Интеллектуалды миграция жағдайына PEST талдау


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
«Қостанай қаласындағы физика-математикалық
бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы
Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс
Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОҒАМЫ: МӘДЕНИ ӨРЛЕУ.
Тақырып: Интеллектуалды миграциянның Қазақстанға ықпалы қандай?
(3000 сөз)
Орындаған: Тауасарова Адия Сериковна
(аты-жөні, қолы)
Жетекші: Аликулова Марал Сейсенбекқызы
(аты-жөні, қолы)
Ішкі модератор: Исиргепов Дамир Буранбаевич
(аты-жөні, қолы)
Қостанай, 2018
Мазмұны
1. Кіріспе3
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ МИГРАЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ МЕН САЛДАРЫ. 4
2. 1 Қазақстандағы интеллектуалды миграцияның себептері қандай?4
2. 2 Қазіргі кезде интеллектуалды миграцияның көлемі қандай?4
2. 2. 1 Эмиграция5
2. 2. 2 Иммиграция5
2. 3 Қазақстан Республикасындағы интеллектуалды миграцияның қандай салдары бар?5
3. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ МИГРАЦИЯ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚОҒАМНЫҢ ОЙ-ПІКІРІ. 6
4. Зерттеу қорытындысы6
4. 1 Сауалнама нәтижелері6
4. 2 Құрылымданбаған сұхбат нәтижелері9
5. Қазіргі Қазақстандағы интеллектуалды миграция әсерін бағалау10
5. 1 Қазақстандағы интеллектуалды миграция жағдайына SWOT талдау10
Терең, әрі егжей-тегжейлі бағалауды курстық жұмыс барысында жиналған нәтижелерге сүйене отырып, мәселе өзектілігіне және жасалған жұмысқа SWOT талдауы арқылы жасауға болады. 10
5. 2 SWOT шешімі11
5. 3 Интеллектуалды миграция жағдайына PEST талдау11
6. Қорытынды11
6. 1 Қорытынды11
6. 2 Ұсыныстар12
6. 3 Жаңалығы13
6. 4 Рефлексия13
7. Қолданылған әдебиеттер тізімі:14
Қосымша бет15
1. КіріспеИнтеллектуалды миграция мыңжылдық тарихқа ие. Ғылыми орталықтар Ежелгі Греция заманынан бастау алып, ислам әлемінің дүниеге келуін қоса алғандағы уақыттарда ғылымның дамуына барынша қолайлы жағдайлары қамтамасыз етілген қалаларда бой көтерді. Қалалардың ғылыми климаты билік саясатының арқасында мүмкін болды, сондықтан білім алуға мақсаттанған жастар оқып, ғылыми зерттеулермен айналысу үшін үлкен қашықтықтарды бастан кешірулеріне тура келді. Аталмыш құбылыс қазіргі заманда да өзекті сипатқа ие, сондықтан әлем бойынша миллиондаған адамдар білім алу немесе жұмысқа орналасу мақсатында өз Отанын тастап кетуде. Ел үшін де, әлем үшін де жағымды және жағымсыз жақтары қатар жүретін бұл үрдістің атауы - «интеллектуалды миграция». Қазіргі таңда «интеллектуалды миграция» ұғымының жалпы қабылданған анықтамасы жоқ. Тар мағынада оны тек ғылымдар, зерттеушілер мен ғылыми дәреже иегерлеріне қатысты қолданылса, кең мағынада соңғы онжылдықтарда бүкіл әлем бойынша дамып келе жатқан, студенттік миграцияны қоса алғандағы, білімді және білікті кадрлардың миграциялық ағымын қарастырады.
Тақырып - өзекті, себебі Қазақстандағы миграция объективті қайтымсыз сипатқа ие. Егер 90-шы жылдардың басында елдегі миграция тұрақсыз экономикалық ахуал мен славян ұлт өкілдерінің тарихи Отанына жаппай кетуімен сипатталса, қазір оған азаматтардың басқа елге өзін-өзі жетілдіруіне байланысты кетуі себеп болып отыр [1] .
Осы жұмыста мен Қазақстандағы интеллектуалды миграциялық үрдістердің жағдайы мен динамикасын зерттейтін боламын.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Интеллектуалды миграцияның себептері мен салдарын анықтай отырып, оның әсеріне баға беру, сонымен қатар, бұл үрдістің жағымсыз жақтарын азайту және одан келетін пайданы көбейту жолдарын ұсыну.
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Елдің дамуын әскери күш, экономикалық және әлеуметтік жағдай секілді факторлар анықтайды, бірақ ең маңыздысы - мемлекеттің интеллектуалды әлеуеті. Интеллектуалды еңбек даму тұрақтылығын қамтамасыз ететін басты ресурс саналады және халықаралық қоғамдастықтарда елдің техникалық, әлеуметтік бағыттағы алатын рөлін айқындайды, себебі мемлекеттің экономикалық және әскери әлеуетін құраушылар, тауарды өндірушілер мен оны тұтынушылар - адамдар. Ел тұрғындары өздерінің таңдау құқықтарын іске асыру арқылы биліктің заң және атқарушы өкілеттіліктерін құрастырады, демек мемлекеттің сыртқы, ішкі саясатын және оның даму бағыттарын анықтауға қатысады. Сондықтан қалыптасқан жаһандану жағдайларында мемлекет саясатын интеллектуалды миграцияның кері әсерін бейтараптандыруға және одан барынша пайда табуға бағыттап, оны дұрыс арнаға бұру маңызды болмақ.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Зерттеу мәселесіне қатысты мәлімeттерді түрлі әдебиеттерді оқи отыра, жинaқтау;
- Мәліметтерді өңдеу арқылы, мәселені жан-жақтан қарастыру;
- Интеллектуалды миграцияның себептерін, мүмкін салдарын сұхбaт, сауалнама сияқты зерттеу әдістерін пайдалану арқылы анықтау;
- Интеллектуалды миграцияның жағымсыз жақтарын кішірейте отырып, оның пайдасын арттыратын жолдарын ұсыну.
Зерттеу сұрақтары:
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ МИГРАЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ МЕН САЛДАРЫ. 2. 1 Қазақстандағы интеллектуалды миграцияның себептері қандай?· Қазақстан Республикасында интеллектуалды миграцияның себептері қандай?
· Қазақстан Республикасында интеллектуалды миграцияның көлемі қандай?
· Қазақстан Республикасындағы интеллектуалды миграцияның қандай салдары бар?
Тек жоғары дәрежелі ғылыми-техникалық мамандар ғана емес, сонымен қатар шығармашылық мамандық иелері болып табылатын интеллектуалды қордың мемлекеттен көптеп көшуі саясаттанушылардың қаупін туғызып отыр. ТМД елдерінің миграциясын Зерттеу кеңесінің эксперті Елена Садовскаяның айтуы бойынша, эмигранттардың шамамен төрттен бір бөлігі - 30 жасқа толмаған қазақстандықтар, яғни мемлекет экономикасына жетіспейтін қозғаушы күш - жоғары және орта арнайы біліміді жастар саналады [1] . Сонымен, бұл дәстүрдің себептері қандай?
Интеллектуалды миграцияға көптеген факторлар әсер етеді. Ғылыми-техникалық ортадан мамандардың көшіп кетуі және ғылыми іс-шаралардың беделінің төмендеуі мемлекет экономикасы мен бюджетті үлестірілуіне байланысты. Сұраныс аздығынан жұмысқа орналасу қиындығы, жалақы төмендігі әсерінен ғылыми-техникалық мамандықтарға қызығушылықтың әлсіреуі, зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажет техникалық жабдықтандырудың нашар деңгейі, мансап құру мақсатында жастарды елден кетуге мәжбүрлейді.
Көптеген Қазақстан жастарының миграция жасауының себептері - құқық қорғау органдарынан бастап, денсаулық сақтау және білім салаларын қоса алғандағы өміріміздің барлық тұстарында кең таралған жемқорлыққа деген наразылықтары.
Тек интеллектуалды элита ғана емес, болашақта ғылыми жетістіктерді олжалайтын интеллектуалды әлеует болып табылатын, зор үміт күттіретін талантты жастар да елден қоныс аударады. Оларды осындай шешімге не итермелейді? Шындығында, бұл шешім ҰБТ-дан бас тарту мақсатында жасалады. Қазіргі кезде елдегі жоғарғы оқу орнына грантқа түсу мүмкіндігі өте аз, оған қоса шетелде білім алуға мүмкіндік беретін Эразмус Мундус, KOICA (Халықаралық серіктестік бойынша Корей агенттігі), «Болашақ» мемлекеттік стипендиясы сияқты көптеген халықаралық білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып келеді. Осы ретте ҚР Жоғарғы оқу орындары Ассоциациясының Президенті Рахман Алшановтың айтуы бойынша, көршілес мемлекеттер халықаралық студенттерге оқуға түсу барысында стипендия тағайындау, жатақхана ұсыну және жұмысқа орналастыру арқылы өздеріне тарта отырып, қабылдау ережелерін әдейі жеңілдетеді [2] . Оны КИСИ (Стратегиялық Зерттеулердің Қазақстандық Институты) жүргізген зерттеуден байқауға болады. Білім алу үшін Қытайды таңдау себептеріне арналған зерттеуі бойынша, көптеген адамдардың шешіміне білім алудың қолайлы жағдайлары мен одан кейінгі жұмысқа орналасу мүмкіндіктері әсер еткен [3] . Оған қоса, биоинформатика немесе биомедицина секілді қалаған мамандықтары бойынша оқытатын факультеттердің жоқтығы тұлға ретінде қалыптасудың үздік жағдайлары жасалған елде білім алуы мен жұмыс жасауы мақсатында көптеген азаматтардың қайтымсыз көшуіне түрткі болады. Сәйкесінше, Қазақстан тек оқытылған мамандардан ғана емес, жоғары әлеуеті бар жас студенттерден де айырылады.
2. 2 Қазіргі кезде интеллектуалды миграцияның көлемі қандай?Өкінішке орай, қазақстандық статистика интеллектуалды миграцияның масштабын есепке алмайды, өйткені миграциондық қозғалыстар тек тұрақты көшу кезінде ғана белгіленеді, сондықтан оның көлемін бағалау қиынға соғады. Көптеген жоғары білікті мамандар қазақстандық азаматтықты сақтай отырып, елден еңбек визасымен немесе уақытша келісімшартпен шығады, сондықтан ҚР Білім және Ғылым Министрлігі нақты ақпарат бермейді.
2. 2. 1 ЭмиграцияБұрындары айтылғандай, білім мақсатындағы миграция - интеллектуалды миграция үрдісінің бір бөлігі. Қазақстандық азаматтардың өзге мемлекеттерде білім алуға ұмтылысы артып келеді. 2014 ж. тамыз айының басындағы көрсеткіштер бойынша, ел сыртында 45000-нан астам қазақстандықтар білім алған: Ресей жоғарғы оқу орындарында - 26 600 қазақстандық азаматтар, Қытайда - 9670 (628-і әртүрлі гранттар иегерлері), Ұлыбританияда - 4000ға жуық, Малайзияда - 1500 жуық, БАӘ - 715, Түркияда - 783 [4] . Жыл өткен сайын шетелде білім алып жатқан студенттер санының артуы байқалады. Ресей Федерациясының миграциялық қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2017 жылы көрші мемлекеттің жоғарғы оқу орындарында 78 000 қазақстандықтар білім алып жатыр, демек талапкерлердің Ресейде білім алуына қызығушылықтары біртіндеп артып келеді [5] . Шетелде білім алып, оқытылған мамандарға да назар салған жөн. Уақытша миграцияның тұрақты миграцияға айналу тенденциясын жоққа шығаруға болмайтынын ескерсек, біз қазіргі таңда елдің əлеуметтік дамуына қауіп-қатер төндіретін "білімділердің көшуі" мен интеллектуалды миграцияның жаңа сатысындамыз.
Студенттермен қатар, жоғары білікті мамандар да кетуде. Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2015 жылы Қазақстан Респубикасынан 17 418 маман көшіп кетті, оның ішінде 26, 1% - техникалық, 13, 2% - экономикалық, 9, 1% - педагогикалық, 4, 8% - медициналық (мамандардың жалпы санынан) білімі бар мамандар және т. б. Мәліметтер қанағаттанарлық емес, себебі эмигранттардың төрттен бір бөлігі - Отанында сұраныстың аздығынан көшіп кеткен техникалық мамандық иегерлері [6] .
2. 2. 2 ИммиграцияҚазақстандағы иммиграциялық ағымның басым бөлігі - Орта Азия мемлекеттерінде тұрып келген этникалық қазақтар, яғни репатриат-оралмандар. Өкінішке орай, иммигранттардың білім деңгейі эммигранттардікіне қарағанда төмен. Денсаулық пен Әлеуметтік даму Министрлігінің статистика бойынша Комитетінің мәліметіне сәйкес 1991 жылдан 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанға 261 104 отбасы немесе 957 772 этникалық қазақтар көшіп, оралман статусын алды, ол жалпы халық санының 5, 5% құрайды. Еңбекке қабілеті бар оралмандардың ішінде 8, 8%-ның жоғары білімді, 20, 6% - арнайы орта білімді, 60, 8% - жалпы орта білімді, 9, 8% - білімі жоқ [7] .
Статистиканы саралай отырып, елден білікті мамандар кетіп, білікті емес мамандар келеді деген қорытындыға келуге болады және бұл құбылыс мемлекет экономикасына және жалпы дамуға кері әсерін тигізеді.
2. 3 Қазақстан Республикасындағы интеллектуалды миграцияның қандай салдары бар?Интеллектуалды миграция - елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жағымсыз және жағымды салдарын әкелетін күрделі үдеріс.
Интеллектуалды миграцияның салдарын қарастыра отырып, оның оң жақтары «білім айырбасы» тұжырымдамасымен, ал теріс жақтары экономикалық шығындар мен «білімділердің кетуінен» арттақалушылық тұжырымдасымен байланысты деген қорытындыға келуге болады. Алайда, теріс жақтары мен оның залалы көбірек, сондықтан донор-мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына жағымсыз әсерін тигізеді.
Бір мемлекет үшін зардап, ал басқа мемлекетке пайдасын әкелетін интеллектуалды миграция ықпалын келесі статистикалық мәліметтерден байқауға болады. АҚШ 1990 жылынан бастап Ресей, Азия және әлемнің басқа елдерінен келетін мамандарды 1 млн адамға бағалады және осы ағымның қаржылай көрінісі 500 млрд АҚШ долларын құрайды [8] . Яғни, соңғы 20 жылдардың ішінде Қазақстан интеллектуалды миграциядан байқаусыз пайда болатын экономикалық зардапты шегеді. Бұл тұжырымдаманы ұлттық экономика вице-министрі М. Абылкасымова да дәлелдейді. Өз сөзінде: "квалификациясы жоғары мамандардың кетуі байқалса, келген ағынды квалификациясы жоқ мамандар құрайды. Кеткен мамандардың орнын басуға жəне жаңа мамандарды қайта дайындау мемлекеттің тұралауына əкеледі” [9] .
3. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ МИГРАЦИЯ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚОҒАМНЫҢ ОЙ-ПІКІРІ.Курстық жұмысты жазу барысында келесі зерттеу әдістері қолданылды: тақырыбқа сәйкес тиісті әдебиеттер ізделініп, жинақталды; БАҚ-на шолу арқылы фактілер мен сатистикалық деректер алынды; сандық және сапалық әдістер ретінде сұхбат және сауалнама зерттеулері жүргізілді. Барлық респонденттердің пікірлері талданып, өңделді. Сауалнаманы талдау және сұхбаттасу нәтижелері диаграммалар мен кестелер түрінде ұсынылған.
Ақпарат көздері маңыздылығы мен жаңалығына сәйкес іріктеліп, нақты дәлелдер мен шынайы ақпаратты табу және де дәл қолдану мақсатында тек сенімді ғаламтор көздері, кітаптар мен БАҚ мәліметтері пайдаланылды. Ақпараттың жаңалығын мен өзектілігін қамтамасыз ету үшін таңдалған ресурстардың үш жылдан кеш емес болуы, ғаламтор жүйесіндегі ресурстардың авторлары шыққан күнінің болуы қатаң ескеріліп, тек жаңа әдебиеттер қолданылды. Сондай-ақ, таңдалған әдебиеттер авторлар - тақырып бағыттындағы сарапшылар.
Зерттеу әдістемесі ақпарат жинаудың сандық және сапалық әдістерін комплексті пайдалануға негізделген. 15-18 жас аралығындағы 100 респондент сауаланмаға қатысты. Зерттеу әдісі әртүрлі тәсілдермен біріктірілді және өткізілді: телефон арқылы, электрондық пошта арқылы және online surveymonkey. com сауалнамасы арқылы. Социологиялық сауалнама 6 сұрақтан тұрды және сұхбат өзінің болашағы туралы түсінігі бар орта мектеп түлектерінен, яғни 11-12 сынып оқушыларының арасында өткізілді. Бұл көші-қонудың мақсаты жайлы жасөспірімдердің ойын білуге көмектесті және зерттеу себептері туралы біліп, салдарын теориялық тұрғыда анықтауға мүмкіндік берді.
Сұхбат 4 сұрақтан тұрды. Қатысушылар ретінде түрлі жастағы және әлеуметтік топтар өкілдері таңдалынды. Бұл интеллектуалды көші-қон мәселесі бойынша қоғамдық пікірді білуге және сауалнама арқылы алынған мәліметтерді толықтыруға мүмкіндік берді. Сұхбатқа 25-45 жас аралығындағы 20 адам қатысты, олардың ішінде 50% - мемлекеттік қызметкерлер, 50% - мемлкеттік емес қызметкерлер. Респонденттерге қолайлылы болу үшін сұхбат анонимді болып, диктофонға жазылды. Сұхбат 10-15 минутқа созылды, оның барысында әр түрлі құрылымданбаған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауаптар алынды.
4. Зерттеу қорытындысы 4. 1 Сауалнама нәтижелері№1 Дәл қазіргі уақытта мектептегі үлгеріміңіз қандай?
Бірінші сұрақтың нәтижесі бойынша 37% үздік, 55% жақсы, 7% қанағаттанарлық, 1 % қанағаттандырмайтын үлгеріммен оқитындығы анықталды (1-диаграмма) .
1. диаграмма 2. диаграмма
№2 Болашақта шет елде жоғары білім алу жоспарыңызды бар ма?
Бұл сұраққа 27% респондент теріс жауап берсе, 73% респондент шет елде білім алуға ынтасын жеткізді (2-диаграмма) .
Анализ бойынша, сұхбат алынған 100 адамның шет елде оқудан бас тартқандардың көбісі төмен үлгеріммен оқитындар болып шықты, ал шет елде оқуға тырысатындар жақсы оқу үлгеріммен оқитындар. Демек, үздік студенттер мемлекеттен болашақта кетуге жоспарлайды.
№3 Не себепті шет елде оқу мүмкіндігі сізді қызықтырмайды?
Шетелде білім алуға қаламайтын 27% студенттер көрсетілген себептері туралы кестеде көрсетілгендей, респонденттердің 33. 3% негізгі себебі ретінде қаржылай қолдау жоқтығын атап көрсетсе, басқа 33. 3% елден кетудің қажеті жоқ деп санайды, олардың ойынша Қазақстанда да таңдаған мамандық бойынша жақсы жетістіктерге жетіп, одан әрі карьерлік баспалдақ бойынша дамуға болады (3-диаграмма) .
3. диаграмма
№4 Не себепті шет елде оқу мүмкіндігі сізді қызықтырады?
Дегенмен, 49, 3%-ы шет елде оқуға ынтасын жоғары сапалы білім мен халықаралық деңгейдегі жоғары білікті мамандарға айналуға мүмкіндікпен байланыстырды (4-диаграмма) . 24, 7% -ы Қазақстанда таңдалған салада техникалық жабдықталудың жеткіліксіз деңгейі мен жеке бас даму мүмкіндіктерінің жоқтығы мемлекеттен кетудің негізгі себебі ретінде есептейді.
4. диаграмма
№5 Қалаған еліңіз? (Сіз қайда оқуды жалғастырасыз?)
Сауаланаманың бесінші сұрағына жауап бергендердің 29% -ы АҚШ-ты, 18% Чехияны оқу үшін тиімді ел ретінде таңдады (5-диаграмма) . Бұл екі ел шетелден келген студенттерге берілетін көптеген гранттар мен стипендиялармен белгілі. Сонымен қатар, АҚШ өзінің ғылыми сферада жетістіктермен, инновациялар мен технологияларымен бүкіл әлемге белгілі ел болып табылуымен студенттердің жауаптарын түсіндіруге болады.
5. диаграмма
№ 6 Егер сіз шетелде оқысаңыз, оқығаннан кейін шетелде тұруды жоспарлап отырсыз ба?
Алтыншы сұрақтың нәтижесі көрсеткендей, 38, 4% оқуды аяқтағаннан кейін шетелде қалуға қалайды, 28, 8% -ы қайтқысы келеді. Демек, көпшіліктің шет елде қалу ойы мемлектіміз үшін экономикалық және әлеуметтік жағынан шығынға ұшыратады (6-диаграмма) . Себебі, жастардың оқуы мен денсаулық сақтауына бөлінген қаржы төлемдері қайтымсыз қалады.
6. диаграмма
4. 2 Құрылымданбаған сұхбат нәтижелеріӨткізілген сұхбат халықтың интеллектуалды көші-қонуға байланысты ойын білу үшін алынған болатын. Сұхбат алу барысында келесі нәтижелер алынды.
Бірінші сұрақ халықтың интеллектуалды көші-қонуға байланысты мәселелерге қалай алаңдайтынын білуге көмектесті. Көбісі бүгінгі күні интеллектуалды миграция мемлекет үшін басты мәселелердің бірі екенін және бұл жұмыс жасау күшіне және де елдің даму потенциалына әсер ететіндіктен айтты.
Екінші сұрақтың жауаптарына сүйенсек, көпшіліктің өзге мемлекетке кетуінің басты себебі - сапалы білім алу үшін және дамыған ортада таңдалған сала бойынша даму мен тәжірибе алу. Мысалы, Мемлекеттік жоғары оқу орындарының төмен квалификациясы көптеген жастарды қанағаттандырмайды, жоғары білім берудің қымбаттығы төменгі сапамен сәйкес келмейді. Сонымен қоса, қазақстандық білім әлемдік деңгейде есептелінбейді, білікті қызметкерлер өз профессиясы бойынша Қазақстанда дами алмайды. Келесі жиі белгіленген жауап - шетелде зияткерлерге жасалған жағдай, оның ішінде стипендия көлемі, жоғары жалақы жəне шығандардың өтелуі. Бұл өз кезегінде студенттерді жəне жоғары дəрежелі мамандарды қызықтырады.
Үшінші сұрақ интеллектуалды миграцияның салдары туралы қоғамның көзқарасын білуге көмектесті. Жауап берушілер айтқан салдарлар: интеллектуалды күштің жойылуы, экономикалық дамуының шектеулігі, жоғары деңгейлі білімге ие мамандар тапшылығы, популяция тығыздығының мемлекет территориясымен сәйкес келмеуі, төменгі деңгейдегі қызмет көрсету. Зерттей отыра, байқайтынымыз - көбісі интеллектуалды көші-қонуды жақсы жақтарына қарағанда жаман жақтарымен байланыстырады.
Төртінші сұрақ қатысушыларға интеллектуалды көші-қонудың жағымсыз салдарын төмендететін, ал жағымды ықпалын күшейтетін шешімдерін табуға мүмкіндік берді. Жауаптар әр түрлі бағытта болды және мәселенің себебін жоюға негізделді. Көбісі интеллектуалды миграцияны бәрі өзге мемлекеттердің қызықтыратын ұсыныстарымен және елімізде жаңа мамандардың ғылыми бағытта даму мүмкіндігінің жоқтығымен байланыстыруынан ғылыми орталықтар мен лабораторияларға ақша бөлу және инвестиция жасау осы мәселені шешудің негізгі шешімі деп есептейді. Өмір сүру деңгейін көтеру және мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау көрсету - сұхбат берушілердің ұсынған шешімдерінің бірі. Осыдан мынандай қорытындыға келуге болады, қоғамның ойы бойынша мемлекет ғылыми кадрларды дамытуда барлық мәселелермен айналысуға міндетті.
5. Қазіргі Қазақстандағы интеллектуалды миграция әсерін бағалау 5. 1 Қазақстандағы интеллектуалды миграция жағдайына SWOT талдауТерең, әрі егжей-тегжейлі бағалауды курстық жұмыс барысында жиналған нәтижелерге сүйене отырып, мәселе өзектілігіне және жасалған жұмысқа SWOT талдауы арқылы жасауға болады.
Күшті жақтары:
● Жаратылыстану ғылымдарды тереңдетіп оқуға бағытталған жаңа білім беру жүйесін дамыту және жүйелі түрде енгізу. Мысалы, Назарбаев Зияткерлік мектептері.
● Жұмыс орнындағы төмен бәсекелестік басқа елдердің мамандарын Қазақстанға қоныс аударуға тартады.
Әлсіз жақтары:
● Жоғары технологиялық өндірістердің болмауы ғылыми кадрлар мен осы саладағы жоғары білікті мамандар үшін жұмыс орындарының болмауына әкеледі.
● Қытай мен Ресей секілді өте мықты бәсекелестердің жақындығы біздің мамандарымызды осы елдерге коныс аударуға жақсы ұсыныстар мен қолайлы өмір сүру жағдайлары үшін жұмылдырады.
Мүмкіндіктері:
● Қазақстанға оралған эмигранттардың өзге елде жиналған білім, тәжірибе және идеялар еліміздің әлемдік деңгейде дамуына ықпал етуі мүмкін.
● Елімізге ғылыми кадрларды, әлемге әйгілі инженерлерді тарту мемлекеттің территориясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді жеңілдетеді. Ғалымдардың интеллектуалды қоныстануы нәтижесінде Қазақстанда жаңа технологиялар мен инновациялар құрылады және енгізіледі.
Қауіп-қатерлер:
5. 2 SWOT шешімі● Білім алуға жұмсалған бюджет шығындары ақталмай қалады. Оның себебі кеткен жоғары білікті жұмысшыларды дайындау бiлiм саласына жұмсалған бюджеттің шығыны ретінде қарастырылды. Сонымен қатар, сол маман барған мемлекет жұмысшыны дайындауға қаржы жұмсамай-ақ, еңбек ресурстарына құнды үлес алады.
● Сауалнама көрсеткендей, жоғары академиялық үлгерімі бар студенттердің көпшілігі шетелде оқуға кетіп, тұрақты тұруға ниет білдірді. Демек, еліміздің зияткерлік әлеуетін жоғалту қаупі бар. Ал ол өз кезегінде мамандардың жетіспеушілігін тудырып, мемлекет үшін, көптеген өнеркәсіп салаларында экономикалық өсімнің тежелуіне және ғылыми өрісінің тоқырауына әкелуі мүмкін.
Күшті жақтарын пайдалана отырып, әлсіздіктіерін жою:
Білім беруді қажет ететін салаларды дамытуды жаратылыстану ғылымдары саласында жаңа білім беру жүйесінің түлектері жүзеге асырады. Нәтижесінде мамандардың көші-қоны төмендейді.
Қауіп-қатерлерді ескере отырып, орын алатын мүмкіндіктер:
Ғылыми кадрларды, дүниежүзілік аты бар инженерлерді тарту мамандардың тапшылығын азайтады және ғылыми салада, экономикалық өсімде дамуына ықпал етеді.
5. 3 Интеллектуалды миграция жағдайына PEST талдау ... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz