Шет тілін оқытудың маңыздылығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
XXІ ғасырдағы шет тілі мұғалімі
Мазмұны.
Кіріспе
1-Тарау. XXІ ғасырдағы жалпы шет тілі туралы түсінік.
0.1. Шет тілін оқытудың маңыздылығы.
0.2. Қазақстандағы шет тілі мұғалімінің орны.
2-Тарау. XXІ ғасырдағы шет тілі мұғалімі.
2.1. Шет тілі мұғалімінің сабақ беру әдістемесі.
2.2. XXІ ғасырдағы шет тілі мұғалімінің үлгісі.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.



Кіріспе.

Рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты деген.
Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады. ХХІ ғасыр - ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Жеке тұлға, яғни, дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Мақсатты білім беру - тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту тәрбиелеудегі ең озық тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. Сондықтан қоғам талабына сай шебер мұғалім болу заман талабы болып тұрғаны анық. Ал жаңа формация мұғалімі деген кім деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, Қазақстан Республикасының жаңа педагогикалық білім беру тұжырымдамасында:Жаңа формация мұғалімі кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға деп көрсетілген, яғни ол ізгілі мол, әр іске жаңашылдықпен үлкен ізденіспен зерттеуші ретінде қарайтын, ақпараттық технологияны толық меңгерген, коммуникативті, бір сөзбен айтқанда, толыққанда құзырлы адам.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Білім берудің жаңа бағыттары Қазақстандық білім беру реформасының стратегиялық міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді, шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа үлгіні жасауды, Жалпыға арналған білімнен, Білім әркімге өмір бойы үлгісіне сапалы түрде көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етеді. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастырудың басты мақсаты - өзінің және қоғамның мүдесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының әлемдік кеңістігіне кіруі ұстаздық қоғамнан кәсіби міндеттерге және оны шешу жолдарына жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Қазіргі ұстаз бойынан инновациялық қызметтің белгісі ретінде шеберлік, шығармашылық, жете білушілік табылуы керек.
Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі- тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз, - деген еді Н.Ә.Назарбаев [1].
Курстық жұмыстың мақсаты: Тілдерді оқыту жөнінде баспа беттерінде де аз айтылып, кем пікірталастар ұйымдастырылып жатқан жоқ. Сонымен қатар үлгі боларлық заманауи шет тілі мұғалім тұлғасын айқындау.
Курстық жұмыстың міндеті:
- Шет тілін оқытудың маңызы және оның ерекшеліктеріне;
- Қазақстандағы шет тілі мұғалімінің орны;
- Шет тілі мұғалімінің сабақ беру әдістемесін қарастыру;
Курстық жұмыстың құрылымы: Жалпы курстық жұмыс кіріспе бөлім, екі тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттір тізімінен тұрады.

1-Тарау. XXІ ғасырдағы жалпы шет тілі туралы түсінік

0.1. Шет тілін оқытудың маңызыдылығы

ХХІ ғасыр - жаһандану үдерісінің жанданған дәуірі. Өркениеттер арасындағы мәдениетаралық коммуникацияның қарқын алуына экономикалық сауда-саттық, туризм мен іскерлік қатынастардың дамуы, ақпараттық технологиялар желісінің құрылуы негіз болып отыр. Міне, осы процестердің бәрінде ағылшын тілі әлемде үстемдікке ие болуда. Ағылшын тілі Ұлыбритания, АҚШ мемлекеттерінің мемлекеттік тілдері болуымен қатар, БҰҰ ресми мойындаған әлемдік тілдердің көшін бастап келеді. Халықаралық байланыстар өрісінің кеңеюін және интеграциялық процестердің күшеюін ескерсек, ағылшын тілінің әлемдік тілдік-коммуникативтік кеңістіктегі рөлінің артуын табиғи заңдылық деп қарауға болады. Алайда, әрбір мемлекеттің өз ұлттық тілін дамытуға да мүдделі екендігін ескеруіміз керек.[1]
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 2006 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезең-кезеңімен іске асыру идеясын көтергені баршамызға аян. Осы арқылы Қазақстанның тілдік кеңістігінде мемлекеттік тіл - қазақ тілімен қатар, орыс және ағылшын тілдерінің қолданылуына да мән берілетіндігін айғақтайды. Елімізде шетелдік инвесторлар қатарының жыл санап артып отырғанын және Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастық шеңберінде БҰҰ, ЕҚЫҰ секілді халықаралық ұйымдарға мүше екендігін және күн санап Еуропа және Америка елдерімен қатынастың артып отырғандығын ескерер болсақ, шет тілінің қолданылуына қарсылық танытудың еш мәні жоқ екендігін ұғынғандаймыз. Алайда, еліміздің тіл саясатында ағылшын тілінен бұрын мемлекеттік тіл - қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту қажеттілігі бірінші кезектегі мемлекеттік өзекті мәселеге айналып отыр. Дәл осындай алаңдаушылық көптеген елдерге де тән. Өйткені, посткеңестік елдердің көпшілігі де орыстандыру саясатынан қолданысы тарылған өз ұлттық тілдерінің мәртебесін арттыруға күш салып келеді. Шет тілі Қазақстанның білім беру жүйесінде міндетті шетелдік пәндердің бірі ретінде оқытылумен қатар, көптеген жекеменшік және мемлекеттік тіл үйрету орталықтарының бағдарламасынан да орын алып отыр. Бұл еліміздің тілдік кеңістігінде азаматтар тарапынан ағылшын тіліне деген сұраныстың артып отырғандығын білдіреді. Шет тілімен байланысты лингвистикалық мәселелердің біріне кірме сөздер жатады. Қазақ тілінде соңғы жылдары ағылшын тілінен енген кірме сөздердің саны артып келеді. Бұлардың негізгі қоры халықаралық қатынас, экономика, қаржы, бизнес, медицина, ақпараттық технология, білім және ғылым, спорт, т.б. салаларға тән [2].
Тілдің адам өміріндегі ең маңызды роль атқаратыны әркімге де белгілі. Тіл түсінудің, дамудың, танудың негізгі құралы. Тілдердің үш тұғырлығы мәдени жобасы басқа елдермен бейбіт өмір сүріп, ынтымақтастықтық орнату үшін, әлемдегі тіршілік тынысынан, толассыз ақан ақпарат ағынынан хабардар болу үшін де Қазақстанның жас ұрпағының басқа елдің тілін білуінің аса маңыздылығынан туындап отыр.
Уақыт талабына сай тілдік білім беру жүйесінде қомақты өзгерістер орын алуда: тілдік материалдардың таңдалуына, мазмұнына, оның ұйымдастырылуна, тексеру түрлеріне жаңа талаптар қойылып, өзгерістер енгізілуде.
Сондықтан ұстаздар қауымына зор жауапкершілік ,үлкен міндет жүктелуде. Мұндай міндетті шешу - ұстаздардың студентке берілетін ғылым негіздерін , олардың болашақ іс- әрекеттерінің негізі берік, әрі тірегі болатындай етіп оқыту. Ал нәтижелі білім алу үшін әр баланың психолгиялық ерекшеліктерін зерттеу керек. Ол үшін баланың талабын , бесенділігін, бейімділігін, ой- санасының даму дәрежесін, мінез ерекшеліктерін дәл анықтау қажет [3].
Шет тілі пәнінің колледж және мектепте оқытудың басты міндеті - шәкірттердің тілдік қарым- қатынас жасай алу біліктілігін жетілдіру болып табылады. Қарым - қатынас жасай білу нәтижесінде балалардың танымдық қабілетін жетілдіруге, өзін қоршаған ортаға қарқынды әрекет етуі, өз бойындағы қасиеттерді жетілдіру арқылы іске асырады. Соңғы кезде қолданысқа енген : М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы, Ж. Караевтің деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы, С. Мирсейтованың мұғалімнің гуманистік философиясы және сыни ойлауды дамыту жобасын әр мұғалім меңгере алады.
Соны студент бойына қорытып, сіңіру керек. Әр адамның өз тіліне деген көзқарасы арқылы оның тек мәдени деңгейіне ғана емес , азаматығына да ден беруге болады, - деген екен. Үш тіл білу -мәдениеттіліктің белгісі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өз жолдауда атап айтқандай, Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болады. Өз ана тілімен бірге орыс және ағылшын тілдерін меңгеру әр адамның міндеті деп ойлаймын.
Шетел тілін оқытуда білім деп сөздерді олардың мағыналарын, формаларын білуді, сондай-ақ рецептивтік сөз бен продуктивтік сөз процесінде осы тілдік материалмен істелетін операцияларға қажетті мәліметтерді меңгеруді айтамыз[1].
Сонымен, шетел тілінде сөзді меңгеруге байланысты дағды деп рецептивтік және продуктивтік сөз процесінде лексикалық материалды қолдану әрекетін автоматтандыру деп айтуға болады.
В.А.Бухбиндер мен В.Штраустың баспасынан шыққан Основы методики
преподавания иностранных языков атты оқулықта авторлар оқытудың мазмұнынатіл материалын, іскерліктер мен дағдыларды, сөз материалын және ана тілінде жоқ тіл құбылыстарын енгізуді ұсынады.
Ал сөз материалы деген ұғымға Г.В.Рогованың пікірі бойынша, сөз
үлгілері, монолог және диалог түріндегі айтылымдар үлгісі, белгілі
тақырыптарды қамтитын мәтіндер мен ситуациялар кіреді. Бұл мәтіндерде әр
түрлі функционалдық стильдер; яғни көркем мәтіндер, қоғамдық-саяси мен
ғылыми-көпшілік стильдер көрініс табады [4].
Сонымен қатар оқытудың мазмұнына сөз материалын да енгізу керек деген ұсыныс орынды сияқты. Олай болса, оқытудың мазмұны мынадай компонеттерден тұрады: арнайы іріктеліп алынған, меңгеруге жататын тіл материалы (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық және орфографиялық материал); ауызша және жазбаша сөзді дамытуға негіз болып табылатын тақырыптар; ауызша және жазбаша мәтіндер; оқушылардың ана тілінде жоқ тіл құбылыстары; фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, орфографиялық дағдылар; оқыту барысында анықтама әдебиетті қолдану іскерлігі; сөз материалы (сөз үлгілері, монолог пен диалог түріндегі айтылымдар үлгілері).
Яғни, әдістемелік әдебиеттерді талдай отырып, біз шетел тілін оқыту
мазмұнын төмендегі сызбадан көрсетеміз[5].
Шетел тілге оқытудың негізгі мақсаттарының бірі-ол практикада әр түрлі ситуацияларда қолдана білу керек. Жоғарыда берілген оқытудың негізі
а)(фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, елтанымдық,
лингвоелтанымдық),
ә) қарым-қатынас процесінде қандай құралдарды қолдануын білу.
б) дағды мен іскерлік оқыту барысында-тілді қарым-қатынас туралы
ретінде қолдану,
в) сфера, тақырып, ситуациялар онда оқыту мазмұны жүзеге асыралады.,
г) мәдениет - оқыту мазмұнының материалды негізін құрайды. Оқыту мазмұны тұрақты емес. Оны мемлекеттік стандарт, оқыту бағдарламасы анықтайды.
Әдістемелік проблемалардың маңыздысының бірі-оқыту мазмұнын әрбір оқыту орнына лайықты етіп таңдау болып табылады. Қазіргі кезде бұл таңдау 2 принцип бойынша жүзеге асырылады. 1-принцип-алға қойылған оқыту мақсатына жету үшін тілдік мазмұнының жетекшелігі мен қажеттілігі. 2-принцип-оқыту мазмұнын меңгеру үшін қол жететіндей болу. Бұнда оқушы таңдап алынған материалды меңгеруге мүмкіншілігі туралы сөз болып отыр.
Бұл жерде тілге құрал ретінде баса назар аударайық. Арнайы шетел тілін үйрететін жоғары оқу орындарында жетік маман қалыптастыру ерекше орын алуы тиіс. Оның маңызы тілді оқытуда, үйренуде тілдік емес басқа маман иелеріне, өз мамандықтарына қатысты шетел тілін жетік меңгеруіне атсалысу. Соған байланысты жаңа технологиялық оқыту тәсілімен қолданатын оқу орындар сапалы білімді қадағалаудағы жаңа тәсілді нығайтуға негізделген.
Тіл үйретуде сондай-ақ жоғары оқу орнына сай оқу бағдарламасы қажет.
Шет ел тілін меңгеруде студенттер төмендегідей дағдыларды білуі тиіс:
- фонетика: дыбыстардың оқылу ережелері және алфавиттегі әріптерді сөз тіркесінде, әріп тіркестерінде, дұрыс айту;
- орфография: белгілі бір дыбыстарға сәйкес келетін әріптер мен әріп
тіркесін жаза білу, негізгі тілдік қолданыста жиі кездесетін белгілерінің
орфография жағынан дұрыстығы сәйкестігін білу;
- лексика: сөзжасам үлгілері, көп мағыналы сөздердің контекстегі
мағынасы, оқытылатын мамандыққа байланысты терминдер мен лексикалық
құрылымдарды меңгеру;
- грамматика: негізгі қаржы және экономика мамандықтары саласында жиі кездесетін грамматикалық құбылыстарды меңгеру.
Студенттер мынадай іскерліктерді де меңгеруі керек:
оқу: мәтіндерді сөздікпен және сөздіксіз оқу; мәтінне қажетті ақпаратты
табу; оқыған мәтіннің мағынасын түсіну және есте сақтау;
жазу: іс-қағазын толтыру, қысқа тұжырым жазу, құрастыру, іскерлік,
ресми және жеке адамның шағын хатын жазу;
- аударма: аударма ережелеріне сәйкес сөздікті қолданып, шет ел
тіліндегі мәтінді қазақ тілінде немесе орыс тілінде аудару;
- аудирование (тыңдап түсіну): шет ел тілінде айтылған сөйлемдерді
түсіну.
-сөйлеу: сөйлеу ережелеріне сәйкес өз ойын, пікірін шет ел тілінде
қалыптасқан тілдік нормаға сай жеткізу, сұрақ қою, жауап беру, оқытылған
тақырып бойынша шет ел тілінде әңгімелесе білу. Өзі оқыған, тыңдаған мәтін
мазмұнын айтып беру[6].
Біздің зерттеу жұмысымызда лексика маңызды орын алады. Лексикаға
байланысты төмендегі ұғымдар, білімдер шет тілі пәнінен сабақ беретін
мұғалім үшін рөлі зор.
Сөз-лексикалық жүйенің басты бірлігі. Тілдегі номинацияның негізгі
тәсілдері. Лексиканың этимологиялық негіздері. Семасиология. Лексикалық
бірліктердің семантикасы. Сөздің функционалдық аспекттегі семантикасы.
Сөз мағыналарын ажырату әдістері және мағына компоннетерін анықтау. Ана тілі мен шетел тілдеріндегі сәйкес сөздердің мағыналық құрылымының ұлттық-мәдени ерекшеліктері. Сөздің мағыналық құрылымының тарихи өзгермелілігі. Тілдің лексикалық жүйесіндегі семантикалық топтар. Омонимия және оның тілдің лексикалық жүйесіндегі орны. Омонимияның көздері. Сөз тудыру. Сөздің морфологиялық және деривациялық құрылымы. Сөз құрылымының тарихи өзгермелілігі. Тілдегі сөз құрылымын морфемдік және сөз тудыру тәсілі тұрғысынан талдаудың принциптері мен әдістері[7].
Сөз тудыру моделі туралы ұғым. Сөз тудыру жүйесінің негізгі және
кешенді бірліктері. Сөз тудыру жүйесіндегі функционалдық аспект. Тілдегі
сөз тудыру тәсілдері. Сөз тудырудың ұлттық - мәдени ерекшеліктері. Кірме
сөздер - тілдің сөздік қорын байытудың тәсілдері мен жолдарының бірі.
Лексикалық бірліктердің тіркесуі. Валенттілік туралы ұғым. Еркін және
тұрақты сөз тіркестері. Фразеологиялық бірліктер. Фразеологиялық бірлікпен
сөздің бір-біріне сәйкестігі. Фразеологиялық бірліктерді топтау. Сөздік
қордың әлеуметтік және территориялық ажыратылуы. Лексикографияның
негіздері[8].
Тілдік емес жоғары оқу орнында оқытылатын пәндердің студенттерге жалпы білім беруде өзіндік үлесі бар. Шетел тілі де студенттердің жалпы білім деңгейін көтеруге атсалысады. Шетел тілін үйрену студенттердің логикалық ой- өрісін дамытуға көмегін тигізеді. Атап айтқанда, мәтінге, тақырыпқа жоспар құру, жоспарға, суретке қарап, әңгіме айту студенттердің логикалық жүйелі ойлауын дамытады. Шетел тілін оқып-үйрену барысында студенттер оның жүйесі, ерекшеліктері жөнінде мағлұмат алады. Мысалы, белгілік және белгісіздік категориясы, ағылшын, неміс, француз тілдеріндегі шақ жүйесінің ерекшеліктері туралы білімін толықтыра түседі. Бұл мағлұматтар студенттердің жалпы білім деңгейін арттырады. Ал болашақ мамандыққа байланысты лексикаға байланысты үйретудің орны ерекше.
Шетел тілдерін оқыту барысында сол тілдің барлық сөздік қорын меңгеру
мүмкін емес, өйткені шетел тілін оқытуға бөлінген уақыт шектелген. Совет
методикасында лексикалық минимумды іріктеудің негізгі принциптерін біршама толық түрде қамтыған И.В.Рахманов ең әуелі активтік сөздік пен пассивтік сөздікті ажырату қажеттігін атап көрсетеді. Ол әуелі пассивтік сөздікті іріктеу принциптерін келтіреді:
1) сөздердің тіркесу қабілеті,
2) стильдік шектелмегендігі,
3) семантикалық құндылығы,
4) сөз тудыру құндылығы,
5) көп мағыналылығы,
6) көмекші сөз ретінде қолданылу мүмкіндігі және
7) жиілігі.
Бұлардың алғашқы үшеуі негізгі, соңғы төртеуі қосымша принциптер.
Осыпринциптер негізінде пассивтік сөздікті іріктеп алған соң, соның ішіненактивтік сөздікті іріктеп алу керек. Ол үшін жоғарыда аталған принциптерге қосымша тағы да екі принцип қолданылады: Синонимдерді минимумға енгізбеу және ұғымдарды түсіндіру принципі[8].

0.2. Қазақстандағы шет тілі мұғалімінің орны

Жаңа заман талабы білікті азамат, білімі жоғары, шет мемлекеттердің білім стандартына бәсеке бола алатын маман даярлап шығаруды талап етуде,сондықтан елімізде шет тілін меңгеру жоғары деңгейде қарқындап отыр. Ендеше, елбасының қолға алған алғашқы саясатының бірі үштұғырлы тіл мәселесіне орай шет тілінің даму аясы ерекше көрініс тапты.Әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру еліміздің,ұлттың бәсекеге қабылеттілігін шыңдай түседі . Шет тілін меңгеру - уақыт талабы. Елбасы өз сөзінде Ағылшын тілі - ХХІ ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл - деген еді. Жаһандану дәуірінде көштен қалмай үзеңгілес келе жатқан еліміз әлеуметтік - экономикалық және мәдени жаңарулар мектептегі пән ретіндегі оқытылып отырған ағылшын тілі пәнінің өрісін кеңейтті. Егемендік алған жас мемлекетті әлемге танытуда халықаралық қарым-қатынастар көбейе түскендіктен шет тіл мамандары көптеп қажет болды. Жылдан - жылға шет тіліне ықыласы артқан адамдар саны көбейе бастады, шет тілін жаппай меңгеру кезек күттірмес мәселеге айналды. Осыған орай елбасымыз Жаңа әлемдегі - Жаңа Қазақстан-атты жолдауында үштұғырлы тіл мәселесіне көп көңіл бөлген, ашып айтсақ Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы кем дегенде үш тілді меңгеруі керек қазақ,орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлеуі шарт .Көптілділік біз үшін қалыпты жағдайға айналуы керек. Еліміз бүкіл әлемге үш тілді еркін пайдаланатын, жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс -деген болатын. Демек тіл кез-келген танымдық іс-әрекеттердің құралы, ойлаудың формасы тілдік дамудың негізі болып саналады.
Бұлар:Қазақ тілі - мемлекеттік тіл,
Орыс тілі - ұлтаралық тіл,
Ағылшын тілі- жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі боып танылып отыр. Яғни мен өзімді тіл маманы ретінде үштұғырлы тіл саясатын берік ұстанған, оқушыға сапалы білім, саналы тәрбие беруді міндетім деп білемін. Кез-келген елдің тілін үйренуде алғашқы қадам қызық және оңай болып көрінеді өйткені тілдің құрлысы бірінші дыбыстық жүйеден құрылады бірақ, сол дыбыстық жүйені игеру дұрыс сөйлеудің алғышарты болып табылады. Әр пәннің өз қиындығы бар, шет тілінің оқылуы мен жазылуы екі түрлі болғандықтан фонетикалық аспектіліерге тоқталмай өту мүмкін емес. Жалпы шет тілін оқытудың мақсаты шет тілін іс жүзінде меңгеру оны тіларалық қатынас ретінде пайдалану. Білімділік мақсаты - шет тілінде сөйлеуге үйрету, байланыста бола алу, ортақ тіл табысып, түсіну арқылы қарым қатынасты нығайтуға ұмтылу болып табылады. Ал тәрбиелік мақсатына келетін болсақ - өзге елдің мәдениетімен танысу арқылы өз пікірі қалыптасып ой - өрісі дамиды. Негізінен нағыз ұстаз - тілді меңгертуде лексикаға көп ден қойғаны дұрыс деп есептеймін. Лексика - қарым - қатынасты ұлғайтуда ең негізгі бағыт-бағдар беретін тілді меңгерудегі ең маңыздысы. Өйткені тілді яғни сөздік қоры бар оқушы грамматикалық қателігі болса да қарым-қатынасқа түсе алады. Мысалы сөйлеушінің сөзінен грамматика арқылы емес, лексикалық сөздің мағынасы арқылы байланыса аласың, яғни сөйлеуші мен тыңдаушының арасындағы түсіністік, сөздің мағынасы арқылы іске асады әрине грамматика қажет емес деп кесіп айтудан аулақпын бірақ, тілдің қарым - қатынас құралы сөздіктің жақсы қалыптасуынан дегім келеді. Елімізге тілді үйретуде өз еркімен келушілер легі (волантерлар) соңғы жылдарда көптеп келгенін білеміз, бірақ сол үйретушілердің өз араларында да біздің еліміздегі сауаттылықтың жоғары екеніне көз жеткізгенде, қатты таң қалғандары да болды, ал олардың өз араларында грамматиканы жетік меңгермегендері де бар болып шықты, оны өздері мойындап та жатты. Алғашқы жылдары келген еріктілерді елімізде құшақ жая қарсы алып қабылдап жаттық, әрине өзге елдіктердің келгендері де жақсы ғой, дегенмен де қазіргі таңда өз арамыздан педагог кадрларды шетелдерге тәжірибе алмасуға көбірек жіберсе, соның ішінде мектеп мұғалімдерін жиірек жіберуді қолға алса екен деймін. Ағылшын тілін үйретуде түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланылады, сөздерді мағыналық заттан суреттер арқылы, түрлі макеттер мен заттар арқылы тіпті ойыншықтар пайдалану арқылы түсіндіруге болады[9]. Мүмкіндігінше визуалды мысалдар келтірген жөн. Тіпті мысалдарды өмірден алып, өз ортасымен байланыстырсақ білім алушының қызығушылығы артады. Демек шет тілдерін оқытуда тілдік материалдармен танысу ғана емес оның оқыту жолын, қолданылуын көрсетіп, айтуға, жазуға, оқуға пайдалану дағдысын қалыптастыруымыз керек. Ал сапалы білім беру жолында еліміздің білім беру саласында аз қызмет атқарылып жатқан жоқ, алдымен тіл мәселесін бір жүйеге келтірген соң мемлекетіміз білімді педагогтар даярлауға бет бұрды. Білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.
Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді талап етті. Осы мақсатта көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік берді.
Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және жоспарланған нәтижеге жеткізетін іс-әрекеттер көзі болды.
Ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасалды, ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралына айналды[10].
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық қажеттіліктерімен тығыз байланысты беру және технологияларды жетілдіру көзі деп атап көрсеткендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестірумен және оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр[11].
Заманауи педагогтер қызметкерлерінің негізгі мақсаты-білім алушылардың білімін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік беру. Жалпы педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады.
Мұғалім - өз білімін үздіксіз жетілдіріп, іздену үстінде болғанда ғана мұғалім, ал ізденуді тоқтатқан күні оның мұғалімдігі тоқтайды-деп ұлы педагог Ушинский айтқандай білім алу мен білімді болу қоғам дамуына ықпалы зор факторлар. Нағыз педагог өмір бойы оқиды,үйренеді. Әлемдегі жаһандық өзгерістерге бірінші болып ілесетін, жаңашылдықтың жаршысы - педагог.
Еліміздің педагог кадрларды жаңа форматты білім беруде енгізілген үш айлық курс, үш деңгейде оқытып, оны мектеп қабырғасындағы мұғалімдерден бастаған, яғни білім саласындағы ең кіші сатысы, төменнен жоғарыға дейін оқытуды қамтамассыз еткен бұл бағдарламаның басты мақсаты мен түйінді идеясы маған қатты ұнады. Осы деңгейлік курстың бірінші ілгері деңгейін оқып ,бітіріп шықтым. Толығырақ айтатын болсам Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдар аралығындағы білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі - педагог кадрлардың біліктілігін арттырудағы білім берудің сапасын арттыру және құрылымдық жүйелердің әрекеттестігімен өзара тиімділігін арттыруда Кембридж Университетінің білім бөлімінің білікті мамандарының Қазақстан педагогтарына арнайы ұйымдастырылған Кембридждегі оқыту тәсілдерінің теориялық негізін елімізге енгізу үлкен жетістік болды. Қазіргі жаһандық заманауи дамуда тұралап қалған еліміздегі білім беру саласының, әлемдік білім беру стандарттарымен таныса отырып, оның тиімді тұстарын жүйелеп, өз елімізде пайдаланып, іске асыру жолында көп жұмыстар атқарылуда. Бұл өзгерістер тек педагогтер үшін емес сонымен қатар мектептердегі жаңа пәндердің пайда болуына, оқыту әдістемелерінің де өзгеруіне мүмкіндік тудырды. Біз осы курстың бетпе - бет кезеңінде заманауи оқытудағы топтастырылған жеті модульмен таныстық[12]. Олар:
1. Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. АКТ және сандық технологияларды білім беруде пайдалану.
4. Оқу үшін және оқытуды бағалау.
5. Дарынды және талантты балалармен жұмыс жүргізу.
6. Орта білім берудегі жас ерекшеліктеріне байланысты топтағы психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері.
7. Мектептегі басқару жүйесімен көшбасшылық - бұл аталған жаңаша оқыту модульдердің барлығы білім берудегі осы уақытқа дейінгі белсенді қолданып келген Жанпейісованың Модульдік оқыту жүйесі, Сатылай кешенді оқыту, СТО-стратегиялық бағдарламасы бойынша білім берудегі жаңа технологиялардың қатарын толықтырғандай болды. Сындарлы оқытуда білім алушыға білім бере отырып, сол алған білімін болашақта пайдалана алуға бағыт беру дағдысын қалыптастыру екен, ал біз дәстүрлі оқытуда алпыс жыл бойы тек білім берсек ал дағды қалыптастырмаған екенбіз. Яғни білім, білік бар да дағды жоқ. Білім алушы өз ойын еркін айтып, сабақта топтық, жұптық, жеке жұмыс жүргізіліп, өзін-өзі және өзара бағалап, топта ынтымақтастық қарым-қатынас орнатылады, жеке тұлғаға бағытталған, құзіретті тұлға қалыптасады. Сабақ топтық жұмыстармен тығыз байланыста іске асады топтастыруда менің қолдағаным және ұнағаны топтастырудағы топтың үздіксіз ауысып отыруы егер бір орыннан тапжылмаса оқушы дамымайды деген қағидаға толық көз жеткіздім. Өйткені бұл жағдай өз тәжірибемде толық көрініс тапты. Оқу үдepici бeлceндi әpi жaңaны үйpeну тұpғыcындa жүpгiзiлуi кepeк. Шәкipт шынaйы өмip туpaлы жeкe түciнiгiн өзi қaлыптacтыpaды, мұғaлiм oның түciнiгiн қoғaммeн, opтaмeн бaйлaныcтыpуғa жaғдaй туғызуғa, қaжeт бoлғaндa бaғыт-бaғдap, aқыл-кeңec бepeдi. Мeн өз мeктeбiмдeгi oқушылapымды шeт eл мeктeптepiнiң oқушылapымeн тeң caнaймын, бiздiң бaлaлapдың дa қaбылeтi жoғapы өйткeнi мeн мeктeптe caбaқ бepу бapыcындa oқушылapыммeн жиi пiкipлeceмiн, coндa oлap oқыту мeн oқудaғы нeгiзгi пpoблeмaлapды өзiммeн тeң тiптi acып кeтeтiн құнды oйлap aйтып, өздepiнiң ұcыныcтapын aйтa aлaды [13]. Мыcaлы қocымшa caбaқтap өткiзiп, шет тiлiнeн дaяpлaйтын куpcтapғa бapып, тiптi интepнeт apқылы шeт eлмeн тiкeлeй бaйлaныcып cөйлeceйiкшi дeгeн қызығушылық тaнытaды oл мeнi қaтты қуaнтaды. Өйткeнi oлap өз бoлaшaғын aнықтaуғa жәнe жocпapлaуғa ұмтылaды. Оcы бaғдapлaмaның aяcындa Oқушылapдың aлғaн aқпapaтты ecтe caқтaуының opтaшa пaйызы дeп aтaлaтын пиpaмидaны көpгeндe AҚШ - тaғы Бeфeльмeн штaтының ұлттық oқу зepтхaнaлapындa жүpгiзiлгeн зepттeу бoйыншa oқушы aлғaн aқпapaтты төмeндeгiдeй ecтe caқтaйтын бoлыпты:
Caбaқ бepу - 0,9%
Oқу - 10%
Тыңдaлым - 20%
Көpceтiлiм -30%
Тaлқылaу - 50%
Тәжipибeлiк caбaқтap - 75%
Бiлiм бepу - 90%
Жaңaшa oқытып oқушының тoлыққaнды бiлiм aлуынa бaғыт бepудe тoппeн жұмыc icтeу өтe тиiмдi бiлiм aлудың шыңы, яғни oлap тaлқылaйды. Тәжipибeдe көpceтeдi, дәлeлдeйдi. Coндa ғaнa, oлap өздepiнe қaжeттi бiлiм aлa aлaды. Осындай дәлелдеулерден соң, пәндік білім беруді жаңа технологиямен байланыстыра отырып, шет тілінің болашағы елімізде жарқын дамуда деп, нық сеніммен айта аламын.

2-Тарау. XXІ ғасырдағы шет тілі мұғалімінің үлгісі

2.1. Шет тілі мұғалімінің сабақ беру әдістемесі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев республикалық білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ сьезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі - шығармашылық тұрғыдан бәсекелестікке сай үш тілді жетік меңгерген, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны оқытып - тәрбиелеу деп атап көрсетті. Бұл жерде негізгі ролді білім беру жүйесі алып отыр[14].
Қазақстан Республикасының білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттың және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жекеадамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.
Қазіргі кезеңде бүкіл әлемдік қоғамда болып жатқан өзгерістер адам өмір сүріп жатқан ортадағы барлық саланы, соның ішінде, білім беру саласын да қамтып отыр. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып жан - жақты терең білім беру, сөйтіп білікті маман даярлауға бүкіл әлемдегі өркениетті дамыған елдер басты көңіл бөліп отырғаны да сондықтан.
Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 45 минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне, осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Білімді алуда іс - әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуге, ізденуге, таңдауға, т. б. үйренеді. Сол үшін ескі дәстүрлі сабақтан қашып, ең озық, тәжірибеден өткен технологиялардың бірінің тиімділігін сәйкес таңдау қажеттілігі туады. Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа алып келеді. Ал зерігу болған жерде шығармашылыққа жол жоқ.
Қазіргі қоғам сұранысына сай білімді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзін-өзі дамытып жетілдіре алатын жеке тұлға тәрбиелеуге аса назар аударылуда. А. Байтұрсынов өзінің Мектеп деректері еңбегінде былай деп жазды: ... Мұғалім қандай болса, мектеп, пән сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқыту алты бағытты қамтиды. Олар мыналар:
1. Модельдік технологиясы
2. Рейтингтік жүйе
3. Дамыта оқыту технологиясы
4. Сын тұрғысынан ойлау
5. Іскерлік ойын технологиясы;
6. Қабілетті оқушылармен жұмыс технологиясы.
Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалімдердің ізденісі арқылы оқушы қабілетіне қабылдау деңгейіне қарай іріктеліп қолданады. Технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін біз өзіміздің алдымыздағы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсат-мүддеме сай, өзіміздің шеберлігімізге орай Шет тілін оқытудағы ойын технологиясы (оқыту кезеңдеріне қарай) технологиясын таңдап алдық. Шет тілін үйретудің негізгі әдістемелік бағыты оңайдан қийынға қарай бағытталғандықтан бізге ойын технологиясын қолдану өте тиімді[15].
Шет тілі сабақтарында оқушылардың білім - біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор. Сабақ үрдісінде оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Жақсы құрастырылған және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан оқыту тәсілі болып табылады.
Еліміздің болашағы балаларда болғандықтан, оларға жаңаша білім беру керектігін мақсат қоя отырып, Ойын арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту проблемасы бойынша жоспарланған жұмыстарымды толығымен орындау үшін өз тәжірибемді жетілдіру барысында көптеген жұмыстар күтіп тұр деп ойлаймын.
Ағылшын тілі сабағында әрбір оқушының сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады.
Қорыта келгенде, оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын көтеру болып табылады. Яғни, ойын әрекетінсіз ағылшын тілі лексикасын оқушының есінде қалдыру тиімділігі аз және ақыл ой күшін көп қажет етеді. Оқу үрдісіне енгізілген ойын ағылшын тілі сабағында оқутыдың бір түрі ретінде қызықты, жеңіл және жанды болуы керек. Ойын оқу үрдісін жеңілдететінін ескеру қажет. Оқытушының сабаққа қойған мақсатына, міндетіне, шартына байланысты ойын түрі өзгертіліп отырылуы қажет[16].
Психология ғылымы әдістемеге көп көмек көрсетеді. Шет тілін үйренуде ана тілінің орны мен оның шет тілін үйрену кездеріндегі қызметі, әр түрлі дағды мен біліктілік түрлерінің сәйкес келуі, жаңа тақырыпқа арналған әдістер мен тәсілдерді таңдай білу, т.б. психология ғылымының негіздерін білу қажет. Әдістеме ғылымы жүйке жүйесі физиологиясы ғылымымен де байланысты. Атақты орыс ғалымы Павловтың айтуынша адамның жоғары жүйке жүйесінің қызметі-сөйлеу және ойлау, жүйке жүйесінің ерекше қызметі. Бұл қызмет түрі тк адамда ғана дамыған. Павловтың тероиясы бойынша, дабылдар адамның сезу мүшелері арқылы келіп түседі. Адамның әрекетінің бір түрі - сөйлеу әрекеті.
Әдістеме ғылымы линвистика ғылымымен тығыз байланысты, себебі лингвистиканың негізгі проблемалары тіл мен ойлау, грамматика мен сөздік т.б. әдістемеге де қатысты бар.
Әдістемеде лингвистика ғылымының оқу материалын іріктеудегі зерттеулері негізге алынады. Көптеген атақты лингвистер лингвистика теориясын ғана зерттеп қана қоймай, оларды тілді оқытуда қалай пайдалану керек екендігін де зерттеген.
Шет тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдар сияқты зерттеу мәселелері бар:
1. Шет тілін өз елімізде, шет елдерде оқыту жолдары
2. Әр түрлі мектептерде алдыңғы қатарлы мұғалімдердің тәжірибесін зерттеу және қолдану
3. Тәжірибелер арқылы жаңа әдістемелік тақырыптар енгізу.
Соңғы кезде тәжірибе жасау әдіскерлер арасында кең тараған. Шет тілін оқыту әдістемесінде зерттеу қажет ететін проблема көп. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзге тілді мәдениетті оқыту барысындағы лингвоелтаным аспектісінің ролі
Аудио оқыту құралы ретінде
Ағылышын тілі сабақтарында Интернет желісін пайдаланудың теориялық негіздері
Үштілділік-заман талабы
Шет тілін оқытуда жекелендірілген тәсілдің теориялық негіздері
Шет тілін оқытудың психологиялық негізі
Оқыту және сөйлеу жағдаяттарының түрлері
Шет тілдерді оқытуда компьютер тиімді құрал ретінде
Диалогтық сөйлеуді оқыту әдістері
Көрнекілік әдістерді ағылшын тілін үиренудегі маңызы
Пәндер