Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси құқықтары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 100 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім жӘне ғылым министрлігі

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗДЕРІ

Студенттік топтар кураторларына көмек ретінде

6-кітап

ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтің редакциясымен.

Құрастырушы-aвторлар: О.В. Бакбардина, Л.Г. Матвеенкова,
Ғ.А. Қыстаубаева, Н.Қ. Смағұлов, Ә.Х. Нөкербекова, Н.Ж.
Сәрсенбеков,
К.В. Ушакова, Е.А. Лобынцева, Л.Н. Воронкова, Ж.Т. Мұсаева, Д.Г.
Шорманбаева, С.Б. Балшыкеев, М.М. Қарасартова, К.Н. Әлсенова.

Құқықтық тәрбие негіздері. Студенттік топтар кураторларына көмек
ретінде. 4-кітап ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтің редакциясымен –
Қарағанды: Қараганды мемлекеттік техникалық университеті баспасы, 2009. –
99 б.

Жинақта азаматтық қоғамды және құқықтық мемлекетті қалыптастыру
мәселелері, Қазақстан Республикасындағы адам мен азаматтың негізгі
конституциялық құқықтар мен бостандықтары мақалаларда қарастырылған, сондай-
ақ білгені студентке пайдалы болуы мүмкін құқықтық нормалар туралы
түсініктер берілген. Жинақ материалдары кураторларға куратор сағаттарын
және Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өнегесінде
Отаншылдық тәрбие тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде басқа шараларды
дайындау үшін ұсынылады.

©
Қарағанды мемлекеттік

техникалық университеті, 2009
Кіріспе

Құқықтық тәрбие құқықтық білімді, құқықтық тәжірибені, құқықтық
мәдениетті және қоғамның құқықтық мұраттарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу
бойынша мақсатты қызметті білдіреді. Құқықтық тәрбиенің мақсаты - жеке
адамның да, жалпы алғанда, қоғамның да құқықтық санасын және құқықтық
мәдениетін қалыптастыру.
Жеке тұлғаны құқықтық әлеуметтену ісіндегі құқықтық тәрбие мәнінің
көрсеткіші ҚР мемлекеттік егемендігі қалыптасуының алғашқы жылдарында
еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша Қазақстандағы
оқушы жастардың құқықтық тәрбиесінің тұжырымдамасын (Президенттің 1995ж.
21 маусымдағы жарлығымен бекітілген) әзірлеу болды. Тұжырымдама жоғары
құқықтық сана мен заңдарға құрмет дәстүрлерін қалыптастыруды, заңға
саналы түрде құрмет көрсету мен оны өмірлік тәжірибеде белсенді пайдалана
білуді құқықтық тәрбиенің басты мақсаты ретінде белгіледі.
Сөйтіп, жоғары оқу орнындағы құқықтық тәрбиенің мақсаты құқық
бұзушылықтың алдын алу және таңдалған еңбек қызметіне даярлау процесінде
арнайы құқықтық білімді беру ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның
дүниетанымдық көзқарасын, оның адамгершілік-құқықтық қасиеттерін, ал атап
айтқанда: адамның жоғары азаматтылығын, оның жалпы құқықтық мәдениетін және
әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру мәселесі болуы тиіс.
Н.Ә. Назарбаев Конституция күніне арнап, сөйлеген сөзінде атап
өткендей, Біздің ортақ парызымыз - Ата заңды құрметтеу, оны өз Отанымызды,
өз Тарихымызды құрметтегендей қадір тұту (Казахстанская правда, 2009, 31
тамыз).
Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР-дағы адам мен
азаматтың негізгі конституциялық құқықтары мен міндеттерін, жеке тұлғаның
девиантты тәртібінен туындаған құқықтық жауапкершілігі мәселелерін
зерделеуді міндет етеді. Сонымен қатар, Президент Н.Ә. Назарбаевтың
қазақстандық қоғамды әрі қарай демократияландыру және саяси жаңарту
бойынша бастамалары сияқты маңызды мәселеге ерекше назар аударылуы тиіс.
Осы, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаның құқықтары мен
бостандықтары жүйесінің демократияның негізгі принциптеріне, атап айтқанда
Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясына сәйкестігін сезінуі
қазақстандық отаншылдықты қалыптастыру факторларының бірі болуы тиіс.
Ұсынылып отырған жинақта Қарағанды мемлекеттік техникалық
университетінің оқытушылары дайындаған, құқықтық мемлекет пен азаматтық
қоғам туралы, Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары
мен бостандықтары туралы, құқық бұзушылықтар мен құқықтық жауапкершілік
түрлері туралы, сондай-ақ еңбек, отбасы және басқа заңнамалар негіздері
туралы түсінік берілген мақалалар бар. Олар Құқықтық тәрбие негіздері
тақырыбы бойынша куратор сағаттарын дайындау және өткізу кезінде
кураторларға ақпараттық көмек көрсете алады.

Мемлекеттің басты институты

Парламент Мәжілісінің депутаты,
Нұр Отан ХДП фракциясы
Әлеуметтік кеңесінің төрағасы
Айткүл Самақова

Біздің еліміздің болашағын белгілейтін басты институт Отбасы институты
болып табылады. Парламент Мәжілісінде Нұр Отан партиясы фракциясының
Әлеуметтік кеңесінің қамқорлығымен өткен екі конференцияның күн тәртібінде
отбасы және неке, сондай-ақ республикадағы демографиялық жағдайды жақсарту
мәселесінің бірінші кезекте болғаны кездейсоқ емес.
Нұр Отан партиясының әлеуметтік бағдарламасы ауқымды және көп қырлы.
Ол білім беру, денсаулық сақтау және зейнетақымен қамтамасыз ету
саласындағы әлемдік стандарттарға қол жеткізуді, спортты дамытуды және
салауатты өмір салтын қалыптастыруды, халықтың барлық топтары үшін сапалы
тұрғын үйдің қол жетерлік болуын, сондай-ақ әйелдер мен жастардың
қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік салаға белсенді қатысуын
көздейді. Қойылған міндеттерді іске асыру үшін Әлеуметтік кеңес құрамында
еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон мәселелері; денсаулық сақтау
және демография, ғылым және білім; мәдениет және жастар саясаты; отбасы
саясаты және гендерлік теңдік мәселелері бойынша төрт комиссия құрылған.
Осы мәселелерді аса объективті зерделеу үшін, сондай-ақ жан-жақты
ойластырылған шешімдер қабылдау үшін комиссиялар құрамына Сенат пен
Мәжіліс депутаттары ғана емес, сонымен бірге ғалымдар, министрліктер мен
ведомстволар басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес және халықаралық
ұйымдардың өкілдері кірді.
Соның арасында кеңес отбасы мен демографиялық саясат мәселелеріне
басты назар аударды, өйткені мемлекеттің әлеуметтік саясатының барлық
негізгі бағыттары осыларға тоғысқан. Біздің елімізде отбасы институтын
қолдау үшін көптеген істер атқарылуда. Отандық экономиканың өсуімен
халықтың табыстары да жоғарылап келеді, ана мен баланы қорғауға жұмсалатын
шығындар, балаларға, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге берілетін
мемлекеттік жәрдемақы мөлшерлері артуда, еңбек зейнетақылары ұлғаюда.
Сонымен бірге қазіргі уақытта бүкіл әлемдегідей, біздің елімізде де
отбасы институты дағдарыс кезеңін бастан кешіруде. Қоғам ұяшықтарының саны
азайып келеді, ажырасушылар мен ресми некеде болмаған тұлғалар саны артып
келеді. Осыған орай, толық емес отбасылар мен некесіз туылған балалардың
үлес салмағы ұлғайып келеді, өйткені азаматтардың, әсіресе жастардың едәуір
бөлігі батыс елдердің тәжірибесі бойынша тіркелмеген некемен тұрады. Бұл
даму бағыттары көптеген әлеуметтік проблемаларға ұласады, олардың арасында
- халық денсаулығының нашарлауы, маскүнемдік пен нашақорлықтың, жыныстық
жолмен жұғатын аурулардың таралуы, зорлықтың, балалар мен бозбалалар
қылмысының көбеюі.
Қазақстанда отбасы институтын дамыту перспективалары туралы қоғамдық
пікірді зерделеу үшін Әлеуметтік кеңес ҚР Президенті жанындағы отбасы
істері және гендерлік саясат жөніндегі Ұлттық комиссиямен бірлесіп, әрі БҰҰ
тұрғын халық Қорының қолдауымен еліміздің барлық аймақтарын қамтып, ірі
ауқымды социологиялық зерттеулер жүргізді. Оның нәтижелері өте қызықты
болып шықты. Ең алдымен, олар отбасының бұрынғыдай қоғамның басты институты
болып табылатынын көрсетті. Ол өзінің мәнін жоғалтпағаны туралы шетелдік
сарапшылар мен зерттеушілер айтады. Сұралғандардың көпшілігі өмірдегі
негізгі құндылық отбасы деп санайды.
Жүргізілген зерттеулер Қазақстандағы отбасы жағдайының анық картинасын
берді. Сұралғандардың үштен екісі (67 пайызы) - нуклеарлы отбасында (ата-
аналары және балалары), төртінші бөлігі (25 пайызы) — кеңейтілген отбасында
(ата-аналары, балалары, туысқандары), сегізі толық емес отбасында (ата-
анасының біреуімен) тәрбиеленген. Сондай-ақ көпшілігі (72 пайызы) ата-
аналары мен басқа туысқандарынан бөлек тұрған жақсы деп санайды. Бұған
азиаттықтарға (66 пайызы) қарағанда, еуропалықтар (84 пайызы) аса бейімді.
Әрі бұл жағдайды мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асырғанда, әсіресе
тұрғын үй саласында және қарт адамдарға қатысты есепке алу қажет. Өйткені
қарт жастағы адамдардың оңаша өмір сүруі әр текті әлеуметтік қызметтердің
дамуын талап етеді.
Ажырасулардың басты себебі ретінде респонденттер (69 пайызы), әдетте
күйеуінің маскүнемдігін атайды. Бұл салауатты өмір салтын насихаттау және
оны көпшілік арасында тарату мақсатында аса белсенді жұмыс қажет екенін
көрсетеді.
Тұрғындардың репродуктивті мақсаттары қызықты. Орта есеппен алғанда,
біздің респонденттеріміз өскен отбасыларда төрт баладан тәрбиеленген.
Алайда сұралғандардың көбі олардың өз отбасыларында үш баладан болуы тиіс
деп санайды. Бүгінгі күні бала туудың жиынтық коэффициенті 2,36 құрайды
(орта есеппен алғанда, репродуктивті жастағы бір әйелге келетін балалардың
саны). Сөйтіп, егер үшінші баланың тууын ынталандырса, елдегі демографиялық
жағдайды едәуір жақсартуға болады, бұл республика үшін өте маңызды.
Респонденттердің 40 пайыздан астамы бала тууға кедергі келтіретін
негізгі факторлардың бірі ретінде әйелдер денсаулығының нашарлығын атады.
Сонымен бірге, сұралғандардың 90 пайызы өз денсаулығын жақсы және қалыпты
деп бағалады. Бұл сәйкессіздік қосымша зерделенуі тиіс. Бірақ денсаулық
сақтау органдарына әйелдердің репродуктивті денсаулығына ерекше назар
аудару керектігі анық. Сондай-ақ респонденттердің жартысы ғана отандық
медицина қызметтерінің деңгейін оң бағалайды.
Бүгінгі күні зерттеуге қатысушылардың пікірі бойынша ең өзекті мәселе
тұрғын үй проблемаларын шешу болып табылады (респонденттердің 52 пайызы).
Жұмысқа орналасу проблемасы көкейкестілігі бойынша екінші орынды иеленеді
(41 пайыз), үшіншіде – білім берудің қол жетерліктей болуы
(респонденттердің 37 пайызы). Осының барлығын 2006-2016 жылдарға арналған
ҚР-дағы гендерлік теңдік стратегиясымен көзделген отбасы мәртебесін
жоғарылатудың кешенді бағдарламасын әзірлеу кезінде есепке алу қажет.
Жүргізілген зерттеуде отбасындағы зорлық-зомбылық мәселелеріне ерекше
назар аударылған. Сұралғандардың жартысынан көбі (51 пайыз) отбасындағы
зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайту, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық
туралы (респонденттердің 45 пайызы) заң қабылдау керек деп есептейді.
Сондай-ақ барлық жерлерде дағдарыс орталықтарын ашу, сенім телефондары
желісін дамыту және осы мәселелер бойынша халыққа кеңес беру ұсынылады.
Жүргізілген зерттеу неке мен отбасы институтын насихаттауда бұқаралық
ақпарат құралдарының маңызды рөлін растады. Белгілі болғандай,
респонденттердің жартысы (49 пайызы) осы мәселелер бойынша ақпаратты
телеарна, радио, газеттер мен журналдардың арқасында алады, тек 23 пайызы
ғана ата-аналарынан көмек сұрап, кеңес алады. Сонымен бірге
респонденттердің 72 пайызы отбасындағы зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша
заңдар туралы жеткілікті дәрежеде білмейтінін және өздерінің құқықтық
білімдерінің деңгейін жоғарылату қажет ететінін атап өтті.
Қазіргі уақытта біздің елімізде 19 мыңға жуық жетім және ата-
анасының қамқорынсыз қалған балалар бар. Сонымен қатар статистикаға сәйкес,
республикада 4,3 миллион отбасы бар. Бұл республика азаматтарының
балаларды асырап алу үшін үлкен әлеуетті мүмкіндіктері бар екенін
көрсетеді. Айта кетсек, егер осыған сәйкес қазақстандық отбасылар жетім
балаларды асырап алса, қоғамда кеңінен, әр қырынан талқыланып жүрген
халықаралық асырап алу мәселесі күн тәртібінен өзінен-өзі түсер еді.
Бүгінгі күні сәбиді балалар үйінде күту үшін айына шамамен 25-30 мың
теңге жұмсалады. Егер бұл қаржыны асырап алушы отбасыларға жәрдемақы
түрінде берсе, көптеген қазақстандықтар балалар үйінен балаларды
тәрбиелеуге алады деп ойлаймын.
Конференция Денсаулық сақтау министрлігіне ерлердің еңбекке жарамды
жасындағы өлімін азайту, олардың өз денсаулығын сақтау үшін жауапкершілігін
арттыру, өндірістегі жарақаттықтың алдын алу, зиянды әдеттермен күресу
бойынша шаралар қабылдауды ұсынды.
Сөйтіп, отбасы институтын қолдау және нығайту мемлекеттің қазіргі
кезеңдегі стратегиялық міндеттері болып табылады. Сондықтан да Нұр Отан
партиясы фракциясының Әлеуметтік кеңесінің жұмысы алдағы уақытта да барлық
осы маңызды мәселелерді шешуге бағытталатын болады.

Казахстанская правда. 2008. 15 қаңтар
Әскер: кемелдену жасы

Парламент Мәжілісінің депутаты,
генерал-полковник
Сәт Тоқпақбаев

1998 жылдан бастап жетінші мамыр күні Отан қорғаушылардың кәсіби
мерекесі болып табылады. Алайда жас тәуелсіз республиканың күнтізбесіне
даңқты күн едәуір ертерек кірген болатын: нақты айтсақ, 1992 жылы дәл осы
күні Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы күштері құрылды.
Біздің әскеріміздің өткен жылдар ішінде өткерген жолы қазақстандық әскери
қызметкерлердің жаңа ұрпағы өз қызметінде әкелеріміз бен аталарымыз шын
жүрегімен мақтан тұтқан әскери айбын мен намысты, Отанға және қиындығы мол
қызметтік міндетке адалдығын сақтай білгенін көрсетеді.
Тәуелсіздік алған соң, Қазақстан алдында еліміздің сыртқы
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қисынды тұрды. Әрине, бірінші
кезекте ол жеке Қарулы күштердің құрылуын талап етті. Сондай-ақ біздің
әскеріміз бір сағат ішінде және айдалада құрылмағанына қарамастан, әрине,
әскери құрылыстың алғашқы кезеңінде кейбір жаңсақтықсыз болмады. Алайда
барлығын ретімен айтайық.
Президенттің аталған Жарлығы жарыққа шыққан соң, отандық Қарулы
Күштердің құрамына әскери бірлестіктер, құрамалар, бөлімдер, мекемелер,
ұйымдар және полигондар, сондай-ақ біздің еліміздің аумағында орналасқан,
ТМД біріккен Қарулы Күштерінің әскери мүлкі кірді. Сол 1992 жылы біздің
еліміздегі әскери құрылыстың нормативтік-құқықтық базасын қалыптастырған
заңдардың толық пакеті қабылданды.
Осы жұмыспен қатар Қазақстанның маңында қауіпсіздік белдеуін құру
бойынша дипломатиялық шаралар қабылданды. Әскери құрылыстың ұзақ мерзімді
перспективаларын анықтаған маңызды оқиға біздің еліміздің қуаты бойынша
әлемде төртінші болатын ядролық арсеналдан бас тартқаннан кейін, бес
ядролық держава — АҚШ, Ресей, ҚХР, Ұлыбритания және Франция жауап ретінде
бізге қауіпсіздікті және аумақтық тұтастықты тегіс қамти алатын
кепілдіктерін бергені болды.
1993 жылғы ақпанда қабылданған Әскери доктрина сол жылдары Қарулы
күштердің қалыптасуы үшін қуатты ұйымдастырушы импульс болды. Халықаралық
жағдайдың күрт өзгеруі, тәуелсіз демократиялық мемлекетті құру жағдайында
доктрина Қазақстандағы әскери құрылыстың негізгі бағыттары мен мазмұнын
белгіледі, ал оның тәжірибесі Қарулы күштердің құрамы мен құрылымын
оңтайландыру барысында алынды. Алайда еліміздің сол кезеңдегі шектелген
ресурстары мен мүмкіндіктері әскерлердің топтарын құруда, әскердің
ұйымдастыру-штаттық құрылымына түбегейлі өзгерістерді енгізуге мүмкіндік
бермеді. Ел аумағының орасан өлшемдері және 13 мың шақырымға жуық шекара
периметрі бола тұра, әскери қауіпсіздік тұрғысынан аса ықтимал қауіпті
бәсеңдетуді есепке алатын, әскери бөлімдер мен құрамаларды ұтымды
орналастыру бойынша шаралар қабылданбады. ӘК құрылымын жетілдіру және
оларды геосаяси жағдайдың өзгерістеріне бейімдеу бойынша тиімді зерттеу
жұмысының жоқтығы да өз әсерін тигізбей қоймады.
Сонымен қатар, Қазақстандағы және оның маңайындағы жағдай сол жылдары
өте қарқынды өзгеріп тұрды. Аймақтағы жағдайды тұрақсыздандыратын және
ұлттық қауіпсіздікке қатерін төндіретін жаңа факторлар пайда болды.
Мемлекет шекараларына жақын орналасқан жерлерде болып жатқан әскери даулар
және оның болуы ықтимал әлеуетті ошақтар, ел аумағына экстремистер мен
халықаралық лаңкестердің әскери құрылымдарының ену мүмкіндігі, аймақта жаңа
ядролық мемлекеттердің пайда болуы – осының барлығы біздің әскери саясаттың
және әскери ұйымның өзгерген шындыққа бейімделу қажеттілігін тудырды.
Осыған байланысты мемлекет басшылығы бірқатар шұғыл шаралар қабылдады.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасындағы ұлттық қауіпсіздіктің 1999-2005
жылдарға арналған Стратегиясы әзірленген және бекітілген. Құжатты дамыту
үшін 2000 жылғы оныншы ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен әлемдегі және
аймақтағы әскери-саяси ахуалдың қазіргі жағдайын кешенді бағалауға
сүйенетін, қазіргі жағдайды, еліміздің экономикалық және ресурстық
мүмкіндіктерін ескеретін, жаңа Әскери доктрина қабылданды. Онда
Президенттің XXI ғасырдағы өзекті мәселелері туралы халыққа Жолдауының
тұжырымдамалық ережелері көрініс тапты.
Еліміздің әскери қауіпсіздігіне төніп тұрған қатерлерге қарсы тұру
дайындықтарын есепке ала отырып, Қазақстан әскерінің қалыптасу кезеңіне тән
әскери-саяси ойлау жүйесі өзгертілді. Әскерлердің орналастырылуына деген
көзқарастар қайта қаралды. Сондай-ақ, егер бірінші Әскери доктринада әскери-
саяси одақ шеңберіндегі пассивті серіктестік элементтері болған болса,
онда жаңа доктрина мемлекеттік әскери құрылымдарды еліміздің әскери
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің кешенді бөлігі ретінде қарастырды.
Қорғаныс жүйесінің құрылысын жүзеге асыра отырып, біз Ұжымдық
қауіпсіздік туралы шарттың шеңберінде өз қауіпсіздігіміздің, сондай-ақ
достас мемлекеттердің мүдделерін басшылыққа алдық. Сонымен бірге Қарулы
күштерді реформалау барысында бізге бірқатар маңызды міндеттерді шешуімізге
тура келді: әскерді басты қажеттіліктермен, материалдық-техникалық базамен
және тез әрекет жасауға әзір әскерлердің дайын болуын қамтамасыз ету;
әскери басқарма органдарының құрылымдарын қайта құру, осы тізбектегі
қайталаушы және тиімсіз бөлімдерін жою.
Сол кездері мен екі жыл басқарған Қорғаныс министрлігі, Әскери
доктринаны іске асыру мақсатында, әскери-аумақтық құрылымға ауысу және
Шығыс, Оңтүстік, Орталық және Батыс төрт әскери округты құру бойынша
ұсыныстар әзірледі. Бұл әскери басқарудың тиімді жүйесін құруға ғана
емес, сонымен бірге әскери қызметке шақыру, Қарулы күштер үшін резерв
даярлауға, сондай-ақ ел аумағында әскери бөлімдер, қару-жарақтар мен әскери
техниканы тиімді орналастыруды аяқтау мәселелеріне жаңаша қарауға
мүмкіндік берді.
Әскери-экономикалық қамтамасыз етудің маңызды принципі үнемі әскерді
кепілді бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру болып табылды, оның ұзақ уақыт
бойындағы тапшылығы сол кездегі қиындықтардың негізгі себебі болды. Ел
Президенті осы мәселені шешу бойынша бірқатар шаралар қабылдады. Жаңа
Әскери доктринаға сәйкес, ҚК-ді қаржыландыру бюджеттік заңдарда ІЖӨ бір
пайызынан кем емес деңгейде белгіленді. Өз кезегінде, әскерлердің әскери
әзірлігі мен жауынгерлік қабілетіне әсер етпейтін құрылымдардың санын
қысқарту мен оларды жою біздің әскеріміздің сапалы параметрлерін
арттыруға қосымша қаржылар іздестіруімізге мүмкіндік берді.
Елбасымыз – Қарулы күштердің Жоғары Бас қолбасшысы Н. Назарбаевтың
басты назарында әскери қызметтің беделін жоғарылату, әскери қызметкерлерді
және олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етуді күшейту
мәселелері болғаны баршаға белгілі. Сонымен, 2001 жылы әскери
қызметкерлердің еңбекақысы 25 пайызға өсті және ТМД елдерінің арасында ең
жоғары еңбекақы болды. Әскери қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету
мәселесі жоспарлы және жүйелі сипатқа ие болды.
Қазақстандық әскердегі батыл реформаларды әзірлеу және іске асыру
процессі жаңа кезеңнің дарынды әскер басшыларының саңлақтарын әкелді, олар
әскери-саяси даярлықтың жоғары деңгейіне ғана емес, сонымен қатар өзара
әрекеттестік пен ықпалдастықтың күрделі кешенінде оқиғаларды бағалай білу
және стратегиялық ойлау қабілеттеріне ие.
Өмір өзі реттегендей, Отан қорғаушылардың кәсіби мерекесі біздің
елімізде Жеңіс Күні қарсаңында атап өтіледі. Бұл жайтта терең идеологиялық
семантика бар. Қазақ халқының әскери тарихы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы
біздің жерлестеріміздің жауынгерлік ерлігі, әкелеріміз бен аталарымыздың
жауынгерлік дәстүрлері – біздің қазіргі жауынгерлеріміз үшін қайсарлық,
халқына шын жүрегімен берілгендік және ер жүректілік сабақтарын алуға
қажет сарқылмас қуат көзі.

Казахстанская правда. 2009. 7 мамыр

Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекетті және азаматтық қоғамды
қалыптастыру

Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер
кафедрасының доценті, с.ғ.к.
Л.Г. Матвеенкова

Заң үстемдігіне және құқықтар теңдігіне негізделген мемлекет ретінде
құқықтық мемлекет туралы ұғымдар ежелгі дәуірге және рим құқығының
қалыптасу кезеңіне барып тіреледі. Құқықтық мемлекеттік негіз құраушы
принциптер XVII-XVIII ғғ. либерализм теоретиктері Дж. Локктың, Ш.
Монтескьенің, Т. Джефферсонның еңбектерінде тұжырымдалған. Құқықтық
мемлекет терминінің өзі алғаш рет неміс заңгерлері Т.К. Велькердің, Р. фон
Мольдің және т.б. еңбектерінде бекітілді.
Құқықтық мемлекет теориясының негізінде азаматтарды билік тарапынан
үстемдік пен озбырлықтан қорғауға ұмтылу, жеке тұлғаның жеке бостандығын,
негіз құраушы құқықтарын, атап айтқанда өмір сүруге, қауіпсіздікке,
меншікке құқықты қамтамасыз ету жатыр. Бұл біріншіден, мемлекет пен
қоғамды бөлген жағдайда, ал екіншіден, мемлекет қызметінің сферасын
құқықпен, бірінші кезекте конституциямен, халық пен билік арасындағы
қатынастарды реттейтін Ата заңмен шектегенде ғана мүмкін болады. Сонымен,
құқықтық мемлекет – бұл демократиялық мемлекет, онда құқықтың басымдылығы,
заңның үстемдігі қамтамасыз етіледі, онда адам мен азаматтың құқықтары мен
бостандықтары танылады және кепілдендіріледі.
Құқықтық мемлекеттік жалпыға танылған принциптер: халықтың егемен-дігі,
Конституцияның үстемдігі, заң алдында барлығының теңдігі, мемлекеттік
және жеке мүдделердің теңдігі, адам мен адамзат құқықтары мен бостандықта-
рының мызғымастығы болып табылады. Құқықтық мемлекеттегі биліктің жоғары
органдарының қызметі оларды заңды, атқарушы және сот билігі деп бөлу
принципінің негізінде жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта құқықтық мемлекет мұрат, ұран, конституциялық принцип
болып табылады. Сондықтан қандай да бір мемлекетте құқықтық мемлекет
принциптері толығымен іске асты деп нақты сенімділікпен айтуға болмайды.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыруды оның негізгі принциптерін іске асыру
процесі ретінде қарастыру керек.
ҚР Конституциясында: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең
қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандық-тары - деп
айтылған. Осы сөздермен мемлекет өзінің құқықтық мемлекетке шынайы
берілгендігі туралы және оның негізгі принциптерін іске асыруға ұмтылысы
туралы мәлімдейді.
Халық егемендігі принципі сөзбе-сөз халық билігінің үстемдігін
білдіреді және ҚР Конституциясының 3-бабында өзінің көрінісін тапты, онда
былай делінген: Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы – халық. Халық
билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге
асырады, сондай-ақ өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi.
Халық пен мемлекет атынан билiк жүргiзуге Республика Президентi-нiң, сондай-
ақ өзiнiң конституциялық өкiлеттiгi шегiнде Парламенттiң құқығы бар..
Конституцияның үстемдік принципі 4-бапта белгіленген, онда былай
айтылған: Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституция-ның,
соған сәйкес заңдардың нормалары болып табылады... Конституцияның ең жоғары
заңды күшi бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тiкелей қолданылады.
Барлығының заң алдында теңдігі принципі ҚР Конституциясының 14-бабында
белгіленген: Заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең. Тегiне, әлеу-меттiк,
лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне,
дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген
өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды.
Мемлекеттік және жеке мүдделер теңдігі принципін іске асыру мемлекет-
тік және жеке меншікті қорғау кезінде теңдікті тану түрінде болады (ҚР
Конституциясының 6-бабы): Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен
жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады.
Адам мен адамзаттың құқықтары мен бостандықтарының мызғымастығы
принципі 12-бапта көрсетілген: Қазақстан Республикасында Конституцияға
сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк
берiледi, әрі ҚР Конституциясының 39-бабында: Адамның және азаматтың
құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық
тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен
имандылығын сақтау мақсатына қажеттi шамада ғана және тек заңмен шектелуi
мүмкiн.
Сонымен, Қазақстан Республикасының Конституциясында құқықтық
мемлекеттің негізгі принциптері көрініс тапты, бұл Қазақстанның оны нақты
құруға ұмтылысын куәландырады.
Адамдардың өмірінде барлығын да мемлекет билемейтінін ескеру керек.
Мемлекет өркениетті құрған жоқ, ал өзінің дамуының белгілі сатысында
өркениет мемлекетті қоғамның саяси ұйымы ретінде тудырды. Сондықтан
мемлекеттік билікпен параллель ерекше ұйымдастыру құрылымы бар, ол
азаматтық қоғам ұғымымен белгіленеді.
Азаматтық қоғам деп онда адамға оның экономикалық және саяси
болмысының түрлерін еркін таңдау кепілдігі берілетін, адамның жалпыға ортақ
құқықтары бекітілетін, саяси плюрализм қамтамасыз етілетін қоғамдық құрылым
түсіндіріледі. Басқаша айтқанда, азаматтық қоғам – бұл мемлекеттен тәуелсіз
және онымен қатар болатын, әр түрлі әлеуметтік топтардан, қозғалыстардан,
бірлестіктерден, мәдени, ұлттық, аумақтық және басқа ортақ-тықтардан
тұратын және жеке тұлғаның алуан түрлі мүдделерін білдірудің маңызды түрі
болатын, қоғамдық өмірдің ерекше сферасы.
Азаматтық қоғам туралы ұғым XVII ғасырдың ортасынан бастап (Т.Гоббстан
бастап) ұзақ эволюциядан өтті және Ұлы Француз буржуазиялық революциясы
кезеңінде кеңінен таралды. Азаматтық қоғам буржуазиялық революциялардың
өнімі болып табылады және жеке адамдардың құқықтарын теңестіру, оларды
мемлекет құзырындағылардан еркін меншік иесі-азаматтарға айналдыру
нәтижесі ретінде басым көпшілігінде төменнен қалыптасады.
Азаматтық қоғамның күрделі құрылымы бар, оған шаруашылық,
экономикалық, діни, этникалық, отбасы-туыстық, адамгершілік және құқықтық
қатынастар, сондай-ақ биліктің алғашқы субъектілері ретінде жеке адамдар,
мүдделер топтары, партиялар және т.б. арасындағы мемлекетпен жанаспайтын
саяси қатынастар кіреді. Азаматтық қоғамда тік - билік ету-бағыну
қатынастары емес, көлденең бәсекелестік пен ынтымақ қатынастары басым болып
табылады. Сондықтан азаматтық қоғам олардың қажеттіліктері мен мүдделерін
қанағат-тандыруды қамтамасыз етудің мемлекеттік емес және саяси емес
әдістерімен танылған жеке адамдардың қоғамдық тіршілік әрекетінің табиғи
түрлерінің жиынтығын білдіреді деп есептеуге болады.
Азаматтық қоғам институттарына саяси партиялар, кәсіптік одақтар,
діни бірлестіктер, шығармашылық, қоғамдық және ғылыми одақтар мен бірлестік-
тер, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ қоғамға көрсетілетін
қызметтердің кең спектрін іске асыратын, мемлекеттік емес қорлар,
коммерциялық емес мекемелер, заңды тұлғалар одақтары (қауымдастықтары),
басқа ұйымдар және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешу мақсатындағы ынталы
топтар түрінде құрылған қызметтің әр түрлерін жүзеге асыратын үкіметтік
емес ұйымдар жатады.
Азаматтық қоғамның қазіргі түсінігі жалпы адамзаттық құндылықтарға
негізделген. Оның негізгі сипаттамалары алуан түрлілік және меншік түрле-
рінің теңдігі, еңбек пен кәсіпкерлік бостандығы, идеологиялық түрлілік
және ақпарат бостандығы, адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының
мызғымастығы болып табылады. Азаматтық қоғамның саяси негізі – адамның
бостандығын, амандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құқықтық
мемлекет.
Азаматтық қоғамның елеулі белгісі оның жеке адамының экономикалық
және әлеуметтік бостандығы болып табылады. Бұл бостандық жеке адам
меншіктен шеттетілмеген, ал оның толық құқықты субъектісі ретінде болған
жерде ғана болуы мүмкін. Азаматтық қоғамның саяси іргетасы жеке тұлғаның
барлық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, онда тұрақтылық,
қауіпсіздік, әділдік пен ынтымақтастық жағдайын жасау мақсатында қоғамды
дамыту үшін қажет болатын құқықтық мемлекет және демократия болады.
Азаматтық қоғамның экономикалық негізін, олармен тең танылу мен қорғалу-дың
заңды кепілдіктері қамтамасыз етілген, меншіктің алуан түрлері және жеке
меншіктердің егемендігі құрайды. Азаматтық қоғамның болуының басты базалық
жағдайларының бірі жариялылық болып табылады, ол тәуелсіз БАҚ арқылы
қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ азаматтық қоғамның маңызды белгісі мынада: ол адамның
табиғи, шеттетілмейтін құқықтарына апелляция береді, олардың мүдделерін
сенімді қорғау үшін жеке тұлғаның, әлеуметтік топтардың қажеттіліктерін
аса толық қанағаттандыру үшін қажетті жағдайлар жасайды.
Азаматтық қоғам мемлекет билігін қайта үлестіруге арналған демократия-
лық компенсаторлық механизм рөлінде болады, ал саяси қоғам өзінің биліктік
функцияларының құрылымсыз байқалуын болдырмау үшін пайдаланады.
1980-ші жылдардың аяғында және 1990-шы жылдардың басында басталған
экономикалық, әлеуметтік және саяси сфералардағы түбегейлі реформалар әр
түрлі әлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қоғамдық
бірлестіктер құруды ынталандырды. Қазақстанда алғашқылардың бірі болып
мемлекеттік емес экономика секторы жұмыскерлерінің мүдделерін білдірген
тәуелсіз кәсіподақтар пайда болды. Бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық
және діни бірлестіктер, саяси партиялар белсенді институцияланды.
Азаматтық сананың аса айқын байқалуы - ядролық полигондарды жабуды мақсат
етіп қойған, Невада – Семипалатинск қоғамдық қозғалысы болып табылды.
Азаматтық қоғамның және оның институттарының дамуына осы процесті жүзеге
асыру үшін сәйкес саяси, құқықтық және басқа жағдайларды жасау бойынша
мемлекеттік қызметіне мүмкіндік туғызды.
1990-шы жылдардың басында әлеуметтік қорғау Коалициясы құрылды,
оның шеңберінде оларды талқылау жолымен қоғамдық өткір проблемаларды жеңу,
оларды шоғырланған негізде шешу механизмдерін іздеу бойынша бірлесіп жұмыс
істеу үшін 28 әр түрлі ұйым, партия, қозғалыс біріктірілді.
1994 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастары сферасындағы
әлеуметтік серіктестік бойынша республикалық үш жақты комиссия құру туралы
қаулы қабылдады, ол сындарлы үш жақты қатынастардың дамуына және
әлеуметтік серіктестік жүйесінің құрылуына негіз болды. Сонымен қоса,
Қазақстан халықтары Ассамблеясына біріккен ұлттық мәдени орталықтар
белсенді дамыды. Этнос аралық келісім елде реформалар жүргізілуін
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін іргетас болды.
1990-шы жылдың аяғы азаматтық қоғам институттарының қызметін
кәсіптендірумен атап өтілді, бұл олардың қоғамдық проблемалар, қажеттілік-
тер мен мұқтаждықтардың әр түрлі спектрін шешу бойынша жұмысының
тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Бұқаралық-медиа рыногында сапалы
өзгерістер болды, олар бұқаралық ақпарат құралдарын, полиграфия кәсіпорын-
дарын мемлекет иелігінен алу процесімен, сондай-ақ БАҚ мемлекеттік қаржы-
ландыру және демеулік қаржыландыру жүйесінен мемлекеттік ақпараттық
саясатты жүргізуде мемлекеттік тапсырысқа өтумен байланысты болды. 1999 ж.
түгел дерлік аймақтарда Инфо-орталықтар ҮЕҰ ашылды, олардың басты міндеті
аймақтық үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу, оларға кеңестік
көмек, ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсету болды. 2000 ж. Қазақстан-
ның үкіметтік емес ұйымдарының Конфедерациясы құрылды, ол мемлекеттік билік
органдарымен өзара әрекеттесу механизмдерін құру үшін ҮЕҰ күштерін
шоғырландырды. 2002 ж. қыркүйекте Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Жарлығымен республикада адам құқықтары жөніндегі Уәкілетті - омбудсмен
институты құрылды, ал 2003 ж. Қазақстан адам құқықтары туралы Халықара-лық
пактілерге қосылды. Сол жылы Ел Президентінің Жарлығымен Қазақстан
Республикасында өлім жазасына мораторий енгізілді.
Қазақстан дамуына тән ерекшелік мемлекет пен азаматтық қоғам инсти-
туттары арасындағы тығыз өзара әрекеттесу болды. Сонымен, 2003 ж. ел
Үкіметі үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға
арналған бағдарламасын бекітті, оған сәйкес облыстық (қалалық) бағдарлама-
лар әзірленді. Сол жылы көптеген көрнекті діни қайраткерлердің, әр
түрлі конфессиялар өкілдерінің қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер
көшбас-шыларының бірінші съезі өткізілді, онда Бейбітшілік пен келісім
Деклара-циясы қабылданды, бейбітшілік пен тұрақтылық Форумы ұйымдастырылды.
Қазақстандық қоғамның өміріндегі маңызды оқиға тұрақты негізде
өткізілетін және нағыз жалпы ұлттық диалогтық механизм болған, үкіметтік
емес ұйымдардың Азаматтық форумы болып табылады. Бірінші Азаматтық форум –
республикалық ҮЕҰ съезі 2003 ж. 14-15 қазанда Астана қ. еліміздің тұңғыш
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен өтті. Ол мемлекеттік орган-дардың
және ҮЕҰ маңызды қоғамдық проблемаларын шешуде серіктестік негіздегі өзара
әрекеттесу механизмін жетілдіруге бірлескен амалдар жасауға мүмкіндік
туғызды. 2005 ж. екінші Азаматтық форум өтті, ол бизнес-ассоциа-циялардың
елдің қоғамдық өміріне қатысуына мүмкіндік туғызды. Билік - қоғамның ұзақ
мерзімді тұрақты механизмдерін және әр түрлі диалог алаңдарын құру бойынша
жұмыс, орталық және жергілікті деңгейлерде белсенді жүргізіле бастады.
2006 ж. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-
2011 жылдарға арналған Тұжырымдамасы қабылданды. Ол Жалпы ұлттық
демократиялық реформалар бағдарламасына және Қазақстан Республикасы
Президентінің 2006 ж. 1 наурыздағы халыққа Жолдауында белгіленген, Қазақ-
станның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіру Стратегиясына
сәйкес әзірленді.
Осы түйінді құжат азаматтық қоғам институттары дамуының негізгі
бағыттарын және азаматтық бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін анықта-ды.
Берілген Тұжырымдаманың мақсаты азаматтық қоғам институттарын жан-жақты
дамыту және олардың адам құқықтары мен адам өлшемдері саласын-дағы
халықаралық шарттар мен пактілер шеңберінде мемлекетпен тең құқылы
серіктестік үшін заңды, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-әдістеме-
лік базаны әрі қарай жетілдіру болды. Ол алға қойылған мақсатқа қол
жеткізу үшін келесі негізгі міндеттерге күштерді шоғырландыру қажет
екендігін анықтады:
1) онда адам, оның құқықтары мен бостандықтары басты қазына болып
табылатын демократиялық, зайырлы, құқықты және әлеуметтік мемлекетті құру;
үкіметтік емес ұйымдар, бизнес-сектор және мемлекет арасында үйлесім-ді,
тең құқықты және серіктестік қатынастар жүйесін құру;
2) бизнес-сектордың ҮЕҰ жобаларына қатысуы үшін экономикалық
стимулдарды әзірлеу, қайырымдылық пен меценаттықты дамыту;
3) азаматтық қоғамның барлық институттарын дамыту үшін қолайлы
құқықтық базаны қалыптастыру;
4) өмір сүру сапасының жоғары стандарттарына қол жеткізу, еңбек
қатынастарын үйлестіру, халықтың бай және кедей топтары табыстарының
деңгейлері арасындағы айырмашылықты қысқарту.
Берілген тұжырымдама мынаны анықтады: оның мақсаттары мен міндет-
терін іске асыру үшін азаматтық қоғамның адам құқықтарын және демократия-
лық бостандықтарды сақтауды қамтамасыз ететіндей моделін жүзеге асыру;
азаматтық қоғам институттарының тұрақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар
жасау; адамның құқықтары мен бостандықтарының қоғам алдындағы
жауапкершілігін үйлестіру; қоғамның мемлекеттік билік қызметін тиімді
бақылауын жүзеге асыру қажет. Билік органдары мен азаматтық қоғам ұйымдары
арасындағы серіктестік принциптерінің негізінде ынтымақтастық мәдениетін
қалыптастыру; тиімді әлеуметтік қорғау жүйесін құру; қоғам мен билік
мүдделерін келістіру жүйесін ұйымдастыру. Қабылданған шаралар нәтижесінде
демократиялық мемлекеттік басты принципі – азаматтық қоғамның басты
қазынасы ретінде адам құқықтарын қамтамасыз ету іске асырылуы тиіс.
Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес - азаматтық қоғамның экономикалық
негізін, ал орта класс оның әлеуметтік базасын құрауы тиіс.
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011
жылдарға арналған Тұжырымдамасы азаматтық қоғам институттарын құру үшін
қолайлы жағдайлар жасауға көзделген, мақсатты бағдарламаларды, заңды және
басқа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу үшін негіз болды. Қазіргі
уақытта Қазақстанда барлық әлеуметтік маңызды сфераларда жұмысты жүзеге
асыратын 5 мыңға жуық үкіметтік емес ұйымдар бар. ҮЕҰ өзінің қызметімен
барлығы дерлік қоғамдық маңызды сфераларды қамтиды. Бұл экология, білім
беру, мәдениет, денсаулық сақтау, гендерлік қатынастар, адам құқықтарын
қорғау мәселелері және т.б. әр түрлі текті қызметтерді ҮЕҰ-дан кем
дегенде 2 млн. адам алады.
Барлық облыстар Әкімдері жанында – билік пен үкіметтік ұйымдардың
өзара әрекеттесуі бойынша кеңестер, орталық атқару органдары жанында ҮЕҰ
қатысуымен кеңес беру органдары құрылған және жұмыс істейді.
Сонымен, елімізде азаматтық қоғамның қалыптасуы және демократияның
дамуы тығыз өзара байланысты: азаматтық қоғам неғұрлым көп дамыса,
мемлекет соғұрлым демократиялы болады. Сондықтан Қазақстанның өмір сүру
сапасының стандарттары жоғары динамикалы, қазіргі заманғы мемлекет ретінде
дамуы тек адамзат әлеуетін белсенділендіру, азаматтардың іскерлігі және
азаматтық қоғамның әрі қарай қалыптасуы негізінде ғана мүмкін болады. Ол
үшін республикада қажетті объективті алғышарттар қалыптасты, олар ел
басшылығының және, ең алдымен оның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
қазақстандық қоғамды әрі қарай демократияландыру мен саяси жаңартуға саяси
еркіндігінің бар болуы сияқты субъективті факторлармен толықтырылады.

Әдебиеттер тізімі
1. Конституция Республики Казахстан. Алматы, 2007.
2. Концепция развития гражданского общества в Республике Казахстан на

2006-2011 годы Казахстанская правда, 2006, 26 июля.
3. Сапаргалиев Г. Основы государства и права Казахстана. Алматы: Атамура
1998.
4. Сагиндыкова А.Н. Конституционное право Республики Казахстан.
Алматы: Бiлiм, 1999.

Конституция – Қазақстан Республикасының Ата Заңы

Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер
кафедрасының доценті, с.ғ.к.
Л.Г. Матвеенкова

Конституция – бұл халықтың жалпы еркін білдіретін, аса жоғары заңды
күші бар және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-
адамгершілік өмірінің аса маңызды принциптері мен институттарын бекітетін,
мемлекеттің Ата заңы. Конституция саяси және құқықтық жүйенің ядросын
құрайды және мемлекет пен қоғамның тіршілік әрекетінің барлық сфераларын
дамыту базасы болады.
Қазақстанда мемлекеттіліктің негізгі атрибуттарын құру процесі 1991
жылғы 16 желтоқсанда басталды, сол кезде ҚР Жоғарғы Кеңесі Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңды
қабылдады, онда Қазақстан Республикасы өз аумағының шегінде барлық толық
билікті иеленетін және өзінің сыртқы және ішкі саясатын дербес анықтайтын,
егеменді мемлекет болып табылатыны жарияланған.
Қазақстандық мемлекеттілікті құру процесінің келесі кезеңі егеменді
Қазақстанның 1993ж. 28 қаңтарда тұңғыш Конституцияны қабылдауы болды, ол
өзінің негізгі принциптері ретінде халық егемендігін және биліктерді
бөлу идеясын жариялады. 1993 ж. Конституцияның негізіне президенттік
республика моделі жатты, оған сәйкес Президент мемлекет басшысы ретінде
бір мезгілде атқару билігінің басшысы да болды. Жоғары заңды билік
өкілетті билік органы - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесіне тиесілі
болды. Конституция-мен жарияланған адам мен азаматтың құқықтары мен
бостандықтары демократияның негізгі принциптеріне сәйкес келді.
Алайда Конституцияның проблемалы жақтары, әсіресе жоғарғы билік
органдарының өзара әрекеттесуі бөлігінде айтарлықтай жылдам айқындалды.
Сонымен, мысалы, 1994 ж. көктемде 1993 ж. ҚР Конституциясының негізінде
сайланған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі өзі қызмет еткен бір
жыл ішінде барлығы жеті заң қабылдады. Әрі бұл елде өткізілетін эконо-
микалық және саяси реформалар өте белсенді заң шығаруды талап еткен кезеңде
болды. Бұл саяси партиялардың айтарлықтай дамымағанына, ал заңды билік
органындағы депутаттардың нақтылы өздерін көрсеткеніне және маңызды заң
жобаларын сәтті дуалауына байланысты болды. Президенттің депутаттардың
қызметіне құқықтық ықпал ету мүмкіндігі болмады, яғни заңды билік органын
тарқату туралы мәселені қоймақ түгілі, тіпті депутаттарға шұғыл заңдар
қабылдау қажеттілігін де айта алмады. Нәтижесінде Конституция объективті
түрде қоғамдағы өзгерістерге кедергі болды.
Сөйтіп, мемлекетті әлеуметтік-экономикалық және құқықтық реформалау
қажеттіліктері жаңа Конституцияны әзірлеу қажеттілігін тудырды. Ел
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен жаңа Конституцияның жобасы
дайындалды, ол бүкіл халықтың талқылауы үшін жарияланды. Талқылау барысында
азаматтар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, мәслихаттар 30 мыңға жуық
ұсыныстар мен ескертулер айтты. Олардың ішінде ең маңызды-лары Конституция
жобасына енгізілді және 1995ж. 30 тамызда бүкіл халықтық дауыс беру
(референдум) нәтижесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы
қабылданды.
1995 ж. ҚР Конституциясының мәнді ерекшелігін халықтың оны жасаушы
болып танылуы құрайды. Бұл мәнді Конституцияның алғашқы жолдары көрсетеді:
Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, ... өзiмiздiң
егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.
1995 ж. ҚР Конституциясында мемлекеттің мақсаттары анық белгіленген.
Конституцияның 1-бабының 1-тармағында Қазақстан Республикасының өзiн
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде
орнықтыратыны, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары
мен бостандықтары екені бекітілген. Мемлекеттік биліктің бiрден-бiр бастауы
болып Қазақстан халқы жарияланған.
Конституция мемлекеттік механизмнің жұмыс істеудің негізін құраушы
принциптерін бекітті, азамат мен адамның конституциялық мәртебесін анық-
тады, сондай-ақ мемлекет қызметінің негізгі принциптерін: қоғамдық
келісімді және саяси тұрақтылықты, бүкіл халық игілігін экономикалық
дамытуды, қазақстандық патриотизмді, республикалық референдумда немесе
Парламентте дауыс беруді қосқанда, мемлекет өмірінің аса маңызды
мәселелерін демократиялық жолмен шешуді жариялады.
Конституцияның ІІ-бөлімінің Адам және азамат деп аталатынын ерекше
атап кету керек. Онда адамның қоғамдық өмірдің барлық сфераларын-да
басымдылығын қамтамасыз ететін және Жалпыға ортақ адам құқықтары
декларациясының негізін құраушы принциптеріне сәйкес келетін, жеке,
әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтардың барлық кешені
декларацияланады. ҚР Конституциясы адамның табиғи, ажыратылмас құқықтары
ретінде әрбір адамның өмір сүруіне, жеке бостандығына құқықты, жеке өмірі
мен намысына қол сұқпаушылыққа құқықты жариялайды. Сонымен, 12-бапта былай
делінген: Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған,
олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды ....
Сонымен қоса, Конституция мынадай ережені анықтады, оған сәйкес
республика азаматы ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын
өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге
аластауға болмайды, сондай-ақ Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше
белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге
болмайды (10-11-баптар). Қазақстан азаматтарының еңбек бостанды-ғына құқығы
(яғни мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған), заңмен белгіленген оларды шешу
тәсілдерін пайдаланып, жеке және ұжымдық еңбек дауларына құқығы бар.
Конституцияның жаңалығы азаматтардың кәсіпкерлік қызмет бостандығына және
жеке меншікті қорғауға құқығы болып табылады.
1995ж. Конституцияның маңызды құраушысы Қазақстан Республикасы
азаматтарының саяси құқықтары мен бостандықтарының көлемі болды, олардың
бiрлесу бостандығына құқығы (23-бап), мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ
республикалық референдумға қатысуға құқығы (33-бап) жатады. Мемлекеттің
қоғамдық бірлестіктердің ісіне және қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттің
істеріне араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың
функцияларын жүктеуге жол берілмейді. Аталған шектеулер конституциялық
құрылыс тұрақтылығының және қоғамдағы келісімнің нашарлау мүмкіндігі жолына
тосқауылдар болып табылады.
Қазақстанда саяси және идеологиялық алуан түрлілік орын алады.
Сонымен бірге ұлттық мүдделерді қорғау мақсатында Ата заң азаматтық қоғам
субъектілерінің қызметіне шектеулер енгізу мүмкіндігін көздейді.
Сонымен, мақсаттары мен әрекеттері конституциялық құрылысты зорлықпен
өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігін
бүлдіруге, нәсіл-дік, ұлттық, діни, сословиелік және рулық араздықты
тұтандыруға, басқа мемлекеттердің саяси партияларының жұмыс істеуіне,
сондай-ақ саяси партия-лардың шетелдік заңды тұлғалармен және азаматтармен,
шетелдік мемлекет-термен және халықаралық ұйымдармен қаржыландырылуына
бағытталған, қоғамдық бірлестіктердің құрылуы мен қызмет етуіне тыйым
салынады.
Конституциядағы құқықтар мен бостандықтар декларациясы, оларды нақты
іске асыру үшін жағдайлар жасау Қазақстанның адам құқықтары туралы Билль
деп аталатын, түгел дерлік халықаралық келісімдерге толық құқықты қатысушы
болуына мүмкіндік берді. Олардың арасында азаматтық және саяси құқықтар
туралы, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық
пактілер, геноцид қылмыстарын ескерту және ол үшін жазалау туралы,
нәсілдік кемсітудің барлық түрлерін жою туралы, балалар құқықтары туралы,
адамдарды кепілдікке алумен күрес туралы және т.б. конвенциялар бар.
Жоғары заңды күшті иеленіп, 1995 ж. ҚР Конституциясы жоғарғы билік
органдарының жұмыс істеу және өзара әрекеттесу құрылымы мен механизмін,
мемлекеттік құрылыс түрін және елді билеу түрін анықтады.
Конституцияға сәйкес Қазақстан – Президент басқаратын біртұтас
мемлекет. ҚР біртұтас құрылысы келесі принциптерге негізделеді: аумақтық
және мемлекеттік тұтастық, мемлекеттік билік жүйесінің бірлігі, бірыңғай
заңдар жүйесі, бірыңғай азаматтылық. Мемлекеттік құрылыстың біртұтас түрі
егеменді Қазақстан мемлекетінің шеңберінде ұлттық-мемлекеттік және аумақ-
тық құрылымдардың қолайсыздығын жорамалдайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабы ҚР Президентінің
мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі орнын анықтайды. Көрсетілген бапқа
сәйкес, Президент мемлекеттiң басшысы, оның жоғары лауазымды тұлғасы,
халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының,
адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi болып
табылады.
Президент оны халықтың мемлекет басшысы етіп сайлағандықтан, халықтың
нышаны болып табылады. Бұл оның халықтың атынан сөйлеуіне құқық береді.
Бірде бір билік тармағына тікелей қатысты болмай, Президент оның барлық
тармақтарының келісілген түрде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қабілетті.
Конституцияға сәйкес ҚР Президенті жалпыға бiрдей, тең және төте
сайлау құқығы негiзiнде кәмелетке толған азаматтарының жасырын дауыс беруі
арқылы бес жыл мерзiмге сайланады. Конституция Президенттік кандидатқа
қойылатын негізгі талаптарды анықтады: ол қырық жасқа толған, тумысынан
Қазақстан азаматы болуы және соңғы он бес жыл бойы Республикада тұратын,
сондай-ақ мемлекеттiк (қазақ) тiлдi еркiн меңгерген болуы тиіс.
ҚР Конституциясының 44-бабы Президенттің өкілеттіктерін анықтайды,
олардың арасында Үкіметті ұйымдастыру, барлық жоғары мемлекеттік лауа-
зымдарға тағайындау, референдумды тағайындау және т.б. бар. Конституция-
мен көзделген жағдайларда заңды күші бар Жарлықтарды шығаруға құқылы. Заңды
билікке қатысты Президент кейінге қалдырылатын тыйым салу құқығын иеленеді.

ҚР Конституциясының 63-бабына сәйкес Президент Парламент палата-лары
төрағаларымен және Премьер-Министрмен кеңескеннен кейін ҚР Парламентін
немесе Парламент Мәжілісін тарата алады.
ҚР-да мемлекеттік билік органдары жүйесін Парламент (заңды билік),
Үкімет (атқарушы билік) және Жоғарғы сот (сот билігі) құрайды. Конститу-
цияның 3-бабы Республикада мемлекеттiк билiк бiртұтас, ол Конституция мен
заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну,
олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл
жасау принципiне сәйкес жүзеге асырылатынын анықтайды.
Парламент – заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғары өкiлдi
орган. Заң шығару қызметтерiмен қатар, Парламент атқарушы билікке қатысты
белгілі бақылау қызметтерін де жүзеге асырады. Бұл – республикалық бюджет-
ті бекіту, Үкімет бағдарламасын мақұлдау немесе қабыл алмау, Үкіметке
сенімсіздік білдіру.
ҚР Конституциясы алғаш рет Парламенттің екі палаталы құрылымын
бекітті: Сенат және Мәжіліс. Мәжіліс Қазақстанның барлық азаматтарының
мүдделерін білдіреді. ҚР Конституциясының ерекше тәртібі Сенатты ұйымдас-
тыру үшін анықталған. Егер Мәжіліс депутаттары жалпыға ортақ және төте
сайлау негізінде сайланса, онда Сенат депутаттары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы азаматтығын тоқтатудың негіздері
Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Азаматтықтың халықаралық-құқықтық мәселелері туралы
Азаматтардың мәдениет саласындағы құқықтары
Халықаралық деңгейде адам құқығын қорғаудың құқықтық аспектілерін қарастыру
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтары
Қазақстан Республикасындағы шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың құқықтары туралы
Жеке құқықтар мен бостандықтар
Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары
ҚР адамдардың және азаматтардың конституция негіздері
Пәндер