Жастар мәселесінің түйткілдері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2-3
I-Тарау. Қазақстандағы жастардың бүгінгі жай-күйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4-12
0.1. Жастар мәселесінің түйткілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .4-9
0.2. Жастар-әлеуметтік-мәдени топ ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 0-12
II-Тарау. Танымал баспасөз беттеріндегі жастара мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ...13-21
2.1. Жастардың азаматтық қасиеттерін тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..13-19
2.2. Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 19-21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22-23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24-25

Кіріспе.

Курстық жұмысының өзектілігі. Қазіргі кезде өркениет жаһандық дамудың әр түрлі кезеңдерін басынан өткізуде.
Еліміздің тәуелсіздік болып қалыптасуының өзі де күрделі тарихи кезеңдерден өтті, қазір де әлеуметтік, саяси, мәдени тұрғыдан қиындықтар аз емес. Ең бастысы жастар мәселесі, олардың үлкен тұлға ретінде қалыптасуындағы рухани құндылықтар, ұлттық мәдениеттің әсері туралы сұрақтар ең басты мәселе болып табылады. Бүгінгі күндегі қоғамдағы қарама-қайшы мәселелер кешені, үрдістердің бірыңғайсыздығы жастар ортасы мен қоғамда бәсекелі қақтығысқа әкелуі мүмкін. Алайда қазіргі заманғы жастар өзінің болашағын өзі жасаушы, өзінің күнделікті алып жүрген білімін, ерік-жігері мен шығармашылық белсенділігін тиімді пайдалана алатын, өмір ағысына икемделе білген, өз болашағына сеніммен қарайтын жеке тұлға. Оның алдындағы ең басты мақсат-қоғамда жаңадан қалыптасып келе жатқан қадір-қасиеттер мен әдеп-жоралғыларды өз бойына сіңдіре отырып, жаңа қоғамдық жүйеге бейімделіп, ене білу. Ел басымыздың Қазақстан-2030 атты еңбегінде ертеңгі күні ел тұтқасын ұстар азаматтардың бүгінгі өнегелі тәрбиесі,олардың бойына дүниеге деген жаңа көзқарастық бағдар-жекешіл, дербес дүниетанымдық бағдарды, қазақстандық Отанын сүйгіштік сезімді, нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында жемісті еңбектенуге қажетті білімді, біліктілікті, дағды-шеберлікті сіңіру, қатаң бәсекелестік пен бұралаң бұрылысы көп жаңа бетбұрыстық жолда асқақ адамшылдық пен адамгершілік қадір-қасиеттерді, жұғымды мінез-құлық нормалары мен жоғары имандылық құндылықтарды, саяси кемелділік пен әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру-уақыт талабы, Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан - 2030 атты еңбегінде жан-жақты негізделіп, нақтыланған міндеттер [1].
Жастар Қазақстан халқының жартысынан артығын құрайды және қоғамның белсенді бұл тобы ел болашағында шешуші роль атқарады. Жастар-еліміздің болашағы, ертеңі. Қоғамда пайда болған саяси вакуумға тез арада Шығыстан да, Батыстан да өзгенің бәрі құйыла бастайды. Басқа құндылықтарды бойларына сіңіртіп, рухани дүниесін өзгелерге билетіп қою еліміздің өркениеттілік деңгейін көтереді деп айту қиын. Қоғамның бейбіт өміріне қажетті озық игіліктерге жол аша келе, олардың дәстүрлі мәдениет пен отандық тарихтан алынған өмір үлгілерімен қосылу тетіктерін зерттеу күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселеге жатады.
Тақырыбының өзектілігі бүгінгі таңдағы баспасаөз беттерінен және БАҚ түспей жүрген, қазіргі жастардың ұлттық құндылықтарды дәріптеп, рухани тәрбиелену мәселесінде. Сонымен қатар жаһандану үрдісінің жастарды өте белсенді, әрі психологиялық жағынан әр түрлі қылықтарға әкелуі аса маңызды. Жаңа саяси-әлеуметтік жағдайда республика үшін ғылыми негізделген өркениетті жастар саясатының қажеттілігі күн тәртібіне қойылып отыр. Әр түрлі саяси ағымдардың жастарға тигізетін әсерлерінің молаюы мемлекеттен пәрменді жастар саясатын жүргізуді талап етеді.
Жастардың саяси санасы бос кеңістікте қалыптаспайды. Оған этникалық, діни, мәдени факторлар тікелей әсер етеді. Әсіресе, діни қайта жаңғырту түбегейлі саяси-әлеуметтік факторға айналып отыр. Мемлекеттік саясаттың басты мақсаты-жастардың шығармашылық, жаңашылдық қуатын қоғамды алға бастайтын басты күшке айналдыру. Қоғамда елдің болашағын ойлап, дәстүрлі құндылықтар жүйесін сақтайтын жас ұрпақты тәрбиелеу, әлеуметтік-мәдени, саяси бағдар қалыптастыру зерттеу жұмысының өзектілігін айқындайды. Осы орайда еліміздің белгілі философы Д. Кішібековтың жалпы мәдениет пен өркениет атаулыны зерттеудегі жалпыәдіснамалық мәселенің бірі қазақ қоғамының тарихи кешегісі мен рухани дәстүрін ескеру керек [3] дейтін пікірімен келісеміз.
Жалпы, курстық жұмысты жасу барысында, барлығы жастар мәселесін жан-жақты қарастырғанымен, қазіргі информациялық, техногендік кезеңде бұл тақырыптағы зерттеулер әлі де жеткіліксіз. Жастардың әлеуметтік бейімделу, мәдениет саласындағы, саяси процеске қатысуындағы белсенділіктері жөнінде терең сараптамалар жасау бүгінгі күнде басты міндет. Уақыт өткен сайын жастар арасында әлеуметтік-саяси, мәдени құндылықтар өзгеріп, дүниеге деген жаңа көзқарас пайда болады. Бүгінгі жастардың қоғамдағы белсенділіктерін және олардың өміріндегі дәстүрлі құндылықтардың ролін анықтау өте маңызды. Сондықтан да қоғамдағы қазіргі қазақ жастарының мәселесін жан-жақты зерттеу ізденісімнің өзіндік ерекшелігін білдіреді.
Курстық жұмысымның негізгі мақсаты - баспасөз беттеріндегі жастар мәселесінің ұлттық мәдениеттегі орнын, соның ішінде ұлттық құндылықтарды бағалау ерекшеліктерін көрсету. Қазіргі жастарға әлеуметтік-мәдени топ ретінде мәдениеттанулық талдау жасау. Осы мақсаттарға жету үшін мынандай міндеттер белгіленді:
- қазіргі жастардың мәселесінің әлеуметтік бітім-болмысын, тұлғалық кескінін, азаматтық-адамгершілік сипатын анықтау;
- жастардың құндылық бағдарларын және оқу-тәрбие процесіндегі белсенділіктерін сипаттау;
- қазіргі жастар ортасындағы девианттық мінез-құлықтың пайда болу себептерін көрсету;
- жастардың ұлттық құндылықтарды бағалау деңгейін сараптау;
- бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестіктердің жастардың саяси мәдениеті мен әлеуметтік белсенділігін қалыптастырудағы ролін анықтау және жастардың ұлттық мәдениетті сақтаудағы әрі дамытудағы зор рухани қуат екендігін негіздеу.
Курстық жұмысының құрылымы. Кіріспеден, 2 тараудан және тараушадан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I-Тарау. Қазақстандағы жастардың бүгінгі жай-күйі.

0.1. Жастар мәселесінің түйткілдері.

Тарихтың тар жол, тайғақ кешу жолдарында ұлттың өзін-өзі сақтауының бірден-бір жолы - осы ұлттың рухани потенциалы мен жалпы тұтастық идеясының сақталуы екендігінде дау жоқ. Біздің жас егеменді мемлекетіміздің стратегиялық дамуының негізгі факторы халықтың рухани байлығы, оның әскери күші, адамгершілік құндылықтары, білімі, патриотизмі, елдің тұтастығы болып табылады. Ал енді бұл құндылықтарды жастардың санасына орнықтыру мәселесін қарастырмастан бұрын, алдымызда тұрған бірқатар сұрақтарға жауап табуымыз қажет сияқты. Атап айтқанда, қазіргі Қазақстан жастарының дәл бүгінгі саяси, құқықтық, әлеуметтік-демографиялық, экономикалық және рухани жай-күйі қандай? Себебі, бұл сұрақтардың шешімін таппай, жастардың патриоттық тәрбиесі туралы айту ерте. Әрине, бұл сұрақтарға нақты, әрі толық жауап табу үшін еліміздің мамандары жүргізген зерттеулер нәтижелеріне жүгінуіміз заңды.
Саяси тұрғыдан алғанда, Қазақстан жастарының бүгінгі демографиялық жағдайы олардың саяси аренада ықпалды субъект болу мүмкіндігін арттырады. Мәселен, сайлау науқаны сияқты саяси процестерде жастар категориясы жалпы халық арасындағы көпшілікті құрағандықтан тұрақты электорат болып табылады. Бұл өз кезегінде оларға деген билік өкілдерінің ерекше назарын тудыруы орынды.
Жалпы, әлеуметтік-саяси ахуалды талдау көбінесе билік субъектілерінің бағалы пайымдаулар детерминантымен анықталады. Реформалар бағамын қолдау немесе оған қарсыласу деңгейінің басым бөлігі саяси билік элитасының қолдау дәрежесімен немесе бағасымен түйіндес.
Мұндай жағдайда жастар мен билік арасындағы қарым-қатынастың дұрыс немесе бұрыс арнада дамуы жастардың билікке жақындау, яки олардың биліктен алшақтау тенденциясына алғышарт болады. Демек, жастардың ресми мемлекеттік идеологияны қолдауы да, қолдамауы да биліктің қолында екені анық. Ал бұл болса жас түлектер арасындағы патриоттық сезімнің қалыптасуына тікелей әсері бар "сенім" феноменін туғызуда терең мәнге ие құбылыс болса керек.
Мәселен, зерттеулер көрсеткендей қазіргі кезде Қазақстан жастары үшін Президенттен басқа, жас ұрпақ өкілдерінің толық сенімін туғызатын ешқандай мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық немесе саяси институт жоқ. Ал сенім болмаған жерде қандай патриотизм туралы айтуға болады.
Жастар мен билік арасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтайтын факторлардың келесі бір түрі - жастардың саяси шешімдерді қабылдау процесіне қатысуы екендігін атап өткен жөн.
Жастардың саяси мәртебесі олардың саяси күш ретінде қалыптасу, өзара әрекет немесе келісімпаздық шараларын құра білу, саяси билікке қол жеткізу мәселесі бойынша өзінің алдына мақсат қою және оның іске асыру мүмкіндіктерімен анықталады. Демек, демократиялық қоғам дамуының көрсеткіші ретінде тек қоғамдағы жастар санасының сол қоғамда орын алған саяси шындыққа әсері ғана емес, сонымен қатар, оның саяси өміріне тікелей қатысуы мен белсенділігін де жатқызамыз.
Қазіргі еліміздегі тәжірибе көрсетіп отырғандай, бүгінгі таңда жастар қауымының еліміздің ішкі саясатындағы алатын мардымсыз үлесі олардың мемлекетті басқару процесінен алшақ екендігін көрсетіп отыр. Олай дейтініміз, білімді, әрі белсенді жастардың жоғарғы мемлекеттік билік орындарындағы басқарушы лауазымдарға тартылмауда, тіпті жастар ісімен айналысатын мемлекеттік органдарды басқарып отырған көптеген лауазым иелерінің жасы аталмыш категория қатарынан әлдеқашан шығып кеткенін байқаймыз.
Бұған қарамастан еліміздегі жастар демократиялық қоғам принциптерін қолдана отырып, осы қоғамды басқаруға қатысу үшін өз құқықтарын іске асыруға тырысуда. Мәселен еліміздің азаматы ретінде жастар сайлау процесіне қатысып өз кандидатураларын ұсына алады. Сол арқылы жастар проблемаларын жоғарғы мемлекеттік органдарда көтеріп өз құқықтары мен міндеттерін қорғауға жол ашады.
Айталық, 1999 жылы Қазақстан Республикасының Президентін сайлау кезіндегі жастардың электоральді белсенділігі олардың айбынды күш екендігін байқатты. Кең көлемде өткен "Біз кімді сайлау керектігін білеміз" акциясы жастардың электоральді белсенділігін айтарлықтай дәрежеде жұмылдыра түсті. Мұндай іс-шаралар жастардың электоральдық мінез-құлықын тәрбиелеуде маңызды құрал болып табылады. Мұнда азаматтық позицияны және саяси мінез-құлық желісін қалыптастыруды сипаттайтын басқа үрдіс қарастырылады.
Алайда, осы 2004 жылғы күзде өткен парламенттік сайлауда жастар едәуір төмен электоральдық белсенділік көрсетті. Осы сайлаудан кейінгі социологиялық зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жастардың 26,1% ғана өз азаматтық борышын орындап, сайлауға қатысқан.
Өкілеттік билік органдарының сайлауына деген қызығушылықтың жоғалуы көбінесе өкілеттік билік органдарының саяси өмірдегі кейбір рөлінің төмендеуімен, яғни, жастар тарапынан оларға деген сенімнің азаюымен байланысты. Демек, Қазақстанның саяси өміріндегі Парламент өкілдігінің төмендеуі, жастардың осы өкімет органына қатынасын біршама салқындатқандай.
Оның үстіне депутаттықа үміткер кандидаттардың бағдарламалары да айтарлықтай жастардың көңілін тарта алған жоқ. Шын мәнінде, олардың жастарды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қолдау туралы жалпы дәйектері, әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралары, концептуалдық тұрғыдан негізсіз тұғырнамалары жас ұрпақты қызықтыра алмады. Демек, саяси процестерге қатысу тәжірибесіне қарамастан, жастардың басым көпшілігі өкілеттік өкімет органдарын сайлау үрдісін елемеуді қалаған сияқты.
Жалпы, саяси жүйені трансформациялау, азаматтық, демократиялық қоғам белгілерінің бірі болып табылатын көп партиялықты қалыптастыру, өз позициясын орнықтыру, өзін қандайда болмасын саяси күшке қатыстыру, онымен сәйкестендіру желісі бойынша қарастырылады. Айталық, кейбір зерттеушілердің жүргізген социологиялық сауалнамасының нәтижесіне қарасақ Қазақстан жастарының 56% саяси партия мен ұйымдардың жұмысына араласуға оншалықты асықпайтындығын көрсеткен.
Осындай жағдайда жас ұрпақтың негізгі бөлігі еліміздегі саясатқа қатысу мүмкіндігінен, нақтырақ айтқанда, саяси ұйымдарға мүше болып, олардың жұмысына белсенді түрде қатысудан гөрі, уақыт өткізудің басқа түрлерін артық санайтын сияқты. Мұндай тенденция, біздің көзқарасымыз бойынша, саяси мәдениеттің тек жастар арасында ғана емес, жалпы мемлекеттік деңгейде жеткілікті дәрежеде қолға алынбай отыруымен байланысты.
Алайда, елімізде болып жатқан процестер мен оқиғаларға жастардың бағасы бір қалыпты, әрі жайбарақат. Ал олардың керісінше саяси позициясы барынша кемелденген және тиімді болуы жастардың өз құқықтарын, бостандықтарын және міндеттерін елдегі реформаларды дамытуда маңызды құрал екендігін сезінген сәтте ғана туындайды.
Мысалы, социологиялық сауалнамалардың нәтижелері көрсеткендей, Қазақстандағы жас азаматтардың құқығын қорғау жастардың көңілінен шыққан. Олардың көбі отандық заңнамада қандайда болмасын құқықтық қайшылықтар мен проблемаларды шешетін, өркениетті елдерге тән позитивті құралдардың болуын қолдайтын сияқты. Демек, қоғамда орын алатын саяси процестерде жастар өз құқықтарын сақтаудың бірден-бір жолы ретінде - бейбіт митинг, шеру, ереуілдерге қатысуды қолдайтындығын жасырмайды [7]
Елбасымыз Н.Назарбаев жас - тар мәселесіне баса мән беріп келе жатқаны белгілі. Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында жастарға білім беруі мен еңбек етуіне байланысты міндеттерді нақты саралап көрсетті. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында жастар мәселесі жөнінде де кеңінен сөз қозғады. Сессияда жас буынға айтарлықтай міндет атқаруы тиіс екендігін баса айтты. Жасыл ел, Ауыл жастары, Дипломмен ауылға бағдарламалары аясында нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Жастарды баспанамен қамтамасыз етуге мән берілетін болды. Елбасымыз Қазақстан жастар елі екендігін, әрбір екінші қазақстандықтың жасы 30-ға жетпегенін, еліміздің серпінді дамуына жастардың үлесі зор болатынын айта келіп, Үкіметке үстіміздегі жылдың Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасын ұсынуды тапсырды. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың соңына дейін біздің заңнамаларымызды мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша жаңартуды, Білім және ғылым министрлігінің құрылымында Жас - тар саясаты жөніндегі комитет, ал өңірлерде тиісті басқармалар құру қажеттігін, Астана және Алматы қалаларының әкімдері өңірлік Жастар істері жөніндегі кеңестерді тікелей өздері басқаруы тиіс екендігін нақты көрсетті. Үкіметке жастар үшін әлеуметтік қолайлы жағдайларды қалыптастыру жөнінен заңнамалық және әлеуметтік-экономикалық шаралардың жүйелі кестесін әзірлеуді тапсырды. Жастар арасындағы үрдістерге терең зерттеулер жүргізу қажет. Білім және ғылым министрлігіне Гумилев атындағы Еуразия университеті жанынан Жастар ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы мәселені ойластыру керек. Жас Отан жастар қанатының жұмысын күшейте түсу қажет. Нұр Отан партиясының Орталық аппаратына Жас Отанның 2020 жылға дейінгі іс-қимыл стратегиясын әзірлеп, бекітуді тапсырамын. ҚХА істен бейтарап қалмай, жастар мәселелеріне көбірек көңіл бөліп, жоғарыда аталған шараларға белсенді қолдау көрсетуі тиіс деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.
Демек, жастар алдына қойылып отырған жаңа міндеттер, келешекте еліміздің қозғаушы күші болары анық.
Дені сау ұрпақ - тірегіміз Жастардың денсаулығын жақсартып, білімін көтеру және әл-ауқатын арттыру мәселелері Елбасының үнемі назарында болуы бекер емес. Адам бақытты болу үшін бұл дүниеде екі нәрсе керек: бірінші - денсаулық, екінші - білім. Осы екеуі біріксе, адам алдында алынбайтын қамал, қол жетпейтін арман, игерілмейтін биік жоқ. Мемлекетіміз халық денсаулығына әрдайым ерекше көңіл бөліп, еліміздің тұрғындарының өмірін неғұрлым ұзарта түсуге бағытталған шаралар алуы қазір басты мәселеге айналып отыр. Әсіресе, жастардың денсаулығы мықты болуы тиіс. Әскерге шақыртылған жастарды медициналық тексеруден өткізгенде көптеген жастардың денсаулығы қалыпты жағдайда емес екені анықталып отыр. Жастар денсаулығының нашар болуы неліктен? Мұндай жастың келешегі не болмақ? Бұны балалар мен жастардың денсаулығын бекемдеу ісінің әлі де ойдағыдай болмай отырғаны деп ұққанымыз жөн. Бүгінгі жас бала - ертеңгі әке, жас қыз - ертеңгі ана екенін естен шығармауымыз керек.
Темекі мен спирттік өнімдердің, нашақорлықтың адам денсаулығына, отбасы мен қоғамға қанша қасірет әкелетіні жайлы аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік - қазіргі бүкіл әлемде қоғамның ауыр дертіне айналды. Ішімдікке әуестіктің қыз-келіншектер мен жасөспірімдер арасында кең етек алып бара жатқаны, соның салдарынан қылмыстық оқиғалардың жиілеп бара жатқаны алаңдатады. Ресми мәліметтер - ге сүйенсек, республикамыздағы нар - ко - логиялық мекемелерде қазіргі кезде 235 416 адам маскүнемдік дерті бойынша есепте тұрады екен. Демек, маскүнемдік 100 мың адамға шаққанда 144,2 болып отыр. Тиісті орындардың мәліметтеріне жүгінсек, елімізде ішімдік ішу 1 адамға - 12 литрден, ал сыра - 31 литрден айналыпты. Демек, еліміздің тұрғындарының 33,3 пайызы, яғни үштен бірі ішімдікке әуес. Мұны жас ерекшіліктеріне орай сараптасақ, 40-49 жас аралығындағылар көш бастап тұрса, 20-29 жастағылар екінші орында. Ал 18-19 жастағылардың үлес салмағы 37,7 пайызды, жасөспірімдердің үлесі 22 пайызды құрайды екен. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары ішімдікті шамадан тыс тұтыну азаматтардың денсаулығы үшін ғана емес, бүкіл ұлттың болашағына төнген апат екенін жеткізді. Жастайынан ішімдікке салынып, темекінің ащы түтінімен өкпесін ыстаған, наркотиктің дәмін татқан жасөспірімді ертең не күтіп тұр? Болашағы бұлыңғыр емес пе?! Темекі түтіні сәбиді улап жатыр Елімізде жастар арасында көк түтінге құмартқандардын саны азаяр емес. Тіпті, қаракөз қыздарымыздың бұрқыратып көшеде шылымды тартып тұрғанының өзі көзімізге үйреншікті жайт болып кетті емес пе?! Тіпті, нәзікжандыларға арналған түрі жіңішке, дәмдері әртүрлі қоспалармен байытылған темекі түрлері де баршылық. Әрине, көк түтінге әуестенушілердің санының артуына бұл да бір себеп. Мәселен, 2000 жылы бір қорап темекінің бағасы дәл қазіргідей. Басқа да тұрмыстық заттар, азық-түлік қымбаттап жатқанда, ал темекі бағасының көтерілмеуінде құйтырқы саясат жатқандығына дауымыз жоқ. Өйткені, мол табыс түсіріп отырған темекі фабрикалары тұтынушыларынан айрылғылары келмейді. Орташа құны 100 теңге тұратын темекіге әуестіктің салдарынан жыл сайын 25 мың адам немесе күн сайын 70 адам көз жұматын көрінеді. Сол себепті қауіпті ермектің құнын 10 теңгеге қымбаттатсақ - 1500 өмірді, 1 теңгеге қымбаттатсақ 150 өмірді аман сақтап қалады екенбіз.
Қазақстанда жүргізілген әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде 12 жастан асқан азаматтар арасында темекі шегу әдеті кең тарап отырғандығын көрсетті. Жалпы елімізде 4,5 миллионға жуық азамат шылым шегетіндігі анықталды.
Жалпы, темекінің түтінінен әлемде әр 6 секунд сайын бір адам, яғни әр сағат сайын 600 адам көз жұмады екен. Бұл - жылына 5-5,4 миллион адамның өмірін алады деген сөз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжауынша, 2030 жылы темекінің құрбандары 8-10 миллионға дейін жететін көрінеді.
Қазақстан халқының демографиялық өсіміне темекінің зияны шаш етектен. Мәселен, аяғы ауыр кезінде шылым шеккен әйелдердің балалары өсе келе әртүрлі жасырын және созылмалы ауруларға ұшырайтынын ақ халатты абзал жандарымыз айтып та жүр. Шылым шегетін аналардан туылған балалар өз құрдастарымен салыстырғанда ақыл-ой дамуы жағынан артта қалады. Зерттеулер бойынша, темекі түтінінің құрамында 30-дан астам улы заттар: никотин, көмірқышқыл газы, көміртек тотығы, аммиак, шайырлы заттар, органикалық қышқылдар бар екендігі анықталған. Шылым шегудің туберкулез ауруына соқтыратыны да анықталды. Темекі жүкті әйелдерге өте зиян. Сәбидің дүниеге сырқат болып келуіне немесе өлі болып туылуына темекі де себеп болады. Бала емізетін әйелдерде никотин сүтке араласып, осы арқылы сәбиді улайды. Шылым шегудің зиян екендігін біле тұра, жылдан- жылға шылым шегетін қыздарымыздың саны артып келеді. Рас, соңғы кезде қоғамдық мекемелерде, аялдамаларда, оқу орындарында, көшелерде шылым шегуге тыйым салынды. Сырты әдеміленіп, жылтыр қорапшаларға салынған удың жарнамасы өкінішке орай, қазір де жүріп жатыр. Зиянды әдеттерден халықты ал - шақ - - - татамыз деп дәрігерлер әуре. Тіп - ті, арнайы мемлекеттік бағдарлама, заң да қабылданды. Қыруар қаржы бөлі - ніп, Салауатты өмір салтын қа - лып - - тастыру орталықтары ашыл - - ды. Бірақ атқарылып жатқан шаралар - - - дың ықпалы әзірше сезіл - мейді. Ішім - дік - ке, темекіге, есірткіге әуестенуші - лер саны жыл өткен сайын өсіп бара - ды. Ал, жастардың дені сау, ұрпа - ғы таза, рухы биік болуы үшін шылым шегу - ге қарсы күресті күшейту қажет.
Жамандықтан қайтсек арыламыз? Ұлтын сүйетін, ана тілін білетін, салт-дәстүрін құрметтейтін, төл өнері - нен ләззат алатын жас - тар қатары көбейсе, еліміздің гүл - денері анық. Қоғамдағы кемшін тұсы - мыздың бірі - жастардың өз ұлтының құндылықтарынан гөрі, өзге елдің арзанқол дүниесіне құмартып жүргендігі болса керек. Жалпы бүкіл әлемде ұрлық-қарлық, адам өлтіру, қыз зорлау, тонаушылық пен қарақшылық оқиғалары жиі кездесуде. Осындай келеңсіз істерге тосқауыл қою үшін ұлттық идеология керек. Жас бала - күнге талпынған өсімдік сияқты десек, оған дұрыс бағдар көрсететін ұстаз да аса қажет қой. Құбылған әлем жарысы, Ақылды жанның табысы дейді Шәкәрім бабамыз. Бәрін біліп алуға тырысатын, өмірге икемді, тәрбиелі жастар аз емес. Ұлттық мәдениеттен жұрдай ұрпақ - тан халықтың қасиеті мен мүддесін қор - ғай - тын азаматтар шықпайды. Халық даналығында Баланы әуелі мейір-шапағатқа, содан соң ақыл-парасатқа, ақырында еңбек пен ғылымға баулы, - дейді. Өмір көшіне ілесем десең, уақыт талабына сай талпыныс жасаудың, жасампаздықтан жалықпаудың, ақылың мен еңбегіңе сүйенуге тырыс.
Ғаламторға телмірген жастар Таңертеңнен кешке дейін интернетте телміріп отырған жастарды бұл күндері жиі кездестіретін болдық. Тіпті, ұялы телефон арқылы агентке кіріп, алтын уақыттарын өлтіріп, бір-біріне жарыса хат жазысып жатады. Ғаламтордың зияны туралы әлем ғалымдары дабыл қағуда. Біріншіден, мониторға ұзақ уақыт қараудың салдарынан адамның көз жанары құрғап, көру қабілеті нашарлайды. Сіресіп отырғандықтан омыртқа зақымданып, скалиоз, кифоз ауруларына шалдығады. Қимыл-қозғалыс азайғандықтан, қан айналымы нашарлайды, семіздік пайда болады. Жаңа технологиялар адамның жасушаларына қау - іп төндіріп, қатерлі ісік ауруының туын - дауына себеп болады. Екіншіден, ғаламтор жастардың көп уақытын алады. Жастар көптеген қоғамдық жұмыстар - дан шет қалады. Үшіншіден, ғаламтор жас - тарды еріншектікке дағдыландырады. Қазір керекті мағлұматтың барлығы ғаламторда бар. Іздеген нәрсеңіздің атын жазсаңыз болғаны түрлі рефераттар, зерттеулер, ақпараттар дап-дайын табыла кетеді. Төртіншіден, жастар жасандылыққа бой алдыруда. Мәселен, аты-жөнін өзгертіп, өзінің суретінің орнына өзге бейнені салатындар көбейді. Не болса соны жазып, жалған мәліметтерді жариялайтындар көп. Тіпті, қазір жастардың кеш үйленуіне де ғаламтор зиянын тигізуде. Статистикалық мәліметке сүйенсек, қазір Қазақстанда жасы 25-тен асқан бойдақтар саны 3 миллионнан асады екен. Соның ішінде қыздардың 28,2 %-ы, жігіттердің - 39,6 %-ы бойдақ болып өмір сүреді. Бұрынғыдай Қыз Жібек пен Төлегендей махаббат сезімдері жоқ жастар азайып, жаңа технологияға сай құлтемірге айналып бара ма, қалай?! Бесіншіден, ғаламтор арқылы мінез-құлық бұзылады. Бұған дәлел, бұрындары халық ән-күйлерін тыңдайтын балалар мен жасөспірімдер қазір компьютердегі шетелдің ырду-дырду әуендерін естіп, түкке тұрмайтын ойындарын қызықтай - ды. Атыс-шабыс, қан төгу және жауыздық арқау болған ойындар бала психологиясын бұзады. Ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері баланың миында сіңгендіктен, ол қылмысқа да баруы әбден мүмкін. Тіпті өтірік ақпарат берілсе, соған сенеді. Ғаламтордағы келеңсіз көрсетілімдерден кейін күйзеліске ұшырап, жүйке дертіне ұшырап жүрген жастар қаншама?! Мұндайлар тез ашуланады, айтылған ақылды қабылдамайды. Демек, баланы компьютерден қорғау да қазір басты мәселеге айналды.
Тәтті сусынның залалы Еліміздің нарығында Дизи, Редбул, Монстер секілді энергетикалық сусындар ашықтан-ашық сатылуда. Жастар да, мектеп оқушылары да осы бір сиқырлы сусынға әуестеніп алған. Себебі, оның жарнамасы керемет. Ұйқыны ашып, күш беріп, сергек жүруге көмектесетін сусын әсіресе балалардың ағзасына өте зиянды. Оған дәлел, энергетикалық сусындарды жиі пайдаланатын мектеп жасындағы балаларды тексергенде, олардың бауыры 35 жастағы маскүнемнің бауырымен бірдей болатындығы анықталды. Бұл улағыш сұйықтықты балалар көп ішсе, жастайынан түрлі ауруларға шалдығады екен. Жүрек дертіне, жүйке жүйесі, асқазан, бауыр, тіпті қатерлі ісікке апаратын мұндай сусындарды пайдаланбаған жөн. Бұл сусындар бастапқыда спортпен шұғылданатын адамдарға белгілі бір күш-жігер қажет болғанда қолдану үшін ұсынылған болатын. Алайда, аталған сусынды жиі пайдаланғандардың ойлау қабілеті тежелетіндігі анықталды. Ұрпақ болашағын, ұлт келешегін ойласақ, жастардың тәрбиесіне, ішетін сусынына, айналысатын кәсібіне мән беретін кез келді.
.

0.2. Жастар-әлеуметтік-мәдени топ ретінде.

Жастар - еліміздің ертеңгі болашағы. Сондықтан да жастар мәселесі мемлекеттің стратегиялық маңызды бағыттарының бірін құрайды. Жастарға қарап ертеңгі мемлекетіміздің даму бағытын, бейнесін көруге болады. Жастар - ең прогресшіл, жасампаз топтың өкілдері. Елімізде жүргізіліп жатқан реформалар қалай да болмасын белгілі кезеңдер өткеннен кейін жастардың бойында өзінің жақсы және жаман қырынан өзіндік ізін қалдыратындығы айқын. Міне, бұл жастар ісіне, оны тәрбиелеуге немқұрайлы қарауға болмайтындығын білдіреді. Бүгiнгi тәуелсiз мемлекетiмiздегi жаңа қоғам мүддесiне лайықты, жан-жақты жетiлген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу отбасының, бiлiм беру ошақтары мен барша халықтың мiндетi. Өзiмiздiң өркениеттi ел қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердiң бiрi келешек ұрпақтың рухани дамуы.
Әлеуметтік-мәдениеттану тәсіліне жастардың нақты мәселелерін қоғамда жүріп жатқан процестермен байланысты талдау керек. Осы бағытты ұстанып жүрген әлеуметтанушылар жастардың ішкі дүниесін нақты ұғымдармен, идеялармен, мақсаттармен және жас адамдардың мінез-құлқымен салыстырып пайымдауға ұмтылады. Осы аталған субъективті көріністер мәдениеттің белгілі бір түрлерінде көрінетін үдерістердің салдарлары ретінде белгіленеді. Жастардың мән-мағыналық анықтамалары субмәдениеттің нысандары ретінде қаралады. Мәдениет ұғымы мұнда бірнеше мағынада пайымдалады: мәдениет әлеуметтік нормаларды меңгерудің дәрежесі, мәдениет адамзат жинақтаған байлықтың қосындысы, адам қызметінің тәсілі.
Қазіргі кезде әлеуметтік-демографиялық, педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде жастардың жасының төменгі және жоғарғы жастық шекарасын анықтауда әр түрлі ағымдар бар. БҰҰ Халықаралық жастар жылын өткізгенге дейін жеткіншек кезең деп 10 нан 19 жасқа дейінгі жасты санап келген. Себебі дәл осы жастық интервал статистикалық және демографиялық есептерде қолданылады. 1985 жылы БҰҰ Халықаралық жастар жылын өткізілуіне байланысты жастық шақ деп 15 жастан 24 жасқа дейінгі кезеңді белгіледі [4]. Сонымен қатар елімізде ғалымдардың пайымдауынша жастар еңбекке қабілетті тұрғындардың шамамен 50% құрайды. С.Ж Туркпенованың ойынша, жастар мәселесі қазіргі кезде қоғам өмірінің әр түрлі салаларының трансформациясымен ғана емес, сәйкесінше, кәсіби білімнің жоқтығына байланысты, рөлдер мен статустарды бөлудегі көзқарастың екінші деңгейлігімен, жастардың өзінің мүдделері мен құндылықтарын толық сезіну процесінің аяқталмағандығымен байланысты [5, 270 б].
Жастарды әлеуметтік топ ретінде талдау алдыңғы ұрпақтың сіңіретін әлеуметтік тетігі арқылы, екінші жағынан дербес және өзінің бойындағы құндылықтары мен әрекет стандарттарын әкелетін жеке тәжірибесі негізінде қоғамның әлеуметтік құрылымының табалдырығында тұрып, қоғамдық қатынастар қалыптасып қалаған әлеуметтік-стратификациялық тәртібіне әсер етуші әлеуметтік топты зерттеу дегенді білдіреді. Жалпы, жастар өздерінің жас ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік ұстаным мен әрекеттердің иновациялық түріне әкелуі және әр түрлі девианттық іс-әрекеттерге тез ұшырайды. Жастардың әлеуметтік, мәдени топ ретінде белсенділігінің субмәдени тұстарын зерттеуде чикаго мектебінің өкілдері алғаш болып ат салысты. В.У. Уайт, А. Коан, Г. Беккер секілді ғалымдар XXI ғасырдың 20-жылдары қала жастарының ерекше топтарын зерттеуде үлкен үлес қосты. Ал, жастар әлеуметтануындағы субпәннің қалыптасуындағы маңызды ролді Г. Парсонс алды. Ол жастар мәдениеті деген терминді ғылымға енгізді. Карват және В. Маляновскийдің теорияларының басты негізі жастардың әлеуметтік субъектілігінде. Олар мынандай факторлар арқылы көрініс береді:
* жастар мәдениет сипаттағы әлеуметтік топ болып табылады; жастардың ерекшелігі бір мезгілде әлеуметтенудің объектісі және субъектісі болып табылатын топ сипатында байқалады;
* үлкен әлеуметтік топтардың барлық атрибуттарына ие болып, сонымен қатар қоғамның негізгі әлеуметтік топтарына тән статусты иемденбей, жастар ұрпақтық және мәдени топ болады;
* жастардың әлеуметтік топ ретінде ерекшелігі әлеуметтік біртектіліксіздікке негізделген, оны даярлау сатылары қоғамдық практикаға толық дайын еместігін ерекшелеп көрсетеді;
* жастардың әлеуметтік қажеттіліктерінің және оларды жүзеге асырудың қоғамдық шарттары мәселесі салдарынан қозғалысы ұйымдастырылады;
* әлеуметтік қажеттіліктердің жүзеге асуының негізгі факторы жастардың жеке белсенділігі, саналы, рационалды, дербес өзін-өзі іске асыруға қабілеттілігі арқылы көрінетін жастардың субъектілігі болып табылады [6].
Жастар категориясына көптеген анықтамалар берілген, бірақ олардың жастардың табиғатын аша түсудегі үлес салмағы қаншалықты маңызды екенін түсіну қажет. Ал осы жастар деген кім? Оған қоғамның, әлеуметтік топтың толықтай мүшесі болу үшін не қажет және мүдде-мақсаттары қандай? Соған тоқталып өтетін болсақ, онда жастардың ғылыми анықтамасын беру, олардың жас аралығын айқындау көптеген ғылым бағыттарының: философия, әлеуметтану, мәдениеттану, саясаттану, тарих, құқық т.б. ғылымдардың негізгі мәселелерінің біріне айналады. Жастардың табиғатын тануда, оның ұғымын тұжырымдауға қатысты ғылымда әр уақытта әр түрлі пікірлер мен көзқарастар айтылған болатын. Ең алғаш жастар түсінігін атақты орыс әлеуметтанушысы В.Т. Лисовский беруге ұмтылған болатын. Оның ойы бойынша: молодежь -поколение людей, проходящих стадию социализации, усваивающих, а в более зрелом возрасте уже усвоивших, образовательные, профессиональные, культурные и другие социальные функции; в зависимости от конкретных исторических условий возрастные критерии молодежи могут колебаться от 16 до 30 лет [7, 32-33 бб.]. Жастардың ойлары мен олардың жоспарлары - бұл болашақтағы әлуметтік, саяси және мәдени үрдістердің даму деңгейін талдауға мүмкіндік беретін ерекше топ [8, 7 б.]. Ал жастарға байланысты осындай ой тұжырымды А.И. Тесленко мен Д.А. Калетаев жасайды. Ғылыми әдебиеттерді саралай келе жастардың ғылыми әдебиеттерде қалыптасқан мына төмендегі объективтік өзіндік белгілерін бөліп көрсетеді:
Сонымен қатар Г.С. Әбдырайымованың берген анықтамасы бойынша Жастар - қоғам дамуының басты тенденцияларымен байланысты дамушы қоғамның доминантты бөлігі болып табылады, және өткір әлеуметтік қайшылықтар мен мәселелердің негізі және таратушысы [8, 6-7 бб.] деп анықталып, жастарды қоғамның ең негізгі қозғаушы күші ретінде көрсетеді. Осы саланың белгілі білгірлерінің бірі И.С. Кон былай анықтайды: Молодежь - социально-демографическая группа, выделяемая на основе современности возрастных характеристик, особенности социального положения и обусловленных тем и другим социально-психологических свойств. Молодость как определенная фаза, этап жизненного цикла биологически универсальна, но ее конкретные возрастные характеристики, связанный с ней социальный статус и социально-психологические особенности имеют социально-историческую природу и зависят от общественного строя, культуры и свойственных данному обществу закономерностей социализации [10].Сонымен бірге Г.С. Әбдірайымова да осы берілген анықтамадағы жастардың әлеуметтік демографиялық топ екендігін және олардың әмбебаптылығын өзінің жастар категориясына берген анықтамасында растап кетеді. Ол жастарға Жастар - бұл әр түрлі әлеуметтік психологиялық, физиологиялық және жас аралығымен ерекшеленетін әлеуметтік демографиялық топ. Жастардың жас аралығы (16-29) биологиялық тұрғыдан әмбебап, бірақ өмірдің көптеген анық обьективті жағдайларымен, тұқымқуалаушылық және қабылдаған, қалыптасқан белгілерімен шектелген [8]деген анықтама береді. Бұл - берілген түсінік жастардың табиғатын толық ашуға мүмкіндік беретін және қазіргі кезеңде осы саланы зерттеушілер тарапынан қолдауға ие тұжырымдардың бірі.



II-Тарау. Танымал баспасөз беттеріндегі жастара мәселесі.

2.1. Жастардың азаматтық қасиеттерін тәрбиелеу.

Бүгінгі таңда жастар мәселесін танымал баспасөз беттерінен жиі байқап жатамыз, БАҚ - нан, көріп, оқып жүрген мәселе ол жастардың еліктегіш қасиетері сондай - ақ, тарихына көз салматын жастарымыз жайлы танымал газеттер жиі жарыса жазады, солардың бірі Ана тілі газеті, Егемен Қазақстан облыстық Қостанай таңы газеттерін атап айтуға болады. Жақында Қазақ газетінде Жастар мәселесі-басты назарда атты мақала жарық көрген болатын, мақаланың мәтініне келер болсақ, Алматы қаласы бойынша 500 мыңға жуық жастар бар. Оның 130 мыңы жоғарғы оқу орнының студенттері. Сол студенттердің 71 мыңы шет жақтан яғни басқа қаладан келгендер. Алдағы уақытта Алматы қаласының жастар саясаты басқармасы осы 500 мың жастың әлеуметтік, интеллектуалды, білім мәселесін дамытуға үлес қосатын болады. Бұл туралы Алматы қаласы жастар ресурстық орталығында өткен баспасөз жиынында белгілі болды.
Шараны ұйымдастырушы Жастар ресурстық орталығының директоры Совет Сейтовтың айтуынша, бұл орталық жастарға қоғамдағы өз орнын анықтауға, кәсіптік бейімделуге және жеке бас құндылықтарын жүзеге асыру сияқты сұрақтарында көмек беруге бағытталған. Жиын барысында сөз алған Алматы қалалық жастар саясаты бөлімінің басшысы Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, 500 мың жастардың тарапынан биылдыққа Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының аясында 21 жоба іске асады. Оның ішінде 50 % жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған. Соның бірі Жасыл ел бағдарламасы бойынша Алматы қаласына 70 млн қаржы бөлініп отыр. Оның барлық қаражаты осы бағдарлама аясында жұмыс істейтін 1750 жастың жалақысына беріледі.
Жастар ресурстық орталығы негізгі 4 бағыт бойынша жұмыс істейді. Олар жастар ұйымын қолдау, қоғамдық қабылдау, медиа орталық, жастардың білім алуын дамыту сынды бөлімді құрайды. Әр бөлім өзінің қызметіне байланысты, жастармен тікелей қарым қатынас орнатып бірқатар мәселені шешетін болады.
Алматы қаласының 8 ауданы бойынша 40-қа жуық жастар орталығы жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алкогольге қарсы жұмыстарды кешенді жүргізу
Ертедегі дене шынықтыру мен спорт
Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік- педагогикалық технологиясы
Ішімдіктің оқушылар ағзасы мен психикасына әсері
Руханият – адам жанының азығы
Сырдария
Бiрлiк пен бейбiтшiлiк бесiгi
Баланың өсуі мен дамуы
Салауатты өмір салты туралы мәлімет
Денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудың көрнекілігі
Пәндер