Психикалық дамуы тежелген балалар мінездемесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
I-Тарау. Психикасының дамуы тежелген балалардың психологиялық- педагогикалық мінездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-12
0.1. Психикалық дамуы тежелген балалар мінездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-8
0.2. Психикалық дамуы тежелген балалардың ойлау ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ..8-12
II-Тарау. Бастауыш мектеп жасындағы ПДТ балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктерін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13-21
2.1. Психологиялық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілін ертегі арқылы
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13-17
2.2. Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін түзету-дамыту жұмыстарының әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17-21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдаланыған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

Кіріспе.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Кез келген мемлекеттің өркендеуі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейімен және денсаулығымен бағаланады. Қазіргі кезеңде арнайы білім беру саласындағы әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар жан - жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Сондықтан оқушылардың дербестігін және танымдық қабілеттерін дамытып, өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білуге үйретудің қажеттілігі туындайды. Соңғы жылдары психикалық дамуы тежелген балалардың ойлау ерекшеліктерін дамыту - тұзету жұмыстарын анықтау, арнайы мамандарды даярлау өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Жалпы орта білім беретін мектепте үлгерімі төмен балалар тобында елу пайыз психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалар кездеседі.Психикалық дамуы тежелген балалар тобын соңғы көрсеткіш бойынша 35% жуығын - нервтік психикалық сферасы зақымданған мектепке дейінгі балалар құрайды. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар категориясын 50-шы жылдардың аяғынан бастап зерттеу кеңінен қолға алына бастады. Проблеманы зерттеумен айналысқан ғалымдар: М.С.Певзнер, Т.А.Власова, К.С.Лебединская, В.В.Ковалев, П.Е.Сухарева, В.И.Лубовский т.б бала даму ерекшеліктеріне қарай өз пікірлерін ұсынды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2002 жылы11 шілдеде Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары мен оларды әлеуметтік қамсыздандыру туралы заң қабылданды. Бұл заңда Барлық мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың ерекше түрін ескере отырып, оларды арнайы мекемелерге орналастыру және жағдай жасау, білім алуына мүмкіндіктер туғызу біздің басты міндетіміз деп анық атап көрсетті. [1] Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ПДТ балаларға арналған инклюзивті білім беру жүйесі мен арнайы түзету сыныптары ашылды. Бұл орталықтарда балалармен жеке және фронтальды жұмыстар жүргізу арқылы олардың танымдық қабілеттерін дамытуға болады. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: Білім беру жүйесінің басты міндеттеріне: білім бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы парасатты байыту деп атап көрсеткен. Осыған байланысты қоғам алдына баланың жеке басын үйлесімді дамытуға бағыттайтын міндеттер қойылып отыр. Отанымыздың әрбір болашақ азаматын жан - жақты тәрбиелеп, білім беру арқылы дамыту ең жауапты іс. [2] Қазіргі өркениетті заманымызда қоғамдағы алға қойылып отырған ең өзекті міндеттердің бірі - арнайы білім беру жүйесіндегі жетістіктерді дамыта отырып, оны жаңаша бағытта ұйымдастыру нәтижесінде жан - жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Педагогтар мен дефектологтардың пікірінше, біздің елімізде психикалық дамуы тежелген балалармен жұмыс жүргізетін жаңа, нәтижелі бағдарламалар мен әдістемелер жоқтың қасы. Демек, мүмкіндігі шектеулі балалар отбасының әлеуметтік - педагогикалық проблемаларын зерттеп білу және оларға шешуге әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық төл мамандарды тарту - бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе.
Психикалық дамуы тежелген балалар тұлғасын зерттеу мәселесі қазіргі әлеуметтік жағдайда маңызды орын алады. Біздің қоғамыздың қазіргі дамуы кезеңі, қоғамның барлық саласындағы қозғайтын істерін қайта құрумен әлеуметтік - саяси және экономикалық қарым - қатынастардың өзгерумен сипатталады. Бұл қазіргі кезеңдегі оқушылардың әлеуметтік жағдайындағы дамуына үлкен өзгерістер келтіреді, яғни оның тұлғасының қалыптасу процесіне әсер етеді. Сондықтан да, зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты: психикалық дамуы тежелген балалардың тұлғасын зерттеу мәселесенің дамуының тарихы және қазіргі кездегі аспектілерінің дамуын айқынырақ көрсету болып табылады.
Бастауыш мектеп кезеңі баланың жеке басының ары қарай қалыптасуы үшін аса маңызды рөл атқарады. Оның өмірінде мектеп табалдырығын аттаған алғашқы күннен бастап айтарлықтай өзгерістер пайда болып, дамудың әлеуметтік, психикалық жағдайы түп - тамырымен өзгереді, бала үшін жетекші орын алатын оқу әрекеті қалыптасады. Осы оқу іс - әрекетінің арқасында болашақ өмірге көзқарасы, алдағы өмірі қалыптасады. Осы тұрғыда кездесетін қиындықтардың бірі - сабаққа үлгерімінің төмендеуі, оқуда қиындығының болуы. Қазіргі қоғам дамуында мұндай балалар саны көбейіп отыр.Осы мәселелерді шешу мақсатында ерте жастан анықтау жұмыстарын жүргізу үшін біз дипломдық жұмысымызды осы бағытқа арнадық.
Курстық жұмыстың мақсаты. Психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу ерекшеліктерін ойын арқылы дамытудың жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті. Ойлау қызметінің қалыптасу мәселелері бойынша шетел және отандық зерттеуші ғылыми еңбектеріндегі тұжырымдарды қарастыру; Психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық қабілеттерін диагностикалау, түзету жұмыстары кезіндегі әдістемелерді жүйелеу; Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, түзете - дамытудың жолдарын анықтау;
Курстық жұмысының құрылымы: Жалпы курстық жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.


I-Тарау. Психикасының дамуы тежелген балалардың психологиялық- педагогикалық мінездемесі.

2.1. Психикалық дамуы тежелген балалар мінездемесі.

Балалардың психикалық дамуының тежелу мәселесі дүниежүзілік психологтар мен педагогтардың бірден - бір көкейтесті проблемаларының бірі болып табылады. Олар кем ақылдылар қатарына жатпайтын, сонымен бірге білім қорының көлеміне қарай олар қорытуға жеткілікті икемділіктері барын кең дамудың жақын аймағынын көре білді,белгілі категориялы балаларды іріктеп алды. Бұл балалар ерекше топқа кіреді- психикалық дамуының тежелуі бар балалар. Берілген бұзулылар олигофрения мен интеллектінің қалыпты дамудың арасындағы аралық орын алады.
Психикалық дамудың тежелуі уақытша болуы мүмкін. Интеллектуалды жетіспеушіліктің туа біткен жеңіл түрлері де болады, осыңдай түрдегі балалар мен ересек адамдардың конституционалды ақымақтар деп атайды.Маңызды вариабелдікке қарамастан, ПДТ- сы бар балалар осы күйді олигофрениядан, педагогикалық салақтықтан шектеп қалуға мүмкіндік беретін көршілес белгілермен сипатталады. ПДТ- сы бар балаларда жеке анализаторлардың бұзылуы, сонымен қатар кемақылдылығы болмайды, соған қарамастан полиморфты-клиникалық симптоматика- тәртібінің жетілмеген қиын түрін, тура бағытталған қызметінің тез жүдеу түрінде іскерлігінің бұзылуының болуынын жалпы мектепте тұрақты үлгере алмайды.ПДТ-сы бар балалар білім алу іскерлігінің қиын дамуымен қатар энцефалопатикалық ауру белгілері ОНЖ- нің органикалық құңсыздығының айғақтайтың өте белсенділік, импульсивтік, Сонымен қатар мазасыздану, агрессивтік мінез - құлық байқалуы мүмкін. Олардың ойлау қызметін бағалау үшін психикалық әдістерқолданылады, дербес интелектуалды каэффициент IQ 100- ге тең, IQ шама, орта статистикалық мөлшерге тен. ПДТ кезінде интелектуалды каэффицент 70-80 ал, дербес кезінде 50-70- ке тең.
ПДТ- сы бар балалар барлық негізгі көрсеткіштер бойынша мектепте оқуға дайын болмай шығады (белгілі дәрежедегі қалыптасуы: қоршаған өмір жайлы білімі мен түсінігі, ойлау әрекеті; әрекеті мен әдеті; сөзінің дамуы, сәйкес ықылас пен себептің білім алу белсенділігін білдіруі; мінезді жөндеу) Баланың дайынсыздығына байланысты қиындықтар, олардың орталық нерв жүйесінің қызметі жағдайының әлсізденіп қиындауынан жеңіл еліктеушілікке, тез жалығушылыққа, төменгі іскерлікке әкеледі.
2. Интелектуалды, сезімдік (эмоционалдық) - жігерлі сфераның және баланың жеке басының даму қарқыңының бұзылуы тұтас алғанда қоршаған ортаның түрліше жағымсыз факторларының әсер етуіне байланысты, әсіресе өмірдің ерте кезеңінен ПДТ- ның негізінде көбіне өз бетінше әрекеттенудің қиын түрінің дамымағаны жатыр.
Ауыр жұқпалы аурулар, бас сүйек миының зақымдануы, уланулар, тұқым қуалаушылыққа бейім болулар да, ПДТ- ң себептері болып табылады. Жалпы орта білім беретін мектептерде үлгерімі төмен оқушылардың елу пайызы психикалық дамуы тежелген ПДТ балалардың құрайтындығы бүгінгі күні ғылыми түрде дәлелденіп отыр. К. С. Лебединская, В. И. Лубовской, т. б дефектологтар зерттеулерінде балалардың жас мөлшері бірдей болғанымен, психикалық дамуы әртүрлі, яғни интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмейтіндігін ерекше атапкөрсетілген. Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi - сегiз жастан анық байқалады. Оның негiзгi белгiлерi: сабаққа белсендiлiгi байқалмайды, берiлген тапсырмаларды үлкендердiң көмегiнсiз дұрыс орындай алмайды, сыныптастарымен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен жазу, есептеулерде көп қателер жiбередi, тез шаршағыш, зейiнi тұрақсыз болады өз өзiн төмен бағалауы; қоршаған ортаға сенбеушiлiкпен қарауы; өз күшiне деген сенiмсiздiгi.
ПДТ психогенді жағдайларының кері әсеріненде пайда болуы мүмкін, бала ата-анасынан айрылғанда, толық эмоционалды қарым қатынастың жеткіліксіздігі (мысалға, емшектегі балалар үйінде, жетімдер үйінде өскендер, ешкім айтарлықтай көңіл бөлмейтіндер), сонымен бірге сезгіш органдарының кемшілігімен (соқырлық, саңыраулық, мылқаулық)- мұндай жағдайларда бакла толық интеллектуалды дамуы үшін жан-жақты хабарлар ала - алмайды. Баланың психикалық қызметінің дамуы жас ерекшелігіне байланысты кезеңдерде болады. Егер ол осы уақытта қажетті хабарларды, мәліметтерді алмаса, оның дамуы бәсендейді.
Баланың әдеттегідей дамуына үлкен маңыздылық пен тәрбие жағдайы керек. Мәдениеттілігі төмен от басында ата-аналар тәртібі дамуымен айналыспай өскен балалар өздерінің құрдастарынан интелектуалды қарым - қатынасы жағынан жиі қалып отырады. Педагогикалық салақтық та өзінің белгілі рөлін атқарады. ПДТ пайда болу себептерін зерттеу кезінде ОНЖ-нің органикалық зақымдануын бастан кешкеннен кейін, себепші болған қалдық құбылыстың ең ауыр түрі белгілі болған, ал функционалды- динамикалық бұзылу кезінде ең жеңіл түрі функционалды- динамикалық бұзылу кезінде ең жеңіл түрі байқалады. Сол және бір ғана этиологиялық фактор зақымдалу уақытынан байланысты генотиптік фонның есебімен бір ғана жағдайда тек жетілу қарқынының бұзылуына әкелуі мүмкін, басқаша жағдайда ПДТ-ң қиындалған түрін береді немесе олигофренияға әкеледі.
3.Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер: отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық дамуында тежелуі (ПДТ) бар балалардың көбеюіне әкеліпотыр.
Олардың осы жағдайға шалдығуы сабақ үлгерімінің төмендеуіне, тәртіп бұзуға себеп болады. Қай мектепте де ондай балалар аз емес. Жалпы дамуында тежелуі бар балаларға тән нәрселер: тез шаршау, қоршаған орта жайлы түсінігінің аз болуы, сөз қорының таяздығы, ойын және іс- әрекетінің қалыптасу қиындығы, қабылдауы баяу және ойлау қызметінің төмендігін, сөздік- логикалық операцияларының қалыптасу қиындығы тән болады. Балалар арасында ПДТ-ның әр түрі кездеседі. В.В.Лебединскийдің сараптауы бойынша ПДТ 4 түрге бөлінеді:
1. Психикалық даму тежелуінің конституционалды түрі.
2. Психикалық даму тежелуінің соматогенді түрі.
3. Психикалық даму тежелуінің психогенді түрі.
4. Психикалық даму тежелуінің церебральды - органикалық түрі.
Психикалық дамуының тежелуінің конституционалды түріндегі балаларға келесі сипаттамалар тән: баланың дамуында эмоционалдық бейнесінің төменгі даму кезеңінде қалып қоюы, көңіл- күйі мен ойынға қызығушылығы жоғары болуы, оқуға деген қызығушылығы мен ынтасының төмен болуы байқалады. Көбінесе бұл түр төменгі сыныптарда кездеседі, оқу үлгерімінде қиындық көреді.
Психикалық даму тежелуінің соматогенді түрі -бұл түрлі ұзақ уақытта әр түрлі себептегі соматикалық науқастар салдарынан, түрлі созылмалы аурулар, туа біткен және жүре пайда болған соматикалық жүйедегі ақаулары, балалар неврозы негізінде пайда болады. Көп жағдайда мұндай балалар әлсіз, әлжуаз, қорқақ және түлғалық қарым- қатынаста шектеулі болып келеді. Науқасынан сауыққан балалар өз қатарын қуып жетеді. Психикалық даму тежелуінің психогенді түрі- тәрбиелік жағдайдың қолайсыздығына байланысты. Баланың ұзақ уақыт қолайсыз ортада тәрбиеленуі, олардың жүйке психикалық жүйесін тұрақты өзгеріске әкеліп соқтырады. Жанұядағы қатаңдықпен, зорлық-зомбылықпен, отбасының ішімдікке салынуының салдарынан баланың жалпы түсінігі төмен болады. Қоршаған орта туралы бейхабар болады. Аталған үш түрдегі ПДТ балаларды жалпы мектепте жеке бағдарламамен түзеу сыныптарында оқытып, қатарға қосуға болады. Психикалық даму тежелуінің церебральды - органикалық түрі - шығу тегі жүйке жүйесінің органикалық жетіспеушілігіне байланысты. Көптеген жағдайда баладағы орталық жүйке жүйесінің органикалық өзгерістері анасының жүктілік кезіндегі денсаулығына байланысты (жұқпалы аурулар және бүйрек,жүрек аурулары басқа да созылмалы аурулары...).Жүктілік кезіндегі көңіл-күйі,уайым-қайғыға салынуы да нәрестенің іште дамуына әсер етеді. Мұндай балалардың барлығында зейін мен есте сақтау процестері дамымаған. Бұл балаларға невропатолог дәрігерінің көмегі қажет. Олар арнайы мектептерде оқытылуы тиіс. Мектеп жоқ жағдайларда жалпы мектептердегі түзеу-дамыту сыныптарында оқытылады. ПДТ балаларды ерте анықтап, дер кезінде медициналық, психологиялық-педагогикалық көмек берілсе, бала өз қатарын қуып жетеді. Ал кеш анықталып, аталған көмектер дер кезінде берілмеген жағдайларда, олардың көпшілігінің мүмкіншілігі шектеліп, артта қалған оқушылар қатарын көбейтеді. Негізінен мектептерде ПДТ балаларды анықтау және түзеу жұмыстары мектеп психологының міндеті. Түзеу жұмыстарын жүргізу үшін психолог ПДТ-дің түрлерін ескеруі тиіс және оның қаншалықты ауыр түрі екендігін, баланың жеке даралық типологиялық ерекшелігін сақтау керек.
Психикалық дамуының тежелуі бар оқушыларды оқытатын мұғалімдер төменгі қағидаларды ескеру керек:
1.Тапсырманың баланың даму денгейіне сай болуы;
2.Баланы жеке тұлға ретінде қарап, оның жетістіктерін көріп, мадақтап отыру;
3.Сынып жетекшісімен ата- ана тығыз байланыста болу;
4.Түзеу мекемелерінен көмек алуына ықпал жасау( КППК, Оңалту орталығы);
Ал ПДТ балалардың ата-аналары келесі кеңестерді ескруі тиіс:
1.Дамуында тежелуі бар балалардың ақыл-ойы дұрыс,тежелу уақытша болатын жағдай.
2.Бала жеке тұлға, қоғамның бір мүшесі, ол өз деңгейінде білім алуға құқылы.
3.Дамуында тежелуі бар балаға үнемі көңіл бөлу.
4. Баланың дамуында, денсаулығында, көңіл күйінде, қарым-қатынасында өзгеріс байқасаңыз дер кезінде мамандардан (дәрігер, психолог, педагог)кеңес алу.
5.Тежелуі бар балаға ұдайы көмек көрсету және балаға мүмкіндігінен тыс күш түсірмеу.
6.Баланың жетістіктерін дер кезінде бағалап, мадақтау.
Қоғамымызда балалардың білімді де білікті болуы үшін, олардың ерекшеліктерін ерте анықтауға ата-ана, мұғалім, психолог маман, дәрігерлер барлығы бірдей ат салысуы тиіс. Сонда ғана ПДТ балалалар дер кезінде түзеліп, қатарға қосылады.
Арнайы мектептерде оқуға және жазуға үйрету арнайы түзету жұмысымен өткізіледі, былайша айтқанда сауаттылыққа үйрету дайындығы әр кезеңмен орындалады. Бірінші кезеңде тәсілмен шығарады, бірақ та бұл сауаттылықты жақсы меңгеріп кету үшін керекті талдау мен жинақтау дыбыстарының дағдысын қамтамасыз етпейді; екінші кезеңде- сөздегі дыбыстың оның орнын белгілей білуді өндіреді, дыбыстардың бір ізділігі және сөздегі орналасу тәртібін анықтау.
Психикалық дамуы тежелген балалардың тiл байлығы әдеттегi балаларға қарағанда 20 - 30% төмен деңгейде. Осы себептерден баланың тапсырманы орындауында көп қиындықтар кездеседi. Қазіргі таңда елімізде арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы мектептер мен жалпы мектептердің ішінен арнайы сыныптар ашылуда.
Түзете - дамыта оқыту сыныптарына әр түрлі биологиялық, әлеуметтік себептердің салдарынан (орталық жүйке жүйесінің қызметінің жетілмеуі, соматикалық әлсіздік,, педагогикалық қараусыз) оқуда, мектепке бейімделуде қиындық келтіретін балалар оқиды.

2.2. Психикалық дамуы тежелген балалардың ойлау ерекшеліктері.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі оларды қоғамдық өмірге дайындау, әлеуметтік бейімдеу, жан-жақты дамуларына көмек көрсету, әлеуметтік өмір шеңберде тең құқылы тіршілік ете алуларына жағдай жасау. 2002 жылдың 11 шілдесінде қабылданған Қазақстан Республикасындағы Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-психологиялық-педагогик алық қолдау көрсету туралы Заңына сәйкес даму және денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалар білім алуға және шығармашылық, дүниетанымдық мәдениеттерін дамытуға тең құқылы [1].
Осыған орай, тарихқа үңіле келе, психикалық дамудағы аздаған ауытқулар мәселесі, шетелдік және отандық ғылымда, тек XX ғасырдың ортасында пайда болды. Бұл кезде ғылым мен техниканың түрлі салаларында, қарқынды даму болды, жалпы білім беретін мектептердің бағдарламалары күрделене түсіп, көптеген балаларға оқу қиындай бастады. Педагогтар мен психологтар мұндай үлгермеушілік себептерін, өте маңызды деп санап, талдау жасады. Көп жағдайда, бұл мәселе ақыл-ойдың кемістігі деп қарастырылып, үлгермуші оқушылар көмекші мектептерге орналастырылады.
Жалпы білім беретін мектептердегі бағдарламаны меңгере алмаған балаларды клиникалық тексеруден өткізгенде, ақыл-ойы кем балаларға тән өзгеше ерекшеліктер байқалмаған. Тек 50-60 ж.ж Л.С.Выготскийдің шәкірті М.С.Певзнердің басшылығымен,үлгермеушілік мәселесінің түпкілікті себебі анықтала бастады. Кешенді клиникалық-психологиялық педагогикалық тексерулер үлгермеуші оқушыларға психикалық дамудың тежелуі деген тұжырымдама берді. Сөйтіп, жалпы мектептердегі үлгермеуші оқушылардың тең жартысын құрайтын, дамуында ауытқуы бар балалардың жаңа категориясы пайда болды [2].
1960 жылы Кеңес одағында ғылым академиясының дефектологиялық ғылыми зерттеу институтында, М.С.Певзнер мен Т.А.Власованың жетекшілігімен жүргізілген кешенді зерттеулер екі жақты қажеттілікпен туындады: біріншіден, жалпы мектептердегі үлгермеушілік мәселесімен күресу болса, екіншіден, танымдық әрекеттің клиникалық бұзылуын әрі қарай тереңірек зерттеу қажет болды. Барлық көрсеткіштерге сәйкес, бұл категориядағы балалардың психоәлеуметтік дамуы басқа да дизонтогениялық бұзылулардан өзгеше, екінші жағынан, қалыпты дамудан айырмасы бар, сөйтіп, психикалық даму деңгейіне қарай ақыл - ойдың кемістігі мен қалыпты даму аралығын көрсетеді. Осы ақау - кемістік салдарынан жүйке жүйесінің дамуы байқалады. Сөйтіп, бүкіл функциялар тежеліп дамиды. Кейбір психикалық қызметтердің баяу дамығанымен, оның пісіп жетілетін жақтары болады. Осындай топтағы балалар үшін әр түрлі психикалық жақтарының жеткіліксіз бірыңғай дамымай тепе - тең дамымаған сипатқа тән. Ақыл - ойдың кемістігінде орталық жүйке жүйесі диффузиялық түрде зақымданатын болса, психикалық дамудың тежелуінде орталық жүйке жүйесі локальды зақымданады. Ақыл - ойдың кемістігінде екінші сигналдық жүйе шартты байланыстар жасауда белсенді рөлді атқармайды, ал психикалық дамуы тежелгенде екінші сигналдық жүйе шартты байланыстар жасауда, қалыпты жағдайда белсенді рөл атқарады.Ақыл - ойы кем балалар ересек адамдар тарапынан берілген көмекті қабылдамайды, ал психикалық дамуы тежелуі бар балалар көмекті қабылдайды.
Психикалық дамуы тежелген балаларға, айқын даму ауытқулары жоқ балалар жатады. Бұл категориядағы балаларда, түрлі биоәлеуметтік себептер (ОНЖ жеңіл зақымдануының қалдықтары, соматикалық әлсіздік, церебрастниялық күйлер, педагогикалық қараусыздық, гармониялық инфантилизм т.б.) салдарынан, бейімделу қиындығы кездеседі. Жоғарыда аталған кемшіліктер бұл балалардың жалпы білім беру бағдарламасын меңгеруіне кедергі жасамайды, бірақ олардың психикалық және дене бітімдік ерекшеліктеріне бейімделуін қажет етеді. Дер кезінде жүргізілген түзету-педагогикалық көмек жүйесі кейбір жағдайдағы медициналық көмек көретілгенде, даму ауытқуын толық немесе жартылай жоюға болады [3].
Психикалық дамудың тежелу мәселесі дүниежүзілік психологтар мен педагогтардың бірден - бір көкейкесті мәселелерінің бірі болып табылады. Олар кемақылдылар қатарына жатпайтын, бірақ білім қорының көлеміне қарай оларды қорытуға жеткілікті икемділіктері болса да алғашқы сыныптарда мектеп бағдарламасын игере алмайды. Психикалық дамуы тежелген балаларды жан - жақты зерттеу 1960 жылдардан басталады. Осы жылдары енгізілген міндетті орта білім беру жүйесіндегі өзгерістер, жалпы білім беретін мектептердің бағдарламаларының күрделенуі көптеген балалардың сабақ үлгерімін төмендетті. Тіптен кейбіреулері бағдарламаны игере алмады, білім сапасы төмендей бастады. Осы кезеңде шет елдерде оқу үлгерімінің сапасы, білім деңгейін көтеру бағытында ғылыми зерттеулер қалыптаса бастады. АҚШ, Англия, Германия сияқты дамыған мемлекеттерде сабақ үлгерімі төмен, оқуға ынтасы аз балаларды ғылыми психологиялық тәсілдермен зерттеу арқылы оқуға қабілеті төмен, оқытуда қиындықтар кездесетін, педагогикалық дұрыс тәрбие алмаған, тәртібі бұзылған, бейімделмеген, миында болмашы зақымданулары бар балалар деген топтар айқындала бастады. Мектеп жасындағы бұл балалардың бәріне тән кемістік - үлгермеушілік. Ал оның басты себебі: бастауыш сыныптарда анық байқалатын психикалық әрекеттердің кейбір түрлерінің тежелуі немесе уақытша қалыптасуы. Бұл ауытқу көбінесе 5 - 6 жастан 11 - 12 жас аралығында кездеседі.
Қазіргі уақытта балалардың психикалық даму тежелуі жан-жақты клиникалық, психологиялық және педагогикалық бағыттарда зерттелген, оның клиникалық белгілері анықталған [4].
Осы бағыттағы зерттеу жұмыстарында Сухарева Г.Е., Власова Т.А., Певзнер М.С., Лубовский В.И., Лебединская К.С. жоғарыда көрсетілген топтардағы балалардың бәрінде әр түрлі дәрежеде психикалық функциялардың тек тежелуі ғана болатыны анықталды. Сонымен қатар психикалық дамуы тежелген балаларда кездесетін этиопатогенетикалық өзгерістердің сапасы анықталды. Ең бастысы, бұл балалардың орталық жүйке жүйесіндегі өзгерістер күрделі емес, жеңіл, өтпелі екені анықталды. Кейбір жағдайда мида патологиялық өзгерістер тіптен байқалмайды, тек қана оның әрекеті әр түрлі себептердің салдарынан уақытша нашарлайтыны анықталды. Психикалық дамудың тежелуі негізгі этиопатогенетикалық себептерге байланысты. Нәрестенің анасының құрсағында дамуы кезеңінің бастапқы немесе соңғы айларында әртүрлі зиянды себептердің оның миына әсер етуі; Нәрестенің босану кезінде бас сүйегі мен миының жеңіл зақымдануы; Бала туғаннан кейін, әсіресе алғашқы айлары мен жылдарда әртүрлі соматикалық немесе жұқпалы аурулармен ауыруы; Отбасында дұрыс тәрбие мен күтімге көңіл бөлмеуі; Психогенді жағдайларының кері әсерінен де пайда болуы мүмкін: бала ата-анасынан айырылғанда, толық эмоционалды қарым-қатынастың болмауынан; жаңа туған нәрестелерді, жас балаларды тастанды балаларға арналған балалар үйлерінде дұрыс тәрбиелемеу, мейірем мен жақсы көріп еркелету - сүйіспеншілік сезімдерінің жетіспеуі сияқты және басқа да зиянды себептер баланың психикасының қалыптасуын тежейді.
Психикалық даму тежелуі бар баланың жеке басын қалыптастыруда эмоционалды даму дәрежесіне нейродинамикалық бұзылуларға байланысты. М.С.Певзнер мен Т.А.Власова психикалық және психофизикалық инфантилизм негізіндегі психикалық даму тежелген, екіншісі баланың өмірінің ерте кезінде түрліше патогенді ауру туғызатын факторлардың нәтижесінде пайда болған, баланы астениялық және церебрастениялық күйге әкелген психикалық даму тежелуі.
Ал, К.С.Лебединская клиникалық зерттеулерінің нәтижесінде психикалық дамудың тежелуінің клиникалық түрлері айқындалған, мәселен:
Конституционалды және гармониялық инфантилизм түрінде қалыптасатын психикалық дамудың тежелуі, бұл топтағы балалардың негізгі клиникалық белгілері - эмоциялары мен жігерлік қасиеттерінің тежеліп, жас жағынан көп кіші балаларға тән мінез, еркелеу, қуаныш - реніш, аңқаулық, сенгіштік сияқты психикалық ауытқулар. Керісінше өз жастарына тән іс - әрекеттерге (оқу, жаттау, ойлану, сапалы іс бітіру, жауапкершілік) ынталары болмайды.
Соматогенді психикалық даму тежелуі - бұл топтағы балалардың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері: баланың іштен туа және жүре келе жүрек, бүйрек, өкпе ауруларымен жиі ауруы, созылмалы аурулардың асқынуы, жүйке ауруларының әсері сияқты соматогендік зақымданулар балаларда астениялық жағдайларды қалыптастырады. Осыдан барып балалардың психикалық тонусы төмендеп, оның дамуы тежеледі. Клиникалық белгілері әлсіздік, дәрменсіздік, қорқақтық, өзіне-өзі көңілі толмаушылық, жалтақтаушылық. Көптеген балаларда жоғарыда келтірілген кемістіктер отбасындағы тәрбиенің дұрыс болмауынан, баланы қорқытып, жәбірлеп, ұрсып - ұрып қорқытып өсіруімен болса, ендігі бір жағдайда ата - ананың баланы қорғаштап, оның айтқанын істеп, шамадан тыс еркелетіп, олардың өз бетімен талаптанып, ойланып шынығуына тиісті жағдай жасалмағандықтан.
Психогенді психикалық даму тежелуі - бұл топтағы балалардың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себебі: баланың жас кезінде отбасылық жағдайда немесе әр түрлі созылмалы жүйке ауруларының салдарынан психикалық күйзеліске ұшырауы. Баланың эмоционалдық және жігерлік әрекеттері өте төмен, бала ынжық, өзіне сенімсіз, әр нәрсеге, әр адамға күдікпен қарайды және жалтақтап сезіктеніп тұрады.
Церебральды - органикалық психикалық дамудың тежелуі. Балалардың психикалық дамуының тежелуінің басты себебі жоғары жүйке жүйесінің әрекетінің жеңіл түрде зақымдануы. Бас миының кейбір бөліктеріндегі өтпелі қабыну процестері. Сондықтан, бір қарағанда күрделі психикалық тежелу кемақылдылыққа ұқсағанымен, мидағы өзгерістер органикалық сипат алмағандықтан бұл патология дер кезінде анықталса, дұрыс жан - жақты емдеу түзету әдістері қолданылса, балалар уақыт өте келе өз қатарлы дені сау балалармен бірдей дәрежеге жетеді [5].
Бүгінгі таңда жалпы білім беретін орта мектеп жаңа қоғам мектебі, болашақ мектебі, яғни саналы халықтық мәдениетке бағытталған, баланың жеке басының дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайтын, бәсекеге қабілетті, елдің ертеңі болатын жас ұрпақты өсіріп, дамытатын мектеп болуы тиіс. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: Білім беру жүйесінің басты міндеттеріне: білім бағдарламасын меңгеру үшін жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай арқылы парасатты байыту деп атап көрсетілген. Осыған байланысты қоғам алдында оқушының жеке басын үйлесімді дамытуға бағытталған міндеттер қойылып отыр. Отанымыздың әрбір болшақ азаматын жан жақты тәрбиелеп, білім беру арқылы дамыту ең жауапты іс. Жалпы орта білім беретін мектепте үлгерімі төмен балалар тобында елу пайыз психикасы тежелген балалар кездеседі. Психикалық дамудың тежелуі бұл баланың интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмеуі.
Психикалық дамуының негізгі бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейі, яғни, зейіні, есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген балалардың оқу үлгерімі төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі жеті сегіз жастан анық байқалады. Оның негізгі белгілері: сабаққа белсенділігі байқалмайды, берілген тапсырмаларды үлкендердің көмегінсіз дұрыс орындай алмайды, сыныптастарымен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен жазу, есептеулерде көп қателер жібереді, тез шаршағыш, зейіні тұрақсыз болады. Психикасының дамуы тежелген балалармен жүргізілетін психологиялық түзету дамыту жұмыстарының түрлері көп. Психологиялық түзету жұмыстарын жүргізудің принциптері төмендегідей:
- баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;
- шаршап кетпеуін қадағалау;
- оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру,кеңістікті бағдарлауын дамыту;
- сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру;
- ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару;
- арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру;
- жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру [6].
Мамандардың оқыту түзету процесінде әдістемелік нұсқауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастыруына байланысты психикалық дамуы тежелген балаларды өз жасындағы балалардың даму деңгейіне жеткізуге болады. Білім беру мекемесінде оқитын психикасының дамуы тежелген балалар әр уақытта нәтижеге жету үшін бақылаудан тыс қалмауы қажет. Психолог, сынып жетекшісі, ата-ана тығыз байланыста ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнайы педагогика
Психикалық дамуында тежелуі бар балалар
Тірек – қимыл аппараты бұзылған балалар
Зияты зақымданған балалар
Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізу
Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері
Инклюзивті білім беру жaғдaйындa есту қaбілеті зaқымдaлғaн мектепке дейінгі оқушылaрғa көмек көрсету жолдары
Мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың педагогикалық және психологиялық шарттары
Тірек - қозғалыс аппараты бұзылған балалардың ерекшеліктерін анықтау
Тірек - қозғалыс аппараты бұзылған балалардың ерекшеліктері
Пәндер