Рецензияны журналистика жанры ретінде қарастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I-Тарау. Рецензияының тарихи түсінігі және теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ...5
0.1. Рецензия шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
0.2. Рецензияның журналистикадағы қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
II-Тарау. Рецензияны журналистика жанры ретінде қарастыру ... ... ... ... ... ... .. ... ...11
2.1. Рецензияның негізгі түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2. Рецензия публицистиканың талдамалы жанры ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Пайдаланылған әдебиеттір тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

Кіріспе.

Рецензияның пайда болуы, әдебиеттің әдеби журналдардың пайда болуымен байланысты болып келеді. Көркем әдебиет туындыларын талдау немесе оны аудару, түсіндіру, оған баға беру ол әдеби туындының бір бөліге болып келеді. Жиырмасыншы ғасырда әдеби туынды немесе шығармаларға баға беру журналистиканың бір саласы ретінде қарастырлған. Жалпы ғылыми тұрғыдан алғанда рецензия -- белгілі бір туындыға, еңбекке не болмаса шығармаға қатысты сарапталған, қорытылған ақпараттардың жиыны, оған берілген сараптамалық баға. Рецензия көбінде әр саланың мамандарының арасындажасалады. Мысалы, әдебиетке жақын адам, сауатты оқырман дегендей адамдар рецензия жазуға жақын болады. Және бір мысал ретінде ескеретіні, жаратылыстану ғалымы әдебиет саласында жаратылыстану ғылымындағы көзқарасы бойынша бағалау жасай алмайды. Әр саланың өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері мен саралау критерийлері болады. Рецензия - көркем немесе ғылыми шығарма, қоғамдық-саяси немесе техникалық әдебиет, театр қойылымы, кинофильм, теледидар бағдарламалары, өнер көрмесі, музыкалық концерт және тұрмыстық жағдай сыналатын, баға берілетін жанр. Рецензия сондай-ақ бейнеленген шындықтың сынын анықтайды. Рецензент әдетте қайталама деректерді қолданады. Рецензияда деректі материал мен тезистер бар болады. Рецензент жүгінетін адресат реципиент, яғни оқырман, тыңдаушы және көрермен, сондай-ақ бағаланатын немесе сыналатын шығарманың авторы болып табылады. Бұл жерден рецензияның тікелей мақсаты шығады - бұл тәрбиелік және эстетикалық тапсырмалар. Рецензияның негізгі қасиеті - рецензентгің көзқарасындағы жаңашылдық. Пікір ең алдымен ғылыми негізде, обьективті түрде, баршаға түсінікті тілде, шығарманы жазған авторға да, шығарманың оқырмандарына да пайда келтірерліктей түрде жазылуы керек. Рецензия және оны жазушы рецензент тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айта білуі қажет.Сондықтан да рецензия кезінде ретроспективті тапсырмалар шешілуі мүмкін.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Бұл жұмыстың өзектілігі, рецензияны, яғни пікір жазу журналистиканың бір саласы ретінде қарастыру болып табылады, соған орай ғалымдар мен журналистиканың барасында байланысты анықтау, рецензияның шығу мен оның жазылу міндеттері, талаптары басты өзектілікке айналып отыр. Әдеби сын жазушы қаламгер кез-келген кітаптан алған әсерін оқырманға толық, әрі дәлме-дәл жеткізе білуі тиіс. Автор өзінің кітап авторының жазу шеберлігіне айтқан әрбір көзқарасын дәлелдеп, мысалдар келтіреді.
Тақырыптың зерттеу деңгейі. Курстық жұмысты жазу барысында көптеген қызықты мәліметтерге жолықтым, рецензия жанрын зерттеу кезіндегі рецензентке қойылатын талаптарға тоқталдық жэне рецензия жазуға кіріспес бұрын жоспар құру, бір кітапты толығымен зерттеп оқу, оны бағалауыштық көзқараспен баяндау ескертілген.
Тақырыпты зерттеу обьектісі. Рецензияның шығу тарихы мен даму деңгейі, сонымен қатар журналистикамен байланысы. Рецензияны журналистиканың жаныры ретінде қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс екі тараудан тұрады, бірінші тарауда рецензияның тарихы мен журналистикадағы қызметі қарастырылса, екінші тарауда рецензия түрлері мен жазу міндеттері қарастырылады, сонымен қатар қорытынды бөлім және пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетіледі.



I-Тарау. Рецензияының тарихи түсінігі және теориялық негіздері.

0.1. Рецензия шығу тарихы.
Рецензия сөзі латын тілінен шыққан, қазақша хабарлама, баға, пікір деген мағынаны білдіреді. Рецензияға қатаң бекітілген зерттеу тақырыбы (ғылым, публицистика, көркемөнер шығармалары) және оны талдаудың (туындының идеясы, езектілігі жэне жеткізу тэсілдері) бағыты тән.
Рецензия тарих ғылымының даму деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Сондықтан да тарихнамашы журналдар мен газеттердің беттерінде жарияланған жоғарғы деңгейдегі немесе сапасы төмен рецензияларға назар аудармауы тиіс емес. Осыған орай өз кезегінде М.В.Нечкина "алғашқылары ғылымның дамуына жағдай жасаса, соңғылары оны тежейді,- деп жазған. Сонымен қатар рецензия ғалымдардың этикалық өзара қарым - қатынастарын көрсетеді. Бұл тарихнамашы үшін немқұрайлы жайт емес. Сондықтан да рецензия көп жағдайда тарихнамалық факт емес, оған қажетті материал болып табылады.
Рецензияны жазу автордың міндетіне оқырман қауымды жаңа туындымен таныстырып, оған баға беру жатады. Оқулықтар мен оқу құралдарында рецензияны субьективті жанр емес, қайнар көздің жүйеленген талдауына негізделген деп көрсетеді. Шын мәнінде жағдай бұдан да күрделірек. Тіпті белгілі, беделді әдебиет сыншыларының бір туындыға берген бағасы диаметральды түрде бір-біріне қарама-қарсы болып жатады. Сондықтан рецензия авторы екі мақсатты көздейді: ақпараттық-танымдық және шығарманың талдауын тұспалдайтын зерттеушілік.
Рецензия - көркем немесе ғылыми шығарма, қоғамдық-саяси немесе техникалық әдебиет, театр қойылымы, кинофильм, теледидар бағдарламалары, өнер көрмесі, музыкалық концерт және тұрмыстық жағдай сыналатын, баға берілетін жанр. Рецензия сондай-ақ бейнеленген шындықтың сынын анықтайды.
Рецензент әдетте қайталама деректерді қолданады. Сондай-ақ рецензияда деректі материал мен тезистер бар болады. Рецензент жүгінетін адресат реципиент, яғни оқырман, тыңдаушы және көрермен, сондай-ақ бағаланатын немесе сыналатын шығарманың авторы болып табылады. Бұл жерден рецензияның тікелей мақсаты шығады - бұл тәрбиелік және эстетикалық тапсырмалар. Рецензияның негізгі қасиеті - рецензентгің көзқарасындағы жаңашылдық. Сондықтан да рецензия кезінде ретрошективті тапсырмалар шешілуі мүмкін.
Ғылыми тұрғыдан алғанда рецензия -- белгілі бір туындыға, еңбекке не болмаса шығармаға қатысты сарапталған, қорытылған ақпараттардың жиыны, оған берілген сараптамалық баға. Рецензия көбінде әр саланың мамандарының арасындажасалады. Мысалы, әдебиетке жақын адам, сауатты оқырман дегендей адамдар рецензия жазуға жақын болады. Және бір мысал ретінде ескеретіні, жаратылыстану ғалымы әдебиет саласында жаратылыстану ғылымындағы көзқарасы бойынша бағалау жасай алмайды. Әр саланың өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері мен саралау критерийлері болады. Рецензия жаңа туынды туралы мағлұмат бере отырып, оның қысқаша талдамасын және бағасын қамтилы.
Рецензия біреудің бір шығармасы, мақаласы, т.б. туралы жазылады. Онда сол еңбекке рецензия жазушы адамның өз көзқарасы баяндалады, өз бағасы беріледі, еңбектің жетістігі мен кемшілігі айтылады, кейде оны жетілдіре түсу үшін ұсыныстары жасалынады. Рецензия көлемі аз да, көп те болуы мүмкін. Кейбір рецензиялар әңгіме болып отырған шығарма мен оның авторы аясынан асып түсіп, ғылым мен техниканың, көркем әдебиет пен өнердің, т.б. саланың толып жатқан мәселерін қамтып, жазылуы да мүмкін.Ондай рецензиялар ғылыми-зерттеу жұмысы не көркем шығарма, я көсемсөздің шын биігі дәрежесіне жетуі де ықтимал.
Рецензия ең алдымен ғылыми негізде, обьективті түрде, баршаға түсінікті тілде, шығарманы жазған авторға да, шығарманың оқырмандарына да пайда келтірерліктей түрде жазылуы керек. Рецензия және оны жазушы рецензент тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айта білуі қажет. Яғни, рецензия дегеніміз қысқаша айтқанда - сіздің жаңа дүниеге жазған талдауыңыз, оған берген бағаңыз. Әрі барсақ - әдеби жанр. Бірақ бұл жерде сізден әдебиет талаптарын қатаң сақта деп талап етпейді. Шолуыңыз еркін формада жазылсын. Дегенмен, келесі нәрселерді біле жүріңіз: пікір (коммент) емес. Мысалы: Күшті, Ұнамады, Керемет деп бір ауыз сөзбен қысқа қайырып тастауға болмайды. Рецензия ауызекі тілде қолданып жүрген тым қарабайыр сөздермен жазылмауы тиіс. Бұл да өзге шығармалар секілді көркем әрі ұғынықты тілмен жазылады. Рецензияны еріктен тыс жазуға болмайды. Рецензия жазу кезінде еш қызығушылық болмаса, іш пысып кетсе, рецензия жазуды қоя салу керек. Рецензия -- журналистика, сонымен қатар ғылыми және көркем өнер сынының (критика) жанры. Рецензия жаңа туынды туралы мағлұмат бере отырып, оның қысқаша талдамасын және бағасын қамтилы. Рецензия біреудің бір шығармасы, мақаласы, т.б. туралы жазылады. Онда сол еңбекке рецензия жазушы адамның өз көзқарасы баяндалады, өз бағасы беріледі, еңбектің жетістігі мен кемшілігі айтылады, кейде оны жетілдіре түсу үшін ұсыныстары жасалынады. Рецензия көлемі аз да, көп те болуы мүмкін. Кейбір рецензиялар әңгіме болып отырған шығарма мен оның авторы аясынан асып түсіп, ғылым мен техниканың, көркем әдебиет пен өнердің, т.б. саланың толып жатқан мәселерін қамтып, жазылуы да мүмкін.Ондай рецензиялар ғылыми-зерттеу жұмысы не көркем шығарма, я көсемсөздің шын биігі дәрежесіне жетуі де ықтимал. Реценхия ең алдымен ғылыми негізде, обьективті түрде, баршаға түсінікті тілде, шығарманы жазған авторға да, шығарманың оқырмандарына да пайда келтірерліктей түрде жазылуы керек. Рецензия және оны жазушы рецензент тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айта білуі қажет. Портреттік очерк. Мұнда озат азаматтардың асқақ бейнесі жасалады, олардың үлгілі ісі, рух-байлығы, адамдардың мінез-құлқы, әлеуметтік белсенділігі, басқа да жағымды қасиеттері, соларды қалыптастырудағы қоғамның, ортаның ықпал-әсері ашылады. Портреттік очерк кейде бір жеке шаруашылықтың, өнеркәсіп ұжымының еңбегін керсетуге, солардың ұжымдық портретін жасауға арналады.
Он сегізінші ғасырда қалыптасқан, бірақ қазіргі күнге дейін өзіндік бағасын жоймаған ақпарат берудің бір түрі. Рецензияға анықтама бере отырып, автордың айтайын деген ойын білдіретін, өмірдің қандайда бір құбылысына баға беретін материал екендігіне көз жеткіземіз. Жанрлық белгілері бойынша "рецензия" тек ғана аналитикамен ғана тұтаспайды, сонымен қатар, көптеген мағлұматты ақпарат жаңалықтарынан алып пайдаланады. "Рецензияның" басқа бағыттардан басты ерекшелігі мен айырмашылығы - жанама шындық, яғни, пікір берілген шығармадағы шындық құбылыстарының деректермен көрініс беруі. Пікірге түскен шығармаға көпшілік назарын аудартарлықтай ой айқындылығы, тенденциялар жайында пікір айта алушылық типі тән.
Журналистік фактілерді талдаудың іргелі критерийлерінің бірі- қоғамдық - тарихи тәжірибе. Осы тәжірибенің негізінде фактлердің шынайылығына, олардың тарихи дамудың барысына сәйкес келуіне қол жеткізіледі. Тәжірибе тарихи еңбектердегі идеялардың, көзқарастардың, тұжырымдамалардың "уақыт тезі" сынағынан өткендігін, олардың адамзаттың прогрессивті дамуына қызмет еткендігін көрсетіп береді. Тарихи тәжірибе арқылы тексеріс жүргізу тарихи көзқарастарды ғылыми мектептердің қабыл алуы және баға беруі, шәкірттері мен пікірлестерінің ары қарай өрбітуі үшін қажет. Бұны орнату жаңа білімнің ағымға енуі процесінің адекваттілігі, прогрессивті дамуы негізінде іске асырылады.

0.2. Рецензияның журналистикадағы қызметі.

Отандық БАҚ-тардың дәстүрлі ерекшеліктерінің бірі дәстүрлі оқиғаларды, процестерді, жағдайларды талдау, зерттеу, түсіндіру сияқты жаңалықтарды есепке алу болып табылады. Осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдары талдамалық жанрлардың өте тиімді жүйесін әзірледі. Бұл жүйе бірден-бір нәрсе емес, бұл - әрдайым талдамалы журналистикаға дейін туындайтын міндеттерге бейімделе отырып үнемі өзгеріп отырады. Соңғы жылдары елеулі өзгерістер орын алды: кейбір танымал жанрлар өзгертілген болды, сонымен қатар, аналитикалық басылымдардың жаңа тұрақты түрлері пайда болды. Ұсынылған тарауда заманауи мерзімді басылымдарға тән аналитикалық жанрлардың қыры байқалады. Рецензия оқырмандардың, тыңдаушылардың, көрермендердің әртүрлі санаттарының адресаттарына қол жетімді мазмұн мен пішінде анық болуы керек. Бұл үшін төреші жазушы, ғалым немесе суретшіге басшылық ететін қағидалар мен ережелерді ескере отырып, талдау әдістерін қолдана біліп, теңдесі жоқ жұмыстың тілінде еркін сөйлеуге тырысады.
Рецензия - журналистің белгілі бір туындыға, театр қойылымына, кинофильмдерге, телебағдарламаларға, концерт, көрмелерге және т.б. баға беріп, сын айтатын талдамалы жанры. Талдамалы жанрларға сонымен қатар сұхбаттың проблемалық, портреттік түрлері де жатады. Ақпараттық және сараптамалық жанрлардың кірігуі мен өзара ықпалы. Газеттік публицистиканың әр жанрының өзіне тән ерекшелігі бар. Адам мен қоғамның ақпарат пен оның сарапталуындағы қажеттілік жанрдың пайда болуына әкеледі. Ақпараттық және сараптамалық жанрлар ХІХ-ХХ ғасырларда дамыған. Негізгі жанрлар дәл осы кезде пайда болған. Өткен жүз жылдықта дүниеге келген барлық жанрлар қазірге дейін үлкен өзгерістерге ұшырап жетті. Қазақ журналистикасында сұхбат ерте пайда болғанымен, өткен ғасырдың 1980-1990 жылдарынан бастап күнделікті қалыпқа кірді. Сұхбат - ең алдымен фотографиялық портрет, натурадан лезде жасалған сурет. Бүгінгі күні газет беттерінде кездесетін сұхбатта портреттік очерк пен суреттеменің (эстрада жұлдыздары, саясаткерлер, қоғам қайраткерлерімен портреттік сұхбаттар) элементтері кездеседі. Сұхбат өзіне көбірек өзгертулерді қабылдайды: биографиялық анықтама, дәйексөз, құжат және т.б.
Осы күнгі журналистикада материалдарды жылдам, жедел беруге тырысады. ХХІ ғасырда жаңа жанр - дерек пен түсінік беру пайда бола да бастады. Оқиғадан кейінгі келесі күні газет дерек пен түсінік беруді лезде орналастырады. Ережеге сәйкес, жедел түсінік беру өткен күннің белгілі бір маңызды оқиғаларына арналады. Түсінік берудің тақырыптары әртүрлі оқиғаларға байланысты болады.
Жедел түсінік беру, соның ішінде дерекке түсінік беру негізгі сараптамалық жанрлар - корреспонденция мен мақаланы - біршама ығыстырды. Олардың түрлік құрамы тарылып, біздің жүзжылдығымыздың 1980-ші жылдарында газет беттерінен бас мақала ығыстырылды. Бүгінгі газет нөмірлерінде көкейкесті тақырыптағы журналистік материалдар жиі кездеседі.
Газетте нық орын алатын журналистік зерттеу жанры сараптамалық жанрларға да ықпалын тигізді. Сараптамалық жанрлардың аса күрделі бөлігі - журналистік зерттеу бүгінгі күні белсенді жанрға айналды.
Дәл соңғы үш-төрт онжылдықта ақпараттық және сараптамалық жанрлар бір-біріне үлкен әсерін тигізіп отыр. Ақпараттық қатардағы газеттік публицистика жанрлары сараптамалық жанрлардың кей белгілерін өздеріне сіңдірсе, сараптамалық жанрлар ақпараттық жанрлардың кейбір қасиеттерін иеленеді, атап айтқанда, репортажға тән серіктесу мен қатысу эффектісі.
Қазіргі таңда эмоциялық бастау мен авторлық мен хроникалық хабар-ошардан басқа жанрларда кездеседі. Бұл жерде байқалатын маңызды нәрсе - публицистикада эмоциялық бастауды қолдануда өлшем болу керек. Қазіргі басылымдар ақпараттық және сараптамалық жанрларды мейлінше кең қолданады. Таблоидтық және сары басылымдарға келетін болсақ, олардың беттерінде жанрлық палитраны минимумға дейін аз пайдаланады. Инфо-Цес, Караван, Из рук в руки, Республика, және тағы басқа басылымдар хабар-ошар мен репортажды әлдеқайда жиі қолданады.
1990-жылдары отандық журналистика шығармашылық ізденіске зор мүмкіндік ашты. Журналистің көзқарасы мен түсініктеріне ақпарат арнасында орналасуына әсер етеді. Сараптамалық журналистика әр елдің азаматтарының саясатта, экономика және әлеуметтік өмірде өз көзқарас, пікірін қалыптастыруына көмек беруі тиіс. Журналистік шеберлік шынайы өмірден алынады. Тыңдарман, көрермен, оқырманның барлығы телерадио, газеттен алатын ақпаратты өздерінің өмірге деген көзқарасына, өмірлік тәжірибесіне қарай қабылдайды. Өмірдің шынайлығын айқындай түсе, нарықтық заман мен әлеуметтік журналистика арасындағы ақпараттардың екі жақтылығын, объективтілігін, үгіт-насихат элементтері ретінде әлеуметтік тапсырыс орындалуы саяси тұрғыдан шартталған психологиялық, идеологиялық соғыс еді.
Кеңес заманындағы ақпараттық саясат журналистикада объективтілік белгілерін, деректі таңдаудан бастап, радио мен телебағдарламада берілуін бақылап отырды. Қазір де журналистің объективтілігі жөніндегі дау баспасөз беттерінде үнемі кездесіп отырады. Журналистикада шындық абсолютті болмауы бастапқы кезден белгілі, әр дерек объективті шындықтың бастауы болуы тиіс. Сараптаудың құрамында әрдайым ой жатады. Дерек - ой немесе эмоциялық, логикалық жүйеге кірістіріледі, дерек - дауласудағы дәлелдеме, пікір-таластың пішіні.
Баспасөз беттерінде көбінесе әдеби сынның рецензия жанры жиі кездеседі. Рецензия дегеніміз не, оның талаптары мен міндеттері қандай? Бұл тұста қандай пікірлер бар дейтін сұрақтарға жауап беруге тура келеді. Рецензия жанры туралы түрлі оқулықтарда әртүрлі пікірлер жазылған. Рецензия әдебиет сынының жанры болғандықтан, әдебиеттанудың терминологиялық сөздігінде: Рецензия - (лат. тілінен аударылған, recensio - қарастыру, тексеру деген мағынаны береді) көркем өнер немесе әдебиет сынының жанры, көркем шығарманы талдап, баға беру, пікір қорыту деген анықтама берілген.
Рецензия мақалаға өте ұқсас келеді, бірақ өзіндік айырмашылықтары бар. Рецензияда қоғам өмірінен алынған құбылыстар мен әдеби шығармалардың мәні, мазмұны, бейнелеу өзгешелігі жайлы сөз қозғалады. Талданып отырған шығармаға айқын баға беріліп, сол шығармада баяндалған өмір құбылысына сыншыл көзқарас білдіріледі. Рецензия авторға немесе редакторға олардың өзінің жетістіктері мен қателіктерін айтып, оқырманға керек кітаптарды табуға жол ашуға үлес қосады. Сонымен қатар, рецензия кітаптың, киноның, театр қойылымының насихатталуы мен таралуы үшін маңызды құрал.
Ең алғаш баспасөз беттерінде шыққан рецензиялар публицистикалық сипатта болды. Оның негізгі мақсаты жақсы кітаптың жақсылығын жариялап, кемшілігі бар болса халыққа ескертуді мақсат етеді. Л.Соболевтің Литература и наша современность атты баяндамасында: Рецензия ұсақ емес, ол - ұлы іс. Рецензияның көптеп басылуы, біріншіден, біздің кітаптардың оқылып жатқандығын, екіншіден, сол кітаптың түсінілуін, яғни оқырман санасына әсер қалдыруын білдіреді деген ой айтады.
Рецензияның құрамдас бөлігі - мінездеме мен баға. Олар шығарманы талдау негізінде қарастырылады. Мінездеме - бұл шығарманы бейнелеу немесе оның мазмұны мен пішінін ашу. Мінездемеге сонымен қатар, автордың белгілі бір шығармасы немесе сол автордың басқа да шығармалары туралы жазу жатады. Ал баға - бұл шығарманың жетістігі мен кемшіліктері жайлы жалпы бағалау. Мінездеме мен бағаның арасында айтарлықтай алшақтық жоқ. Мінездеме бағаның элементтерінен тұрса, ал баға мінездеменің элементтерінен тұрады. Осы тұрғыдан алғанда, бұлар бір-бірімен органикалық байланыста болады. Рецензия жанры кей жағдайда өте шағын түрде жазылады. Сондықтан рецензияның мұндай түріне жанрдың барлық элементтері кіре бермейді. Кей кездері мәтінді талдауда мінездеме мен бағаның өзі де басты рөлді атқара бермейді. Мұндай жағдайда мінездеме мен бағаға көмекке келетін сараптама болмақ. Орыс жазушысы В.Г.Короленко рецензияның ерекшелігі туралы былай дейді: Рецензия - бұл сын және өте шапшаң әрі маңызды жанр .И.С.Шмелев: Егер тек сыни трактат немесе жаңа кітап туралы пікір болмаса не болар еді? Трактат жазуға кім және ол қашан кіріседі, ал он шақты рецензия жарық көрсе, оқырман жаңа құбылыс туралы тірі әңгімемен кездеседі емес пе? - деп жазады.
Сын қоғам үшін өте қажет, яғни сын болмаса әдебиетте тәртіп те, алға басу да болмайды. ХІХ ғасырдағы қазақ баспасөзі бетіндегі сыни материалдарда рецензияның кейбір жанрлық белгілері көрініс берсе, ХХ ғасырдың басындағы әдеби сында рецензия жеке жанр ретінде өмірге келді. Бастапқыда рецензияда шығарманың мазмұнын баяндаудың аннотациялық сипаты басымдау келсе, кейіннен жалпы әдеби сынға тән талдаушылық, бағалаушылық сияқты қасиеттер шағын көлемде қалыптасып, рецензияның негізгі жанрлық құрылымын түзді. Алғашқы рецензияларда шығармалардың сыртқы көрінісін ғана әңгіме етушілік басым болса, кейіннен оның ішіне кіріп, көркемдік қырларына үңіле бастады.
Зерттеушілердің айтуынша, сын жедел болуы керек. Ал рецензия сын жанрының ішінде сол қасиетке ие. Рецензияны баспасөз беттерінен жиі көре аламыз және ол - көп оқылатын жанр, сол себепті де 1993 жылы қабылданған сын туралы қаулыда: Рецензия практикасында елеулі кемшіліктер бар. Жарияланған рецензиялар көп реттерде сыңаржақты сипатта болады, олар шығарманы атүсті айтып шығуға саяды, оның маңызы мен құндылығын нақты көрсетіп бере алмайды - деп көрсеткен. Көркем әдебиетті халыққа насихаттаудың бірден-бір әдісі - әдеби рецензия. Баспасөз бұл іске тіпті, бүкіл халық бұқарасы болып, кең араласып, ол жөніндегі өз пікірін білдіруге ұмтылады. Көркем әдебиеттің жеке шығармалары туралы пікір айту, олар туралы көпшілік пікірін білдіру - баспасөз үшін жауапты да, құрметті міндет.
Рецензия -- журналистика, сонымен қатар ғылыми және көркем өнер сынының (критика) жанры. Рецензия жаңа туынды туралы мағлұмат бере отырып, оның қысқаша талдамасын және бағасын қамтилы. Рецензия біреудің бір шығармасы, мақаласы, т.б. туралы жазылады. Онда сол еңбекке рецензия жазушы адамның өз көзқарасы баяндалады, өз бағасы беріледі, еңбектің жетістігі мен кемшілігі айтылады, кейде оны жетілдіре түсу үшін ұсыныстары жасалынады. Рецензия көлемі аз да, көп те болуы мүмкін. Кейбір рецензиялар әңгіме болып отырған шығарма мен оның авторы аясынан асып түсіп, ғылым мен техниканың, көркем әдебиет пен өнердің, т.б. саланың толып жатқан мәселерін қамтып, жазылуы да мүмкін.Ондай рецензиялар ғылыми-зерттеу жұмысы не көркем шығарма, я көсемсөздің шын биігі дәрежесіне жетуі де ықтимал.
Рецензия ең алдымен ғылыми негізде, обьективті түрде, баршаға түсінікті тілде, шығарманы жазған авторға да, шығарманың оқырмандарына да пайда келтірерліктей түрде жазылуы керек. Рецензия және оны жазушы рецензент тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айта білуі қажет.

II-Тарау. Рецензияны журналистика жанры ретінде қарастыру.

2.1. Рецензияның негізгі түрлері.

Рецензияның мазмұны тұтастай авторға байланысты. Осыдан келіп рецензияның жанрлық пішіндерінің әртүрлілігі шығады. Рецензияның мынадай түрлерін атауға болады:
рецензия - мақала (дәстүрлік пішін)
рецензия - сұхбат (диалог, дөңгелек үстел)
рецензия - фельетон (өткір сыни)
- рецензия - очерк (очерк элементтерін бойына топтастырған
көлемді рецензия)
- рецензия - хабар-ошар (аннотацияға жақын шағын рецензия)
Рецензияны жазу автордың міндетіне оқырман қауымды жаңа туындымен таныстырып, оған баға беру жатады. Оқулықтар мен оқу құралдарында рецензияны субьективті жанр емес, қайнар көздің жүйеленген талдауына негізделген деп көрсетеді. Шын мәнінде жағдай бұдан да күрделірек. Тіпті белгілі, беделді әдебиет сыншыларының бір туындыға берген бағасы диаметральды түрде бір-біріне қарама-қарсы болып жатады. Сондықтан рецензия авторы екі мақсатты көздейді: ақпараттық-танымдық және шығарманың талдауын тұспалдайтын зерттеушілік.
Рецензия - көркем немесе ғылыми шығарма, қоғамдық-саяси немесе техникалық әдебиет, театр қойылымы, кинофильм, теледидар бағдарламалары, өнер көрмесі, музыкалық концерт және тұрмыстық жағдай сыналатын, баға берілетін жанр. Рецензия сондай-ақ бейнеленген шындықтың сынын анықтайды.
Рецензент әдетте қайталама деректерді қолданады. Сондай-ақ рецензияда деректі материал мен тезистер бар болады. Рецензент жүгінетін адресат реципиент, яғни оқырман, тыңдаушы және көрермен, сондай-ақ бағаланатын немесе сыналатын шығарманың авторы болып табылады. Бұл жерден рецензияның тікелей мақсаты шығады - бұл тәрбиелік және эстетикалық тапсырмалар. Рецензияның негізгі қасиеті - рецензентгің көзқарасындағы жаңашылдық. Сондықтан да рецензия кезінде ретрошективті тапсырмалар шешілуі мүмкін.
Рецензияның негізгі түрлеріне мыналар жатады:
Әдеби рецензия.
Ғылыми рецензия.
Театр рецензиясы.
Кино рецензиясы және т.б.
Рецензияның негізін дерек құрайды, бұл дереқтер өзге жанрлардағыдай өмірден емес, эдеби туындыларынан алынады, яғни, рецензияда дерек екінші рет өңдеуге ұшырайды.
Сынның әр түрінің (әдеби, театр, кино, сурет өнері) туындының спецификасына шартты негізделген ерекшеліктері болады. Рецензияда берілген тақырыпқа қатысты автордың қаншалықты хабардар екені өте маңызды. Сыншының білімі терең болған сайын рецензия да соғұрлым мазмұнды, дәлелдеме де сенімді берілген бағаның беделі де жоғарылай түседі.
Сыни талдаудың мағыналық тереңдігі баспасөздегі оған берілген орынға байланысты. Арнайы мамандандырылган баспасөзде рецензия толық, мағыналық жағынан қарапайым адамға түсініксіздеу тілде жазылады. Ал, көпшілікке арналған бұқаралық ақпарат құралдарында рецензияның мазмұны мен жазылу мәнері қарапайым оқырманға түсінікті тілде лайықталып жазылуы керек.
Сыни туындының көлемі баспасөздегі оған берілген орынға тікелей тәуелді. Шағын газеттік реценцияда толық, жан-жақты, дәлелдермен дәйектелген талдау беру мүмкін емес. Бұл мәселені шешудің екі жолы бар. Біріншісі, қарастырылып отырған аспектілердің қысқартылуы (мысалы, кинорецензияда біз сюжет, әртістердің ойыны жайлы сөз қозғалса, оператордың жұмысы, монтаж, мәдени-идеялық бірлестіктердің құрылуы ұмыт қалады). Екіншісі, мазмұн жинақтылығы, туындыға берілген бағалардың көрсетілуі.
Әдеби рецензия. Көркем әдебиетті халыққа насихаттаудың бірден-бір әдісі - әдеби рецензия. Баспасөз бұл іске, тіпті, бүкіл халық бұқарасы болып, кең араласып, ол жөніндегі өз пікірлерін білдіруге ұмтылады. Көркем әдебиеттің жеке шығармалары туралы пікір айту, олар туралы көпшілік пікірін білдіру - баспасөз орындары үшін жауапты да, құрметті міндет. Ал, мақала-рецензияда көркем шығарма жан-жақты терең талданады және шығарманың әдебиеттен алатын орнына баға беріледі. Шығармадағы басты кейіпкерлерге талдау жасалады. Шығарманың жалпы идеясы, тақырыбы, тілі жөнінде де толық пікірлер білдіріледі. Жалпы әдеби сын атаулыға қатысты сипаттардың, принциптердің, қызметтердің бәрі де рецензияның бойынан табылады. Біздің негізге алып отырған Қазақ әдебиеті газетінде ел тәуелсіздік алғалы бергі сандарына көз жүгіртсек, рецензия жанрының жаңаша беталысын аңғарамыз. Әсіресе, газеттің 1990 жылдардан бергі сандары қазақ тіліндегі ғылыми маңызы бар оқулықтар мен әдебиеттердің жарық көріп жатқандығын айғақтайтын сын мақалаларды үздіксіз басып отырған. Т.Кәкішев айтқандай, жаңа кітаптың шыққандығы туралы хабарлайтын жарнама-сынды, аннотацияны (қысқаша мазмұн) Қазақ әдебиеті газетінен кездестіреміз. Мысалы, Бекқүлы Бердігожиннің жаңа кітап айдарына жазған Берекелі бетбұрыс атты мақаласы Серік Қирабаевтың Жүсіпбек Аймауытов дейтін еңбегіне арналган. Бұл мақаланың құрылымьша қарай аннотацияға жақындығын аңғару қиын емес. Көлемі жағынан еңбектің тарауларын жеке-жеке талдауы жағынан алғанда рецензияға жақындайды. Алайда, Б.Бердіғожин ғалым еңбегіне жоғары баға беріп кітапты жарнамалайын деп емес, алыптар тағдырына деген берекелі бетбұрыстың басы екенін айтуды мақсат етіп жазғанға ұқсайды. Демек, баспасөз бетінде жарық көретін әдеби сын, пікірлердің қатып қалған ережесі жоқ дейтін қорытьшдыға келуге болады.
Қарап отырсақ, рецензия жанрын кейде рецензия - мақала, рецензия - хат т.с.с. атаумен қатар рецензия - пікір деп те бөлген дұрыс. "Қазақ әдебиеті" газетінен "Пікір" деп қана немесе "Жаңа кітап" деп, не болмаса "Рецензия орнына" деп айдар тағылып жазылған рецензиялар көп кездеседі. Әдеби сын жазушы қаламгер кез-келген кітаптан алған әсерін оқырманға толық, әрі дәлме-дәл жеткізе білуі тиіс. Осыған орай, Несіпбек Айтұлыньщ авторлығымен шыққан Оразалы Сұлтан Шәріпұлының "Жүректің көзі ашылса" атты кітабына жазылған "Кітап - ғұмыр" дейтін рецензиясын өз кезегінде сәтті шыққан деуге болады. Себебі, әдебиет саласында еңбек сіңіріп жүрген Несіпбек Айтұлының бұл кітапқа білдірген пікірі толық талдаумен, дәлелдеумен ашылған. Автор өзінің кітап авторының жазу шеберлігіне айтқан әрбір көзқарасын дәлелдеп, мысалдар келтіреді: "Сұлтан Оразалинов теледидарда шебер ұйымдастырушы, білікті басшы ғана емес, өзі де қалам қайратын сарқа жұмсаған жазушы, сценарист ретінде кеңінен танылды. Бұған осы кітапқа кірген үш жүзге жуық әдеби сценарий мен ой толғамдары айғақ" немесе "Кітаптың келесі бөлімі Телепьесалар өзіндік көркем ерекшеліктерімен С. Оразалиновтың қаламгерлік қырының тағы бір жарқын бетін ашқандай көңіл оятады. Автордың теледрама табиғатын жете білетіндігі осында топтасқан әр шығармадан шырай береді",-дейді. Біз бұл материалдан рецензияға да, пікірге де лайық талаптарды көрдік. Сондықтан рецензия-пікір деп те айдарлауға болатьш еді.
Рецензия жанрын зерттеу барысында рецензентке қойылатын талаптарға тоқталдық жэне рецензия жазуға кіріспес бұрын жоспар құру, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жанрлар
Талдамалы публицистикалық жанр
Сұхбат негізінде ақпараттық жанр
Тележурналистика жүйесіндегі сұхбат жанры
Қазақстан театрлары. Театр тағдыры және көркемдік сапа
Журналистикадағы сұхбаттың орны
ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
Подкастты жылжыту
ШЕРХАН МҰРТАЗА ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Қазақтың спорт журналистикасының көш басында ұстазымыз
Пәндер