Бұрынғы қазақ теледидары қазіргі бірегей телеарна қай деңгейде


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны.

Кіріспе . . . 3-4

I- Тарау. Тележурналистиканың ақпараттық жанры . . . 5-12

  1. Тележурналистиканың даму процесі және жанрлары . . . 5-9
  2. Тележурналистикадағы тікелей эфирдің шығу тарихы . . . 9-12

II- тарау. Телевидениедегі сұхбат жанры және тікелей эфир . . . 13-24

2. 1. Сұхбат және репортаж жанрларының теледидарда көрініс табуы . . . 13-16

2. 2. Тікелей эфирде алдын ала жасалатын даярлықтар . . . 16-18

2. 3. Тікелей эфир ерекшеліктері және жүргізішілік қызмет . . . 18-24

Қорытынды . . . 25-26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 27

Кіріспе.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Теледидарда тікелей эфирде жұмыс жасау тәртібін қарастыру, қонақпен сұхбат жүргізу және тікелей эфир этикасын сақтау. Сұхбаттасу кезіндегі сөйлеу, сондай-ақ оқылу үстінде сөздер бір-бірімен қосылып, үндесіп, жымдасып айтыуы керек екендігін қарастыру.

XX ғасыр ел тарихында, халық жадында өзінің талай тамаша табыстарымен көпшілікті тамсандырған күйде қалды. Елімен бірге есейіп, халқымен бірге толығып келе жатқан теледидардың да бір жарым ғасырлық тарихы бар. Он тоғызыншы ғасырдың орта шенінде әлемнің ұлы математиктерінің бірі Вильям Гамельтонның «есептен қорытқан жорамал шамасы» «квартернион» деген атпен тарихқа енді. Алайда, жаңалықтың жолы қашанда ауыр болатыны белгілі. Сондықтан В. Гамельтонның «екі символы» 1867 жылы ғана, Кэмбридж университетінің профессоры Д. Максвеллдің осыған негізделген «екі теңдеуінен» кейін «электр тогы мен магнит күші арасындағы қатынас», бүгінгі «электр және магнтизм» теориясының негізін қалады. Содан басталған 150 жылдық тарих қойнауында «көгілдір экран» деген атпен өмірге енген теледидар әлем халқының күнделікті көзі мен құлағына айналды. Телевизиялық жұқпалы дерт бүкіл әлемді тегіс жаулап алды.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Аталған курстық жұмысты жазу барысында бүгінгі жас мамандар ақыл -парасаты мол, талғамы биік, сауатты, сөзге шешен, тілі жатық, үні мақпалдай заманға сай диктор тележүргізуші болып қалыптасса екен. Және тәрбиелік мәні зор хабарлардың санын артса деген мақсатты алдыма қоя отырып төмендегідей міндеттерді белгілеймін:

- Сұхбат және репортаж жанрларының теледидарда көрініс табуы;

- Тікелей эфирде алдын ала жасалатын даярлықтар;

- Тікелей эфир ерекшеліктері және жүргізішілік қызмет.

Қазақ теледидарының қалыптасу кезеңі мен даму процестеріне кеңестік теледидар моделі негіз болды. Оған себеп, әлемдік теледидар тарихына орыс экран өнерінің қосқан мол мұрағаты бар. 30- шы жылдардан бастау алған Кеңес теледидары 60 жыл бойына дүниежүзіндегі экран алпауыттарымен иық теңестіре жүріп, мол тәжірибе жинақтады. Радио мен газет, театр мен кино шекпенінен шыққан адуында шоғыр өздерімен бірге телеэкранға жаңа бір леп, тың түр мен соны пішін алып келді. Эфирдегі шеберлік, режиссерлік шешімділік, операторлық қырағылық, от ауызды, орақ тілді жүргізушілер құдіреті 60-80- ші жылдар аралығында кеңестік көрермендерін теледидар өнерінің құдіреттілігіне бас идірді. Бейнелік қатардағы бояу түрлерінің алуандығы мен теледидардағы техникалық мүмкіндікті молынан пайдаланған мәскеулік экран шеберлерінен тәлім алар тұстар да, көңілге түйер ойлар да, үлгі болар формалар да мол болатын.

Курстық жұмыстың обьектісі. Зерттеу жұмысы барысында біз тікелей эфир жұмысына төселіп алған жүргізушілердің кеңестерін назарға ала отырып, хабарды қалай сәтті шығаруға болады деген сауалға жауап іздедік. Көрермен көзіне көріне бермейтін техникамен қалай тіл табысуға болады немесе эфир жүргізушісі өзін қалай ұстау керек деген сынды мәселелердің шешімін табамыз. Сол сияқты отандық телеарналарда қазір тікелей эфирде шығып жатқан хабарларға сын пікір де айтамыз.

Курстық жұмыстың құрылымы. Жалпы курстық жұмыс, екі тараудан тұрады, онын бірінші тарауы тележурналистиканың ақпараттық жанры мен шығу тарихнамасына кең тоқталсақ, ал екінші тарауда тікели эфирдегі сұхбат жаныр мен қызметі жайында ашып тоқталамыз. Сонымен қатара, курстық жұмыс қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімініен тұрады.

I-Тарау. Тележурналистиканың ақпараттық жанры.

1. 1 Тележурналистиканың даму процесі және жанрлары.

Еліміз тәуелсіздік алған тұстан бастап жеке меншік телеарналар ашыла бастады. Әуел баста эфирді немен толтырам деп қам жеп, аяқтарынан қалт-құлт тұрған тәуелді, тәуелсізі бар телеарналар қазір қоғамда өзінің орнын тапқан. Телеарналар арсындағы нағыз бәсекенің ауылы алыс болғанымен, бүгінгі күннен бастап оның қабырғасы қалануда. Әр телеарна көпшілік арасында рейтингісін көтеру үшін күннен күнге түрлі хабарлар ұсынып жатыр. Барлығы бірдей дерлік сәтті шықпаса да, арасынан саңылау тауып, халықтың көзайымына айналғандары қаншама. Бұрынғыдай емес, арналар арасында бәсеке пайда болды. Заман талабына сай енді телеарналарға жаңа, өткен ғасыр техникасынан анағұрлым қуатты, мүмкіндігі мол техникалар қажет болды. Сөйтіп, цифрлі технология өмірімізге ентелей енді. Цифрлық технологиялар - бейне коммуникациялық хабарламаның жетілуі нәтижесінде дәстүрлі өндірістік әдістерді сақтауда, таратуда және қабылдауда технологиялық өзгерістер белең алуда. Мысалы, 1979 жылдан бастап «Сони», «Филлипс» компаниялары стандартты цифрлық дыбысты жүйе СД форматты жетілдіруде. Ол дискі және аппаратурада нағыз революция жасады. Аудиотехника тарихы СД дискісінің пайда болуына дейінгі және одан кейінгі 2 кезеңге бөлінді. СД жүйесі көпшілік аудиотехникаға екі бірдей жаңалық әкелді: цифрлық өңдеу және оптикалық жазу тәсілі. Соңғы жылдары бұл жаңалық дыбыстық және аудиовизуалдық техникада қарышты қадам жасады. СД алғашқы орыннан магнит таспаны шығарып тастады. Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын теледидардың мүмкіндігі де үлкен. Қазақстанды былай қойып, дөңгеленген дүниедегі дүбірдің бәрін санаулы минуттарда естіп-біліп отыруымызға теледидардың тигізетін пайдасы зор. Жүрдек уақыттың уысынан шыға, алға ұмтылған өнер түрлерінің ішінде көгілдір экранның қоғамдағы орны тым бөлек. Ол араласпайтын іс, ол бармайтын орта жоқ десе де болады. Біздің күнделікті өміріміздің бір бөлшегіне айналған синкретті өнер таңның атысынан күннің батысына дейін төріңе шығып алып, сенің сырласың мен ақылшыңа айналуда. Зияндылығы да шаш етектен. Француз сыншысы Андре Дилижан жазғандай «ол өмірге ентелей кіріп, әлемді түгелдей дерлік жаулап алды». Шын мәнінде де солай. Жетпіс жылдың ішінде ол газетің мен радиоңнан, театрың мен киноңнан оқ бойы озық шығып, жеке дара көш бастауда. Оның көрермендері миллиардтармен есептелінеді. Көгілдір экранның құдірет-қарымы әлемдегі кез-келген қуатты елдің әскери күшінен әлденеше есе артық. Сондықтан да оған аса сақтықпен қараған орынды[1] .

Теледидар-тек хабар таратушы құрал ғана емес, ағартушылық, насихаттық та құрал. Зерттеуші Құдайберген Тұрсын теледидар әсерлілігіне мынадай анықтама береді: «Теледидар әсерлілігі өзіне 3 негізгі бағытты қамтитын, әлеуметтік ақпарат тұжырымдамасын жүзеге асырады: Ағартушылық /білім жөнінде негізгі ақпарат болып табылатын хабарламаны таратады/; Танымдық /логикалық және прагматикалық ақпарат негізінде алынған өзіндік білім туралы ұғымды қалыптастырады/; болжаулық /болашаққа баға беріп, ол туралы ұғымды қалыптастырып, ол туралы деректі таратады/; ұлттық мәселе төңірегіндегі өткір проблемаларда қоғамды топтастыруға қызмет етеді. Біздің күнделікті өміріміз, тіршілігіміз, бізді қоршаған орта туралы шынайы көріністі бейнелейді, ой-өрісімізді түрлі ақпараттармен кеңейтіп, сезімімізді қалыптастыруға, әдеттеріміздің жақсы жаққа қарай өзгеруіне әрекет жасайды. Аса мәнді әлеуметтік проблемаларға көпшіліктің көңілін аударады, экологиялық этика, қоғамның әрбір мүшесінің өмірлік позициясын айқындауға, сан миллиондық аудиториямен жылдам кері байланыстың орнығуына, бұл байланыстардың қоғам санасын қалыптастыруға әсерлілігін арттыруға, қоғамның жан-жақты және үйлесімді дамуына көмектесу, байланыстың кезеңмен дамуын сезінуге жағдай туғызады. Қоғамдық мінбеге айналу, орталық және аймақтық, заң шығарушы және орындаушы тұтқалардың халқы алдында есеп беруі, өз саясатын түсіндіру, өз қатарына халықтың қалың тобын тартуға, қоғамның әлеуметтік ақпараттануына басты мәселені шешуі, психологиялық құқықтық қоғамға тиімді бағытталуына жағдай туғызу, сезімталдық, логикалық және прагматикалық ақпаратты негізге алуға; ең бастысы-хабардың соңғы нәтижесінің тиімділігін сезінуге; телекөрерменнің әрқайсысына сол сәтте өзімен бірге миллиондаған адамның сол хабарды көріп отырғандығын сезінуі, әрі телеэкрандағы пікірді өзіне қарата отырып ұғынуына; телекөрерменге қарама-қарсы пікірдегі ойлардың да айтылмайтынын сезінулеріне; табар ақша қатынасындағы өзгерістер, экономикалық ақпараттың шыншыл және ашықтығы, коммерциялық тақырыптардың ауқымын ұлғайту, табар және қызмет, фирма және компания, ертеде талдау мен сынауға жабық болған тақырыптар тағы сл сияқты олардың әрқайсысына шыншыл, жылдам әрі орнықты баға беру, теледидар хабарының әрқайсысының міндеті». [2. 380 б. ] .

Отандық телеиндустрияда бәсеке әлі жетер жеріне жетіп қалыптаса қойған жоқ. Десек те, осыдан 2-3 жыл бұрынғымен салыстыруға келмейді. Жыл сайын жаңа телеарналар ашылып, ай сайын әр телеарнадан шығып жатқан жаңа жобаның куәсі болудамыз. Саннан сапаға көшетін күн алыс емес. Өйткені ХХІ ғасыр көрерменінің талғамы жоғары. Бізге қазір ештеңе атңсық емес. Сапасыз, нашар хабарды эфир уақытын толтыру үшін немесе 50х50 принципін сақтау үшін түсіре беруге болады. Бірақ оның кімге пайдасы бар?

Отандық телеарналардың барлығы да ақпаратты бірінші болып таратуға, халық арасында бағасының жоғары болуына атсалысып жатыр. Республика көлемінде хабар тарататын «Қазақстан Ұлттық телеарнасы», «Хабар» агенттігі, «КТК», «31 арна», НТК, «Еларна» сияқты телеарналардың барлығы бірдей дерлік жоғарыда берілген анықтамаға сай жұмыс істемейді. Мәселен НТК арнасы күнұзын шетелдік телесериалдар көрсетумен ғана шектеледі. Арнаға сыймай асып-төгіліп жатқан сериалдар легі қазақ тіліндегі «Соңғы ақпараттарды да» ығыстырып шығарды. Отандық телеарналардың ішіндегі ұлттық мәселені бірінші орынға қоятын «Қазақстан» ұлттық телеарнасы ұжымының бүгінгі күні атқарып отырған жұмысын аса жоғары бағалауға болады. Ақпараттық-танымдық, әдеби-сазды бағдарламалары әр көрерменінің жүрегіне жол табуда. Осыдан екі-үш жыл бұрын халық «Хабар» арнасына көбірек мойын бұратын. Өкінішке орай, бұл арнада қазір тұшынып тыңдайтын, сүйсініп көретін бағдарламалар азайып кеткен тәрізді. Әлде бір продюссердің қолынан шыққан дүние болғандықтан ба, хабарлар бір-бірін айна-қатесіз қайталап жатыр. Мәселен, «Кеш қалмаңыз» бен «Таң қалмаңыздың» қандай айырмашылығы бар? Ал КТК мен 31 арнадағы «Ел сойылы», «Ел-жұрт» бағдарламаларын көрсең, гүлденіп келе жатқан Қазақстанды танымай қаласың. Бір серпіліс жоқ, қашан көрсең де, «құрыды», «бітті», «жоқ» деп жақтары сембей жатады. Теледидардың тағы бір құдіреті- сенің сырласың мен досыңның рөлін алмастырады. Біз бұрынғыдай оны қосып қойып, телміріп отыра бермейміз, біз үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Ол, әрине, тікелей эфирдегі бағдарламалар. Өзіміз атын тек газет беттеріннен оқитын өнер иелері болсын, қоғам қайраткерлері, министр, басшылар болсын - тікелей эфир қонағы болғанда мазалаған сұрағымызды қоюуға мүмкіндіктер аламыз. Теледидардағы өзге хабарлар бір төбе болғанда, тікелей эфирдегі хабардың өзі бір төбе. Ендеше, замана құдіреті, көгілдір экранның ең биік жетістігі тікелей эфир жайлы зерттеуімізге көшсек.

Жалпы журналистиканың жанрлары табиғатына қарай үшке бөлінеді:

  1. Ақпараттық жанрлар.
  2. Талдамалы жанрлар.
  3. Көркем-публицистикалық жанрлар.

Ақпараттық жанрға жаңа нәрсені хабарлау тән. Олардың негізінде қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени мәні бар жаңалықтар, ой-пікірлер, хабарлар, деректер жатады. Ақпараттық жанрлар қоғамдық пікірге елеулі ықпал етіп, қоғамдық сананың қалыптасуына әсер етеді[4] .

Публицистиканың талдамалы жанрларында автордың оқиға сюжетін өз ойлағанындай етіп шығаруға мүмкіндігі бар. Талдамалы жанрда негізгі деректерді жан-жақты қарастыра отырып, оның негізгі мәнін жоғалтпай автор өз пікірін, өз көзқарасын білдіреді. Алайда, материал тек жеке көзқарасқа негізделмей, пікір теңдігі ескерілуі тиіс. Шындығына келсек, журналист рұқсат және рұқсат емес тұлғалық қарым-қатынастардың аралығында болып, өзіне мәлім деректер мен оқиға желісін тиімді пайдалана отырып, пікір алуандығына қарамастан тепе-теңдікті сақтауы тиіс. Ол үшін публицист жоғары кәсіби деңгейді меңгеріп қана қоймай, таным өрісін кеңейтіп, үлкен азаматтық жауапкершілікті сезінуі тиіс.

Көркем-публицистикалық жанрларда автор өзінің көркем қабылдауын шынайы болып жатқан оқиғалармен ұштастыра отырып құруына мүмкіндік береді. Француз жазушысы Александр Дюманың метафорасын қолданатын болсақ, көркем әдебиет шығармашылы-ғындағы дерек - бұл «суретшінің өз суретін ілетін шегесі». Көркем-публицистикалық жанрлардағы деректің алатын орны жайлы айтатын болсақ, дерек ең басты элемент болып танылмаса да, ол тек басқа жағынан, яғни жан-жақты қарастырылса да, деректі ауыстыруға, тіпті өзгертуге ешкімнің құқығы жоқ. Көркем-әдеби шығарманың негізіне алынған дерек өзге мәтіннің құрамынан алынып, өзінің мағынасын жоғалтып отыруы - үлкен қате болып есептеледі. Көркем-публицистикалық жанрлардағы деректер кей жағдайда ғана шындыққа сай болса да, нақты деректен алыстамауы тиіс. Бұл жағдайда, әсіресе, памфлеттер мен фельетондардың орны бөлек. Сатиралық шығармаларда неше түрлі аналогиялар мен параллельдер қолданылса да, журналистің немесе сатириктің негізгі ойы айшықты көрініп тұрады[5] .

Көркем-публицистикалық жанрлардың журналистиканың өзге жанрлардан ерекшелігі - мұнда оқиғаны, я құбылысты бір бейне мазмұнына біріктіріп, түрлі драматургиялық және бейнелік құралдарды пайдалана алуында.

1. 2. Тележурналистикадағы тікелей эфирдің шығу тарихы.

Жанр - тарихи қалыптасқан тип, журналистік шығарманың түрі. Публицистика жанрлары әдебиет жанрларынан деректердің шынайылығымен ерекшеленеді.

Барлық журналистік шығармалардың негізі - дерек болып табылады. Дерек - бұл орын алған оқиға. Деректер ақпараттың негізі болып табылады. Деректер: нақты, таза шындыққа құрылған, қоғамдық мәнге ие және қарапайым қасиеттерге ие болуы тиіс.

Деректерден ақпарат қалыптасады:

Ақпаратты қабылдау стереотипінің үш сатысы бар:

1. Бірінші сатысы - ақпарат санаға онша әсер етпей тек бір сәтке ғана реципиенттің қиялын қобалжытады.

2. Екінші сатысы - ақпарат сана мен сезімге сәл әсер етеді, реципиенттің назарын аудартады.

3. Үшінші саты - сана-сезімде қалған ақпарат, ол реципиентте нақты әрекетпен аяқталатын, шындық негізінде белсенді шығармашылық лебіз туғызады.

Ақпараттық жанрлар «телеграфтық стильдегі» нақты деректердің нақты уақыт контекстінде мазмұндалатын, ақпаратты тасымалдаудың ерекше әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Ақпараттық жанрларға жататындар: хроникалық ақпарат, кеңейтілген ақпарат, қысқа жазба, есеп, эпистолярлық жанр, сұхбат және репортаж.

Хроникалық ақпарат - не? қашан? қайда? деген сұрақтарға жауап береді және 2-15 жолға дейінгі көлемге ие болады. Ресми және ресми емес газеттердің бірінші-екінші жолақтарында басылады. Хроникалық ақпараттың тілі - әдеби, стилі - құрғақ, ресми сарында жазылады[6] .

Кеңейтілген ақпараттың көлемі 30-150 жол. Хроникалық ақпаратқа қарағанда мұнда түсініктеме болуы мүмкін. Түсініктеме - бұл деректің кеңейтілген түсінігі, оның түсініксіз немесе нақтыланбаған жақтарын түсіндіру. Түсініктеменің түрлері:

1. Кеңейтілген түсініктеме - деректің кеңейтіліп түсіндірілуі.

2. Маманның түсініктемесі - дерек маманмен, одан әрі құзыретті адаммен түсіндіріледі.

3. Полярлы түсініктеме - дәл осы саланың бірнеше мамандарымен деректің түсіндірілуі.

4. Синхронды түсініктеме - айту барысында тілші мәтінімен түсіндірілуі.

5. Нақты түсініктеме - ұсақ бөлшектеріне дейін деректерді түсіндіру.

Кеңейтілген түсініктемеде сондай-ақ қосымша бөлшектер, кейіпкерлер және т. б. болуы мүмкін.

Қысқа жазба - журналистикадағы ең ескі жанр. Хроникалық және кеңейтілген ақпараттан қысқа жазба авторлық позициясымен ерекшеленеді. Өйткені оның негізі - оқырманның хаты болып табылады. Егер ақпаратта уақыт факторы маңызды болса, қысқа жазбада әртүрлі уақыт өлшеміндегі деректің өзі маңызды.

Ілікпе сөз - бұл қандай-да бір сөз сөйлеуге қысқаша сезімдік лебіз. Ілікпе сөздің негізгі қасиеті көңіл болып табылады.

Эпистолярлық жанр - бұл оқырмандардың хаттары, журналистиканың белсенді жанрларының бірі. Хаттар барлық кезең мен дәуірде, журналистиканың пайда болуының алғашқы күндерінен бастап барлық материалдардың негізі болды. Эпистолярлық жанр түрлері: ұсыным-хат, өтініш-хат, сұрақ-хат, жауап-хат, ашық-хат т. б. болып бөлінеді[3] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Оңтүстік Қазақстан телеарнасының өткені мен бүгіні»
7 -арна: кәсіби деңгейі мен шығармашылық шеберлігі
Елбасы айтқандай Дәстүр мен мәдениет ұлттың генетикалық коды
Қазақстан ұлттық телеарнасы мен тәуелсіз КТК, НТК, 31 телеарналарындағы бағдарламалардың өзіндік ерекшеліктері
Жұмыстың мақсаты
«Рахат» телеарнасының кәсіби деңгейі
Эфир мәдениетін жетілдірудегі ТV ток-шоуларының рөлі.
Журналистика пәнінен дәрістер
Қазақ дикторлық өнерінің бүгінгі аяқ алысы
Би-би-си телерадиокорпорациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz