Орта тап өкілдері


Жоспары
Кіріспе . . . 3
1. Қазақстандағы орта тап көрсеткіштері . . . 4
2. Орта тап өкілдері . . . 7
3. «Орта тап»: статистика мен шынайы жағдай . . . 8
Қорытынды . . . 11
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 12
Кіріспе
Қоғамның әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін білеміз. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары.
Орта таптың қоғамда алатын орны ерекше. Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде олар халықтың 60-80%-ын құрайды. Бұл тапты қоғамдағы әлеуметтік тәртіп пен тұрақтылықтың тірегі десек те болады. Өйткені орта тап қоғамның негізгі интеллектуалдық күші мен жоғары мамандық иелерінен тұрады. Орта тапқа қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтардың мамандықтардың өкілдері жатады. Бұл таптың адамдары «жақсы өмірге қажырлы еңбектің, күш-жігердің, білімнің нәтижесінде жетуге болады» дегенді басшылыққа алады.
1. Қазақстандағы орта тап көрсеткіштері
«Damu» маркетингтік және социологиялық зерттеулер агенттігінің директоры Тимур Айсауытовтың пікірінше, «Қазақстанда орта тапты бағалаудың критерийлерін анықтау ісінде қос стандарт қалыптасқан: біріншісі - ресми биліктің мүддесін көздейді; екіншісі - оған балама болатын нұсқа. Яғни, біздің орта тапқа қатысты зерттеуіміз де осы екі стандарттардың ара қатынасына құралады.
Орта тап көрсеткіші ресми есеп бойынша
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылы «Файнэншл Таймс» газетіне берген бір сұхбатында орта тапқа ерекше ден қойғандығын былайша сипаттапты: «Біз қазір жоғарыда 10-15 пайыз байлар, төменде, мүмкін, 10-15 пайыз кедейлер, мына жерінде (ортасы) орта тап (60-70 пайыз) болатын қоғам құрғымыз келеді».
1 диаграмма.
Ресми стандарт президент Назарбаевтың жоғарыда айтып өткен жоспарындағы көрсеткіштерді дәлме-дәл қайталайды (1 диаграмманы қараңыз) . Социолог Тимур Айсауытовтың айтуынша, Қазақстанда ресми стандарт бойынша орта тап мынадай критериймен анықталады: тамақ, киім-кешек, жеке меншік үй немесе пәтер, көлік, сондай-ақ білім дәрежесі, медициналық қызмет.
Яғни, ресми стандартқа сай келетін орта таптың осы қажеттіліктерді кез-келген уақытта шешуге мүмкіндігі бар болуы керек. Айсауытовтың есептеуі бойынша, Қазақстанда осындай қажеттілікті өтей алатын бір адамның айлық табысы 500 доллардан кем болмауы тиіс.
«Қазақстандық өлшем бойынша айлық табысы бір адамға шаққанда 1000 доллардың шамасындағылар орта таптан жоғары тапқа қарай аяқ басушылар болып есептеледі»
.
Егер сіз отбасын асырап отырсаңыз, онда сіздің айлық табысыңыз отбасының әрбір мүшесіне бөлінгенде, әрқайсысына кем дегенде 500 доллардан жетуі тиіс деген сөз. Қазақстандық өлшем бойынша айлық табысы бір адамға шаққанда 1000 доллардың шамасындағылар орта таптан жоғары тапқа қарай аяқ басушылар болып есептеледі екен. Мысалы, үш баласы бар отбасының жиынтық айлық табысы 5000 доллардан кем болмауы тиіс.
Социологтың айтуынша, мұндай айлық табыстың негізінде құралған орта тап тұрғындардың басқа да көптеген қажеттіліктерін шеше алмайды. Өйткені, оның тапқан табысының ауқымды бөлігі тамақ пен тұрмысқа қажетті ұзақ мерзімдік тауарларға жұмсалады - шамамен 75 пайыз (2 диаграмманы қараңыз) .
2 диаграмма.
Айсауытовтың пікірінше, дәл осындай есепке құралған орта тап өкілін АҚШ-қа көшіріп апаратын болсақ, ол елде бұл кедейдің деңгейіне түсіп қалады. Өйткені аталған екі ел арасындағы сатып алу паритетінің деңгейі, сондай-ақ оны бағалау критерийлері де әртүрлі болып келеді. Сол секілді АҚШ-тың орта тап өкілін Қазақстанға көшіріп алып келетін болсақ, ол өзіне қажетті нәрсені бұл елден тіпті таппай қалуы мүмкін. Осыдан келіп Қазақстанда ресми стандартқа балама болатын ресми емес стандарт пайда болған.
Орта тап көрсеткіші ресми емес есеп бойынша
Батыстың дамыған елдері қолданатын бірқатар критерийлерге негізделген ресми емес стандарттар бойынша Қазақстанның орта табының үлесі, ресми стандартқа қарағанда, бірнеше есе қысқарады. Есесіне, төменгі таптың үлесі 80 пайызға сәл жетпей тоқтайды екен (3 диаграмманы қараңыз) .
Социолог Тимур Айсауытовтың пікірінше, мұндай стандартты ресми билік, сондай-ақ Қазақстан тұрғындарының өзі бірден қабылдай салуға дайын емес.
«Қазақстан халқының санасына жаңа форматты, яғни орта тап туралы Батыстың түсінігін, чип ретінде енгізетін болсақ, онда бұл жағдай тұрғындардың төбесіне жай түскендей әсер етері анық: халықтың 90 пайызына «сендер - кедейсіңдер» дегенді есту қайдан жағымды бола қойсын. Ал ресми билік мұны ешқашан айтпайтындығы түсінікті», - дейді социолог.
3 диаграмма.
Халықтың басым бөлігінің өздерін кедейміз деп санамайтындығына қатысты бір социологиялық зерттеу қорытындыларын келтіре кетсек.
Қазақстанның социологтар және саясаттанушылар қауымдастығының 2004 жылдың аяғында республиканың 17 ірі қаласында жүргізген социологиялық зерттеуі барысында сұралғандардың 60 пайыздан астамы өздерін «орта тап» өкілдеріміз деп таныстырған.
Әсіресе Қостанай, Павлодар, Семей тұрғындарының 70-80 пайызы осылай деп атап көрсеткен екен. Сонымен қатар, тұрғындар медициналық қызмет, білім, экологиялық жағдай, адам құқығының сақталуы деген мәселелерге аса бас ауыртпайтындығын байқатқан.
Социологтардың пікірінше, мұндай нәтиже халық өзін «кедеймін» деп мойындауға көп жағдайда дайын еместігін, сондай-ақ жақсы өмірдің айрылмас бөлшегі саналатын элементтерді қолдың қысқалығынан немесе мүмкіндіктің жоқтығынан көзге ілмейтіндігін көрсетеді. Оның себебін ресми емес стандартты қолдайтын мамандар орта таптың үлес салмағы Қазақстанда аз екендігімен түсіндіреді.
4 диаграмма.
Социолог Айсауытовтың айтуынша, мұндай өлшемнің негізінде анықталатын орта тап өкілінің айлық табысы кем деген 2000 доллар болуы тиіс. Бұл көрсеткіш тұтыну қоржынына енетін элементтердің салыстырмалы түрде көптігі және сапасына қатысты шыққан (4 диаграмманы қараңыз) . Айта кетерлік жайт, дамыған елдерде айлық табысы 10 мың доллардан асатын адамдарды ғана орта тапқа жатқызады.
- Орта тап өкілдері
Бүгінгі таңда Қазақстан азаматтарының пайызы 35-тен 40 пайызға дейін орта тапқа жатқызуға болады. Оған орта тап пен аз қамтылған адамдар арасындағы шекарада тұратын әлеуметтік топ кіреді. Бұл топ қолайлы жағдайда орта тапқа кіре алады.
Егер осы әлеуметтік топтарды жеке қарайтын болсақ, онда:
- Қазақстандағы орта тап 10-нан 15 пайызға дейін (дағдарысқа дейін) ;
- 20-дан 25 пайызға дейін (дағдарысқа дейін) .
Ел бойынша орта тап отбасыларының материалдық жағдайының екі деңгейін қарастырайық - орташа және жоғары-орташа. Мұндай жіктеу көптеген елдерде, оның ішінде АҚШ пен Ресейде қабылданған.
Жоғарғы-орта тап: жоғары білім туралы дипломы, ғылыми дәрежесі немесе кәсіби атағы бар, жақсы төленетін лауазымдар атқаратын және экономикалық дауларға және статистикалық орта тапқа қауіп төндіретін басқа да қолайсыз экономикалық факторларға сезімтал емес кәсіби қызметкерлер ("ақ жаға") .
Орташа орта тап: осы таптың қызметкерлерінің көпшілігі-беделді лауазымдары бар ақ жаға, бірақ жоғары орта тапқа қарағанда олардың автономиясы әлдеқайда аз. Бұл таптың көптеген өкілдері екі кіріс көзін қажет етеді, ұштарын жеткізу үшін, және "төлемнен"тұрады.
"Эксперт Консалт" зерттеуінің мәліметтері бойынша (қаңтар 2009), орта таптағы ядро жылдық табысы 8280 - ден 9900 АҚШ долларына дейін, яғни айына 230-275 долларды (отбасының үш мүшесінің біріне) құрайтын отбасылар құрады. Мұндай отбасылар Алматыда 56 000-ға жуық. Бұл топшаны көбінесе жалдамалы қызметкерлер құрайды: менеджерлер, кәсіпорындардың орта буынының басшылары, жетекші мамандар, әртүрлі қызмет түрлеріндегі орташа табысты кәсіпқойлар, қатардағы, бірақ өте жақсы ақы төленетін жұмысшылар мен қызметшілер.
Орта таптағы жоғарғы топ отбасын құрайды - олардың саны 45 000-ға жуық, олардың жыл сайынғы жиынтық табысы 10 000-нан 15 000 АҚШ долларына дейін және одан жоғары. Бұл категорияда әр түрлі деңгейдегі, көбінесе шағын және орта бизнес, ТЖ, әртүрлі кәсіптегі жетекші мамандардың басшылары мен олардың орынбасарларының үлесі өте жоғары. Осы топ өкілдері табысқа жетуге бағыттаудың жоғары деңгейін көрсетіп, өзінің әлеуметтік мәртебесін арттыруға ұмтылады.
Қазақстанда орта тап бар және ол көбінесе ірі қалаларда өмір сүреді, "ақ жаға" киеді және өз машинасымен өз үйінен жұмысқа дейін жүреді.
3. «Орта тап»: статистика мен шынайы жағдай
Бүгінде қоғамның стратификациясында орта тапқа айрықша көңіл бөлінеді. Өйткені, орта тап қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ететін, экономиканың дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік топ. Орта таптың қоғамдағы рөлі мен атқаратын қызметі де ерекше. Классикалық үлгіде орта таптың рөлі ретінде ғалымдар бірқатар жағдайларды атайды:
- Әлеуметтік тұрақтылықты сақтау рөлі;
- Білікті жұмыс күшімен қамтамасыз етуші;
- Орта және шағын бизнес үшін ауқымды тұтынушы нарығы болады;
- Саяси тұрақтылықты сақтауда басты рөлді атқарады.
Міне, орта тап қоғамда осындай нақты рөл атқарады. Сонымен бірге, мұндай рөлдер нақты функцияларды туғызатындығын да ескермек керек. Орта тап әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып, вертикалды мобильділікте шешуші қызмет атқаруы керек. Яғни, орта тап азаматтардың әлеуметтік статусының өсуіне ықпал етеді. Нақты мысалмен айтсақ, азаматтың қатардағы жұмысшыдан менеджерге дейін өсуге, білімі мен біліктілігін арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуына орта тап әсер етеді. Екіншіден, орта тап экономикалық донор саналады. Қандай да бір елде орта тап неғұрлым үлкен болса, олардан түсетін салық, бюджеттік алымдар да соғұрлым мол болады. Әлеуеті жақсы салық төлеуші ретінде ғана емес, орта және шағын кәсіпкерлікке қолайлы жағдай қалыптастыру арқылы да орта тап экономикалық донор бола алады.
Сонымен бірге орта тап нарыққа білікті жұмысшылар ұсынатын әрі негізгі жұмыс беруші рөлін де атқаратын топ. Сондай-ақ, орта тап елдегі экономикалық және саяси тұрақтылықтың сақталуына мүдделі келеді. Кедейлікпен күрес, жемқорлықты азайту, бюджет пен мемлекеттік қызметтің ашық болуына да көбіне орта тап мүдделі болып келеді. Бір сөзбен айтқанда орта тап елдегі тұрақтылық пен дамудың кепілі деген сөз. Алайда, бұл айтылғандардың тек классикалық орта тап ұғымына сәйкес келетіндігін де ұмытпаған абзал. Қазақстан жағдайында орта таптың үлесі қандай, біздегі орта тапты анықтайтын негізгі критерилер не, азаматтар өздерін қандай тап өкілі ретінде қарастырады деген мәселе өзекті.
Жалпы, Қазақстандағы орта таптың үлесіне қатысты пікір қайшылығы бар. Бірқатар әлеуметтанушылар орта таптың үлесі ел халқының 20-30 пайызын құрайды деген пікірде. Бірақ, өзін орта таптың құрамына қосатын азаматтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, білімі мен білігі, құндылықтары, түрлі материалдық және рухани игіліктерге қол жеткізу мүмкіндіктері туралы біржақты пікір білдіруге болмайды.
Әлеуметтанушы Бақытжамал Бектұрғанова Қазақстандағы орта таптың батыс елдеріндегі орта таптан кем түспейтін тұстары бар екендігін айтқан. Атап айтсақ, қазақстандық орта тап білім деңгейі мен біліктілік тұрғысынан дамыған елдердегі орта таптан кем емес. Бірақ, меншік пен табыс көлемі, тұтыну мөлшері және өзгеде бірқатар критерилер тұрғысынан қазақстандық орта тапты классикалық үлгідегі орта тап деуге келмейді.
Өйткені, қазақстандықтардың табыс деңгейі ала-құла әрі бай мен кедейдің арасындағы алшақтық тым үлкен. Мәселен Credit Suisse Research Institute зерттеу орталығы 2017 жылы «Қазақстан халқының 97, 6 пайызы жылына 10 мың долларға жетпейтін табыс табады» деген дерек жариялады. Зерттеу қорытындыларына сенсек, біздің отандастарымыздың арасында 10 мыңнан 100 мың долларға дейінгі табыс табатындар ел халқының 2, 1 пайызын, 100 мыңнан 1 млн долларға дейін табыс табатындар 0, 3 пайызын құрайды екен. Ал, Статистика комитеті 2018 жылдың наурыз айында елдегі орташа жалақы 157 мың 930 теңге деген ақпарат таратты.
Мұның өзі Credit Suisse Research Institute деректерінің шындыққа жақын келетінін көрсетеді. Яғни 157 мың жалақысы бар азамат бір жылда 1 млн 900 мың теңгеге жуық теңге табыс табады. Оның үстіне Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінде «Ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын жеке табыс салығын азайту арқылы олардың салық жүктемесін жеңілдету керек. Ал осылайша салықты азайтудан шығатын қаржы олардың жалақысын көбейтуге жұмсалуы қажет. Нәтижесінде, еліміздегі барша жалдамалы жұмыскерлердің кемінде үштен бірінің, бұл 2 миллионнан астам адам, жалақысы жұмыс берушіге салмақ салмай-ақ көбейетін болады» , -делінген.
Бұл дегеніңіз айлық табысы 70 мың теңгеге жетпейтін азаматтар саны 2 млн-нан асады деген сөз. Одан бөлек әлеуметтік статусы анықталмаған азаматтар тағы бар. 2018 жылдың қаңтарында елде әлеуметтік статусы нақтыланбаған 2, 7 млн адам тіркелген. Олардың 1, 14 миллионы бейресми жұмыс істейтіндер болса, 1, 5 млн адам «тиімсіз өзін-өзі қамтамасыз етушілер» деген статус иеленіпті. Соңғыларды ресми түрде жұмыссыздар деуге болады. Демек, экономикалық тұрғыда белсенді халық немесе жұмыс күші болып есептелетін 8 млн 945 мың адамның төрт жарым миллионнан астамы орта тапты құрауға тиіс критерилерге сәйкес келе қоймайды екен. Сондықтан, Қазақстандағы орта тапты классикалық үлгідегі орта тап ретінде бағалау қиын.
Жалпы, дамыған елдерде азаматтың жылжымайтын мүлікке иелік етуі, табыс деңгейі, тұтыну стандарты арқылы қандай әлеуметтік топқа кіретіндігін анықталатын болса, біздегі орта тапқа байланысты бірден мұндай классикалық өлшемдерді қолдану қиын. Өйткені, Қазақстанда баспана мәселесі шешілмеген азаматтардың қарасы мол, ауылды жерлердегі табыс көлемі төмен, азаматтардың тұтыну стандарты төмендеп келеді. Мәселен, 2017 жылдың күзінде қазақстандықтар 2016 жылға қарағанда макарон өнімдерін 13 пайызға көп тұтынған. Себебі, бұл өнімның қымбаттауы небары 1, 8 пайыз ғана болыпты. Ал өзге өнімдер екі немесе үш есеге дейін қымбаттаған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz