Пиктографиялық жазулар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 2

I. Негізгі бөлім . . . 3

1. 1 Жазудың шығуы жəне оның даму кезеңдері . . . 3

1. 2 Пиктографиялық жазулар . . . 5

1. 3 Идеографиялық немесе логографиялық жазулар . . . 6

1. 4 Əріптік немесе дыбыстық жазу жəне əліпби . . . 11

1. 5 Алғашқы жазу құралдары . . . 11

II. Иероглиф . . . 11

III. Қорытынды . . . 14

IV. Пайдаланған әдебиеттер . . . 15


Кіріспе.

Тіл өзінің қатынас құралы болуы қызметін ауызша түрде де, жазбаша түрде де атқара алады. Дыбыстық тіл жазу арқылы таңбаланады. Соның нəтижесінде оның қатынас құралы ретінде қолдану шеңбері кеңееді. Жазу (жазба тіл) - адамдардың кеңістік пен уақытқа тəуелді болмай, өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Ал ауызекі тіл жайында мұны айта алмаймыз. Ауызекі тілмен сөйлесіп, қарымқатынас жасау мүмкіндігі сөйлесуші мен тыңдаушының арасындағы кеңістікке байланысты болады да, оның шеңберінен шығып кете алмайды. Ол кеңістіктің шеңбері құлаққа естілудің мүмкіндігімен ғана өлшенеді де, адамдар ауызекі тіл арқылы жүзбе-жүз кездескенде ғана, бір-бірімен сөйлесіп пікір алыса алады. Алайда мұндай салыстыру ауызекі тілдің қызметі мен құндылығын ешбір төмендете алмаса керек. Ауызша тіл күнделікті өмірде ауызба-ауыз сөйлесіп, қарым-қатынас жасауда, тікелей өзара пікір алысуда айырықша қызмет атқарады. Жазба тілдің ауызекі тілден (устная речь) кейін пайда болғаны, оның (жазба тілдің) жазудың шығып жасалуымен байланысты екендігі белгілі. Жазудың шығып жасалуының, соған сай жазба тілдің жасалуының күллі мəдениет атаулының тарихында орасан зор маңызы болды жəне болып та отыр. Жазусыз мəдениет атаулыны, цивилизация атаулыны көзге елестетудің өзі мүмкін емес. Көрнекті жазушы Леонид Леонов жазудың маңызы туралы былай дейді: Адамдардың тегін қорлық жағдайдан бөліп алып шыққан, өткен замандарда ашылған ұлы жаңалықтардың ішінде жазу өте-мөте үлкен рөл атқарады. Алфавиттің туған күнін адамдардың өзін-өзі біліп ұғынуындағы дəуір деп елестетуге болады, осыдан кітап басу станогының пайда болуына тура жол ашылды. Адам өзінің қазіргі биігіне нақ кітап арқылы баспалдақпен көтерілгендей көтерілді. Адам білімді негізінен, жазба тіл арқылы, жазылғанды оқу арқылы алды. Адамзаттың сонау көне дəуірден бастап, біздің заманымызға дейінгі талай ғасырлар бойына ғылым мен техника, əдебиет пен өнер саласында жасаған күллі мəдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген де - жазба тіл. Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталады. Көне жазуды да, қазіргі жазуды да зерттеп білудің əрі теориялық əрі практикалық үлкен мəні бар. Көне жазу нұсқаларын талдап оқи білу ерте заманда өмір сүріп, қазір де өлі тілдерге аналған тілдермен танысуға жəне оны білуге мүмкіндік береді. Мұның тіл тарихын зерттеуде орасан зор маңызы бар. Жазудың тарихын зерттеп білу тіл білімі үшін ғана емес, сонымен қатар тарих ғылымы үшін де, археология мен этнография үшін де айырықша маңызды.

I. Негізгі бөлім.

1. 1 Жазудың шығуы жəне оның даму кезеңдері

Қазірде біз жазба тіллді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша түрде əріптердің тіркесімен белгілену деп түсінеміз. Бірақ алғашында бұлай болмаған. Жазудың тарихына көз жіберсек, əріппен таңбалаудың кейінірек пайда болғанын көреміз. Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып келді. Жазудың мыңдаған жыл бойында дамып жетілуімен бірге, оның принцыптері де өзгеріп отырды. Жазудың жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады. Ол таңбалар сөзді, не буынды, немесе дыбысты белгілейді.

Сурет арқылы жазу

Ежелгі адамдар үңгірлерге, жартастарға, тастарға, кейіннен құмыраларға әр түрлі суреттер салды. Суреттерді оюлап, кестелеуді білді. Ру-тайпалық қатынастардың дамуы барысында тайпалар кең аймақтарды мекенднді. Енді алыстағы туыстарына хабар беру, жағдайды жеткізу қажеттілігі туды. Соның барысында жазу пайда болды. Жазудың ең алғашқы түрі, суреттер арқылы айтпақ болған ойды бейнелеу. Мысалы, ежелгі адамдар өз көргендерін, ойында сақталған кейбір оқиғаларды сурет арқылы бейнелеуге болатынын байқады. Сөйтіп сурет арқылы жазу пайда болды. Олар тау деп жазу үшін таудың, орман деп жазу үшін орманның суретін салды. Орманға бардым деп жазу үшін, орманға бара жатқан адамдардың суретін жасаған. Этногрофтар бұндай сурет жазудың көптеген түрін кездестірген.

Таңбалардың пайда болуы

Сурет арқылы жазу өте күрделі болды. Ол, ең алдымен, сурет сала білуді талап етті. Ал кез келген адамның қолынан сурет сала білу келе бермейтін еді. Оның үстіне, суретарқылы жазу көп уақыт алды. Сондықтан енді әрбір нәрсенің ерекшелігін көрсететін шартты белгілер арқылы бейнелеп жаза бастады. Сурет арқылы жазумен салыстырғанда жазудың жаңа, жетілдірілген түрі. Бірақ бұлда шеберлікті қажет етті.

Әріптер мен алфавит

Суреттер, шартты сызықтар мен таңбалардың әрқайсысы бір сөзді білдірді. Жаңбыр деп жпзу үшін аспанды білдіретін жұлдыз бен суды біріктіре, қосып жазды. Әрбір заттар, өсімдіктер мен жануарларды таңбалар арқылы бейнеледі. Сондықтан таңбалар саны өте көп болып кетті. Сондықтан жазуды қарапайымдау ету жолдары мен тәсілдері іздестірілді. Таңбалармен жаза жүріп, кейбір адамдар ол таңбалардың дыбыстық мәнң бар екенін байқады. Мысалы су таңбасы енді с әріпіне айналды, ал тау таңбасы т әріпін берді. Осылайша әріптер пайда бола бастады. Әріптер жазуды жеңілдетті, әрі тезірек жазуға мүмкіндік берді. Енді оларды жүйеге келтіріп, дыбыстық ерекшеліктеріне қарай реттеді. Сөйтіп, әріптердің алфавиттік жүйесі -әліпби пайда болды.

Əрбір жазбаша таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады. Жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарды, не жеке сөзді, не буынды, не дыбысты белгілеуіне қарай жазудың төрт түрі бар.

Alta petroglyphs.jpg

1. 2 Пиктографиялық жазулар .

Бұл - жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазу - суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те атайды. Пиктографиялық жазудың ескерткіштері əр түрлі суреттердің жиынтығынан құралған. Əрбір сурет өздігінен бүтіндей хабарды білдіре алады. Ол хабар графикалық жағынан жеке сөздерге бөлшектенбейді. Осыған орай пиктограмма тілдік формаларды емес, оның мазмұнын бейнелейді. Осылай болғандықтан пиктограммалардың мағынасын əр түрлі тілдерде сөйлейтін адамдар түсіне алатын болған. Пиктографиялық жазуға таңба ретінде адамның, қайықтың, малдың, тоғайдың тағы басқалардың суреттері қолданылған. Адамдар басқа біреулерге нені хабарлап білдіргісі келсе, соның суретін салған. Мысалы, мен аң аулауға кеттім дегенді білдіру үшін адамның суретіне қатарластырылып тоғайдың жəне аңның суреті салынған. Алғашында өнер мен жазу бір - бірінен ажырамай, синкретикалық қалыпта болды. Суретті - синкретикалық жазу шығу тегі жағынан ең алғашқы көне өнерге, сурет өнеріне барып тіреледі. Пиктографиялық жазудың тұңғыш рет шыққан мерзімі ең алғашқы сурет өнерінде əр түрлі суреттерді бейнелеу қызметінен бірдеме жайында хабарлау қызметіне ауысу кезінен басталады. Демек пиктографиялық жазу ең алғашқы суретті жазудың таңбалары - пиктограммаларға айналу кезінен басталады. Мұның өзі өте көне дəуірге барып тіреледі. Зерттеушілер суретті - синкретикалық (пиктографиялық) жазу ең алғаш рет неолит дəуірінде пайда болды деп есептейді. Пиктографиялық жазуды аң аулайтын жəне балық аулайтын халықтар жиі қолданатын болған. Пиктографиялық жазу басқа тілдерге қарағанда полисинкретикалық тілдерге бір табан жанасымды болды. Жоғарыда атап өткеніміздей, пиктограммалар бүтіндей хабарды білдіретін, бөлшектеп ажырата беруге келе бермейтін күрделі таңбалар болған. Пиктограммалардың синкретикалық мұңдай сипаты полисинкретикалық тілдерге үйлесімдірек болғандықтан, пиктографиялық жазуды басқалармен салыстырғанда, полисинкретикалық тілдерде сөйлейтін халықтар (ацтектер, америкалық индеецтер, мысалы, прокездер, Қиыр Солтүстіктің көптеген халықтары жəне кең түрде қолданатын болған. Алайда бұған қарап, тілдердің полисинкретикалық құрылысы пиктографиялық жазуды тудыруға себепші болды деп санауға болмайды. Пиктографиялық жазу басқа типті тілдерде сөйлейтін халықтарда да болған. Бұл жерде əңгіме тілдердің полисинкретикалық құрылысы осы тілдерде сөйлейтін халықтарда пиктографиялық жазудың дамуына мүмкіндік берген жағдайлардың бірі екендігі жайында болып отыр. Пиктографиялық жазу өте жабайы жазу болды, оның кең мазмұнды ойды түгелімен жазып жеткізуге мүмкіндігі болмады. Пиктографиялық жазудың тəсілін қазірде де кездестіруге болады. Мысалы, көшеде жүрудің тəртібін аңғартатын əр түрлі белгілердің, магазиндер мен шеберханалардың жарнамасындағы бас киімнің, аяқ киімнің түрлерінің суреттері, сағаттың, примустың жəне тағы басқа суреттерінің пиктографиялық сипаты бар.

Сюй иероглиф.PNG

1. 3 Идеографиялық немесе логографиялық жазулар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл және қоғам
Тіл – адам баласының ой-санасында танылған әлемдік бейненің, болмыстың ұғымдық белгісі
Жазудың шығу тарихы
Фразограммалар - бұл тарихтағы адамзаттың жасаған алғашқы жазуы
Жазудың алғашқы түрлері
Графикалық лингвистиканың негізгі ұғымдары
Графиканың қалыптасуы және дамуы
Жазу және жазба тіл
Пиктографиялық жазу
Әріп пен ен-таңба арасындағы бұлдыр сағым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz