Жарық күші


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Жарықтандырудың негізгі сипаттамалары . . . 4

1. 1 Жарық күші . . . 4

1. 2 Жарықтылық. Жарықтық . . . 5

2 Жарықтандыруға қойылатын негізгі талаптар . . . 7

Қорытынды . . . 8

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 9

Кіріспе

Жұмыстың мақсаты: жарықтандырудың сапалық және сандық көрсеткіштерін сипаттайтын параметрлерін қарастыру; өндірістік жарықтандыруға қойылатын талаптарды талдау.

Жұмыстың міндеті:

  • Жарықтандырудың негізгі сипаттамаларын зерттеу;
  • Еңбекке қолайлы жағдай жасау.

Жарықтандыру - қоршаған ортаны көзбен көруді қамтамасыз ету үшін күн және жарық энергиясын пайдалану. Жарықтандыру адамның айналасындағы заттарды көру арқылы қабылдауын қамтамасыз етеді. Ол ерекше маңызды, себебі ақпараттардың 90% адамға көру мүшесі арқылы жетеді.

Жарықтандырудың саны адамның еңбек етуіне және қауіпсіздігіне елеулі ықпал етеді. Нашар жарықтануда адам тез шаршайды, өнімді жұмыс жасауы төмендейді, қате жіберу және жазатайым оқиға орын алу мүмкіндігі артады. Және де түрлі ауруларға әкелуі мүмкін. Мысалы, алыстан көрмеушілік, жақыннан көрмеушілік.

Дұрыс жобаланған, жарықтандырылған бөлме, орын еңбек өнімділігін арттырады, шаршағандықты басады, өндірістік ортаға жақсы әсер етеді, травматизмді төмендетеді.

Жарықтандыруды ұйымдастырғанда қажетті жарық ағынының спектрлі құрамын таңдау қажет. Бұл талап табиғи жарықтандыруды қамтамасыз етеді.

Жарықтандырудың негізгі мақсатының бірі - көру қызмет-қабілетінің сақталуына жағдай жасау.

1 Жарықтандырудың негізгі сипаттамалары

Екі жарық көзі - Күн және адамның қолымен жасалған жасанды жарық көздері бар. Қазіргі кезде қолданылатын жасанды жарық көздерінің негізгілері - электр көздері, ең алдымен қыздыру шамы және газ разрядты шамы. Жарық көзі электромагниттік толқын түрінде энергия шашады. Адам электромагниттік толқындарды жарық көзі ретінде 0, 38 мкм-ден 0, 76 мкм-ға дейінгі диапазон аралығында қабылдайды.

Өндірістік жарықтандыру сандық және сапалық көрсеткіштермен сипатталады.

Сандық көрсеткіштер негізгі жарық техникалық өлшемдермен сипатталады:

  1. жарық ағыны
  2. жарық күші
  3. жарықтылық
  4. шағылыстыру коэффициенті

Сапалық көрсеткіштер көру жұмысындағы жағдайларды анықтайды:

  1. фон
  2. пульсация коэффициенті
  3. айқындылығы

Жарық ағыны (F) - жарық сезу бойынша бағаланатын, адам көзіне әсер ететін жарық энергиясының немесе көрінетін сәулеленудің қуаты. Жарық ағыны люменмен (лм) өлшенеді.

  1. Жарық күші

Егер аяққы мөлшері бар сфералық конус шектерінде жарық ағыны біркелкі бөлінсе, онда денелік бұрыш осі бағытындағы жарық күші анықталады:

I = F ω I = \frac{F}{\omega} ,

мұндағы F - жарық ағыны, лм;

ω - жарық ағыны бар денелік бұрыш.

Денелік бұрыш деп (кеңістік бұрыш) конустық бетпен шектелген кеңістік бөлігі аталады. Денелік бұрыштың шамасы денелік бұрыш тірелетін S учаскенің ауданының сфераның R радиусының квадратына қатысы ретінде анықталады.

ω = S R 2 \omega = \frac{S}{R^{2}}

Денелік бұрыш бірлігі стерадиан (стер) болып табылады. 1 стер денелік бұрыш шамасы S сферасының бөлігі түрінде келеді, оның ауданы осы сфераның R радиусының квадратына тең:

ω = S R 2 = R 2 R 2 = 1 с т е р \omega = \frac{S}{R^{2}} = \frac{R^{2}}{R^{2}} = 1\ стер

Сәуле шашатын нүкте айналасындағы барлық кеңістікті қамтитын ең үлкен денелік бұрыш:

ω = 4 π R 2 R 2 = 4 π , \omega = \frac{4\pi R^{2}}{R^{2}} = 4\pi,

мұндағы 4πR 2 - сфераның (шардың) толық беті.

Жарықтың орташа сфералық күші I ср жарық көзінен сәулеленетін жарық ағынының сфераның толық бұрышына өзара қатысы ретінде келеді:

I с р = F 4 π I_{ср} = \frac{F}{4\pi} .

Бұл көз үшін жарықтың орташа сфералық күші барлық бағыттар бойынша біркелкі бөлінетін жарық ағынының орташа тығыздығы шартында өрнектеледі. Жарық күші шырақпен (шыр) өлшенеді.

Шырақ денелік бұрыш ішіндегі бір стерадиандағы бір люменге тең біркелкі жарық ағынын шығаратын жарықтың нүктелік көзі күші ретінде келеді:

1 с в = 1 л м 1 с т е р 1св = \frac{1лм}{1стер} .

1. 2 Жарықтылық. Жарықтық

Жарықталатын дене бетіне түсетін жарық ағынының тығыздық шамасын бағалау үшін жарықтылық ұғымын пайдаланады, ол сандық түрде жарық ағынының біркелкі бөлінуінде жарықталатын ауданның жарық ағынына тең болады:

E = F S E = \frac{F}{S} ,

Мұндағы F - жарықталатын бетке біркелкі түсетін жарық ағыны люменмен;

S - жарықталатын бет ауданы, м 2 .

Жарықтылық бірлігі үшін люкс (лк) алынады, яғни, жарықтану беттері 1м 2 , оған 1лм біркелкі бөлінген жарық ағыны түседі:

1 л к = 1 л м 1 м 2 1лк = \frac{1лм}{1м^{2}}

Жарық берілетін беттегі белгілі бір нүктедегі жарықтылық жарық күші бойынша анықталуы мүмкін.

Жарықтық

Әр түрлі түсі және шағылудың түрлі қасиеттері бар денелер жарық біркелкі түскенмен, адам көзімен әр түрлі қабылданады., Мысалы, бордың кесегі көмір кесегіне қарағанда, шағылту қасиеттері жақсырақ, сол себепті, ол байқаушының көзіне көбірек жарық ағынын жібереді, нәтижесінде жақсы көрінеді. Көру шарты жарқырайтын беттен сәулеленетін жарықтың күшіне және көрінетін беттің шамасына байланысты. Көру шарттары жарықтықтың сандық шамасымен сипатталады.

Жарықтық деп берілген бағыттағы беттің шығаратын жарық күшінің осы беттің шамасына қатынасы аталады. Егер адам көзіне бағытталған жалпақ жарқырайтын беттің сәулесі осы бетке перпендикуляр болса, онда жарықтанатын бет өрнекпен анықталады:

B = I S B = \frac{I}{S} ,

мұндағы B - жарықтық;

I - жарқырайтын бетке перпендикуляр жарық күші, св (шам) ;

S - жарқырайтын бет ауданы, м 2 .

Егер көз осы беттің нормалі мен көру сызығының арасындағы α бұрышы арқылы қарайтын болса, онда ол осы беттің бөлігін көреді, яғни оның жазықтықтағы кескінінің көру сызығына перпендикуляр ауданын көреді. Беттің бұл бөлігі:

S 1 = S c o s α S_{1} = Scos\alpha тең болады.

Сондықтан кез келген бағыттағы біркелкі жарқырайтын бет үшін жарықтық:

B = I α S c o s α B = \frac{I_{\alpha}}{Scos\alpha} тең болады.

Жарықтықтың біркелкі бөлінбеуінде

B = d I α d S c o s α B = \frac{dI_{\alpha}}{dScos\alpha} .

Ашықтық бірлігіне 1 нит алынады.

1 нит жарықтық бетке перпендикуляр әрбір м 2 1 шыр. жарық күшімен бағытта сәуле шығаратын жазық бет ие болады

1 н и т = 1 с в 1 м 2 1нит = \frac{1св}{1м^{2}} .

Диаметрі D шар түріндегі және барлық жаққа I жарық күшін біркелкі шашырататын жарық көзінің жарықтығы:

B = I S ш а р а B = \frac{I}{S_{шара}} .

Шар кескіні кез келген бағытта шеңбер ауданына тең ( π D 2 4 ) (\frac{\pi D^{2}}{4}) , жарқырайтын шардың орташа жарықтығын шығарамыз:

B = 4 I π D 2 B = \frac{4I}{\pi D^{2}}

Жарқырайтын цилиндрдің орташа жарықтығы формуламен өрнектелуі мүмкін:

B = I D L B = \frac{I}{DL} ,

мұндағы D - цилиндр диаметрі, м;

L - цилиндр ұзындығы, м.

Мысал үшін жарықтың кейбір көздерінің жарықтығын келтірейік: люминесценттік шам жарықтығы 5250 - 8400 нит, қыздыру шамы - 525000 - 105 нит, жоғары қысымды қол шамы - 21 - 63 нит.

2 Жарықтандыруға қойылатын негізгі талаптар

Еңбектің қолайлы жағдайларын жасау үшін өндірістік жарықтандыру келесі талаптарға тиісті жауап беру қажет:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электр өрісіндегі зарядтың потенциалдық энергиясы
Энергетикалық және фотометриялық шамалар
Оптикалық приборлар
Көз – оптикалық система. Көру
Жарық энергиясы
Инерция проблемасы
Механикалық қозғалыс. Кинематика
Жарықтандырудың негізгі сипаттамалары
Көру мүшесі – біздің көзіміз
Өндірістік кәсіпорындарды жобалаудың санитарлық нормалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz