Ұлттық мұрат
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I.Мәңгілік Ел ұлттық идеясы мәселесіне орай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
II.Ұлттық идея, ұлттық мұрат, ұлттық көшбасшы,
ұлттық рух ұғымдарының мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
III.Қазақстанның ұлттық идеясы: этникалық бірегейліктен
бірлік пен келісімге ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
IV. Бәсекелестікке қабілеттілік ұлттық идеяның маңызды
құрамдас бөлігі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіздігін алған Қазақстанда адамдардың өмірлік болашағы нақтылануда, түрлі бағдарда өрбуде. Тәуелсіздік идеясының тұғыры республиканың тұтастығы мен қауіпсіздігін сақтау, Қазақстандағы ұлттық ынтымақты және қоғамдық бірлікті жетілдіру мақсатымен анықталуда. Елдегі азаматтық және рухани, этникалық және ұлттық бірегейлікті нығайту, халықтың әлеуметтік-мәдени - қазақстандық дамудың басты бағдарларын құрайды. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси курсының басымды бағыттарын және Мықты және Қуатты Қазақстан мемлекетін құрудағы (жақын жылдардағы) жастардың рөлі мен жауапкершілігін анықтай отырып, Президент оларда ұлт- тық сана-сезімдері мен тарихи сананы жан-жақты қалыптастыру мәселесін өзек- тендірді.
Мәңгілік ел идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - Мәңгілік Қазақстан жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де Мәңгілік Ел деген құдіретті ұғымға сыйып тұр деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан-2050 - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясында рухани бірлік пен ұрпақтар арасындағы сабақтастық, ұлттық сана-сезім мен жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелерін өзектендіре отырып, мемлекет Президенті Н.Ә.Назарбаев бұның бәрі жақын болашақта Мықты және Қуатты Қазақстан мемлекетін өркениетті жолмен құрудың қажетті шарты екеніне баса назар аударды.
Қазақстан-2050 Стратегиясын жүзеге асыруда үлкен жауапкершілікті мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақ халқына жүктей отырып, Президент тек мәдени кодты сақтай отырып қана (тіл, руханилық, салт-дәстүрлер) уақыттың сын-қатерлеріне жауап қайтара алатынымызға баса назар аударды. Егер ұлт өзінің мәдени кодын жоғалтса, онда ол ұлттың өзі де жойылады. Тек тағылымды тарих, ата-бабалар даңқы ғана қазіргі уақыт қиындықтарын жеңуге мүмкіндік береді, - деген құнды пікірі ата салтымызды сақтауға, туған жер мен ел алдындағы парызымызды ақтауға шақырады. Осыған байланысты көптеген ғалымдардың ұлттық идеологиялар ұзақ өмір сүреді және ұлттар сол үшін өзінің жеке мені үшін күреседі, онсыз ұлт туралы пікірдің болуы да, оның болашақтағы тарихи өмірі туралы да сөз қозғаудың өзі мүмкін емес деген пікірлері орынды. Мәңгілік Ел атауын белгілеу барысында авторлар Президенттің Қазақстан халқына арнаған соңғы екі Жолдауындағы шешімдерді негізге алды:
1) Мәңгілік Ел патриоттық актісін жасау және қабылдау туралы сөз болған
Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ (17 қаңтар, 2014 ж.). Мемлекет басшысы Мәңгілік Елді ұлттық идея деп атай отырып, барша қазақстандықтарды Қазақстан - 2050 Стратегиясының негізгі бағыттарын жүзеге асыру бойынша жұмыстарға өз жұмыс орнында белсене атсалысуға шақырды;
2) Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясы тек Қазақстан - 2050 Стратегиясының идеялық тұғырнамасы ғана емес, ХХІ ғасырдағы Қазақ мемлекеті қалыптасуының мызғымас идеялық негізіне айналуы керек екендігі туралы сөз болған Нұрлы жол - болашаққа жолдауы (11 қараша, 2014 ж.).
Семестрлік жұмыстың мақсаты - ұлттық сана-сезімнің, ұлттық рухтың, патриотизм рухының, тарихи сана мен әлеуметтік жадының, кәсібилік пен бәсекеге қабілеттілік рухын қалыптастыру.
Соған сәйкес мынадай міндеттерді шешуді көзделді:
қазақ халқының қоғамдағы және адамзаттық өркениеттегі орны мен рөлін айқындау
бір ел - бір тағдыр дегенді жастардың санасында қалыптастыру;
Мәңгілік Ел идеясының негізгі ұғым-түсініктерінің (этнос, ұлт, діл, ұлттық діл, ұлттық идея, ұлттық тәрбие, ұлттық сана-сезім, этникалық сана, ұлттық мәдениет, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті, салауатты өмір салты, зияткерлік әлеует, бәсекеге қабілеттілік және т.б.) мәнін түсіндіру;
I.Мәңгілік Ел ұлттық идеясы мәселесіне орай
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ (17 қаңтар, 2014 ж.), Нұрлы жол - болашаққа жол (11 қараша, 2014 ж.) атты Жолдауларындағы Мәңгілік Ел ұлттық идеясын қалыптастыру туралы ой отандық саясаткерлер, философтар, тарихшылар ортасында кеңінен қолдау тапты.
Қазақ халқының мыңжылдық тарихи тәжірибесінен, тәуелсіздік
жылдарындағы Қазақстан жолынан туындаған Мәңгілік Ел ұлттық идеясы жария етілді,-делінеді Қазақстан халқы Ассамблеясының ел азаматтарына Үндеуінде. Ортақ мақсатымыз - Мәңгілік Елді нығайту, Отанымыздың - Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту! Ортақ мүддеміз - біздің баршамызға ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеуші елде өмір сүруге деген құштарлығымыз! Ортақ болашағымыз - Мәңгілік Елдің - біздің ортақ үйіміздің - Қазақстан Республикасының гүлденуі.
Мәңгілік Ел - Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған қуатты жұмылдырушы бастама.
Қазақстан Халқы Ассамблеясы атап өткендей:
1) Қазақстан халқы алдында тұрған стратегиялық міндеттердің орындалуы Қазақстанда жасақталған бірегей модель - қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік моделі негізінде ғана жүзеге асуы мүмкін;
2) тұрақты түрде өркендеуші Қазақстанды құру, қасиетті жерімізде берекелі қоғам құру сынды озық міндеттерді орындау үшін ұйымдасып, бірігу қажет (Астана, 17 қаңтар, 2014 ж.).
Қазақстан Президентінің Мәңгілік ел ұлттық идеясын қалыптастыру туралы айтылған ойы отандық саясаткерлер, философтар, тарихшылар пікірлерінде кең көрініс тапты.
Осылайша, саясаттанушы Құбаш Сағидоллаұлының пікірінше, Мәңгілік ел идеясы қай заманда да даңқты тарихы бар ұлы көшпенділер империясын әлемдік өркениетпен байланыстырған көпір болып келді. Ол Ұлы Жібек жолында, ізгілік, кеңпейілділік пен мейірбандық, береке-бірлік сынды жалпыадамдық қасиеттерге ие көшпенді өркениеттің даму жолында жүзеге асты.
Бүгінгі жаһандану дәуірінде, ... Мәңгілік ел идеясы біздің көне түркілік дүниетанымымызды - болмысымызды, көшпенділер өркениетінің негіздерін заманға лайық қайта жаңғыртудың, еліміздің алдыңғы қатарлы қуатты мемлекет ретінде өркендеуінің кепілі болып табылады. Тәуелсіздіктің келуімен еліміз тарихи тұрғыда осы идеяны жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болды.
Бұл татулық көршілестікке, бейбітшілікке ұмтылған мемлекет ретінде әлем қауымдастығына танымал Тәуелсіз Қазақстанның әзірге ешкім бағаламаған және игерілмеген аса зор әлеуетке ие екендігін білдіреді. Ал бұл Мәңгілік ел идеясы-біздің ұлттық кодымыздың кілті,- деген ойды білдіреді.
Мәңгілік Ел ұлттық идеясы қазақ елінің жарқын болашағын білдіре отырып, Қазақстанның дамыған елдермен қатарласуына мүмкіндік беретіндігін білдіруде. Бұл - ұлттық бірлік пен бейбітшілік, экономиканың нығаюы, халықты әлеуметтік қорғау, ұлттық қауіпсіздік, мәдениеттің, тілдің дамуы негізге алынатын Қазақстан жолының жаңа кезеңі. Ел дамуының бүгінгі жағдайында Мәңгілік Ел ұлттық идеясы - болашаққа сенімді қадам. Ол барша қазақстандықтардың ынта-жігерін қоғам алдында тұрған маңызды міндеттерді шешуге жұмылдыруы тиіс.
Мәңгілік Ел идеясы Қазақстанды ел ретінде ғана емес, біртұтас ұлт ретінде танытады. Біз экономикалық тұрғыда ғана емес, рухани да дамуымыз керек. Қазақстан өзінің көпұлттығына қарамастан, біртұтас, ортақ идеяны дүниеге әкелді. Бұл - біздің өмір бойы аңсаған, іздеген арманымыз. Мәңгілік Ел - Қазақстанның қазіргі даму жағдайындағы мемлекеттік идеологиясының түпкі мәні, - деп жазады саясат ғылымдарының докторы, профессор Г.Сұлтанбаева .
Мәңгілік Ел идеясы мәңгілік халық, мәңгілік мемлекет ретінде халқымыздың көп ғасырлық арман-мұратына, ел дамуының нақты нәтижелеріне негізделген.
Мәңгілік Елдің жұмылдырушы күш-қуаты келесілерге негізделген:
1) өз барабарлығын, өз тамыр-тегін, өз ұлттық рухы мен өзіндік бірегей даму жолын сақтауға;
2) әлем қауымдастығындағы өз рөлін айқындауға;
3) тарихи-мәдени құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үшін сақтауға мүдделілікке;
4) маңызды міндеттерді барынша ауқымды түрде шешуге ұмтылысқа.
Оның басымдықтары - дәстүрлі құндылықтарды қолдау; ұлттық барабарлықты анықтайтын адамгершілік бағдарларды қалыптастыру және дамыту, қоғамның зияткерлік әлеуетін күшейту. Негізгі өлшемдер - гуманизм мен әділеттілік, әлеуметтік-адамгершілік прогресс (Ж.Ж.Молдабеков).
Президент Қазақстанның Мәңгілік ел ретіндегі болашағы туралы сөз қоз- ғағанда, ол ұлттың тарихи санасына қатысты мәселелерді күн тәртібіндегі бірінші мәселе ретінде қарастырады. Әлеуметтік-мәдени категория ретінде сипатталатын тарихи жады мейлінше терең болған сайын, сондай-ақ тарихи сана неғұрлымтереңнен тамыр тартқан сайын, адам және тұтас қоғам соғұрлым рухани байи түседі.
Бүгінгі күнді түсініп, келешекті болжау үшін өткенді білу қажет. Адам алдыңғы буынның жинақтаған әлеуметтік-мәдени тәжірибесіне терең бойлағанда, оның өмірлік және азаматтық ұстанымдары айқындала түседі.
Жаһандану үстіндегі әлемдегі қатаң бәсекеге қабілеттілік жағдайында Қазақстанның Мәңгілік елді қалыптастыруға ұмтылысы саяси, әлеуметтік-эко- номикалық егемендікпен қоса, рухани тәуелсіздікке де қол жеткізуді қажетсінеді. Осыған орай ұлт сынды күрделі жүйенің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін осы қоғамға тән тарихи сананы қалыптастыру керек (төл тарих пен мәдениеттің өзіндік болмысын сипаттайтын ұлттық дүниетанымды, рухани қайнар көздерді, жаңғырту арқылы).
Тарих өткенмен, адам жадысымен және әлеуметтік санамен сабақтас. Тарихи сананы төл тарихты зерттеп-зерделеу, ұлттық мәдениеттің негізін құрайтын іргелі құндылықтарды игеру арқылы ғана қайта жаңғыртуға болады. Адамдарды рухани оятатын ана тілімен қоса, дәстүрді де жаңғырта отырып, халықтың өткен тарихын толығымен қалпына келтіру қажет. Тәуелсіздіктің рухани тұғырнамасын түзетін тарихи сана-сезімнің қалыптасуы деген - осы, - дейді философия ғылымдарының докторы, профессор Б.Сатершинов.
Мәңгілік Ел ұлттық идеясының мәнін жоғарыда айтылған қағидалар ая- сында зерделеу нәтижесінде келесі ой қорытылады: Мәңгілік Ел - Қазақстан Республикасының мемлекет құрушы ұлты болып табылатын қазақ халқының - Қазақ елінің тарихы. Сонымен қоса бұл - әлемді мойындатуға және дүниежүзілік қауымдастықта өзіне лайық орнын алуға ұмтылған көпұлтты мемлекет ретіндегі Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихы бола тұра, тағы да Қазақ елінің тарихы.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мынадай ой тұжырымдалады: Қазақстанда қалыптасқан Мәңгілік Ел ұлттық идеясы оның халқын діттеген нысанаға мақсатты түрде жетелейтін аса қуатты импульс болып табылады. Осы ретте нақты айқындалған міндеттерді шешу үшін баршаның және әрқайсының күш-жігері қажет.
II.Ұлттық идея, ұлттық мұрат, ұлттық көшбасшы, ұлттық рух ұғымдарының мәні
Қалыптасқан Мәңгілік Ел ұлт- тық идеясының барша Қазақстан халқы үшін маңыздылығы келесі ғылыми- әдіснамалық қағидалар арқылы айқындалады. Ұлттық идея ұғымының мәні мәселелері бойынша көптеген зерттеулерде төмендегі жайттар атап өтіледі:
ұлттық идея қандай да бір халықтың, этностың немесе ұлттың өмір сүру мәнін айқындайды. Өз болашағын құрайтын кез - келген мемлекет немесе қоғам осы жағынан өз ұлттық идеясына сүйенуі қажет. Өз ұлттық идеясын мансұқ еткен қоғам құриды, міндетті түрде өз жолынан таяды. Сол себепті ол дұрыс бағыт алса, онда ұлт үшін шешуші, тарихи және жасампаз фактор болады;
нағыз ұлттық идея - бұл жетілу, әсіресе халықтың бүкіл рухани жетілу идеясы. Бұл идея - ерекше әмбебап идея. Осы тұрғыда ұлттық идея ұғымын халық өмірін орнықтыру қағидасы ретінде қарастыруға болады. Бұл халық ақылына, парасаты жанына сәйкес келетін өмірді орнықтыру қағидасы. Бұл қазіргі күні жеткіліксіз өнімді іске асып жатқан өмірді орнықтыру қағидасы. Бұл қазіргі буынның болашақ туралы сындарлы да айқын арманы және бұл ой-арман алдыңғы ұрпақ өкілдерінің болашақ туралы армандарымен астасып жатыр. Бұл халықтың өмір сүруін қамтамасыз ету принципі ретінде туған Жер, байлығын ұқыпты пай- даланумен байланысты;
ұлттық идея халықты ұйыстыруға бағытталған дүниетанымдық сипаттағы бағыттардың, құндылықтар мен мұраттардың кешені, қоғамның тұрақты әлеуметтік - экономикалық дамуы, мемлекеттің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін нығайту болып табылады. Ұлттық идеяны жай ғана ойдан жасауға болмайды. Оның бөліктері ұлттың болмыс келбетін білдіретін ұлттық сана-сезімнің терең қатпарында жатыр, оның мағынасы философияда, тарихта, ғылымда, поэзияда, әдебиетте, музыкада, бейнелеу өнерінде, биде, халық тілінде;
тарих ұлттық идеясы мен идеологиясы бар мемлекеттің идеологияландырылмаған мемлекеттен анағұрлым күшті екендігін растайды. Идея жетістік стратегиясы ретінде әсер етеді. Шығыс даналығы айтқандай: егер қайда жүзеріңді білмесең, онда саған ешқандай ілеспе жел көмектесе алмайды.
Осының бәрі айқын көрсеткендей, ұлттық идея ұлттық сана-сезімнің ерекше түрі бола отырып, қоғамның рухани өмірінің бөлігі ретінде мағына құрушы, этносқалыптастырушы, құнды бағыт беруші және қоғамдық ұйыстырушы қызметтерін атқарады. Оның негізінде ұлттың руханилығы, өз халқының тари- хи келбеті мен шығармашылық актісіне сүйіспеншілік, оның рухани қуатына сенім, оның рухани қабілеттілігі, халықтың өзіндік ерекше мәдениеті мен руха- ни міндетін, қоғамдық даму тереңдігі мен болашағын ұғынуы, тарихи жады мен болашақ бейнесінің бірлігі жатыр.
Осыған байланысты отандық ғалымдардың ұлттық идеологиялар ұзақ өмір сүріп, ұлттар осы мұраттар үшін өз мені үшін күресетіндігі, мұңсыз ұлт пен оның тарихи өмірдегі болашағы туралы сөз қозғаудың мүмкін еместігі жөніндегі көзқарастары әбден орынды.
Ұлттық мұрат. Ұлттық идея ұғымымен ұлттық мұрат ұғымы тығыз байланысты. Жоғары үлгі ретіндегі, адамның өзінің өмірлік стратегиясын құруындағы негізі ретіндегі ұлттық мұрат ұғымын И.Кант ойластырған болатын. Ол идея ережелерді береді де, мұрат оған жаппай еліктеулердің бастапқы бейнесі ретінде қызмет етеді,- деп нақтылаған еді. И.Кант мақсат-мұраттардың шын мәніндегі күш-қуатын: біз өзімізді мұратпен салыстырамыз, бағалаймыз да жақсарамыз, алайда ешқашан да онымен бір деңгейде бола алмайтын жағдайдамыз,- деп атап өтеді (сонда).
Адамзат өмірінде терең күйзелістер, ғажап төңкеріс қоғамды оның ең терең негіздеріне дейінгі жағдайға қозғалта алатын кездер болады. Тарихтың осындай сәтінде адам одан әрі сол өмірді жылжыту мүмкін еместігін сезіне бастайды. Осындайда қандай да бір ұлы оқиғалар тарих жібін кенеттен үзіп, адамзатты батып қалған қалпынан шығаруы тиіс те, жаңа жолға - белгісіз салаға жаңа мұраттар іздеуге итермелеуі қажет. Осыған байланысты мына жайтты атап өту керек: адам табиғаты қажетті түрде мифтік шығармашылықта, фольклорда, халық мәдениетінде, философиялық және саяси ойда және ең соңында идеологияда қамтылған мұратқа ұмтылысты білдіреді.
Қазіргі дәуірде ұлттық мұрат бірінші кезектегі маңызды категория болып табылады, себебі ол озық ойлы қоғамдық жаңалықтар мен өзгерістердің негізгі құрамдарына айналады. Ұлттық мұрат ұлттық сана-сезімнің дамуын қамтамасыз етуге қызмет етеді. Ұлттық мұрат мемлекеттіліктің жан-жақты нығайып, ұлттың сәтті дамуына ықпал етеді және ол мемлекеттік жүйенің үдемелілік өлшемімен, қазіргі заман дамуының шын мәніндегі негізгі тенденцияларын не құрайтындығын ұғынуымен тығыз байланысты. Жалпы танылған ұлттық мұрат негізінде қоғамды ұйыстырып, әлеуметтік бірлікті нығайту кез келген көп ұлтты мемлекеттің қоғамдық өмірінің ең күрделі жақтарының бірі болып табылатын ұлтаралық және этносаралық қатынастарға оң ықпал етеді.
Мұның өзі ұлттық идеяны таратушы, оның шын мәнінде іске асуының белсенді субъектісі адам, ұлт, қоғам болып табылатындығын айқын білдіреді.
Ұлттық көшбасшы және ұлттық элита. Сонымен бірге ғылыми-философиялық еңбектерде ұлттық идеяны ұлттық ақиқат пен тарихи тағдырға айналдыратын негізгі күш ретінде ұлттық көшбасшы факторы қарастырылады. Ұлттың шешуші құндылықтарының нақты жиынтығының бейнесі ретінде, сондай-ақ, ерекше саяси шешімдердің күшті де қуатты қайнар көзінің рөлі ретінде іс-әрекет етуге қабілетті шын мәніндегі тарихи ауқымдағы тұлға ғана мемлекетті толық құлдыраудан немесе бөлшектенуден сақтай алады. Ірі мемлекет қайраткері ғана ұлтты сақтай алуға, оның идеясын іс жүзіне асыруға күш-жігері бар.
Ұлттық көшбасшы іс-әрекеттің айқындаушы жағы ретіндегі алға қойған нақты мақсаттар көмегімен ұлттық идеяны іске асыруда таптырмайтын рөл атқарады.
Халық қолдайтын және саяси көшбасшы айқын сезінетін іргелі құндылықтар мәселесіндегі бірлік мемлекет тұрақтылығы мен дамуының өзгермес шарты болып табылады.
Қазіргі әлемдегі даму мен басқару мәселелері көбінесе таңдамалылық қағи- далары негізінде жүзеге асатындығын атап өткен жөн. Жоғары мәртебе мен қабілеттері бар таңдаулы топтың, яғни элитаның шешуші рөлі ғылыми тұжырым болып табылады. Элита - бұл ой өресі биік, саяси, мәдени, экономикалық, психологиялық, адамгершілік, ұйымдастырушылық қабілеттерімен (өз мемлекетінің рухани және саяси дамуын жеке жауапкершілігіне алатын жазушылар, ғалымдар, философтар, гуманитарлық сала суреткерлері) ерекшеленетін, басқа топтармен салыстырғанда көбінесе мемлекеттілік мақсаттарына қызмет ететін адамдар қауымдастығы.
Тәуелсіз мемлекеттің ұлттық элитасы ұлттық көшбасшы төңірегіне біріге алады, халықтың әлеуетті күш-қуатын ұйыстырып, оны жасампаз жұмыстарға бағыттай алады. Қоғамда элита шартты түрде саяси, әскери, экономикалық, мәдени, технократтық және басқа элитаға бөлінеді. Алайда олардың барлығының ұлттық мемлекеттілікке қызмет етуге бірігуі тиіс екендігін дәлелдеудің қажеті жоқ.
Қазір дамыған елдерде біртұтас майданға біріккен интеллект пен саясат мемлекеттілік мүдделеріне қызмет етеді. Элитаның мемлекеттілік дамуын бәрінен жоғары қоятындығы бұл елдер жетістігінің кепілі болып табылады. Бұған ұлттық идеяның қалыптасуы, оны жүзеге асуға қызмет ету, жаңа жағдайлардағы қоғам дамуының жаңа идеялары мен тұжырымдамаларын алға шығару, бүкіл жеке тұлға мұраттары мен құндылықтары біріктірілген бейнені көрсету айқындалады.
Саяси көшбасшы мен элита ұлттық идеяның барлық үш өлшемінде тікелей қатысады:
1) ұлттық идеяны ұғыну;
2) оның ғылыми-теориялық түсінігі;
3) халықтың өткенін, бүгінін және болашағын байланыстыратын ұлттық мұратты анықтау.
III.Қазақстанның ұлттық идеясы: этникалық бірегейліктен бірлік пен келісімге
Кеңес Одағының құлауы және кеңестік өткен кезеңнің келмеске кетуі тұтастай алғанда жеке деңгейде де, қоғам деңгейінде де жаппай бағытсыздану, сәйкестікті жоғалту арқылы жүрді. Бір жағынан, өз өмір сүруін тоқтатқан КСРО азаматтары ретіндегі жеке тұлғалардың сәйкестігінің дағдарысы байқалды. Басқа жағынан қарағанда Қазақстанның Тәуелсіздік алуымен, нарықтық экономикаға көшудің басталуымен байланысты жаңа сәйкестік бағдарлары пайда болды. Сондықтан тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде Қазақстан басшылығы рухани дағдарыстың алдын алуға тиіс, қоғамды ұйыстырудың маңызды бөлігі болуға тиіс жаңа жалпымемлекеттік идеяның негізгі қағидаларын қалыптастыруға әрекеттер жасады.
Негізгі құжаттармен жан-жақты танысу барысында тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстандағы жаңа мемлекеттілікті құрудың басты құралы ретінде этникалық сәйкестік деңгейінде қазақ халқының өзін-өзі билеу идеясы ғана емес, билікті ұйыстыру мен тұтастай алғанда қоғамды ұйыстыру идеясы болғандығы айқын байқалады. Шын мәнінде, 90-шы жылдар басында Қазақстан коммунистік кезеңнен кейінгі көптеген республикалар сияқты жаңа мемлекеттік идеологияны анықтау проблемаларына тап болды. Идеялық ұйығу саяси жүйе ұйығуының маңызды аспектісі болып табылып, ұлттық идеяны жасау арқылы іске асты.
1993 жылы осы мақсатта Идеялық ұйығу - Қазақстанның алға жылжуының шарты тұжырымдамасы дайындалып жарияланды. Бұл құжатта төмендегі мақсаттар мен бағыттар болып көрсетілді:
тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді реформалауды сәтті іске асырудың міндетті саяси шарты ретінде қамтамасыз ету;
барлық азаматтардың жақсы тұрмысының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ететін қоғамды дамыту;
Қазақстанның этникалық өзгешелігін дамытып, ұлттық-мәдени алуан түрлі- лікті сақтау;
демократиялық өзгерістерді тереңдету, саясаттағы плюрализмді қамтамасыз ету.
1996 жылы 23 мамырда Президент өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік сәйкестігін қалыптастыру тұжырымдамасы құпталды. Тұжырымдамада: Мемлекеттің негізгі идеялары халық бірлігі, азаматтық бірлік, әлеуметтік тұрақтылық, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, мәміле және төзімділік болуы тиіс. Қоғамда жалпыадамзаттық имандылық қалыптарына, ұлттық дәстүрлерге негізделген, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмге тәрбиелейтін рухани құндылықтар бекуі тиіс,-деп атап көрсетілген. Осыған қоса мемлекеттік сәйкестікті дамытудағы стратегиялық тенденция болашақта ұлт - мемлекетке айналу болып табылады,-деген тұжырым осы тұжырымдаманың маңызды бөлігі болып табылды. Қоғамда Қазақстан - бұл біздің ортақ Отаны- мыз деген идея түпкілікті орнығуы тиіс.
1997 жылдың 10 қазанында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атақты да маңызды Қазақстан-2030 Стратегиясы атты халыққа Жолдауы жария етілді. Бұл құжатта негізгі идеялар ретінде барлық қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі және тұрмысын жақсарту белгіленді. Қазақстан-2030 Стратегиясы 1990 ж. әлеуметтік-экономикалық және рухани жағдайына сәйкес келді де, қоғамдыдағдарыстыжеңіп, болашақ жетістіктер жолында бірігуге, ұлттықбірлігін, әлеуметтік әділеттілігі мен бүкіл халықтың экономикалық жай-күйін жақсартуды құруға жетелеуі тиіс болатын. Бұл Стратегия жаңа біртұтас азаматтылық пен қазақстандықтардың өзін-өзі сәйкестендіруінің жаңа түрін қалыптастыруды ойластырды.
Шын мәнінде Қазақстан-2030 стратегиясы мемлекеттің тұжырымдамалық, стратегиялық және бағдарламалық құжаты болып, Қазақстанның мемлекеттік идеологиясын қалыптастыруға күшті қозғау салды, белгілі бір деңгейде қазақстандық қоғамның жұмыла бірігіп ұйысуына ықпал етті. Қазақстан - біздің ортақ үйіміз, Біздің ұлы тарихи өткен жолымыз атты көңіл-күй сезімдеріне құрылып жария етілген жалпы ұлттық идеялар:
а) мүмкін болған әлеуметтік, этникалық, конфессиялық қақтығыстардың алдын алуға;
ә) көптеген этностардың бейбіт өмір сүруінің тамаша тәжірибесі ретіндегі Қазақстандағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қалыптастыруға ықпал етті.
Бұл кезеңде отандық қоғамтанушылар айтқан мына тұжырым маңызды болды: түрлі ұлттар азаматтарының бірігуі олардың этникалық ерекшеліктерін, тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрлерін сақтауға негізделуі тиіс. Көп ұлттық әлеуметтік ортадағы рухани келісімге жол әр жеке тұлғаның әлеуметтік қатынастар жүйесінің және қоғамның тарихи дамуының субъектісі ретіндегі ұлттық қадір-қасиетін тәрбиелеу арқылы жүреді. Өзін-өзі құрметтеу - басқа ұлттар өкілдеріне құрметпен қарауды білдіретін жалпыадамзаттық құндылықтарды ұғынып түсінудің қайнар көзі.
Мұндай біріктіретін және біріккен идеология бөліктерін жасау патриотизм басымдығына, атап айтқанда, жалпыадамзаттық құндылықтар ретіндегі қоғамдық келісім, интернационализм мен гуманизм негізі болған қазақстандық патриотизмге сүйеніп жүргізіледі (Меңлібаев К.Н., Ахметова Л.С., Бектұров А., Бижанов А., Қасенов У., Жүсіпов С., Дьяченко С., Әдіғалиев Б., Ешанов Д., Муалы О., Қарымсақов Е.).
Отандық қоғамтанушылар қазақстандық патриотизмді ұйыстырушы рухани- саяси фактор ретінде, мемлекеттік саясат пен идеологияның жаңа парадигмасы ретінде қарастырады. Оның пайда болып бекуі Қазақстан тәуелсіздігінің бекіп нығаюымен байланысты. Өйткені өз азаматтарының патриотизміне қажет емес мемлекет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz