corparationс атты белгілі америкалық компания құрылған. Компанияның негізін қалаушы Генри Шонфельд. Лизингтік операциялар АҚШ шекарасын аз уақыт аралығында басып өтті. Сәйкесінше лизинг үшін маңызды түсінік “Халықаралық лизинг” қалыптасты.
60 жылдарылизингтік бизнес Азия континентінде дами бастады.
Қазіргі таңда лизингтік қызметтерің негізгі бөлігі “АҚШ - Батыс Еуропа - Жапония” мемлекеттерінде шоғырланғаан. Батыс Еуропада лизинг берушілер ретінде, көбінесе, арнайы лизингтік компаниялар қызмет көрсетеді. Осы лизингтік компаниялардың 75-80%-ға жуығын банктер немесе оларды еншілес қоғамдар бақылайды.
Қазақстан Республикадағы лизингтікқызмет көрсетулердің нарығы өте жас және игерілмеген. Сондықтан Қазақстандық экономиканың еңмұқтаж буындарына лизинг арқылы қажетті инвестициялардың бағытталумүмкіндігі айқын көрініп тұр.
Халықшаруашылығының құрылымын тұтастай қайта құру, Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының негізгішарты болыптабылады, бірақ бұл инвестициялардың және оларды қолдану тиімділігінің жоғарлау шегінің өсіуінсіз мүмкін емес, яғни кез-келген өндірісте экономикалық қатынастардың нақты негізі қаржылыққатынастар болыптабылады. [1]
Қазақстанның әлемнің 30 бәсекелестік елдерінің қатарына кіруі Стратегиясы туралы ҚР Президентінің жолдауындағы негізгі міндеттердің бірі - Қазақстан экономикасын әрі қарай жаңарту және диверсификациялаудың тұрақты экономикалық өсудің негізгі ірге тасы ретінде көзделуі де жай емес. Бұл стратегия Қазақстан экономикасының тек шикізат бағытында дамуының жеткіліксіздігін, яғни шикізат емес сектордың дамуына көңіл бөлу қажеттігін айқындады.
Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытта дамып отырғандығын ескеріп, ҚР Үкіметі оның бағытын өзгерту жолында республикамыздың 2010-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық стратегиясында еліміздің өндірістік секторындағы қызмет ететін негізгі құралдарды жаңарту міндетін белгілеген болатын.
Өндірістік сектордағы құрал-жабдықтарды жаңартудың негізгі қаржыландыру түрі лизинг екендігін әлемдік тәжірибе дәлелдеп берді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ұлттық экономиканы көтерудің басымды шаралардың біріне инвестицияларды пайдалану жатады және бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде сонымен қатар көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді қаржыландыру түріне айналады деген болатын. [2]
Осы жерде кәсіпорындарды орта және ұзақ мерзімді қаржыландырудың қазіргідей тиімді формасы лизинг бола алады. Лизинг қазіргі кезде қызмет жасайтын және жаңадан құрылатын лизинг алушылардың активтерін ұлғайтудың ең тиімді құралы болып саналады.
Әлемдік тәжірибеде бұл құрал шағын және орта бизнестің қолжетімді қаржыландыру көзіне айналған. Бастапқы кезде лизингтің дамуы үшін мемлекеттің қолдауы қажет екендігі белгілі. Мемлекет лизингтің дамуы үшін жасайтын қадамдарына салықтық жеңілдіктер және кеден бажынан босату сияқты шаралары бәсекеге қабілетті өндірісті дамытуға ықпал етері сөзсіз.
Лизингтің дамуы үшін қолайлы макроэкономикалық және нормативтік ахуалдың болуы қажет. Экономикалық қатынастар тұрғысынан алғанда лизинг бұл өндіріске капитал инвестициялауға байланысты банктің қаржылық қызметтерінің біріне жатады.
Қазақстандағы лизинг өзінің алғашқы қадамдарын 1989 жылдан бастады. Смагулов А. С атап өткендей, Қазақстанда лизингтің дамуы 4 канал бойынша жүреді, 1- суретте көрсетілген:
Сурет 1- Қазақстандағы лизингтің дамуы
Ескерту- 3 әдебиет негізінде автормен өңделген.
Қазақстандағы әзірше ұзақ емес лизинг бизнесінің даму тарихын келесі кестеден көруге болады:
Кесте 1 - Қазақстандағы лизингтің даму кезеңдері
[3]
Бірінші этап, қаржылықаренданың артықшылықтарымен байланысты, екінші этап оперативтік лизингтің белсенді дамуы, үшінші этап лизингтікбизнестің субъектілері арасындағы бәсекелестің қызуы, төртінші этап лизингтік қызметтер нарығының көркеюі.
Келесіқадамы ретінде лизингқызметіне байланысты қабылданған заңдар, айталық: “Қаржы лизингі туралы” ҚР заңының (5. 07. 2000) ұзақ мерзімді лизингтің дамуына ықпал еткендігін айтуға болады.
Қазақстандағы лизингтікқызметтер нарығы 2000 жылдан бастап қана белсенді дами бастады. Бұл жерде лизингтікмәмілелердің басым бөлігі Қазақстандағы ауылдағы әлеуметтікмәселелерді шешуге арналған агроазық-түлік бағдарламасы төңірегінде үкіметтің бастамасымен 100 пайыз мемлекеттіңқатысуымен құрылған тиесілі. Қазіргі кезде Қазақстанда қаржылықлизинг сияқты қаржынарығының бірсекторы қалыптасып дамып отыр десе болады.
Лизинг бүгінгі әлемдік экономикалықдағдарыс жағдайында маңызы бар инвестициялық саясаттың құралы болыптабылады. Лизингті дамытудың өзектілігі қазіргі кезде отандықкәсіпорындарды қаржыландырудың балама көзіне айналуыменсипатталады. Сондықтан да бұл қызмет түрі өзінің экономикалықтабиғаты жағынан ұлттықэкономикамыздың сауығуына және әрі қарай өркендеуіне үлкен үлес қосатын, ал екінші жағынан халықаралық деңгейде отандықөндірушілердің шетелдік серіктестермен жаңа байланыстар орнатуға, оны нығайтуға ықпал ететін қаржылыққызмет түріне жатады.
Лизинг - шетелден елімізге ие құрал-жабдықтардың келуіне жол ашатын және кәсіпорынға қаржылық өтімділігін сақтай отырып, негізгі капиталға инвестиция жұмсаудың баламакөзі.
Біздің ойымызша, отандықбанктердің лизингтіккомпаниялары арқылы лизингті қаржыландырумен қатар банктер өздерінің де лизингтік операцияларын дамытуға көңіл аудару қажет.
Мұндай мәселелерді шешуде қазақстандық лизингтікқызметін дамыту және жетілдірудің маңыздылығы теориялық және тәжірибелік тұрғыдан арта түседі.
Лизинг біртүріболып табылатындықтан, негізінен ол республиканың ірі банктері мен өзге қаржылық ұйымдарында дамыды. Мұндай дамудың көлемдері түсінікті, өйткені лизингтің несиеге қарағанда, біршама артықшылықтары бар: бастысы - лизинг шарты бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамассыз етудің жеңілдікті шарты, яғни, лизинг беруші ретіндегі қаржылық ұйымдар міндеттемелердің орындалуын қамтамассыз етуді қабылдау кезінде лизинг заты болып табылатын мүлікке деген өздерінің меншік құқығына бағдарланады.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары келісім-шарт жасаса отырып өзін бір мезгілде бірден ірі қаржылық шығын жұмсаудан босата алады. Жалға алушы банктің лизингтік қызметін пайдалана отырып, жаңа техника алумен бірге ақпараттық, экономикалық, конъюктуралық, болжамдық қызметтерін де пайдалана алады. Сонымен бірге банк ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына нарықты бағалаумен бірге өнім өндіру, оны өндіруді ұйымдастыру мен өткізу процестерінде басқа да қосымша қызметтер көрсетеді.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында банктің ұзақ мерзімді несиесіне қарағанда лизинг артықшылығы мына жағдайлардан көрінеді:
- жалға алған мүлікті пайдаланудан түскен пайда сомасынан есептелетін лизингтік төлем және оған аренда ақысы болғандықтан салық салынбайды;
- жалға алушыға жалға алу ақысын төлеу мерзімін таңдауда жеңілдіктер қаралған.
Лизинг бойынша лизингтіккомпания немесе коммерциялықбанк қазіргі заманға сай жабдықтар, машиналар мен механизмдерді сатып ала отырып, оны әр түрлі мерзімге ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына жалға береді. Олар өз кезегінде мүлікті пайдалануына қарай берешегін біртіндеп өтейді.
Жалпы, лизингтік саланың дамуы экономикалық дамуға бірнеше бағыттар бойынша әсер етеді. Ол шағын және орта кәсіпорындарда өз өндірісін құру және жетілдіруге мүмкіндік бере отырып, шағын және орта бизнестің одан әрі дамуына көмектеседі. Лизинг ұзақ мерзімді қаржыландырудың қосымша формасы болып табылатындықтан күрделі салымдар көлемін ұлғайтады, сол сияқты қосымша қаржы ресурстарын тарта отырып, негізгі құралдардың жаңартылуын тездетеді. Лизинг қаржылық қызметтер нарығында қосымша бәсекелестік туғызады. Лизинг пайда болысымен қаржыландыру құны төмендеп, қаржылық қызметтер нарығы кеңейеді. Ол кәсіпорындардың банкке қарыздарының жоғарылауына жол бермей, негізгі құралдарды иемденуде банктік несиеге балама болып табылады. [4]
Елдегі лизингтік компаниялардың саны біртіндеп өсті. Олардың арасында бәсекелестік болды. Лизинг келісімшарттары тұтынушы үшін қолайлы болды. Бұл дегеніміз, бізде лизинг нарығында көп ақша бар. Авторландырылған тартыстың және көгалдандырудың нашарлауы - бұл үлкен нұр.
Қолданыстағы заңнама лизинг қызметін лицензиялауды талап етпейді. Ең ірі көп тілді лизингтік компания Sony, ақшасы жоқ мыңдаған клиенттерге және банкроттықтың техногендік клиенттеріне ие.
Sony компаниясының лизингтік компаниялары, сондай-ақ дисплейлері әртүрлі техникалық, техникалық тұрғыда күрделі серіктерге жаңартылды. Ауыл Шароашилиские автомобильдер көп ауыстырылды автомобильдер, олар аталды жабдықтар Tauari, олар шағын лизингтік компания болып өзгертілді.
Лизинг - бұл бизнес, коммерциялық оқиға, іскерлік көрме, жаңа формалар және Damudia үшін үнемді экономиканың әлемдік дәстүрі. Тәуелсіз Лизингтік Достастықта көлік, көлік, көлік және көлік, сондай-ақ Дүниежүзілік азық-түлік нарығына тәуелді. Мысалы, елдің астанасы жаңа лизингтік компанияларды дамытуға белсенді қатысады. Егер белгілі бір жалдау мерзімі шарттық негізде пайдаланылса, «Жұмысқа кіріскенде», Foundation Tauari Generations Esepteuge Boladi Dep. Saudasyna balamaly bolatyn parka zabdytytardy nesieleu Сіз жалға formasyna zhatady сатып аласыз. Ақшамен кез-келген транзакция, зарядталып жатқанда, төленуі мүмкін. Мүліктің иесі пайдаланушыға, жалға алушыға қаржылық қызмет көрсетеді. Әрине, Жәкен меншігі болу керек Алди иә, лизинг Алуш мерекесі Сайын оны Жарнау шайыкин, ондықтың бәрін нақышқа айналдыру. [5]
1994 жыл елімізде лизинг инфракұрылымы кеңінен бастау алуының басы болды. Мемлекетте лизингтік компаниялар қарқынды түрде құрыла бастады. Бұл үкімет тарапынан ҚР лизинг саясатының дамуына мүмкіндік берді. Лизинг қатынастарының субъектілеріне отандық рынокта экономикалық ортада лизингтің кең дамуына жеңілдік беруге байланысты құқықтық нормативті актілер қабылданды. Осындай құжаттың біреуі 1994 ж. желтоқсанда «шетел инвестициялар туралы» қабылданған ҚР заңы.
Жалпы алғанда ҚР дағы лизинг нарығы « Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасының заңдары қабылданғаннан кейін қарқынды дами бастады. Қазақстан Республикасыныңми «Қаржы лизингі туралы» заңы ҚРның Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Қазақстан Республикасының « Қаржы лизингі туралы» N 78 Заңы 2000 жылы 5 шілдеде қабылданды. Заң қаржы лизингi процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi және лизинг қызметi негiзiнде инвестициялар тартуға бағытталған. Бұл заңда қаржы лизингінің құқықтық жағдайының, құрылуының, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi.
Осы заңда Қаржы лизингiне келесідей анықтама берілген: “- лизинг беруші сатушыдан өз меншiгіне сатып алған және лизинг шартымен келiсiлген лизинг нысанасын лизинг алушыға белгiлi бiр төлемақысына және белгiлi бiр талаптармен уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге пайдалануға беруге мiндеттенетiн инвестициялық қызметтiң түрi. ” Сонымен қатар, лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын беру мына келтірілген талаптардың біреуіне ннемесе бірнешеуіне сай келуі қажет:
1) Мүлікті лизинг алушының жеке меншiгіне беру немесе тiркелген баға бойынша мүлікті сатып алу құқығын беру лизинг шартында көрсетіледі;
2) лизинг мерзiмi лизинг мүлкінің пайдалы жұмыс істеу уақытының 75 пайызынан асады;
3) лизинг төлемдерiнiң лизингтің бар уақыт аралығындағы ағымдық бағасы лизингтiң мүлкінің бағасынан 90 пайызынан жоғары;
Осы нормативті құқықтық актіге 10 наурыз 2004 ж. толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.
Осы заң бойынша лизингтің нысандары:
- Ішкі лизинг, ішкі лизингті жүзеге асырған кезде лизинг беруші меен лизинг алушы ҚР ның резиденттері болып табылады
- Халыықаралық лизинг, халықаралық лизингті жүзеге асыру барысында лизинг беруші және алушы ҚР ның резиденттері болыптабылмайды.
Сурет 2 де «Қаржы лизингі туралы» заңында көрсетілген лизингтiң түрлерi:
1) банк лизингi - мұнда лизинг берушi банк болып табылады;
2) таза лизинг - ол бойынша лизинг мүлкіне техникалық қызмет көрсетудi және оның ағымдағы жөндеу жұмыстарын лизинг алушы іске асырады;
3) ислам лизингі - ислам банктері ҚРсы ҰБнің лицензиясы негізінде, сондай-ақ акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және банктер болып табылмайтын өзге де заңды тұлғалар жүзеге асыратын лизинг.
Сурет 2 - Лизингтің түрлері
4) қайтару лизингi - сатушы лизинг мүлкін лизинг берушiге осы лизинг мүлкін лизинг алушы ретiнде лизингке алу талабымен сатады;
4-1) қайталама лизинг - лизинг берушiнiң өз меншiгiнде қалған лизинг нысанасы, лизинг шарты тоқтатылған немесе бұзылған жағдайда, осы Заңның 2-бабына сәйкес басқа лизинг алушыға лизингке берiлетiн лизингтiң бiр түрi;
5) толық лизинг - ол бойынша лизинг мүлкіне техникалық қызмет көрсетудi және оның ағымдағы жөндеуiн лизинг берушi іске асырады;
5-1) сублизинг - лизинг алушы (сублизинг берушi) осы Заңның 2-бабына сәйкес, бұрын лизинг шарты бойынша лизинг берушiден алынған және лизинг нысанасын құрайтын мүлiктi төлемақысына және сублизинг шартының талаптарына сәйкес мерзiмге уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн үшiншi тұлғаларға (сублизинг берушiлерге) пайдалануға беретiн лизингтiң бiр түрi; [6]
Лизингтік қатынастарды басқаруды реттеу жолдарын қарастырмас бұрын, ең алдымен, лизингтік қатынастарды басқару жүйесін құрайтын элементтерге талдау жасайық. Себебі қазіргі уақытта лизингтік қатынастар жүйесі әртүрлі елдерде сол елдердің сәйкес заңнамалық базаларына, экономикалық жағдай- ларына және т. б. аспектілеріне байланысты әртүрлі ерекшеліктерімен сипатталады. Осы жағдайлардың барлығы белгілі бір лизингтік келісімдерді бекіту және оларды басқару кезінде көрініс табады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz