Аударманың лексиколистикалық мәселелері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I АУДАРМА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1Аударманың тарихы, зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1.1. Аударма ісінің батыста дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
1.1.2.Аударма ісінің шығыста дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
1.1.3. Қазақстандағы аударма ісінің аяқ алысы ... ... ... ... ... ... ... .. ...
1.1.4. Түркия Республикасындағы аударма ісінің даму көрінісі ... ... ...
1.1.5.Осман Империясындағы аударма ісінің жай-күйі ... ... ... ... ... ... .
1.2.Аударма түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

II ТҮРІК ТІЛІНДЕГІ ЖАЗБА МӘТІНДЕРДІ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...

1.1 Аударманың тарихы, зерттелуі

Әлемде әр түрлі тіл, әр түрлі мемлекет өмір сүріп отырған жағдайда аударма мәселесінің күнделікті керекті іске айналуы заңды. Қандай да бір халықтың тарихын ашып қарасақ, ол өзінің рухани байлығын, өркениетін, мәдениетін маңызды екі негізден дамытып отырған. Біріншісі, өзінің ішкі мүмкіндіктері болса, екіншісі, өз жұрттың мәдени қарым-қатынасына арқа сиеу. Өзге елдің, бөгде жұрттың рухани дүниесінен сусынай отырып, өз мәдениетін өрткендеткен, мысалды кез келген халық тарихынан келтіруге болады.
Өз мәдениетін дамыта түскен халық қашанда басқа елдің ғылыми білімін үйреніп, соны игеруге ұмтылады. осындай игі істің жандануына аударманың айрықша қызмет атқарып келгені аян. Аударма ісінде тек төккен айтулы ғұламалардың халықтар достығының дәнекері деп аялауында көп сыр бар. Шындығында, ел мен елді табыстырып, халық пен халықты жақындастыруда аударма ісінің маңызы ерекше.
Егер біз әлемдегі ұлттардың әр алуан мәдениетін, тарихын, әдебиетін оқып шыға алатын жағдайда болсақ, ол тек - аударманың арқасында.
Аударма қай дәуір, қай ғасыр болсын қоғам өмірінің дамуына әрқашан да мүлтіксіз қызмет жасап келеді.
Аударма ісі қолданыла бастағалы ол туралы ғылыми пікірдің де өрби бастағаны аян. Кез келген халықтың тарихына қарасақ, аударма туралы тәжірибелер, ой-пікірлер бар. Аударма ісімен айналысатын жұрт, оның ішкі сырына қарап, заңдылықтарын ашуға тырысқан. Осы секілді жүйе ауыса келе, аударма мәселесінің ережесін жасады. Осылайша, ғылыми пән ретінде қалыптасты. Жалпы, мәдениет, өркениет, тарих секілділер баспа жүйесінің қалыптасуына қатысты.

Аударма ісінің Батыста дамуы
Батыстағы аударма ісінің дамуы Ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінен бастау алады. Шығыс және Батыс өркениеттері арасындағы өзара қарым-қатынас ежелден орнатылғаны мәлім. Деректерге сүйенер болсақ, аударма ісі б.з.б 3000 жылдарда басталған. Жазба деректерде осы жылдары Мысыр өркениетінде аудармашылардың болғаны, Батыс өркениетінің бесігі болып табылған Ежелгі Грекияда болса, аударма ісінің Египет өркениеті дәрежесінде болмағаны баяндалады. Үстемдікке арқа сүйеген гректер басқа халықтардың тілдерін үйренудің орнына, олардың грек тілін үйренгендерін жөн санаған. Жазбаша аудармаға байланысты алғашқы мәтіндерді зерттеу жұмыстарының нәтижесі еврей тілінен грек тіліне аударылған алғашқы мәтіндер көне келісім мәтіндері екенін көрсетеді.
Рим дәуірінде грек тілінен латын тіліне дінге қатысты мәтіндермен қатар, басқа да жазбаша аудармалар жасалған. Мысалы, Андроник б.з.б 240 жылы Одиссеяны грек тілінен латын тіліне аударған болатын. Сондай-ақ, аударма теориясының да негізі қалана бастағаны байқалады. Бұл ретте аударма ісі бойынша өзіндік көзқарастары мен тәжірибелерін қағазға түсірген ғалымдар Цицерон (б.з.б.106-43) мен Әулие Йеронимді (340-420) атап өтуге болады.
Батыста Рим кезеңінің өркендеуінен кейін орта ғасырға дейін жалғасқан тоқырау кезеңі орын алса, Шығыста аударма ісі араб тіліне жасалған аудармалармен қарқынды түрде дамыды. Бағдатта жасалған аудармалар кейіннен Әл-Андалуси мемлекеті арқылы Шығыстан Батысқа қарай, Пиреней түбегіне дейін жетті. Белгілі еңбектер Еуропа елдері тілдеріне аударылып, Батыста құрылған алғашқы университеттерде оқу құралы ретінде пайдаланылды. XV ғасырда Гутенбергтің тізбектелетін әріптермен басылым әдісінің дамуымен қоса, кітаптар кең таралып халыққа жеткізіле бастады.
XVI және XVII ғғ. әсіресе шіркеулерде Ежелгі Грек тілі мен өркениеті әлі де үстемділігін сақтағанымен, жергілікті тілдер де бой көрсетіп, сол тілдерге бейімделген аудармалар жасала бастады. XVIII ғасырдағы Ағарту дәуіріне келгенде, жергілікті тілдер дамыған болатын. Халықтың білімін жоғары дәрежеде дамытуда жергілікті тілдердің маңызы зор еді. Сондай-ақ, кітаптар да кеңінен таралып, көпшілікке жеткізіле бастады. Осы себепті латын тілінен басқа да қолданыстағы жергілікті тілдерге де ағарту үдерісіне сәйкес аудармалар жасалды.
XIX ғасырда жергілікті тілдердің қолданыс аясының кеңейе түсуіне байланысты аударма жұмыстары қарқынды жүргізіліп, әдеби шығармалар секілді ғылыми еңбектер де зор маңызға ие болды.
XX ғасырда Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін өнеркәсіптену үдерісі және халықаралық ұйымдардың құрылуы аударма ісінің маңыздылығын арттыра түсті.

Аударма ісінің Шығыста дамуы
Екі басқа мәдениеттің қарым-қатынас орнатуының нәтижесінде пайда болған аударма ісі тарихта ең көне кәсіптердің бірі болып саналады. Зерттеулер б.з.б. 4500 жылы Месопотамияда сына жазуымен жазылған екі тілді және үш тілді тақтайшалардың табылғанын көрсетеді. Ежелгі Египетте де б.з.б. 3000 жылдары аударма жұмысының қарқынды түрде жалғасын тапқаны белгілі. Бұл аймақта драгоман деп аталған аудармашылар сауда-саттықта қазіргі сөзбен айтқанда маман ретінде аудармашылық қызметін атқарған. Б.з.б. 2000 жылдарда сауданың жіті жүргізілген орталығы болып табылатын Вавилонда көптеген тілдердің қолданыста болғаны, шумер және аккад тілдерінде екі тілді сөздіктердің де жазылғаны мәлім. Б.з.б. 1200 жылдарға тиесілі, хэт және Ежелгі Египет тілінде жазылған тақтайшалар мен б.з.б. ІІ ғасырға тән Розетта тасының ағартушылық мәселесінде көмекші құрал болғаны айқын. Осы екі немесе көп тілді тақтайшалардағы бір тілдің мағынасын ашу арқылы екінші тіл де анықталған. Осылайша, әртүрлі мәдениеттердің тілін зерттеу мүмкіндігі туындады.
ХІІ ғасырда Шығыста аударма ісі қарқынды дами бастады. Осы жылдары арабтар мен еврейлер Ежелгі үнді, парсы және грек тілдерінен көптеген ғылыми еңбектерді араб тіліне аударды. Осы аудармалармен қоса, Бағдатта Beytü'l-Hikmet (Даналық үйі) атты ғылыми орталық құрылды. Осы ғылыми орталықта грек, парсы, үнді және иврит тілінен көптеген еңбектер араб тіліне аударылды. Кейіннен VIII ғасырда Пиреней түбегі (қазіргі Испания) Умәйя әулетінің қол астына өткеннен кейін және Кордоба халифаты құрылғаннан кейін осы өркениет Пиреней түбегіне көшірілді. ХІІ ғасырда испандықтардың Толедо қаласын жаулап алуымен қатар латын тіліне және жергілікті тілдерге жасалған аудармалар арқылы, жинақталған тәжірибе Батысқа жетті. Сол кезеңнен бастап Батыста біршама жоғарғы оқу орындары ашылды және баспаның дамуымен қоса, бұған дейін тек қана шіркеу айналысқан ғылым көпшіліке кеңінен тарала бастады.

1.1.3.Қазақстандағы аударма ісінің аяқ алысы

Аударма - сан қырлы, күрделі де қиын, жұмбақ та астарлы әрі шығармашылық, көп қырлы құбылыс. Әлем халықтарының қандай да бір мәдени, ғылыми, саяси, қарым-қатынастарында аударманың тигізген ықпалы зор. Ел мен елдің бірін-бірі тануына, одан әрі мәдени байланыстарының дамуына ұласқан аударма - қасиетті де қадірлі өнер. Адамзаттың тіршілік қажеттіліктерінен туындаған тәржімалау қай ғасырда да ізін, дәстүрін қалдырып отырған.
Қазақ аударма тарихына зер сала қарасақ, халқымыздың мәдени даму байланыстарының түрлі кезеңдерінде аударманың рөлі айрықша болған. Жеті жұрттың тілін біл деген халқымыз көп тілді білудің қадірін, қажеттілігін ежелден сезген. Әсіресе, ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр аударма жаңа сипатта қоғамдық озық ойлармен, әдеби шығармалармен танысудың тиімді көзі болып саналғанымен, аударматану ғылымы, аударма теориясы жүйелі ғылыми айналымға енген жоқ. Әбу Насыр әл-Фарабидің 70-тен аса елдің тілін білуіне мән бере қарасақ, ғұлама ғалымның талай еңбектер жазып қалдыруының сыры терең білім мен көптеген тілді меңгеру қабілетімен ұштастырылады.
Қазақ хандығының, мемлекетінің құрылуынан бастап, оның қалыптасу, өркендеу дәуірінде, түрлі тарихи кезеңдерінде, ел билеу ісінде, сауда, саяси, дипломатиялық қарым-қатынастарында, сөз жоқ, аударма рөлі анық. Ел билеуші хандарымыздың мемлекеттік істерінде, соғыстары, шайқастары, тілмаштық, тәржімалық іс пайданланған тарихи деректерде мәлім. Қаза тіліне шығыс және славян халықтарының, керісіншеқаза сөздерінің көрші елдерге кірігіп кетуі де, ел мен елдің белгілі дәрежедегі ықпалы.
Жазба аударманың, көркем аударманың дүниеге келуінен кейінгі әдебиет әлемінде жаңа байланыс қалыптасып, барған сайын қанат жайды. Шығыс поэзиясының жауһарлары, Мың бір түн тәрізді ғажайып оқиғалы мұралардың батыс елдерінің тілдеріне аударылуы олардың көркем әдебиетіне, мәдени өміріне елеулі ықпал жасады. Егер халқымыздың көне әдеби мұраларында Шығыс халықтарының көркем құндылықтары аңыз, жырлары, дастан, хикаяларының, сарындары, сюжеттері араласса, аударманың үлкен жемісі.
Қазақ даласына ислам дінінің таралуы, қасиетті Құранның аударылуы да адамгершілікке, ізгілікке, ілім-білімге ұмтылған халықтың рухани тіршілігіне үлкен өзгерістер енгізді.
Абай, Ыбырай жасаған алғашқы аудармалар, Шоқанның бірнеше тіл білу дарындылығы да қазақ зиялы қауымының өркениетке ұмтылыстарын айғақтайды. А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатов т.б. асыл тұлғаларымыз аудармаға аянбай атсалысты. Бұл дәстүр М. Әуезов, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Сейфуллин т.б айнымас алыптар тобынан жаңаша қолдау тапты. Кеңестік кезеңде, әсіресе 1960-80 жылдары аударма ісі әр салада қарқын алды. Бұл уақытта жаңа аудармашылар толқыны жарқырай көрінді. Танымал таланттарымыз прозада, поэхияда, драмада аудармашылық шеберліктерін кеңінен көрсетті. Көрнекті жазушыларымыздың ауармаға араласуы әдебиетімізді классикалық құндылықтармен байытты.
Аудармалар жасалғанымен, бірді-екілі сыналып, аздап жақсы тұстары, кемшіліктері айтылғанымен жүйелі талданып бағаланбады. Аударматану, аударма теориясы зерттеу нысанында қарастырылмады. Жекелеген мақалалар, резенциялар ғана жарияланды.
Ұлы классик М. Әуезовтен басталған зерттеушілік ой-тұжырымдамалар бірден өрістеп кетпеді. Рас С.Талжанов, Ә. Сатыбалдиев, Қ. Нұрмаханов кейіннен Г. Белгер, Н. Сағындықова аударма зерттеу ісіне елеулі үлес қосты. Абай мен М. Әуезов аудармалары - көркем шығармашылық шеберлікті шыңдаудың керемет тәжірибесі. Абай, М. Әуезов негізін қалаған аудармашылық мектеп үйренудің үздік үлгісі.
Әдебиетіміздің қайраткерлері әркез көркем аударма мәселелеріне қатысты ақыл-кеңесін, ой-пайымдауларын ұсынып отырды. Ғылыми әдебиетте аударма туралы алғаш ой-пікірін айтқан кісі-С. Сейфуллин еді. 1914 жылы Айқап журналында Верный қаласында уез басшысы болып жұмыс жасаған И. Лихановтың қазақ өлеңінен жазған Манап аударма шығармасы жарияланады. Сонда Сәкен аударманың сипаты туралы өз пікірінде: оны қазақшаға сөзбе-сөз аударған. Соның ішінде сөздер де нағыз қазақша болып шықпаған, - деп сынау айтады.
Ж. Аймауытовтың Аударма туралы (1925), Б. Кенжебаевтың Абай - қазақтың ұлы ақыны (1925) атты еңбектері аударма жөнінде жиырмасыншы жылдары жазылған шығармалар ретінде білінеді. Б.Кенжебаев қазақтың бас ақыны Абайдың аудармашылығы туралы айтса, Е. Алдонғаровтың Пушкиннің Сараң сері (Скупой рыцарь), Тас мейман (Каменный гость) шығармаларының қазақшасы туралы әңгімелейді.
Белгілі аударма зерттеушісі Ө. Айтбаевтың пікірі бойынша ...отызыншы жылдардың орта шеніне дейін көркем аударма туралы айтылған пікірлер белгілі бір шеңбер шегінен шыға алмады, жай тілек тұрғысынан аспады. Айтбаев Ө. Аударма ғылымы және оның зерттелуі. Аударманың лексиколистикалық мәселелері. А.: Ғылым, 1987, 8бет
30-жылдардың екінші жартысында аударма ісіне ерекше көңіл аудартқан елеулі оқиға ретінде орыс ақыны А.С. Пушкиннің туғанына 100 жыл толуына байланысты өткізілген шараларды атап өткен жөн. Қазақтың ұлы ақыны Абайды аялап келген Қазақстан халқы осы ерекше күнді дайындықпен қарсы алуды ойлаған. Осы шаралар шеңберінде ақын жазушыларымыз А.С. Пушкиннің еңбектерін қазақ тіліне аудару ісіне кіріседі. Осы шараның басында белгілі ақын І. Жансүгіров болды. Пушкинді қазақшаға сөйлетуге Абайдай әдемі үлгі тұрғанымен, бұл оңай шару емес еді. Тіпті сол Абай үлгісінің өзін жете түсініп, бойға сіңіре қоймаған, ғылыми бағасы берілмеген кезең еді. Сондықтан да, қазақ жұрты талғамды тұжырым мен тиянақты пікірге сусап отырды. 31б
1936 жылы М. Әуезовтің Пушкинді қазақшаға аудару тәжірибелері туралы атты шығармасы заман талабына сай жазылған аса құнды еңбек. Абай үлгісі, Абай тәжірибесі аудармашылар ұстанатын қағида, бағыт-бағдар ретінде беріледі. Абай үлгісін айта отырып, автор кезінде Пушкинді аударуға бұдан да басқа тәжірибелердің болғанын сөз етеді. Алайда, олардың түпнұсқасының негізгі ерекшеліктерін жеткізудің орнына, басқаша бағыт ұстап, оларды баға жетпес аударма ретінде сынайды. Еңбекте Пушкин шығармаларының аудармасы ғана емес, аударма ісі мәселесі де аз да болса ғылыми тұрғыдан баяндалады. Шығарманың тағы бір басты ерекшелігі - Пушкин еңбектерінің аудармалары мен аудармашылары жайында пікір қозғауы.
М.Әуезов аударма жайында ой-пікірін жалғастыра отырып, көптеген еңбектер жариялайды. Мысалы, Евгений Онегиннің қазақшасы туралы (Соц. Қазақстан, 1937, №6) Ревизордың аудармасы туралы (Қазақ əдебиеті, 1936, №37), Пушкин аудармасы қазақ əдебиетіне не берді? (Қазақ əдебиеті, 1936, №9), Қазақ сахнасындағы аударма пьесалар (Соц. Қазақстан, 1937, №49) т.т. 32б
Ғалым сондай-ақ 1937 жылы Казахстанская правда газетінде шыққан Евгений Онегин на казахском языке атты еңбегінде аударма теориясының маңызды мәселелерін талдаған. М.Әуезовтің осы еңбектерінен бастап аударма ісінде біраз өзгешеліктер бола бастаған секілді.
М.Әуезовтен кейін аударма туралы пікірлерді белгілі әдебиетші М.Қаратаев жазған болатын. Зерттеушінің Жүз жылдан кейінгі Пушкин, Пушкин мен Абай (1937) деген екі еңбегінде орыстың ұлы ақынының талай жұртқа, Абайға, қазақ ғалымдарына жасаған амалдарын айта отырып, соны аудару кезіндегі қиыншылықтарды тарамдайды. Пушкинді аударудағы Абай үлгісі мен Ә.Тәжібаев, І. Жансүгіров, С.Талжанов, М.Дулатов секілді зерттеушілердің еңбектерін жалғастыра отырып, кемшіліктері мен жетістіктерін айтады.
40-жылдары елдің патриоттық сезімін көтеретін шығармалар аударылғанымен, аударма мәселесі бойынша жарияланған жұмыс ретінде М.И. Ритман-Фетисов пен Б. Кенжебаевтың бірлесіп жазған Советтік Қазақстандағы аударма жұмысы атты еңбекті ғана атап өте аламыз. Авторлар мұнда аударманың тарихы мен маңызы жайында сөз етеді.
Аударма ісіне барынша көңіл аударылған кезең - елуінші жылдар. Осы жылдары аударма мәселесін қарастырып, қалыпқа түсіруде З. Ахметов Лермонтов жəне Абай, Қ.Қанафиева Развитие переводче- ского искусства в Казахстане секілді ғалымдардың еңбектері болғанын сөз еткен жөн.
1951 жылы Қазақстанда С. Нұрышев Творческое наследие И.А. Крылова в казахской литературе XІX века, ал 1954 жылы Абайдың аударма жөніндегі тəжірибесінен атты аударма мәселесіне арналған екі еңбектері жарияланды.
Осы жылдары марксизм-ленинизм классиктерін аудару жұмысы біршама жолға қойылып, тәжірибе жинақталып қалған болатын және осы мәселе туралы еңбектер жарық көре бастаған еді. Мысалы, 1954 жылы Қ. Шəріповтың Некоторые вопросы перевода произведений классиков марксизма-ленинизма деп аталатын шығармасы, ал 1958 жылы М.Жангалиннің О некоторых вопросах перевода с русского на казахский язык атты еңбегі жарық көрді.
1958 жылы аудармашылардың Алматы қаласында ұйымдастырылған кеңесі барлық түркі тілдес халықтар үшін маңызды оқиға болып саналады. Кеңесте Орта Азия, Қазақстан, Әзірбайжан зерттеушілері жинала отырып, орыс тілінде жазылған еңбектерді аударудың көптеген мәселесін талқылады. Мұнда жазылған баяндамалардың мазмұнына қарасақ, аударма ісінің ең күрделі саласының біріне айналғанын көрсетеді. Жасалған бірнеше баяндамаларда аударма саласындағы басты мәселелердің біразы талданып, ғылыми теориялық дәрежеде баяндалады. Мұндағы орыс тілінен қазақ тіліне аударманың сан алуан мәселелері көтерілген Қ.Сағындықовтың Ленин шығармаларында кездесетін мақал-мәтелдер, қанатты сөздер идиомаларды қазақ тіліне аудару жайында М.Жанғалиннің Орыс тілінен қазақ тіліне аударудың негізгі принциптері туралы, А.Сыздықовтың Оқу құралдарын түсінікті аударудың кейбір жолдары және М.Қаратаевтың Тынық Донның секілді бірнеше баяндаманың жеке басылуы аударма саласының тарихындағы басты құбылыс екені сөзсіз.
Елуінші және алпысыншы жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтында аударма мәселесі мен тіл мәдениеті жайында қарастырылып, арнаулы топтар құрылды. Бұл ретте, аударманы ғылыми зерттеу жұмысында Ә.Сатыбалдиев пен С.Талжанов сынды ғалымдар зор еңбек етті. Бұлардың бірі - Н.В. Гоголь, екіншісі - Л.Н. Толстой еңбектерінің қазақша аудармасын тексеру арқылы қазақ аударма теориясының негізін қалауға үлестерін қосты. Осындай зерттеулердің арқасында, біршама ғылыми аударма мәселесі анықтала бастады.
60-жылдары бұдан басқа көптеген еңбектер жарияланды. Аударма мәселесін сөз ететін Қ.Нұрмаханов, С.Талжанов, Т.Әбдірахманов секілді ғалымдардың бұл мәселе жайындағы пікірлерінің орны бөлек.
Біз алпысыншы жылдары аударма мәселесінің тек бір жағын ғана, яғни орыс тілінен қазақ тіліне аудармалар жайында әңгімелесек, енді керісінше қазақ тілінен орыс тілі аудармаларға көп мән беріле бастаған. Қазақ әдебиетінің қазір дүние жүзіне әйгілі екенін мақтана айта алсақ, ол осы екінші саланы сол мезетте жүзеге асырудың арқасы деп айта аламыз. Осылайша, өзіміздің жазушыларымыздың, мәдениет қайраткерліріміздің, белгілі еңбектерін орыс тіліне аудару арқылы дүниежүзілік мәдениетке өз септігімізді тигіздік. Осы жылдары М. Әлімбаев пен Қ. Сағындықовтың жазған еңбектерін атап өтіп кеткеніміз жөн.
М. Әлімбаев - халқымыздың құнды қазыналарының бірі болып табылатын мақал-мәтелдердің топтамаларын жинаған. Ол ұзақ уақыттан бері ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып келе жатқан жазушы. М. Әлімбаев мақал-мәтелдерді өз елімізден ғана алмай, басқа елдің асыл құндылықтарын халқымызға тезірек жеткізуді мақсат еткен. Өзге жұрттың мәтелдерін аудара отырып, басынан өткен қызық оқиғаларын қазіргі тіл саласына сүйене отырып түсіндіреді.
Белгілі журналист Қ. Сағындықов болса, мақал-мәтелдер мен идиомдар жайында қарастырады. Қ. Сағындықов еңбектерінен саяси-әлеуметтік мәселерге қатысты көп ерекшеліктерді кездестіруге болады. Атап айтқанда, аудармада ісіндегі қолданылу аясы, стильдік өңі және т.б. аударма сипатына қарай өзгешеліктер байқалады. Зерттеуші кандидаттық диссертациясында осыларды жан-жақты сараптайды.
Жетпісінші жылдары аударма ісінің дамуына үлес қосқандар аз емес. Осы жылдары көптеген диссертациялық еңбектер қорғалды. Дәлел ретінде жазылған осы монографиялық кітапшалар аударма ісінің маңызды бір бөлігі болып табылатынын ескеру қажет. Зерттеу жұмыстарымен қазақ және орыс тілдерін меңгерген жастар ғана емес, сонымен қатар, басқа да өзге тілдерді жақсы меңгерген мамандар осы аударма ғылымының дамуына септігін тигізгендей. Жас мамандардың алдында бұдан да басқа орындалмаған міндеттері, қарастырмаған бірнеше мәселері, жазылатын көптеген еңбектері бар.
Жыл сайын жазушылар одағы аударма ісі жайында кеңес өткізіп тұрған. Осы кеңесте қазақ тіліне қандай әдеби шығармалар аударылып енгізілді, оларды кімдер, қалай аударды деген мәселер қарастырылды. Аударма ісін қарастырып жүрген ғалымдар осы мәселеге салғырттық танытқан. Бұл жерде ешкімді айыптамай, мәселенің маңыздылығына назар аударылу керек. Осы мәселердің шешімін табуға білікті мамандарды араластырған жөн.
Аударма саласы тереңнен дамып отыр. Көркем әдеби шығармалардан басқа, теледидардардағы неше түрлі бағдармалардың көпшілігі аударма арқылы көрсетіледі. Мысалы, Ә. Бериевтің 1979 жылы жарияланған Кино аударма мәселелері, К. Ахметованың 1975 жылғы Мыңыншы аударма және т.б. ғалымдардың шығармаларынан анық байқауға болады.
20-жылдардан бастап келе жатқан оқулықтар мен оқу құралдарында аударма ісі туралы қарастырылған жоқ. Оқу құралдары мен әдеби шығармаларды аудару екі бөлек дүние. Студенттер мен оқушыларға арналған бұл жүмыстарда назар аударылатын негізгі мәселе - тілдің терминологиялық негізі. Бұл жағдайды Білім министрлігінің қызметкерлері тарапынан қарастырылу қажет.
Бүгінгі таңға дейін біз аударма ісінің бір тармағын ғана, яғни орыс тілінен қазақ тіліне аударма жайында сөз етіп келдік. Алайда, әлі де толық зерттелмеген салалар баршылық және біз бұны күн өткен сайын байқаудамыз. Уақыт өте келе, қазақ тілінен орыс тіліне аударумен айналысатын тәжірибелі мамандар көбейе бастады. Осы салада аударылған еңбектер көп болғандықтан, әлемдік әдебиетке өз септігін тигізіп отыр. Өз еңбектерімен халыққа танылған Э. Лизунова, С. Қоспанов, Л. Сағындықов, З. Жантекеева, М. Әуезов, Ю. Сушков, А. Нысаналин, Р. Жайсақова, Б. Репин және т.б. секілді ғалымдарды сөз етсек болады
80-90-жылдары аударма ісіне, аударма мәдениетіне бұрынғыдан қарағанда, жиірек көңіл аударыла бастады. Мұны біз Қазақ әдебиеті газеттерінде жарияланған аударма материалдарынан анық байқаймыз. Сонымен бірге, Жалын альманағы, Жұлдыз журналы, тіпті Зерде жəне Ұлттық Ғылым академиясының Хабарлары да аударманың негізгі мəселелерін қарастыратын материалдарды жариялап отыруды әдетке айналдырып келеді.
Қазақ тіліне аударылған бірнеше еңбектер сарапқа түсуі тиіс. Халқымыздың стильдік жүйесіне, тілдік, рухани мәдениетіне өлшеусіз мол әсері бар бұл дуниелер өз зерттеушілерін күтеді.
Біз бұдан аударманың жеке ғылыми пән есебінде қалыптаса бастағанын көреміз. Оның зерттеу объектісі бар, тиісті мәселелері, содан туындайтын қағида принциптері бар. Даму, қалыптасу тарихы бар. Қазақ аударма ғылымының тарихына бойласақ, бұл аталған мәселелердің бәрі бірдей зерттеліп біткен жоқ. Міне, сондықтан да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударма теориясының негізгі ұғымы және оның басқа ғылыми салалармен байланысы
Аударуманың теориялық мәселелері
Фразеологизмдерді аудару мәселелері
«жазбаша аударма практикасы» пәнін оқытудан әдістемелік нұсқаулар
Аударманы оқыту әдістемесінің қазіргі кездегі өзекті мәселелері
Аударма теориясының міндеттері
АУДАРМАНЫҢ ТҮРЛЕРІН ЖІКТЕУ
Қазақ әдебиетінде аударманың қалыптасуы
Тілдік бірліктің лексикалық мағынасы
Аударма
Пәндер