Телехабар - теледидар бағдарламаларын құру және оларды эфирге тарату


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны.

Кіріспе . . . 2-3

I-Тарау. Телехабар, жаңалықтар жасау технологиясы . . . 4-13

  1. Ғалымдардың телевидение жайлы зерттеулері . . . 4-7
  2. Телестудия комплексі және телехабар жасау ерекшелігі . . . 7-13

II-Тарау. Телеарнадағы жаңалықтарды талдау ерекшеліктері . . . 14-21

2. 1. Ұлттық телеарналардағы тікелей эфирдегі жаңалықтардың ерекшелігі. . 14-16

2. 2. Отандық телеарналардағы жаңалықтар және тікелеу эфир ерекшелігі. . 16-21

Қорытынды . . . 22-23

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 23-24

Кіріспе.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Теледидар бүгінде жер шарында болып жатқан сан саладағы оқиғалар мен жаңалықтарды көрермендерге көрсете отырып, адам қолымен жасалған құндылықтарды насихаттаудың қуатты құралына айналып отыр. Жарты ғасырға жуық тарихында Қазақ теледидары қарышты қадам жасап, мәдениетіміз бен әдебиетіміздің, өнеріміз бен ақыл-ойымыздың дамуына елеулі үлес қосуда. Адам, ғылым, техника дамыған сайын, сол жаңалықтарды елге бірінші болып жеткізетін әрине БАҚ өкілдері, олар жаңалықтарды жарыса жазып, көрсету барысында бәсекеге ұшырайды, сондықтан да, жаңалықтын ақиқатқа айналуын түрлі зерттеулер анықтау арқылы көз жеткіземіз. Осы салада курстық жұмысмның өзектілігі арқасында теледидардағы жаңалықтарды талдау ерекшеліктеріне кең тоқталып өтеміз.

Теледидар - ақпарат пен насихат құралы. Ол БАҚ құралдарына тән жылдамдық пен байқампаздықты, ауқымдылық пен жан-жақтылықты бойына сіңірген өнердің биік түрі. Оның ғажаптылығы, газет секілді баяндап, радио сияқты үн, дыбыс, тынысты естірту мен ғана шектелмей, кинодағыдай өткен оқиғалар елесін пленка арқылы ғана жаңғыртып көрсетпей, бір мезгілде олардың бәрін қатыстыра отырып, көрерменге өтіп жатқан өмір құбылысын сол сәтінде, оқиға болып жатқан ортадан көрсетуінде.

Ақпарат құралдарының ішінде теледидар көрсемдік бейнелеу құралдарының ауқымдылығы жағынан өлшеушіз мүмкінджікке ие. Ол адамды, адамзатпен жүздестіретін, әлемнің бір қырынан оқиғаларды үйінің төрінен көре алатын ғажайып құрал. Көгілдір экрандағы фильмдер, театр спектакльдері, концерттер, сұхбаттар мен тікелей эфир, жаңалықтар, той-думан, жарнама т. б. сан миллиондаған көрермендердің рухани дүниесін байытуға қызмет жасауда. Теледидар жұртшылыққа күнбе-күн саяси, мәдени, эстетикалық тәрбие беруде жаңа мүмкіндіктерді іздестіруде.

Курстық жұмыстың мақсаты. Бүгінгі таңда қазақ елінде саң түрлі ақпарат таратушы телеарналар көптеп кездеседі, сол телеарналардың жаңалықтарды жариялау барысына тоқталық, ақпараттарды талдауға тоқталамыз.

Ел мен елді байланыстыратын халыққа ақпарат таратудың көзі болып отырған теледидардың пайда болуы және қалыптасуы көп жылдарды қажет етті. Ғалымдардың телевидение жайлы зерттеулері 30 жылдардан астам уақытты алды. Телевизияның пайда болуы ХХ ғасырдың бірінші жартысына жатады. Электротехниканың дамуы мен қолданысқа енуі телевидениеге тікелей қатысты болған еді.

Электронды сигналдардың арқасында бағдарлама, хабарлар алыс қашықтықтарға жетті. Телевиденияда хабарды эфирге шығару өте күрделі жұмыс болды. Ең алғаш телевидениеде қазіргі замандағыдай бейне мен дыбыс қатар келген жоқ, керісінше, алдымен фототелеграфия дамып, эфирге қозғалмайтын суреттер, сызбалар шыққан болатын. Суреттер мен бейнелер токтың химиялық әрекеті мен әртүрлі мехзаникалық қондырғылардың күшімен жүзеге асты.

Алғаш фототелеграфияның дамуы А. Бейна (1842 ж. ), А. Бэйкуелла (1847ж. ) ашқан ғылыми құралдармен байланысты.

Фототелеграфия мен телевидениенгнің айырмашылығы фото мен киноны салыстырумен пара-пар деуге әдбен болады. Қозғалмайтын бейнелердің байланыс аралығында сәтті шыңғуы ғалымдарды телевидение туралы ойға шомылдырады. Бірақ фототелеграфиядан телевидениеге көшу көп жұмысты қажет етеді. Яғни жаңа технологиямен қатар техниканың қыр-сырын біліп, тосын жаңалықтар ашу болды. Бұл үлкен қажырлы еңбекті талап етті.

Курстық жұмыстың құрылымы. Жалпы курстық жұмыс кіріспе бөлімнен, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған деректер тізімінен тұрады.

I-Тарау. Телехабар, жаңалықтар жасау технологиясы.

  1. Ғалымдардың телевидение жайлы зерттеулері.

Телехабар - теледидар бағдарламаларын құру және оларды эфирге тарату; коммуникациялық құралдардың бірі. Алғашқы жүйелі телекөрсетілімдер 1936 жылы Ұлыбритания мен Германияда басталды. Телехабар теледидарлық орталық, радиохабар таратушы стансалар және оларды жалғастыратын байланыс жолдары, радиорелелік байланыс жолдары кіретін желі бойынша іске асырылады.

Телехабар жасау жаңа технология негізінде жүзеге асырылады. Сценарии бойынша телефильм, жаңалықтар, телесұхбат, теле репортаж тағы басқа жасау. Практикалық тұрғыда цифрлы бейнекамерамен, бейнемагнитафонмен компьютермен және телеманитормен өңдеу жұмыстарын үйрене отырып эфирлік өнімге дейінгі талапқа жету. Талаптанушы барлық хабарды талдай отырып өзіндік пікірін білдіреді. Тақырып таңдап, өз бетінше телеөнім әзірлейді. Техникалық құралдарды пайдалана отырып өздері түсіреді[1] .

Теледидардың даму кезеңдері.

1 кезең (1900-1930жж. ) - орыс ғалымдарының ғылыми тәжірибедег ашқан құралдарын іске қосу. Әлемде алғаш рет электр сәулелі трубканы Петербург университетінің профессоры Б. Л. Розинг ойлап шығарды.

2 кезең. Бұл кезең тәжірибелі бағдарламалармен 1931 жылдан басталады. Бүкілкеңестік электромеханикалық институттың Мәскеу радоибайланыс серіктестігімен. Бұл құрылғы соншалықты тиімді болмағандықтан ғалымдар 3 жылдан кейін өзге бағдарламаны эфирге шығарды. Бұл 30 минутқа созылды. Ал 1938 жылы алғаш телевизиялық орталықтар Мәскеу мен Ленинградта салынды. Телевидениенің дамуын соғыс жылдары тоқтатты.

3 кезең. (1960 ж. соңы мен 1990ж) . Телевидение үлкен қарқынмен дамыды: кабельдік ТВ, телетекст ТВ мен баспасөздің бірігі, коммуникацмяның өзгеше аумағы компьютермен бірігу, жекелей трансляция жасады.

4 кезең (1990 ж. бастап) бәсекелестік пайд болды. КСРО-ның ыдырауынан телеканал мемлекеттік, қоғамдық, коммерциялық телеарналар хабар таратуда.

Телевизиялық техникамен жұмыс істеу үшін алдымен студенттер техникалық тетіктермен, жалпы технологиялық сұраныстың бүгінгі заман талабы мен ортақтасуы да телевизияның сипатын басқа қырынан тануға итермеледі. Сондықтан, теориялық ұғым мен машықтану жұмыстарын ұштастыру барысында студенттердің ынтасын арттыру басшылыққа алынады.

Жалпы, телетехниканы игеру, студиялық хабар мен жылжымалы хабар жасаудағы қойылатын талаптарды білу.

Телеорталықтың алға қойған мақсаты мен журналистің негізгі іс-міндетінің бір арнадыа тоғысуы. Яғни, шығармашылық топтың атқарар қызметі хабар әзірлеуде қандай функцияларға бөлінеді. Осы талапты жекелей орындау.

Хабардың мазмұны, тақырыптың сұранысын ашу, редакторлық, диктор, режиссер, оператор тағы басқа міндеттердің атқарылуы-студенттердің еркін шығармашылықтарының негізінде іске асырылады[2] .

Хабарды түсіру, оны компьютермен өңдеу, кадр таңдау, жинақтау, музыкамен көркемдеу тәсілдері лабороториялық сабақта атқарылады.

Теориялық тұрғыдан қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, ой, ұғым, түсінік, идея жетілдіру дәрістің негізгі алғышарттары болып есептеледі.

Жалпы, телехабар таратудың әлемдік тәжірибесіне сүйенер болсақ- бұл үлкен технологиялық ұғым екені әлдеқашан дәлнлденді. Хабарды телекүш арқылы қабылдау, тарату әр түрлі қондырғы - құралдар мен бейнелік дәрежеге жетті. Сурет, сызу, макеттеу, графикалау, ұқсас бейне мен картотұжырым жасау - бұл телевизияның бастапқы көрсету құралы болса, бүгінде дамыған компьютерлік дәуірде ең әрекетшіл де айшықты, нанымды да бейнелі дүниеге сіңісті[4] .

Тележурналист телебейне арқылы қоғамның барлық саласына ат салысып, оны кадрлер жиынтығы арқылы мазмұндық сипатын береді. Ол үшін қоғам қай бағытта дамуда, өзгерістерге ықпал етуде, ғылым мен білімнің ұштастырылуы қалай? Деген сияқты сауалдар жауабын іздестіріп отынрады. Көрерменге тура жол көрсетіп, олардың қатысуымен сұрыптау-саралау әңгіме -сұхбаттарын жүргізеді. Яғни, журналист алдымен өз көзқарасын қалыптастырады.

Қазіргі таңда бүгінгі ертеңгі бейнекөріністің сапасы деген таңдау туады. Әртүрлі форматтағы бейнекамералар, компьютерлік монтаждау бағдарламалар қозғалысқа енді. Телеөнімнің жөғары сапасын айшықтайтын өндірістік тұжырымдамалар өмірге келді. Бейнеформат пен эфирлік сұраныстың сәйкестендірілуі тұрақтандырылды, телевидение әлеміне цифрлы электронды жүие орнықты. Мұны студенттер Интернет арқылы тануда. Телеқұралдардың жаңа стандарттағы құрамы кәсіби деңгейге жетті. Осыдан барып, ВХС телекамералары тұрмыстық жүйеге ауысты. Осыған сәйкес телефорумдар өткізіліп телемаркетинг деген шебер ұйымдастырушы мамандық тіркелді. Бұл телевизияның жалпы өркендеуіне атсалысатын маман. Жаңа дәуір - теледәуір, өте сапалы әрі жедел хабар тарату заманы. Бұл мәселемен студенттер танысып, лабораториялық сабақпен ұштастырады[5] .

Телевизияның жаппай өрістей бастағанда, 1962 жылы американдық ғалым Маршал Маклюен оның мүмкіндігін бағалай келе, «енді кітап және өзге де баспасөз құралдарын басу ісі келмеске кетті, оның орнын визуалдық ақпарат құралы - телевизия басты» деген екен. Маклюеннің пікірінде әсіреқызбалық бар деп айыптағанымызбен, өзге ақпарат құралдарына қарағанда теледидар аудиториясының әлдеқайда көп екенін мойындаймыз. Бейне мен дыбыстық қатарды үйлесімде бере алатындығымен, кинематографияның, әсіресе техника мен технологияның жаңа мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, өмірдің шынайы кескінін сол қалпында, сол бояуымен бере алатын теледидар қай жанрда көсілсе де, жетімділік тұрғысынан өзге ақпарат құралдарынан біртабан артық, жұртшылықтың зейінін арбап, назарын еріксіз өзіне өзіне аударады.

Телевизияның спецификалық артықшылықтарын санамалай келе өз зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен идеясына ойысалық. Жалпы тележурналистика жанрлары: ақпараттық, сараптамалық және көркем - публицистикалық деген үш үлкен топқа жіктеледі. Қоғам өміріндегі күнделікті жаңалықтар, өмірге жаңа енген құбылыстармен таныстыратын ақпараттық блок, белгілі-бір мерзім ішінде қордаланған мәселелер мен оқиғалар легін талдап, сараптайтын сараптамалық жанрдағы хабарлардың өзіндік практикалық функциялары (аудиторияны құлағдар ету, нақты бір оқиғаға баға беру) мен берілу мәнерінде жанрлық ерекшелігі (шапшаңдық, ресми сипат) бар. Ал енді көркем-публицистикалық жанрдағы телехабарлардың практикалық функциясы - эстетикалық тәрбие беру, көрерменді әсемдік болмыспен қауыштыру, рухани қажеттілігін сусындату, бір сөзбен айтқанда, рухани ләззатқа бөлеу. Көркем хабарды тамашалауға беттеген көрерменнің психологиялық күйі босаңсып, экран бетіндегі көріністі бар ынта-ықыласымен түйсіну, соған бой алдырып, сондағы шындықпен біте қайнасып, бірге жасасу, эстетикалық нәр алуға әзірленеді. Демек, көркем хабарлар жасауда, оның жанрлық табиғатынан туындайтын эстетикалық ерекшелігі мен мүмкіндігін іс жүзінде бір сәт те назардан шығармастан, барлық процестерді сол факторға бағындырған кәміл. Бұл - көркем телехабарларға қойылатын жалпылама талап. Көркем хабарлардың әрбірінің өзіндік тақырыптық айшығы мен формаларына қарай, олардың әрбіріне қатысты жеке-дара туындайтын міндеттер мен шарттар легі қалыптасады.
Қазіргі қазақ эфиріндегі көркем хабарларды талдау, оларды жасау мәселелеріне көшпес бұрын, қазір телеарналардан беріліп жатқан көркем хабарларды жасалу орнына қатысты екіге бөліп қарау керектігін айтуымыз керек. Бірі - әр телеарна редакциясының өз студиясында жасалатын немесе редакция алқасының ықпалымен, сондағы тележурналистердің басшылығымен, ұйымдастыру, қатысуымен студиядан тыс жерде (мәселен, табиғат аясында) жасалатын көркем хабарлар. Екіншісі - концерттік сахнада немесе театр сахнасында қойылған, бір айта кетерлігі, журналистердің емес, әртістердің басымдығымен, телекөрермендерге ғана емес, залда отырған бұқараға арналып, көрерменнің көз алдында жасалатын көркем хабарлар. Айталық, әртістер қатысымен жасалатын көркем хабар деп отырғанымызға «Бауыржан-шоу», «Шымкент шоу», «Күлкі керуені», «Терісқақпай», «Ән мен әнші», «Сағыныш», «Інжу-маржан», «Айтыс» сынды концерттік және театрлық қойылымдар мен театр спектакльдері жатады. Концерттік бағдарлама, я сахналандырылған қойылым студиялық телехабардан жасалу технологиясы, режиссурасы тұрғысынан түбегейлі ерекшеленеді.
«Хабар» телеарнасынан беріліп жүрген «Таң қалмаңыз» хабарының жасалу ерешелігіне үңілсек, ол хабарда көркемдік редактордың шеберлігі, онда қолданылатын сұхбат жанрының мүмкіндіктерінің қолданыс деңгейі мен тележүргізушінің кәсіби өресі хабар барысында бәрібір актив элемент ретінде сезіліп, хабардың бүтін болмысын айшықтап тұрады. Осы ретте, концерттік сахналар мен театр сахнасында қойылған бағдарламаларды теледидардан беру де теледидардың кинематографиядан еншілеген мүмкіндігін көрсетеді. «Ән мен әнші», я болмаса «Сағыныш» концерттік бағдарламалар теледидардан берілетін кинофильмдер мен мультфильдер секілді трансляциялық жолмен берілетін хабарлар. Олар - дайын телеөнім, тек монтаждық, режиссуралық сүзгіден өткізсе болғаны, телеарнадан беруге болатын телехабарға айналады; ал тележурналистер мұнда мүлде қатыстырылмайды[12] .

Телеарна редакциясы ұжымының қолынан шыққан көркем телехабар болсын, концерттік сахнада жасалған бағдарлама болсын, көрермен үшін берер әсері мен теориялық функциялары ортақ болғасын, біз жұмысымыз барысында екеуін де қарастырамыз. Екеуінің де жасалу мәселелерін, онда туындайтын проблемаларды көрсетіп, ол хабарлардың ішкі құрлымына үңіліп - жүргізуші, режиссер, редактор шеберлігін бағамдап, пішіні мен формасын, идеялық-тақырыптық болмысын ашамыз. Бірнеше хабар санына детальдық сараптама жасаймыз. Қазақстан телеарналарындағы көркем хабарларға қатысты айтылып жүрген сындар мен БАҚ материалдарын нысанаға ала отырып, қазақ телеарналарындағы көркемдік хабарлардың көкжиегін кеңейтудің, олардың мазмұндық болмысын көркейте, ілгерілете түсудің жолдары мен жаңа әдістерін ұсынуға тырысамыз.
1958 жылдың 8-наурызы - қазақ телевизиясының туған күні деп саналады. Дәл осы сәттен бастап, қазақ телевизиясымен бірге телеарналардағы көркемдік хабарлардың да тарихы басталып кетті. Арадағы жарты ғасырға жуық уақытта көрермен қауым телевизиялық көркем хабарлардың эстетикалық қуатынан нәр алып, заман жылжыған сайын бет-бейнесі мен тақырыптық сипаты жаңғырып, түрленіп, қоғамдағы саяси, мәдени өзгерістермен бірге, өмір шындығының көркем образын беруге талпынып келе жатқан телевизиялық көркем хабарлардың жеңісіне де, жеңілісіне де куә болып, олардың оза шапқан жүйрігі мен осалмойын әлсізіне әділ алдияр болып келеді.

Кешегі кеңестік дәуірден кейін еліміз ғасырлар бойы аңсап жеткен тәуелсіз ғұмырының шындық шежіресі де телевизиялық көркем хабарлардың мақсат-мүддесін айқындап, қазақ тележурналистикасының алдына жаңа міндеттер туғызды[7] .

«Егемендік дәуірде бағдарламаларға ұлттық түр мен пішін, мазмұн мен мән беріп, рухани келбетін таныту қажеттігі туындады» - деген қазақ тележурналистикасының тарихы мен тоериясын зерттеуші ғалым Құдайберген Тұрсынның тұжырымы өте әділ.

  1. Телестудия комплексі және телехабар жасау ерекшелігі.

Жалпы телестудия комплексі, Студия 2 бөлімнен тұрады:

а) Режиссерлік аппарат

ә) Дикторлық съемка және аппаратты бөлім.

1-ші бөлімде - Бейнережиссерлік пульт болады. қызметі студияда қанша кадр болса, сонша кадр байланысқан сол кадрді басқарып отыратын режиссерлер, бейнесигналдар, телефондық бөлімдер арқылы байланысады. Байланыстың 2 түрі болады:

1. Телефон арқылы, 2. Бейне съемка (громкая связь) . Эфирге дейін 8 камера жұмыс істейді. 8 кадр жұмысын режиссер атқарады. Жұмыс кезінде эфирге дейін жұмысты бөлім-е айқайлап сөйлей беруге болады. ал эфир басталған кезде бәрі тоқтатылады да, телефон байланысы арқылы жұмыс істейді. Бұл пультта бірнеше кадр болады. орысша шторы деп аталады. ТВ маниторлар болады. оны телевизордың бір түрі деп атайды. Бірақ эфирді қабылдай алмайды. Студияға арналған оны орысша ВКГ деп аталады. ВКГ - бейне суреттерді бақылайтын теле-р. Студияда қанша режиссер болса, сонша монитор болады. дыбыс режиссерлік пульт - бұл ақпараттық бөлімде тұр. Микша - әр микша микрофон болып есептеледі. Студияда 24 микша болса, концерт жазуға болады. бейне инженерлік пульт - камерамен түсіріп бақылап отырады, камерада жұмыс істеп тұрған адам. Эфирлік монитор - бұдан көрінген бейне сурет эфирге кетеді.

К 1 , К 2 , К 3 Э - 8 фотоның дайын еместігін білу үшін керек. Киносюжет көрсету үшін тағы бір ман-р қою қажет. Алыс обл. алу үшін тағы бір м. қою керек.

Телекино аппараты - ВМЗ жазып алатын бейнеқұрал. Көрсетіліп жатқан съемканың барлығы ВМЗ-ға келеді. ВМЗ - видео магнитофондық запись. Ең бастысы студиядағы бейнережиссерлік пульт.

Дикторлық студия - 2 камера немесе 3. 2-3 мик-н болуға тиіс, бейнережиссерлік байланысы бар студияда жарық түсіретін мастер жұмыс істейді. Микрофон қоятын жұмыс істейді. Дикторлық студияның айырмашылығы үлкен концерттік оркестр жазуға болады. онда камералар 8 немесе одан да көп болады. Микрофондар да көбейеді, ең кем дегенде 2, көп дегенде 2-24 ке дейін[13] .

Күнделікті жаңалықтар тарату мен апталық, айлық хабар ұйымдастырудың айырмашылықтары үлкен. Белгіленген тақырыпқа сай телеайдармен нақтыланған хабардың сценариялық жоспары жасалынып арнайы нысандарға зерттеу жүргізіледі. Соның негізінде сценарии дүниеге келеді. Ол үлгі бойынша бірнеше мәрте түсірілімге тапсырыс беріледі де кадрлер жиынтығы әзірленеді. Редактор бейнетаспадағы кадрлердің тақырыпты ашудағы санасын анықтайды, Бәлкім, қосымша түсірілім керек не деген түйін болуы мүмкін, себебі: Мақсат тележурнал хабарын дайындау болса, ол, хабардың көлеміне қарамастан бір неше тақырыптан тұруы мүмкін, және әрқайсысыәрбөлек мәселені қарастырады. Алтеле публицистика болса, кадрлер жиынтығы қоғамдық құбылыс пен шынайы тіршіліктің бір тұтқасындай болуы тиіс. Осы жәйттерді айықтап, саралау жөнінде студенттер дәрістеліп, ол тәжірибесімен ұштасады.

Телехабарды ұйымдастырудағы биік кәсіби денгейде атқарылмаған хабар-тікелей эфир. Мүнда жалпы телевизиалық құрылым қызметкерлері бір мезгілде тікелей байланыс арқылы телеөнім шығарады, яғни, шығармашылық топтың башысы мен бірнеше оператор, режисерлік апараттар мен дыбыс режиссерлары, тағы да басқа инжинерлер, кардинаторлар жұмылдырылады. Тікелей эфир оқиғаға байланысты әрқилы нысандардан берілуі мүмкін. Біздің бастапқы айтқанымыздай студиалық жылжымалы, нысанды болуы ықтимал[12] .

Теледидар ірі әлеуметтік мәселе қозғайды. Журналист көп ретте осы жәйға орай лайықты адам тапса оның тұрақты көрермендері де болады, алайда мұнымен шектелу дәстүрлі жиын тәрізді сипат береді. Сондықтан, хабардың негізгі тұлғалары болып есептелетін редактор, режиссер, оператор ұжымдасып шешетін түйіндер жетерлік. Бәлкім телесайыс түрінде, оған бүгіндегі “Қазақстан-1”-арнасынан берілетін Жұбан Имнғалидің “Бар мен жоқ” телепікір хабарын алуға болады. Жүргізуші қатысушылардың әлеуметтік тобына қарамайды. Әрқайсысынан жаңа дерек, тасқынды ой күтеді. Соған өзі жетелеп отырады. Студиядан тыс оның көрермендері де бірқауым. Немесе Иманғали қатысушыны шымшыма сөзбен, мысқылмен мысын баспайды, керісінше күтпеген құбылыс тауып елеулі көңіл бөледі. Әрине, шеберлік деп тануға болады. Хабардың сценариін жасап, әрі жүргізуші болу журналист-редакторға ауыр шарт. Соңында оны қорытындылау, төрелік айту турашылдық пен астасып жатуы және тиіс. Студиялықтан жоғары аудиториялық экранға көшу деген осы.

Қандай хабар болмасын ұлттық реңін беруі тиіс десек оның айшықты реформалары берілуде. Өйткені, тамыры тағдырлас., өмірі өзектес тақырыптар халықтың қоғамдық саяси-мәдени, әлеуметтік сұранысынан туады. Мәселен, Ресейлік телеарнадан берілетін окноны алайық. Бәлкім орыс көрермендері үшін жаңалық емес, өмірдегі күнделікті кикілжің, табыстырудан, таныстырудан гөрі таяқтастарын тастайды. Бұл этикалық көрініс емес, телехабардан алшақтау театралдық ойынға ұқсайды[8] .

Студенттерге осы мәндес дәріс беріліп лабораториялық сабақта мұны іс-тәжірибе жүзінде қарастырады.

Журналистикада ең алдымен телехабар әзірлеу оңай болғанымен оның ұсақ-түйегі болмайды. Телехабар ең алдымен көрермен үшін қызмет етеді. Телехабардың да өзіндік аудиториясы бар екендігін бүгінгі сараптай материалдары дәлелдеп отыр.

Тележурналисттің құралы -сөз, сурет, музыка, табиғи дыбыстар, сан реңктегі көріністер. Телередактор осының бәрән бейнелік, көркемдік әрекетке келтіре, кейіпкер ой-түйсік тұрады. Адамның ең басты қабылеті-ой, ойлану. Ойлану, ой туғызу-жаңадан жиналған білімі өткен өмір тәжірибесінің отымен, қызуымен қорыту. Ой- лекциятың тууына себепші болады. Ойдың өрбуінің қайнар көздері.

Ой дүниесінде міндет пен сезімталдықтың атқаратын ролі зор. Міндеттің ұланғайыр істердің басталуымен аяқталуында атқаратын қызметі ауқымды. Ал, интуиция сол зертпен не айналысып жүрген мәселеңді айқын көру.

Журналисттің творчествалық қызметі лекция таңдаудан басталады. Ал лекция қайдан туады?Бізді қоршаған күнделікті ортада қызғылықты, маңызды лекциятар көп. Тек соларды байқап, бақылап байыбына барып, мән беріп, тани білу керек. Міндет-лекцияты терең зерттеп, қыры мен сырын тану, ашу, анықтау, талдау, көрерменге түсінікті жеткізу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірінші Қарағанды телеарнасы
Қазақстан ұлттық телеарнасы мен тәуелсіз КТК, НТК, 31 телеарналарындағы бағдарламалардың өзіндік ерекшеліктері
Қазақ телевизиясы: тарих пен тағылым
Қарағанды университеті
Телевизиялық бағдарламалардың ерекшелігі
7 -арна: кәсіби деңгейі мен шығармашылық шеберлігі
Телевизиялық жаңалықтар қызметі: жылдамдық және шынайылық
ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ
Журналистика пәнінен дәрістер
Авторлық телебaғдaрлaмaлaрдың жaсaлу технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz