Көркем деректі жанр түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4
I-Тарау. Бұқаралық ақпарат құралдары және оның Қазақстанда дамуы.5-15
0.1. БАҚ жанрларға қысқаша түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-12
0.2. БАҚ жанрлық белгілері және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 2-13
0.3. Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы ... ... ... ... ... ... ...13- 15
II-Тарау. Бұқаралық ақпатар құралдарының ақпараттық және талдамалы жанр түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16-23
2.1. Талдамалы жаныр түрлері мен қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16-21
2.2. Көркем деректі жанр түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21-23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24-26
Пайдалынылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Кіріспе.

Курстық жұмыстын өзектілігі. Қоғамның саяси институттар қатарында айрықша мәнi бар басқалармен салыстырғанда саяси әлеуметтiк билiгiмен қызметi бөлектеу тұрғаны бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады. Бұқаралық ақпарат құралдары дегенiмiз- түрлi хабар-ошарды көпшiлiкке арнайы техникалық құралдар арқылы ашық, әрi жария түрде жеткiзу үшiн құрылған мекемелер. Бұқаралық ақпарат құралдарына: баспасөз, радио, теледидар, кино, видио, үн-таспа және көпшiлiкке арналған анықтамалар жатса, соңғы кезде олардың қатарына ғылым және техникалық соңғы жаңалықтар - спутниктик байланыс, кабельдi теледидар және түрлi компьютерлiк интернет байланыс жүйелерi қосылып отыр.
Жалпы алғанда бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда маңыздылығы олардың тiкелей атқаратын коммуникативтiк, ақпарат таратушылық, танымдық, қоғамдық пiкiр туғызу арқылы саяси билiкке ықпал етушiлiк, қадағалаушылық, білім берушілік, әлеуметтендірушілік қызметтерімен тікелей байланысты. БАҚ-ның ақпараттық қызметі адамдарға түрлi әлеуметтік процестер және оқиғалар тұрғысында ой түйiндеуiне ықпал етедi, олар жөнiнде әр түрлi ақпараттар ағыны iшiнде бағдар алуына жәрдемдеседi.
Журналистің жұмысы шығармашылық болғандықтан үнемі ізденісте болу журналистің парызы. Тас қалаушы үйді қалыптасқан бір жүйе бойынша кірпішпен өреді. Сол секілді монтаждаушы, бетоншы, слесарь, столяр сынды мамандар да бұл үрдіске қатысады. Әртүрлі жанрда, тақырыпта жазу үшін үнемі біліміңді толықтырып, кәсібіңді шыңдап отыру керек. Журналист қызметінде жеке дарын, кәсіби дайындық, өмірде болып жатқан өзгерістерге жеке позицияның болуы өте маңызды.
Академик Д.С. Лихачев: Журналистика жанрлары бір-біріне тәуелді. Олар өзгеріп біртұтас жүйені құрайды. Журналистика жанрларының жүйесі қоғамның саяси өмірімен біте қайнаса отырып дамиды-дейді.
Курстық жұмыстын обьектісі. Жалпы журналистиканың жанрлары жылпы ақпаратты ұсыну түрлерін негізге ала отырып, жеке стилін біртіндеп қалыптастырады. Бұған мысал ретінде жиырмасыншы жылдардағы радиогазеттің пайда болуын атап кетуге болады. Бір жағынан, радио арқылы сол кездегі көпшілікке, яғни сауатсыз халыққа жеткізу мүмкіндігі пайда болса, екінші жағынан, баспасөз тәжірибесін дыбыстық мүмкіндіктерді қолдана отырып, телерадиожурналистикаға тән жанрларды қалыптастырды.
Қазақ журналистикасының осыдан бір жарым - екі ғасыр бұрынғы алғашқы қадамы һәм қалыптасу кезеңдерінен бастап бүгінгі халы күдірейіп жаһанның жедел жаршысының бірі қатарында ұмтылып жүрген шағына дейінгі жолын зерттеп, тарихына жіліктеп шағумен айналысушы ғалымдарымыз да орыс әріптестерінің пайым, пікірлерін қостап, бұқаралық ақпарат құралдарының қай түрі болсын алдымен хабар жеткізуші, жаңалық таратушы екенін атап көрсетеді. Осы тұрғыдан алып қарасақ, газет жанрларын бірін-бірі толықтырып, қайсысының болсын бір мақсатқа бағындырылып, ең алдымен қалың оқырман қауымына тың хабар, жедел жаңалық жеткізуге жегіліп жататынын жақсылыққа жоримыз.
Курстық жұмыстың мақсаты. Жалпы бұл курстық жұмыста, БАҚ жанырларына тоқталып, оның түсінігі мен даму жолдарын қарастырдық және болашақта осы жанырларды жетілдіру дамыту сияқты пікірлерді де қарастырып өттік, әрбір журналистің шығармашылығында көпшілікке көрінбейтін жақтары мен жұмыс әдісі бар. Нәтижесінде белгілі бір мақала, хабар, бағдарлама пайда болады. Міндеттер неғұрлым көп болса, жанр да соғұрлым әртүрлі болады.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс екі тараудан құралған, алғашқы тарауда БАҚ жанырларының даму кезені мен Қазақстандағы даму жолдары қарастырылса, екінші тарауда әр жанырға кеңірек тоқталып өттік. Сонымен қатар қорытынды бөлім және пайдаланылған деректер тізімі көрсетілген.



I-Тарау. Бұқаралық ақпарат құралдары және оның Қазақстанда дамуы.

0.1. БАҚ жанрларға қысқаша түсінік.

Журналистикадағы жанр тудырушы факторлар. Жеке публицистикалық шығармашылық. Публицистикалық жанрлардың қазіргі жүйесі және олардың тілдік қызметінің ӛзгеруі. Ақпараттық жанрлар. Жаңалықтарды және ақпараттық блоктарды қалыптастыру әдістері. Заметка, ақпарат жанр ретінде. Есеп - газет жанры ретінде. Репортаж публицистикалық жанр ретінде. Журналистиканың қолданбалы жанрлары. Сұхбат. Сұхбат жанр ретінде және ақпарат жинауға кӛмекші құрал ретінде. Талдамалы және зерттеу - жаңалық жанрлары. Комментарий. Мақала. Шолу, баспасӛз шолуы, журналистік зерттеу және басқа да талдамалы жанрлар. Кӛркем - публицистикалық жанрлар. Әдеби және публицистикалық эссенің негіздері. Графикалық журналистикадағы әдебиеттің сатиралық жанрлары. Газеттер мен журналдың жанрлық палитрасы ақпараттық концепцияның бүтіндік және композициялық бӛлігі ретінде.
Жанр дегеніміз - журналистік шеберліктің, журналистің айтар ойын өз оқырманына жеткізе білуінің табиғи пішіні. Жанрлар уақыт пен кеңістікке тәуелсіз, себебі, олар обьективті өмір сүреді және айналадағы болып жатқан құбылыстар мен оқиғалардың ерекшеліктері мен сипаттамаларына тікелей тәуелді.
Журналист материал жазу үшін жанрларды білуі маңызды. Қандай да бір жұмысты зерттеп, талдап, сын айтпастан бұрын, ең алдымен, оның қай жанрда жазылғанын, жанрдың қаншалықты дұрыс таңдалғаны мен меңгерілгенін және оны құрайтын элементтердің мәтінде қалай қолданылғанын ескеруіміз қажет.
Оқу құралы тәжірибелік жұмыстардың өткізілуі мен жазбаша жұмыстарға талдау жасауға қысқаша нұсқама келтірілген. Жанрдың түрлеріне басылым беттерінен, телерадиохабарларынан мысалдар, үзінділер берілген. Оларда жанрлардың өзіне тән белгілері мен қасиеттері нақты, айқын байқалады, журналистің материалмен жұмыс істеу тәсілдері көрінген. Келтірілген мысалдар студенттердің теориялық білімін ғана жетілдіріп қоймай, практикалық қабілетін де шыңдайды.
Жанр түсінігі әдеби шығармашылықпен қоса журналистиканың негізгі түсінігі болып саналады. Журналистикадағы жанр түрлерінің әдебиеттанудан біршама айырмашылығы бар. Бұл ерекшелік журналистиканың әдебиеттанудан айырықша міндеті, мақсатымен түсіндіріледі. Журналистика әдеби шығармашылықтың негізінде құрылып, одан туып отыратынын ұмытпағанымыз жөн. Бірақ журналистика беллетристика мен сыннан жоғары тұрып, кей уақытта олармен шекараласа отырып бөлек құбылыс ретінде дамығанын ескеруіміз керек.
Жанр түсінігі негізінде екі мағынада қолданылады:
1. Әдебиеттің түрін анықтау үшін - кең мағынада (драма, лирика, поэзия) қолданылады.
2. Әдеби жанрдың ішіндегі шығармалардың алуан түрлілігін белгілеу (әңгіме, повесть, роман, эссе) мақсаты тұрады. Жалпы мағынада жанр - бұл өзіндік ерекшеліктері бар шынайы өмірді суреттеудің бір пішіні. Жанрлар ешкімнің де шығармашылық жемісі емес, олар тарихи және әдеби даму кезінде өзіндік құбылыс ретінде пайда болған. Сонымен қатар, шынайы өмірді суреттеудің пішіні мен әдіснің негізінде қалыптасқан объективті құбылыстармен шектелген тарихи жанрлық жүйе құрылды. Жанр туралы жазушы К.Федин былай дейді: Кез келген шығарманың мазмұны өзіне сәйкес жанрмен белгіленуі мүмкін. Яғни, әртүрлі жанрға бөлудің ең негізгі шарты - шығарманың мазмұны болып табылады. Кез келген шығарманы жанрға бөлу пішін сәйкестігіне байланысты топталған жанр белгілері арқылы анықталады[9,320-б].
Жанр - белгілі бір нақты шығармашылық міндеттерді жүзеге асыратын шығарманың түрі. Ол музыка, театр, бейнелеу өнері, әдебиет, публицистика секілді шығармашылықтың барлық саласына қатысты. Барлық қызметтің негізінде адамдардың кез-келген қажеттіліктерін қанағаттандыру үрдісі жатыр. Аудиторияны әлеуметтік ақпараттандыру, халықты интелектуалдық жағынан басқару, олардың қоғамда орын алған үрдістерге деген көзқарасын қалыптастыру, осының барлығы журналистиканы көпшіліктің сөзін сөйлеп, ойын қалыптастыратын күшті құрал екенін аңғартады. Сондықтан да журналистикадағы жанрдың басты мақсаты - қызмет ету. Бірақ іс-әрекет өз алдына жеке-дара бола алмайды. Алдымен белгілі бір мақсат пайда болады, одан кейін сол мақсатқа жету үшін нақтылы іс-әрекетке көшуге болады.
Қоғамдағы бар қызметтің түрі бір жүйе бойынша жүзеге асады. Бізді қоршаған орта табиғаттың бір бөлігі, адам қызметінің, іс-әрекетінің нәтижесі. Адам қызметінің бір түрі, журналистикадағы әрбір жанр белгілі бір міндеттерді атқарады. Әрбір журналистің шығармашылығында көпшілікке көрінбейтін жақтары мен жұмыс әдісі бар. Нәтижесінде белгілі бір мақала, хабар, бағдарлама пайда болады. Міндеттер неғұрлым көп болса, жанр да соғұрлым әртүрлі болады. Егер адамнан ақпарат алумен шектелмей, сол кісі туралы айтқың келсе, сұхбат-портрет жанрында жазу керек. Бір мәселе жайлы ақпаратты жан-жақты іздестіріп, жария еткің келсе, сұхбат-сауалнама жанрында жазу шарт. Белгілі ресми тұлғалардан алынған сұхбатты баспасөз-конферециясы деп атайды. Журналист алдындағы міндеттің күрделілігі оны жүзеге асыратын әдіс-тәсілдердің күрделенуіне әкеп соғады.
Журналистің жұмысы шығармашылық болғандықтан үнемі ізденісте болу журналистің парызы. Тас қалаушы үйді қалыптасқан бір жүйе бойынша кірпішпен өреді. Сол секілді монтаждаушы, бетоншы, слесарь, столяр сынды мамандар да бұл үрдіске қатысады. Әртүрлі жанрда, тақырыпта жазу үшін үнемі біліміңді толықтырып, кәсібіңді шыңдап отыру керек. Журналист қызметінде жеке дарын, кәсіби дайындық, өмірде болып жатқан өзгерістерге жеке позицияның болуы өте маңызды.
Академик Д.С. Лихачев: Журналистика жанрлары бір-біріне тәуелді. Олар өзгеріп біртұтас жүйені құрайды. Журналистика жанрларының жүйесі қоғамның саяси өмірімен біте қайнаса отырып дамиды[10,48-б],-дейді.
Жалпы журналистиканың жанрлары газеттің ақпаратты ұсыну түрлерін негізге ала отырып, жеке стилін біртіндеп қалыптастырады. Бұған мысал ретінде жиырмасыншы жылдардағы радиогазеттің пайда болуын атап кетуге болады. Бір жағынан, радио арқылы сол кездегі көпшілікке, яғни сауатсыз халыққа жеткізу мүмкіндігі пайда болса, екінші жағынан, баспасөз тәжірибесін дыбыстық мүмкіндіктерді қолдана отырып, телерадиожурналистикаға тән жанрларды қалыптастырды. Сонымен бірге, телерадиожурналистиканың дамуына баспасөзден басқа театр, кино, соңынан телевизияның ықпалы зор болды. Соңғы жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, жанрлар арсындағы шекаралар жойыла бастады. Сұхбат көп жағдайда әңгіме немесе дөңгелек үстел түрінде өтіп жатады. Очерк пен репортаж, репортаж бен радиокомпозиция немесе телерепортаж бен деректі драма жанрларының жақындасуын да байқауға болады.
Жанрларда ақпаратты ұсынудың үш негізгі түрі бар:
- дәйектерді хабарлау;
- деректер мен оқиғалардың өзара интерпретациясы;
- деректер мен оқиға желісін көркем-публицистикалық жағынан ашу.
Ақпаратты берудің бұл әдістері баспасөз, телерадиожурналис-тиканың үш негізгі жанр топтарының пайда болуына септігін тигізді.
1. Ақпараттық - хабар-ошар, заметка, сұхбат, репортаж, есеп.
2. Сараптамалық - корреспонденция, комментарий, әңгіме, шолу.
3. Көркем-деректі (публицистикалық) - очерк, фельетон, деректі драма және телерадиокомпозиция.
Жанр жүйесінде оның барлық элементтерінің арасында байланыс бар екенін айтқан жөн. Әрбір жанр дербес болғанымен, бүкіл жүйенің тәуелді бөлшегі болып табылады. М.М. Бахтиннің пікірінше: Жаңа пайда болған жанр бұрыннан келе жатқан жанрдың орнын баса алмайды. Керісінше, өзінше реңк беріп, толықтыра түседі. Жанр санын көбейтіп сапасын жақсартады[11,67-б],-дейді. Журналистік ақпараттың қандай жанрда жасалуына әсер ететін бірнеше мәселелер бар. Ең алдымен, журналистің өзіндік тұлғасы, кәсіби дайындығы, тәжірибесі. Екіншіден, уақыт талабы, баспасөздің, телерадиоком-паниялардың қоғамдық-саяси ұстанымы сынды бірнеше фактордан тұратын жүйеге байланысты.
Ақпараттық жанрларға: жаңалықтар, хабар-ошар (заметка), сұхбат, әңгіме, комментарий, репортаж, реплика жатады. Маңыздыларын атап шығайық. Есеп - белгілі бір аудитория (конференция, жиналыс, спорттық жарыстар және түрлі көрмелер, т.б) қатысқан іс-шаралар жөніндегі ақпараттық хабарлама. Айтылатын мағлұматтардың сипатына қарай есеп жалпы немесе тақырыптық, ал мақсаты мен айтылу ерекшеліктеріне қарай - ақпараттық (айтылған пікірлер, оқиғалар, деректер жүйелі түрде) немесе сараптамалық (назар белгілі бір оқиғаға аударылып, оған баға беру, түсіндіру) болып бөлінеді. Есепті іс-әрекетті сөзбен жеткізу арқылы, қоғамдық-саяси мәні бар мәселе жөнінде оқырманға хабарлау мақсатында жазады.
Репортажды екі жақты қарастыруға болады. Біріншіден, баспасөзге, радиоға немесе телевидениеге берілетін ақпараттар жиынтығы. Екіншіден, біздің жұмысымыздағы маңызды оқиға, жағдай, құбылысты жылдам және мағыналы ақпаратпен жеткізетін ақпараттық жанр. Репортажға қойылатын негізгі талаптар - автордың болған оқиғаға қатысу тиімділігі, шынайы болған оқиғаны көзімен көрген жағдайда ғана репортаж мағыналы болады.
Ақпараттық жанрлар қоғамдық пікірге елеулі ықпал етіп, қоғамдық сананы қалыптастыруға әсер етеді. Ақпараттық жанрлардың рөлі бүгінгі таңда өлшеусіз артып отыр. Бұқаралық ақпарат құралдары шағын жанрларға, хабарларға, жедел ақпараттарға назар аударады. Қазіргі газет жарияланымының радио-теледидар бағдарламасының басым бөлігін ақпараттық материалдар құрайды. Ақпараттық жанрлардың бейнелеуіш құралдарының жиынтығына мыналар жатады: түрлі стильде жазылған мәтіндер, статистикалық сурет, фото, сурет, кесте, диаграмма, карта, музыкалық көркемдеу, автор сөздерінің дыбысталуы, интершум, қолданылатын дыбыстар (негізгі, қосымша), бейнесурет.
Көрермен қауымның қызығушылығын, әсіресе, сөздер мен түсініктердің бірігіп, бір үлкен идея ұстанған дүниелер арттырады. Ақпараттың негізгі жанрлық түрлері: ауызекі сөйлеу жанры: а) диктордың оқуымен берілген жаңалықтар; аудитория алдында сөз сөйлеу (кадрда, газетте, микрофонда). Маңызды қасиеттеріне суырып-салмалық, яғни, импровизация жатады, себебі, бұл қасиет арқылы ойлаушының деректері мен эмоциялары беріледі. Ақпарат бірінші қолдан алынады, сондықтан да көрерменнің ақпарат дұрыстығына сенімін нығайтады. Халық алдында сөз сөйлеудің түрлері мынадай болуы мүмкін:
* Ресми (мемлекеттік немесе қоғамдық институттың пікірін жариялау);
* Ұйымдастырылған (алдын-ала дайындалған сценариймен);
* Мәтіндік (телевидение, радио немесе баспасөз стиліне сай алдын-ала жазылған сценарий);
* Суырып-салмалылық (импровизациялық стильде әңгімелесу);
* Тезистік (тезиске сай әңгіме);
* Көркемделген (алдын-ала дайындалған бейнеқатар мен суреттермен).
Мәтіндік ақпаратқа:
* Ақпараттық хабар
* Хабар-ошар
* Репортаж
* Ресми ақпарат жатады.
Ақпараттық хабарда орын алған жағдай мен оқиға жайлы қысқа ақпарат беріледі. Мұнда не, қайда, қашан және қандай жағдайда болғандығын өте қысқа түрде береді. Ақпараттық хабар жазу көбінесе ақпарат агенттіктеріне тән құбылыс. Бұл жерде бастысы - деректен ауытқымайтын, жағдайды тура мағынада сипаттайтын сөздерді тапқан абзал. Шамалы, шамасында деген сөздерді қолданбай, тұспалдарды жариялаудан аулақ болу керек.
Ресми ақпарат - арнайы қайнар көзі бар және редактура жүрмейтін ақпарат. Оның сөздерін өзгертпей, цитата сияқты қолдануға болады және міндетті түрде дерек көзін көрсетеді.
Хабар-ошар. Хабар-ошар газет, журнал, телерадио тәжірибесінде жиі кездесетін байырғы жанрдың бірі. Оның ең басты жанрлық ерекшелігі - дерек, оқиға, құбылыс туралы хабарлауы. Бірақ хабарда бұл деректер талданбайды. Оларға баға берілмейді. Сыр-сипаты толық ашылмайды. Хабар жедел, ұшқыр, тез жазылуға, жылдам жариялануы тиіс, әйтпесе, оның құны болмайды.
Репортаж - ақпарат пен публицистика элементтерін бойына топтастырған жедел жанрлардың бірі. Тілші өзі жүргізген репортажды баяндау арқылы талдау жасап жазады. Репортажды тілші оқиға ортасынан, шеру өтіп жатқан алаңнан, митингіден өткізеді.
Сұхбат - ақпарат алудың ең негізгі тәсілі болып табылады. Сұхбат - сұхбат беруші мен алушының арасындағы әңгіменің бір түрі. Сұхбат журналистің өзіне тән белгілері мен заңдылықтарын сақтаудың басты принципі - нақты сұраққа нақты жауап алу. Оның әсерлі шығуы сұхбат алушының біліміне, журналист кейіпкермен арадағы әңгімеге лайықты тақырыпты таңдай білуі қажет. Сол мәселе жөнінде сұхбат кезінде білуге болады. Басқа адаммен пікірлесіп одан әсер алады. Мұндай әңгімеде ауызекі стиль қолданылады. Сұхбаттың жүргізілу барысы жүргізушінің (интервьюердің) психологиялық, психо-физикалық және логикалық факторларды игеруіне тікелей байланысты[5].
Ақпараттық жанрларға журналист қойған сұраққа белгілі бір тұлғаның жауабына деген қоғамның қызығушылығын туғызатын сұхбат жанры жатады. Атап кететін жайт, сұхбат тек жанр ғана емес, қойылған сұраққа нақты жауап арқылы ақпарат алудың көзі. Сұхбат әртүрлі болады. Жанр ретінде сұхбат: хабарлама (әңгіменің маңызды тұстары алынып, жауаптар қысқа беріледі), сұхбат - диалог (әңгіменің толық мәтіні), сұхбат - суреттеме (әңгіме мазмұнынан өзге оның қандай жағдайларда алынғаны, сипаты беріледі), сұхбат - пікір (оқиғаға, құбылысқа, дерекке түсіндірме), бұқаралық сұхбат (баспасөз конференцияларынан, брифингтерден беріледі) болып бөлінеді.
Талдамалы жанрлар. Ақпараттық топтағы жанрлардың басты мақсаты - жеке деректі, оқиға, құбылысты хабарлау екені белгілі. Олар мәселеге кең тұрғыда келе алмайды, талдап түсіндірмейді. Ақпараттық топтың басты өлшемі ондағы хабарлау сарыны, талдамалы топтың атауы айтып тұрғандай, бұл жанрлардан деректерді талдау басты орын алады. Онда дерек қана емес, бірнеше ұқсас, тектес деректер жинақталады, жүйеленеді, талданады, қорытынды жасалады. Сөйтіп барып авторлық пікір, ой-түйін білдіріледі. Талдау арқылы мәселе қойылады, идея ұсынылады. Автор бұл идеяны ой елегінен өткізіп оқырман, тыңдарман, көрермен қауымға дайын туынды сыйлайды.
Хат - бұл белгілі бір автордың адресатқа үндеу ретінде жазған туындысы. Ол саяси-әлеуметтік, мәдени, экономикалық, тұрмыстық мәнге ие публицистика жанрларының бір түрі. Хаттың баспаға басылуы арқылы ғана публицистиканың жанрына айналатындығы белгілі. Хаттың авторлары жеке азаматтар, топтар, кәсіпорындардың ұжымдары мен олардың жетекшілері, қоғам қайраткерлері бола алады. Сонымен қатар хаттардың адресаттары мерзімді баспасөздің оқырмандары да бола алады. Көбіне хат авторы қоғам қайраткерлері, саяси жетекшiлер, мәдениет қайраткерлерi болып келеді.
Корреспонденция - нақты материалдарға құрылған, өзекті тақырып өңделетін, белгілі бір проблеманы талдайтын жанр, өмір үзіндісінің бейнесі. Корреспонденцияда мақалаға қарағанда дедукция - бөлшектеу әдісі қолданылады, яғни, мәселе жекеден жалпыға көшіп отырады.
Коментарий - барлық БАҚ жүйесіне тән. Белгілі бір тақырыпқа қосымша ақпарат болып саналса да, тақырыпты одан әрі аша түсуі, негізгі мазмұны мен идеясын оқырман, тыңдарман, көрермен қауымға беруі елеулі рөл атқарады. Коментарийдің негізгі мақсаты - аудиторияны таныс емес ақпаратпен, құбылыспен таныстыру.
Сараптамалық мақала (сараптамалық мақала, сараптамалық бағдарлама). Бұл - белгілі бір жағдайды, оқиғаны, не деректі жан-жақты зерттеп қорытындылайтын туынды. Сараптаманың міндеті тек деректі зерттеу емес, оның басты мақсаты дерек бар объект немесе субъектіні зерттеу болып табылады. Коментарий деректі толықтыратын болса, сараптама деректі болжап отырады. Сараптама тек қазір болып жатқан жағдайды зерттеп қоймай, сонымен қатар, болашаққа батыл болжам жасауы мүмкін. Сараптамашы зерттеуінің қорытындысы журналистің қаншалықты кәсіби маман екендігіне байланысты.
Рецензия - көркем немесе ғылыми шығарма, қоғамдық-саяси немесе техникалық әдебиет, театр қойылымы, кинофильм, теледидар бағдарламалары, өнер көрмесі, музыкалық концерт және тұрмыстық жағдай сыналатын жағдайда баға беріп, талдау жасайтын жанр.
Шолу (ревю). Саясат, экономика, мәдениет және ғылыми жаңалықтарға шолу жасау. Берілген материалға негізделе отырып, шолу деректерді белгілі бір ретпен орналастырады. Оның мақсаты коментарий сияқты қосымша ақпарат беру емес. Бастысы - деректер легін тізу. Арасындағы байланысты тауып, бір апталық немесе бірнеше күндік шолу жасалады[17].
Көркем-публицистикалық жанрлар. Көркем әдеби очерк талдамалы және көркем әдеби жанрлардың тоғысында орналасады. Көркем әдеби очерк кез келген деректі метафоралық, бейнелік тұрғысынан суреттейтін шығарма. Бұған Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсіреповтің көркем очерктері мысал бола алады. Очерк ғылыми-публицистикалық, өндірістік және шығармашылық сипаттағы портрет сияқты. Көркем әдеби очеркке идея қозғалысы, ойдың драматургиясы тән.
Очерк - көркем-публицистикалық жанрдың белсенді түрі. Очерк құбылыстар мен оқиғаларды оңтайлы береді. Очерктің басты нысаны - адам, оның жан-дүниесі, іс-әрекеті. Очерк авторы өзінің білімі мен ақылының тереңдігін көрсетеді. Автор тұлғасының маңыздылығы шығармаға арқау болған дерек және оқиға маңыздылығынан кем түспеуі керек. Осы орайда автордың бейнелеуіш құралдарды дұрыс таңдауы маңызды. Бейнелеуіш құралдарға стиль, тіл, бейнелер, теңеу мен эпитеттерді дұрыс таңдау, композиция және т.б. жатады.
Суреттеме - ауқымы бойынша шағын жанр, очерктен сюжеті болмауымен өзгешеленеді. Суреттемеде проблема болмайды. Негізінен бұл суреттердің, ассоциациялардың тізбегі.
Дискуссия негізі - диалог. Бұл жерде журналистің мақсаты - аудиторияға, көпшілік қауымға ой тастау. Өз кезегінде аудиторияның тақырыпты әрі қарай алып кетуі келелі мәселелерді шешуге көмектеседі. Дискуссия екі жақтың дауына құрылады және қандай да бір даулы мәселені жан-жақты талқылауға арналады. Дискуссиядағы журналист пен қатысып отырған қауым тақырыпты терең білетін, көзі ашық, сауатты адамдар болуы тиіс. Бүгінгі таңда дискуссияның жаңа түрі жылдам дамуда. Телевизиядағы интерактивтік тәсілдермен дискуссия жүргізу әлемнің түрлі нүктелерімен пікір алысып, өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік беріп отыр.
Ток-шоу (әңгімелесу) диалогқа құрылғандықтан, сұхбатқа ұқсас, бірақ атқаратын міндеті ауқымдырақ. Сұхбат нақты сұраққа нақты жауап, ал телерадиоәңгімелесу әңгіме тетігін ағытып, дәйектер мен дәлелдерді алға тарту. Ток-шоу - бұл бағдарлама жүргізушісінің аудиториямен, қонақтармен әңгіме-дүкен құруы. Ақпараттың қайнар көзі болып табылатын тұлға - бас кейіпкер болып саналады. Алайда, мұнда журналистің тілге жүйріктігі мен тіл табыса білуі үлкен рөл атқарады. Журналист пен кейіпкер тепе-тең сезініп, арада түсініспеушілік болса, соны жоюы керек. Сонда ғана жылы сезімге негізделеген қызықты әңгіме құрылады. Әңгімелесудің бірнеше түрлері бар:
1. Бетпе-бет.
2. Аудиториялық ток-шоу.
Әңгімелесу еркін, суырып-салма (дәл сол мезетте) және алдын-ала дайындалған сипат алуы мүмкін.
Эссе. Телевизияда сирек кездесетін жанр болғанымен, баспасөзде көп тараған. Эссе - бұл әр түрлі тақырыптарда ой толғау. Болған оқиға автордың өз ішкі жан-дүниесінен өткен туынды болып саналады. Эссе адамның танымына эмоциональдық әсер ететін жанр.
Талдамалы повесть (новелла) көркем публицистикаға жататын жанр екені уақыт өте келе дәлелденді. Бұл дерекке құрылған әдеби-көркем шығарма. Новелланың негізі - журналистік ізденіс және оның нәтижесіне құрылады.
Риэлти - шынайы өмірде болған оқиғаны не деректі көрермен, оқырман және тыңдарман қауымға дәл, ауытқусыз беріп, әңгіменің өрбуіне әсер ету, аудиторияға белгілі бір салада білім беру[2].
Көркем-әдеби реконструкция (қайта құру). Риэлти оқиға, не құбылыстың қалай болғанын сипаттаса, көркем-әдеби реконструкция болған оқиғаның болуы мүмкін нұсқаларын көрсетумен айналысады.
Сұрақ-жауап - көркем әдеби конкурс. Бұл жерде сұрақ қоюшы мен жауап беруші басты рөлде болады. Сұрақ-жауаптың мақсаты - түрлі сұрақтарға жауап бере отырып, аудиторияны танымдық жағынан дамытуды көздейді. Бұл тұста жиналған қауымның уайымдап, түрлі сезімдерді бастан өткеруі үлкен рөл атқарады. Қазіргі таңда танымдық ойындарда сұрақ-жауаппен қатар ойын-сауық сұрақ-жауаптары да белең алуда.
Экрандық туындының әдеби негізі, сценарий жасау барысынан, біздің білетініміз - кез келген мазмұн белгілі бір пішінге дестеленеді. Философтар пішін категориясын ішкі байланыс пен ұйымдастыру тәсілінің берілуі, сонымен қатар, элементтер мен үрдістердің өзара және сыртқы жағдайлармен әрекеттесуі деп түсіндіреді. Енді дәл осы позициядан телевидениедегі журналистік шығармашылықтың қалыптасқан белгілері қатарын қарастырамыз.
Журналистика құбылыс, әрі мамандық ретінде ақпараттық, сараптамалық, көркем-деректік болып бөлінеді. Бұл үш топта да көрінетін өмірлік материалды меңгерудің үш тәсілі бар. Журналист мамандығы жанрлар жүйесінен тыс өмір сүре алмайды. Жанрлар туралы байыпты түсінік - журналистің кәсіби біліктілігінің дәлелі.
Журналистиканы әділетті түрде мәдениеттің есі деп атайды. Ескі пішінді жаңа құбылыста сақтаудың себебі не? Неге алғашқы көліктер ат жеккен күймеге, ал электр аспашамдар шам аспашамдарға ұқсаған? Мүмкін, функцияларының тұтастығында: көлік ат жеккен күйме сияқты адамдарды тасуға арналған, ал аспашам жарық көздеріне тәуелсіз жарықтандыру үшін қызмет етеді. Функцияның мағынасы рухани өмірде де маңызды. Шынайы өмірдің дыбыстық көру бейнелерін қашықтыққа тарататын электрондық тәсіл ретінде жаралған және бұқаралық тілдесудің жаңа құралы болған телевидение өздерінің ізашарлары, баспасөз бен радионың функцияларын, әдістерін және шығармашылық пішінін уақыт өткен сайын байыта түсіп, қабылдады[20].

0.1. БАҚ жанрлық белгілері және түрлері.

Әрбір жанрдың өзіндік белгілері болады, алайда, жанрға сай жалпы белгілер әрқайсысын байланыстыратын ортақ бөлшек болып саналады. Негізгі жанрлық белгілерге мыналар жатады:
1. Шығарма тақырыбы. Бұл жанр өмірді суреттеудің шынайылығын, мазмұнын, мағынасын анықтайды.
2. Материалды үйлесімді етіп ұйымдастыру. Бейнелеу бөлшектерінің арасындағы байланысын, қандай қағида негізінде құрылғандығын, материалды сұрыптауда негізге алынған шарттарды анықтайды.
3. Топтастырудың мөлшері (шегі). Қаншалықты шығарманың өмір сахнасында белең алып жатқандығы, құбылыстар мен оқиғалар шеңберінің кеңдігі, мазмұндаудың қаншалықты жалпы немесе жеке екендігінен анықталады. Телевизиялық журналистика зерттеушісі Э.Багиров бұқаралық ақпарат құралдарындағы рөлдік бөліністі, яғни, түрлерге топтастыруды былай анықтайды: Радио қандай оқиға болғандығын білуге мүмкіндік береді, телевидение оқиғаның қалай өткенін көрсетсе, баспасөз келесі күні оқиғаның неліктен болғанын анықтайды[17,89-б].
4. Көркемдеуіш пен бейнелеуіш құралдар. Шынайылықты көрсетудегі сәйкес пішіндерді табуға мүмкіндік беретін құралдар (түс, жарық, ырғақ, темп, стиль, дыбыс). Әрбір жанрдың тарихи қалыптасып үлгерген өзіндік ерекше жанрлық белгілері, өзгермейтін ерекшеліктерінің жиынтығы бар. Құбылыс, оқиға немесе деректің нақты бейнесін көрсету үшін бірнеше тәсілдер бар. Бірақ жанрды дұрыс таңдауда оқырман, тыңдарман, көрермен қауымға дұрыс алынған тақырыптың нақты мағынасының жеткізілуі ең маңызды шарт болып саналады.
Жанр таңдауды анықтайтын белгілер (факторлар).
1. Бейнеленетін құрал сипаты. Журналистика алуан түрлі мамандықтармен шектеседі. Сондықтан түрлі саладағы деректер, оқиғалар мен құбылыстардың журналистикада тоғысуы жат емес. Жанр таңдауда объекті немесе оқиғаның сыртқы (масштаб, жылдамдығы және т.б) және ішкі (әлеуметтік ерекшеліктер, өзектілігі, басқа құбылыстармен байланысы және т.б) белгілері ескеріліп, болып жатқан жағдайға сәйкес анықталады. Мысалы, төтенше жағдайлар мен түрлі апаттарды немесе ұзақ уақытқа созылатын әлеуметтік құбылыстарды сипаттауда сәйкес жанр түрлері, яғни, репортаж немесе сараптамалық мақала қолданылады.
2. Автор позициясы. Автор позициясы оның дүниетанымымен, білімімен, моральдық, әлеуметтік, тәжірибелік бағалау жүйесімен, тұлғалық ерекшелігімен, сүйіспеншілік пен қарама-қайшылықпен (бұл журналистикаға әсер етпеуі керек, алайда шығармашылық үрдіске қатысы болуы шарт) сипатталады. Автордың позициясы материалдың өткірлігі мен шығармашылық, сараптамалық дәрежесін анықтайды. Берілген материалдың тақырыбына терең үңіліп, әрі бұл салада жілігін шағып, майын ішкен мамандай, суда еркін жүзетін балықтай сезінетін журналистің туындысы шабарманның жол-жөнекей жазғанынан әлдеқайда артық екендігіне күмән жоқ. Алайда, журналистің шығармашылығы ішкі жан-дүниесіне, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болғаныменен, журналист алдына қойған нақты талаптар мен мақсаттар шегінен шықпауы тиіс[7].
3. Қорытынды мақсат. Жанр таңдауда шығарманың соңғы мақсатын ұғыну үлкен рөл атқарады. Шығарма мақсаты көп жағдайда тек қана автордың өз еркіне байланысты бола бермейді, мақала жазарда БАҚ-тың пішіні ескеріліп, дәстүрі ұмытылмауы тиіс. Оқырман, тыңдарман, көрермен қауымға таңсық тақырыптарда сөз қозғау редактордың өз құзырында. Кәсіби журналистке қойылатын негізгі талап - соңғы нәтижеге қол жеткізетін мақсатты ұғыну болып табылады.
Жалпы журналистиканың жанрлары табиғатына қарай үшке бөлінеді:
1. Ақпараттық жанрлар.
2. Талдамалы жанрлар.
3. Көркем-публицистикалық жанрлар.
Ақпараттық жанрға жаңа нәрсені хабарлау тән. Олардың негізінде қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени мәні бар жаңалықтар, ой-пікірлер, хабарлар, деректер жатады. Ақпараттық жанрлар қоғамдық пікірге елеулі ықпал етіп, қоғамдық сананың қалыптасуына әсер етеді.
Публицистиканың талдамалы жанрларында автордың оқиға сюжетін өз ойлағанындай етіп шығаруға мүмкіндігі бар. Талдамалы жанрда негізгі деректерді жан-жақты қарастыра отырып, оның негізгі мәнін жоғалтпай автор өз пікірін, өз көзқарасын білдіреді. Алайда, материал тек жеке көзқарасқа негізделмей, пікір теңдігі ескерілуі тиіс. Шындығына келсек, журналист рұқсат және рұқсат емес тұлғалық қарым-қатынастардың аралығында болып, өзіне мәлім деректер мен оқиға желісін тиімді пайдалана отырып, пікір алуандығына қарамастан тепе-теңдікті сақтауы тиіс. Ол үшін публицист жоғары кәсіби деңгейді меңгеріп қана қоймай, таным өрісін кеңейтіп, үлкен азаматтық жауапкершілікті сезінуі тиіс.
Көркем-публицистикалық жанрларда автор өзінің көркем қабылдауын шынайы болып жатқан оқиғалармен ұштастыра отырып құруына мүмкіндік береді. Француз жазушысы Александр Дюманың метафорасын қолданатын болсақ, көркем әдебиет шығармашылы-ғындағы дерек - бұл суретшінің өз суретін ілетін шегесі. Көркем-публицистикалық жанрлардағы деректің алатын орны жайлы айтатын болсақ, дерек ең басты элемент болып танылмаса да, ол тек басқа жағынан, яғни жан-жақты қарастырылса да, деректі ауыстыруға, тіпті өзгертуге ешкімнің құқығы жоқ. Көркем-әдеби шығарманың негізіне алынған дерек өзге мәтіннің құрамынан алынып, өзінің мағынасын жоғалтып отыруы - үлкен қате болып есептеледі. Көркем-публицистикалық жанрлардағы деректер кей жағдайда ғана шындыққа сай болса да, нақты деректен алыстамауы тиіс. Бұл жағдайда, әсіресе, памфлеттер мен фельетондардың орны бөлек. Сатиралық шығармаларда неше түрлі аналогиялар мен параллельдер қолданылса да, журналистің немесе сатириктің негізгі ойы айшықты көрініп тұрады[8].

0.2. Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы.

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы ақпараттың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор. Бұқаралық ақпарат құралдары төртінші билік болып табылады.Бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі адам бостандығының маңызды алғы шарты болып табылады,яғни қоғам мен мемлекеттегі жоғарғы құндылық.Себебі,бұқаралық ақпарат еркіндігінсіз,яғни сөз еркіндігісіз азаматтық қоғамды елестету мүмкін емес.Демек,тәуелсіз қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен оның демократия үшін маңыздылығын зерделеуге тиіспіз.Бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты - елде және шетелде болып жатқан оқиғалар жайлы қоғамға нақты және кедергісіз ақпарат беру.Сөзсіз,қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының болуы және оның жұмыс істеуі-кез келген демократиялық мемлекеттің қажетті элементі. Біріншіден бұқаралық ақпарат құралдарының халық пен үкіметтің арасындағы байланысты ұйымдастырушы.Екіншіден,баспасөз қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге жедел үн қосып отыруы.Осы арқылы заң шығарушы,атқарушы және сот биліктеріндегі өзара құбылмалық жөнінде халықты хабар етеді.Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінің негізінде болып өткен,болып жатқан және алдағы уақытта болатын әлеуметтік өзгерістер жөніндегі тәжірибелі түсінік алынады. Және де бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдағы өзгерістерге нақты көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Себебі,төртінші билік-бұқаралық ақпарат билігінің құдыреті күшті,оны ешкім ештеңемен ауыстыра алмайды,-деуімізге болады және де арнаулы мемлекеттік мәртебе рөлі болмаса да, баспасөз қоғамдық пікір туғызып,қалыптастыратын ықпалы бар,халық пен билік арасындағы ерекше байланысқа ие бірден-бір әлеуметтік институтқа тән зор күші бар құрал болып табылады.Мемлекет өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдымен ақпараттық саланың іргесін мығымдап алғаны дұрыс. ХХ және ХХІ ғасырларда демократия аясында көп зерттелген саланың бірі - бұқаралық ақпарат құралдары. БАҚ-тың тәуелсіздігі, міндеттері мен мұраттары, қоғам мен мемлекет дамуындағы орыны туралы баяндалған халықаралық құжаттар да, жекелеген ғылыми-сараптамалық тұжырымдар да жеткілікті.
Солардың бәрінде ең әуелі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Радиоочерк
Сұхбат негізінде ақпараттық жанр
Рецензияны журналистика жанры ретінде қарастыру
Талдамалы публицистикалық жанр
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. Халықаралық әдеби байланыс. Көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҒҰМЫРНАМА ЖАНРЫ ТУРАЛЫ
ФОТОГРАФИЯ ЖАНРЫ ДАМУ ТАРИХЫ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МЕМУАРЛЫҚ РОМАН ЖАНРЫ
Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
Репортаж жанрына қойылатын басты талаптар
Пәндер