Репортаж жанрының ерекшелігі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 2

I-Тарау. Тележурналистика саласындағы репортаж . . . 5

  1. Репортаж түрлері және репортаж берудің стилі . . . 5
  2. Репортаж жанрына қойылатын басты талаптар . . . 9

II -Тарау. Қазақ баспасөзіндегі репортаж жанрларының тілі мен стилі . . . 14

2. 1. Газеттегі репортаждың ерекшелігі . . . 14

2. 2. Газет жанрларына тіл, стиль жөнінен қойылатын талаптар . . . 20

Қорытынды . . . 25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 26

Кіріспе.

Әрбір жанрдың өзіндік ерекшелігі - өзіндік әдеби-стилін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Репортаж жанры кейіпкердің қатысу мен эмоцияның үйлесімісіз мүмкін емес. Сонымен қатар, репортаж жеделдікті қажет етеді. Репортаж ең алдымен болған оқиға, байқалған құбылыс жайында бастан-аяқ баяндау. Ол бүгінгі таңда журналистика саласында кең етек алған жанрлардың бірі. Репортаж барысында журналист оқиғаны сан қырынан көрсетіп, шынайы болмысты оқырманға, тыңдарманға, я көрерменге жеткізеді.

«Репортаж» сөзі латын тітінен аударғанда «хабарлау» деген мағынаны білдіреді. Оның даму кезеңі баспасөзің дамуымен тұспа-тұс келеді. Оның алғашқы белгілері заметка жанрында байқалады. «Репортаж оқиға болған жердің топырағында туады. Сондықтан да репортаж дегеніміз - оқиғаның өзі» дейді профессор Т. С. Амандосов. ал ғалым С. Байменше: «Репортаж - баспасөздегі жібек баулы жанрларының бірі. Өйткені репортажды жазу оңай емес. Журналистер, әдетте репортаж жазудың әртүрлі нысандарын қолданып отырады. Мысалы, ол автордың болған оқиға жөніндегі монологына да құрылуы мүмкін. Мұндай жағдайда автор өзін көрсетпейді, бірақ оқырман автордың қаншалықты қатысы бар екендігін сезіп, біліп отырады», - деп түсіндіреді.

Репортаждағы басты мақсат - оқиғаны елестету, көрсету, суреттеу болып табылады. Мысалы, газет репортажы ең қиыны. Себебі, оқырман оны оқып отырып, оқиғаны көз алдынан еткізуі шарт. Бұндағы оқырманның оны көз алдынан өткізіп, сезінуі, бір сөзбен айтқанда, барлығы да автордың жазу шеберлігіне байланысты. Ал, керісінше, радио мен теледидарда салыстырмалы түрде жеңілірек. Өйткені, эфирден дауыс, көңіл-күй естіледі, теледидардан әрі көріп, әрі естиді.

Репортаж негізінен 3-ші жақта баяндалады. Әйтсе де, онда автордың «мені» айрықша білініп тұрғаны шарт. Өйткені, оның осы «мені» репортажда оны және бір қырынан көрсетуге көмектеседі. Автор мұнда мәселенің тек сыртына ғана үңіліп қоймай, «өзінің» «мені» арқылы оқиғаның ішкі тылсымын да түсіндіруге тырысады. Яғни, бұл жерде репортаждың басты кейіпкері-автордың өзі. Басқа хабарлама жанр-лар негізінен болған оқиғаны хабарлаумен шектелсе, ал репортаж болса қысқа жазылатынына қарамастан, құбылысты жан-жақты, барлық көрінісімен суреттеуге тырысып, әрекет жасайды.

Курстық жұмыстын өзектілігі. Тандаған тақырыбымның өзектілігі, бүгінге журналистика саласындағы онын ішінде тележурналистика және баспасөз журналистикасының репотаж жасаудын маныздылығын, ұйымдастырылу мен жасалу жолдарын анықтау. Репортаж - бұл ерекше жанр болғандықтан. Мұндағы өзіндік стил, сюжет және көрнекілік, дәлелдеушілік сияқты болып жатқан оқиғаға авторлық қарым-қатынастың болуы өте маңызды екендігінде қарастыруға болады. Сондай-ақ репортаждың тілі мен стилі туралы өзекті мәселелерді қозғауға болады. Репортаждың тілі мен стельі ол екі бастама болуы мүмкін: деректілік пен көркемдік. Олар өзара тепе-теңдікте болуы тиіс, егер көркемдік басым болса, репортаж беллетрисикаға айналады, тек деректі ғана тізіп берсе репортаж құрғақ және қызықсыз болады.

Тақырыптың зерттеу деңгейі. Репортаждың жанырлық түрлерін анықтау, ең алдымен репортаждың шығыу тарихымен тұспа тұс келеді. Белгілі бір шығарманың, газет материалының өзіне ғана тән, өзін ғана ерекшелендіріп тұрған құрылымдық-композициялық, тілдік, стильдік, тағы басқа белгілерінің жиынтығы оның жанрын айқындайтың осы репортаж болып табылады.

Тақырыпты зерттеу обьектісі. Жалпы журналистиканың дамуы, пайда болуы мен қалыптасу, журанлистика мен репортаждын бір-біріне қатыстылығы тақырыпты зерттеудің басты обьектісі болып табылады.

Курстық жұмыстың құрылымы. Жылып курстық жумыс екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлімі телжурналистикадығы репортажға арналса екінші бөлімі баспасөз саласындығы репортажға негізделген. Сондай-ақ, қорытынды бөлім және пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

I-Тарау. Тележурналистика саласындағы репортаж.

1. 1. Репортаж түрлері және репортаж берудің стилі.

Репортаж - репортаж деген атау латынның «репортере» жаңалық, хабарлаушы, жеткізуші, келуші деген сөзінен алынған. Репортер жазатын ақпараттық матераилдың бір тобын репартаж деп атаймыз. Репортажда жұртты күнделікті болып жатқан оқиға айғақтардан хабардар етеді. Екіншіден, репортаж басқа ақпараттық жанрлар тәрізді жаңалықты, құбылысты жай хабарлап қоймайды суретін көз алдыңа елестеді. Үшіншіден репортаждағы әрекет өз кезегімен орын алу даму шешілу кезеңімен баяндалады. Яғни репортаж мітінінің құрылысына хронологиялық сипат тән. Репортаж жанрының ерекшелігі. Репортаж. Бұл жанр төңірегінде зерттеушілер арасында түрлі көзқарастар бар. Ал, осы пікірлерден шығатын қорытынды, біріншіден, репортаж - негізгі фактіге құрылатын, оқиғаны шындықпен суреттейтін әрі белгілі бір объектіге арналатын жанр. Бұл қасиеттердің барлығы оның хабарлама жанрына жататынын дәлелдейді.

Екіншіден, репортаж - эмоциямен жазылады. Оқиғаны әсерлі етіп, әдемі сөздермен өрнектейді.

Үшіншіден, репортаж - халықтың көзі мен құлағы тәрізді. Оны жазу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Репортажды жазу үшін оның жанрлық ерекшелігін жете меңгерген жөн. Оны жазған журналист өзі қатысқан немесе өзі бақылап тұрған оқиғаны әлі жеткенше көркем тілмен жазуы керек.

Төртіншіден, репортаж - нақты бір уақыт аралығындағы болып өткен жаңалықты, оқиғаны қамтиды. Репортаж басқа хабар жанрлары сияқты жаңалықты, оқиға, құбылысты жай хабарлай салмайды, көз алдымызға елестетеді, суреттеп көрсетеді. Оқиғаның болған жері, ондағы кейіпкердің көңіл-күйі репортаж арқылы көрсетілуге тиіс.

Бесіншіден, репортажда автор көрген-білгенін тізе беру емес, оқиғаның ең маңызды, керек тұстарын ғана баяндайды. Репортажда проблема көтеріліп, ұсы-ныс-пікір айтылуы тиіс. Репортажда ойдан қосуға болмайды, ол оқиға сәттерін дәл беруге, ондағы әрбір сәтті шын, болған қалпында суреттеп, иә болмаса хабарлауы керек. Ең негізгісі - факті дәл әрі нақты берілуі тиіс.

Репортаждағы басты мақсат - оқиғаны елестету, көрсету, суреттеу болып табылады. Мысалы, газет репортажы ең қиыны. Себебі, оқырман оны оқып отырып, оқиғаны көз алдынан еткізуі шарт. Бұндағы оқырманның оны көз алдынан өткізіп, сезінуі, бір сөзбен айтқанда, барлығы да автордың жазу шеберлігіне байланысты. Ал, керісінше, радио мен теледидарда салыстырмалы түрде жеңілірек. Өйткені, эфирден дауыс, көңіл-күй естіледі, теледидардан әрі көріп, әрі естиді.

Репортаж негізінен 3-ші жақта баяндалады. Әйтсе де, онда автордың «мені» айрықша білініп тұрғаны шарт. Өйткені, оның осы «мені» репортажда оны және бір қырынан көрсетуге көмектеседі. Автор мұнда мәселенің тек сыртына ғана үңіліп қоймай, «өзінің» «мені» арқылы оқиғаның ішкі тылсымын да түсіндіруге тырысады. Яғни, бұл жерде репортаждың басты кейіпкері-автордың өзі. Басқа хабарлама жанр-лар негізінен болған оқиғаны хабарлаумен шектелсе, ал репортаж болса қысқа жазылатынына қарамастан, құбылысты жан-жақты, барлық көрінісімен суреттеуге тырысып, әрекет жасайды.

Енді репортаждың тілдік қүрылымына келетін болсақ, онда репортаж жазу барысында көптеген нәрселер қамтылады. Мысалы, хабарлау, суреттеу, көрсету, бағалау т. б. Бұл қасиеттерді қамту автор тілінің тартымдылығын талап етеді. Сондықтан да біз репортаждан басқа да газет жанрларына тән элементтерді кездестіріп отырамыз. Бұл жөнінде орыс зерттеушісі Е. Рябчиков: «Репортаж басқа жанрлардың арасында көрнекті орын алады. Ол бойына очерк, интервью, есеп, корреспонденция сияқты түрлі жанрлардың ең жақсы белгілерін жинай білген. Оның басқалардан айырмашылығы - белсенділігі мен күрескерлігінде, өмірдің алуан түрлі тақырыптарын қозғай білуінде. Кез келген оқиғаны жаза отырып, репортер оқиға көріністерін әдемі суреттейді, қатысушы адамдарға мінездеме беріп, олардың бет-бейнесін шебер жасайды. Сондай-ақ, оқырманға олардың тілдік белгілерін көрсетуге, езі жазып отырған (завод, цех, т. б. ) органдарының ауасымен тыныстатуға тырысады», - деп жазған.

Репортаж, әдетте, бір оқиға төңірегінде жазылған-дықтан нақты фактіге құрылуы керек. Басты міндет - шындықты көрсету. Жалпы алғанда, репортаж ауызекі сөйлеу және кітаби стилмен жазылады. Ал, ауызекі сөйлеу стилі болса, автордың «менімен» тығыз байланысты. Бәрімізге белгілі бұл екі стилдің жазылуы өте жеңіл әрі баршаға түсінікті болып келеді. Бұған себеп, репортаж қысқа болған соң, оған түсінікті, қарапайым тілмен жазылу тән. Тегі, репортажды жақсы жазамын деп әрсіз метафора, эпитет, қиын да күрделі метонимия, әлсіз әсерлі ету құралдарын қолдану дұрыс емес. Себебі, дұрыс қолданыс таппаған тіркестер, материалдың шынайы реңін, әрін жояды. Бұл жерде тағы бір ескеретін жай репортажды әсерлі етіп жазудың екінші бір жолы - диалогты қолдану. Егер автор өзінің айтар ойын оқырманға диалог арқылы ұқтыра алса, репортаж көркемдігі одан әрі арта түсері сөзсіз.

Репортажды жазу және ұйымдастыру жөнінде бір-екі сөз. Әрине, бұл жөнінде «рецепт» ұсыну дұрыс емес. Солай бола тұрса да теория мен тәжірибенің негіздеріне сүйене отырып бірқатар ойлар мен ұсыныстарды ортаға салу жөн болса керек. Ең алдымен, репортажды жазу өте шапшаңдылық пен аңғарымпаздықты талап етеді. Тіпті материалды лезде жаза да, ұйымдастыра да білу керек. Репортаж жазушының бұл жанрды жазуға өзінің табиғи қабілеті мен таланты болуға тиіс. Журналист - творчестволық кызметкер. Оқиға болған жерге барғанда көрген-білгендері онын ой елегінен, субъективтік қабылдауынан барып өтеді. Сондықтан журналист көргендері мен сезгендерін, ойда жүргендерін күні бұрын қандай да болса белгілі бір схемаға салып қоюы әсте мүмкін нәрсе емес.

Журналист репортажды жазуды жоспарлап, ойға салу үстінде біздің жан-жақты сан алуан күрделі өмірімізді тым жақсырақ, неғұрлым ұғымдырақ, толығырақ, сапалы етіп көрсетуді ешбір естен шығармауға тиіс. Журналистің жазуға ықыласы ауған әрбір мәселе мен кездескен оқиғасының тек өзіне ғана тән өзгешеліктері және ешбір қайталанбайтын ерекшеліктері болады. Міне, сондықтан да әрбір оқиға мен факті жайында жазудың, оны көрсете білудің әдістері әрқашанда да соны және жаңаша, ерекше болуы керек. Айталық бір ғалым өзінің ғылыми лабораториясында бидайдың бір жаңа сортын өсіріп шығарды. Міне, осыны жазу үшін оған репортёр келді. Мұны жазу ісіне репортёр ең әуелі лабораториядағы адамдар туралы айтып, коллективті әңгімелеуден бастауы мүмкін. Өйткені қазіргі заманда ғылымның үлкен-үлкен тамаша табыстары коллективтік еңбектің нәтижесінен шығуы кімге де болса түсінікті. Демек репортажды әуелі жалпы мәселеден бастап, сонан соң жалқыға қарай ауысып, ең басты мақсат - ғалым бидайдың жаңа сортын қалай шығарғанын толық жан-жақты жазуға болады.

Репортаждың мақсаты - болған оқиғаны тек бұлжытпастан суретке түсіру емес. Журналист оған тиісті мағына беріп, оның бояуын «қылқаламмен» әдемілей білуі керек.

Репортаждың түрлері

Оперативті репортаж. Бұл репортаж белгілі бір уақыттың ішінде болған оқиғаны ғана қамтиды. Мысалы, бір делегацияның келуі, салтанатты жиылыстар мен мерекелердің өткізілуі, немесе спортшылардың кездесулері және тағы басқа оқиғалар. Мұндай оқиғалар белгілі бір күнде, нақтылы бір уақытта өтеді. Сондықтан сол күні, сол сағатта оған қатысып жазбасаң, әрине, оның маңызы болмай қалады. Ал маңызын жойып алған репортаждың ешбір мағынасы қалмайды. Сондықтан мұндай репортажды тек оперативті түрде ғана жазуға болады.

Оқиғалы репортаж. Кең-байтақ Отанымызда талай-талай таң қаларлық құбылыстар мен оқиғалар болып жатады. Кейбір оқиғалардың қоғамдық-саяси мәні болумен бірге, ол Отанымыздың даму кезеңдерінен елеулі орын алатын оқиғалар болады. Ал, кейде болған оқиғаның тек еліміз үшін емес, бүкіл социалистік елдер үшін, социалистік система үшін, қала берді бүкіл адам баласының тарихында елеулі орын алатыны да болады. Әрине, мұндай жайлар бүкіл елімізді, оның халқын, қала берді бүкіл жер жүзін, бір сілкіндіріп тастайтындығында сөз жоқ. Міне, осындай мәні өте зор оқиғаға арналған репортаждарды оқиғалы репортаж дейміз.

Проблемалық репортаж. Бұл репортаж халық шаруашылығының барлық саласынан жазылады. Репортаждың бұл түрі кәсіпорнының, колхоз бен совхоздың күнделікті өмірінен, ғалымның лабораториясынан жазылады. Әрине, бұл жерде ешқандай оқиға болмайды. Өйткені, кеше де, бүгін де, ертең де заводтар, колхоздар мен совхоздар, кәсіпорындары жұмыс істеген, істеп те жатыр және істейді де. Репортаждың мұндай түрінде журналист кәсіпорындары мен совхоздардың немесе колхоздардың бір күнгі еңбек көрінісін суреттеп жазады. Болмаса жеке бір озаттың еңбек қимылын қамтиды. Мұндай репортажда істің жақсы жақтары: озат кәсіпорны, үздік еңбектің үлгісін көрсетуші адам туралы баяндалады. Мұндай жайсаң жайларды көрсету арқылы, газет оны халық шаруашылығына тартуды көздейді.

Жол-жөнекей репортаж. Репортаждың бұл түрі жол-жөнекей очеркке ұқсас келеді. Ол оқиға туралы баяндаумен қатар журналист жол-жөнекей көргендерінің ішшде елеулі нәрселердің бәрін қысқа баяндап отырады. Журналист заводты, қаланы, яғни белгілі бір объектіні аралағанда назар аударатын жайларды қысқаша, қоюлап жазып отырады. Жол-жөнекей репартаж көбінесе репартердің оъектіні аралау сапарынан туады.

Сөйтіп, жол-жөнекей репортаж көбінесе кәсіпорындары мен совхоз, колхоз шаруашылығын аралау үстінде туады. Репортёр мұндай репортажды жол-жөнекей байқап, көрген-білгендерін әдемілеп суреттей отырып аралаған жерлерінің барлық жайын, адамдардың еңбегін, олардың көңіл күйін көрсетеді.

Интервью Журналист қоғам қайраткерлерімен немесе шаруашылық салаларында істеп жүрген озаттар мен сан алуан мәселелер жөнінде әңгімелесіп, пікір алысады. Әрине, бұл әңгімелер мен пікірдің біздің ұшан теңіз болып толқып жатқан өміріміз үшін маңызы мен қоғамдық саяси мәні зор болуға тиіс. Әңгіме болып отырған мәселенің мән-жайын жақсы білетін, болған оқиғаны дұрыс бағалай алатын адамнан интервью алу газет үшін өте бағалы болып саналады.

Әңгіме, кез келген адаммен кездесіп, онымен ауызба-ауыз сөйлескен әңгімені бұлжытпай жазып алу деген сөз емес. Жұмыстық табысты болуы мынадай жайларға байланысты: журналист әңгімеге лайық тақырыпты таңдай білді ме, әңгімені алу үшін кіммен сөйлесу керек, әңгімені алуға журналистің өзінің әзірлігі қалай, лайықты сұрақтар қоя білді ме? Міне, осындай негізгі талаптарды журналист орындағанда ғана оның әңгімесі көңілдегідей болып шығады. Интервью туралы айта келіп, бұл жанрды аныктай түссек күн тәртібіне өмірдің өзі ұсынып отырғанқоғамдық мәні бар мәселе жөнінде журналист белгілі бір адамның ой-пікірін біледі, немесе сол мәселе жөнінде одан түсініктеме алады, онымен сөйлеседі. Осыларды әдеби өңдеп, қорытып жазады, міне, осы талаптарға сай жазылған материал газеттің хабар жанрының бір түрі - интервью боп аталады.

Қазіргі баспасөзімізде: интервью - әңгіме, интервьюдің сұрақ-жауап түрі; интервью - суреттеме, интервьюдің анкета түрлері бар. Сонымен қатар соңғы кездері газет «тілші тілдескенде», «Біздің интервью» деген және басқа рубрикалармен де итервьюлер жариялап жүр.

Интервьюдің әңгіме түрі. Журналист белгілі бір адаммен кездесіп, әңгімелеседі. Бірнеше сұрақтарына жауап алады. Сол мәселе жөнінде ол адамның пікірш біледі. Мұндай кездесу көбінесе жайдары жағдайда, екі адамның жәй ғана әңгімелесуі жағдайында өтеді. Журналист фактілерін жинақтап, ой-пікірін саралап, белгілі бір мақсатқа бағыштап, бір арнамен, бір тақырыптың аумағында жазып шығады. Әңгіменің соңында жазып алған «пәлен» деген аты-жөні айтылады. Немесе әңгіме тақырыбының астына «мынадай адаммен әңгіме» деп жақша ішіне алына да қойылады. Немесе тілші тиісті бір адамға жолығып, керекті бір мәселені газет оқушыларына айтып берудіде өтінуі де мүмкін.

Сұхбаттың өзіне тән ерекшелігі сол, мұнда фактілерді немесе оқиғалар жайында айтылған пікірлерді баяндаужурналистің атынан емес, сұхбат берген адамның атынан болады. Демек журналистке қарағанда редакция қойып отырған мәселеге көбірек қатысы бар адамның пікірлерімен, пайымдауларымен сұхбат құндыболып келеді. сұхбат дегеніміз - журналист пен әңгіме жүргізілген адамның екеуара біріккен шығармашылықжұмысы. оның табысты болуы көп жағынан жүргізушіге, яғни журналистке байланысты. Ол жоғары мәдениетті, редакциялық жұмыстан мол тәжірибесі болуға тиіс.

Әрбір жанр сияқты сұхбат та бірнеше түрге бөлінеді:

1. сұхбат-монолог;

2. сұхбат-диалог;

3. суреттеме-сұхбат;

4. анкета;

  1. Репортаж жанрына қойылатын басты талаптар.

«Жанр» деген ұғым француз тілінен шыққан, қазақ тілінде «түр» деген ұғымды білдіреді. Журналистикада «Жанр» ұғымы деп публицистиканың түрлерін атау қалыптасты (публицистика - әдеби шығармашылықтың бір саласы, ал жанр - сол саланың түрі) . Жанр өмірді әр түрлі дәрежеде көрсетуге, өмірдің сан алуан құбылыстарынан сан қырынан әсер етуге байланысты келіп туады. Журналист алдына қойылған әртүрлі міндеттерге, өмірдегі сан тарам талаптарға, көрсетілуге тиісті нысанның сипатына байланысты жанр әртүрлі. Жанр түрін таңдау журналистің ұстанған позициясына, өзі көрсетпек болған нысанына көзқарасына, қарым-қатынасына, нысанның өзіндік қасиеттеріне байланысты. Тіл ерекшеліктері, бейнелеу құралдарының өзіндік белгілері, техникалық мүмкіндіктер әр жанрдың табиғатын, ерекшеліктерін, белгілерін анықтауы тиіс. Журналистика теориясы бойынша жанрды төмендегі белгілер негізінде жіктеуге, анықтауға болады.

  1. Журналист бейнелеуге тиіс нысанның, нақты деректің, өмір құбылысының сипаты;
  2. Жанрдың нақты міндеті (кәсіпорынның іске қосылғандығын хабарлау ма, әлде еңбек адамның тәжірибесін насихаттау ма) ;
  3. Жасалуға тиіс қорытындылау мен жинақтаулардың дәрежесі, көлемі типтендіру дәрежесі;
  4. Әдеби стилистикалық тәсілдер дәрежесі қысқа жанрға тән телеграфтық стиль не очеркке тән бейнелі, көркем тіл ме, фельетонға тән сатира, әзіл-сықақ па;

Бұл журналистиканың барлық жанрларына тән ортақ белгілер. Тележурналистиканың өзіндік табиғатына, ерекшеліктеріне, бейнелеу көрсету - мүмкіндіктеріне байланысты бұл сипаттар да өзгешеленіп, ерекшеленуі заңдылық. Теледидардың мол мүмкіндіктеріне орай жанрлар өзгеріп, түрленіп, дами түспек. Алайда, олардың негіздері қалыптасып, тұрақты сипаттарға ие болуда.
Теледидардың өз ерекшелігі бар. Эфирге берілген хабар бейнелік көріністерімен көмкеріліп, сүйемелдеуші дыбыспен бірдей түсіп отырады. Журналист мәтінді әзірлеумен қатар, оны иллиюстрациялаудағы пікірін қоса береді. Кез келген телевизиялық хабар шығармашылық тұрғыдан тартымды, бейнелік көріністерді құбылта беруде әсерлі жолдарды іздеуді талап етеді. Теледидарлық бағдарламалар жан-жақты, шыншыл әрі тартымды болуы шарт. Публицистикалық шығармалар үш түрлі жүйеге бөлінеді: хабарлама, талдамалы және көркем публицистикалық жанрлар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпарат жанры
Репортаж түрлері
Репортаж жанрына қойылатын басты талаптар
Жанрлар
Сұхбат негізінде ақпараттық жанр
Радиожурналистика туралы
Көркем деректі жанр түрлері
Репортаж жанры
Журналистикадағы сұхбат жанры
Ақпараттық жанрлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz