Мемлекеттік Думадағы мұсылман фракциясы құрамындағы қазақ депутаттары
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Мемлекеттік Дума мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1. Қазақтардың Мемлекеттік Думаға қатысу құқығы ... ... ... ... ... ... ... . ... .5
2. I Мемлекеттік Дума ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2.1. Думадағы қазақ зиялыларының қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2.2. І Мемлекеттік Думадағы мұсылман фракциясы құрамындағы қазақ депутаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
3. II Мемлекеттік Думада Қазақстанның саяси-әлеуметтік
мәселелерін көтеруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Кіріспе
Жұмыстың мақсаты: Ресейдің I-II Мемлекеттік Думаларына депутат болған қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси көзқарастары мен ұстанған бағыттарын талдап, атқарған қызметтерін зерттеу.
Жұмыстың міндеті:
Мемлекеттік Думалардағы фракциясының қызметіне шолу жасау арқылы оның қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік мәселелерін көтерудегі ролін көрсету;
қазақ өкілдерінің қоғамдық-саяси күресін талдау;
қоныс аудару, жер мәселесіндегі Дума депутаттарының көзқарастарын талдау.
Ресей Мемлекеттік Думаның құрылу қажеттілігі өзінен-өзі туындап келе жатты. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Ресейдің қоғамдық-саяси өмірінде аграрлық мәселе үлкен орын алды. Әрине, шаруа үшін маңызды - жер болып табылды. 1905-1907 жылдардағы революция және Ақпан, Қазан төңкерістерінің де басты себептерінің бірі жер мәселесі болды. Мемлекеттік Дума дүниеге келе салысымен, осы мәселені өз қолына алды. Дума партия фракциялардың және ұлт азаттық қозғалыстардың маңызы зор мәселелерді талқылайтын басты орталыққа айналды.
Дума фракцияларына, саяси топтарға белсенді қатысқан, ұлт мүддесін қорғаған зиялыларды айтпай кетуге болмайды. Қазақ халқының мүддесі үшін күрескен ұлт зиялыларын әрбір азамат білуге тиіс. Әрине, олар Ә.Бөкейханов, Ш.Қосшығұлұлы, Б.Қаратаев, А.Бірімжанов, А.Қалменов, С.Жантөрин, М.Тынышбаев, Б.Құлманов, Т.Нұрекенұлы, С. Жантөре, Т.Алдабергеновтар болды.
1. Мемлекеттік Дума мәні
Мемлекеттік Думаның мәнін түсіну үшін оның саяси өмірдегі қажеттіліктен туындағанын ескеру керек. Ресейде Мемлекеттік Дума дүниеге келген кезде шаруалар елдегі халықтың басым көпшілігін құрады. Ал Ресейдің отарындағы қазақ даласының қалыптасқан саяси - әлеуметтік болмыс пішіні бұл тұста төмендегідей еді. 1905 жылы қазақ даласындағы барлық халық саны 4442,8 мың болса, оның 10,3 процентін қоныс аударушы шаруалар, 6,3 процентін казактар, 83,4 процентін қазақтар құрады. Яғни қазақ даласындағы ілкі отарлау саясатының салдарынан халық құрамының едәуір өзгергенін көрсетеді. Ресейдің ол шетімен бұл шетіне дейінгі жер жыртып, мал өсірген шаруалар мемлекеттің ең басты тіректерінің бірі, бүкіл елдің азық - -түлігін дайындап, күн көрісін қамтамасыз етіп отырған бірден - бір әлеуметтік топ болды. Сондықтан империядағы өзгерістерге демократиялық сипат беріп, дамыған елдердегідей патша билігін жоймай - ақ, Мемлекеттік Дума Ресейдегі сан жағынан ең көп шаруалардың мұң - -мұқтажын алғашқы кезекке қоймақшы болды. Шаруа үшін жердің ең маңызды мәселе екені әуел бастан белгілі. Сол себепті де Дума өзі өмірге келген сәттен бастап - ақ бұл мәселені өз назарынан тыс қалдыра алмады. Осылайша жаңа демократиялық басқару жүйесімен ескі қоғамдық құрылыс арасындағы тартыстың өзегі болып жер мәселесі тұрды. Патша ағзамның қол шоқпар үкіметі қарапайым халықпен түсінісе алмады, ортақ мәмлеге де келмеді.
І Мемлекеттік Думаға сайлау біріншіден, партиялар мен әлеуметтік топтардың қақтығысын туғызды. Сайлау саяси билікке ұмтылған партияларға да либералдық ағым бағытындағы көңіл- - күйлерге де әскери- - полициялық қадағалаулар мен қуғындау тұрғысында өтті. 1906 жылы ақпанда Дала генерал - губернаторы мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне саяси партияның қандайының қатарына болса да өтуіне тыйым салған бұйрық шығарды. 1906 жылы көктемде осы жағдайларды ескере отырып, большевиктер партиясы Думаға байкот жариялау туралы шешім қабылдады. Өйткені, төңкеріс үшін сайлау компанияларына қатынасудан гөрі саяси күрестің тереңдеп әрі қанат жаюы қажет еді. В.И.Лениннің сөзімен айтқанда конституциялық болмас іспен жұбатудан (иллюзия), парламенттік ойыннан қауіпті ешнәрсе жоқ. Думаға деген белсенді байкотты Қазақстандағы социал - демократиялық ұйымдар қолдады. Дума шақыру жөніндегі дайындық және үгіт жұмыстарында бірсыпыра олқылықтар орын алды. Сондықтан да, 1906 жылы 8 - ақпанда үкімет виттелік дума, булыгиндік думаның кебін кимес үшін арнайы бұйрық шығарады. Онда: Мемлекеттік Кеңес және Мемлекеттік Думаға сайлауға жалпы халықтың қатыспай қоюы немесе сайлауға қарсы әрекеттерге байланысты әкімшілік жаза қолданып, (4 ай мен 8 айға дейін) түрмеге жабу туралы айтылды.
1.1. Қазақтардың Мемлекеттік Думаға қатысу құқығы
1905 жылғы саяси өрлеу, Думаға дайындық Ресей көлемінде, соның ішінде қазақ даласында да түрлі саяси шараларды ұйымдастырумен қатар жүрді. Отаршыл жүйемен күресте қазақ зиялылары басқа ұлт өкілдерімен қатар орыстың демократиялық күштерімен ықпалдасып қимыл жасауды түсініп, бұл шараларға белсене араласын, сол арқылы қазақ қоғамының алдында тұрған мәселелер мен оның шешілу жолдарын айқындауды көздеді. 1905 жылы 6- - 13 - қарашада Мәскеуде Ресей мемлекетінің жергілікті өлкелерден келген өкілдерімен қалалық қоғам қайраткерлері бірігіп съезд өткізді. Олар І Мемлекеттік Думаны Құрылтай жиналысына айналдырудың жолдарын қарастырды. Съезд Ресейдегі әрбір азаматтың ұлтына, тегіне, діни сеніміне қарамастан сайлауға және сайлануға құқықты екендігін мойындауды талап етті. Осы съезге Әлихан Бөкейхан қатысып, қазақ елінің атынан сөз сөйледі. Орал мен Алтай аралығын мекендейтін қазақ деген халықтың барлығын, өзінің сол халықтың перзенті екендігін айтты. Осында сөйлеген поляк, латыш, малорос өкілдерінің сөзін тыңдай отырып, мен ескі кітапты оқығандай боламын. Бізде де қырғыз (қазақ -- Ө.О.) тіліндегі мектептер қуғын - сүргінге ұшырауда. Бізді де цензура аямай жаншуда. Мысалы, қазақ тіліне аударылған М.Крыловтың 46 мысалын бастыру үшін цензурадан рұқсат ала алмай сандалғаныма 13 ай өтті. Крестьян начальниктері (көбі бұрынғы ротмистрлер) қазақ тіліндегі істерді қарауға мойын да бұрмайды. 18 - ақпандағы бұйрықтан кейін қырғыздар жиналып, өз мұқтаждықтарын петицияға түсірген еді. Бірақ почта ол петицияны Петерборға жіберуден бас тартты. Мұнан соң петицияны жақын арадағы (400 шақырым) екінші бір қаладан жібермек болғанымызда, тағы да жаңағы оқиға қайталанды. Бұл да болмаған соң келесі бір (760 шақырым әрідегі) қаладан зорға дегенде жөнелттік. Қазақтың мұқтажы шаш етектен... Сайлау науқанының таяп қалғанын жадымда ұстап, мен әлгінде ғана съезд жергілікті тілдерді шектеудің барлық түрі тыйылсын деп шешім шығаруы қажет деген мырзалардың ұсынысын қуаттаймын деді. Автономистердің съезі осы жылы Петербургте қараша айында өтеді. Бұл съезге қазақтың белгілі саяси - қоғам қайраткері Мұхамеджан Тынышбайұлы қатынасып, баяндама жасады. Бұл кезде ол Санкт - -Петербургтегі І Александр атындағы Жол қатынасы инженерлерін даярлайтын институтының студенті болатын. Мұхамеджан Тынышбайұлы баяндамасында патшалық зорлықшыл тәртіпті ымырасыздықпен әшкереледі. Мұның өзі сол кездегі ең бір батыл әрекет еді. Ол отаршыл үкіметтің қазақтардың тілін, салт - дәстүрін, діни сенімін, жалпы ерекше болмыс - бітімін қуғындау, тағылық және айуандықпен жазалау арқылы ұлт ретінде жойып, бүтін өлкені орыстандырып жіберуді тоқтату керектігіне назар аударды. Әр түрлі әкімшілік шаралар, нұсқаулар мен ережелер арқылы қазақтарды заңнан тыс тобырға айналдырып, оларды өздерінің ата - қонысынан айыру саясатын көздегенін ашына айтып, ендігі уақытта халықта автономдық дәрежеде болса да еркіндік беруін талап етті.
2. I Мемлекеттік Дума
Қазақ халқы Мемлекеттік Думаға сайлауға қатынасу құқығына 1906 жылдың ақпан айының соңғы күндерінде ғана мүмкіндік алды. Яғни империяға қараған әкімшілік аумағы бойынша сайлау қазақ даласында ең соңында өткізілді. Бұл кезеңде басқарушы бюрократиялық топ патшалық биліктің саясатын барынша қызғыштай қорғап, Мемлекеттік думаға шеткері ұлт аймақтардың өкілдерін мүмкіндігінше аз қатыстыруға тырысып бақты. 1906 жылы сайлау ережелерін қарастыру барысында Ерекше комиссия мүшелері арасында Орта Азия тұрғындарын Мемлекеттік думаға қатыстырудың қажеті де жоқ, себебі олардың даму деңгейі төмен, әлі заң шығару ісіне даяр емес деген пікір де болған еді. Ерекше комиссия 1906 жылы 22 ақпанда Ақмола, Семей, Орал және Торғай облыстарының, 25 наурызда Астрахань губерниясына қарасты Ішкі Орданың, 23 сәуірде Түркістан өлкесінің сайлау ережелерін бекітті.
Бұл ережелер бойынша дала облыстарынан 10 депутат сайланатын болды. Оның төртеуі жергілікті халықтың, қалған алтауы орыс тұрғындары мен казактардың үлесіне тиді. Ішкі Ордадан бір орын ғана қазақтарға берілді. Түркістан өлкесінен 13 депутаттық орынның алтауы жергілікті халықтың үлесіне тиді. Қалған жеті орынның алтауы орыс тұрғындарына, біреуі Жетісу казактарына берілді. Түркістан өлкесінде жергілікті халық тұрғындардың 94,4%-ін, орыстар 5%-ін, қазақтар 0,6%-ін құрайтын. Мұның өзі депутаттық орындардың нағыз әділетсіз түрде бөлінгенін көрсетеді.
Империяның басқа да шеткері ұлттық аймақтарындағы жағдай жалпы осындай еді. Оның үстіне сайлау барлық жерде бірдей өткізілмеді. Шеткері ұлттық аймақтарда сайлау ең соңында барып өткізілді. Сайлау метрополияда үш жетінің ішінде (1906 жылдың 26 наурыздан 20 сәуірге дейін) аяқталса, бірінші Мемлекеттік дума таратылған күні Жетісу облысында өтіп те үлгерген жоқ еді. 1906 жылы 27 сәуірде Мемлекеттік дума өз жұмысын бастап кеткенде, Семей облысында болыстар өз сайлаушыларын енді ғана анықтаған еді.
Ең алғаш қазақ даласындағы І Думаның сайлау бөлімі өз жұмысын 1906 жылдың сәуір айының соңынан бастау алып дереу жұмысқа кірісіп кетті. Негізгі сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары Дала өлкесінің Омбы, Ақмола, Семей, Петропавл,Өскемен қалаларында қызу қарқынмен жүргізілді. Ақмола облысында І Мемлекеттік Думаға депутат сайлау жұмысының өз шырғалаңы болды. Сайлау 1906 жылы 15 маусымда Көкшетауда болды. Таласқа 6 адам түсті. Сайлау нәтижесінде депутат 36 жастағы молда Шаймерден Қосшығұлов (1874-1937 жж) сайланды. Ш.Қосшығұлов өз халқы жер үшін күрес, залық еркіндігі мен теңдігі үшін күресте алдыңғы қатарлы азамат ретінде танымал. Ш.Қосшығұлов Дума мүшелігіне сайланғаннан кейін орыс тілін білмейді, яғни сайлау ережесінің 55 бабына сай келмейді деген желеумен сайлау комиссиясы оның кандидатурасын бекітпей тастады.
І Мемлекеттік Думаға алғашқы шақырылғандардың бірі - Ә.Бөкейханов еді. Бірақ Бөкейханов Дума жұмысына қатынаса алмады. Өйткені ол Дума өз жұмысын бастаған кезде Омбы генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен соттың тергеуінсіз үш ай Павлодар абақтасында отырды. Петербургке 1906 жылы 3 шілдеде жеткенде, Дума патша үкімімен таратылып жіберілген еді.
І Мемлекеттік думаға қазақ елі атынан төрт депутат сайланды. Олар Торғай облысынан - Ахмет Бірімжанов, Орал облысынан - Алпысбай Қалменов, Семей облысынан - Әлихан Бөкейханов, Ақмола облысынан - Шаһмардан Қосшығұлов. Бұлардың ішінде алдыңғы үшеуі жоғары білімді, ал соңғысы дін иесі, молда еді. Осы аталған депутаттардан А.Бірімжанов пен А.Қалменов ғана бар болғаны 72 күн (1906ж. 27 сәуірден - 9 шілдеге дейін) жұмыс жасаған Дума мәжілістеріне қатысып үлгерді.
І Мемлекеттік дума мүшелері қатарында қазақ жерінен тысқарыдан сайланған қазақ азаматтары да бар еді. Олар Дәуіт Санжынұлы Тұндыт пен Сәлімгерей Сейтжанұлы Жантөрин болатын. Д.Тұндыт Астрахань мен Ставрополь өңірінің көшпелілері атынан сайланған жоғары білімді, ірі жер иесі болған. Уфа губерниясынан сайланған жоғары білімді, ірі жер иесі болған. Уфа губерниясынан сайланған С.Жантөрин болса, Мәскеу университетінде заң мамандығы бойынша білім алған, мұсылман халықтарының азаттық қозғалысында белсенділігімен көпшілікке танымал болған қайраткер еді. Ол Автономистер одағы бюросының және Ресей мұсылмандары одағы Орталық комитетінің мүшесі болатын.
2.1. Думадағы қазақ зиялыларының қызметі
І Мемлекеттік Думада қазақ халқының танымал жетекшісі Ә.Бөкейхан мен заңгер А.Бірімжан белсенділік көрсетті. Бірақ депутат-қазақтар Қазақстаңдағы күрделі жағдайға байланысты (1906 жылғы ақпанда бүкіл Дала өлкесі бойынша төтенше жағдай жарияланды) уақытында келе алмады. Сайлау мұнда кешігіп өткізілді, ал Жетісу және Сырдария облыстарында ол кейінге қалдырылды. Думаға А.Қалменұлы мен А.Бірімжан 1906 жылғы шілденің ортасында ғана келді, ал Ә.Бөкейхан Петербургке Думаны таратуға бірнеше күн қалғанда ғана жетті. Соған қарамастан А.Бірімжан аграрлық мәселе жөніндегі ескертпелерін білдіріп, ал Ә.Бөкейхан Выборг үндеуіне қол қойып үлгерді. Қазақ депутаттары белсенділік танытып әртүрлі комиссияларға мүше бола алды. Жоғары білімді заңгер Ахмет Бірімжанов - әскери дала соттарын жою жөніндегі заң жобасын жасау комиссиясына енгізіледі. Ол Алпысбай Қалменов екеуі жоғарғы үкімет орындарына қазақ жеріне қоныс аударушыларды орналастыру барысында заң бұзушылық әрекеттер жасалып жатқаны жөнінде сұрау салады. Бақытжан Қаратаев хат хабарларды реттеу, ар-ождан бостандығы комиссиясына, ал Мұхамеджан Тынышбаев аграрлық комиссияға мүше болды. Қазаққа қатысты заң жобалары мен мәселе талқыланғанда ұлт мүддесі айтылуы үшін Мұсылман фракциясы жанындағы бюро жұмысына Әлихан Бөкейхан мен Мұстафа Шоқай белсенді түрде араласты. Қазақ депутаттары өз мүмкіндіктеріне қарай Думаның мұсылман фракциясына қатысты. Мұсылман фракциясындағы басқа депутаттармен бірге олар жер реформасының Қазақстанға қатысты мәселелерін көтерді. Әлихан Бөкейхан "Мен кадет партиясынан неге шықтым?" деген ашық хатында өз ойын былай білдірген: "Кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе жөн дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып, жалаңаш шыға келеді". Ғасыр басында көтерілген осы мәселе бүгінгі таңда да осы маңыздылығын жойған жоқ. Уфа губерниясынан сайланған қазақ С.Жантөре көп мәселеде қазақ жерінен келген депутаттармен пікірлес, бір көзқараста болды. Оларға Қазақстандағы аграрлық мәселеде қазақ емес депутаттар арасынан бұған Ш.Сыртланов, Т.Седельников, В.Недоносков, Н.Бородин, т.б. белсенді қолдау көрсетті. Аграрлық жағдайға байланысты Т.Седельников өлкедегі аграрлық жағдай жөнінде мейлінше мақсатты да дәйекті пікір білдіруге тырысты. Бұған өзінің жазғанындай, жеті жыл бойы Қазақстандағы аграрлық мәселе жағдайларымен жан-жақты және мұқият таныс болуы мүмкіндік берді. Ол осы еңбегінде белгілі аграршы А.Кауфманның көзқарастары мен тұжырымдарын өткір сынға алды. "Қоныс аударушылар учаскесі үшін қазақ жерлерін мүлде заңсыз тартып алуды ұйымдастыруға белсенді қатысқан Ф.А.Щербина мен А.Кауфман сияқты Даланың "білгір", белсенді "зерттеушілері" үшін сол қазақтардың отырықшы егіншілері ретіндегі мұқтаждары мен қажеттіліктеріне тап болған жағдайда мұны "көшпелі тұрмыстың өзіндік жағдайлары" деп мойындауларына бұл мейлінше ыңғайлы да тиімді болды. Әйтпесе оларға баяғыдан-ақ "нағыз орыс иеленушілеріне" тиімді даланы отарлауды тоқтата тұрып, сол қазақтардың өзін жерге орналастырудың күрделі де қиын ісімен шұғылдануларына тура келер еді. Сөйтіп, Т.Седельников Қазақстандағы жер иелену мен жер пайдаланудың заңды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz