География пәнінің сабақтары
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс
Қазақстан Мемлекеттік университеті
Жаратылыстану-
география факультеті
География кафедрасы
География оқыту әдістемесі пәнінен
Курстық жұмыс
География сабағы және оның өткізілу заңдылықтары
Орындаған: Г-31 топ
студенті
Самарханова А.Б.
Тексерген:аға
оқытушы
Ходжанова Б.Х.
Орал 2018
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3 I.География
пәнінің сабақтары
1.1 Оқу жұмысын
жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..4
1.2 Оқытушының сабаққа
әзірлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .6
II. География сабақтарында географиялық ұғымдарды
игеру және
жеке ұғымдарды оқып үйрену ерекшеліктері
2.1 География пәнін оқытудың ерекшеліктері
мен қолданылатын әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10 2.2 География сабағының
жекелеген бөліктеріндегі ерекшеліктер ... ... ... ... 14
2.3 Оқушылардың география пәніне деген танымдық қызығушылықтарын
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.4 География сабағында компьютерлік технологияларды
қолдану ... ... ... ...21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Кіріспе
Еліміздің қазіргі мектептерді жаңарту тұжырымдамасы жалпы білім
берудіңбасым бағыттарын яғни оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығыт
үлгісін оқу процесінде қалыптастыру мен әртүрлі оқу-әрекетін қамтитын оқыту
әдістерінің үйлесімділігі негізінде жүзеге асырылуы тиіс екендігін анықтап
беріп отыр.Бұл басым бағыттар мектептен географиядан білім беруді дамытуға
негіз болады.Осыған орай мектептің әр сатысында географияны оқытудағы оқу
тәрбие мақсаты,білім мазмұнын құрастыруда іріктеу ұстанымдары,сондай-
ақ,оқушылардың дайындық сапасын бағалау тәсілдері нақтыланады.
Біздің қоғамның қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің
алдына түрлі міндеттер қойып,оларды шешу білім берудің құрылысы мен
мазмұнына,оқытудың мақсаты мен ұстанымдарына елеулі өзгерістер
енгізуді,мектептегі оқу-тәрбие процесін жана сатыға көтеруді қажет етеді.
Адамзат дамуының жолдарын анықтауға қатысушы іргелі ғылымдардың бірі
ретінде география мектеп өмірінде елеулі орын алуы тиіс.Мектеп пәні ретінде
география балалар мен жастардың ғылымының негізі туралы білім берумен
бірге,оларды тәрбиелеуде маңызды роль атқарады.
Оқушылармен қабілетіне қарай жеке жұмысты қайталату арқылы,
білім негіздеріне қарай карточка жасап келіп сұрау арқылы, кескін картамен
жұмыс істету арқылы және тестік тапсырмалар арқылы жүзеге асырып отырдым.
Ал оқушылармен оқу- білім беру жұмыстарын ұйымдастырғанда оқытудың
жеке, ұжымдық түрлерін көбірек пайдаланамын. Жоғарғы сыныптарда оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін шыңдауға негізделген Web-технологияны көбірек
пайдаланамын.
Соның нәтижесінде оқушылардың іздену,зерттеу қабілеттері дамиды.
Географияны
оқыту әдістемесі пәнінің негізгі міндеті, бұл –мұғалімнің шығармашылық
тұлғасын қалыптастыру, оны әдістемелік білім мен біліктілікпен қамтамасыз
ету.
Географияны оқыту әдістемесі – жалпы білім беретін мектептерде
географияны оқытудың заңдылықтары туралы ғылым болып табылады. Ол
оқушыларды географиялық білімдер мен біліктілікті үйренуге, мұғалім мен
оқушының өзара қарым – қатынасын ұйымдастыруды оқытады.
Географияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым ретінде – дидактиканы
негізгі бір саласы болып табылады.
Географияны оқыту әдістемесінің негізгі ерекшеліктерінің бірі – оны
жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар тобына да жатқызуға болады, ол күрделі
құрылымды жүйені құрайды (қоршаған орта-қоғам-адам).
Оқушылар үшін география – тұтас бір ғылым, яғни ол жаратылыстану,
техникалық және гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланысты. Мектеп
географиясының тағы бір бөлігі профильдік және модульдік курстар болып
табылады.
I.География пәнінің сабақтары
1.1 Оқу жұмысын жоспарлау
География сабағын ұйымдастырудың негізгі формасына сабақ, факультатив
сабақтар, оқу экскурсиялары, оқушының үй тапсырмасы, жергілікті жерлердегі
практикалық жұмыстар, кеңестер, қосымша сабақтар жатады. Бұлардың ішіндегі
ең маңыздысы – сабақ.
Оқу процесінде оның тәрбиелік оқытушылық және дамытушылық қызметтері
арқылы сабақтың рөлі анықталады.
Сабақтың негізгі сипаты оқытушылық – тәрбиелік және дамытушылық
міндеттерін қалыптастыру, мазмұнын таңдау, құрал – жабдықтармен байланыс,
оларды оқытуда пайдалану, олардың мазмұны, сабақ барысында оқушылар
нәтижелерін сабақты тексеру мен бағалауды ұйымдастыру, оқушылармен,
жекелеген оқушылармен жұмыс арқылы сипатталады. Соңғы уақыттарда сабақтың
тиімділігіне, ерекшелігіне көңіл бөлінеді.
География сабағының көптеген аспектілері бар. Оқу – тәрбие процесінде
сабақтың мақсаты мен міндеттері, мазмұны, оқытудың әдістері мен құралдары,
оқытуды ұйымдастыру қызметінің негізгі формалары (фронтальді, жекелей,
топтық ) сабақтың негізгі компоненттері болып табылады.
Қазіргі география сабағының негізгі көрсеткіші – оның мақсатын қою
болып табылады. Яғни, оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыруда білім
мазмұнының барлық компоненттерін: білімін, біліктілігін қалыптастыруға
бағытталады. Қазіргі сабақтағы ең бастысы – географиялық ақпарат көздеріне
(оқулық, анықтамалық, атлас, жұмыс дәптері, практикум, баспасөз
материалдары, т.б.), оқу есептерін шешуге, оқу материалдарының мазмұнын
құруға оқушылардың өзіндік танымдық қызметі негізгі рөл атқарады.
Қазіргі география сабағының негізгі көрсеткіштерінің тағы бірі – оқушы
мен мұғалімнің бірлесіп қызмет істеуі. Мұнда оқушы қызметі мотивациясына
көбірек көңіл бөлінеді.
Қазіргі география сабағының тағы бір негізгі көрсеткіші – оқушының
жеке тұлғасын қалыптастыруындағы топтық оқу қызметі. Қазіргі сабақ сабақ
кестесінен тыс болуы да мүмкін, яғни сабақты мұражайда, экологиялық сабақ
ретінде, кітапханада да өткізуге болады.
Күнделікті сабақ дидактикалық мақсатымен ерекшеленсе, ал қазіргі
сабақ – оны ұйымдастыру формасымен сипатталады. Ол ойын, конференция,
дәріс, саяхат, пікірсайыс, сынақ түрінде өтуі мүмкін.
Сабақтың типтері әр түрлі. Дидактикада оларды әр түрлі ерекшеліктері
бойынша классификациялайды: дидактикалық мәселелер бойынша, оқытуды
ұйымдастыру бойынша. Географияны оқыту барысында сабақтың мынадай түрлері
таралған: қиыстырылған, жаңа материалды қарастыру, білімдерді қалыптастыру
және бекіту сабағы, білімді және іскерлікті жалпылау сабағы, білімді
тексеру сабағы. Бұнан басқа сабақтар да кіреді: кіріспе сабақтары, оқу
материалын қайталау сабағы, іскерлікті және білімді қолдану сабағы.
Қиыстырылған сабақ көлемді мектептердің практикалық жұмыстарында
көбірек таралған. Ол бірнеше дидактикалық мақсаттардан тұрады: жаңа
материалды ұғыну, сабақтың мәнін түсіну және талдау, бекіту, есте қалдыру
және қолдану. Ереже бойынша мұндай сабақтарда мақсаттар қалыптасады: жаңа
сабақты оқу, географиялық іскерліктің қалыптасуы, білімдерді тексеру және
т.б.
Қиыстырылған сабақ мынадай құрылымдық бөліктерден тұрады: сабақты
түсіндіру мәселесін қосатын кіріспе сабағы; өткен және жаңа материалдар
арасында қатынасты орнату; үй тапсырмасының орындалуын тексеру; сабақта
жұмыс нәтижелерін тексеру және бекіту, үй жұмысын беру.
Жаңа материалды қарастыру сабағы. Сабақ толығымен жаңа материалды
қарастыруға арналады. Мұндай сабақ көлемі бойынша үлкен және қиын, сабақ
мұғаліммен тереңдетіп, толық ашылуы тиіс. Жаңа материалды қарастыру
сабағының негізгі әдісі карта бойынша, кесте бойынша, тақтада педагогикалық
сурет бойынша мұғаліммен түсіндірілуі. Осындай типтегі сабақта мынадай
құрылым болады: сабақтың қойылуы; жаңа материалды қарастыру барысында
оқушылардың таным қасиетін қалыптастыру; үй тапсырмасы.
Кіріспе сабақтары жаңа оқу жылының басында өткізіледі. Сабақтың бұл
түрі бағдарламаның үлкен тарауын оқи бастаған кезде қолданылады. Кіріспе
сабақтары оқушылар психологиясына жақсы әсер етеді.
Іскерлікті қалыптастыру сабақтары. Бұл сабақтың негізгі мақсаты –
теориялық білімдермен тығыз байланыста болған географиялық іскерліктің
арнайы қалыптасуы. Оқыту барысында оқушылардың теориялық және практикалық
іс - әрекеті жаңа материалды ұғынумен тығыз байланысты.
Оқушылардың білімдерін тексеру сабағы бірнеше сабақ өткеннен кейін
ғана өткізіледі. Жоғары сыныптарда (8-9) мұндай сабақтар сынып – сабақ
түрінде өткізіледі. Олардың құрылымы мынадай: сабақ міндеттерін
қалыптастыру, жауаптарға талаптар , бағалар мөлшері, тапсырмалардың
ұйымдастырылуы және орындалуы.
Қайталау сабағы. Мұндай сабақтар географияны оқыту процесіне арнайы
өте сирек өткізіледі. Бірақ үлкен тарауды меңгеру үшін қайталау
сабақтарының өткізілуі оқушылар білімдерінің терең болуына әкеледі.
Практикада географияны оқыту барысында қайталау сабақтары мұғалімнің
қалауымен өткізіледі.
Білімдерді жалпылау сабақтары географияны оқыту процесіне көбірек
қолданыла бастады. Олар мектеп географиясының бүкіл бөлімдерінде
қарастырылған. Білімдерді жалпылау сабақтарының негізі – жүйелеу және
жалпылау негізінде оқушылардың білімді және іскерлікті қабылдауы.
География сабағының әрбір типі өзінің анық құрылымымен ерекшеленеді.
Жалпылау түрінде әрбір сабақ үш бөліктен тұрады: сабақтың басы, негізгі
бөлігі, сабақтың қорытынды бөлігі.
1.2 Оқытушының сабаққа әзірлігі
Сабаққа мұғалімнің дайындығы түрлі жоспарларды құраудан басталады.
Олар: күнтізбелік, тақырыптық, сабақтық.
Бұл жоспарларды мұғалім арнаулы мектеп бағдарламасына, оқулыққа,
әдістемелік құралдарға, мектеп оқулықтарының, географиялық әдебиеттердің
талаптарына сай етіп, арнаулы стандарт бойынша ұйымдастырады.
Бірінші сатыда күнтізбелік және тақырыптық жоспарлар жасалынады.
Тақырыптық жоспар – оқу процесінің жүру сценарийі болып табылады. Ол
сабақтың өзара байланысын, оқушының өзіндік оқу қызметін ұйымдастырады,
жоспарлайды. Мұғалім тақырыптық жоспарды жасағанда мынадай пункттерді
орындайды:
1. сабақ тақырыбы, типі, түрі, уақыты;
2. сабақтың мақсаты мен міндеттері;
3. сабақтың негізгі мазмұны (ұғымы, байланысы, принциптері,
заңдылықтары);
4. тірек білімі және пәнаралық байланыстар;
5. оқыту құралдары (үлестірмелік және демонстрациялық);
6. сабақтағы оқушыларды оқыту әдістері;
7. практикалық, өзіндік жұмыстар;
8. оқылатын материалды бекіту сұрақтары мен тапсырмалары;
9. сабақ нәтижелері;
10. үй тапсырмасының нұсқалары.
Ал, сабақ жоспары тақырыптық жоспар негізінде құрастырылады.
Сабақ жоспары – мұғалімнің шығармашылық қызметі, яғни мұнда оның
шеберлігі, тапқырлығы, оқыту процесіндегі идеялары, жаңа ңылыми және
әдістемелік жұмыстары және т.б. көрінеді.
Сабақ жоспарының түрлері өте көп.
Оқу жұмысының табысты болуы мұғалімнің күнделікті сабақ жоспарына тікелей
байланысты. Күнделікті сабақ жоспарлау кезінде мұғалімге көп еңбектенуге
тура келеді, әрбір жеке сабақтың сол сыныптағы жалпы сабақтар жүйесіндегі
білімін анықтап, басқа пәндермен байланысын ашады. Күнделікті сабақ жоспары
тақырыптық жоспар негізінде жасалады. Тақырыптық жоспар пәндік бағдарлама
талаптарына сәйкес түзіледі.
Күнделікті сабаққа даярланудың алғашқы сатысы сабақтың мақсатын
анықтаудан басталады. Сабақтың мақсаты деп- сол сабақта оқытып-үйретуге
және дамытуға байланысты мәселелердің шешілуін айтамыз.
Сабақта өтілетін материалдардың мазмұны мен мақсаты, оқушылардың
дайындық дәрежесі, олардың жас ерекшеліктері, мұғалімнің іс-тәжірибесі,
оқытудың әдістері мен құралдарын анықтайды.
Берілетін білімнің көлемін анықтаған кезде, қандай материал оқушыларға
дайын күйінде берілетінін, қайсысы оқушылардың өздігінен орындауына
тапсырылатынын анықтаған жөн.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуына ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқып,
зерттеу көп пайдасын тигізеді. Сондықтан әр мұғалімнің жеке кітапханасы
болғаны абзал. Қажетті әдебиеттерді студенттік шақтан бастап жинағаны
орынды.
Өзінің сабаққа дайындалуын жеңілдету үшін, мұғалім ұдайы химиядан, оны
оқыту әдістемесінен, баспасөз бетінде жарияланған қажетті материалдарды
жинап, арнайы картотека жасағаны абзал.
Сонымен бірге мұғалімнің қолында дидактикалық және әдістемелік
материалдар болғаны дұрыс. Бұлар қажетті мөлшерде дайындалған бақылау
жұмысының нұсқаларын, оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес әр сыныпқа
арналған және әрбір тақырып бойынша дайындалған карточкалар жинағын,
өздігінен жұмыс істеуге және білімді материалдарды, зертханалық және
сарамандық жұмыстардың нұсқауларын, техникалық құралдарды пайдалануға
арналған материалдар жиынтығын, көрнекі құралдарды және материалдарды
қамтиды.
Мұғалімнің жұмыс жоспарлары
Оқу үрдісінің нәтижесі, сабақтың жүйелілігі мен сапасы, бағдарламаның
орындалу барысы, білімнің тереңдігі-бүкіл оқу-тәрбие жұмысын дұрыс
жоспарлауға байланысты.
Оқу үрдісін жоспарлаудың негізгі құжаттары мектепке арналған жылдық
оқу жоспары-онда жеке сыныптар бойынша пәннің апталық сағат саны және химия
пәнінің бағдарламасы көрсетіледі. Мектеп химиясының бағдарламасында әрбір
сыныптарда оқылатын білім негіздері тарауларға біріктіріліп, сағаттармен
шектелген.
Оқу үрдісінің бағдарламасы бойынша жасалатын күнтізбелік жоспарлы
мерзіміне қарай жылдық, жарты жылдық және тоқсандық етіп құруға болады.
Бұлай жасаудың өзіндік артықшылығы мен кемшіліктері бар. Күнтізбелік
жоспарды мектеп басшысының талабына сай әр түрлі бөліктерге бөліп жасайды.
Жоспарда тараулар тақырыптарға бөлінеді, ондағы зертханалық-сарамандық
жұмыстарға, тәжірибе есептеріне, өзіндік жұмысқа, бақылау жұмысына, тарауды
қайталауға сағаттар бөлінеді.
Бағдарлама бойынша әрбір сыныпта өтілетін тараулардың мақсаттары мен
міндеттерін, өтілу мерзімдерін жете бақылауүшін, мұғалім күнтізбелік
жоспарды үш түрлі: топтамалық, графиктік және тақырыптық нұсқада жасай
алады. Күнтізбелік жоспар мұғалімнің қолындағы бағыт сілтеуші тұсбағдар
іспеттес, мұғалім өзінің ыңғайына қарай осы нұсқалардың бәрін де жасауына
болады. Пән бағдарламасына сәйкес, мұғалім әрбір сыныптағы химияға бөлінген
тараулардың сағаттарының қай уақытта басталып, қай уақытта аяқталғанын
алдын ала біліп отыратын топтамалық, графиктік жоспарлау өте тиімді.
Күнделік сабақ жоспары
Сабақтың күнделікті жоспарын мұғалімнің іс-әрекетіне бағыт сілтеуші
шығармашылық ақыл-ойының зертханасы, педагогикалық шеберлігінің
шығармашылығы деуге болады. Сабақ жоспарында негізінен мынадай үш мәселеге
назар аударылады:
• өткен сабақта үйге берілген тапсырмаға байланысты сыныпта
орындалатын тексеру жұмыстарының сұрақтары, өзіндік жұмыстары;
• жаңа материалды түсіндіруге, бекітуге, жаттықтыруға, өзіндік
жұмыстарды орындауға байланысты жұмыстар;
• Сыныпқа және жеке оқушыларға берілетін үй тапсырмаларын анықтау;
Сыныпқа берілетін тапсырманы мұғалім үйден дайындап келеді де жеке
оқушыларға берілетін тапсырмалар сабақ өту барысында белгілі
болады.
Күнделік сабақ жоспары әр түрлі үлгіде жазылады, барлық сабаққа ортақ
үлгі әзірге жоқ. Өйткені сабақ кезеңдері сабақ типтеріне байланысты өзгеріп
отырады. Дегенмен, жас педогогтер мен үйренуші студенттерге аралас типті
сабақтың үлгісін пайдалну әлдеқайда қолайлы.
Мұғалімнің күнделікті сабағын талдау
Мұғалім өзінің немесе әріптесінің сабақ берудегі әдістемесіне бақылау
жасап, оның жұмысына пікір айту үшін сабақты талдай білуі керек.
Сабақты өтілу барысы бойынша талдауда мына мәселелерге көңіл
аударылады:
Сабақта кіріспе бөлімі қалай жүзеге асты? Онда сыныптың сабаққа
дайындығы қандай, оқулықтары жеткілікті ме, дәптері мен жазу құралын
тексеру.
Үй тапсырмасын сұрау кезінде мынандай мәселелерге көңіл бөлінеді.
Бүкіл сыныпты жұмыс істеуге қатыстыруды, қойылған сұрақтардың анықтығы,
сұрау тәсілдері мен дағдыларды пайдалана білу, оқушылар жауабына қойылған
бағалардың дұрыстығын талдау, жаңа материалдарды меңгеруге сай сұрақтардың
сәйкестігі.
Жаңа материалдарды түсіндірудің өткен материалдармен байланысы, жаңа
материалдарды түсіндірудің әдістемелік тәсілдері, материалдың мазмұнына,
мақсатына сәйкестілігі. Көрнекіліктерді пайдалануы, химиялық
сынақтәжірибелердің түрлері, орындалуы, жаңа материалды түсіндірудің
өмірмен, күнделікті тұрмыспен байланысы. Сабақтағы тәрбиелік мақсаттар,
оқушылардың химиялық тілді меңгеруі, оқушылардың сабақтағы белсенділігі.
Үй тапсырмасын талдауда мына мәселелер ескеріледі. Үй тапсырмасының
көлемі, түсініктілігі, есептер мен жаттығулардың көлемі, сарамандық
жұмыстардың мөлшері, сыныптан тыс оқулардың мәні, графикалық тапсырмалар,
оларды орындау жөнінде нұсқаулар.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы, әдістемелік шеберлігі, мәдениеті,
ұқыптылығы, сөйлеу мәнері, педагогикалық әдебі.
Сабақ жоспарының орындалуы. Таңдаған әдістемелік тәсілдерінің
дұрыстығы.
Сабақты бұдан да жақсартуға ұсыныстар, қорытындылар, тілектер. Сабақты
талдауда басты назар аударатын негізгі мәселелер сабақтың мазмұны мен
тәрбиелік, білімдік мәселелердің жүзеге асуы.
2.1 География пәнін оқытудың ерекшеліктері мен қолданылатын әдіс-
тәсілдері.
География ғылымдарының жетістіктері мен қоршаған ортада болып жатқан
өзгерістерді ескере келе мектепке беріліп отырған әлеуметтік тапсырыс жас
ұрпақтың географиялық сауаттылығы мен географиялық мәдениетін көтеру болып
табылады.
Оқушы оқу процесінің басты өзегі, сондықтан назардың барлығы оқушының
дамуына, оның ойлау стилінің тәуелсіздігіне аударылады. Педагогикалық
инновацияның мұғалімдер алдына қоятын талаптарының бірі оқушылардың өз
бетінше жұмыс жасап үйренуін қалыптастыру. Сондықтан да мен оқулықтағы
материалды жан-жақты түсіндіріп, ұқтырумен қатар, оқушының кейбір
мәселелерді өз бетімен оқып, жазып, нәтижесінде жаңаша бір мәселені біліп
үйреніп жаттығуларына мүмкіндік жасаймын. Жаңа білім игеру мақсатында
оқушының өз бетімен жасаған жұмыстарына үнемі көңіл бөліп, ұйымдастырып
отырамын. География пәнінің ерекшелігі сол сарамандық жұмыстар мен өзіндік
жұмыстар әрқашан бірін-бірі толықтырып отырады. Оқушының өз бетінше
орындалуына берілетін әрбір тапсырма олардың күші келетіндей, түсінікті,
көлемі жағынан бағдарламаға сай, мазмұны оқушыларды қызықтыратындай әр
түрлі болуын қадағалаймын. Өз бетімен жұмыс істеу оқушыларды тиянықтылыққа,
төзімділікке, бастаған ісін жемісті аяқтауға тәрбиелесе, ал мен үшін оқушы
еңбегін бағалайтын ең жақсы көрсеткіштің бірі. Мысалы оқушылардың өз
бетімен жүргізілетін жұмыстарының бірнеше түрлерін сабақ барысында әр
кезеңінде ұйымдастырамын. Олар мыналар:
1. Оқулықпен жұмыс істеу— әсіресе жоғарғы сынып оқушыларымен
жүргізілетін негізгі жұмыс түрі. Оқушылар статистикалық
материалдарды, кесте, сызба-нұсқаларды талдау арқылы оқулықтағы
білімдерін кеңейтіп, негізгі білімдерін жүйелейді.(көбіне бұл
жұмысты жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде пайдаланған тиімді.)
2. Атласпен, картамен жұмыс істеу: география пәнінде атласпен,
картамен жұмыс барлық сыныптарда жүйелі жүргізілуі тиіс.
Географиялық нысандарды ажырату, олардың ерекшеліктерін, жату
бағыттарын, орналасуын тек карта арқылы түсіндіруге болады.
Сондай-ақ өнеркәсіп орталықтарын, олардың мамандану салаларын
карта арқылы білуге болады. Сондықтан да бұл жұмысты да жүйеге
келтіру керек деп есептеймін. Атласпен картамен жұмыс жасай
алмайтын оқушы география пәнін меңгермеген оқушы деп санаймын.
3. Кескін картамен жұмыс: бұл жұмысты 6-шы сыныптан бастап үйрете
беру керек . Себебі 7 сыныптағы материктер картасын кескін
картаға салу кезінде оқушылар қатты қиналады. Ал бастапқы курсты
оқу барысында оқушыларға түрлі-түсті бояу арқылы жер бедерінің
азғантай бөліктерін салғыза отырып, олардың биіктіктерді
ажырату, ойпаттардың, қырат-үстірттердің, таулардың бояуларын
қалыптастыру дағдыларын дамытуға болады. Сондай-ақ өзен-
көлдерді картаға түсіру дағдылары дамиды.
4. Географиялық есептер шығару, жаттығулар орындау: геогафияның
бастапқы курсында географиялық есептер шығару арқылы оқушылардың
қисынды ойлау дағдыларын дамытып, пәнаралық байланысты
қалыптастыруға мүмкіндік болады. Мысалы қысым мен температура
арасындағы байланысқа арналған есептер, географиялық градус торы
арқылы жер бетіндегі қашықтықты анықтауға арналған есептер
құрастыруға болады. т.с.с.
5. Географиялық сөздік, анықтамалық материалдармен
жұмыс. Оқулықтардың соңында географиялық терминдер мен
ұғымдардың түсіндірме сөздігімен жұмыс жүргізіп отыру керек.
Сондай-ақ онда кездеспейтін ұғымдарды күнделікті жұмыс
дәптерлерінің соңындағы бірнеше бетке жазып отыруды тапсырып
отыру керек. Бұл жұмыстың жүйелі жүргізілуін қадағалап отыру
қажет, себебі ол- оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытуға
мүмкіндік береді.
6. Кестелерді толтыр. Кесте толтыру арқылы оқушылардың
салыстыру,нақтылау, ойлау қабілеттері дамытады.
7. График, профиль, диаграммалар сызу: 6-шы сыныптан бастап
температура графигін салу, бағандық диаграмма арқылы жылдық
жауын-шашынның айлар бойынша таралуын сыздырту- оқушыларды
төзімділікке, ыждаһаттылыққа тәрбиелейді. Сондай-ақ 9- шы
сыныпта статистикалық материалдарды пайдалана отырып, шеңберлік
диаграмма сызу арқылы білім, білік дағдыларын дамытуға мүмкіндік
болады.
8. Қосымша әдебиетпен жұмыс. Қосымша әдебиеттердің ішінде
саяхатшылардың өмір –тарихы, зерттеулері, қызықты әңгімелер оқу
арқылы оқушылардың жан-жақты дамуына, дүниетанымының артуына
мүмкіндік туындайды.
9. Табиғатқа бақылау. (топсеруендегі бақылаулар мен ауа райына
күнделікті бақылау жүргізу) Карта-сызба нұсқауларды қарау.
10. Әңгіме құра білу
Оқушылардың өз бетімен жасаған нәтежесі білім ұстамының тұрақты
болуына әсерін тигізеді. Ұлы ойшыл қытай философы Конфуции: Естігенімді
ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, ал өз ақыл ойыммен істеген ісімді
түсінемін дегендей оқушылардың негізгі білім және білік дағдыларын
қалпыстырады. Қазіргі кезде білім беру технологияларының негізгі
бағыттарының бірі саралап оқытуға көп көңіл бөлінуде. Оқушыларды саралап
оқыту ( деңгейлік тапсырмалар беру арқылы) Америкада бастауыш сыныптардан,
ал Жапония мен Франция елдерін ортаңғы және жоғарғы сыныптарда жүзеге
асырылуда.
Күнделікті сабақтарда әсіресе 5- 7 сынып оқушыларымен деңгейлік
тапсырмалар беру арқылы саралап оқыту технологиясын пайдаланған өте тиімді.
Себебі бұл сынып оқушыларының жас ерекшелігіндегі психология-лық
жағдайларын пайдаланып, олардың бір-біріне деген қызығушылығын, еліктеу
қасиеттерін ескере отырып дамытуға мүмкіндік туындайды. Айта кететін
жағдай: бұл технологияны пайдаланғанда сынып оқушыларын білім, білік,
дағдыларының қалыптасуына, зейіні мен есте сақтау қабілеттеріне қарай
бірнеше топқа бөлу қажет. Оны А, Б, С тобы деп немесе І, ІІ және ІІІ-
топ деп бөлуге болады. Тағы бір ескеретін жағдай білім алу барысында
оқушылар бір топтан екінші топқа даму қабілетіне қарай көшіп отырады. Мысал
ретінде 7 сыныпта өткізілген Еуразияның ішкі сулары атты ашық сабақтан
панорамалық сабақ көрсетейін.
Сабақты дәстүрлі емес сабақ ретінде, яғни саяхат сабақ ретінде өткізу.
Сабақ үш аялдамадан тұрады.
Олар Білемін Білгім келеді Білдім. Саяхатқа шықпас бұрын
оқушылар жан-жақтан межелі орынға жиналып шуылдасып жатпай ма? Сол мезгілді
елестеп миға шабуыл ойын ойнаймыз. Тақтаға ішкі су дегенді қалай түсінеді,
соны тез-тез жазып шығады. Соның ішінен негізгі ұғымды Көл, өзен, жер аты
сулары, мұздықтар, батпақтар, бөгендер т.б. бөліп аламыз.
Білемін аялдамасында әр топқа деңгейлік тапсырма беріледі.
Мысалы мынадай:
ІІІ топқа 1) Өзен деген не? Арна, саға, сала, бастау.
ІІ топқа: Көл — қазаншұңқырына қарай қалай бөлінеді? Ағынды, ағынсыз
көл деген не?
І топқа: Жер асты сулары, түрлері қандай? Мұздықтар пайда болуына
қарай қалай бөлінеді?
Бұл аялдамада оқушылардың 6-шы сыныпта алған білімдерін еске түсіреміз
де енді деңгейлік тапсырманы күрделендіре түсеміз.
ІІІ топқа: өзен жүйесі, өзен алабы, өзеннің қоректенуі деген не? Бұл
топ оқушыларына үлестірмелі дидактикалық материал бірге беріледі.
ІІ топқа: Ең ірі тау мұздығы қалай аталады?
І топқа: Жер асты суының деңгейіне не әсер етеді? Батпақтардың пайда
болу себебі неде?
Осы сұрақтарға жауап алсақ 2-ші аялдамаға жетеміз.
Білгім келеді аялдамасында жаңа тақырып бойынша тапсырмалар беріледі.
деңгейде: ІІІ- ші топқа картадан (оқулық картасы) өзен алаптарын тауып,
өзендерді көрсету тапсырылады.
ІІ- топқа: осы өзендерді қабырғада ілулі тұрған картадан көрсету
тапсырылады.
І- топқа: климаттық белдеулердің өзен рижіміне қандай әсері барын
анықтау тапсырылады.Сонымен қатар диаграмма бойынша өзен режімін айлар
бойынша өзгерісін анықтау тапсырылады.
деңгейде:
ІІІ- топқа: Арасан деген не? Оның маңызы қандай деген сұрақтар
беріледі.
ІІ- топқа: Каспий, Байкал,Арал,Балқаш, Онега, Ладога көлдері туралы
не білесіңдер ? (оқулықпен жұмыс)
І-топқа: 87 беттен (өтіп кеткен тақырып мұз басу,көп жылдық тоң
қабаты) (Кола түбегі, Таймыр түбегінде 1500 метр оның 40-150 см беті ғана
жазда ериді)
Батпақтар қайда орналасқан? (Палосье, Мещера, Батыс Сібір т.б.) пайда
болу себебі не деп ойлайсыңдар? 3 — деңгейде: (шығармашылық)
ІІІ-топқа: Өзен сөзіне сөзжұмбақ жасау тапсырылады.
ІІ-топқа: Анықтамалық материалдардан кейбір өзен-көл аттарының
аталу себебін анықтау, (Каспий- тайпа аты, Балқаш- монгол тілінен
батпақты т.б.) экологиялық жағдайын сипаттау.
Білдім аялдамасында барлық топтар бірлесе отырып тест тапсырмасын
орындайды. Мұғалім қорытынды жасайды. Үйге тапсырма беріліп, әрбір топ
оқушылары жеке бағаланады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz