Мектеп оқушыларының әлеуметтік тәрбиесінің дамуын диагностикалау

Мектеп оқушыларының әлеуметтік тәрбиесінің дамуын диагностикалау
Н. Төлегенова,
І. Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университеті,
Г. М. Бимолданова,
№17 орта мектеп
Әдетте оқушылардың мектептегі өмірі ұйымдастырылған және жүйеленген. Үйде де оның орындайтын нақты міндеттері бар, ол үнемі бақылауда. Ал өзіндік ерекшеліктерімен шиеленіскен бейберекет мектептен тыс ортада бала өзін міндетсіз, бақылаусыз сезінеді. Сондықтан, шағын аудандағы жағдайды ескере отырып, баланың бос уақытын бақылауға алған жөн. Ол үшін арнайы әлеуметтік тәрбиелік жүйені ұйымдастыру қажет.
Әлеуметтік тәрбиелік жүйе дегеніміз - тұлғаның рухани - адамгершілік шығармашылық дамуын қамтамасыз ететін әлеуметтік шындық құрауыштарының жиынтығы. Қазіргі мектеп тәжірибесінде көбіне екі жүйе: оқушылардың оқу әрекеті мен мұғалімдердің әдістемелік жұмыстарын қамтитын дидактикалық жүйе және әдетте, оқудан тыс тәрбиелік іс-шаралар деп түсінетін тәрбие жұмыстарының жүйесі жүзеге асырылады. Көп жағдайларда бұл екі жүйе қатар жүреді. Кейде олар бір-бірімен қабысады әрі біріктірілген жағдайда оқушы тұлғасының қалыптасу үрдісі неғұрлым қарқынды болатындығы күнделікті тәжірибеден айқын байқалады.
Мектептерде әлеуметтік педагогтың қызметі қажет екендігін өмір дәлелдеп отыр. Балалардың әлеуметтік мәселелерін шешуге мұғалімнің уақыты жетпейді. Сондықтан, эксперимент ретінде әлеуметтік педагог Талдықорған қаласының №17 орта мектебінің шақырылып, оқушылардың әлеуметтік тәрбиесінің дамуын диагностикалау ұсынылды. Әлеуметтік педагог сынып жетекшісімен бірігіп оқушылардың әлеуметтік тәрбиесін анықтау үшін арнайы бағдарлама құрып зерттеу жұмысын ұйымдастырды.
Әлеуметтік педагог жанұялық бос уақытты дұрыс ұйымдастырудың, яғни баланың эстетикалық сезімдерін, рухани құндылықтарыноятудың мүмкіншіліктері мол екендігін айтты. Солардың бірі - жанұялық туризм. Оған серуендер, туристік жорықтар, экскурсия, саяхат жатады. Осындай демалыстарда ата - аналар өздерінің балаларын жаңа қырдан көріп, жақсы түсіне бастайды.
Тәжірибе ретінде, жоғарыда аталған мектепте оқитын үш баланың ата - аналарына аптасына екі рет балаларын бассейінге бірге жүзуге апарылуы ұсынды. Таңдап алынған балалар есімдері: Айбарша (2-сынып), Анвар (3-сынып), Санжар (4-сынып) . Бассейн қаладағы «Өркен» спорт кешенінде орналасқан. Екі ай бойы, аптасына екі рет бір мезгілде ата - аналар балаларын жүзуге әкеліп жүрді. Соңында өздері де жүзуге бел буды. Ата - аналардың бұл идеясы балаларды өте ынталандырды. Осы ұйымдастырылған тәжірибенің нәтижесінде үш жанұяның балалары достасып, бассейіннен қалмайтын болды.
Ата - аналардың бала тәрбиесіне деген көзқарасын анықтау үшін 2-А сыныбындағы әр оқушының ата - анасына төменгі сұраққа ұқсас тағы да бірнеше сауалнама толтырып әкелу тапсырылды:
Сіздің балаңызға қандай жағымды қасиеттер тән?
А) ұқыптылық; ә) әдептілік; б) отаншылдық; в) еңбексүйгіштік; г) тәуелсіздік.
Нәтижесінде, ата-аналардың көпшілігі, күткеніміздей, баласының әдепті, ақылды, білімді болғанын қалайды екен. Сонымен қатар, балалардың жанұядағы қызметі негізінен үй жинап, дүкенге бару ғана шектелетіндігі анықталды. Осыған байланысты балалар және олардың ата-аналарымен әңгіме жүргізіп, баланың отбасында түрлі жұмыстарды істеп үйренуі қажет екені түсіндірілді. Ал балалардың бойындағы жағымсыз қасиеттердің 90% ұмытшақтық екен. Сынып жетекшісі балалардың есте сақтау қабілеттерін жоғарылатып, күнделікті өмірлерін бір тәртіпке бағындырып жүруге үйретуі тиіс. Бала тәртіпке бейімделсе ұмытшақтықтан арылуы мүмкін.
2А сыныбындағы оқушылардың даму диагностикасын бастар алдында әлеуметтік педагог сол сыныптың әлеуметтік тәрбиелік деңгейін жан-жақты зерттеді. Ол үшін түрлі әдістер мен тәсілдер қолданды. Жалпы сыныптың көрсеткіші төмендегідей:
-«Идеал-Идеалға қайшы» - 0, 3 балл
-«Оқушының тәрбиелік деңгейінің көрсеткіші картасы» - 3, 6 балл
-«Мен қайдамын?» - 8, 0 балл
-«Іс-әрекет барысында талдау» - 2, 0 балл
-«Сен тез тіл тапқышсыңба?» - 5, 0 балл
-«Оқушылардың өмірлік маңызды күш-қуаттарының қалыптасуы»
Деректерді алудың эмпирикалық негізгі әдістері деп бақылау, әңгіме және экспериментті айтуға болады. Сонымен қатар жиі қолданылатын сауалнамалар, сұқбат-пікірді, сұрақ-сауалнамалар, тесттердің мақсаты - тұлғаның балгілі бір сапасын, қоғамдық пікірді және бір нәрсеге оқушының қатнасын айқындау, тәрбие жұмысының түрлі формасы үшін түрлі материал жинау, сондай-ақ әр тәрбиеленушінің өзіндік ерекшелігін зерттеу. Оқушы тұлғасын зерттеудің түрлі әдістері бар.
«Аяқталмаған тезис» әдісі аталған мектептің 2А сыныбында 2006 жылғы сәуір айының 12 күні жүргізілді. Тезисті аяқтауға 30 минуттай уақыт берілді. Нәтижесін былай қорытындылауға болады: сыныптағы 19 баланың 12-сі жанұяны ең бірінші орынға қоятыны анықталды. Ал екі бала- достарды, 1 бала - денсаулықты жақсы өмір деп есептейді. Сынып оқушыларының патриоттық сезімі жоғары деуге болады, бос уақыттарын ойнауға, кітап оқуға арнағылары келеді; яғни осыған байланысты ойындар және сыныппен кітапханаға баруды ұйымдастырып отыру керек. Балаларды қуантатын жағдайға келсек, көпшілігі «бестік» баға алса қуанады екен, кейбіреулеріне жанұямен бірге, ал біреуі тәтесі келсе қуанады екен. 5 бала мейрамдарда қуанады. «Мен елдердің . . . дегеніне келіспеймін» деген тезисті 5 бала біреудің айтқанымен жүрмейтіндігін білдіртті, яғни олар лидер бола алады. Қалғаны басқаның сөзімен келісе бермейтінін айтты. Отбасындағы қаражат, рухани байлықтар баланың мінез-құлықтың қалыптасуына әсер ететіндігі бәрімізге мәлім. Сондықтан бұл тестті әлі де зерттеп, тиісті шаралар жасай отырып, баланың ойында ауытқушылықтар байқалса дұрыс жолға қою қажет.
Оқушының өзіндік бағасының деңгейін бақылаудың да маңызы зор және оны анықтаудың әдістері де әртүрлі болып келеді. Оқушының өзіндік бағасының деңгейін бақылау үшін «Идеал-Идеалға қайшы» атты әдісті жүргізуге болады.
Мысалы: Оқушыларға 60 әртүрлі қасиет жазылған парақ таратылады да, соның ішінен әр кім өзінің пікірі бойынша ең жақсы және ең жаман қасиеттерді таңдап, төмендегідей (1-кесте) етіп екіге бөліп жазу тапсырылады. Әр бағанада 10-нан болуы тапсырылды.
Кесте 1
Оқушының өзіндік бағасының деңгейін бақылау
1. сосын осы қасиеттердің өз бойларында кездесетінін тауып, астын сызулары керек. Нәтижесі төмендегідей етіп өңделді.
7:10=0. 7, 4:10=0. 4, мұндағы 7 мен 10 сандары асты сызылған сөздердің жалпы саны.
Егер «идеал» бағаны бойынша нәтиже 0. 0 мен 0. 3 аралығы болса, онда өзіне деген сыни көзқарасы төмен, бағалауы жоғары. 0. 3 пен 0. 5 аралығы болса, екеуі де дұрыс. Егер 0. 5 пен 1. 0 аралығы болса, онда өзіне сыни көзқарасы жоғары да, бағалауы төмен.
Егер өңдеуде қайшылық туса, онда оқушының ішкі дүниесінде қайшылық бар немесе бақылауға дұрыс мән бермеген деген сөз.
«Идеал» бағаны бойынша:
0. 7-1. 0 аралығыда нәтиже көрсеткендер; өзін-өзі жоғары бағалайтын балалардың есімдері: Сабина, Ұлан, Гаухар, Нарғыз, Мадина, думан, Өркен.
0. 5-0. 7 аралығында нәтиже көтсеткендер: өзін-өзі дұрыс бағалайтын балалардың есімдері; Елдар, Шыңғыс, Олжас.
0. 0-0. 5 аралығында нәтиже көрсеткендер; төмен бағалайтын балалардың есімдері; Мирас, Динара, Әділхан, Махаббат, Аружан, Мадияр.
«Идеалға қайшы» бағаны бойынша:
0. 0-0. 3 раралығнда нәтиже көрсеткендер; сыни көзқарасы төмен, өзін-өзі жоғары бағалайтын балалардың есімдері; Ұұұұлан, Гаухар, Динара, Махаббат, Аружан, Мадияр, Өркен, Елдар.
0. 3-0. 5 аралығында нәтиже көрсеткендер; өзін-өзі бағалауы, сыни көзқарасы дұрыс балалардың есімдері: Олжас, Нарғыз, Шыңғыс, Әділхан.
0. 5-1. 0 аралығында нәтиже көрсеткендер: сыни көзқарасы жоғары, өзін-өзі төмен бағалайтын балалардың есімдері: Мирас, Сабина, Мадина, Думан.
Екі бағанның нәтижелерін салыстыру арқылы кейбір балалардың көзқаратарында қарама-қайшылықтарың бар екендігі анықталды. Мысалы: Мадина, Думан, Сабина «идеал» бағанының нәтижесі арқылы өзін-өзі жоғары бағалайтынын көрсек, «идеалға қайшы» бағанның нәтижесі бойынша өзін-өзі төмен бағалайтыны анықталды. Қарама-қайшылықтар Нарғыздың, Елдардың, Динараның, Әділханның, Махаббаттың, Аружанның, Мадиярдың көзқарастарында да байқалды. Сынып жетекші осы мәселе бойынша тиісті тәрбиелік жұмыстары жүргізуі тиіс. «Идеал-Иеалға қайшы» әдісінің нәтижесі бойынша сыныптың орташа көрсеткіші 0. 5 - бұл дегеніміз сыныптың өзін -өзі бағалауы мен сыни көзқарасы дұрыс қалыптасқан деуге болады.
Сонымен қатар оқушылырдың тәрбиелік деңгейін диагностикалау процедуралары бірқатар; аналитикалық, бақылау-түзеу, прогностикалық қызметтерді атқаратындығы анықталды. «Оқушының тәрбиелік деңгейінің көрсеткіші картасы» арқылы балалардың тәрбиелік деңгейін диагностикалауға болады.
Сурет 1. Тұлғаның өмірлік маңызды күш-қуаттарының қалыптасуы
Көрсеткіштер
2А сыныбының жетекшісі Бимолданова Г. М. әлеуметтік педагогпен бірігіп тәрбие үрдісінің тиімділігін анықтау үшін тірбие өлшемдері мен көрсеткіштерін белгіледі. Тірбиелік өлшемдері- тұлғаның түрлі сапаларының қалыптасу деңгейін көрсететін теориялық тұрғыда негізделген өлшемдер. Ал тәрбиелік көрсеткіші- сәйкес қасиеттің қалыптасқандық деңгейіне орай әрқайсысы жоғары, орташа, төмен, өте төмен беп бағаланады.
Жүргізілген экспериментте 5-жоғары, 4-орташа, 3-төмен, 2-өте төмен дегенді білдіреді. Экспериментті жүргізу барысында балаларға 2 ай мерзімінде түрлі тапсырмалар беріліп, арнайы педагогикалық жағдайлар жүргізіліп жатты, әлеуметтік педагогпен сынып жетекшісі бақылауларды үнемі жүргізіп отырды. Соңында кестеде көрсетілгендей нәтижелер шықты. Қорытындылап айтқанда, былай деуге болады: 2А сыныбының
-танымдық күш-қуатының қалыптасу деңгейі - 3. 7;
-адамгершілік күш-қуатының қалыптасуы - 4. 2;
-қатысымдық күш-қуатының қалыптасуы - 4. 2;
-физикалық күш-қуатының қалыптасуы - 4. 2;
-эстетикалық күш-қуатының қалыптасуы - 4. 0
Бұдан шығатыны аталған сыныптың өмірлік маңызды күш-қуаттарының қаоыптасуының орташа деңгейі 4. 06 тең.
Сынып жетекшісіне тәрбие үрдісінің тиімділігін деңгейін жоғарылату үшін төмендегідей нұсқаулар беріледі:
1. Сыныптағы тәрбие үрдісінің тиімділігін түрлі дәстүрлі емес әдістердә пайдалана отырып тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру;
2. «Төмен», «өте төмен» деген баға алған балаларды күш-қуаттарының түріне байланысты топтастырылып, арнайы топтық, дербестік жұмыстар жүргізу;
3. «Орташа» деген баға алған балалардың тәрбиелік деңгейін жоғарылату жоғарылату маұсатында ынталандыру шараларын ұйымдастыру.
Мысалы, Рамазанов Мирас пен Сембаева Ленамен міндетті түрде дербестік жұмыстар жүргізілуі тиіс. Олардың таным әрекетін ояту үшін серуенге шығарып, қаршаған ортаға жаңа көзқараспен қаратып, ондағы болып жатқан құбаластарды көрсетіп, ол туралы қайдан оқуға болатындығы туралы, оқуға, білімділікке қызықтыру қажет. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізген жөн.
Әр бір білім мекемесінде таңдалған өлшем мен көрсеткіштерге қарай тәрбие әрекетінің нәтижелілігін зерттеу үшін әдістер мен тәсілдер кешені таңдалады. Бұл кешенге педагогикалық - психалогиялық диагностика дегеніміз - бұл оқушының жеке психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған және оқу-тәрбие үрдісін оңтайландыру мақсатында балалар ұжымының әлеуметтік- психологиялық сипаттамасын бағалау практикасы.
Сонымен қатар әр оқушы өзіне-өзі мінездеме жазады. Сосын әр оқушыны сынып жиналысында жоғары көрсетілген көрсеткіштер бойынша жеке-жеке талқылау етеді. Тек содан соң ғана ол педагогикалық консилиумға шығарылып, олар психалогиялық-диагностикалық зерттеу нәтижелерімен салыстырылады. Осының бәрін есепке ала отырып әр оқушының әлеуметтік тәрбиелілігінің жалпы бағасы шығарылады. Бұл баға оқушыға да ата-анаға да хабарланады. Және әр оқушының жоюы тиіс кемшіліктері көрсетіледі. Мұндай тәжірибеде әр оқушының өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу әрекетін ынталандырудың, өзін-өзі бағалауын қалыптастырудың тиімді жолы.
2А сыныбында бірқатар әдістер мен тәсілдер жүргізіліп, оқушылырдың әлеуметтік тәрбиесінің дамуы жан-жақты зерттелді. Оны төмендегідей (кесте 2) бейнелеуге болады.
Кесте 2
2-А сыныбының оқушыларының әлеуметтік тәрбиесінің дамуы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz