Қайта құру кезеңі
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Қайта құру кезеңі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
II. Қазақстан қайта құру жылдарында ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 0
III. Халықтың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қайта құру жылдары деген тарихи атауды иеленген 1980 жылдардың ортасы мен 1990 жылдардың басындағы уақыт қазақ ұлтының өміріне де зор ықпалын тигізді. Қайта құрудың Қазақстан және қазақ халқы үшін жетістіктің бастамасы болды. Қайта құру халықты оятты. Догмалық сенім мен көзқарастарын, дүниетанымын өзгертті. Жалпы, Кеңес Одағының интеллигенциясын оятты. Қазақ халқы да ойлана бастады. Ұлттық сананың оянуына, тәуелсіздік идеясын әкелуге, өзін-өзі тануда серпіліс алып келді. Соның нәтижесі Алаш қозғалысы зерттелуі, ұлттық идеологияның көтерілуі, ұлт - тық тарихқа бет алуы, ұлттық тарихты жаңғыртуы мемлекетшілдік, тәуел - сіздікке деген ұмтылыспен жалғасып кет - ті.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан тарихнамасы саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының кең көлемде жүргізіле бастауы, сондай-ақ Қоғамдық ғылымдар секциясы мен КСРО Ғылым академиясының Тарих бөлімінің бастамасына орай ҚазКСР Ғылым Академиясының Президиумы 1978 жылы 7 қыркүйектегі № 131 қаулысымен Институтта "Қазақстанның тарихнамасы бөлімін құру туралың қаулысын қабылдайды. Бөлім қызметкерлері 1983-1986 жж. аралығында "Кеңестік Қазақстандағы тарих ғылымының дамуы" атты мемлекеттік тапсырыстағы тақырып аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге жұмылдырылады. Алға қойылған басты міндет республикадағы тарих ғылымының қалыптасуы мен дамуын; тарих, өлкетануды зерттеу саласындағы ғылыми қоғамдар мен мекемелердің құрылуын; тарихшы ғалымдарды даярлау, басты ғылыми-зерттеулердің бағытын анықтау болып табылады. Осылардың ішінде қазақстандық археология және этнография, ежелгі және ортағасырлар тарихына қатысты мәселелердің зерттелуі мен Қазақстанның Ресейге қосылу тарихы, революциялық қозғалыстар, қазан революциясы мен азамат соғысы тарихнамасына, Ұлы Отан соғысын кезеңдеу мәселелеріне, тың және тыңайған жерлерді игеру мен қайта құру, қазіргі заман тарихының көптеген өзекті мәселелеріне басты назар аудару қажеттілігі күн тәртібіне қойылады.
Зерттеу мәселелерінің жиынтығы бойынша КСРО ҒА мүше-корреспонденті Б.А. Төлепбаевтың редакторлық етуімен 1983 ж. "Вопросы историографии Казахстана" атты үлкен монографиялық жинақ жарық көреді.
Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде кеңестік дәуірге дейін және сол кеңестік кезеңде қордаланып қалған тарихи білімдер жарыққа шығару мен өңдеу, сараптаудан өткізілді. Тәуелсіздік жылдары жүргізілген ғылыми ізденістер отандық тарихымызды дүниежүзілік даму, түркі әлемі аясында, жалпы Дала өркениеті мәдениетінің даму жүйесінде қарастыру қажеттігін көрсетеді. Айтылған тұжырымдар "Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихнамасың тақырыбы аясында жүргізілген кешенді іргелі зерттеулердің нәтижесі. Тақырыпты орындаудың ақырғы нәтижесінде 3 монографиялық еңбек: Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі. 2-кітап. -А., 1998; Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана ХХ вв. -А., 1997; Абылхожин Ж.Б. Страна в центре Евразии. -А., 1998 және 1 құжаттар жинағы "Қаћарлы 1916 жыл" жарияланды.
Семестрлік жұмыстың мақсаты - XX ғасырдың 80-90 жылдары коммунистік партия жүзеге асырған қайта құру кезеңін зерттеу.
Соған сәйкес мынадай міндеттерді шешуді көзделді:
қайта құру идеясының әлеуметтік-экономикалық өміріне тигізген әсерін талдау;
қайта құру кезеңдерін ашып көрсету;
1985 жылы жарияланған қайта құру бағытының белгілерін қарастыру.
I.Қайта құру кезеңі
XX ғасырдың 80-жылдарының басында одақтас республикалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мүшкіл болды. Қайта құру процестерінің тактикасын айқындауда өрескел қателіктер жіберілді, бірақ қайта құруды бастаушылар өздерінің кемшіліктерін дер кезінде мойындамады. Экономика мен саясаттағы дағдарыс өрши түсті. Кейбір аймақта саяси талап қойған кеншілердің ереуілдері болды. Осындай жағдайда орталықтың позициясы әлсірей берді. Бүкіл экономикалық саладағы және барлық қоғамдық жүйе мен жеке адамдардың өміріндегі орталықтандырылған басшылық, партия және мемлекеттік аппарат іс-қызметтерінің қосақтасып-қабысуы, оның бюрократтығы заңдылықтардың аяққа тапталуы, қоғамдық-саяси өмірдің маңызды мәселелері бойынша жариялықтың жоқтығы сияқты көлеңкелі құбылыстардың шешімін таппағандығы былай тұрсын, оны шешудің қажеттілігін түсінбей, мемлекет басшылары дәрменсіздік, солқылдақтық танытты. Өзгеріссіз қатып қалған экономикалық формалар, тұнып тұрған қоғамның саяси-ұйымдастырушылық құрылымы орын тепкен қайшылықтарды шешуге бөгет болды. Ел қоғам дамуының жаңа тұжырымдамасын қажет етті.
1985 жылғы наурызда К.У.Черненко өлгеннен кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды, қайта құруды жеделдету тұжырымдамасына сәйкес 1985-1987 жылдары қазіргі заманның талабына сай алға басуға ұмтылыс жасалынды. Бірақ М.С.Горбачев елдегі қоғамдық-саяси жүйені түбірімен қайта құрумен шұғылданудың орнына 1987 жылы негізінен сыртқы саясатпен айналысты. Ол өзін реформалаушы ретінде көрсетіп, Батысқа ұнамақ болды, ал олар болса Горбачевке көмектесу жөнінде бәрі бір пікірге келіп: реформа араны ашылған әскери алпауытты ауыздықтайды деп білген. Сол жылдың сәуірінде партия Орталық Комитетінің Пленумы болып өтіп, онда әлеуметтік-экономикалық өмірдің мәселелерін жаңаша қарауға әрекет жасалды. 1985 жылғы сәуірде партия қоғамды демократияландыру жіне оны жариялылық негізінде қайта құруды жүзеге асыру үшін халық алдында жауапкершілікті өзіне алды: ғылыми-техникалық серпінділікті жеделдету арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұжырымдамасы жарияланды. Бұл стратегиялық бағыт 1986 жылғы 25 ақпан - 6 наурызда өткен партияның XXVII съезінің құжаттары мен сонда қабылданған КОКП жаңа Бағдарлармасында өзінің көрінісін тапты. Кеңес Одағында 1985-1991 жылдардың арасы қайта құру кезеңі деп тарихқа енді және оның белгілері төмендегідей:
1. әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету. Бұл секірісті экономиканың құлдырау қарқынын тоқтату және жеделдету бағытына басты күшті жұмылдыру есебінен жасау тұжырымдалды; Қазақстанды жаңаша қалыптастыруым керек болды. Қайта құру құрғақ сөзге айналып, келекеге ұшырай бастады. Қатерлі кезеңнен бірігіп аман қалуды ойластыратын ешкім болмады. Тамыз төңкерісінен кейін әркім өз басын өзі күйетуге мәжбүр болды. Ал М.Горбачев сол оқиғалар елдегі жағдайды түбірімен өзгертіп жібергеніне қапелімде түсіне қоймады. Өз елінде өзге елде жүргендей халге ұшырады. Маған өзімді президент сайлаған халықтың-қазақстандықтардың алдындағы жауапкершілігімді сезініп, шешімді әрекеттерге барудан басқа амал қалмады.
2. қоғамды демократияландыру. Бүкілхалықтық басшылықты жүзеге асыратын төменгі баспалдақтан бастап жоғарғы сатысына дейінгі Кеңестердің қызметін қалпына келтіру;
3. елде жариялықты қамтамасыз ету. Келеңсіз құбылыстар айналасындағы халықтың ой-бүкпелерін, пікір-тұжырымдарын, ұсыныстарын іркілмей, ашық айтуына мүмкіндіктер беру. Ел ішінде жариялылық негізінде сын айту бостандығы орын алды, жаңа партиялар, түрлі қоғамдық қозғалыстар құрыла бастады, кооперативтер, т.б. құрылып жатты. Батыстың іскерлеріне бірлескен кәсіпорындар құру және т.б. сол сияқтылар арқылы кеңестік экономикаға өз капиталын жұмсауға біршама еркіндік беру көзделді.
Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Бас хатшысы М.С.Горбачев Күшті орталық және күшті республикалар деген ереже ұсынып, өзін сталиндік үлгідегі күшті орталықтың нағыз қолдаушысы ретінде көрсетті. Әзірленген жобада республикалардың жалпымемлекеттік маңызы бар істерден өзге мәселелердің бәрін орталықсыз өздері шешпек болған ұмтылысы ескерілмеді.
Көтерілген мәселелер орынды, қажетті де заңды болды, бірақ оны іске асыруда сөз бен істің алшақтығы тап бұрынғыдай тағы да белең алды.
Қайта құру жылдары 3 кезеңнен тұрады:
* 1-кезең. 1985 жылғы КОКП ОК-нің Сәуір Пленумы - 1987 жылдың жазы.
Осы этап шеңберінде жеделдету деп аталған концепцияны жүзеге асыруға әрекеттер жасалды. Ел басшылығы қоғамды тоңыраудан алып шығуға ішкіштікпен және салғырттықпен күрес көмектеседі деп сенді. Күткендегідей бұл шаралар еңбек өнімділігін арттыруда, сондай-ақ қоғамдық дамуды жеделдетуде тез көрініс беруге тиіс болды.
Алайда жеделдетудің басты факторы ретінде өндірістік аппараты жаңарту идеясы көрінді. Кейбір "қайта құру архитекторлары" есептегендей валюталық ресурстарды тұтыну тауарларынсатып алудан негізінен машина жасау импортын алуғабөлу арқылы 1990 жылға таман әлемдік стандарттарға жауап беретін машина жасаудың азаматтық салаларындағы машиналар, құрал-жабдықтардың үлесін 90%-ке дейін жеткізу болады. Нәтижесінде еңбек өнімділігі мен жеделдетуді арттыру көзделген.
Аграрлық салада жеделдету мүмкіндігі НТР жетістіктерін, жаңа технологияларды және ауылшаруашылық өндірісін интенсификациялаудың басқа факторларын енгізуден көрінді.1985 жылы қыркүйекте Целиноградта сөйлеген сөзінде М.С.Горбачев атап өткендей бұл уақыт келешегі сондай зор делінген, колхоз-совхоз жүйесіне күш беру қажеттілігін атап өтті.
Сондай-ақ рынок пен жеке меншіктің нәтижесінде тұтынушы үшін бәсеке күрестің жоқтығы жағдайында жеделдетудің барлық идеялары елес қана болып қалды. Расында да монопольді өндіруші болып табылатын зауытқа айталық, телевизорлардың, жаңа технологиялық желілердің, егер жалпылама жеттіспеушілік жағдайда тіпті оның ең ескірген және сапасыз өнімін тұтынушылар талап алып жататын болса қажеті қанша. Өйткені тұтынушының таңдауға мүмкіндігі жоқ қой және өзіне монополист-өндіруші монопольді түрде қымбат бағамен ұсынатын нәрсені алуға мәжбүр болады. Олай болса, жаңа технологияларда, станоктарда, т.с.с. қандай мән бар? Оларсыз-ақ монополист-кәсіпорындар гүлденетін болады. Сондықтан зауыттар мен фабрикалар өздерінежеделдетуге партиялық бағыт аясында таңылған импорттық жабдықтардан бас тартты. Ал бұл іс жүзеге аспаған соң контейнерлердегі немесе ашылған соңғы заттар желдің, қар мен жауынның өтіндегі артқы қораларға жасырылды.
Жеделдету концепциясының қауқарсыздығы ауыл шаруашылығында кері әсер етті. Мұнда да бәрі жеке мүлік қатынастарымен түсіндірілді. Мемлекеттік колхоз-совхоз жүйесі өзінің табиғи қуатымен ғылыми-техникалық төңкерестің, ең жаңа технологиялар мен жер өңдеудің ғылыми жүйелерінің жетістіктерін қабылдауға қабілетсіз болып шықты. Колхозшылар мен совхоз жұмысшылары мемлекетте құқықсыз тап, өндірістен, сондай-ақ еңбек нәтижесінен аластатылған күйінде қала отырып, қоғамдық өндіріске мән бермеді. Мотивацияның осындай үлкен шеңберінде интенсификация туралы айту тым артық еді.
Ал "бүкіл әлемнің тәртіп үшін күресіне ие артуға келсек, онда осы шараның көмегімен өнеркәсіп нәтижелілігін тек 1%-ке ғана көтеруге қол жетті, оның өзі қайта құрудың бірінші жылы болды. Ішімдікке қарсы әрекет мемлекеттік бюджет жетіспеушілігінің өсуі мен тұтынушылар рыногындағы ахуалдың ұшығуына әкеп соқты.
* 2-кезең. 1987 жылдың жазы - 1989 жылдың мамыры.
Қайта құрудың алғашқы кезеңінің нәтижелері экономиканы жеңілдетілген жолдармен реформалау әрекеттерінің қабілетсіздігін көрсетіп берді. Анық болған нәрсе реформаның стилі болған "косметикалық әдістер" бұл істе көмектесе алмайды, өйткені дағдарыс себептері тіптен тереңде-өндірістік қатынастар жүйесінде жатыр. Осыған байланысты елдің динамизациясы мен игілігіне жолды рынок пен жеке мүлік арқылы, яғни барлық дамыған өркениетті мемлекеттер өз эволюцияларында жүріп өткен бағыт арқылы табуға болады деген аксиома қоғамның санасын кеңінен билеп алды.
Алайда ел басшылығы бұрынғыдай сенімсіздік, баяулық және шектен тыс байқампаздық көрсетті. Жоспар мен нарықтық апатты жалғау, сол арқылы социалистік нарықтың бір үлгісіне шығу, жеке меншікті ойдан шығарылған тәртіптермен алмастыру әрекеттері осымен түсіндіріледі. Осы кезең кемістіктерінің жарқын мысалы мемлекеттік кәсіпорын туралы және кооперация туралы жартылай заңдар болды. Олар қоғамға ілгерілеуді хабарласа да, бәрібір проблемаларды шешпеді. Радикалды шаралар керек болды.
* 3-кезең. 1989 жылдың мамыры - 1991 жылдың тамызы.
Тек шешімдер қабылдау орталығының бюрократиялық орындардан белсенділеу реформатырлыққа бағытталған органға көшуі ғана әлеуметтік жаңарулардың нәтижелі өтуіне үміттенуге себеп болды. Мұндай жорамалдар 1989 жылғы көктемгі ұлттық парламенттің сайлауы нәтижесінде құрылған болатын. Парламент мінбелерінде тоталитарлық империяның қалдықтары үстіне демократиялық қоғам орнатудың маңызды шарты ретінде нарық пен жеке меншікке өту үшін қызу талас-тартыс өріс алды.
Сол уақыттарда бұқаралық ақпарат құралдарында биліктегілерге жеңілдікпен күресу бойынша әрекеттер кеңінен насихатталды. Еңбекшілерге бір-екі нашар партиялық санаторийдің берілуі туралы жар сала хабарланды немесе ертеңмен дүкенге өзі барып, азық-түлік алатын жаңа республика басшысының қарапайымдылығы мен демократтығы айтылып жатты.
Өсуін жалғастыра берген қылмыспен күресуге бостан бос күш салынды. Горбачевтік ішімдікке қарсы кампания шеңберінде "қала мен селоны алкоголизмнен тазартамыз" деген ұран көтерілді. Кәсіпорындарда саулық қоғамдары құрылып жатты, әр жерде "құрғақ" тойлар өткізілуде болды, ал милиция болса тіке ресторан залдарынан ішкендерді аулап жүрді десекте болады. Алкоголизм бәрібір азаймады. Бұл ауруға ұшыраған адамдар есірткіқұмарлыққа көшті,самогон қайнатумен айналысып кетті және т.б.
Осылайша республикада байқалған қоғамдық-саяси өмір тенденциялары ел орталығындағы процестермен бірге өрбіп жатты. Жариялылық туралы мәлімдеп, жүйе өзін-өзі құрту инерциясын қолдан шығарып алды.
II. Қазақстан қайта құру жылдарында
1991 жылға дейін Қазақстан - КСРО-құрамындағы он бес одақтас республиканың бірі болды. КСРО-ның жалпы аймағы құрлықтың 16 дерлік бөлігін -- 22 402,2 мың шаршы шақырымды қамтыды. 1989 жылы КСРО-дағы адам саны -- 285,7 млн-ды құрады. Ресей империясының геосаяси мұрагері ретінде Кеңестер Одағы осынау ұлан-байтак өңірде өзінің социалистік үлгісін жүзеге асыруға батыл қадамдар жасады.
Қазакстан географиялық жағынан Еуразия құрлығында, Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан. Республиканың аумағы батыстан шығысқа 3000 шақырымға және солтүстіктен оңтүстікке 1600 шақырымға созылып жатыр. Қазақ КСР батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте РКФСР-мен, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында Орта Азиялык кеңестік республикалармен -- Түрікмен КСР, Өзбек КСР және Қырғыз КСР-мен шектесті. Оңтүстік шығыс және шығыста республика шекарасы КСРО мен ҚХР арасындағы мемлекеттік шекара бойынша өтті. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 15 мың шақырым. Оның 3 мың шақырымы су (Каспий және Арал теңіздері) арқылы өтеді. Қазақ КСР аумағының көлемі жағынан Кенестер Одағы республикалары арасында РКФСР-нан кейін екінші орынды иеленді. Сондай-ақ, қалған 13 республика аумағын косқаннан артық болды. Республика аумағы -- 2717,3 мың шаршы шақырым. Демек, КСРО-ның 18 бөлігін құрады.
1977 жылғы КСРО Конституциясы одактық республикалардың саяси дербестігін шартты түрде мойындады. Алайда барлық республикалар бір орталыққа бағынды. Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы КСРО жоғарғы саяси басшылығының -- КОКП ОК Саяси Бюросының құрамына кірді. КСРО-ның саяси жүйесі барлық ұлттар мен ұлыстардың жұмысшы, шаруа және интеллигенциясының еркі мен мүддесін білдіретін социалистік, жалпы халыктық мемлекет ретінде анықталды. КСРО Жоғары Кеңесі мемлекеттік биліктің ең жоғары органы болып жарияланды.
1978 жылы қабылданған Қазақ КСР Конституциясында Республика -- жұмысшылар мен шаруалардың және интеллигенцияның егеменді социалистік мемлекеті деп анықталды. Қазақ КСР-нің халқы кеңес халқының құрамдас бөлігі деп жарияланды. Республикадағы адам саны -- 1986 жылы 1 каңтарда 16027,9 мың болды. Ол КСРО халқының 5,7%-ын құрады. Қазақстан 100-ден астам ұлт пен ұлыстар өмір сүрген көп этносты республика болып қалыптасты.
КСРО өмір сүрген 70 жылдан астам уақытта кеңестік тоталитарлы жүйенің өзіндік үлгісі қалыптасты. Коммунистік партияның дербес билігі және адам құқығын аяққа басу, саяси, экономикалық реформалардағы жартыкештік, рухани-мәдени саланың бір идеологияға бағындырылуы сиякты қарама-қайшылыкты саясаты жыл өткен сайын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz