Сұхбат жанрының енуі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2-3
I-Тарау. Тележурналистикадағы сұхбат жанры және оның ену тарихы ... ..4-11
0.1. Сұхбат жанрының енуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-6
0.2. Теледидардағы сұхбаттасу өнері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-10
0.3. Сұхбат жанрының ерекшелігі мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10-11
II-Тарау. Телеэкрандағы сұхбат жүргізудің өзіндік әдіс-тәсілдері және көтерілетін проблемалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12-2 3
2.1. Сұхбат жүргізудің технологиясы мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12-18
2.3. Сұхбат жанрының телеэкрандағы көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18-23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Пайдаланылған әдебиттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Кіріспе.

Курстық жұмыстың кіріспесін ең алдымен, сұхбат сөзінің мағынасын ашуға мән бергенімізді жөн көрдім. Сұхбат - газеттегі және теледидардағы арнаулы бағдармаларда сұхбат құрамында көп кездесетін субъектілік болғанына қарамастан, ақпарат алушыларға қажет материалды бірінші болып алуға жағдай жасайды. Аталған субъектизм журналистің алған ақпаратын сұхбатқа айналдырып, қағаз бетіне көшірген кезінде өз елегінен өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен, газет бетіндегі немесе теледидардағы интервьюер мен сұхбат берушінің сұрақ-жауап түріндегі әңгімесі оның түпнұсқасы емес. Бұл журналист пен сұхпат берушінің сол әңгімесі, бірақ сұхбат алушы біраз өзгеріс енгіседі.
Алайда, атап кеткендей бұл ерекшелік көбіне журналистің тыңдаған дүниесін оқырман оқитын газетсұхбатына тән, ал аудитория ақпаратты тікелей тыңдап және көре алатын радио мен теледидар сұхбатына көбіне жат болып келеді. Соңғы жағдайда,тыңдарман ақпаратты сұхбат алумен қатар тікелей сұхбат берушіден тыңдап көреді. Мұндай жағдайда, сұхбат беруші адам тікелей қатысып, оны өз санасынан өткізетіндіктен белгілі деңгейде оқиғаға қатысушы есебінде болады. Бұл жерде ақпаратты оқырман, көрермен, тыңдарман тыңдап, көргенін өз дүниетанымына, өмірлік көзқарасына сәйкес қабылдайды. Сұхбат - көп қырлы жанр. Бұл сұхбаттың ақпараттық жанрға да, талдамалы жанрға да қатыстылығын дәлелдейді. Сұхбат өзіндік жеңілдігіне қарамастан, белгілі бір стратегия мен тактикаға бағынуды талап ететін күрделі жанр. Сұхбат біздің көзқарасымыз бойынша ғана жеңіл, себебі, ақпарат алудың көзі ғана болып көрінеді. Сұхбат әртүрлі болады. Жанр ретінде сұхбат: хабарлама (әңгіменің маңызыд тұстары алынып, жауаптар қысқа беріледі), сұхбат - диалог (әңгіменің толық мәнін береді), сұхбат суреттеме (әңгіме мазмұнына өзге оның қандай жағдайларда алынғанын, сипаты беріледі), сұхбат - пікір (оқиғаға, құбылысқа, деректерге түсіндірме беріледі), бұқаралық сұхбат (баспасөз конференцияларынын, брифингтерден беріледі) болып бөлінеді. Публицистика жанрлары мен пішіндеріне арналған орыс тіліндегі Справочник журналита кітабында сұхбаттың монолог, диалог. Суреттеме, анкета, және ұжымдық түрлерін атайды. Мұнда дөңгелек үстел басындағы әңгімені сұхбаттың ұжымдық түріне жатқызады.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Сұхбат - публицистикалық жанр, журналистің бір немесе бірнеше тұлғамен әңгімесі. Егер сөздердің семантикасына назар аударатын болсақ, inter - өзара қатынасты бағыттас деген мағынаны берсе, view сөзінің мағынасы - көзқарас, пікір дегенді білдіреді. Демек, сұхбат - көзқарас, дерек, ақпарат алмасу. Жанрлардың құрылуы кезінде, яғни белгілі бір жанрға жатқызу үшін публикациялардың болашақ сипат алуымен жанр аттарын айыра білу кезек. Публикациялардың әлі де жанрлық анықтама алмаған жаңа тобының қатаң принциптік негізі жоқ және белгілі заңдылыққа сүйенбейді. Сұхбат журналистиканың бір жанры деп қарамас бұрын, алдымен оның даму тарихына толықталған жөн. Журналистикадағы кез келген жанрдың даму үрдісі негізінен техниканың дамуымен, радио мен телевидениенің пайда болуы және таралуымен тығыз байланысты. Сондықтан да біз сұхбаттың даму тарихын техникалық даму үрдісімен тығыз байланыста қарастырамыз. Сол арқылы газет, радио және телевидениедегі сұхбатты осыған сай БАҚ әдістемелері бойынша талдаймыз.
Курстық жұмыстың мақсаты. Теледидардағы сұхбат ол бір сөзбен айтқанда шыңдықтың қазаны деп айтуға болады, себебі тіклей эфирдегі сұхбат ол өзгертуге келмейтін оқиға, сондықтан сұхбат алушы журналистпен сұхбат беруші адамның арасындағы өзіше диолог құрылу мақсатында сұхбат жанырының қалыптасқан ерекшеліктері қолданылуы тиіс. Сұхбат жанрын қолдануда, яғни сұрақ - жауап үлгісімен жазылған, журналист пен кейіпкердің әңгімесінің сол күйінде берілуін газет оқырмандары өзгеше қабылдайды. Өйткені оқырмандардың сұхбат берушіге емес, сұхбаттасушының жеке өміріне назары ауады. Ертеректе оқықырмаңдардың көңілін газетпен баураған жауапкеріпіліктен айылылған журналист, өзіндік қолтаңбасын енгізіп, қоғамдық пікірді білдірушіге айналды. Журналистің ирониясы, сарказмі, сұхбаттың драматургиясын құрастыра білуі, әнгімелесушіден ақпаратты ала білу шеберлігі сұхбат алушыға деген оқырмандардың ықыласын туғызды. Сұхбат алушы журналист атақты кейіпкерлерден алған сұхбаттары арқасында өзінің шеберлігін шыңдап, оқырмандарға жақындай бастайды.
Курстық жұмыстың құралымы. Курстық жұмыстың барысы, кіріспе бөлімнен және екі тараудан, қорытынды бөлім мен пайдаланылған әдебиттер тізімінен тұрады.

I-Тарау. Тележурналистикадағы сұхбат жанры және оның ену тарихы.

0.1. Сұхбат жанрының енуі.

Ғасырдың соңында сұхбат жанры Еуропада тарала бастады. Заманауи британдық журналист 1900 жылдың соңында ағылшындар сұхбат жанрын қолдана бастайды. Белгілі британдық журналист У.Стид 1902 жылы сұхбатты америкалықтар ойлап тапты дейді. Ол Англияға бірінші рет америкалық баспасөзден үлгі алған сұхбатты жібереді. Неміс журналистикасының теоретигі Э. Довифат 1927 жылы АҚШ журналистикасы туралы кітап жазды. Онда сұхбат жанрын нақты америкапық жаңалық ретінде мойындайды.
Сұхбат жанрын қолдануда, яғни сұрақ - жауап үлгісімен жазылған, журналист пен кейіпкердің әңгімесінің сол күйінде берілуін газет оқырмандары өзгеше қабылдайды. Өйткені оқырмандардың сұхбат берушіге емес, сұхбаттасушының жеке өміріне назары ауады. Ертеректе оқықырмаңдардың көңілін газетпен баураған жауапкеріпіліктен айылылған журналист, өзіндік қолтаңбасын енгізіп, қоғамдық пікірді білдірушіге айналды. Журналистің ирониясы, сарказмі, сұхбаттың драматургиясын құрастыра білуі, әнгімелесушіден ақпаратты ала білу шеберлігі сұхбат алушыға деген оқырмандардың ықыласын туғызды. Сұхбат алушы журналист атақты кейіпкерлерден алған сұхбаттары арқасында өзінің шеберлігін шыңдап, оқырмандарға жақындай бастайды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде насихатқа қажеттілік тууы Еуропада сұхбат жанрының дамуына түрткі болды. Соғыстан кейінгі кезенде еуропалық баспасөзде кеңінен таралған да осы сұхбат жанры болды. XX ғасырдың 30-шы жылдарында сұхбат газет журналистикасында дамыған жанрлар санатына қосытты және бұл кезеңде сұхбаттың түрлері де көбейді.
Еуропада қазіргі журналистік зерттеудің шебері саналатын неміс публицисі Понтер Вапьрафер неміс қоғамының әлеуметтік тенсіздігі мен озбырлығын, ФРГ азаматтарының демократиялық құқықтарын қорғайтын көптеген материалдардың авторы ретінде аты тарихта қалады.
Журналистердің алғашқы кемелденген кодексі қоғамдық сынның басылымға деген көзкарасы негізінде пайда болды. Батыс Еурапада жиырмасыншы жылдары журналистің этика нормалары өз бағытын өзі аныктау прцесін біршама белсенді жүргізді. Кәсіби журналистика әдебіндегі норманың формаларды түрде бекітуін реттеуші құжаттар, журналистака этикасыньщ базалык процестерін көптеген жылдар анықтады. Оның құрылымында кәсіподак пен журнатистика ассоциясы, ремкторлар мен баспагерлерді біріктіретін ұйымдар өз үлесін қосты. Ұлттык журналистерді біріктіретін кәсіподақтар Францияда 1918 жылы Француз журналистерінің кәсіби міндеттерінің кодексін өндеді.
Дәлелсіз айыптау, жасанды құжаттарды шығару, дәлелдерді бұрмалау мен ең маңызды қылмыс жайлы өтірік айту секілді өсекті жариялауға тыйым салды. Кодекс журналистерді коммерциялық және жарнамалық сипаты бар материалдарға қол қоймау кәсіби статусты жоғарылатады деді. Кодекс бойынша, журналистік қызмет кодекс бойынша журналистика коғамда болған әрекетті, оқиғаны ғана ұсыну емес, қоғамның сыни көзқарасын және жұмыс әдісін ресми түрде қалыптастыруға үлес қосу деп есептеді. Этикалық кодексте журналистика мен жарнама қызметінің қатал бөлінісінің ұстанымы жарияланды. Коммерциялық алға өрлеуде баспасөз қызметкерлерінің қатысуын теріске шығарады. Ертеректегі бұқаралық баспасөз өндірісі жарияланымдарына жаңалық түріндегі жарнама материалдары енген еді. Журналистер XX ғасыр басында жарнама агентгіктері мен газеттерде жарнама берушілердің тапсырысымен жазылған мақтау материалдарын орналастырып жариялады. Коммерциялық екеніне нұсқау жасалмай, бұл жарияланымдар тапсырыспен жазылғаны айтылады.
Сұхбат (interview ағылшын тілінен ауд. кездесу, әңгімелесу деген мағынаны білдіреді) - журналистің орын алған оқиға аясында туындаған мәселелер төңірегінде және қоғам алдында тұрған өзекті проблемаларды талқылау мақсатында алатын ақпараты, бір сөзбен айтқанда, нақты сұраққа нақты жауап. Телесұхбаттың жанрлық элементтері: Факт және пікір. Сұхбат - газеттегі сұхбат құрамында көп кездесетін субъектілік болғанына қарамастан, ақпарат алушыларға қажет материалды бірінші болып алуға жағдай жасайды. Аталған субъектизм журналистің алған ақпаратын сұхбатқа айналдырып, қағаз бетіне көшірген кезінде өз елегінен өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен, газет бетіндегі интервьюер мен сұхбат берушінің сұрақ-жауап түріндегі әңгімесі оның түпнұсқасы емес. Бұл журналист пен сұхпат берушінің сол әңгімесі, бірақ сұхбат алушы біраз өзгеріс енгіседі.
Алайда, атап кеткендей бұл ерекшелік көбіне журналистің тыңдаған дүниесін оқырман оқитын газетсұхбатына тән, ал аудитория ақпаратты тікелей тыңдап және көре алатын радио мен теледидар сұхбатына көбіне жат болып келеді. Соңғы жағдайда,тыңдарман ақпаратты сұхбат алумен қатар тікелей сұхбат берушіден тыңдап көреді. Мұндай жағдайда, сұхбат беруші адам тікелей қатысып, оны өз санасынан өткізетіндіктен белгілі деңгейде оқиғаға қатысушы есебінде болады. Бұл жерде ақпаратты оқырман, көрермен, тыңдарман тыңдап, көргенін өз дүниетанымына, өмірлік көзқарасына сәйкес қабылдайды. Сұхбат - көп қырлы жанр. Бұл сұхбаттың ақпараттық жанрға да, талдамалы жанрға да қатыстылығын дәлелдейді. Сұхбат өзіндік жеңілдігіне қарамастан, белгілі бір стратегия мен тактикаға бағынуды талап ететін күрделі жанр. Сұхбат біздің көзқарасымыз бойынша ғана жеңіл, себебі, ақпарат алудың көзі ғана болып көрінеді. Сұхбат әртүрлі болады. Жанр ретінде сұхбат: хабарлама (әңгіменің маңызыд тұстары алынып, жауаптар қысқа беріледі), сұхбат - диалог (әңгіменің толық мәнін береді), сұхбат суреттеме (әңгіме мазмұнына өзге оның қандай жағдайларда алынғанын, сипаты беріледі), сұхбат - пікір (оқиғаға, құбылысқа, деректерге түсіндірме беріледі), бұқаралық сұхбат (баспасөз конференцияларынын, брифингтерден беріледі) болып бөлінеді. Публицистика жанрлары мен пішіндеріне арналған орыс тіліндегі Справочник журналита кітабында сұхбаттың монолог, диалог. Суреттеме, анкета, және ұжымдық түрлерін атайды. Мұнда дөңгелек үстел басындағы әңгімені сұхбаттың ұжымдық түріне жатқызады.
Сұхбат - публицистикалық жанр, журналистің бір немесе бірнеше тұлғамен әңгімесі. Егер сөздердің семантикасына назар аударатын болсақ, inter - өзара қатынасты бағыттас деген мағынаны берсе, view сөзінің мағынасы - көзқарас, пікір дегенді білдіреді. Демек, сұхбат - көзқарас, дерек, ақпарат алмасу. Жанрлардың құрылуы кезінде, яғни белгілі бір жанрға жатқызу үшін публикациялардың болашақ сипат алуымен жанр аттарын айыра білу кезек. Публикациялардың әлі де жанрлық анықтама алмаған жаңа тобының қатаң принциптік негізі жоқ және белгілі заңдылыққа сүйенбейді.

0.2. Теледидардағы сұхбаттасу өнері.

Студияға шақырылған қонақпен сұхбаттасу өнері журналистен табанастында суырып салушылық шеберлікті талап етеді. Әңгіме өтетін орын, студиядан тыс жерде болса, онда кейіпкер тұлғасы, өзін-өзі ұстауы, жүргізушімен байланысқа түсуі, киім, ым- мимикасы т.б көріністік қатарларды одан әрі толықтыра түседі. Мұның бәрі сұхбатқа қатысушыға көрермендердің ынта - ықыласын туындатады, олардың кейіпкерге деген әсерлерін арттырады. Сондықтан тақырыптың тандалуы, оның дәл шешімі, кейіпкерді тандау, онымен студияда әңгімеге араласу, хабардың соңғы түйіні т.б ғана басты рөлдерді атқармайды. Сонымен бірге бейнехабардың маңыздылығы мен мәнділігі олардан әсте де кем емес екендігін үнемі басты назарда ұстаған жөн.
Теледидарда қарсы жақтағы сұхбатқа қатысушы кейіакерден ақпарат алу әдісі диалог арқылы жүзеге асады. Сұрақ-жауап түріндегі сқйлеу кезінде жүргізуші мен студия қонағының білім-біліктілігі, ой тереңдігі мен парасат-пайымы таразы басына тартылып жатады. Журналистикадағы ықшамдылық тек тілдік дәлдік қысқалық емес, тұтас жатқан әдіс және стильдік тәсіл. Сұхбат кезіндегі көпсөзділік, ұзақтық ойдың кедейлігінің, бұлыңғырлығының ғана хабаршысы емес, тақырыптың дұрыс таңдалмағандығы, бос риторизмнің де белгісі. Әдебиетте, өнерде болсын ұзақтықты тек көркемдік қана көрсетеді. Жай әңгімешілдік, бос пейзаж, характерді типтендіруге қатысы жоқ басы артық сөздер, оқиғалар хабардың желісін, өзегін сұйылтып, нәрлілігін кетіреді, көркрмен оны көруден жалығады. Сценарийді өңдеу, қайта жазу, оған әр мен нәр беру, қырнау, толықтыру бұл күнде теледидарда ұмытылған. Бұның өзі әлі де бір қайнауы ішінде, шикілі дүниені кемелдендіре түсудің, шеберлікке жеткізудің қажетті шарттарының бірі. Телеэкран бетіндегі әрбір хабар біздің күнделікті тынымсыз тіршілікке толы өміріміздің тұтас тұлғасын, типтік суретін беретіндей болуға тиіс.
Кейіпкермен әңгімелесу кезінде сұхбаттағы негізгі ой айқындалып, олардың түйін-пікірлерінің жақындығы мен алшақтығы таразыланып, материалдың идеялық бағыты нақтыланады. Сұхбат кезінде ойдың толық көрініс беруі тек жүргізушіні эрудициясына, тақырып төңірегіндегі білім-біліктілігіне, тез шешім қабылдауына, келтірген деректерді салыстырып, жылдам түйін жасауына ғана байланысты емес, сонымен бірге ауызша сөйлеуді мәнерлі игеруі, әрі сұхбатты шебер жүргізуіне де тікелей байланысты. Сондықтан, хабардағы көріністік қатарларды дұрыс таңдау, монтаж кезіндегі бейне инженер мен режиссер ойының үйлесімділігі, оператордың кадрларды түсіру шеберлігі іштей өзектестік тауып, бір-бірімен астасып, оған сценарийдің өн бойындағы жүргізуші сөзі бейнеге жан бітіріп, жүрекке жылы жетіп жатса, экран да шырайланып, ой да ширыға, шымырлана түседі. Бірақ, бұл көпшілігінде елес қана. Телеэкранда зерек ойлауы мен ділмәр сөйлеуі қатар жетілген, терең ойлап, шешен сөйлейтін адам ғана - кемел кісі. Олар қашан да халықтың сый-құрметіне бөленіп жүреді. Ал, шешендік қабілет, сөйлемпаздық қасиет екі жанның бірінде кездесе бермейді. Шешен сөйлеу өнері - көзі мәңгі бітелмейтін қайнар бұлақпен тең.
Теледидар не радиодан мәтінді оқушы мен сұхбатты жүргізуші көрермен мен тындаушыға мәнерлі, көркем, келісті тілмен, қоңыр үнмен жеткізетін диктор-жүргізушілер қашан да еңбекқор болған. Оған кезінде КСРО шеңберінде өмірге келген диктор-трибун тіркесінің, атақты әрі әйгілі диктор Юрий Борисович левитан атымен байланыстылығы дәлел болса керек. Орталық теледидарда Левитан 52 жыл диктор болып қызмет етті. Бұл - бір адамның ғұмыры. Оны көзі көрген, өмірінің соңғы сағатына дейін бірге қызмет еткен дикторлар дүлдүл шешеннің ерен еңбекқорлығын өнеге етіп айтып отырады. Ол уақыты болса мәтінді бір рет емес үш рет оқып шығады екен. Оның үлкен шеберлігіне, майталман оқығыштығына қарамастан, оқылатын мәтінді оқуға онтайлап, өзінің қайтадан көшіріп жазып отырғанын әріптес дикторлар, режиссерлар мен операторлар талай рет көрген.
Дикторлар қызметте көбінесе екі бағытта - диктор-информатор және диктор-бастаушы болып пайдаланылады. Диктор-информаторға оқып беру тән болса, диктор-бастаушыға көрерменге, тыңдаушыға әңгімелеп беру немесе ауызекі сөйлегендей айтып беру лайық болады. Осыған орай, диктор-информатор жұмысының біршама жеңіл екендігін айтуға тиіспіз. Оған диктордың дауыс ырғағы, күштілеу дауыс әуені болса, информацияларды жақсы, анық әрі нақышына келтіріп оқып шығуға әбден болады. Сөз жоқ, информацияларды, ресми документтерді оларға тән көтеріңкі үн ырғақты әрі сенімді дауыспен оқу керек. Ал диктор-бастаушы ретінде олар материалды зор әзірлікпен әрі бар ынта-жігермен , актерлік шеберлікпен оқуы керек, есте болсын : мағынасыз сөз болмайды , әрбір диктор сол мағынаны дөп басып таба білу керек. Бұл жағдайда оқиғаны әңгімелеп беру, кәдімгідей екі кісінің немесе көп кісінің әңгімесі секілді айтып беру әдісі тән 1 дейді қазақтың Левитаны атанған Әнуарбек Байжанбаев. Диктор қай материалды болсын артистен кем оқымауға тиіс. Материал оқуға не эфирде сұхбат жүргізуге диктор не хабарды жүргізуші болсын күн ілгері әзірленген болуы керек. Эфирге баратын хабарларды бір емес, бірнеше рет ежіктеп оқып шығып, оның қажетті жерлеріне қарындашпен белгі соғып, өте ынта қойып, зор ықылас аударып оқыған диктор-жүргізуші ғана өзінің көздеген мақсатына жетеді. Теледидар жүргізуші сөз мәдениетінің, сөйлеу шеберлігінің, шешендік өнерінің үлгісі болуға тиіс. Мол білімді, кәсіби шеберлігі жоғары, қызмет тәжірибесі бай, табиғи дарыны бар жүргізуші ғана осындай биік талап денгейінен шыға алады. Өнер қай кезенде де ізденісті, сезімталдық пен сергектікті талап етеді. Ізденіс бар жерде іргелілеу бар жерде атақ пен абырой қатар жүреді. Сондықтан да бүгінде синкретті өнер саналатын теледидар төріне шығып, оның жұлдыздар шоғырына қосылу кез келген пенденің маңдайына жазылмаған. Оған интеллектуальдық алымдылық пен биіктік, тереңдік пен ойлылық керек. Осы жолды адаспай тауып, көрермен көңілінен шығып, қызыл сөзден сымбатты ойлар құрау да шеберліктің шыңына жеткен пенделердің ғана маңдайына жазылған. Айтыла- айтыла жауыр болған, көрсетіле келе көз үйренген көріністерден әбден ығыр болған көрерменді теледидар экраны алдына тапжылтпай ұстау үшін де білімге қоса біліктілік, көсемдікке қоса көрегенділік, әрі кейіпкер сөзінен жанды ойды үзіп алып, одан әңгімені шеберлікпен өрбітуге де шын талғампаздық керек. Қазақ теледидарының қырық бес жылдық тарихында тарих қойнауынан сыр іздеген, мұхит тереңінен маржан сөз тізген жандар аз болған жоқ. Дегенмен, солардың бәрі бірдей іздегенін тапқан не көрерменінің көңілінен шығып, ыстық ілтипатына бөленген жоқ. Көпшілігі уақыт ағымының сүрлеуінен шыға алмай, алдыңғылар салған сара жолдан ауытқымай күй кешті. Ал, шағын ғана аз топ, алғашқы күннен-ақ тыңнан жол іздеді. Өзгелер салмаған соқпақ жолды салуға, оған өң мен түр, көрік пен көсемділік беру жолында жаңаша ізденіске түсті. Алдыңғы толқын ағалар болған Совет Масғұтов, Марат Барманқұлов, Қажы Қорғанов, Құсман Игісінов, Фатима Бегенбаева, Ғалібек Шалахметов, Сағат Әшімбаевтар қатарына жетпісінші жылдардың орта тұсында жаңа бір лек келіп қосылды. Қасандықтың көбесі әлі сөгіле қоймаған, партияның ызғары әлі де қатаң заманда жаңа бір көкжиектің қабатын аршу ауыр болатын. Уақыт толқыны әлі де болса баяу қалыппен, бір арнамен ағып жатқан кезең еді. Сондай шақта қатарға келіп қосылған Мұрат Ерғалиев, Сергей Понамарев, Жүрсін Ерман, Серік Байхоновтармен бірге, бүгінде айтулы тележұлдыздар шоғырындағы Нұртілеу Иманғалиұлы да телеэкран төріне жарқ етіп шыға келді.
Шеберлікке жету жолы қашанда оңай болған емес. Шабыт кернеген кезең мен экранда тіл байлығын тереңнен игеру қатарласа келіп, ой ағынындағы сөз түрленіп, еленіп-екшеліп, жұмырлана жүрекке жылы тиіп жатса да, көрерменге сенімдік ұяламаса уақытпен төккен тердің заяға кеткені. Әлемдік теледидар төріндегі айтулы тұлғалар да шеберліктің шыңына жету жолында аз тер төкпеген. Бірақ, бәрі бірдей көпшіліктің көңілінен шыға алмады. Ол түсінікті де. Қазақ теледидарындағы жұлдыздар шоғырында да тұлғалар санаулы болатын. Сол биіктің асқарында күні бүгінге дейін ширек ғасыр өтсе де экранда қара сөздің қаймағын сапырып, ел ағаларының жан дүниесін астан-кестен етіп жүрген Н. Иманғалиұлының өзекжарды ойларын шым-шымдап жеткізу де ірілікке, тереңдіктің тектілігіне ұласқан тұстарында қапталдаса қойындасатын шақтар.
Студиядағы қонақпен сұхбаттасу кезіндегі ойдың келтелілігі мен тілдің шұбарлылығы, штампта құрылған ойлар - ол шеберлік емес, кәсіптің өзіне де, өзге де қажет емес түрлері. Осы орайда, Нұртілеу Иманғалиұлының әрбір хабарға даярлығы мен тақырып төңірегіндегі ізденісі жайлы ойлары да маңызды. Мен алдымен тақырыпты, тақырып болғанда күрделі әрі актуалды мәселелерді қамтитын проблеманы аламын да, енді өзім осы төңіректегі материалдарға кеңінен қанығамын. Қанығу деген сөздің өзі де аз, ең мәндісі терең ізденіс пен азапты айқасқа түсемін. Айтылған ойлардың өзін, өзге сол төңіректегі пікірлермен салыстырамын. Мәнділерін түртіп аламын да, сұрақ қою кезінде не бір ойдан екінші ойға өту кезінде пайдаланып отырамын 2 . Шындығында, хабардағы табыс алғашқы фразадан басталып, ол диалогты ұтымды жүргізу, дыбыс эффектілерін көріністі қатарлармен қабаттастыра байланыстыру, сюжеттің құрылымының орын-орнымен қиюласуына алып келеді. Қай мезгілде де хабарды түрлентіп, ойнатып беру журналистің қабілет-қарымына, қиялына байланысты. Журналист еңбегі адамдармен кездесуден, өзіндік әсерін хабарға қоса білуден тұрады. Экран алдындағы көрерменді көрген нәрсесі хақында ойлануға, оның мағынасын, қасиетін сездіруге қалай үйретпек керек. Сұхбат кезінде көрерменді көрген нәрсесін бір-біріне ұйқастырып ойлануына, жадында ретті һәм толық мағынасымен қалдыруға әдеттендіру керек. Әрбір айтылған сөз телепублицистің сезінуімен, естуімен, көруімен шыққан нәрсе Өзін қоршап тұрған табиғат һәм тұрмысты сезуі, көруі оның ойында ретке келіп, мағынаға айналғаннан кейін сөз болып сөйленіп, жазу болып қағаз бетіне түседі деген қанатты сөз, бүгінде теледидар саласына да қатысты. Болашақ хабардың тек мазмұнына ғана көңіл аудару дұрыс емес, студиядағы қонақпен сырласқандай әңгіме тиегін еркін ағыту, қойылатын сұрақты қалай ұтымды етіп беруде өзіндік мәнер табуға ұмтылысты, ізденісті басты назарда ұстау шарт. Онсыз хабардың төрт құбыласы түгелденбейді. Тақырыпты да көрермен көңілінде күмән қалдырмайтындай етіп ашу керек.
Кейіпкерге қойылатын сұрақтың да сауатты болғаны абзал. Бұл бүгінгі тележурналистердің жиі сүрінер тұсы. 5-6 төңірегінде ұзақ сонар жауап алуды әдетке айналдырған сіреспе журналист ешкімді де баурап ала алмайды. Тікелей эфирде студияда адамнан өзге ешнәрсені көрсету мүмкіндігі жоқ, тек адам мен оның бетәлпеті, қимылы. Ал оны көрерменге жақындатып көңілді ортаны қалыптастыру журналист еншісіне тиеді 3. Ол ешбір қылмыстан, әңгімелеушіге дұрыс бағыт көрсете отырып, өз көзқарасын да сырт қалдырмауы тиіс. Мәнді, маңызды, сауатты сұрақтарды қою арқылы оның жан дүниесіне тереңдей еніп, сезім арқылы іс-әрекетін ашуға тырысуы қажет. Себебі, айтылған сөз атылған оқпен бірдей, оны қайтіп түзете алмайсын, сондықтан әрбір сөзге жауапкершілікпен қарау керек. Біздің хабарымыздың жақсы шығуы ол ең алдымен өзіміздің жеке басымыздағы парасатқа, биік интеллект пен терең дүниетанымға байланысты. Оның бәрін техникаға жаба беруге болмайды. Техника творчествоға қызмет етуі керек. Техника бұл жерде өзінің бастапқы рөлін атқармауы керек, оны творчество атқаруы керек. Ал творчество дегеннің өзі ой мен ізденістің жемісі 4. Ғалым В.Ученова істі техниканың өздігінше шеше алмайтындығын, сондықтан журналист өнімі сапасының техникаға тәуелсіздігін айтады. Осылайша шығармашылық денгейді жетілдіріп, сапалы хабарда маңызды қызмет атқарады.
Қандай мәселені зерттесе де журналист негізі мәліметті сол мәселеге тікелей қатысы бар, істің мән-жайын жете білетін адамнан алады. Сондықтан телевизиялық журналистің хабарының болашақ кейіпкерімен алдын ала кездесіп,пікірлесіп алуы маңызды болмақ. Болашақ кейіпкерлердің көпшілігі саған бірден жан сырын жайып салмайды. Ал сенің кейіпкермен сөйлескендегі басты мақсатың одан шыншыл, ақиқат ақпарат алу.
Эфирдегі журналистің өз кейіпкеріне, яки әңгімелесетін адамына қоятын сұрақтары танысу-табысу-байланыс жасау, бағдарламалық, бақылау, адрестік сұрақтар болып төртке бөлінеді. Мұның ішінде журналистің тиісті проблема жайлы қажет ақпарат алу үшін қоятыны-бағдарламалық сұрақтар. Информацияның терең, шыңшыл, жан-жақты болуы журналистің осы программалық сұрақтары алдын ала тыңғылықты ойластыруына, мазмұнды, жүйелі етіп құрастыруына байланысты дейді зерттеуші ғалым С.Масғұтов 5. Сұхбат кезінде де сұраққа жауап беруші адамның ынта-ықыласын бірте-бірте арта түсетіндей логикалық жүйемен қойған орынды. Алдымен жеңіл, жауап беруге оңайырақ сұрақтарды қойып, күрделірек, ауыр сұрақтарды кейінірек сақтаған дұрыс. Сұрақты қайталап, түсіндіруді қажет етпейтіндей етіп, бірден айқын, қарапайым, ұғынықты құрастырған жөн. Екіншіден, халқымызда Ақылдың көркі- тіл, тілдің көркі-сөз деген қанатты тіркес бар. Журналист қолданатын әрбір сөз бен қойылатын сұрақ сөйлемде өз орнында тұруға тиіс.
Сұхбаттасу кезіндегі сөйлеу, сондай-ақ оқылу үстінде сөздер бір-бірімен қосылып, үндесіп, жымдасып айтыуы керек. Мұндай үйлесімділік, тілдік заңдылық- қазақ тілінің сан ғасырлар бойы қалыптасқан табиғи қасиеті, әр тілдің өзіне тән дыбысталу заңдылықтары сол тілді дербес тіл етіп тұратын белгілердің бірі. Ол ерекшеліктер сақталмаса, сол сөйленіп тұрған тілдің табиғатына қиянат жасалғаны. Сценарийде жазылғанды дұрыс оқи білмеудің төркіні тым әріде жатыр. Оны мектептен іздеу керек. Қазақ мектептерінде сөздерді дұрыс айту дегенге әлі де жете көңіл бөлінбейді. Өйткені, радиодан, телевизиядан сөйлеген не қатысушының сұраққа жауап түріндегі сөздеріне құлақ қойсаңыз, ренішке ұшырайсыз. Студия қонағы ғана емес, хабарды жүргізуші не соңғы жаңалықты оқушы болсын, түгелге жуық сөздерді қалай жазылып тұрса, бір әрпін өзгертпей, дыбыстарды үндестірмей оқып шығады. Бұл, ең алдымен, мектеп мұғалімдерінің оның ішінде, қазақ тілі оқытушыларының ісіндегі ағаттық деп білу керек.
Мәдениетті адам сауатты жазуға қандай міндетті болса, мейлінше жатық сөйлеуге, сөздерді бір-бірімен әуендестіріп, үндестіріп сөйлеу міндетті.
Эфирде сұхбат жүргізушілер сөзді неғұрлым түсінікті, айқын болуын көздеуге тиіс. Ал олар көп жағдайда қиюластырмай жеке-жеке айтқанда сөз анығырақ естіледі деп есептейді. Әрине бұл жағдайда сөз анық шығады. Бірақ, екінші бір кемшілік сол, сөздердің өзара дыбысты гармониясы жоғалады. Ал, гармония, дыбыстардың үйлесімі қай сәтте қандай болатыны әрбір қазақшаға сөйлейтін адамға төменгі сыныптан оқылатын дыбыс заңдарынан таныс. Теледидар журналисінің сұхбаттасу өнерін меңгеру әдістері шығармашылық жұмыс барысында қалыптасады. Әр журналист ой-өрісіне, мінез- құлқына, көзқарасына қарай өзіне лайық әдіс-тәсілдерді тауып, соған төселеді.

0.3. Сұхбат жанрының ерекшелігі мен түрлері.

Сұхбат - пікірталас, әңгімелесу. Публицистиканың ақпарат жанрлар тобына кіреді. Өзіне қажетті мәліметтерді маңызды деген оқиғаға қатысып, ондағы деректермен және өзге де мәліметтермен танысып, әрі адамдармен сөйлесе келе жинақтайды. Сұхбат жанры негізінен көркемдік бейнлеуші құралдарды сөзбен, диалогпен бірлікте көркемдеп отырады. Газетте сұхбаттың сәтті шығуы тікелей қаламтербеуші журналистке байланысты. Оның жазу шеберлігі, шешендігі мен қызықа де нұсқалығы басты назарда болса, радио сұхбаттың жарық етуі көбіне-көп сұхбат берушіге байланысты. Өйткені, радиода сөйлеп тұрған адамның жанды сөзі, дауыс ырғағы, сөйлеу мәнері, үн әуезділігі айрықша рөл атқарады. Радиодағы сұхбат журналистің сұрағына жауап беріп тұрған адамның көңіл-күйін, ішкісезімін, көзқарасын, мәдениеттілік деңгейін дауыс аясында толық қамтиды. Сондықтан, әсіресе, тікелей эфирдегі сұхбаттың өмірдегі шынайы сәті болып табылады.
Сұхбат. Бұлағылшынсөзі, аударғанда - баспасөздежариялаунемесерадиода беру үшінжазылғанәңгімедегенсөз.Сұхбатта кімменәңгімелескеніңді,әңгіменіңмақ сатықандайекендігі көрсетілуіқажет. Сұхбаттың өзіне тән ерекшелігі сол, мұнда фактілердің немесе оқиғалар жайында айтылған пікірлерді баяндау журналистің атынан емес, сұхбат берген адамның атынан болады. Демек журналистке қарағанда редакция қойып отырған мәселеге көбірек қатысы бар адамның пікірлерімен, пайымдауларымен сұхбат құнды болып келеді.сұхбат дегеніміз - журналист пен әңгіме жүргізілген адамның екеуара біріккен шығармашылық жұмысы. Оның табысты болуы көпжағынан жүргізушіге, яғни журналистке байланысты. Ол жоғары мәдениетті, редакциялық жұмыстан мол тәжірибесі болуға тиіс. Әрбір жанр сияқты сұхбат та бірнеше түрге бөлінеді:
1. сұхбат-монолог;
2. сұхбат-диалог;
3. суреттеме-сұхбат;
4. анкета;

II-Тарау. Телеэкрандағы сұхбат жүргізудің өзіндік әдіс-тәсілдері және көтерілетін проблемалар.

2.1. Сұхбат жүргізудің технологиясы мен әдістері.
.
Жалпы сұхбат алу қағидалары мына сатылардан тұрады.
1. Сұхбат алуға бармастан бұрын не сұрайтыныңды жоспарлап ал. Ол қандай ақпарат айтқанда, сенің қандай сауалың болуы мүмкін? Сұхбат алудың картинасын көз алдыңа елестет!
2. Сұрай бер, сұрай бер және сұрай бер! Сұрақ сұрағаннан еш қысылма!
3. Сұрай бер дегенді, сұхбаттасымен тайталасу, салғыласу деп түсінбе!
Газет беттерін ақтарып отырып, журналистердің сұхбаттасымен тайталасу, салғыласу тенденциясын байқауға болады. Сұхбаттасыңа ақылды болып көрінудің қажеті шамалы. Сен онымен білім жарыстырайын деп емес, ақпарат алуға келдің. Тәжікелесуге уақыт зая еткенше, тағы бір сұрақ қойғаның тиімді. Ал екінші жағынан, тайталасу арқылы сен өзіңнің субъективті ойыңнан хабар бересің. Субъективті мақала жазатын журналист қоғамға шынайы ақпарат тарата алмайды. Сұрақ қоюдан қорқып, жалтақтаудың да қажеті жоқ, сонымен қатар, салғыласудың да қажеті шамалы. Сауатты, ақпарат ала-алатын сұхбат жаса. Сұхбатыңда өзіңді ірілетіп, сұхбаттасыңды кішірейтіп беріп, арзан абырой жинауға ұмтылудың қажеті жоқ. Бізде сол тенденция бар. Газетке шыққан мақаланы оқып отырып, журналистің зіркілдеген кейпін, ал сұхбаттасының бейшара қалпын көз алдыңызға елестетесіз.
4. Сен әрине, интервью алатын адамыңның жұмыс істейтін саласының қыр - шұқырынан барынша хабардар болуың керек. Бірақ, ол білетін кей мәселені сенің білмеуің ықтимал болғандықтан, еш қымсынбай білмейтін нәрсеңді сұрап ал. Өйтпеген жағдайда, өзіңе беймәлім нәрсе жайлы мақаланы оқырманыңа қалайша ұсынасың?
5. Сұхбат алатын адамыңның қызметтік шені мысыңды басып кетпесін! Сен өз жұмысыңды атқаруың керек. Сенің міндетің - қоғамға толық ақпарат беру. Сұрамасаң, саған ешкім ақпарат бермейді. Керісінше, баспасөз-хабарламасымен алдарқатып қояды. Бізде лауазымы үлкен шенеуніктен сұхбат алса, мақтаныш кернеп, бірнеше жылға азық болады. Саған ол шенеунікпен кездесу емес, одан алған ақпарат маңызды болуы тиіс!
6. Қоштасар кезде, артық ақпарат керек болса, тағы да хабарласатыныңды ескертіп қой.Қоңырау шалудан, қайта хабарласудан еш қымсынба! Уақытын алу ыңғайсыз деген ойдан аулақ бол! Түсінбеген нәрсені қайта сұраудың ағаттығы жоқ. Есесіне, газет бетіндегі бірер қате азаяды!
7. Ақпарат көздеріне оқтын - оқтын хабарласып тұр. Хабарласқан сайын, жаңа ақпарат алуың мүмкін. Әрі сенімді ақпарат көзіне айналады, бірақ, ол ақпаратты екінші ақпарат көзінен растатып алуды ұмытпа!
8. Ақпарат көзімен етене араласудан сақтан! Ондай жағдайда, ол жайлы объективті мақаладан гөрі, субъективті мақала жазасың!
9. Айтылып отырған сөздерге немқұрайлылық та танытпа! Бізде сұхбат алушы журналистер кейіпкерінің айтып отырған әңгімесінен гөрі, келесі сұрағын ойлап отырады.Құлағы түрік тыңдаушы әрі қырағы бақылаушы бол! Бір сәтке мына жайттарға көрерменнің көзімен қарауға тырыс:
- Көрермендер нені білгісі келеді?
- Олар ненің түсіндірілуін қалайды?
- Материалды оқырманға түсінікті тілмен жеткіз,
- Материалыңда бұқараның өміріне жақын мысалдарды келтір; Егер ақпарат тарататын болсаң, оған кезек күттірмейтін нәрсе ретінде қара! Өйткені, бәсекелестерің сені басып озуы мүмкін!
- Ешкімнің жолы түсе қоймаған тың нәрсеге ұрынсаң, ерекше материал дайындауға мүмкіндік аласың!
- Ресми қасықтағы дайындалып қойылған дәмді кері итер!
- Көрермендер сенің бағдарламаңа немесе газетіңе сенуі тиіс. Егер адамның аты-жөні, сан, цитатадан қате жіберсең, аудиторияңның сенімінен айрыласың;
Сұхбат алудың қағидаларына сүйеніп менде сұхбат алып көрген болатынмын. Бұл сұхбат менің журналисттік тәжірибиемдегі алғашқы баспалдағым болды. Сұхбатты облыстық Қостанай таңы газетінің тілшісі, Журанлистер одағының жүшесі Оспанова Қарлығаш Маратқызынан алған болатанмын, ол кісінін журналистика саласына қалай келуімен қысқаша сұхбат барысында таныс болдым.

Сұхбат жүргізудің технологиясы мен әдістері.

Сұхбат - гуманитарлық ғылымдар саласында көп қолданылатын әдістердің бірі. Мысалы экономикалық тақырыптағы сұхбатты - экономист, әлеуметтік мәселені - әлеуметтанушы, психологиялық зерттеу сұхбатын - психолог, тарихи тақырыптағы сұхбатты - кәсіби тарихшы ж.б. жүргізеді, яғни әрбір ғылымның өзіне тән зерттейтін саласы бар. Соған сәйкес сұхбат жүргізу әдістері де бірқатар спецификалық ерекшелігімен сипатталады. Сонымен, тарихи сұхбатты жүргізу көпшілік тарапынан мақұлданған стратегиялық құралдарды даярлаудан басталады: - сұхбат бағдарламасын (жоба бағдарламасы: ғылыми - зерттеу жобасының мақсат - міндетін анықтау, жоспарын құру ж.б) жасау; - сұрақтар тізімін құру; - респонденттерді анықтау; - сұхбат жүргізілетін орынды, уақытты белгілеу; - зерттеу жұмысының материалдық және техникалық құралдарын даярлау (респондент төлқұжаты (кесте №2 - 5), диктофон, фотоаппарат, видеокамера). Енді төменде осы ретпен әрбір зерттеу құралдарының даярлану әдістеріне шолу жасап көрейік. 1.Сұхбат бағдарламасы (немесе жоба бағдарламасы). Бағдарлама зерттеу жұмысының сәтті орындалуын қамтамасыз ететін негізгі құжат болып табылады. Ол жобаның нормативтік, методикалық, ұйымдастырушылық және ақпараттық қызметін қатар атқарады. Айтылған тарих жанры жобасының уақыт және қаржылай шығыны зор. Сондықтан бағдарлама даярлауда зерттеушінің эрудиция мен кәсіби біліктілігі жоғары болуы қажет. Ол үшін тақырып аясында алдын - ала тыңғылықты ғылыми - теориялық (әдебиетпен танысу, деректтік және интернет материалдарымен жұмыс т.с.с.) даярлықтың жасалғаны дұрыс.
Сонымен бағдарламаны қалай даярлаймыз? Ең алдымен біз нені?, не үшін?, қалай? зерттейтінімізді білгеніміз жөн. Сондықтан бағдарламада бүкіл жоба жұмысын анықтайтын мынадай құрылымдағы элементтер орын алады: - зерттеу тақырыбын анықтау; - зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою; - зерттеудің негізгі ұғымдарын анықтау; - зерттеу болжамдарын ұсыну; - зерттеудің жоспарын құру; - зерттеуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әңгімелесу подкасттары
Подкастинг - интернетте ақпаратты немесе радио стиліндегі подкасттарды жасау және тарату
Подкастты жылжыту
Көркем деректі жанр түрлері
Рецензияны журналистика жанры ретінде қарастыру
Тележурналистика жүйесіндегі сұхбат жанры
Журналистикадағы сұхбат жанры
Сұхбат түрлері
Қазақтың спорт журналистикасының көш басында ұстазымыз
Ақпарат жанры
Пәндер