Әміре Әрін өмірі мен шығармашылығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І – тарау

1. Әміре Әрін өмірі мен шығармашылығы

2. Ел, жер туралы талғаныс

3. Өмірім өлеңімнің өзегінде

Негізгі бөлім

ІІ – тарау

2.1 Өмір, болмыс туралы

2.2 Арнау, талғаулар

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Дархан қазағымның пейіліне берген, жер жаннаты – Жетісу жерінің тума
талант иесі. Қазіргі таңда Алматы облыстық Жетісу телеарнасы замана
бағдарламасының жүргізушісі.

Өлең өлкесінде өз есімі, өз қолтаңбасын айшықтап алған ақын 1957 жылы
Алматы облысы Қаратал ауданы Дөңшіи ауылында дүниеге келген. Ол С.М.Киров
атындағы Қаз МУ-дың журналистика факультетін ойдағыдай тәмамдаған соң
Алматы облысы Қаратал ауданында Еңбек туы газетінде редактордың
орынбасары, республикалық Спорт газетінде редактордың орынбасары,
Баспасөз әлемінің табалдырығын небәрі 20 жасында аттаған. 1992-1994
жылдары Ескелді, Балпық билерге арналған 300 жылдық облыстық деңгейде
өтілген тойға белсене ат салысып елге жаңа қырынан танылған. Сол жылдары
Қаратал ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған,
Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтық лауреаты, ҚР.Мәдениет қайреткері,
Қазақстан Республикасы Спортына еңбегі сіңген қызметкер. Республикалық,
облыстық, қалалық ақындар мүшәйрасының жеңімпазы.

Ол небір 15 жасынан бастап өлеңдер жаза бастаған. Тәуелсіздіктің 10
жылдығына Алматы облысы әкімі жариялаған байқаудың Бас жүлдесін ұтып алған,
мәдениет басқармасы бастығының орынбасары да болған.

1999 жылы Тылсым тыныс атты деректі повесі, 2004 жылы Тамыздық
деген атпен өлеңдер кітабы Кенен жерім - Көксуым деп аталатын
публицистикалық еңбегі жарық көрді.

Әңгімелері, жыр-дастаны, мақалалары, өлеңдері өзге төрт республикалық
жинаққа енген. Қаратал ауданының құрметті азаматы атанған Әміре Әрін
бүгінде жары Гүлбаршын екеуі Дархан, Дулат, Айгерім есімді балаларды
өсіріп отыр.

Ақын Әміренің әкесі Әрін, оның әкесі Әлғожа, оның әкесі Шынқожа би,
ары қарай Шыбын, Тойлыбай, Жылкелді, Өтес, Сүтемген, Арықтыным болып
келеді. Байшығашпен Бойтоман тұқымынан тараған Шынқожа шешенді ақын
мақтанышпен айтады. Өкітай Ахметов ақынды Шынқожаға тартқан-ау Жүйрік
қара деуі содан болар. Өкітай Ахметов Әмір Әріннің шыққан тегі ата-бабасы
туралы былай деген:

Шабатын Ескелділеп келді кезек,

Шаттанып ақындарша тілді без еп.

Бақай, Пышан, Жәлменге аунап жатсын,

Қабан жырау, Бақтыбай, Төре тезек.

Ұлы кемеңгер, Әріннен шыққан дара,

Қызғанып та, мақтаймын бөле – жара.

Қамшы ұрамын арқаңа қаса-қана,

Шынқожаға тартқан-ау Жүйрік қара,

Алдына жан салмас – ау бара-бара.

Талай ақын артыңда шаң қайып тұр,

Күш атасын танымас жоқ қой шара.

Арықтан семіз шыққан ерді көрсек,

Артистерге бас иіп жолын берсек.

Шахмет, Бикен, Қанабек жебеп жүрсін,

Ұлылардың аттарын айта жүрсек.

Бұл залда отырған жоқ бала-шаға,

Кәніккеннен жәніккен аласа да.

Сүтемгенге сүт беті қол соғады,

Әміре деп тура осы Тамашаға

- дейді, бұл өлеңді Ахметов Әміре Әріннің шығармашылық кешінде
көрермендерге оқыған болатын.

2004 жылы 18 маусымда ақынның шығармашылық кеші өткен. Талдықорған
қаласының Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Бикен Римова
атындағы облыстық драма театрының артистерінің қатысуымен Тамыздық жер
жинағынан алынған Сиқырла, дүние, сиқырла атты спектакльде қойылған.

Әлі есімде, 6 жыл бұрын қойылған бұл қойылым. Сиқырла, дүние сиқырла
поэтикалық драммасын көпшілік қауым жақсы қабылдаған болатын. Дәл, сол
ақынның шығармашылық кемінде Қаратал аудандық мәслихатының хатшысы Мақсат
Рахымбаев құттықтау сөз сөйлеген. Сол кездегі Талдықорған қаласы әкімінің
орынбасары Ләззат Тілеубайқызы ақынға қала әкімі атынан Алғыс хат
тапсырған еді.

Әміре Әрін Қараталдағы аудандық газетте тілші, Көксу аудандық газеті
редакторының орынбасары Талдықорған облыстық газетінде бөлім бастығы,
Қаратал ауданы әкімінің орынбасары қызметтеріні, тізімін қолдан суытпай
ұстады. Ауылда өссе де, мұнан соң Алматыда оқыған, Торғайдың драма
театрында қызмет еткен.

Әміре Әрін жазғанның арасына сөз сыймайтын стилист қаламгер. Онымен
бірге қызметтес болған әріптестері жүздесіп, танысып, пікір алмасқан
адамдар оны шешен сөйлейтін тілмар жандардың қатарына жатқызады. Сөз
тағдыры мен халық тағдырын егіз деп қабылдайтын Әміре Әрін, адаммен
әңгімелесіп, сөйлесіп, араласып, тілдесіп, адаммен табысуды басты
адамгершілік критекші, азаматтық борышы санайды. Сондықтан олар әрі бай,
әдемі, әрі қуатты тілді жеткілікті меңгергені. Алдаспандай аймақты сөздері
– сол шешендігінің құнары, терең тамыры.

Талант десең талантты, білім десең білімді, ақылды десең ақылды адам,
әрқашан тілінің шеберлігі, шешенділігімен дараланып тұрады.

Ақын Әміре Әрін Көксу ауданының құрылғанына 60 жыл толу мерейтойына
арнап Кенен жерім - Көксуым атты анықтама – шежіре кітап шығарып, тұсау
кестіруін де өткізіп, жазушы, публицист, шежіреші ғалымдық қырларын
асқақтата түскен.

Ақын публицист – жазушы, шежіреші Әміре Әріннің Кенен жерім - Көксуым
шежіре – анықтама кітабының саяси – әлеуметтік, қоғамдық, тарихи,
тәрбиелік, танымдық маңызы аса үстем.

Әміре Әрін ел сүйсіне шырқайтын көп әндердің сөзін жазған ақын,
орындайтын әнші. Өнердің де, өмірдің қай саласына болмасын өзіндік үлесін
қосқан.

Әміре – журналист, Әміре –ақын, Әміре-әнші, Әміре-драматург, Әміре-
жазушы, Әміре-Сері. Кешегі Қаблиса мен Сүйінбай, Мәуленбай мен Бақтыбай,
Абай мен Махамбет, Сара мен Ілияс ақындардың жолын қуған жерлесіміз
Әміренің солардың қатарынан көруі жүрекке жылу орнатып, қуантады.

Әміре Әрін есімі әдебиет пен жыр сүйер қауымға мәшпір ақын, Қазақстан
Республикасының мәдениет қайраткері Әміре Әріннің өлеңдері шоқтығы биік
туындылар қатарына жатады. Адам баласының көкірегіне ұялаған бал сөздердің,
отты өлеңдерінің қорғасыннан құйған сақ адай деп түсіп жатқан салмақтысы,
оңай айтылып қиынды ұқтырар ойнақ өлеңдерінің көркемі мен жинақысы, ақын
Әміре Әріннің қаламынан шыққан болып шығары даусыз.

Халық қауымның ыстық ықыласы мен шынайы сүйіспеншілігіне қапысыз
бөленген табиғат перзент. Әміре Әріннің өлеңдеріне қалам тербеген тұңғыш
еңбегімді ақын Әміренің тіл бейнелілігіне арнадым.

Өзінің нағыз кіндік қаны тамған жері жалпы Жетісу жері туралы қазақ
жері, елі, Отан туралы, айнала қоршаған адам, махаббат бүгінгі күннің ең
өзекті мәселелері – бұл Әміре ақынның ең басты тақырыбы. Бүгін де ақынның
300 ден астам өлеңдерінің басым көбі – туған жер, өзі-өмір туралы тақырыпты
құрайды.

Ақын Әміре Әрін өлеңдері – қазақ поэзиясы тарихында ерекше құбылыс.
Әміре Әрін өзіне дейінгі ұлттық көркем сөз өнерінің бар асылын бойына
сіңіре отырып қазақ поэзиясындағы туған жерге деген сүйіспеншілік пен
патриоттық лепті күшейтіп асқақтата түсті.

Арнау романтикалық сарын, туған жеріне арнап жазған өлеңдері де бір
шоғыр.

Қараталым, Шырқау әннің шілдері, Тұлпар жолы, Сәнді шохар,
Кереметім-Көлсайым, Киелі мекен, Жазиралы Жетісуым, Балқашым-
базарым, Кенен жерім-Көксуым, Ұлыстың ұраны, Есті жұртым ынтызар,
Жұптасып жетсем соғымға, Шиелі қарын, Сары есік тербетіп, Бесағаштың
бел түрі, Тағзым, Толағай тілек, толған ай, Жетісуым жерім-ай,
желіген, Американы дан ашқанбыз, Бойтұмарым, Алтын арай, Құшақ
отын, Сарыжұртта тербелер қамыс құрақ Бедер, Кемерінен Қаратал асады
екен, т.б.өлеңдері түгін тартса, майы шығатын өз өңірінің нәрлі
топырағынан сан алуан өсімдік өсіп, ағаш біткен дүр жарғандығы жарғандығы
нағыз еріксіз жырлап, туған жеріне деген махаббат сезімі үнемі алаулап
тұрады.

Туған, өскен жерін жырға қоспайтын ақын болмайды, ақын Әміре Әріннің
өзінің Қараталым тасана, тобына былайша жырлайды:

Әлдилер әлі де сол ала таңым,

Түлеген тұнығында бала шағым.

Киелім,

Берерім көп әлі қанша,

Жоқ сенде арындым-ау алашағым.

Қазына,

Аллитерация Қасиет қонған Қараталым.

Бұл өлең жолдары қазіргі кездегі ерікті ұйқас –(а,а,б,ә,а).

Қасиет қонған қазына-алитерация,ала – эпитет.

Бұл арада ой мен сөз орамды-эпитетпен, алитерация арқылы ажарлаған. Үміт
қамыту мен шаттану, туған жеріне деген махаббат.

Қараталым жер біткеннің жұмағы етіп сипаттайды, келбетін көрікті іші
толған құт, ырыс етіп бейнелеп, Қаратал дегеніңіз ағылына, даланың
табиғатын, тіршілік дүниесін, романтикалық сарында шебер суреттейді.

Әсем де әспетті өлкенің керім де керемет суреттерін кестелі көрікті
өлкенің көкжиекке сіңер жеріне дейін желпілдете жетелеп барады. Әміре
Әріннің сұлулығына сымбатты сай көрікті өлкесі жайлы жазғаны. Жүректі
жібітпей қоймайды. Тақырып пернелерін дөп басуы өлеңдегі өзінді жырдың
жауһары деуге болады.

Ақын өлеңдерінде өлең өмірін құбылтып, көркін күшейтіп өлең
үйлесімін, ұйқасты біріктіре, жұмыстыра түсетін, орны мен үндескен сөздер
үзділігі, интанациясына, өлеңнің өрнек кестесіне әдемі ажар, сталистикалық
айшық, көркемдік тәсіл өосатын алитерацияда баршылық.

Алитерациялық айшықты Әміре Әріннің: Недер ең?, Ызғар, Маңайым
мерей- мың дүбір, Сөз, Күбірле де күмбірле, Сүмбіле -сыр өлеңдерінен
өлең жолының әр бунақтың басында б, қ, т, ж, с дыбыстары
қайталанып ішкі ұйқасқа ерекше реңк беріп, өлең өрімдері айрықша мәнге ие
болды. Қатаң дыбыстар қайталанды өлеңді шапшаң, көтеріңкі леп пен оқуды
қажет етсе, ж, б, ұяң дауыссыздары сәл созып, баппен оқуды қалайды:

Билік шіркін білімге,

Бас имесе бүгін де

Бұл жайында не дерең.

Алитерациялық айшықты Әміре Әріннің Сөз, Сүмбіле -сыр, өлеңін
алайын:

Сөз ұстадым, сөз ұқтым,

Сөз сайысы озық тым.

Соны леппен жалықтым.

Сөлін ұғып асылдың,

Сары жұрттан асырдым.

Сан мәртебе жыртынып,

Сіңдім нұрға-ғасыр-күн.

Салиқа кей топтарда,

Сырт бергенде топ қарға

Серт биліктен басатын.

Сөзден ерен шақ барма?!

Сипат-күшің ерен-ау,

Сурет белгі –ен бояу.

Сезім тербеп сең қозғап,

Сәрісі де-мен ояу.

Сеңгір көкпен жарасад,

Сенде кием-барақат,

Саналы елдің баласы,

Сөзден табар тарасат.

-деп сөз қадірі мен құдіретін тебірене жырлап өнер-алды қызыл тіл

Екенін осылай өрнектейді. Ал, енді ақынның өзі, өмірі жайында жазған
тағы да алитерациялық айшықты өн бойына сіңірген Сүмбіле-сыр өлеңін
қарайық.

Құлаған таудан төмен болмасына, а

Сүйсінген елден бұрын қолды ұсына а (қара қлең ұйқасы)

Ақ күміс араласқан ағысында, б

Қызыққам көрші қыздың шолпысына а

Суретші ақын Қараталының табиғи көріністері жалаң алмай, ел өмірімен,
халық тіршілігімен байланыстыра суреттейді.

Сол арқылы қоршаған орта мен адамның байланысын табиғаттық
адамға,олардың қимыл-әрекетіне, ой сезіміне, тұрмыс тіршілігіне әсерін
бейнелейді:

Жағаң саз,

Өзің тастақ.

Суық балдай, (теңеу)

Бас алмай періште қыз жуынардай.

Айнала ақ шатыр боп көрінетін,

Сиқырлы, көзді байлар буың қандай (қара өлең ұйқасы)

Туған жер тақырыбын ту етіп, көтерген Әміре Әріннің өлеңінің
көтеріңкі шаттықты ырғақ әуені келісті классикалық туынды болып қалыптасуы,
эмоциясына да байланысты болса керек.

Ақынның айтуы бойынша: Өлеңді әдетте, көңіл күй келіп, шабыт
келгенде жазамын - дейді. Басында аяғында жетіледі, содан әбден толғауы
таяды-ау деген кезде үстелге отырамын уақыт талғамаймын дейді.

Сол сияқты Әміре Әрін таңғажайып табиғат суреттерін де ажарынан айнытпай
сол қалпында қағазға түсіргенді жақсы көреді. Мынаған қарап көрейікші:

Әз жазира мекенім,

Иран – бақты не етемін.

Құрлық кезіп кетсем де,

Құрақ ұшып жетемін

-деп Қараталдың арынды деніндей ағытыла жөнеледі, ойында нәр, бойыңа қуат
жырдың жылылығын көрікті.

Туған жерге тағзым ету, өле өлке алдындағы перзенттік борышын ұмытпау
– Жазиралы өлеңінде бой көрсетіп тұр.

Жетісуым –жерім-ай

Көлі балдыр, төрі май.

Берекесі ұйыған –

Бедеу қалған шөлі бай,

Алаш жұртта ақ жамбы –

Ардақ кезден қалған-ды.

Ақ күмістей қалпыңа,

Арғы-бергі таң қалды

Көмбең осы,

Қазағым,

Жерұйық жер-

Базарым.

Тіршілік тербеп тұрғанда,

Таусылмас- ау, жазарым!-деп тебірене толғайды.

Бұл өлең жолдарынан, діни қағидаларды тірек етіп айнала қоршаған
адамдарға, достарының барына, ақындық өнеріне жыр өлкесінде өмір сүріп
жатқанына тәңірге тәубә, шүкіршілік етіп қоймай көп ақындарға кездесе
бермейтін діни қағидаларын тірек етуі, пенделік қасиетті жоғалтпай ұрпақты
имандылыққа шақыруы хақ.

Жыр дастаны толқындап көкжиектен,

Көк аспаным-

Саф самал, өпті беттен

Шар тарапқа шырай-нұр,

Арай шашқан.

Ақ жаулықты пәк таңдар өңді неткен!?

Табиғаттың тылсым күші, құдіреттің күштілігін тіл өнегелігімен
бейнелелігімен, көркемдігімен еріксіз есте қалатындай суреттейді. Әдетте,
самал жел десек, ақын бұл туындыда саф самалды, ақ таңды, ақ жаулықты, пәк
таңдарға теңеп келбетін бейнелеу.Бір ғажап дүние өлең жай ғана сөз емес,
табиғат атауы, күнделікті өмірдегі (Самал, Арай) атты адам есімдерін
кездестіруге де болады екен.

Өзін емес, өзгені де ойлай білетін көпшілік ақын, тек тәңірге табынып
қоймай жасасқан жұртқа табиғатының, шығатын белестері асар асулары алда
екенін былайша жырлайды:

Бар тағдырдың таңбасы талайымда,

Алитерация Берілерең бейуақыт қалай мұңға

Бір өзіңсіз-

Жампаз жұрт табынарым.

Үкіле кел!

Шығамын талай шыңға!

Қазағым, елім, жерім дейтін ақындарды қатарындағы Әміре Әрін, қазақ
елінің әрқашан биік тұңырдан көрінуін қалайды:

Ақ аспаннан бұлт аласы аралсын,

Ұраным бұл – Ұлы жолда барым шын.

Бәйге төрден барша қазақ танылсын-

Құраным бұл-Құдай жолда танырсың!

Міне, бұдан Әміре Әрінде дін сарындағы, патриоттық ақын деуге әбден
болады. Өкітай Ахметов Табиғатында діні берік ақын-деп, бекерге айтпаса
керекті.

Ақын өлеңдерінде – зат есім, сын есім, етістік, одағай, есімдік, леп
белгісі, сұрау белгісі деген т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми
терминдер барлығы дерлік кездеседі. Бұған қарасақ, қазақ өлеңінің, қазақ
тілінің, тіл бейнелігін жаңғыртуды байқаймыз.

Ақын өлеңдерінде тілдік категорияны көрсететін терминді кездестіруге
болады. Соның ішінде интернационалдық терминдерде бір төбе.

Оның қаламынаншыққан өлеңдерінде: Форель, Атом-станса т.б.

Көптеген термин сөздерді кездестіруге болады.

Моншақ-моншақ

Қоға-қоға

Мезгісі-мезгісі

Сылқ-сылқ

Шым-шым

Бұл күрделі сөздердің ақын өлеңдерінің ішінде алар орны ерекше.

Ертелі – кеш

Кәрі – жас сияқты қосарлама антонимді сөздерде кездеседі.

Ақын өлеңдері қиыннан қиысқан теңеулер, эпитет, суреттеу, мистафора,
гипербала, теңеулерге толы.Өлеңдері лирикалық поэзияға жақын. Оның үстіне
оң оқыса, сол оқыса да айтылуы, жазылуы, мағынасы өзгермейтін сөздердің
кездесуі өлеңді дамытып тіл бейнелілігін арттырып айтар ауызға да, естір
құлаққа да жағымды.

Олар мына сөздер: Алла іші

ала қызық

қазақ

көк

аса

ізі

ара

ата

аға

алма

ене

ере

алла

кек

қақ

ана

ете

қытық.

Өлеңдеріндей шіркін – ай, ей, беу, иә, ойхой, түу, пай-пай, уа,
дариға, ай, хой, ой, көңіл-күй, негізгі, күрделі, туынды одағайлар өлеңді
оқығанда көңілге қуаныш сыйлап қоймай, тоқтап қалмай арықарай оқи бергің
келеді де тұрады.

Ал Тәу ба, тәңір, құран, құдай, жаратушы, Намаздыгер,
Алла діни сөздері кездесетін ғибыратқа толы өлеңдері көкейге бір Алланың
бар екеніне сену, шүкіршілік, тәңірге тәубә ету сезімдерін ұялатады.

Тәубә, Тәңір!

Жыр-жалын ғұмыр бердің.

Қиял тұнып, қиырдан тұғыр көрдім.

Елім барда,

Дос-жаран бәрің барда,

Жамалымда жайнаймын жұмыр жердің.

Тәубә, Тәңір!

Жыр-жалын ғұмыр бердің!

Ақиқатым бәріне мың да бір ем,

Ата-баба ізі әне жайнап кетті.

Әрі өлеңде жуан, ашық, езулік а, е дауысты дыбыстары қайталанып,
өлеңнің үйлесімін күшейтіп, ұйқасты біріктіре түседі. Мағайым мерей-мың
дүбір, Боранды күн, Ақиқат, Арман-құсым, Арай-күн, Ақ шағала
Армысың өлеңдерінен алитеациялықжәне ассонансты рет – ретімен ассонастық
дыбыс қайталаулар тек әр тармақтың басында ғана емес, әр бунақ, әр сөздің
басында да қайталанып келіп, өлеңдегі ішкі ұйқасты күшейтіп, мазмұнды
ажарлаумен ойға, қиял сезімге қаншалықты әсер етумен құнды. Әміре Әріннің
өлеңдерінде ассонанс пен аллитерация ұтымды тәсілдердің бірі.

50 жастан асқан ақын Әміре Әрін бүгін де 4 кітап шығарған, Тамирис,
Тамыздық, Маздақ, Тылсым-тыныс атты деректі повесі Кенен жерім
Көксуым публистикалық жинағы жарық көріп оқырманға жол таратты.

Мен соның ішінде Маздақ жыр жиынтығындағы өлеңдерге тоқтадым. Тәубә
Тәңір жыр-жалын ғұмыр бердің...,Қара жер ақ моншағын Айға тақты, Аулақ
барып келеді сыр ақтарғым атты 3 бөлімнен 152 өлеңнен тұрады.

Өлеңдері: 1.Өзі, өмір туралы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оралхан Бөкей - көркемсөз өнерінің шебері
Жетісу поэзиясындағы «Мәңгілік ел» идеясы тақырыбындағы шығармалардың жиілігін, оның ерекшеліктерін, таралымын анықтау
ҚAЗAҚ ПOЭЗИЯCЫНДAҒЫ МӘҢГІЛІК ЕЛ ТAҚЫРЫБЫНЫҢ ЖЫРЛAНУЫ
Сәкен Иманасовтың публицистикасы
Қазақ халқының музыкалық фольклорын зерттеу тарихы
Жүсіпбек Елебеков
Иса Байзақов
Мектепте Ж.Аймауытов шығармашылығын оқыту жолдары
Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы қалыптасуы
ҰЛТТЫҚ ӨНЕР ШЕБЕРІ С.А. ТӨЛЕНБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Пәндер