Әлеуметтік педагогтың балалармен және жастармен жұмысын қарастыру
Әлеуметтік педагогтың тұрғылықты жері бойынша балалармен және жастармен жұмысы.
Мазмұны.
Кіріспе.
1-Тарау. Әлеуметтік педагог және оның жұмысының негізгі бағыттары.
0.1. Әлеуметтік педагогтың жұмысын ұйымдастыру.
0.2. Әлеуметтік педагогтың балалармен және жастармен жұмысының негізгі бағыттары.
2-Тарау. Әлеуметтік педагогтың тұрғылықты жері бойынша балалармен және жастармен жұмысы.
2.1. Әлеуметтік педагогтың балалармен және жастармен тұрғылықты мекен жай бойынша атқаратын жұмыс түрлері мен әдістері.
2.2. Әлеуметтік педагогтың тұрғылықты жердегі балалармен және жастармен жұмыс жобасы.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Әлеуметтік педагогтің қызметінің объектісі - әлеуметтендіруге мұқтаж болып табылатын балалар мен жастар болады. Бұған бойында әртүрлі интеллектуалдық, педагогикалық, психологиялық ауытқулары бар балалар (көзі көрмейтін, естімейтін, ақыл-есі кемтар және т.б. балалар) да жатады. Әлеуметтік педагогтің қызметінің мақсаты - баланың дұрыс өсіп жетілуі мен дамуына психологиялық мүмкіндіктерді жасау.
Әлеуметтік педагог балалармен және жастармен жұмыс жасағанда жауапкершілікпен, оны қайта тәрбиелеу жолына түсірумен айналысуы керектігі жайында, адамдармен қарым-қатынасын түзету жөнінде қарастыруы қажет етуі.
Қазіргі кезде балалар мен жастардың теріс мінез-құлық көрсетулері, оларға тез үйреніп кетулері өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мұндай мәселелердің көбейіп кетуінің мысалы ретінде адамның шектен тыс бос уақытының көбейіп кетуі мен ол уақытты пайдалы өткізу арасындағы сәйкеспеушілік, әлеуметтік баспалдақ бойынша сырғу, жұмыссыздық, мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық, соғыс және т.б. болып табылады.
Жоғарыда аталған мәселелердің пайда болуына әлеуметтік факторларды айту болады, яғни өмірде болатын объективті қиыншылықтар, жетіспеушілік. Олар моральдық нормалардан психологиялық ауытқушылықты көрсетеді, соның ішінде маскүнемдік, нашақорлық, әртүрлі теріс мінез-құлықтарды көрсетуіне әкеледі. Балалардың және де жастардың осындай теріс жолдарға түсуі өмір сүрудің кейбір түріндегі стимулдың әлсіздігінен, өзін құрметтеу сезімін, авторитетін жоғалтуынан пайда болады. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда адамның теріс жолға түсуі не түспеуі біріншіден оның өмір сүру барысындағы әлеуметтік даму деңгейіне байланысты.
Әлеуметтік даму деңгейінің төмендеуіне байланысты көптеген әлеуметтік жеке қасиеттерінің күрт түсіп кеткендерін байқауға болады. Осы ерте жаста қалыптасқан әлеуметтік жеке қасиеттер адамдардың ары қарай өмір жолын анықтауда негіз болып есептеледі. Осындай жағдайларды ескере келе, қоғамдағы әлеуметтік педагогтың ерекшелігі мен керектілігін ескере кеткен жөн. Курстық жұмысымызда жалпы әлеуметтік педагогтың тұрғылықты жер бойынша жастармен және балалармен жұмыс ерекшелігіне кеңірек тоқтала өтеміз.
Курстық жұмыстың мақсаты. Әлеуметтік педагог тұрғылықты мекен жай бойынша балалармен және жастармен жұмыс барысында, олардың бойындағы қиындықтарды түзету.
Курстық жұмыстың міндеті.
1. Әлеуметтік педагогтың тұрғылықты жер бойынша жұмысы туралы теориялық зерттеу;
2. Әлеуметтік педагогтың балалармен және жастармен жұмысын қарастыру;
3. Әлеуметтік педагогтың балалармен және жастармен тұрғылықты мекен жай бойынша жұмыс жоспарымен таныстыру.
Курстық жұмыстың құрылымы. Жалпы курстық жұмыс кіріспе бөлімнен, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-Тарау. Әлеуметтік педагог және оның жұмысының негізгі бағыттары
3.1. Әлеуметтік педагогтың жұмысын ұйымдастыру
Әлеуметтік педагог баланы, жастар мен қарттарды, ересек адамдарды әлеуметтіндірудің заңдылықтарын зерттейді. Бірақ, көбінесе қарастыратын нысанының жас ерекшеліктері мен күйзелісті ахуалының өзгешелігіне байланысты келеді. Мысалы, қарттармен әлеуметтік педагогикалық жұмыс, жастар арасындағы жұмыс, мүгедек балалар арасындағы әлеуметтік педагогикалық жұмыс деген секілді көптеген салалармен тарауға бөленеді. Қазіргі кезде қоғамдағы әр түрлі жаңғырулар мен өзгерістердің ықпалы қатты әсер ететін ең бір нәзік түсі - адамның әлеуметтік жағдайы. Сондықтан біз бұл жерде ең басты объект ретінде бала және онымен жұмыс мәселелерін қарастырамыз, біз әлеуметтік педагогика баланың білім - тәрбие алуына қоғамның тигізетін әсерін зерделейді. Басқаша айтқанда адамдардың білім алуына, әлеуметтік тұлға болып қалыптасуына, білім, мәдениет, тағы басқа қоғамдық институттардың тигізетін әсерін зерттейтін ілім деуге болады[1].
Әлеуметтік педагогиканың жеке өзіне тиісті теориясы, тәжірибелік практикалық іс-шаралары бар. Қандайда ғылыми теория болмасын, ол тәжірибеге сүйеніп дамиды, яғни жұмыс тәжірибесінен оның теориялық анықтамалары қалыптасады. Олар әлеуметтік педагог пен әлеуметтік қызметкерлерге тиесілі. Олардың жүргізетін іс-шаралары адамдарға белгілі бір топқа тигізетін әсерін анықтауға кедергілерді жоюға және күйзелістен шығуға көмектесуге бағытталған.
Мәдениет танушылық көзқарас тұрғысынан алып қарағанда, әлеуметтік педагогты адамдардың әлеуметтік - педагогикалық тәжірибесінің адамгершілік пен рухани мәдениетінің, шығармашылық пен қарым-қатынастың нәтижесі ретінде түсіндіре отырып, ұрпақтан-ұрпаққа мәдениет тасымалдаушы деп қабылдаған өте маңызды. [2]
Кез келген саладағы әлеуметтік педагогтың кәсіби құзіреттілігіне жоғары талаптар қойылады.Ол тек педагогикалық тұрғыдан әрекет етіп қана қоймай,сонымен қатар түрлі жағдайларға байланысты әлеуметтік әрекеттердің басқа да түрлерін меңгеруі керек. Педагогикалық құзіреттілікпен қатар саяси, әкімшілік, медициналық және экономикалықта құзіреттіліктерді де игеруі тиіс.Себебі оның іс-әрекеті осы салалармен тығыз байланысты.
Мәселе бойынша арнайы әдебиетті таңдаудың нәтижесі көрсеткендей, әлеуметтік қызметкердің кәсіби әрекеттері келесі мақсаттарды көздейді:
* жеке мәселелермен олардың себептерін анықтау;
* мәселелі жағдайларды алдын алу;
* қызметкерлерге білім беріп тәрбиелеу;
* жеке және әлеуметтік қиыншылықтарымен күрес жүргізу; қоғамдық оңтайлы жағдайларды құру және осындай жағдайларды құруға қатысу;
* жағдайы нашар отбасыларына,олардың балаларына оқу-тәрбие алу үшін материалдық көмекті ұйымдастыру;
* білімге деген қабілеттерді зерттеу;
* қоғамдық өмірге қатысуға және әлеуметтік құқықтарды дұрыс қабылдауға дайындау;
* басқалармен араласуға,бағыт бағдар алуға, жауапкершілікке, --өзін-өзі сыйлауға және сабырлыққа дайындау;
- педагогикалық білімнің ізгілену кезінде болашақ маманның жеке тұлғасына оның адамгершілігін, мәдениеттілігін және кәсіби білімділігін қатар қалыптастыра отырып, оларды бір тұтас дамыту;
- әлеуметтің дамуы мен жұмыс істеуінің жаңа тенденцияларын есепке алу;
- педагогикалық білімнің, педагогикалық оқу орындарының тіршілігіндегі барлық істің демократиялануы;
- педагогикалық білімді оның тәжірибесімен өзара байланысты тұғырландыру;
- қазіргі уақыттың талаптарына сәйкес және болашаққа болжам жасай отыра, әлеуметтік педагогтарды дайындау жұмысының түрлерін, оның әдістемесін, мазмұның жаңартып, толықтырып отыру.
Әлеуметтік қызметкердің әлеуметтік-педагогикалық менталитеті ( ішкі жан дүниесі, ақыл-ойы, көз қарасы ) белгілі бір тұғырға табтіреген,құндылық бағдары, қоршаған ортаны қабылдауы мен ой елегінен өткізе білуі, кез келген тұрмыстық жағдайларда өзін басқара білуі, өзін ұстауы және белгілі тұрмыстық жүріс-тұрыс ережелеріне мығым дағдыланған адам болуы керек. Менталитет дегеніміз - адамның әлеуметтік - мәдени тәжірибесінің жиынтығы ретінде қарастырып, белгілі бір ұйымға, топқа, қауымға, жас ерекшеліктеріне, жынысына не болмаса ортақ мүдделеріне қарай бірігуі.
Кәсіби менталитет дегеніміз - білімі, түсінігі, қызметі, кәсібі бойынша өзінің жеке мінездемесі бар және соған сай куелетін белгілері бар адамдардың, кәсіп иелерінің топтасып бірігуі. [3]
Айтылғандардан басқа мынадай кәсіби біліктілікті дамытуы тиіс: адамдармен қарым-қатынас орната білу;жылдам және қоян-қолтық араласып кету немесе үйірсектік;бауырмашылық пен адамгершілікті, мәдениетті, мейірімді, адамдар үшін жанашыр бола алатын кең пейілді; болашаққа сенімді; адамдармен жұмыс істеуге, істес болуға бейімді, өз ойын білдіре алатын; белсенді де жігерлі, өз пікірі мен көзқарасын дәлелдей алатын;тосын және тұтқиыл жағдайлардан ұтымды жол таба білетін; ұстамды және жүйке жүйелерінің қозуы мен тежелуі үрдістерін басқара алатындай маман болуы керек.[4]
Шетелдік әлеуметтік кызметкер, әлеуметтанушы, әлеуметтік психолог және педагог ғылымдардың зерттеулеріне назар аударсақ, әлеуметтік қызметкердің және әлеуметтік педагогтың жеке психологиялық ерекшеліктері туралы келесідей пікірлері айтылған. Мысалы, Англияда зерделік - дамудың ең жоғарғы деңгейі, өзін-өзі реттей алатын және жеке тәртібі, талаптылығы, жігерлігі, қиын сәттерде адамдарға жәрдем бере алатын, сезімтал және ақыл парасатының жоғарлығында деп белгіленген.
Әлеуметтік қызметкердің іс-әрекеті көп қырлы және сан алуан. Әлеуметтік қызметкер қайда, қалай, қандай контингентпен жұмыс істесе де, ол адамдармен жұмыс істейді, соның ішінде балалармен жұмыс істеудің де өзіндік ерекшелігі бар. Эмоционалды сфераға - эмоциясының мығымдығы, оң ниетінің басым болуы, күдіктілігі мен күмәндылығының орны дәрежеде болуы, психологиялық сілкіністер мен қақтығысы ахуалдарды шұғыл да ұтымды шеше білуі керек.
Тұлға-отбасы-қоғам жүйесінің өзара әрекеттесу жүйесінің үйлестірушісі бола отырып, қоғамда, отбасыда, микросоциумда ізгілікті қарым-қатынасқа тәрбиелеуге әсер етеді. Әлеуметтік педагог жұмысының негізгі қызметінің бірі оқушының ұтымды әлеуметтенуіне әсер ететін баланың кіші ортасын ұйымдастыруға, қалыптастыруға әсер ету. Бұл жұмыс мамандық қана емес, сонымен қатар бұл біз қол ұшын беретін, адами проблемаларын бірге шешетінг, проблемаларды тиімді, дұрыс шешуге жолдарын табатьын адамдар. Осындай жауапты жұмысты атқара отырып, біз оның табысына барлық қоғам мүдделі екенін есте ұстауымыз керек.
Елімізде әлеуметтік жұмыстың кәсіптік деңгейге көтерілуі-маңызды мәселе. Бұл мамандықтың болашағына, мемлекеттің әлеуметтік саясатының жастар саясатының өзекті проблемаларының өзекті проблемаларының шешілуіне кадрлар сапасының тигізер әсері мол.
Балаларды әлеуметтік - педагогикалық қолдау - баламен бірге оның өзіндік көзқарасын , мақсатын, мүмкіндігін анықтау үшін және қоғамда қалыпты өмір сүру ге кері ықпал кедергілерді жою үшін жолын анықтау. Өмір сүруіне, қарым-қатынасына, өзін-өзі тәрбиелеуіне, алдына қойған мақсатына жету және адамгершілік қасиетін сақтап қалуына көмектесу.
Әлеуметтік педагогты әлеуметтік қызметкердің бір түрі деп санау қателік болар еді. Оның қызметінің негізгі сферасы социум - әлеумет. Негізгі басымдық бала мен отбасы, бала мен тұрғылықты жеріндегі жақын ортасының арасындағы қарым-қатынасын зерттеуіне беріледі. Әлеуметтік педагог балалармен, оның отбасымен көршілік ортасымен жұмыс жасайды.
Оның қызметінің мақсаты-социумда балалар мен ересектердің әлеуметтік маңызы бар, профилактикалық қызметін ұйымдастыру, баланың дамуын, білім алуын әлеуметтік қолдау.
Әлеуметтік педагог біріншіден, мүмкіндігінше проблеманың алдын-алуына тырысады, проблеманы тудыратын себептерді анықтай және уақытында оны жойып отыру, адам бойындағы олардың қарым-қатынасындағы әртүрлі ауытқушылардың алдын-алып, отыру, осы арқылы қоршаған әлеуметтік ортаны сауықтырып отырады. Әлеуметтік қызметкер проблеманың алдын-алумен емес, проблеманың өзімен жұмыс жасайды(алкоголизм, нашақорлық, әлеуметтік депрессия, қаңғыбастық, ауру, өзін-өзі қызмет ете алмаушылармен, мүгедектермен, стихиялық зіл-зала, көші-қонмен, жанының күйзелуі әлеуметтік бейімделу) арнайы көмектің түрін, арнайы мамандануды қажет ететін (қарт адаммен жұмыс, босқындармен, әлеуметтік риск тобына жататын адамдармен жұмыс) Солнымен қатар ол арнайы жас ерекшеліктері бойынша топтардың (балалар, жасөспірімдер, жастар, қарттар) мекемелердің, микроорталықтың ерекше сфераларының (ауыл-әскери бөлім) әлеуметтік проблемаларын шешуге мамандануы да мүмкін.
Әлеуметтік қызметкер мен әлеуметтік педагогтың кәсіптік қызметтерінің жұмыстарының түрі мен әдістемесі бір-бірімен қиылысып жатқанымен әр маманның өзіндік айырмашылықтары бар. Дегенмен әлеуметтік қызметкер жұмысының нәтижелілігі әлеуметтік педагогтың жұмысымен тығыз байланысты, тиісінше әлеуметтік педагог жұмысының нәтижелілігі де әлеуметтік қызметкердің қорытындысынсыз жоққа шығар еді. Әлеуметтік педагог бірінші кезекте тұлға мен отбасы қорғауға арналған мемлеккеттік - қоғамдық әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер мен ұйымдар арасын байланыстырушы буын[5].
Әлеуметтік педагог - өсіп келе жатқан тұлғаның мүддесін, заңдық құқын қорғаушы. Әлеуметтік педагог-сырттан бақылаушы емес, ол балалар мен ересектердің бірлескен қызметінің тікелей қатысушысы, сонымен қатар - бұл қызметтің жетекші ұйымдастырушысы. Оның барлық күш жігері адамды әрекетке, әлеуметтік инициативаға қиын жағдайдан шығу жолын іздеуге оятуға бағытталады, адамдардың проблемасын өздері шеше алуына көмектеседі. Әлеуметтік педагогты рухани жетекші, тәлімгер десек те болады, себебі ол жылдар боый баламен, оның отбасымен жұмыс жүргізеді, әлеуметтік, жалпыадамзаттық құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен бірге ол әлеуметтік терапевт-өзінің қамқорлығындағы адамдардың кикілжіңжі жағдайын шешуге, соған сәйкес мамандарға көрінуіне көмектеседі. әлеуметтік педагок әрқашан өзінің клиентінің құқын қорғайды, әлеуметтік диагноз қоюда эксперт ретінде қатыса алады.
Кәсіптік-білімділік (теориялық) құзырлық немен өлшенеді:
а) Әлеуметтік педагогиканың теориясы мен тарихын білумен;
ә) Баланың тұлғалық қасиеттерін зертейтін, оның физикалық, рухани және әлеуметтік дамуын, мінез-құлқының қалыпты және ауытқушылығын зеріттейтін жас ерекшеліктері психологиясын білумен.
б) Адамдардың бірлестіктерін және топтарын (отбасы, шағын топ, мектеп ұжымы, құрбы-құрдас ұжымы) зерттейтін социологияны білумен.
Кәсіптік-әрекеттік құзырлығы немен өлшенеді:
а) коммуникативтік құзырлығы жоғары болуы тиіс (латын тілінен аударғанда байланысамын, қарым-қатынас жасаймын, бірге жасаймын, басқа сөзбен айтқанда қарым-қатынасқа мән беремін деген мағынаны білдіреді.) әлеуметтік педагоктың коммуникативтік қабілеті оның балаға,әріптестеріне, ата-аналарға әсер ету шеберлігінен көрінеді.
ә) эмпатикалық құзырлығы-басқа адамның эмоционалдық жағдайын түсіну, оның уайымына, ішкі сезіміне ене білуінен көрінеді.
Бұл жерде әлеуметтік педагоктың баланың проблемаларына көңіл бөле алу, оның эмоциялық жағдайын сезімін, қиын шақтарын түсіне алу қабілеті туралы айтып отыр. Осыдан барып оның өзін бала орнына қоя білу, дүниені оның көзімен көре білу мүмкіндігі көрінеді. Сонымен қатар әлеуметтік педагог оқушыға ересек адам оны көріп, тыңдап түсінетіні жайлы білдіре алуы тиіс. Бұл түсініктің өзіне алдағы іс әрекетті болжау, айтылған әңгімелердің ішінен негізгі және жанама фокторларды, аргументтерді анықтау мүмкіндігіне жол ашады. Тек осы жағдайда тәрбиеленушінің сеніміне, педагогикалық қарым-қатынаста баланың белсенділігіне үміт арта алады[6].
Б)ойлауды, іс-әрекетті оңтайландыра алу құыырлығы-проблеманы шешудің бір емес, бірнеше жолын тат білу қабілеті. Себебі әлеуметтік педагог баланың және жасөспірімдердің тобына және қиын балалармен олардың ата-аналарымен қарым-қатынасының өзгермелі жағдайларына тез бейімделуі қажет. әлеуметтік педагог баланың жас ерекшелігіне, жеке мінезіне және білімділік деңгейіне байланысты қарым-қатынас құралын, түрін,әдістерін өзгертіп отыруы қажет. Баламалы әр түрлі байланыс процестерінде тез, оңтайлы шешім қабылдай білу жағдайында қабілеті үлке маңызға ие болады.себебі кез-келген әлеуметтік педагогкалық шешуі ол тұлғаға бағыталған процес болғандықтан әлеуметтік педагогика дайын шабылондардын, рецептерден, стандартан бас тарту қажет. Әлеуметтік педагогтың ойлауды және әрекетті оңтайландыра алуы кәсіптік міндеттерді шешуде үлкен рөл атқарады. Әлеуметтік педагогпен байланыста болатын әрбір баланың ашылмай жүрген шығармашылық мүмкіндігі болады, бұл жерде әлеуметтік педагогтың міндеті-баланың осы мүмкіндігінің ашылуына, өзінің жақсы қасиеттеріне назар аударуына, сенуіне көмектесу.
Кәсіптік-тұлғалық құзырлығы:
Бұл мамандықты таңдаған адамның ерекше тұлғалы сапасы болу керек. Әлеуметтік педагог қызыметі ол адамдар арасындағы сенімділік зонасы, олардың өзаратүсінушілі, өзаракөмек, өзаражауапкершілік жолы. Әлеуметтік педагогтың кәсіптік - тұлғалық жарамдылығын анықтайтын сапа:
а) адамгершілік-өзінің түсінушілігін, ол көз қарасын басқа адамды қолдай алатындығын көрсете алу.
ә) сыпайылық-әдептілік, басқа адамдармен қарым-қатынаста сыпайы болу.
б) аутентілік-адамдармен қарым-қатынаста шынайы болу, адал болу, ортамен байланыста өзімен - өзі болу.
в) ашықтық-басқа адамға ішкі дүниені аша білу, адал болу, өзінің сезімі мен ойын айта білу.
г) нақтылық-жалпылама пікір айтуда бас тарту, сұраққа жауап бере алу.
д) Осы жерде және қазір жағдайында сөйлей алу-және әрекет алу, адам туралы, оның жағдайы туралы нақты білу және оны көрсете білу.
Әлеуметтік педагогты тұлғалық және кәсіби қасиеттері бойынша топтастырып көрелік[7].
Бұл мамандықтың иесі гуманист, діни рухани және жалпы мәдениеті педагог болуы тиіс, педагог және әлеуметтік қызыметткер бола білу, баланың білім алуына, тәрбиесіне бамуына байланысты оны қорғауда өзінің белсенді роль атқаратынын түсіне алу тиіс, тұрақты адамгершілік қағидасы ұстанымы болуы тиіс.
Әлеуметтік педагог қызыметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар.
Әлеуметтік педагог өз жұмысында:Қ,Р Конституциясын, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңын, Б.Ұ.Ұ Бала құқығы туралыКонвенциясын, Қ.Р Бала құқығы туралы Заңына, ҚР Неке және Отбасы туралыЗаңын, ҚР Даму мүмкіндігі шектеулі қолдау туралыЗаңын, Әлеуметтік педагог Ережесін және басқа да білім беру мәселесі жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді білуі тиіс[8].
Егеменді мемлекеттің басты проблемаларының бірі бала құқын қамтамасыз ету, себебі мемлекеттің өміршеңдігі болашағы балаларға байланысты. Бұл проблема көптеген мемлекеттерде қиын шешілетін мәселенің бірі болып саналады, сондықтан ол өркениетті, халықаралық сипат алып отыр.
Бүгінгі таңда халықаралық-құқықтың бала құқын қорғау бойынша құрылымы құрылып және жұмыс жасауда.
Халықаралық бала құқын қорғау деп-баланың үйлесімді және жан-жақты дамуы үшін және оны мемлекеттік заң шығару деңгейіне көтеруге дейін әсер ететін және нашар дамыған мемлекеттердің балаларыны көмек көрсететін мемлекет пен мемлекеттік емес халықаралық ұйымдастырылып өзара келісімге келген жүйені айтуға болады.
1989 ж БҰҰ Бас Ассамблеясына бала құқығының дүние жүзілік Конституциялық Бала құқы туралы Конвенция қабылданды.Өркениетті адамзат бұл құжатты қабылдауға дейін бірнеше құжаттар қабылдаған болатын. 1948 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясына бала құқы туралы Женева декларациясы, 1959 ж Бала құқы туралы Декларациясы БҰҰ Конвенциясы заңдық құжат ретінде Декларация Ережелерін одан әрі тереңдетеді. Оны қабылдаған мемлекеттерге балаға қатысты әрекеттері үшін құқықтық жауапкершілік артып, заңдық кепілдемелер мен нормалардың жетілген түрін ұсынады.
Конвенцияның мақсаты-бала мүддесін, қызығушылығын барынша қорғау. Конвенция негізгі төрт талап қояды, ол бала құқын қорғауды қамтамасыз етуі тиіс. Өміршеңдңлік, өмір сүруі баланың дамуы, баланы қорғау және қоғам өміріне белсенді қатысуды қамтамасыз ету[9].
Конвенция-бұл жоғары әлеуметтік-адамгершілік қасиеттерді уағыздайтын құжат. Ол баланы бүкіл ажамзаттың бір бөлігі ретінде қабылдауға, баланың жалпы адамзатық құндылық пен тұлғалық дамуын қамтамасыз етуге, оның ешбір себептері мен мотивтеріне қарамастан дискриминайияламауға негізделген.
Конвенция бала мүдесін мемлекет мүдесінен жоғары қоюмен қатар, әлеуметтік депривацияланған (әлеуметтік әлсіз топ, қорғалмаған)балалар тобына айрықша қамқорлық жасауды талап етеді; жетім, мүгедек, босқындар,құқық бұзушылық балалар.
Конвенция-жоғарғы халықаралық стандарты, құқықтық құжат. Ол баланы өзіндік дербес субъект ретінде ариялап, Конвенцияны қабылдаған мемлекеттерге ұлттық заңдарын Конвенция негізінде қабылдауды талап етеді. Бала құқының әртүрлі аспектілері бойынша-анықтап, мемлекеттің құқықтық нормаларын белгілеп, арнайы бақылау механизмін-БҰҰ Бала құқын қорғау бойынша Комитеті құрылып, оған жоғары дербестік, өкілеттік берілген.
Конвенция-жоғары, биік педагогикалық мағынасы бар құжат. Балаға ересектер ата-аналар және педагог тарапынан авторитарлықпен қарау барлық мемлекеттерге бар. Конвенция балалар мен ересектерді қарыми-қатынасты өзгеше адамгершілік-құқықтық және педагогикалық негізде құруын уағыздайды. Баланың ойына, көзқарасына, тұлғасына силастықпен, түсінушілікпен қарау тек жалпы адамзаттық мәдениетнормасы емес, құқықтықнорма да болуы қажет дейді. Соған байланысты әлеуметтік педагогика талап етушілік педагогикасын-тұлғаралық педагогикасына құндылық бағдарды өзгертуге тиіс педагогика саласы.
Конвенция бала құқы туралы бүкіл мемлекеттерге қабылданған, ратификацияланған құжат. Қазақстан Республикасы бұл құжатты 1994 жылы қабылдады. Конвенция бала құқы мен мүдесіне байланысты базалық құжатқа айналады. Қ.Р.-ның Конституциясы (30 тамыз 1995 ж)ҚР Неке және Отбасытуралы.
Заңы(17.12.1998 ж.)Қазақстан Республикасының даму мүмкіншіліктері шектеулі балаларды әлеуметтік медика-педагогикалық, корекциялық қолдау (11.07.2002 ж) туралы Заңы, Қ.Р-ның Бала құқы туралы (8.08.200 ж)ҚР Заңы және т.б. заңдары Конвенция негізінде қабылданды.
Отандық тәжірибеде алғаш рет бала арнайы қамқорлықты қажет ететін субъект ретінде ғана емес, адамға қажет барлық құқықтары бар субъект ретінде қарастырылады[10].
3.2. Әлеуметтік педагогтың балалармен және жастармен жұмысының негізгі бағыттары
М.А.Галагузованың айтуынша, әлеуметтік педагогтың қызметі әлеуметтену процесінде көмекке мұқтаж балалар мен жастар болып табылады. В.А. Сластенин әлеуметтiк педагогтың кәсiби қызметiнiң нысаны, бiр жағынан, оның өмiрiнiң барлық байлығына өсiп келе жатқан адам, ал екiншiсiнде - мұғалiмге тиесiлi және жеке тұлғаны қалыптастыру үшiн құрылыс материалы ретiнде қызмет ететiн қоғамдық мәдениет элементтерi болып табылады деп сендiредi.
В.А.Сластенин әлеуметтік педагогқа қойылатын талап ретінде төмендегіні көрсетеді: өзінің жұмыс нысаны болып табылатын тұлғаның жеке құндылығын, оның қайталанбас ерекшелігі мен шығармашылық мыңыздылығын түсіну; таңдалған мамандықты саналы түрде сезініп қабылдау; көптеген жүйкелік және психикалық шыңындардың болуын ескерту; өзімен тұрақты жұмыс істеуді талап ететін кәсіби қызметінің шығармашылық табиғатын ұғыну қажет.
Әлеуметтік педагог қызметінің бағыттарының бірі - әлеуметтік жағынан қорғалмаған: қамқорлыққа алынған, мүгедек, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалармен жұмыс. Сондай-ақ әлеуметтік педагог шағын аудандағы балалармен жұмыс істейді. Ол шағын аудандағы жұмысының бірыңғай жоспарын жасайды, жоспар балаларды тәрбиелеу мен қорғаудың ортақ проблемаларын шешуде барлық әлеуметтік қызметті біріктіреді. Белгілі бір әлеуметтік проблемалары бар: денсаулығы нашар, тұлғааралық қатынаста қиналатын, отбасы мүшелері арасында күрделі қатынас орнаған және т. б. балалар әлеуметтік педагогтың ерекше көңіл бөлуі мен қамқорлығын талап етеді. Белгілі бір жағдайлардың тоғысуы барысында бұл проблемалар шиеленісуі мүмкін, бала әрқашан одан шығар жол таба бермейді. Мұндай жағдайда ол қиын балаға айналады. Бұдан арылу үшін әлеуметтік педагог олармен белсенді жұмыс жүргізеді[11].
Баланың өзін табуына көмектесу, әлеуметтік жағынан нашар жағдайды қызықты іспен өтеу, жаңа достар мен пікірлестер табу - әлеуметтік педагог жұмысының басты жетістігі. Баланың қызығушылығын анықтау, оның өз қызығушылығы мен қабілетін дамыта алатындай үйірме, секция ұсыну - мұның бәрі тәуекел тобынан шығуға септеседі. Бірқатар балалармен эмоционалдық ортасын дамыту, сезіну мәдениетін, яғни жағымсыз эмоциясын жағымды, моральдық, этикалық, зияткерлік сезімдермен алмастыра білу қабілетін қалыптастыру бойынша жеке жұмыс жүргізіледі. Әлеуметтік педагог өз жұмысында асырап алу және қамқорлық жасау органдарымен тікелей байланыс жасай отырып міндеттерді шешеді. Әлеуметтік педагог заңға сәйкес баланы алдағы уақытқа тәрбиелеуге дайындау іс шараларына қатысады.
Асырап алу және қамқорлық жасау органдарының қызметі кең ауқымды болып келеді. Онда отбасылық кодекс төмендегідей сұрақтарды қарастырады.
- балалар туралы ақпарат алу;
- жасөспірімдердің құқығын қорғау жөнінде олардан өтініш қабылдау;
- балалардың денсаулығына, өміріне қауіп төндіретін басқа адамдардан және ата-анасынан баланы алу;
- отбасындағы тәрбиеде бала құқығын қамтамасыз ету, отбасында баланы тәрбиелеу мәселесімен байланысты талас, дау-жанжалдарды шешуге, баланың атын, фамилиясын өзгертуге қатысу;
- әкесінің өтініші бойынша әке болуға келісім беру;
- жасөспірімнің ата-анасымен байланыс жасауына келісім беру;
- отбасында баланы тәрбиелеу мәселесімен байланысты таластарды шешуде сот ісіне қатысу;
- ата-ана құқығын шектеу немесе айыру туралы хабарлау;
- отбасында баланы тәрбиелеу мәселесімен байланысты іс бойынша сот шешімін орындауға қатысу.
Ата-анасынан қараусыз қалған балаларды отбасында тәрбиелеуге (асырап алуға немесе отбасына қабылдауға) болады, ал мұндай жағдай болмағанда - жетім немесе ата-анасынан қараусыз қалған балалар лайықты мекемелерде тәрбиеленеді. Мұндай мекемелерге жалпы білім беру мекемелері (жетім балалар және ата-анасынан қараусыз қалған балалар ғана оқытып тәрбиеленеді); тұрғындарды әлеуметтік жағынан қамту орталықтары (балалар үйі-интернаттар, мүгедек балаларға, ақыл-ойы баяу дамыған балаларға және физикалық жетіспеушілігі бар балаларға арналған интернаттар, балаларға көмек етуге арналған әлеуметтік-реабилитациялық орталықтар, әлеуметтік приюттер); денсаулық сақтау мекемелеріне (балалар үйі) және заңға сәйкес басқа да мекемелер қызмет етеді[12].
Жетім балалар дүниеге келгеннен бастап үш жасқа дейін балалар үйлерінде тәрбиеленеді. Үш жасқа толғаннан кейін жетім балалар мектепке дейінгі мен мектеп жасындағы балалар үйіне, физикалық және ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларға арналған арнайы интернаттарға, жасөспірімдер мен деликвентті балаларға арналған жабық түрдегі интернаттарға жолданады.
Тұлғаның қоғам өміріне тиімді кірігуіне, Отанды сүю, қоршаған табиғи ортаны аялауына және азаматтық тәрбие беру шараларына ықпал етеді[13].
Психологпен, мұғалімдермен, ата-аналармен немесе оларды ауыстыратын адамдармен бірлесіп, тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.
Әлеуметтік педагогтың әрекет ету кезеңдері:
1-кезең-балалардың және жастардың әлеуметтік өмірінің шынайы болмысын зерттеу;
2-кезең-зерттеу материалдарының қорытынды құжаттарына сәйкес мақсат-міндеттерді анықтайды, проблемалық жағдайға тап болған субъектілердің әлеуметтік өмірінің мүмкіндіктерін есепке алады және жұмысты жоспарлайды;
3-кезең-әрбір іспен әлеуметтік-педагогикалық қызмет кезеңдеріндегі зерттеу нәтижелері мен жоспардың іске асырылу барысында жеткен жетістіктерді конструкциялау жұмысын жүзеге асырады.
Жастарды әлеуметтендіру үдерісінде туындайтын проблемалар екі топқа бөлінеді:
1) Әлеуметтік жастар проблемалары: қазіргі қоғамдағы жастардың рөлі мен орнын анықтау, жастардың құндылық бағдарларын қалыптастыру және олардың моральдық басымдықтары, еңбек нарығында белгілі бір білім деңгейіне жастарды ұсыну үшін ұстаным; саяси бағыттар мен жастардың сайлау мінез-құлқы.
2) Жастардың жеке мәселелері: өмірдің мәнін іздеу; кәсіби өзін-өзі анықтау; сүйіспеншілік, өз отбасын құру; ересектер мен жастар арасындағы өзара қарым-қатынас, жастардың денсаулығы.
Демек, әлеуметтік педагогтардың жастармен жұмыс істеу саласы көп қырлы.
Әлеуметтік педагогтың жастармен жұмыс істеуінің негізгі бағыттарын анықтайық:
- жастармен кәсіптік бағдарлау жұмысы;
- жастар арасында алдын-алу жұмыстары (АҚТҚ-жұқпасының алдын алу, СПИД, жасөспірімдер мен жастар арасында есірткі мен психоактивті заттарды қолдану);
- жастарды жұмыспен қамту;
- жастар жобасымен жұмыс істеу, әскери қызмет;
- еріктілермен әлеуметтік және тәрбиелік жұмыс;
- жас отбасылармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс;
- жас әйелдермен әлеуметтік жұмыс;
- жастарды отбасылық өмірге дайындау;
- жастар үшін мазмұнды демалыс және т.б.
Әлеуметтік педагогтың жастармен жұмыс істеуінің кейбір бағыттарын қарастырайық. Жұмыспен қамту проблемасы: күрделі және жаһандық. Бұл қылмыскерліктің ұлғаюына, жастардың жасаған қылмыстарының санына, халықтың лумпаниясына, жастардың бейімделу мүмкіндіктерін жоғалтуына әкеп соқтыратын жұмыссыздық, бұл жастардың арасында әлеуметтік апатияны, психологиялық және саяси инерцияны тудырады және өз-өзіне қол жұмсайды[14].
Жастармен әлеуметтік жұмыс - әлеуметтік жұмыс істеу қабілетін жақсарту немесе қалпына келтіру үшін жеке жастарға және жастар топтарына көмек көрсетудің кәсіптік іс-әрекеті; қоғамда осы мақсаттарға қол жеткізуге қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ коммуналдық деңгейде, тұрғылықты жері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz