Шаруашылық есептің түрлері


АКАДЕМИК Ж. С. АҚЫЛБАЕВТЫҢ БАЛҚАШ МАҢЫЗДЫ БІЛІМ БЕРУ КОЛЛЕДЖІ
Мамандығы: 1305000 «Ақпараттық жүйе»
Бекітемін
ПЦК меңгерушісі
Бурлинова М. У.
2012 ж.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Бекышов Рустем
ТАҚЫРЫБЫ: « Бухгалтерлік есеп принциптері»
Тапсырманың берілген күні «__»2012 ж
Курстық жұмыстың бағасы «___» ()
Хаттама №___ «__»2012 ж
Курстық жобаның жетекшісі Бурлинова М. У.
МАЗМҰНЫКІРІСПЕ 3
I. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП, ОНЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ 5
1. 1 Шаруашылық есеп және оның тарихи шарттылығы 5
1. 2 Шаруашылық есептің түрлері. 6
1. 3 Өлшемдер және есептік ақпарат қалыптастырудағы олардың орны 9
1. 4 Бухгалтерлік есеп - ақпаратты қортындылау жүйесі. 11
II БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ПРИНЦИПТЕРІ 14
2. 1Бухгалтерлік есеп пен және әдістемесі 14
2. 2 Бухгалтерлік есеп әдістемесінің жалпы сипаттамасы 15
III. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПӘНІ МЕН ОНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 18
3. 1Активтердің құрамы мен орналасуы бойынша саралау 18
3. 2Активтердің пайда болу көздері мен мақсатты бағыттары бойынша саралау 20
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ 2
ҚОСЫМША 21
КІРІСПЕ«Бухгалтерлік есеп принциптері» курсын оқып-үйрену экономистердің, бухгалтерлердің, аудиттердің, қаржыгерлердің, банкирлердің кәсіби дайындығы мен іскерлік сапаларын қалыптастыру үшін аса маңызды. Бұл пән бухгалтерлік есептің теориялық іргетасының бір бөлігі болып табылады, оны танып-білмейінше осынау мейілінше күрделі курсты игеріп, ұғыну мүмкін емес. «Бухгалтерлік есеп принциптері» курсын оқып-үйренудегі негізгі міндеттер мыналар:
Бухгалтерлік есепті ғылым ретінде, кәсіпорынды табысты басқару үшін және одан сыртқары жерде іскерлік байланыс жасау үшін қажетті негізгі шынайы ақпарт көзі ретінде қарастыру;
Нарыққа көшу жағдайындағы бухгалтерлік есептің рөлі мен маңызы туралы әдістемелік түсінік алу;
Барлық кәсіпорындардағы, олардың ведомстволық бағыныстылығына, меншік формасына және ұйымдық - құқықтық формасы мен қызмет түрлеріне қарамастан, есеп процесін ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздерін игеру;
Бастапқы құжаттарды хаттамалау тәртібімен, бухгалтерлік есеп есеп шоттары жүйесімен, есепке алу ақпаратын өңдеу технологиясымен, есепке алу регистрлерімен және бухгалтерлік есеп формаларымен танысу.
Бухгалтерлік есеп - заңды тұлғалардың қорлары мен қор көздерін және қаржы айналысын, шаруашылық операцияларының мазмұнын нақты құжаттар негізінде үздіксіз және өзара байланысын сақтай отырып, арнайы өлшеу бірлігімен тіркеп отыру. Бухгалтерлік есеп жүргізу құжаттау мен түгелдеу, есепшоттар мен екіжақты жазу, бағалау мен өзіндік құнын шығару, баланс пен қорытынды есеп әдістеріне негізделген.
1997 жылдан бастап Қазақстанда Бухгалтерлік есеп халықаралық стандарт жүйесіне көшірілді. Бухгалтерлік стандарт - есеп көрсеткіштерін арнайы ережелерге сай бағалау, өлшеу және шаруашылық операцияларының маңызын анықтау мен ажырату тәртібі. Халықаралық стандартқа сай, бухгалтерлік есеп қаржы және басқарушы есеп салаларынан тұрады. Қаржыесебі қаржы салымшылары мен несие берушілер, заңды тұлғалардың дамуына үлес қосушылар, шетелдік инвесторлар т. б. үшін жүргізіледі. Басқарушы есеп заңды тұлғалардың өз ішінде басқару жүйесін жетілдіру, ішкі резерв қорларын табу, оны іске қосу мақсатында жүргізіледі. Қазақстандағы заңды тұлғалар жыл сайын аталмыш есеп салаларына қосымша өз кәсіпорнының есеп саясатын, оны жүргізудің принциптерін, қолданылатын есепшоттар жүйесінің тізімін жасап, бекітіп, арнайы орындарға тапсырып отырады.
Тиісті заң актілері мен нормативтік материалдардың және есеп стандарттарының талабына сай, Бухгалтерлік есеп объектілерінде қолданылатын бірнеше әдістер ішінен заңды тұлғалардың өзіне ыңғайлы жолын таңдап алуы есеп саясатын көрсетсе, кең көлемде қолданылатын (екіжақтылық, консервативтік, автономиялық, сәйкестікке келтіру, сату, т. б. ) есеп принципіне жатады.
Бухгалтерлік есеп жүргізудегі басты құрал - есепшоттар жүйесі. Онда заңды тұлғалардың әрбір есепшоты нөмірленген. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштері (мәліметтері) бухгалтерлік баланс жасау арқылы қорытындыланады.
Адамзат қоғамының тіршілігі мен дамуының негізі материалдық өндіріс процесін құрайды, соның барысында тұтыну заттары мен еңбек құралдары жасалады. Өндірісте жасалынған материалдық игілік жеке адамдар мен өндірістік тұтыну кезінде бөлініске түсіп, пайдаланылады. Осы процестерге басшылық жасау үшін олар туралы ақпаратқа ие болу керек. Шаруашылық қызметтің шынайы жағдайын сипаттайтын ақпарат шаруашылық есеп жүйесінде пайда болып, беріледі және ол экономиканы басқарудың, демек ұдайы өндіріс процестерін басқарудың маңызды функциясына жатады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы жағдайында дер уақытылы, әрі шынайы экономикалық ақпаратсыз шаруашылық субъектілерінің күрделі экономикалық тетігін басқару қиын.
Шаруашылық есептің алғашқы құрамы-субъектілердің шаруашылық қызметтерінің фактілері мен құрлыстарын бақылау болып табылады. Бақылау дегеніміз-осы жұмыстың мақсатынан туындайтын объективтік шындықты түйсіну . Шаруашылық қызметтегі болып жатқан шынайы құбылыстар мен процестерді бақылай отырып біз басқаруға қажетті қаржылық экономикалық анық ақпаратқа деген сұранысты қанағаттандыра алмайтын олардың сапалық сипаттамасын аламыз. Сондықтанда шаруашылық есеп бақылауға қоса субъектінің шаруашылық қыземтіндегі фактілер мен құбылыстарды өлшеуге тиіс, яғни олардың сандық сипаттамасын анықтауға тиіс. Шаруашылық есепті жүргізудің осынау екі кезеңі бір-бірімен ажырамас бірлікте болып, басшылықты есеп объектілері туралы қажетті деректермен қамтамасыз етіп тұруға тиіс
Бақылау мен өлшеу арқылы алынған мәліметтерді есте ұстап, сақтап қою қажет. Шынайы қызметтің фактілері мен құбылыстарының сапалық және сандық сипаттамалары туралы деректерді тіркеп отыру қажеттілігі туады және осы кезеңдерге шаруашылық қызмет туралы алғашқы ақпарат қалыптасады. Сөйтіп, шаруашылық есеп дегеніміз- шаруашылық қызметтің басқару мен аудит үшін керекті кешенді көрінісі мен сапалық сипаттамасы, яғни шаруашылық жүргізуші әрбір субъект экономикасында болып жатқан процестердің дамуы туралы жаңа білім беретін ақпараттар
Демек, шаруашылық-экономикаға басшылық жасау үшін қажетті шаруашылық қызметтегі бақылау жүйесі, өлшем, фактілер мен құбылыстар туралы ақпаратты өңдеу және дайындау.
Шаруашылық есептің тарихи шарттылығы. Шаруашылық есепті шаруашылық қызметті басқаруға ақпараттық база жасайтын жүйе ретінде түсіну бүкіл қоғамдық-экономикалық формациялар үшін ортақ. Алайда шаруашылық есепті ұйымдастырудың нақты мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ түрлері мен принциптері жалпыға бірдей емес, тарихи сипат. Бүкіл экономика сияқты, олар да қоғамдық құрылысқа түбегейлі тәуелді.
Тарихи категория ретінде шаруашылық есеп материалдық өндіріс қажетінен туындайды. Ол адамзат қоғамы дамуының ерте сатысында пайда болған. Пифагор: бастама-тұтастың жартысы деген. Салсытырмалы түрде мұны есептің пайда болуына да айтуға болған. Ол адамзат өркениетімен бірге 6-мың жыл бұрын пайда болған. Шаруашылық өмірінің мұқтаждары есептің дамуын туғызды, ал есептің дамуы өркениеттің әсіресе жазу мен математика сияқты ажырамас бөліктерінің өсуіне ықпал жасады.
Шаруашылық өмір фактілерін тіркеу техникасы көптеген білімді адамдардың назарын аударған. Соның қатарында математиктер ерекшеленіп шықты. Бухгалтерлік есеп жөніндігі алғашқы баспадан шыққан кітапты 1494 жылы атақты математик Луко Пачоли (1445- 1515) жазды. «Есеп пен жазбалар туралы трактат» бөлімінде қайталанбалы бухгалтерияны енгізу тәсілдері түсіндірілді.
Есіпті ұйымдастыруды І Петр кезінде елеулі өзгерістер болды. Ол арнаулы мектептерде есеп жүргізе білетін және есеп кітабын толтырып отыра білетін сауатты адамдар даярлауға аса көңіл бөлді. Шаруашылық есеп нарықтық қатыныстардың яғни нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде ерекше маңызды.
Қазіргі дәуірдегі негізгі заңдылықтардың бірі - барлық елдердің халықаралық өзара қарым - қатынастағы сыртқы экономикалық байланыстар рөлінің арта түсуі
Ұлттардың шаруашылық жағынан жақындаса түсуі экономикалық дамудың қарқыны мен сипатына бірте-бірте басымырақ ықпал етіп, мемлекеттердің бейбіт түрдегі ынтымақтастығына, тәжірибе алмасуына өскелен мүмкіндіктер ашуда. Белгілі дәрежеде бұл басқару мен талдау, аудит пен қаржылық шешім қабылдау саласындағы маңызды құрал болып табылатын есеп жұмысына да қатысты.
Нарықтық қатынастардың дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыптасып, олардың экономикалық мүдделерін неғұрлым сындарлы түрде білдіреді, демек тұтынушылардың ақпараттық талаптарының сипатын да білдіреді. Жекелендірудің жүргізілуі, қор рыногының қалыптасып, дамуы, күйзіліске ұшыраған кәсіпорындарға қаржылық жағынан көтермелу (санациялау) және тағы басқа да шаруашылық жүргізудің жағдайлары іскерлік ақпарат пен рынок субъектілерінің қаржылық-экономикалық мүдделерінің сәйкестендірілуін қажетсінеді. Ондай ақпараттың негізгі көзі шаруашылық есеп пен есеп беру жүйесі болып табылады.
1. 2 Шаруашылық есептің түрлері.Қазақсатан Республикасы Президентінің заңды күші бар «Бухгалтерлік есеп туралы» занының жасалып, қабылдануы шаруашылық есепті дамытудағы жаңа саты болады, нарыққа дейінгі барлық есеп жұмыстарынан түбегейлі айырмашылығы бар дүние болып шықты. Ол Қазақсатан Республикасының шаруашылық есептің жүйесі түбегейлі, ал бухгалтерлік есепті ішінара белгілеп, экономикалық өзгерістер талаптарына жауап бере алатын бухгалтерлік есептің ұйымдық, заңдылық, әдістемелік және басқа да жаңа жүйелерінің негіздерімен байланысты есептің негізгі принциптері мен жалпы ережелерін тұжырымдап береді. Шаруашылық есеп нарықтық шаруашылық жағдайында бәрінен бұрын нарықтық экономика талаптарына бағынған мүлде жаңа мақсатпен ерекшеленеді. Осы мақсатқа орай нарықтық шаруашылық есеп елдің әлеуметтік-экономикалық даму жолдарын іздестіруді ақпараттық жағынан қамтамасыз етуге тиіс. Сондықтан нарықтық шаруашылық есеп, атап айтқанда, әкімшілік-әміршіл экономика жағдайына қарағанда шаруашылық қызметтің мүлде жаңа ақпаратық үлгілері талап етеді.
Әрине, осынау мүмкіндік қазірдің өзінде аяғына дейін жүзеге асты деп санауға болмайды, өйткені шаруашылық есептің аталған сапалық тұстарына деген талап үздіксіз өсіп отыр, сондықтан да ол үнемі жетілдірілу үстінде болады.
Шаруашылық есеп жүйесі үш шағын жүйеден, есептің үш түрінен тұрады. Олар: жедел, бухгалтерлік және статистикалық есеп. Бұлардың әрқайсысы экономикалық объектіні басқарып, сол бойынша шешім қабылдауда ерекше рөл атқарады.
Жедел есеп деп есеп жұмыстарының жиынтығын айтады. Ол субъектінің шаруашылық қызметінің жекелеген учаскесіндегі ағымдығы бақылау фазасын ақпаратпен қамтамасыз етіп отыру мүдделі органдарға экономикалық объекті іс-әрекетіндегі жағымсыз ауытқушылықты дер уақытында анықтап, оны жоюға шұғыл араласуға мүмкіндік береді.
Мұндай жағдайда субъектінің шаруашылық қызметінің белгіленген түпкілікті қаржылық нәтижесі өзгертілуі де ықтимал. Мысалы, сауда субъектілерінде тауар айналысының тауар ресурстарымен қамтамасыз етілуін ағымдағы бақылаудан өткізу үшін әрбір тауар тапсырушының тауар әкеліп тұру келісімшартын қалай орындайтынын білу үшін жедел есеп жүргізіледі, ал тауар айналысының жоспарын ағымдағы бақылаудан өткізу үшін - тауарлардың сатылуы жедел есепке алынады және т. б.
Жедел есеп (немесе шұғыл есеп деуге де болады-аудармашы) мейілінше нақты, бақыланылатын фактілерге, құбылыстарға тән өлшемдер бойынша (дана, теңге, тонна және т. б. ) сандық мөлшерлер тіркеледі. Жедел есеп субъектінің шаруашылық қызметтерінің тұтастай жағдайын көрсетіп бере алмайды.
Экономикалық объектінің құрылуының біріңғай үлгісін жедел есеп сияқты шаруашылық қызметінің жекелеген оқиғаларын анықтайтындар есеп, керісінше, шаруашылық қызметті оның бүкіл учаскелері мен бөліктерінің серпінді өзара байланысы ауқымында көрсететін бухгалтерлік есеп қана жасай алады. Бұлай болатын себебі - осынау қызметті құрайтын фактілердің кез-келгені бірден немесе біршама уақыттан кейін тікелей немесе жанама түрде, бірақ міндетті түрде объектінің қаржылық ресурстарында белгі береді. Не оның жалпы ауқымы өзгертеді, немесе оның шынайы өмір сүру формасын, әйтпесе бағыныштылығын өзгертеді. Экономикалық объектінің қаржы ресурстарының қозғалысы мен жағдайы туралы ақпарат алуды қамтамасыз етіп отыратын есеп жұмыстарының жиынтығы бухгалтерлік есеп деп аталады. (немістің «Buchhaltund»-кітап жүргізуші деген сөзінен шыққан, өйткені осынау есеп пайда болғаннан бергі бірнеше ғасырлар бойы оны арнаулы кітапқа (журналға) бір адам жазып отыратын болған) .
Сөйтіп, бухгалтерлік есеп дегеніміз-экономикалық пайданы бақылап және оны дамытып отыруға ықпал жасау мақсатындағы фактілер мен құбылыстарды тұтастай, үздіксіз және құжаттар негізінде түбегейлі көрсетіп отыру.
Бухгалтерлік есепті пайдаланушылардың талаптарына сәйкес ол: өндірістік, қаржылық және салықтық болып үш түрге бөлінеді.
Есептің өзге түрлеріне қарағанда бухгалтерлік есептің өзіндік ерекшеліктері болады. Атап айтқанда: - Құжаттылық жағынан негіз болып табылады.
Уақыты жағынан үздіксіз (күннен-күнге) және қамтуы жағынан біртұтас (шаруашылық субъектісінің қаржы- шаруашылық қызметіндегі барлық өзгерістердің бір де бірін қалдырмау) .
Мәліметтерді өңдірудің ерекше, тек өзіне ғана тән әдістерін қолдану (бухгалтерлік шот, екі ретті жазу, қаржылық есеп беру, бухгалтерлік баланс және т. б. ) .
Бухгалтерлік есеп-есеп теориясы, қаржы мен өндірістік есеп, салықтық есеп болып бөлінеді. Бухгалтерлік есеп теориясы-бұл бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың теориялық, әдістемелік және практикалық негіздері.
Қаржылық есеп-бұл шаруашылық операцияларын бухгалтерлік жағынан ретке келтіріп, тіркеуді қамтамасыз ететін есептік ақпаратты жинастыру жүйесі. Қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің мүлкі мен міндеттемелері туралы ақпаратты топтастырады (материалдық және материалдық емес активтер, жалға алынған мүліктер, қаржылай және заттай салынған жарна, ағымдағы активтер (ТМЗ), субъектінің міндеттері несие, дебиторлық және кредиторлық берешектер, ақша қаражаты, меншіктікапитал, бөлінбеген табыс (шығын) және т. б. Қаржылық есептің деректерін шаруашылық жүргізуші субъект ішінде әртүрлі деңгейдегі басшылар мен сыртқы пайдаланушылар пайдаланады (қазіргі және болашақтағы инвесторлар, кредиторлар, банктер, салық және қаржы ұйымдары) . Өндірістік есептің міндеті-өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны туралы деректер жинастырып, өңдеу. Бұл ақпарат субъектінің коммерциялық құпиясы болып табылады, сондықтан ол тиісті басшы адамдардың өз іштерінде пайдалануына бағытталған. Өндіріске және өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуге шығарылған шығындар туралы неғұрлым тиімді де жедел ақпарат жинастыру үшін субъект өзінің дербес бухгалтерлік есеп жүйесін құрады, ал ол аталмыш субъектінің ерекшеліктеріне неғұрлым жақындау келеді. Салықтық есеп-салық салуға қажетті ақпаратты зеріттеп, тіркейді. Салықтық есепте пайдаланылатын ақпарат бухгалтерлік және жедел есептерден алынады. Бухгалтерлік есептің өндірістік, қаржылық, салықтық болып бөлінуі нарықтық экономикалық жағдайындағы есептің маңызды бір ерекшелігі болып табылады. Алайда ол субъектінің міндетті түрде өндірістік, әрі жеке қаржылық бухгалтерия құруы керек дегенді білдірмейді. Алайда ең маңыздысы-ақпараттың қандай мақсатқа, кім үшін жиналатынында.
Шаруашылық есеп жүйесінің құрамдас үшінші-статистикалық есеп деп аталатын бөлігі-есеп жұмыстарының жиынтығы. Ол жалпылама сипаты бар, өзінің мәні жағынан біркелкі келетін экономикалық фактілердің саны туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Статистикалық есеп құбылыстардың қарапайым есебін (орташа) анықтау үшін, олардың қайталану жиілігін, оқиғалардың уақыт бойынша даму серпінділігін анықтау үшін, әртүрлі үлгідегі фактілердің пайда болу аралығындағы байланысты анықтау, осы байланыстардың тығыздығы мен мүмкіндік дәрежесін өлшеу үшін, оның сипатын үлгіге түсіріп, сол негізде бақылаудағы объектінің сапалық бағасын жасап, оның даму тенденциясын белгілеу үшін қажет. Статистикалық деректер ерекше тәсілдер арқылы өңделеді. Мұның өзі жекелеген бақылаудың нақты нәтижелерін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Шаруашылық есеп жүйесіне статистикалық есептің экономикалық объектіні бақылауға байланысы бар саласы ғана кіреді. Шаруашылық есептің үш түрі мен шағын жүйелерінің бірлігі және органикалық өзара байланысы мынада: Экономикалық фактілерді бақылаудың бірінші фазасында бастапқы құжаттар, негізінен есептің барлық түрлеріне ортақ құжаттар пайдаланылады; екіншіден фазада есептің осы түрлері арқылы экономикалық көрсеткіштердің өзара байланысты жүйесі қалыптасады, сондай-ақ барлық есеп жұмыстары бірыңғай ұйымдастырушылық және әдістемелік принциптер жүйесіне келтіріледі. Техникалық жағынан есептің осы үш түрі де бір-бірімен тығыз сабақтас: Жедел есеп арқылы берілген деректер бухгалтерлік ақпараттық үлгіге енгізілу үшін немесе статистикалық қорытынды жасау үшін пайдаланылады; жедел есептің дұрыстығын бухгалтерлік есептер арқылы мезгіл бақылаудың тәсілдері жасалады; жедел және бухгалтерлік есеп жұмыстары кезінде пайда болатын көптеген ақпараттық мәліметтер статистикалық өңдеуге түседі. Осындай бірлік нәтижесінде экономикалық объект қызметін бақылаудың жедел, статистикалық есеп арқылы алынған қорытындыларды бір-біріне өзара толықтырып, есеп беру көрсеткіштерінің бірыңғай жүйесіне айналады, бұларды статистикалық жағынан ең жоғары деңгейге-ел экономикасының даму сипаттамасын жасауға дейін жеткізеді.
1. 3 Өлшемдер және есептік ақпарат қалыптастырудағы олардың орны.
Шаруашылық операциялар мен процестері есеп жұмысында олардың сандық өлшемі арқылы көрініс табады. Қазіргі уақытта есеп жұмысында өлшемдердің: натуральдық еңбектік және ақшалай түрлері қолданылады.
Натуральдық өлшемдер натуральды түрдегі деректер алуға, Яғни санау арқылы (дана, сан өлшемі) ; салмақ (тонно, кг) ; ұзындық (метр, сантиметр) ; көлем (тікшеметр, литр және т. б. ) арқылы өлшеуге қызмет етеді.
Натуральдық өлшем материалдық игіліктің сақталуына бақылау жасауда, оларды өндірісте үнемді де тиімді пайдалануда маңызды рөл атқарады. Алайда олар біркелкі немесе бір топтағы заттардан сыртқарыға қолданылмайды. Еңбек өлшемдері жұмыс уақытын өлшеуге пайдаланылады. Олар уақыт өлшемі түрінде қолданылады: Жұмыс күні (адам-күн еседі), жұмыс сағаты, минуты. Еңбек өлшемдерін натуральдық өлшемдермен бірлестіре отырып өнім өндіруге жұмсалған еңбек, еңбек өнімділігі, өнім шығару нормасын орындау уақыты, еңбекақы көлемі есептелініп шығарылады.
Еңбек өлшемдері еңбек шығындарының тиімділігін белгілеуде, еңбек пен өндірісті ғылыми тұрғыда ұйымдастыруда, жұмысшылар мен еңбекшілерге еңбекақы төлеуге бөлінген қаржының пайдаланылуына бақылау жасауда аса маңызды рөл атқарады. Натуральдық өлшемдерге қарағанда бұлар кейбір әртекті ауқымдарды, мысалы еңбек шығынының ауқымы бойынша әртүрлі өнімдерді өзара салыстыруға мүмкіндік береді.
Техникалық прогресс пен нарықтық экономикаға бетбұрыс кезіндегі еңбекті үнемдеу тұрғысынан алғанда еңбек өлшемдерінің маңызы арта түспек. Алайда тауар-ақша қатынасы жағдайында еңбек өлшемдері ақша өлшемдеріне бағыныштылық сипатта болады.
Ақшалай өлшем шаруашылық процестер мен алуан шаруашылық ресурстардың (активтердің) жалпылама және қортындылаушы өлшемі болып табылады. Ақшалай бағалауда (теңгемен) субъектідегі барлық тауарлық - материалдық шаруашылық активтердің (қаржы, ресурстар) жиынтығы және олардың жалпы ауқымы, өнімнің өзіндік құны (жұмыстың, қызметтің), ондағы өндіріске жұмсалатын әр алуан шығындардың қорытындысы (жұмсалған шикізат пен материалдар, отын, электор қуаты, жалақы және т. б. ) және шаруашылық қызметтің басқа да көрсеткіштері есептелінеді, сондай-ақ субъектілердің бір-бірімен несиелік және есеп айырысу байланыстары өлшенеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz