Туризм индустриясына басқа экономика салаларының экономикалық бағыныштығы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сайрам ауданы

Ақсукент елді мекені

№ 93 Абылай хан атындағы жалпы орта мектеп

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы :

Ақмола облысының рекреациялық ресурстары және маңызы.

География пән мұғалімі Умиджан Маминов

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

1 Туристік - рекреациялық іс- әрекеттердің теориялық- әдіснамалық негіздері . . .

  1. Туристік- рекреациялық іс - әрекеттердің теориялық әдіснамалық аспектісі . . .
  2. Туристік рекреациялық зерттеулердің теориялық әдіснамалық мәселелері . . .
  3. Туристік- рекреациялық ресурстарды пайдалану және дамыту жолдары . . .
  4. Табиғи туристік- рекреациялық ресурстар . . .
  5. Рекреациялық ресурстардың халық шаруашылығындағы маңызы . . .
  6. Туристерге көрсетілетін қызметтің сапасы мен мәні . . .
  1. Ақмола облысының туристік- рекреациялық ресурстары және оның негізгі даму бағыттары (Бурабай мысалында) . . . Ақмола облысының физикалық географиялық жағдайы . . . Бурабай туристік- рекреациялық ауданының физикалық географиялық жағдайы . . . Бурабай курортты аумағының дамуы . . . Бурабай курортты аумағының даму бағыттары . . . Бурабайдың қазіргі кездегі экологиялық жағдайы . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Қосымшалар . . .

Аннотация

Берілген жұмыста біз табиғи аймақтардың туризмдегі рөлі мен орны және қазіргі замандағы қолданылуы, сақталуы мен дамуы жөніндегі өз ойымызбен бөліскіміз келеді. Қазіргі әлемге тән - белгілердің бірі- өркениет дамуының маңызды факторлары ретінде қалыптасып келе жатқан табиғат пен қоғамның күрделі объективті заңдарына бағынатын бұқаралық сипаттағы туризмнің қарқынды дамуы болып табылады.

Шығармашылық жұмыста сонымен қатар Қазақстанның жер жаннаты - Бурабай туристік-рекреациялық аумағын толық қарастырылған және бұл аймақтың туристік- рекреациялық потенциалына талдау жасалған.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Берілген жұмыста біз табиғи аймақтардың туризмдегі рөлі мен орны және қазіргі замандағы қолданылуы, сақталуы мен дамуы жөніндегі өз ойымызбен бөліскіміз келеді. Қазіргі әлемге тән белгілердің бірі өркениет дамуының маңызды факторлары ретінде қалыптасып келе жатқан табиғат пен қоғамның күрделі объективті заңдарына бағынатын бұқаралық сипаттағы туризмнің қарқынды дамуы болып табылады. Туризмнің мәні- бір жағынан адамдардың рухани және физикалық күш- қуатын қалпына келтіруге қажетті демалысты ұйымдастырудың әдістер мен формаларын қарастыратын болса, екініші жағынан туристер қаржысы есебінен дамитын экономиканың тиімділігі жоғары саласы болып саналуында өз үлесімізді қосу.

Қазіргі кезде тұрақты даму әлеуметтік экономикалық категориядан басқа қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстық әлеуетін тиімді пайдалану мен қатар туризм саласының қалыптасып дамуына өзіндік байланысы бар. Бүгінде елдің экономикалық дамуы экологиялық, географиялық, туристік факторлармен тығыз байланыста. Қоғамның әлеуметтік экологиялық туристік даму моделдері ғылыми тұрғыдан жан- жақты зерттелуде.

Әлемдік туризмнің қарқынды дамуына байланысты Қазақстанның жекелеген өңірлеріне деген сұраныс күннен- күнге артып келеді. Еліміздің жеке өңірлері туризмнің қалыптасып тұрақты дамуына мүмкіндік беретін туристік- рекреациялық ресурстармен қамтамасыз етуші болып табылса, екінші жағынан туризм арқылы әлеуметтік экономикалық мәселелерін шешу өңірдің экономикасының өркендеуіне алғышарт жасай алатындай мүмкіндіктері бар мультипликтативті нәтижеге ие болуымен ерекшеленеді. Соған қарамастан, елемізде туризмді тұрақты дамыту қамтамасыз етуге деген көзқарас туризмді біртұтас ашық жүйе ретінде қарастырылмағандықтан, аталған саланың дамуын қамтамасыз ететін барлық түйінді мәселелер әлі де шешуін тапқан жоқ.

Қазақстандағы туризмнің жай - күйін талқылаған қатысушылардың айтуынша Қазақстандағы туризм саласындағы кәсіби қызмет көрсету жетіспейді, ақпарат аз, жарнамасы мардымсыз. Мамандардың айтуынша туризмнің Қазақстан брендісінің дамуына үлес қоса алмай отырғандығы туризм ошағы саналуы тиіс өлкелерде инфрақұрылым нашар. Сонымен қатар біздегі бір мәселе Қазақстан туризм жаз маусымында ғана істелетін жұмыс болып есептелінеді. Міне осы мақсатпен Қазақстанның жер жаннаты - Бурабай туристік- рекреациялық аумағын толық қарастырсақ.

Бүкіл Қазақстандағыдай Бурабайда да осы жағдайлар бағыланып отыр. Бурабайдың геоэкологиялық жағдайы бұрынгы ТМД елдерінің ориентациясын сипаттайды. Бұл елдер туристік жүйе бойынша өздеріне тиіспелі бөлік шамасын үлкейтуде. Соымен қатар қазіргі уақытта осы заманға сәйкес және бәсекелеуші туристік жобаларды құрастырушы болып табылады. Бурабай әкімшілігі және туризм комитеті аймақ үшін болашағы зор туризмнің альтернативтік формасының негізгі концепциясын қарастыруда. Президентіміз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030 Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, және әл-ауқатының артуы» атты жолдауында «тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, химия мен мұнай химиясын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістерді, қызмет ету саласын, туризмді, оның ішінде экологиялық туризмді бұрыннан да ілгері қарқынмен дамытуға тиіспіз», «жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабилеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл басымдық тәртібімен айтатын болсақ- ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылым жасау. Осы салаларды дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жұмыспен қамту және кедейлік мәселелерін шешеміз, бұл қазіргі кезде ерекше және маңызды нәрсе» деген. Кедейшілік және жұмыссыздыққа қарсы мәселелерін көтере отырып, Президентіміз өз стратегиясының маңызды мәселесі ретінде қызмет көрсету саласын және әсіресе туризмді дамытуға негізделгенін атап көрсеткен болатын.

Зерттеу мақсаты: Қазақстан туристік- рекреациялық ресурстары және Бурабай туристік - рекреациялық аймағының потенциялын анықтап оның экологиялық жағдайына сипаттама беру

Зерттеу міндеттері:

  • Туристік - рекреацияылқ іс- әрекеттердің әдіснамалық аспектісі;
  • Туристік- рекреациялық зерттеулердің теориялық әдіснамалық мәселелері:
  • Туристік- рекреациялық ресурстарды пайдалану және дамыту жолдары;
  • Бурабай ауданының физикалық географиялық ерекшеліктерін талдау;
  • Бурабай курортты аумағының туристік- рекреациялық потенциалын анықтау;
  • Бурабай арнайы экономикалық ауданынның даму перспективасы;
  • Бурабай аумағының геоэкологиялық жағдайын қарастыру;

Зерттеудің әдістемелік негізін ғылыми әдебиеттердегі талдау әдістер, статистикалық келтірулер және білім беру диалектикалық әдістері құрайды.

1 Туристік- рекреациялық іс- әрекеттердің теориялық- әдіснамалық негіздері.

  1. Туристік- рекреациялық іс - әрекетттердің теориялық әдіснамалық аспектісі.

Туризм түсінігіне теориялық және практикалық тұрғыдан нақты анықтама берілуі керек. Көптеген авторлар туризмге анықтама теруге тырысты. Әр пікір өзгеше болып табылады және бұл терминнің көптеген өлшемін көрсетеді. Алайда туризмнің әр түрлі түсіндірмесін жинақтап қорыту, белгілі бір «оптимум» таңдау өте қиын.

1980 жылы Манила декларациясы «Туризм- халықтар өмірінде маңызыд орын алатын әлеуметтік, мәдени, білім және экономика ауданына, мемлекет өміріне және оның халықаралық қатынастарына тікелей әсер ететін қызмет түрі» (Филиппин, Қазан 1980 жыл) деп жариялады. 1993 жылы БҰҰ-ның статистикалық комиссиясы туризмге кең анықтама берді; «Туризм-бұл өзінің «тұрғылықты жерінен басқа жерде болатын, 1 жылдан аспайтын уақытта демалу, іскерлік және басқа да мақсаттарда саяхаттайтын тұлға қызметі»».

Халықаралық туристік Академия баспасында берілген анықтамада (Монте Карло) : Туризм - көңіл көтеру, демалу немесе емделу үшін жаяу немесе қандай да бір көлік түрімен жасалатын саяхат.

П. Г. Олдактың пікірінше, жинақтап айтқанда: «Туризм- бұл өмір сүрумен және жұмыс орнын ауыстырумен байланыссыз халықтың қозғалысы, демалу емделу, ғылыми іскерлік және мәдени кездесулер мақсатында саяхаттау» - дейді. Қазіргі күнге дейін «туризм» түсінігінің көпшілік қабылдаған нақты анықтамасы жоқ. Жоғарыда келтірілген анықтамалар оның тек кейбр жақтарын қамтиды. Бірінші анықтамада әлеуметтік және экономикалық жақтары, ал екіншісінде - әлеуметтік және құқықтық жақтары (адам уақытын есептеуге арналған туризмнің шектелген уақыты) көрсетілген. Туризмнің әлеуметтік жақтарының басым болуы бақыланып отыр, бұл адамдардың қоғамдық-экономикалық өмірін әлеуметтендіру тенденциясымен түсіндіріледі. Бұрынғы КСРО кезінде тірікшілік деңгейінде барлық әрекеттің әлеуметтік аспектісі алдыңғы орында болды. Туризмде бұл мағына айтпаса да түсінікті. Кәсіподақ жолдаманы өзі төлеп немесе арзан бағамен және көрсетілген қызметін тегін ұсынып отырды.

Қазір «туризм» терминін кең және терең түсіндіру керек. Біздің ойымызша туризм анықтамасы 2 бағытта берілуге тиісті географиялық және экономикалық. Туризм географиялық тұрғыдан сұраныс және ұсыныстың кеңістік- аумақтық кешенділік қолданылу негізін білдіреді. Экономикалық тұрғыдан туризм сұраныс және ұсыныстың тұтынушылық шаруашылық негізі.

Туризмге экономикалық тұрғыдан бірнеше анықтама берілген. Г. А. Папирян: «Туризм - ол қызметтер жиынтығы, оларды тұтыну барысында ғана байқаауға болады және ол өндірістік өнім сияқты жүйелі түрде ұдайы өндірілмейді» - десе, П. В. Шульгиннің ойынша, қазіргі туризм анықтамасы 2 көзқарасты көрсетеді. Оның бірі туризм индустриясы - халық шаруашылығы құрылымында ерекше саланың қалыптасуы. Ол барлық келушілерге сұраныстарын қанағатттандыру үшін маманданған бірқатар өндірістік қызметтер мен қызмет көрсету мекемелерінің жиынтығы. Екіншісі, туризмді дербес салаға бөлу. Егер туристік мекемелерге қатысты туризмнің өзіне тән еңбек ұсынысының ортасы болса, онда бұл қызмет туризмді дамыту және ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты болады деген ұғымды қалыптастырады.

Біздің ойымызша, туризмнің экономикалық мәніне нақты анықтаманы сұраныс пен ұсыныс жағынан қарастыруға болады. Сұранысқа ішкі және халықаралық туристік нарық жатады, ал ұсынысқа көлік, туристік көрікті жерлер және бос уақыт түрі, туристік объектілер, қызмет көрсету жүйесі және инфрақұрылымы, сондай-ақ жарнамалық анықтамалық қызметі жатады.

Біздің ойымызша «Туризм- рекреация, емдік, танып білу және әр түрлі туристік іс-әрекеттер жиынтығымен байланысты адамдардың уақытта және кеңістіктегі қозғалысы». Бұл анықтама географиялық мәнге ие. Туризмнің негізгі түсініктерін анықтай отырып оның дамуына себепші болатын және әсер факторлары бар. Олар: экономикалық - әлеуметтік - географиялық- демографиялық - саяси - этникалық - құқықтық болып келеді. Сондықтанда қазіргі кезде туризм - экономика, шаруашылық саласы, бизнес, кәсіпкершілік, таным спорт және демалыс деп атау орынды.

ХХ ғасырдың 60 жылдарында физикалық география мен экономикалық география аралығында демалыс және туризм географиясы қалыптасты. Кейінірек осы термин рекреациялық география болып аталды. Рекреация термині көпсалалы мағынаны білдереді. Ол тек адамдардың тіршілік әрекетіне ғана байланысты емес, қоршаған орта, кеңістігіне де байланысты. Демалысты және туристік іс - әрекеттерді ұйымдастыруда табиғат жағдайлары мен ресурстық қорына баға беру, туристік нысандарды ландшафтық геожүйе жағдайында сараптай отырып географиялық зерттеулердің барлық сапаларының нәтижелерінің барысында, маусымдық, климаттық, ландшафт өзгерістері мен әртүрлі антропогендік және табиғи апат салдарынан қорғау жұмыстарын ғылыми тұрғыда зерттеу қажет.

Туристерді бірегей ландшафт, табиғат құбылыстары мен көріністері, сонымен қатар табиғат ресурстарының алуан түрлігі қызықтырады. Ал рекреациялық іс - әрекеттерді жүзеге асыруда туризмге қажетті материалдық техникалық база, тұрғын жайлар, көлік түрлері инфрақұрылымдық салалардың дамуы қажет. Бір сөзбен айтқанда, туризм инфрақұрылымы географиялық зерттеу нысандарына жатады. Онымен экономикалық және әлеуметтік география саласы айналысуға тиісті. Туризм географиясындағы аумақтық рекреациялық жүйе географиялық жүйе негізінде құрылғандықтан көпшілік жағдайда біржақты қарастырылуда. Аумақтық географиялық жүйе бір бірімен тығыз байланыстағы жүйе асты құрылымдардан тұрады. Олар табиғи, мәдени кешендер, инженерлік құрылымдар, қызмет көрсетушілер тобы, басқарушылар мен демалушылардан тұрады. Туризм адамзат қоғам өміріндегі күрделі әрі көпсалалы пайда болған құбылыс. Ол ең алдымен «кеңістік әлеуметтік экономикалық құбылыс». Батыс экономика ғылыми туризмді күрделі экономикалық әлеуметтік жүйе ретінде, ал оның құрамындағы туризм индустриясын басты компоненті ретінде қарастырады. Егерде, туризм көпқырлы, көпсалалы құбылыс ретінде қарастырсақ неге жаратылыстану, қоғамдық, гуманитарлық т. б. ғылым салаларымен байланысын, оларға тигізетін ықпалын кемсітеміз.

Туризм географиясының қалыптасып дамуына В. С. Преображенский, Ю. А. Веденин, В. Даринский т. б. физикалық география және оның салаларын зерттеушілерінің мақалалары мен зерттеулерінен көреміз. Әдебиетттермен ғылыми мақалаларды талдау барысында география ғылымы оның салаларының туризмді тұрақты дамытуға қосар үлесі зор екендігі байқалады.

Туристік іс - әрекеттер ең алдымен географиялық қоршаған ортамен тікелей байланыста. Тек география табиғи әлеуметтік экономикалық процестерді кеңістік аумақтық тұрғыда зерттейді, сипаттайды. Барлық экономикалық әлеуметтік экологиялық нысандар аумақтық процесстер мен оның табиғи тарихи құрамында тікелей қатысты. Сондықтанда туризм географиясы туристік іс - әрекеттердің барлық салаларын қамтуына орай табиғи - географиялық, әлеуметтік - экономикалық, экологиялық, тарихи, археологиялық т. б. салалармен байланыстылығына қарай, тек экономикалық географиялық пән ретінде қарастыруға болмайды.

Қазіргі кезде тұрақты даму әлеуметтік экономикалық категориядан басқа қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстық әлеуеттін тиімді пайдалану мен қатар туризм саласының қалыптасып дамуына өзіндік байланысы бар. Бүгінде елдің экономикалық дамуы экологиялық географиялық, туристік факторлармен тығыз байланыста. Қоғамның әлеуметтік экологиялық туристік даму моделдері ғылыми тұрғыда жан жақты зертелуде.

Жаһандану дәуірінде қоғам дамуының көп құрамбөлік (компонент) кешенін қалыптастыруда жалпы теориялық әдіснамалық зерттеулер өте қажет. ХХ ғасыр бойында адамзат болашаққа онша көңіл бөлмеді. Тіршілік даму қауіпсіздігі барысында тұрақты даму идеясы пайда бола бастады. Ол ХХ-ХХІ ғасырлар түйісінде анық зерттеу нысанына айналғанын көреміз. Тұрақты дамуға көшу ұзақ мерзімді қажет ететін, күрделі және көп векторлы процесс. Бұл ғаламдық проблеманы шешуде әртүрлі ғылым салалары мен мамандарын қатыстыру қажет. Болшақ тұрақты даму моделдерінде және өндіріс салаларын аумақтық орналастыруда ең басты сегменттердің бірі адам мен қоғамның әлеуметтік қажеттілігі ескерілуі тиісті, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану, жергілікті тұрғындардың әл ауқатын арттыру көзделеді.

Тұрақты даму моделдері ішінде өндіріс орындарын соның ішінде туристік рекреациялық іс - әрекеттерді ұйымдастыруда аумақтық орналастыру қазіргі және болашақта жоғарыдағы өзекті мәселелерді шешуде рекреациялық шаруашылықты дамыту бағытындағы зерттелетін тақырыптар көп.

Туризм индустриясы терминінің анықтамасын берейік: «Туризм және туризм индустриясы» түсінігі ұқсас және бір мағыналы сияқты. Ғылыми әдебиеттерде ғалымдар бұл терминге әр түрлі анықтама береді. «Туризм индустриясы» түсінігі өте көлемді және қиын. КСРО кезінде оған бірінші рет П. Г. Олдак анықтама берген: «Туризм индустриясы туризм қызметін сату және құруға маманданған қызмет көрсетуші мекемелермен немесе туристердің төлеу қабілеттілік сұранысын қанағаттандыруға мамандандырылған экономиканың бөлек саласы».

С. Р. Ердәулетовтың ойынша туризм индустриясы туризмнің шаруашылық деңгейін анықтайды. «Туризм индустриясы» таза экономикалық категория болып табылады. И. В. Зорин, В. А. Квартальнов туризм индустриясын шаруашылық құрылымның дербес звеносы деп анықтады; кешенді салалар мен бөлімдерден құралған экономикалық жүйе, олардың функциялары демалыс және көңіл көтерудің барлық түріне қиын және әр түрлі сұранысты қанағаттандырумен шектеледі.

Біздің ойымызша «туризм индустриясы - бұл табиғаттағы рекреациялық байлығына сүйенетін, сервис инфрақұрылымының барлық формалары кіретін демалу және көңіл көтеруге қоғамның сұранысын қанағаттандыратын қиын, шаруашылық, өндірістік және әлеуметтік қызметтің көпқырлы жүйесі».

«Туризм және туризм индустриясы» терминінің анықтамасы жалпы қабылдағаннан бірнеше айырмашылығы болу керек. Олардың айырмашылығы теориялық бағыттың «Туризм» терминіне географиялық тұрғыдан және «Туризм индустриясы» терминіне экономикалық тұрғыдан қарау. Туризм бұл саяхат, ал саяхат - ғасырлардан қалыптасқан түсінік, олар саяхатшы- географтармен жасалған географиялық ашылулар. Сондықтан туризм - бұл таза географиялық түсінік болып алғашқыда қалыптасты.

«Туризм индустриясының» экономикалық мәні бар. Индустриясы сөзі үлкен өнеркәсіп деген мағынаны білдіреді (лат. «industria» - қызмет) . «Туризм индустриясын» экономикалық тұрғыдан қарау бұл саланың масштабтылығы мен тиімділігіне аз капиталдың сиымдылығы және құйылған қаржының тез өтелуіне байланысты. Ол туризм менеджменті мен маркетингі т. б. ғылым салаларымен қатысты. Сондықтанда туризм индустриясы және туристік іс - әрекетттер арасындағы байланысты табу үшін оның ерекше қасиеттеріне тоқталамыз.

«Туризм индустриясының» ерекше қасиеттері : туристік мекемелердің ресурстарға байланысты орналасуы, өндірістің маусымдылық және циклді мінезі, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымға үлкен инвестицияның міндеттілігі жатыр. Туризм индустриясын дамытуды дұрыс түсіну үшін экономикалық саланың оң және теріс жақтарын бөліп көрсету керек. Туризм индустриясының оң жақтарына :

  • ЖІӨ құрылымында туризмнен түскен табыстың өсуі;
  • Аудандарда әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы;
  • Туризм сферасында жұмыс істейтіндердің көбеюі;
  • Экономиканың басқа салаларымен бәсекелестіктің артуы;
  • Аудандардың білім және ғылым әлеуетінің өсуі;
  • Агломерацияға антропогенді әсердің азаюы;
  • Инвенстициялық бағдарламалардың тез өтелуі;

Теріс жақтарына :

  • ЖІӨ құрамында табыстарды иррационалды үлестіру;
  • Өндірістік инфрақұрылымның кейбір салаларының стагиациясы;
  • Туризм индустриясына басқа экономика салаларының экономикалық бағыныштығы;
  • Туризм индустриясында техникалық мамандандырылған кадрлардың азаюы;
  • Игерілмеген табиғи аумақтарға антропогенді әсердің өсуі.

Біздің атап өткен туризм индустриясы дамуының оң және теріс жақтары тұрақты емес, олар біздің ұлттық экономикамыздың жаңа секторларының қалыптасуына байланысты өзгертіліп және толықтырылып тұрады.

Туристік - рекреациялық табиғи, экономикалық потенциалы

Туризмді басқаратын мемлекеттік орган

Сурет

Ғылым және білім ҒЗИ жоғарғы оқу органдары

Туристік фирмалар және агенттіктер

Туризм инфраструктурасы

Туризм индустриясы Туристік рекреациялық іс- әрекеттер

Жарнамалық ақпараттық мекемелер БАҚ

Сурет 1 Қазақстан туризм индустриясының құрылымы

  1. Туристік рекреациялық зерттеулердің теориялық әдіснамалық мәселелері.

Туристік іс әрекет көңіл көтеру, таным мен кәсіптік мүдені, демалудың белсенді түрлерін, емделуді қамтамасыз етумен қатар «транспортық қызметті, тамақтану, орналастырудағы қажеттілікті қанағаттандыруды талап ететін тұтынушылық сұраныстың жаңа түрін енгізуде».

Қазіргі кездегі туризм толық жіктеу үшін туризмнің түрін сипаттайтын ең маңызды белгілерді атап өтегу болады; яғни туризмнің ұлттық мәнділігі; қанағаттандырылуы туристік саяхатқа байланыстырылған негізгі қажеттілік; саяхатқа пайдаланылатын негізгі қозғалыс қалаларды; саяхаттың ұзақтығы; топ құрамы; ұйымдастыру түрлері; туристік өнім бағасының қалыптасуының негізгі принциптері және т. б.

Туризм келесі түрлерге бөлінеді.

  1. Рекреациялық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде адамның күш-қуатын қалпына келтіру қажеттілігі жатыр.
  2. Діни туризм. Туризмнің бұл түрі әр түрлі діндегі адамдардың діни қажеттілігіне негізделген. Діни туризм екіге бөлінеді: а) діни мерекелерге мешіттерге, шіркеулерге бару; б) әулие жерлерге бару;
  3. Транзитті туризм. Бұл туризмнің негізінде басқа елге бару мақсатында келесі елдің аймағын басып өту қажеттілігі жатыр.
  4. Конгрессті туризм. Ол түрлі шараларға, оның ішінде конференцияларға, сипозиумдарға, съездерге, конгрестерге және т. б. қатысу мақсатындағы туристік сапарлар қатусыға байланысты ұйымдастырылады.
  5. Өткенді аңсау мақсатындағы туризм. Тарихи өмір сүру аясында осы орындарға бару қажеттілігіне негізделген.
  6. Өз бетінше ұжымдастырылған туризм. Саяхаттың бұл түрі шаңғы, тау, атқа міну, су туризмімен және т. б. айналысатын активті демалуды сүйетіндерді біріктіреді. Туризмнің бұл түрінің айрықша ерекшелігі оған қатысушылардың өз бетінше ұйымдастырылуын қажет ететіндігінде. Турларды ұйымдастырумен фирмалар емес, туристердің өздері туристік - спорт клубтарымен және біорлестіктермен біріге отырып ұйымдастырады.
  7. Іскерлік мақсаттағы туризм. Туризмнің бұл саласына әр түрлі серіктестіктермен іскерлік қатынастарды бекіту немесе қалыптастыру мақсатындағы сапарлар жатады.
  8. Танымдық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізін, әр түрлі бағыттарда білімді арттыруға деген қажеттілікті қанағаттандыру құрайды.
  9. Спорттық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде екі түрлі қажетттілік жатыр, осыған байланысты; активті және пассивті түрге бөлінеді. Активті спорт туризміне спорттың белгілі түрімен айналысу қажеттілігі, ал пассивті туризмге белгілі бір спорт түріне қызығушылық, яғни сайыстар мен спорт ойындарын көру мақсатында саяхатқа шығу жатады.

Қозғалыс құрамдарына байланысты туризм келесі түрлерге бөлінеді.

  1. Жаяу туризм. Туризмнің бұл түрін ішкі туризмде кеңінен тараған.

Тәжірибе жүзінде бір туристік саяхатта транспорттың бірнеше түрін пайдалану да ұшырасады, мысалыға, ұшақ- автобус, темір жол- автобус және т. б. түрлерін айтуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризмнің дамуына әсер етуші факторлар
Қазақстанға өз өркениетін сақтап мемлекет ретінде өзінің ерекше мүмкіндіктерін пайдалану
Қазақстандағы ішкі туризмінің қазіргі жағдайы, перспективалары
Ішкі туризмінің дамуының алғы шарттары
Дүниежүзілік қонақжайлылық және туризм индустриясындағы жаһандандыру процестері
Туристік индустрия кәсіпорындарында баға қалыптастыру саясаты
Туристік инфрақұрылым
Балқаш Алаколь алабының рекреациялық мүмкіншілігі
Туризмді жеке экономикалық сала ретінде зерттеу
Дестинациялық брендингтің қонақжайлылық саласындағы орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz