Гиперактивті баланың ата


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Бұл жұмыстың бағасы: 1500 теңге

бот арқылы тегін алу, ауыстыру

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Мазмұны.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1-2
1-Тарау. Гипербелсенді балаға тән психологиялық ерекшеліктер ... ... ... 3-11
0.1. Гипербелсенділік туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-10
0.2. Мектепте гипербелсендіі баланы тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 10-11
2-Тарау. Гипербелсенді балалармен жүргізілет психологиялық жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-21
2.1. Гипербелсенді балалардың мінез ерекшеліктерін психологиялық ойындар арқылы түзету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-16
2.2. Гиперактивті баланың ата.аналарымен жұмыс жасау ... ... ... ... ... ... ... 16 -21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22-23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Кіріспе.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Жалпы баланың гиперактивтілігі мектепке дейінгі жастан-ақ байқала бастайды. Ол қандай іс-әрекетте де құрбыластарынан қалмай үлгеруге тырысады, әйтседе осы асығыстығы өнімді сипатта болмайды. Осы тектес қылықтары оқыту барысында, қоршаған әлемді қабылдау, құрбылыстарымен және ересектермен қарым-қатынаста қиыншылықтардың туындауымен қолайсыздық туғызады. Сондықтан да осындай балалармен ерекше, жеке ықпал жасау қажет. Егер бала қағілез, қозғалғыш және ұшқалақ болса, бұл оның гиперактивтілігіне дәлел бола алмайды. Егер бала үстел үстінде ұзақ отыра алмаса, ұйқы алдында тынымсыз болса, ойыншықтар дүкенінде тілазар болса, тоқтамастан жүгірсе, бұның бәрі қалыпты жағдай. Белсенді баланың гиперактивті баладан басты айырмашылығы сол, екіншісі үйде, қонақта немесе дәрігер кабинетінде, қандай жағдай да болмасын, кез келген, тіпті ең қызықты затқа ұзақ тоқталмай, жүгіреді, мақсатсыз қозғалады. Оған шексіз өтініштер де, ескетулер де, жұбатулар да әсер етпейді. Оның басқа, тіптен тым ерке құрбыластарына қарағанда, өзін-өзі бақылау механизмі жұмыс жасамайды. Гиперактивтілік - бұл емдеуді қажет ететін сырқат.
Гиперактивті бала қоршаған ересектер үшін ол басқа балаларға да тән - тілазар, жалқау, ұмытшақ секілді қасиеттерімен көзге түседі. Дегенмен, егер балаға, оның қылығына, қарым-қатынас жасау мәнеріне назар аударсақ, алдымызда ерекше бала тұрғандығын байқауға болады.
"Гиперактивтілік" осы күнге дейін бір жақты талдауы жоқ. Сонда да болса, көптеген мамандар гиперактивтіліктің сырттай пайда болуын, импульсивтілік, ұқыпсыздық, қозғалыс белсенділігінің жоғарлығымен түсіндіреді.
Гирперактивтілік түсінігін қозғалыс белсенділігінің жоғарылығы деп қана айтады, ал теория жағынан толығымен айтатын болсақ баланың мінез - құлқындағы гиперактивтіліктің пайда болуының басқа да көріністерін беруге болады: ұқыпсыздық пен импульсивтілік. Гиперактивті балалар аңғырт, әрі ырықсыз болып, сақтық жетіспенгендіктен олар кездейсоқ жағдайға жиі ұшырайды. Гиперактивті бала тәртіптің бұзылуына жиі кінәлі болады, бірақ оны қасақаналықпен жасамайды, ол тәртіптерді қабылдауға қабілетсіз болғандықтан оны орындай алмайды. Нәтижеде ата - аналар немесе педагогтардың тарапынан болған тәртіптік жазалау. Мұндай балалардың өз құрдастарымен және өзінен үлкен балалармен қарым - қатынасы шекара (дистанция) сақталмауымен ерекшеленеді. Гиперактивті балаларға ашушаңдық, қыр көрсетушілік, ал ең соңында ұқсатушылық көріністерге тап болады, өзін қоршаған ортадағыларға жеккөрінішті болып, соның нәтижесінде жан толғанысы проблемасына ұшырайды. Балаларда қорқыныш, жабырқаңқылық пайда болып ешбір себепсіз біреуді жек көре бастайды. Мінез құлқында шектен тыс белсенділік пен ырықсыздықтың болуы ең өкініштісі, оның білім алуына да жағымсыз әсер етпей қоймайды, бұндай балалар өздерінің қозғалыс ырқын бағындыру қиындық келтіруіне байланысты, олар сабақта алуға тиісті хабарламаларды қабылдауға құлықсыз болып, көру және есту дағдыларын (сигнал) дәлме - дәл қабылдай алмайды. Гиперактивті балалардың қимылдарын жоспарлауы мен бағдарлауы бұзылып, ойлау мен қимылдың арасындағы үзілістер түбімен болмайды.
Курстық жұмыстың мақсаты. Гиперактивті балалардың психологиялық ерекшеліктерін анықтап олармен жүргізілетін жұмыстарды қарастырып, гиперактитвті балалар психологиясын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері. Гиперактивтілік туралы жалпы түсінік беру, мектепте гиперактивті баланы тәрбиелеу және гиперактивті балалармен жүргізілетін жұмыстар түрлерін көрсету.
Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-Тарау. Гипербелсенді балаға тән психологиялық ерекшеліктер.

Қазақ ой-түйсігі өзгешелеу, балақтан басы шықпай жатып баспын деген бүлдіршін көрсе ақырзаманның баласы дейді, мұны ғылыми негізбен сараласақ индиго балалары деп түсіндіре аламыз. Ал, гипербелсенді бала терминінің танымал болғанына да көп уақыт өткен жоқ. Бұл жәйтке психолог мамандар СДВГ (Синдром дефицита внимания и гиперактивности) деген атау қойды. Индиго бала дүйім халықтың ортасынан шыққан дара болса, гипербелсенді бала әр шаңырақтан табылып қалады.
Гипербелсенді баланың жалпы болмысын Б.Соқпақбаевтың кейіпкері, әйгілі Қожамен салыстыра бағаласақ жетіп жатыр. Бұзық, қыңыр-қырсық, ата-анасын өзгелерден (бауырларынан да) қызғанады. Ақылды да, алғыр, тәп-тәуір жағын жоғарыдағыдай кері мінездері жоққа шығарып отырады.
Гипербелсенді балаға төмендегідей мінез-құлық тән:
- ұйқысы тұрақсыз, түннің бір уағында да оянып, ойынын жалғастыра береді; энергиясының көптігінен бір орында байыз таппай, секіріп, жүгіріп, ұйқыға кеткенше дамылдауды білмейді; әлденеге қызығушылығы жылдам өзгеріп, барлығын білмекке ұмтылады; тез сөйлейді; өзгенің мазасын жиі алуына байланысты қатарластарымен достаса алмайды; тек өзінің қалауымен жүреді; өзінің үлкен бауырларымен жағаласып, кішілерін жылатады; жүгенсіздігін айтып балабақшада тәрбиешесі, мектепте ұстазы шағым жасайды.
Сондай-ақ, гипербелсенді синдромына шалдыққан балалардың 90 пайызға жуығы кесар тілігі отасы арқылы өмірге келгендер. Сонымен қатар, туысынан сабырлы баладан аяқ асты гипербелсенді синдромы ұшырасуы мүмкін, мұны психологтар отбасында болған жағымсыз жәйттің нәтижесі деп те түсіндіреді.
Дәрігерлер гипербелсенді баланы сабырлы тұрғыда тәрбиелеу үшін түрлі үйірмелерге қатыстырған жөн деген пікірде. Сурет салу өнері мен мүсін жасату, спорттық жаттығуларға ден салу олардың бойындағы орасан зор күш-қуатты шығарып тұруға көмектеседі. Оның бойындағы мол күш-қуат қоры 13-15 жасқа дейін сейілмейді, сол аралықта ата-анасы баланы жақсыға бағыттаса жақсы азамат болып есейеді де, құлықсыз қараған жағдайда өмір жолы қиын адамдардың қатарын толтырады. Гипербелсенді бала алғыр және қиялы ұшқыр боп жетіледі. Олар бастауыш сыныпта-ақ шет тілін меңгереді, өнерімен таңдандырады.
Бүгінгі күні еліміздегі барлық мектептерде арнайы психолог маман жұмыс істейді, олар атқаратын жобалар барысында мектепті шулатып, терезе сындырып жүрген гипербелсенді синдромы тән балалар да бар. Олар назар салу жетіспеушілігі синдромына ұшыраған балаларды қоғамға лайықтау жолына зер салып, ата-аналармен тығыз жұмыс жасауда.
Ал, екінші гипербелсенді баланың анасы психологтың алдында өзінің садизмнің шырмауында жүргенін білмей жыламсырап отыр: Баламның қыңырлығы мен бұзақылығын қалай тежеуге болады, күніне бірнеше мәрте таяқтасам да еш нәтиже жоқ. Ұрып-соғудан өзім шаршап қаламын, ал, балам одан бетер өрешеленіп барады. Психологтың айтқанына сүйенсек, ұрмасаң бала төбеңе шығады деген тактика гипербелсенділерге мүлдем кереғар. Баланың бойын кернеген артық энергия одан сайын тасқындана түспек. Ұрсып, қорқытып тәрбиелеу олардың түсінігіне жат, оған мейлінше мол мейірім мен жылы сөз керек.
Гипербелсенді баланың бойындағы өшпенділіктің (өз қатарластарын сабауы, айырағашпен құстарды атуы) алдын алмаса бұл әдетін есейгенде кең тұрғыда жасай бастауы ләзім. Бірақ, бұл дағдыны әлдебір қылмыскерлердің бойында гендік тұрғыда сақталып келген тирандық мінезбен әсте қатар қарастыруға болмайды, жүзге тарта адамның өліміне себепкер деп танылған. Гипербелсенділіктің дауасы тек қана өзіне назар аударту мен жылы сөз, мейірім.
СДВГ диагнозы қойылған балалар көбіне-көп үздік оқушы, IQ деңгейі де жоғары болып келеді. Және тағы бір ескерерлігі мұндай балаларға қызыл түсті киім кигізуге болмайды, бұл онсызда ұшып-қонып, байыз таппай жүрген баланы одан әрмен шабыттандырып, шаршауын туындатады. Бұл тұста баланың ойыншықтары да агрессивті сипатта болмағаны дұрыс. Сонымен қатар, бала бойындағы қызғаншақтық та гипербелсенді балаларда көбірек кездеседі. Бүгінгі таңда көптеген балалар ерке, тәкаппар мінездерді жұқтырып алған. Олар басқалардың өзінен жақсы болуын, өзінен асып кетуін қаламайды, тіпті үнемі басқаларды жазғырып жүретін болады. Қызғаншақтың төмен дәрежелі сезім. Бұл баланың өсу барысына өте зиянды болып келеді. Отағасы болу тұрғысынан баланың осындай жан күйін байқаған сәтте дереу түзетуге кірісу керек дейді мамандар. Күшті қызғаншақтық психологиясы кезінде ана-ана оған көбірек көңіл бөлуі, оның бойындағы артықшылықты дер кезінде байқап, мадақтау айтып шабыттандыруы керек деген пікірлер де аз емес. Ата-ананың баланы мадақтауы орынды болуы, асыра сілтемеуі, мадақты нақты дүниеге қарата айтуы бек ләзім. Осы сәтте жөнін тауып бала кемшіліктерін өзіне түсіндіріп беру де өте маңызды. Екіншіден, осындай күйі қалыптасып үлгерген балалар үшін ата-аналар өзі сияқты балалардың табысқа қалай жеткенін айтып беруі керек. Олардың осы жолдағы еңбегіне селқос қарауының алдын алу керек. Баладағы ыңғайсыз күйді болдырмау үшін оның назарын тез басқа жаққа бұрып әкету керек. Баланың өзін қор санау, айналасына салғырт қарау сынды нашар әдеттеріне қатаң сын айтып, қателіктерін өзіне айтып тұру керек. Ең бастысы баланың өсіп-жетілу барысында ондағы өзгерістерге жай қарамаған жөн. Себебі, бұл өзгерістер оның болашақта толық адам болып қалыптасуына кері әсерін тигізеді.

0.1. Гипербелсенділік туралы жалпы түсінік.

Гирперактивтілік түсінігін ересектер (ұстаздар, ата-аналар) қозғалыс белсенділігінің жоғарлығы деп қана айтады, ал теория жағынан толығымен айтатын болсақ баланың мінез-құлқындағы гиперактивтіліктің пайда болуының басқа да көріністерін беруге болады: ұқыпсыздық пен импульсивтілік. Атап айтқанда импульсивтілік көбінесе диагностикалық қиындықтар туғызады.
Жаңа ғасыр білім беру жүйесіне жаңа міндеттер жүктеп отыр. Қазіргі заманда білім беру парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым - қатынас пайда болды.
Неміс ақыны Гете Біліп қою - аз, сол білгенді өмірде қолдана білуің керек. Ниеттену ғана аз, сол ниетінді іске асыруың керек деген қанатты сөзімен толық келісемін, себебі педагог-психологтың ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жүргізуде қоғамға бейімдеудің қиындықтары жетерлік.
XXI ғасырда ерекше қажеттіліктері бар балалардың толыққанды өмір сүруіне жаңа мүмкіндіктер ұсынылып келеді. Нақтырақ айтқанда, олар кәдімгі мектепке дейінгі мекемелерге бара алады. Осы кезде инклюзивті білім беру жүйесі ерекше балалар үшін қоғамға ықпалдасудың жаңа тәсілі ретінде қарасытырылатынын айта кеткен жөн.
Бұл жүйенің басты ерекшелігі балалардың диагнозын қиындық деп қабылдамай, керісінше оны танып білудің жаңа мүмкіндігі деп қарастыру. Халық арасында осы түсінік қалыптаса бастаған кезде, ерекше жандарға жаңа мүмкіндіктер ашылады. Дегенмен, мектептердің жағдайы ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды қабылдауға әлі дайын емес.
Мектеп жасына дейінгі дамуында ауытқуы бар балалар психологиялық, медициналық және педагогикалық комиссиядан (ПМПК) өтеді. Оның мүшелері баламен, ата-анасымен әңгімелеседі, артынша қорытынды шығарады. Гипербелсенді балалар да осы комиссиядан өткізіліп, оңалтуға жіберіледі.
Гипербелсенді бала терминінің танымал болғанына да көп уақыт өткен жоқ. Аталған термин 80-ші жылдардың басында мидың ең төменгі әрекетсіздігі ұғымынан алынған еді.
1980 жылы Американдық психиатрлар ассоцияциясы DSM-IV (the Diagnostic and Statistical Manual of Mental Disorders, Fourth Edition) деген атпен бұл ұғымды ұсынып, мидың ең төменгі әрекетсіздігін ЗЖГБ (зейін жетіспеушілігі мен гипербелсенділік) деп атауды ұсынды [1].
Жалпы алғанда бұл әлеуметтік маңызы бар дерт. Себебі ғалымдардың пайымдауынша бойында гипербелсенділік белгілері бар балалар нашақорлық, ұрлық, маскүнемдік секілді зиянды әдеттерге жақын болады.
Гипербелсенді баланы тәрбиелеу оңай емес. Р. Кэмпбелл айтуы бойынша ата-аналар төмендегі 3 қателікке жол береді:
- олар ақыл айтып, бақылап жүріп, онымен әңгімелесуді ұмытып кетеді,
- бала тәрбиесінде қатаңдық таңытпай, оның тәрбиесін үнемі қадағалап отырмайды,
- ашуын бақылауда ұстаудың дағдыларын үйретпейді.
Ашуды бақылауда ұстау атты кітап авторлары баланың ашулы кезінде ата-аналарға тиімді және тиімсіз қарым-қатынас түрлерін мысал ретінде ұсынады:
Тиімді:
- балаға тынышталуға мүмкіндік беру;
- баланың дәлелдерін зейінмен тыңдау;
- өзінің сезімдерін анық және дұрыс жеткізу;
- қалыптасқан жағдайдан шығудын дұрыс жолдарын көрсету;
Тиімсіз:
- баланы жазғыру;
- оны мұқатып, келтірген дәлелдерін күлкіге айналдыру [2].
Зейін жетіспеушілігі синдромы бар балаларды емдеу мен бақылаудың жүйесінің әлі де зерттелмеуі бұл аурудың патогенезінің анықталмағанымен байланысты. Оны емдеудің дәрімен емдеу және дәрі-дәрмексіз емдеу әдістері белгілі.
Дәрі-дәрмексіз емдеу әдістерінің қатарына психотерапиялық, педагогикалық, нейропсихологиялық коррекция жатады.
Гипербелсенді балаға 12 баладан артық емес топта, сабақ ұзақтығы 30 минутқа дейінгі уақыт аралығы және бірінші партада отыру ұсынылады. Себебі бұл баланың мұғалімге қарап отырып, зейіннің шоғырлануын қамтамасыз етеді. Ата-аналармен психотерапиялық жұмыс жүргізу барысында баланың іс-әрекетін бұзықтық деп қабылдамай, оған түсіністікпен және сабырлы көзқараспен қарау керектігі айтылған жөн. Сондай-ақ ата-аналар гипербелсенді баланың күн тәртібінің сақталуын, яғни ұйқыға, демалуға жеткілікті уақыт бөлінуін қадағалау керек. Осы орайда гипербелсенді балалардың ашушаң, қозғыш екенін естен шығармай, адамдар көп жиналатын іс-шаралардан алыс ұстағаны дұрыс. Мұндай балаларда зейін шоғырлануында қиындықтары бар болғандықтан белгілі уақыт аралығына бір тапсырма беру керек. Ойын кезінде баланың достарының салмақты болуы шарт.
Зейін бұзылуы мен гипербелсенділік белгілері бар балаларды тиімді емдеу үшін бала мен оның ата-анасына әртүрлі психологиялық әдістерді қолдану, сонымен қатар дәрімен емдеу арқылы қол жеткізуге болады [3].
Балалардың гипербелсенділігінің көптеген себептері бар. Солардың жиі кездесетін түрлері:
+ генетикалық тұқым қуалаушылық;
+ биологиялық (сәбиді дүниеге әкелген кезде алған жарақаттар);
+ әлеуметтік-психологиялық (ата-анасының ішкілікке салынуы, отбасындағы микроклимат, тұрмыс жағдайы, дұрыс тәрбие бермеудің салдары) болуы мүмкін.
Әдетте мұндай балаларды өзінен үлкен аға-апаларымен салыстырып, үлгі етеді. Алайды мұндай қөзқарастан гипербелсенді балалар іштей күйзеледі.
Қозғалысты қажет ететін ойындар мен жаттығуларды таңдамас бұрын ұстаздар гипербелсенді балалардың төмендегі ерекшеліктерін ескерген жөн:
зейін жетіспеушілігі;
алаңғасарлық;
аса белсенділік.
Гипербелсенді бала кез-келген жағдайда, кез-келген жерде (үйде, қонақта, дәрігер бөлмесінде, көшеде болсын) қылықтарын өзгертпейді: жүгіреді, мақсатсыз қимылдап, бір орында ұзақ тұра алмайды, қызықты деген ойыншықтармен алданып, ойнай бермейді. Бұл балаға ешқандай айла-шаралары әсер етпейді, мейлі ол алдау, тыныш отыруын сұрау, ұрсу әрекеті болсын. Тіпті гипербелсенді баланы ұрып та көндіру мүмкін емес. Ондай балалар тоқтай алмайды. Оның басты себебі баланың өзін-өзі ұстау механизмінің дұрыс жұмыс істемеуінде.
Гипербелсенді баламен жұмыстың негізгі мақсаттарына мыналарды жатқызуға болады:
- отбасындағы ата-анасы мен өзге де туыстарымен қарым-қатынасын жақсарту;
- тыңдай білу қабілетін дамыту, ұқыптылық мен әр ісіне жауапкершілікпен қарауды үйрету;
- айналасындағы адамдарды құрметтеуді, дұрыс сөйлесе алуды және өзінің іс-әрекетін қадағалауды үйрету;
- жаңа дағдыларды үйрену мен оқудағы жетістіктері арқылы өзін-өзі бағалауды жоғарлату;
- зейіннің қалыптастыру;
- психомоторлық функцияларды жаттықтыру;
- эмоцианалдық күшті азайту;
- рөлдік ойындар арқылы мінез-құлықты түзету;
Педагог мамандарда әдетте баланың бойынан гипербелсенділік белгілері байқалса не істеу керек деген заңды сұрақ туады. Медициналық картасында диагнозы жазылмай, ата-анасы жасы ұлғая басылып кетеді деген үміт жетегінде жүреді.
Бұл жағдайда педагог арнайы ата-анасымен сөйлесіп, психиатр немесе невропотологтың көмегіне жүгіну керектігін айтады. Бастысы, ата-анасына баласына көмек қажет екенін түсіндіру.
Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың гипербелсенділік белгілерін түзетуге арналған экспериментті ұйымдастырудың жолдары бірнеше әдістерін қарастырсақ.
Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт - терапия болып табылады. Алғашқы арт - терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде, яғни, бұл терапия баланың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, баланың бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп, ашуға да жағдай жасайды.
Арт-терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. Арт-терапия терминің ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Арт-терапия ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді.
Осы терапия әдісінің бір түрі - қуыршақ-терапиясы. Қуыршақ-терапияның рөлі түрлі аспектілерде қолданылады. Қуыршақ-терапия сөзін қазақшаға тікелей аударғанда қуыршақ арқылы қамқорлық жасау, емдеу деген мағынаны білдіреді.
Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Қуыршақ арқылы адамның ішкі болмысын тануға болады. Дәлірек айтқанда, баланың немесе ересек адамдардың ішкі дүниесімен сырласуына мүмкіндік беретін ем түрі. Ұсынылып отырған саусақтарға киілген қуыршақтар балалардың психикалық денсаулықты жақсарту, әлеуметтік бейімделуді дамыту, танымдық белсенділігін арттыру, қызығушылығын және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, баланың эмоцияналдық және адамдық дамуын арттыру, денсаулық жағдайларын қалыптастыруда ең тиімді әдісі болып табылады. Бұл әдісті пайдалану - уақытша психикалық дағдарысқа ұшыраған немесе дамуында ауытқуы бар балалармен жұмыс жасайтын мектепке дейінгі мекемелерге ең пайдалы жұмыс түрі.
Ойын терапиясы - арт терапияның ерекше түрі. Бұл терапияның жүргізу балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатысса емдеу әсерлі болады.
Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшынысын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. Ойын психологиялық күйзелістен шығу үшін емдеудің бір тәсілі ретінде қолданылады.
Бала ойынға өз еркімен қатысып, ойыннан қуаныш рахатын көру керек. Әсіресе бұл гипербелсенді балалардың қатысуымен ойын өткізу барысында эмоционалды әсерін мөлшерлеп, өзін қалай сезінетінін бақылау керектігін айта кеткен жөн.
Құм терапиясы - адамға өзінің жан дүниесіндегі өз Менін танытуға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі.
Құмның адам ағзасына тигізер әсері мол. Әсіресе балалардың ұсақ қол моторикасын дамытып, олардың психикасын реттейді. Саусаққа тиген құм түйіршіктері әрбір ұйықтап жатқан қолдың жасушаларын оятады, жүйкесін тыныштандырады. Құмның бала психикасының жағымсыз қуатын жоқ қылатын сезімталдық жай күйді реттейтін қасиеті бар. Құм балаларға магнит сияқты әсер етеді. Ол суды сіңіру қасиетіне ие. Ғалымдар құм барлық ауыр психологиялық энергияны сіңіріп, адамның энергетикасын тазалап, эмоционалдық күйді орнықтырады дейді.
Сондай-ақ музыка терапиясы мен бейнелеу терапиясының біріктіріліп өткізілуі арқылы арт-терапия бойынша шығармашылық тапсырма беруге болады.
Тыныштандыруға арналған әуен қосылады. 4-5 топқа балаларды топтастырып, Менің бақытты балалық шағым тақырыбы аясында тапсырма беріледі. Балалар тек саусақтарымен сурет салады. Бұл баланың миының психикалық қызметінің (зейін, еске сақтау, ойлау қабілетін, сөйлеу) дамуына және қол мен саусақ икемділігін дамытуға арналған тапсырма. Берілетін уақыт әуен біткенше. Әр топтың жұмысы қорғалады. Жұмыстың бұл түрі көп жағдайда балалардың көңілінен шығып жатады.
Гипербелсенді балалармен жұмыс бойынша жүргізілген зерттеулердің мақсаты гипербелсенді балалардың эмоцианалдық-еріктік сферасын зерделеу үшін тиімді түзеу бағдарламасын құрастыру болып табылады. Эксперименталдық топқа 50 бала қатысты. Оның 43 төмен, 4 орташа, 3 жоғары нәтижеге қол жеткізді. Гипербелсенді 3 тәрбиеленушіге 2013-2014 оқу жылына жеке жұмыс жоспары жасалынды. Жұмыс жоспарына мектепке дейінгі жастағы баланың шығармашылық қабілеті мен қиялын дамытуға бағытталған тапсырмалар мен жаттығулар енгізілген.
Балалардың зейін шоғырландыру көрсеткішінің жоғарлауы, топтағы балалармен, туған-туыстарымен қарым-қатынастың жақсаруы, конструктивті іс-әрекет дағдыларының қалыптасуы, мазасызданудың азайғандығы эмоцианалдық-еріктік сфераны түзеу мен дамытуға арналған жеке жұмыс жоспарының нәтижесінде байқалды.
Гипербелсенділік белгілері баланың бойынан жасөспірім шақта мүлде жоғалып кететін жағдайлар да көптеп кездеседі. Баланың ағзасының өсіп, жетілуіне байланысты кейбір белгілер мүлдем жоғалады. Алайда зейін жетіспеушілігі мен гипербелсенділік синдромының 30-70% ересек адамдарда да байқалады [4].
Гипербелсенді баланың қоғамға бейімделуін қамтамасыз ету үшін жанұяның және мектепке дейінгі мекеменің, қоғамның ынтымақтастығы қажет.
Егер де біз эксперимент ретінде алынған балалардың бойындағы гипербелсенділікті барынша азайту жолында дұрыс жұмыс жүргізетін болсақ, сонда ғана дені сау, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей алмақпыз.

0.2. Мектепте гипербелсендіі баланы тәрбиелеу.

Көбіне сабақ үлгірімі де онша емес, өз сыныбындағы сотқар әрбір адамның есінде шығар. Алайда қазір бұл педагогикалық кеңес пен ата-ана жиналысының жалғыз және жетекші тақырыптардың біріне айналды. Балалардағы мұндай мінез-құлық латыншадан аударғандағы шектен тыс әрекет дегенді білдіретін гипербелсенділік сөзімен белгіленеді.
Гипербелсенділікті өсіп келе жатқан оқушының әдеттегі белсенділігімен шатастыруға болмайды. Бағалау жеңілдеу болу үшін бұл түсініктер арасындағы бірнеше айқын ерекшеліктерді келтіреміз. Сабақта гипербелсенді бала жәй ғана бір орында отыра алмайды, әсіресе ол партада жалғыз өзі болса, орындықтан орындыққа секіреді, қасында отырған сыныптастарын жұлқиды, партада жатқан заттарды лақтырады.
Мұндай кезде белсенді бала жәй ғана өзімен ойы сәйкестермен әңгімелесумен және ойнаумен шектеледі. Үзіліс кезінде біздің пысығымыз (гипербелсенді баланы осылай атайтын боламыз) мектеп дәлізінде өз жолындағы ештеңені және ешкімді көрмей құйындай ұшып жүгіре бастайды. Асханадағы таңғы аста әдеттегі оқушы стол үстінде шыркөбелек айналып, тамақпен ойнайды, бірақ егер өз басына қарата айтылған ескертуді есіткенде, бірден тынышталады. Ал пысық болса тіпті өзіне бейтаныс ересек адамдардың ескертуін құлаққа ілмейді, соңынан біреу қуып келе жатқандай, тамақты шайнамай жұтып, асығыс жей бастайды. Бұл мектеп өмірінің үлкен тізімінің аздаған айырмашылықтары.
Гипербелсенді балалардың өз сыныптастарымен қатынасында да бәрі ойдағыдай емес. Көбіне олар барынша ызақор және озбыр, демек оларға ұжымның толық құқықты мүшесі болу мейлінше қиын. Өздеріндегі шектен тыс озбырлығына байланысты мұндай балаларда айналасындағылармен, оның ішінде өз сыныптастарымен дау-жанжал жиі туындайды, бұл баланы сыныпта жалғыз және аластатылған күйде қалдырады.
Дегенмен көбісінің интеллект деңгейі орташадан жоғары болғанымен олардың оқуы да қиындықпен келеді. Қандай да бір есепті шығарғанда пысықтың зейіні ұзаққа жетпейді, одан соң ол шаршайды және тапсырманы аяқтамай басқа бірдемеге ауысады. Ол жазуды тез жазады, бұл оған ең шаршататын шаруаның бірі, жазуы үзік-үзік, әріптер арасындағы күрт өту бар, бірақ бұдан ерекшелік те болады. Оның мектептегі сүйікті сабағы көбіне дене шынықтыру - бұл өзінің бойындағы қуатты аздап болса да сыртқа шығарудың жақсы мүмкіндігі.
Гипербелсенділік туу кезінде алынған жарақат немесе емшек ему жасында туындаған проблема тигізген зардап салдары. Туу жарақаты деп не түсініледі? Жарақаттың кесар тілігінің салдары болуы немесе туу кезіндегі асқыну, атап айтқанда нәрестенің тұншығу нәтижесінде пайда болуы ықтимал. Бірақ мұндай жағдайда дүниеге келген барлық балалардың гипербелсенділіктен жапа шегеді деп пайымдау қателесу болар еді.
Сонымен жоғарыда айтылғандардың бәрін есте ұстай отырып, гипербелсенді бала бұл оқытушылардың да, сондай-ақ оның ата-аналарының да проблемасы деген тұжырымға келуге болады. Бірақ оны қалай шешу, сондай-ақ ең бастысы зиян келтірмей, оның шешімін қалай табу қажет?
Гипербелсенділікті жою үшін педагогтарға да, баланың ата-аналарының өзіне де зор күш жұмсауға тура келеді. Бұл жағдайдағы бірнеше кеңес тізбесін келтіруге болады. Бастауыш мектеп оқушысы әрекетінің маңызды түрлерінің бірі ойын болып табылатыны бәріне белгілі, демек, бала қозғалысы көп ойындарды рахаттана ойнайтын болады. Мұның саяхаттау, қыдыруға бару болуы мүмкін, осылайша оның гипербелсенділігі шығындалады.
Мұндай балаларға айқайлауға немесе ұрысуға өзіңізге ерік бермеңіз, өйткені ол мұндай мінез-құлық себебіне кінәлі емес, бұл тек оның тұйықталуына және өзін қор санауға жетелейді. Дәрігерге мұндай проблемамен баруға қымсынбаңыз. Емдеуді кейінге қалдырмаңыз, өйткені баладағы дәл осы кезеңде аталған ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
«Гиперактивті балалар және оларды түзету»
Шағын - дәріс "Гиперактивті деген не"
Гиперактивті балалардың импульсивтілігімен белсенділігін бақылауға үйрету
Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігінің алдын алу және жеңудің жолдары
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін анықтаудағы диагностикалау әдістемелері
Мектеп жасына дейінгі зейін жетіспеушілігі мен гипреактивтілік синдромы бар (гипер белсенді) балалардың ата - аналарына арналған кеңес
Жасөспірімің интеллектілік дамуы
Мектеп жасына дейiнгi жетім балалардың психологиялық ерекшелiктерi
Математиканы оқыту барасында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕ ПСИХОДИАГНОСТИКАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Пәндер