Өздік жұмыстардың әдістері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

I. Кіріспе . . . 2

II. Негізгі бөлім . . . 3

2. 1 Педагогика ғылымында оқушылардың өзіндік жұмысының қалыптасуы, даму тарихы мен бүгінгі жағдайы . . . 3

2. 2 Оқушылардың өзіндік танымдық белсенділіктерін арттыру әдістері. . . . 6

2. 3 Өзіндік жұмыстың түрлері мен типтері . . . 9

2. 4 Өздік жұмыстардың әдістері . . . 13

2. 5 Оқытудың белсенді әдістері мен жоғары оқу орындарында

қолдану ерекшеліктері . . . 20

III. Қорытынды . . . 23

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 24


Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: курстық жұмыста оқушылардың өзіндік танымдық белсенділіктерін арттыру әдістері, өздік жұмыстардың жіктелуі мен ерекшкліктері жан-жақты қарастырылып, баяндалған.

Жұмыстың өзектілігі : Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігін терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді. Бұл мақсаттың шешімін табуда оқушылардың оқу іс-әрекетінің негізгі түрі - өзіндік жұмыстардың алатын орны ерекше. Сондықтан олардың мазмұнын, формаларын жетілдіру өзекті мәселелер қатарынан орын алады. Оқушылардың өзіндік жұмысы- мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысыныз жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әртүрлі танымдық есептерді шешу талап етіледі. Осының нәтежиесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. Әрбір оқыту әдісі оқушылардың өзіндік жұмысын қамтиды. Оқыту әдісінің міндеті-кіші мектеп жасындағы оқушылардың дербестігін арттыру, өздігінен жұмыс істеуге баулу. Білім алуда оқушылардың белсенділігі мен саналылығын, білім алу дағдысын қалыптастыруды талап етеді. Адамның қандай да болмасын әрекеті белгілі қасиеттерден туады. Осы қасиеттерді өтеу немесе қанағаттандыру үшін ғана адам белсенді әрекет жасайды. Оқушылардың таным әрекеті білім алу қасиетімен ұштасып жатады. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті оның белсенділігін арттырады.

Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз-оқуға қажетті білім мен дағдыну меңгеру ғана емес, оларды өмірде, практикада пайдалана білуге, үйренуге, істейтін саналы әрекет. Мысалы, мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының зейін қойып таңдауы, ал оған білімін кенейтіп, толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылауы, тәжірибе жасауы, жазып, сызуы сияқты жұмыстар орындау қажет. Өйткені, өткен материалды саналы қайталау, білім алу, дағдыларын үйрену, белсенділікті қажет етеді. Яғни, оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау жүргізу барысында қалыптасады.

Жұмыстың әдіснамалық негізі: курстық жұмысты орындау барысында зерттеуші тарапынан латын әліпбиін толыққанды және объективті түрде зерттеу үшін жалпы әдіснамалық принциптер қолданылады. Нақты айтқанда, бақылау, анология, тәжірбие жасау, синтездеу, классификациялау әдістері пайдаланылды.

Жұмыстың мақсаты : Педагогика ғылымында оқушылардың өзіндік жұмысының қалыптасуы, даму тарихна тоқтала отырып; оқушылардың өзіндік танымдық белсенділіктерін арттыру әдістері , өзіндік жұмыстың түрлері мен типтері, оқытудың белсенді әдістері мен жоғары оқу орындарында

қолдану ерекшеліктерін айқындау.

Курстық жұмыстың құрылымы : курстық жұмыс кіріспеден, бес тарудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

2. 1 Педагогика ғылымында оқушылардың өзіндік жұмысының қалыптасуы, даму тарихы мен бүгінгі жағдайы

Бастауыш сыныптарды оқытудың маңызды мақсаттарының бірі- оқушыларда өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Білімнің негізі бастауыш сыныптарда қаланатыны белгілі. Ендеше осы бастауыш сыныптардан бастап, оқушылардыѕ өз бетінше жұмыс істей білу іскерлігін де қалыптасуы тиіс. Атап айтсақ: жаѕа ұғымды, заңдылықты, ережені түсініп, тұжырымдау, есепті талдап, шығара білу, жаңадан өтілген ұғым бойынша өздігінен ой қорыта білу, өзінің оқу іс -әрекетін бақылау жасай білу т. б. Осындай іскерліктерді қалыптастыру - оқу барысында мақсатты түрде ұйымдастырылған жұмыстар және жаттығулар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл мәселенің зерттелу тарихы көне замандардан бастау алады. Көне грек оқымыстылары Архимед, Аристоник, Платон, Аристотель баланың білімді өз еркімен, белсенді және ізденімпаздықпен меңгеруінің мәнін терең, әрі жан-жақты тұжырымдап берді. ұлы ғұламалар өз ой-пікірлерінде адамның ойлауы өз бетімен жұмыс істеу әрекетінде ғана дұрыс дамитынын, ал жеке тұлғаны жетілдіру және оның қабілеттерін дамыту өздігінен танып-білудің нәтижесінде ғана мүмкін болатынын (Сократ), мұндай іс-әрекет балаға қуаныш пен ләззат сыйлап, оның жаңа білімді алуға немқұрайлы қарауын шектейтінін дәлелдеді. Бұл қағидалар мектеп пен педагогикалық ой-пікірлер дамуының барлық келесі кезеңдерінде көптеген педагог-ғалымдар зерттеулерінің пәні болып табылды. Өздігінен жұмыс іс-әрекеті проблемасы әрі қарай Франсуа Рабе, Мишель Монтен, Томас Морр, Томаза Компонелла еңбектерінде қарастырылады. Бұл ойлар орта ғасырдағы мектептерде схоластика, догматизм, жаттандылықтан арылу үшін баланың ізденімпаздығын қалыптастыру талабынан туындаған еді. Ол үшін балаға өздігінен жаңа білім алып, заттың дәмін өз бетімен татып көру керек (Монтен), яғни танымның жолын өзі тадағаны жөн. Өскелең ұрпақтың өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру мәселесі шетел және отандық педагогиканың көрнекті цикілдері мұраларында басты орын алды. Чехтың ұлы педагогы Я. А. Коменскийдің еңбектерінде оқушыларды өзіндік іс-әрекетке тартудың ұйымдастырушылық-практикалық мәселелері терең қарастырылды. Мұнда проблеманың негізгі қағидаларының теориялық тұжырымдамасының пәні - оқыту, оқушының іс-әрекетінің табиғатын терең зерттемей және талдамай мұғалімнің әрекет етуі болады, ол бірнеше жылдар бойы жемісті дамытылды және қазіргі дидактикада да белгілі орын алады. Я. А. Коменский «Выход из школьных лабиринтов» атты ењбегінде оқушылардың дербестігі табиғи нышанында дейді. Ол оқушылардың білім дербестілігі мен өзіндік әрекеттілігінің әрбір кезеңдерін грек терминдерімен белгілейді, атап айтқанда:

1. Автопсия (өзіндік бақылау) ;

2. Автопрасия (практикалық жүзеге асыру) ;

3. Автохресия (алған білім, біліктілік және дағдыларын жаңа жағдайларда қолдану) ;

4. Автолексия (өз іс-әрекеті нәтижелерін өз бетімен баяндай білу іскерлігі) .

Бірақ Я. А. Коменский балалардың табиғи нышандарын оқыту әдістерімен байланыстыра алмады. Оқыту барысында оқушылардың өзіндік іс-әрекеттерінің жекеленген аспектілерін ашып көрсетуге, оқытудың тәсілдерін бірізділікпен сипаттауға, оны оқушылардың өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру мақсатында пайдалануға және оған философиялық-психологиялық, физиологиялық және дидактикалық тұжырымдама беруге талпыныстар мен ұмтылыстарды ең алғаш рет К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой және ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдыњ басындағы озық ойлы педагогтар жасады. К. Д. Ушинский “Халық мектебі білімінің міндеті балалардың ақыл-ой қабілетін дамыту, айналасын қоршаған табиғат пен қоғамдық қатынастарға олардың табиғи түрде дұрыс көзқарастарын қалыптастыру, олардың өздігінше құратын өмір мен әрекетке қабілетін дұрыс жетілдіру”, - дейді. Ол мектеп білімі арқылы баланың ақыл-ой қабілетін, ойлауын, сөзін т. б. қаншалықты дамыту (формальдық білім теориясы) қажет болса, оны заманының жүйеге түскен білімдерімен қаруландыру (материалдық білім беру) да соншалықты қажет екендігін айтты. Білім берудегі бұл екі міндет бір-бірінсіз болуы мүмкін емес, сол сияқты оларды бір-біріне қарсы қою да теріс. Сондықтан білімнің осы екі бағыты бірігуі тиіс, яғни оқу баланы ақыл-ой және адамгершілік жақтарынан дамытатын тұтас процесс болғандықтан, оқу үстінде баланың тиісті білімдерімен қоса ақылын да байыту, сол сияқты формальды әрекеттерді, дағдылары және қабілеттерін де дамыту ісі жүргізілуі тиіс деп дәлелдеді. Сөйтіп, ол дидактиканың негізгі проблемасы - формальдық және материалдық білім мәселесін дұрыс қойып, ғылыми түрде шешті. К. Д. Ушинский оқытудың догматикалық әдістері мен мектепте құрғақ жаттауды қатты сынады. Ол мұғалімнің де, оқушының да жұмысын, іс-әрекетін шығармашылық процесс деп қарастырды. Ал оның негізі - ойдың, ақылдың жұмысы. Оқу - еңбек және күрделі еңбек болуға тиіс, бірақ оқудың қызықтылығы терең ақыл-ой жұмысына байланысты болатындай толық мәндегі еңбек болатын болсын деген талап қойып, оқушылардың өзіндік іс-әрекетін тиімді ұйымдастыруға көңіл бөлді. Оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, олардың өзіндік жұмыстарды орындауын К. Д. Ушинский «қандай да болмасын жемісті оқудың бір ғана берік негізі» - деп есептеді. Бұл жерде оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу қажеттігін атап көрсетеді: «үнемі балаға өзінің әлі жететіндей жұмыс беру керек және оған тек күші жетпей жатқанда ғана көмектесу қажет, бұл көмек баланың жасы өскен сайын әлсірей түсуі тиіс». Мұның барлығы К. Д. Ушинскийдің педагогикалық теориясында өзінен бұрын өмір сүрген және сол кезеңдегі әріптестеріне қарағанда оқушылардың өзіндік жұмысы ілімінің дамуында маңызды қадам жасалғанын дәлелдейді. Оқушылардың өзіндік жұмыс идеясы біршама басқаша аспектіде Л. Н. Толстойдың мектептегі тәжірибесінде дамытылды. Немістің теориялық оқытуында етек алып, Батыс - Европа мен орыс мектептерінің іс-тәжірибесінде таратылған оқыту теориясы мен практикасындағы интеллектуализмді сынай отырып, Л. Н. Толстой балаларды оқытудың құнды тұжырымдамасын жасайды. Бұл тұжырымдаманың негізгі қағидасы - баланың өмірлік тәжірибесін есепке алу, оқыту процесіндегі өзіндік жұмыс арқылы оның әрекетіне ерік беру. Өзіндік іс - әрекет теориясын педагогика, физиология және психология ғылымдарының тығыз байланысы негізінде жасаған К. Д. Ушинскийден айырмашылығы Л. Н. Толстой бұл мәселеде өз тәжірибесіне сүйенді. Дербестікті дамытудың негізгі факторлары ретінде Л. Н. Толстой оқушының жеке тәжірибесі мен оның қоршаған ортасын ерекше атап өтті. Н. К. Крупская, А. И. Луначарский, П. П. Блонский, С. Т. Шацкий, А. П. Пинкевич, М. С. Пистрак және т. б. еңбектерінде өзіндік жұмыс проблемасы білімдік, дидактикалық және жалпылама тұрғыдан терең қарастырылады. Н. К. Крупская бұл теорияны оқушылардық дербестігін қалыптастыру проблемасын табысты шешу оқытуды өмірмен тығыз байланыстыру арқылы ғана жүзеге асырылады деп тұжырымдады. Бұл қағида А. В. Луначарскийдің, П. П. Блонскийдің және т. б. еңбектерінде жан-жақты нақтыланып, сапалы түрде айқындалды. 20-30 жылдары педагогика ғылымында өзіндік жұмыстың мәнін айқындауға, өзіндік жұмыстарды пайдаланудағы мектеп тәжірибесін сипаттауға көңіл бөліне бастады. Бұл кезең өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемелік аспектісін жасау, әсіресе оқулықпен және кітаппен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне бай болды. Дәл осы кезеңде Н. К. Крупскаяның “Кітаппен қалайша өздігінен жұмыс істеу керек” мақаласы жарық көрді, ол педагогикалық ортаға жақсы танымал болды. Бұл мақалада кітаппен жұмыс істеудің әдістемесі жан-жақты беріледі. Педагог-теоретиктер мен мұѓалім- практиктердің күш салуының арқасында бұл кезеңде кітаппен жұмыс істеудің белгілі бір жүйесі қалыптасып, оның нақты түрлері бөліп көрсетілді: сыныпта оқылған параграфты әңгімелеп беру, оқылған материал бойынша жоспар құру, оқулықтағы суреттер бойынша жұмыс, оқулықтың материалы негізінде схемалар, кестелер, диаграммалар құру және т. б. 30-шы жылдардың аяғы мен 40-шы жылдардың басында алдыңғы қатарлы педагогтар Р. М. Микельсон, Е. Я. Голант, П. Н. Груздев, кейіннен 50-ші жылдардың ортасы мен 60-шы жылдардың басында И. Т. Огородников, М. Н. Скаткин және т. б. сабақта оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын кеңінен қолдануға жүйелі түрде кірісіп, өзіндік жұмыстың дидактикалық-әдістемелік аспектілерін ашып көрсетуге көп көңіл бөлді. Осы кезеңде өзіндік іс-әрекет процесі мен құрылымының мәнін зерттеу не жаңа материалды меңгеру барысында оқушылардың психикалық процестерін, не өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдерін қарастыруды көздеді, әсіресе соңғы проблемаға көптеген теориялық және эксперименттік зерттеулер арналды. Мұндай зерттеулердің тақырыптары сан алуан бола отырып, орта мектептегі барлық сыныптарда оқу процесінің бөлімдерін қамтыды. Мұнда сабақ жүйесіндегі өзіндік жұмыстардың ролін түсіндіруге, жаңа материалды мұғалімнің түсіндіру барысында оқушыныњ өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі мен олардың мазмұнын анықтауға, жаңа материалды өздігінен оқып-үйрену, білім, білік, дағдыны бекіту, қайталау, білім, білік, дағдыны кезектегі тексеру, оқулықпен және қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу және т. с. с. кезеңдерінде өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға көп көңіл бөлінді.

2. 2 Оқушылардың өзіндік танымдық белсенділіктерін арттыру әдістері.

Оқушылардың өздік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді. Теориялық білімнің терең бекіп, жүйелі қалыптасуына өздік жұмысқа берілетін есептер мен жаттығулардың дұрыс таңдап алынып, құрастырылуына байланысты болады. Өздік жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, түрлі анықтамалық кітаптармен, газет-журналдармен жұмыс істеуге үйрене бастайды. Өздігінен білім алуға талпынады. Жұмысы нәтижелі болса, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.

Оқушылардың өзіндік жұмыс істеуге қабілеттерін қалыптастыру міндетін орындауда бүкіл педагогикалық ұжым үшін проблема туындайды. Ол осы жұмыс мазмұнына оқушыларды мақсатты түрде, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларын оқытуда болып табылады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшеліктерімен олардың үй жұмыстары, сыныптық, сыныптан тыс жұмыстары, яғни, олардың барлық сабақтан тыс жұмыстарының барлық түрлері салыстырылуы мүмкін. Олардың барлығы қандайда бір континум құрайтыны айқын (қандайда бірізділік), оның полюстері бір жағынан оқушының сыныптық жұмысы, ал келесі жағынан- оқу іс-әрекетінің өзіндік ұйымдастырылу жоғарғы формасы ретінде оның өзіндік жұмысы сияқты берілуі мүмкін.

Оқушылардың оқудағы танымдық ізденімпазды мен белсенділігін қалыптастыру проблемаларын іс-жүзінде шешудің әртүрлі жолдары бар:

- танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу;

- танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру;

- іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдер енгізу;

- оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту;

Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытпай, оқытудың интенсивтендіру процесін жүзеге асыру мүмкін емес екені іс-жүзінде белгілі. Танымдық қызығушылық белгілі компоненттерді қамтитын динамикалық жүйе. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын анықтаудың негізі, мұғалімнің белсенділігі мен пәнге деген қызығушылығы және педагогика мен психологияның проблемаларына дұрыс бағдар беру болып табылады. Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекеттің формаларының бірі - өзіндік жұмыс. Қазіргі кезде негізгі талап- оқушылардың белсенді іс-әрекетін сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Оқушылардың өз бетінше іздену арқылы білімін көтеруі, біліктіліке талпынуы, ептілікке дағдылануы оқу процесінде белсенділігін арттырудың бір жолы екендігі ертеден белгілі.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  • Оқушылардың таным әрекетінің психологиясы қандай?
  • Өздік жұмыстарды орындау кезінде қандай таным әрекеттері жүзеге асады?
  • Оқушылардың өзіндік танымдық белсенділіктерін арттыру әдістерінің сипаты қандай?

Өздік жұмыс - оқу іс-әрекетінің жоғарғы формасы

1. Оқушылардың өздік жұмыстарында мұғалім-оқушы іс әрекетінің қатынасы

Оқытушының педагогикалық шеберлігінің негізгі критерийлерінің бірі -оқушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру, ал екіншісі оқушыны өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетелеу.

Өздік жұмыстарын ұйымдастыруды әр ұстаз өз қалауынша, бірі сабақтың бекіту бөлімінде қолданса, бірі оқушының қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, дамыта оқытуға бағыттайды.

Өздік жұмыс ұғымы, белсенді танымдық дағды, зертханалық жұмыс, проблемалық оқыту ұғымдарымен тығыз байланысты.

Өздігінен жұмыс істеу кезінде оқушыға мынадай талаптар қойылады:

− кез-келген әдебиетпен өздігінен жұмыс істей білу;

− өз бетінше талдау жасап қорытындылай білу;

− өз ойын толық айта білу, түсіндіре білу, басқаны үйрете білу;

− басқаны тыңдай білу, ақпаратты қабылдай білу (ақпаратты терең түсіну, сұрақ қоя білу) ;

− ұжыммен қарым-қатынас жасай білу, ұйымдастыра білу (өзін-өзі тексере, бағалай білу) .

Осы қасиеттердің бәрін қоғам жеке тұлғалардан маман ретінде талап етеді. Ал ол болашақ маман -жеке тұлға -бүгінгі оқушы.

Жеке тұлға ретінде оқушының рухани баюы, адамгершілік, әдептілік қасиеті, оқушы → оқушы, мұғалім → оқушы арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде болуы түрлі өздік жұмыстарды орындау кезінде айқын көрінеді.

Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:

− мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;

− жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;

− мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері;

− оқушылардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;

− оқушының істейтін жұмысының мақсатын айқын түсінуі;

− жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы, т. б.

Егер оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренбесе, оның оқуы жемісті болмайды, ол жиі сәтсіздікке ұшырайды. Мұндай жағдайда оқушының оқуға деген ынтасы төмендейді, соның салдарынан үлгермеушілер қатарына қосылады.

2. Өздік жұмыстарға ұйымдастыруға қойылатын талаптар

Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар:

− жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

− оқушылардың жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

− оқушылардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

− өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

− оқушыларды табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап, түсінуге үйрету;

− оқушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

− оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

− оқушылардың өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдысын қалыптастыру.

Оқу үрдісі кезінде өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамытуда баға жетпес құралдардың бірі -өтілген сабақтар мен айтылған мәселелерді айналаны қоршаған ортаның шындығымен байланыстыра, сәйкестендіре білу.

Оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы -жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту.

Бұл үшін төмендегідей тиісті талаптарды орындау қажет:

өз бетінше істелетін кез келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек. Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек;

өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, шығармашылық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді;

жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс. Яғни, оның тілегі жұмыстың соңына дейін бәсеңдемейтіндей болуы керек;

өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп түсінетіндей етіп ұйымдастыру қажет.

Өз бетінше жұмысты дағдыландыру үрдісі кезінде мұғалім оқушылардың жұмыстың жаңа түрлерін белсене игеруіне күш салады. Сонымен қатар осы мерзімде олардың қол жеткенге масаттанып қанағаттанушылығына, іздену мен үйренуді тоқтатуына жол берілмегені жөн. Яғни, бұл арада лоардан бұдан да жоғары дәрежедегі дербестікті талап ететін кезекті жұмыс түрлерін біртіндеп игере беруін, жақсы өнегелі істерді бойларына сіңіруін қадағалау шарт.

Оқушыларға тәрбие берудің басты міндеттерінің бірі -олардың бойында өз бетінше ойлау жүйесін қалыптастыру. Мектеп оқушыларды жүйелі білім алу тәртібіне және өз бетінше білімін толықтыруға, ғылыми ақпараттарды жетік әрі тез игере білулеріне жол аша білуге әзірлеуі керек. Бұл үшін оқу жұмысында тиімді формалар мен әдістерді пайдалана отырып, олардың пайдалы іске деген талпынысын ояту қажет.

2. 3 Өзіндік жұмыстың түрлері мен типтері

I. Өздік жұмыстардың дидактикалық мақсатқа сай түрлері:

Өздік жұмыстардың белгілі бір дидактикалық бағыты бар. Негізгі бағытына сәйкес әрбір сабақты химия сабақтарының негізгі үш типінің біріне жатқызуға болады. Олар:

1. Жаңа материалды оқып - үйрену.

2. Білім мен біліктерді жетілдіру.

3. Білім мен біліктерді тексеру және есепке алу сабақтары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік оқыту процесінде өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мәні мен мазмұны
Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдылары
Өзіндік жұмыстың маңызы
Биогенді элементтерді оқытудағы өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру (математика пәні 3-сынып)
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҢЫЗЫНА ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ӘДІСІНЕ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ
Психология пәні бойынша семинар сабақты дайындау
Қазақ тілі сабағында оқушылардың орындайтын өздік жұмыстары
Шағын комплкетілі мектеп ауыл мұғалімдерінің іс әрекеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz