Графика жалпы графика тұралы түсінік



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
I.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
1.1 Графика өнерінің қалыптасуы мен дамуы XX ғасыр ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 2
1.2 Графика жалпы графика тұралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3 Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған графика көрмесі ... ... ... ... ...13
II.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
III.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

I.Негізгі бөлім
1.1 Графика өнерінің қалыптасуы мен дамуы XX ғасыр.
XX ғасырдың басында кеңес билігі мен социалистік қатынастың пайда болуы қарсаңында қазақтың ұлттық мәдениетінің қалыптасуы жүзеге асады.
Графика Қазақстанда кеңінен тараған бейнелеу өнерінің алғашқы түрі болды, ал бейнелеу өнерінің жеке түрі ретінде ол Қазақстанда XX ғасырдың басында пайда болып дами бастады. 30 жылдардың басында пайда болған кескіндеме мектебінің ізденістерінің бағыты мен сипатын көпке дейін анықтап берген кескіндемешілер ұжымы қалыптасты. Ол кездері суретші-графиктердің жұмысы кездейсоқ сипатта болып, олар газет бетіндегі мақалаларға иллюстрациялармен және этюдтермен бірге кескіндемелік жұмыстарға қосымша материал қызметін атқарған нобайлармен шектеліп отырды. Сол жылдардағы суретшілердің көптеген графикалық жұмыстары бір-бірінен тек ерекше көркемдік сапасымен ғана ерекшеленбейді, олар жиірек сол кезді бейнелейтін құжат ретінде тарихи қызығушылықты ұсынады.
Сол жылдары графикада реңдік шешім үстемдік құрып, басты назар сюжеттік қырына аударылды, өйткені оқиға туындының образдық сипаттылығын әлсірететін оның ішкі заңдылықтарына күрделі талдаусыз, суретшінің жеке қатынасынсыз бейнеленді. Жеке-дара интерпретацияның күші көптеген суретшілердің өмірді көруінің енжарлығымен төмендетіліп, ол өмірлік факторлардың механикалық тіркеуінің шынайылығын эстетикалық ұғуға алып келді.
Әбілхан Қастеевтің шығармашылығы ұлттық көркемөнер дамуының негізгі ықпалы болды. Ол 1904 жылы Алматы облысында, кедей шаруаның отбасында дүниеге келді. Балалық шағында шопан болды, 1928 жылы Түркістан-Сібір (Түрксіб) темір жолында қара жұмысшы болып еңбек етті. Алғашқы жеке суреттері мен нобайлары осы жылдары пайда болды. Алматыға келген соң Қастеев суретші Н.Г.Хлудовтың жеке студиясына оқуға түседі. 1934 жылы Алматыда Қазақстанның халық арасындағы таланттарын іздестірудің слеті ұйымдастырылды. Қастеев осы слетке қатысушылардың бірі болды. Екі жыл бойы Қастеев Мәскеудегі Н.К.Крупская атындағы халық шығармашылығының үйінде оқыды. 1936 жылдың аяғынан бері Алматыда өмір сүріп қызмет атқарды.
Халық өміріне жақындығы суретшіге біздің өнеріміздің алтын қорына енген шығармаларын дүниеге әкелуге мүмкіндік берді. Оның шығармашылығы тұтастай қазақ халқының тұрмысы мен өмірін бейнелеуге, сондай-ақ туған табиғаттың көріністеріне арналған.
Қастеевтің ертедегі акварельдері мен суреттері көбінде иллюстрациялық, этнографиялық және бір сарынды сипатта болды. Бірақ суретшінің қолтаңбасы біртіндеп азды-көпті ықшамды әрі мәнерлі, ал образдары-лирикалы бола бастайды. Қастеевтің шығармаларында сюжеттердің нақтылығы мен дәйектер олардың баяндалуының керемет аңғырттығымен үйлеседі. Суретшінің көзі ең қарапайым нәрседен ерекше нәрсені көруге дейін қабілетті.
Табиғатымыздың әрбір бұрышындағы дәйектер туралы, адам туралы әңгімелей отырып, суретші өзінің пікірі бойынша ең маңызды әрі оған тән түрліліктің бейберекетсіздігінен әлдебір нәрсені таңдап алып оны тыңғылықты баяндайды.
Қастеевтің сүйікті техникасы -- акварель. Ол құрғақ қағазға болашақ бейненің сызықтарын қарындашпен алдын ала түсіре отырып, мөлдір жазады.
30-жылдарға Қастеевтің натураға қарап салған портреттері жатады. Сондай-ақ Топтық портрет (1930), Автопортрет (1931), Суретшінің қарындасының портреті (1932), Түрксіб (1932), Кітап ұстаған қыз (1932) жұмыстары тушьпен немесе акварельмен орындалып, суретші бойындағы сарқылмас талант туралы сыр шертеді. Негізінен бұл суретшінің туыстары мен таныстарының портреттері, олар сәл аңғырттау, бірақ образдардың мінез-құлқын беруде олар өте дәл және үлкен сүйіспеншілікпен орындалған.
Қастеев акварельде қалай жұмыс жасаса, майлы бояумен де солай еңбек етеді. Жеке көркемдік міндеттерді шешетін композицияларға көп көңіл бөледі. Бірақ ол кескіндеме мен графикада да бірдей деңгейде ерекше, сонымен қатар, ол ешкімді қайталамай кескіндемедегідей графикада да ойлы әрі көп жұмыс жасайды. Қастеев түстік дақ пен сызықтың мәнерлілігін өте өткір сезінеді. Ол натурадан және қиялынан көп сурет салады, соған қарамастан оның суреттері тек қана сауатты емес, сондай-ақ олар бейнелі.
1937-41 жылдары Қастеев Ескі және жаңа тұрмыс тақырыбына арналған бір тұтас топтамасын дүниеге әкеледі. Салық жинаушылар (1940), Ескі мектепте кедейге орын болмады (1940), Құрғақшылық кезіндегі молданың дұғасы (1940) атты шығармалары феодалдық билік пен надандық ғұрып үстемдік еткен революцияға дейінгі Қазақстанның өмірінен хабар берді.
Қазақстандағы бірінші суретші-графиктердің қатарына Әубәкір Ысмайылов енеді. Ә.Ысмайылов 1913 жылы Қарағанды облысында шахтердің отбасында дүниеге келді.
Оған бірізді білім алудың мүмкіндігі тумаса да, ол өте көп әрі жемісті еңбек етті. Ол біршама уақыт Омскідегі көркем-сурет училищесінің ВХУТЕМАСтағы графика бөлімінің студиясында оқыды.
Ол дүниеге әкелген туындылардың тақырыбы сан алуан: индустриалды Қарағанды, шахта, забойлар және Қазақстан табиғаты. Ертеректегі Ысмайылов шығармашылығын Қарағанды (1932), Қарағанды шахталары (1932) және т.б. [2, 56] тушьпен орындалған графикалық беттегі жұмыстары сипаттайды. Қатал композиция, жұмысшылардың ашық баяндалған силуэттері шахтерлардың еңбектегі ерекше ауыр өмірлерінің шиеленісін айрықша баса көрсетеді. Жылдам айқыш-ұйқыш сызықтармен, композицияның дәл құрылымымен, жарық пен көлеңкенің үлкен жазықтықтарының қайшылығымен суретші еңбек тақырыбын мәнерлеуде динамика мен экспрессияға қол жеткізеді.
Отызыншы жылдардың көптеген өзге де суретшілері сияқты Ә.Ысмайылов плакаттар мен карикатураларды дүниеге әкеле отырып, қолданбалы графикада көп еңбек етеді. Сол жылдары ол Еңбекші қазақ, Лениншіл жас және т.б. республикалық газеттерде қызмет етіп, онда оның суреттері, карикатуралары, достық шарждары мен плакаттары басылып тұрды.
Әубәкір Ысмайылов қазақ халқының тарихымен және мәдениетімен қызықты, халық биін зерттеуге ерекше көңіл бөлді. 1961 жылы Д.Абировпен авторлық бірлестікте Қазақтың халық биі атты кітап шығарды.
Ә.Ысмайылов акварель мен майлы бояуда жұмыс жасай отырып Қазақстанның табиғатына көп уақытын бөлді. Ол алқаптарды, таулар мен өзендерді поэтикалы жырлап өтті. Сарысу алқабы, Алатаудың қайта жаңарған алқабы (1949), Қарағандыдағы төртінші (Федоровский углеразрез) көмір кені (1951), және т.б. көптеген жұмыстары Әубәкір ЬІсмайыловты туындының композициялық құрылымын және колоритті нәзік меңгерген, Қазақстан даласындағы өмірді өте жақсы білетін суретші ретінде көрсетеді.
Суретші не нәрседе жұмыс жасаса да - кескіндемелік немесе графикалық композиция болсын, ол бәрінен бұрын образдық міндеттерден бастау алады. Пішін мәселелесі әрқашанда бейнеленушінің мәнінен бағындырылған. Сондықтан да үнемі оның кенептерінде немесе парағында сызық, түстік немесе масштабтық қатынасы өткір сипатты және олар ойластырылған бейнеге балқытылып енгізілген. Әр жұмысына тоқталғанда композиция туралы айтпасақ та болады, өйткені оның этюд немесе жылдам жасалған нобайы болсын, олардан суретшінің шебер қолын ғана емес, оның ойын, терең сезімін көре аламыз. Суретшінің барлық жұмысын бірдей біртуар туынды деп дауласа алмаймыз, алайда оларда ең бастысы - шабыт пен шығармашылыққа деген үлкен жігер бар.
Осы жылдары Ысмайылов Теңіздің ар жағынан, Шыдамай кетті және т.б. плакаттары мен карикатураларын дүниеге әкелді.
30 жылдардағы Қазақстанның плакаттық өнері жарқын мәнерлілікке әлі де болса не бола қоймаған еді. Бұл кескіндемешілер мен графиктердің осы салада эпизодты түрде жұмыс істеуімен түсіндіріледі. Суретшілердің ешқайсысы тек бір ғана плакат саласында жұмыс жасаған жоқ. Ә.Ысмайыловтың Теңіздің ар жағынан (1933) атты плакаты Жапонияның Манчжурияға соғыстық шабуыл ашқан күндерінің бірінде салынған.
Әубәкір Ысмайылов графикалық өнердің плакат және карикатура сияқты әртүрлі жанрларында жұмыс жасауға талпынды. Өз заманының заманауи әрекеттеріне ол лайықты жауап берді. Бірақ, Ысмайыловтың өзінің қондырғылы жұмыстарында пішіннің үлкен мәнерлігіне, тілдің өткірлігі мен ашықтығына қол жеткізгенін ерекше атап өту керек.
20 жылдардың аяғы мен 30 жылдардың басында көркемөнер сахнасына ағалы-інілі Қожахмет пен Құлахмет Қожықовтар шығады.
Қожахметтің (1910-1954) колхоз ауылының еңбектегі өміріне арналған бірнеше тақырыптық туындылары акварельде орындалған. Егін бастырған кез (1937), Газет оқу үстінде (1937) және т.б. секілді суреттерінде суретші колхозшылардың ұжымдық еңбегін бейнеледі. Әр парағында ол 30 жылдардағы кайта дүниеге келген жас ауылдың қалыптасу сәтінің атмосферасын барынша дәл жеткізуге тырысады.
Құлахмет Қожықов көркем фильмдерге арналған киім костюмдерінің эскиздерімен, декорациялармен көп жұмыс жасады, сондай-ақ суретші кітап көркемдеуге көп көңіл бөлді. Ксилография техникасында ол Абай Құнанбаев пен Тарас Шевченконың шығармаларын иллюстрациялады.
Суретші қондырғылы туындыларында қазақ ауылының тұрмысын, дәстүрін және тарихын бейнелеуге тырысады. Құлахметтің жұмыстарынан өз халқының жағдайына терең күйзелуі, оның бақытсыздығы мен даладағы көшпенді өмірінің қуанышын түсінуі байқалады.
Қазақ графикасының дамуында жарқын із қалдырған келесі суретшілердің бірі суретші-график Г.Брылов болды. Брылов Революция Суретшілері академиясының Суретшілер одағының Ленинградтағы бөлімінің графика факультетін бітірген. 30 жылдары Алматыға келгесін Брылов графикада жемісті еңбек ете бастайды.
Суретші-графиктің үлкен кәсіби шеберлігін иелене отырып Г.Брылов өз күшін жан-жаққа шашпай, оны натураны көркемдеп жеткізудің міндеттеріне тоғыстырады. Брылов үнемі материалда жұмыс жасады. Ол офорт техникасында көптеген жұмыстарын, сондай-ақ суреттер мен акварельдердің үлкен бөлігін дүниеге әкелді. Пейзаж, натюрморт және портреттер оның шығармашылығында үлкен орынға ие. Кішкене көлемдегі пейзаждары өздерінің камералығымен, жеке-даралығымен, ондағы тыныштық жағдайының нәзік жеткізілуімен оның шығармашылығына тән. Суретші оларды қоршаған іс-әрекетте қабылдайды. Бұл оның шығармашылығында өзіндік қолтаңбасын қалдырады. Кішігірім, бірақ дәл нәзік параллельдегі, тек кейде ғана бір-бірімен байланысатын, акварельмен боялған офорттың сызықтары мен штрихтары арқылы суретші табиғаттағы жарық-көлеңкелі реңдердің байлығын жеткізеді: Сарқырама (1940), Натюрморт (1939), және т.б. көптеген жұмыстарында. Гүлдеген өрік (1940) атты офорты қуаныштың жайдары көңіл-күйімен ерекшеленеді. Мұның барлығы тыныштық сезімімен өріліп, үнсіз әрі ұлы табиғаттың ғажайыбымен толықтырылған.
К.Байсейітованың портреті (1939), Ер адамның портреті (1942) және т.б. секілді портреттік шығармаларында Г.Брылов образдың сыртқы ұқсастығына көп мән бере отырып, образдың кейбір жеке-даралық белгілерін жеткізуге тырысады. Алайда, ол портреті салынушының тереңдегі психологиялық жағдайын жеткізе алмайды.
Осы жылдары жұмыс істеген өзге шептегі суретшілердің бірі, майданда қаза тапқан, ерекше дарынды Л.Гербоновский (1918-1943) болды. Бұл бәрінен бұрын суретті нәзік салудың шеберлігін игерген суретші болатын. Оның шығармалары динамикалы, барынша ықшамды болып, сызықтарының ырғақтылығымен және сұлулығымен ерекшеленеді. Өзі бейнелеген нәрсенің барлығын ол тек бір ғана нәзік, жеңіл сызықтың қимылы арқылы әрекетке келтіріп отырды. Қазақтың мемлекеттік көркемсурет галереясында оның ғажап шеберлігінен туындаған бірнеше суреттері орналасқан -Қыз портреті (1937), Барлауда (1938), Шабандоз (1937) және т.б.
1941 жылдың мамырында Қазақстанның Суретшілер одағы бірінші рет республикамыздың газет-жорнал баспаларында жұмыс жасайтын графиктердің шығармашылық жиналысын өткізді. Сол кездері Қазақстандағы Суретшілер одағының төрағасы болған Г.Брылов баяндама оқыды. Ол кейбір суретшілердің шығармашылығына сыни көзқарасын білдірді, бірнеше әлсіз шығармаларды талдады, олардың ішіндегі А.Заковряжиннің, В.Нестерованың жекелеген жұмыстары да кірді. Баяндамашы суретшілердің жорналдар мен газеттерге арнап аз көлемде сурет салатынын ескертті, оның үстіне олар суреттерінің астына көбінде өздерінің аты-жөндерін жазбайтынын және бұл олардың өз жұмыстарына деген жауапкершіліктерінен бас тартатынын айтты.
1941 жылы Қазақстанның Суретшілер одағының графика секциясында суретші С.Калмыков шығармашылық есеп берді, онда тақырып пен ойдың жан-жақтылығымен ерекшеленген оның суреттері, акварельдері мен офорттары қойылып, Оринбург келбеті бейнеленген қарындашпен салынған нобайлары экспозицияланды.
Соғысқа дейінгі жылдардағы Қазақстан графикасының дамуын қорытындылай келе бұны суретшілердің, әсіресе графиктердің шығармашылық ұйымы қалыптасуының бастапқы кезеңі деп айтуға болады.
Көптеген суретшілер әлі де болса шығармашылық әдістерін аяғына дейін анықтамаған еді. Суретшілердің көбі көрмелерге әрі кескіндемеші, әрі график ретінде біруақытта қатысып жүрді. Осы тұрғыда мақсатты түрде графика саласында тек Г.Брылов, Л.Гербановский және И.Савельев қана жұмыс істеді.
Қондырғылы графиканың ең негізгі түрлері қарындашты сурет, акварель және тушь болды. Жиірек олар кескіндемелік туындылар жасау үшін қосымша материал ретінде жүрді. Г.Брылов осы жылдары офорт шеберлігін меңгерген жалғыз суретші болатын.
Аталған жылдарда акварельде ең жоғарғы шеберлікке Ә.Қастеев, А.Бортников, Н.Крутильников және Қожахмет Қожықов жетті. Олардың туындылары мазмұнының көпқырлылығымен ерекшеленіп, жиірек сол кездегі кескіндемеге қарағанда өмірді толығырақ бейнелеп отырды.
Өкінішке орай, 20-30 жылдары Қазақстандық суретшілер дүниеге әкелген графикалық туындылардың барлығы дерлік бірдей бүгінгі күнге дейін жеткен жоқ. Көпшілігі жоғалып кетті. Бұл сол жылдардағы графиканы зерттеуді едәуір күрделендірді, сондықтан осы жұмыстың авторына графиктердің шығармашылығы мен олардың жеке жұмыстарын кеңірек талдауға мүмкіндік бермеді.
Тұтастай алғанда Қазақстандағы графика өнері, суретшілердің республикамыздың осы кездегі өмірін шынайы әрі толыққанды жеткізетін реалистік сурет шеберлігін игеруі жолында болды. Осы жоспарда графиктер жеткен жетістіктер қазақ өнерінің әрі қарай дамуы мен өсуінің жағдайын жасап берді.
Ұлы Отан соғысы жылдары елдің барлық жерлеріндегідей Қазақстанда да саяси-үгіт графикасы үлкен орынды иеленді. Суретшілердің барлығы дерлік (сонымен қатар, Мәскеу мен өзге қалалардан эвакуацияланған) ҚазТАГ-тың беттеріне қатысты, дегенмен өнердің жетекші түрі кескіндеме болып қала берді.
Суретшілердің міндеттері олардан ішкі үлкен қызуқандылықты және жоғарғы кәсіби шеберлікті талап етеді. Халыққа кеңес адамының ең қасиетті сезімдерін бейнелейтін шығармалар керек. Жоғары көркемдік деңгейдегі терең идеялық туындыларда, суретшілер, жауынгерлердің бойында жауды жеңуге көмектесетін ержүректік пен өшпенділік сезімдерін тәрбиелеу үшін Отан соғысының мәнін ашу қажет. Соғыс басталған күннің тап ертеңіне Кукрыникстердің Жауды талқандау атты плакаты шыққаны белгілі, солардың ізін ала артынша И.Тоидзе, В.Корецкий мен т.б. көптеген суретшілердің плакаттары пайда бола бастады. Ұлы Отан соғысы жылдары кеңес графиктерінің сол заматында, өте қиын жағдайда дүниеге келген шығармалары жауды жаппай қыруда шынайы қаһармандық және патриоттық роль ойнады.
1943 жылы Алматыда Ұлы Отан соғысының екі жылдығына арналған II республикалық көркемсурет көрмесі ашылған болатын. Көрмеде кескіндеме, графика, мүсін, үгіт-плакат туындылары және кино мен театр суретшілерінің жұмыстары қойылып, шамамен жүз суретші мыңға жуық туындыларын ұсынды. Жиналған материалдардың негізінде олар көрмеде экспозицияланған көп туындыларды дүниеге әкелді.
Көрме ретроспективалық сипатта болып, халықтың қаһармандық өткенін, Ұлы Отан соғысы жылдары өткен күндерінің өмірін, индустрияның, ауылшаруашылығының, табиғаттың хал-ахуалы мен дамуын көрсетті.
Ә.Қастеевтің осы жылдары көп еңбек еткен, майлы бояумен жазылған Амангелді Иманов және Торғай жорығы атты жұмыстары, сонымен қатар акварельдер топтамасы ерекше көзге түсті. Ә.Қастеев пейзажы үнемі адам тынысымен тіріле түседі. Суретші табиғатты одан бөліп алып, жеке-дара қарастырмайды.
Ә.Қастеевтің Табын және т.б. көптеген шығармаларында
Қазақстанның ұлы табиғаты өзінің барлық сұлулығында берілген. Суретші бірінші акварелінде тау етегіне жайғасқан қазақ ауылын, олардың керемет жайылымдары мен киіз үйлерін бейнеледі. Жазғы ыстық күн, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік графиканың маңызы
Модель және модельдеу ұғымдары
Компьютерлік графика негіздері
Графика бейнелеу өнерінің жанры
Болашақ бейнелеу өнері муғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлау жайлы
Компьютерлік графика туралы түсінік
Компьютерлік анимация
Графика туралы түсінік
Графика және жобалау пәнінің мектеп бағдарламасындағы орны
Flash фильмін құрудың жалпы схемасы
Пәндер