Кеуде сүйектері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I. Кіріспе.

1.1 Адамның тірек – қимыл жүйесі қызметінің ерекшеліктері

II. Негізгі бөлім.

2.1 Кеуде сүйектері

2.2 Иық белдеуі.

2.3 Жамбас белдеуі.

2.4 Бас сүйегі.

3.1 Сүйектердің өзара байланысу түрлері

3.2 Сүйектердің өзара жалғасуы

3.3 Сүйектің құрамы

3.4 Сүйектің өсуі

III. Қорытынды.

ҮІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кілт сөздер: қаңқа, омыртқа, сүйек, талшық, буын сұйықтығы, жілік, ұлпа,
иық белдеуі.

АДАМНЫҢ ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Барлық тірі организмдерге тән қасиет – қимыл-қозғалыс. Қимыл-қозғалыс
организмнің өсіп, дамуына әсер етеді. Оның адам денсаулығын сақтаудағы
маңызы аса зор. Адамның күнделікті отырып - тұруы, жүруі т.б осы секілді
қимылдарды тірек - қимыл жүйесі атқарады.
Тірек - қимыл жүйесі қаңқа мен бұлшық еттен тұрады. Тірек-қимыл
жүйесі тіректік, қозғалтқыш және қорғаныш қызметтерін атқарады.
Адамның қаңқасында 200-ден астам сүйек бар. Қаңқаны омыртқа жотасы,
кеуде қуысы, бас сүйек, иық, жамбас белдеулері, аяқ-қол сүйектері құрайды.
Сүйектің пішіні және оның үлкен-кішілігі, олардың орналасуына және
атқаратын қызметіне байланысты. Сүйектердің кейбіреулері мүшелерді
қозғалысқа келтіретін иін, екінші біреулері тірек қызметін атқарады.
Сүйектердің бір-бірімен дәнекер ұлпасы арқылы немесе шеміршекпен
байланысуын жалғасу дейді. Омыртқа жотасы бір-бірімен осылай байланысады.
Дәнекер ұлпаның иірімделген жұқа қабаты сүйекті өзара тығыз, мықты етіп
байланыстырады. Олардың аралығындағы шеміршек адам жүргенде, жұмыс
істегенде, дене селкілдегенде тиетін соққыны бәсеңдетеді.
Адам қаңқасы – омыртқа жотасынан, қабырғалардан және төстіктен тұрады.
Омыртқа жотасы немесе омыртқа бағаны – мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйымшақ
болып бөлінеді. Адамның омыртқа жотасы 4 иілімнен тұрады: оның екеуі алға
қарай, екеуі- артқа қарай иіледі.
Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан құралады. Әрбір омыртқа денеден және
бірнеше өсіндіден тұрады. Омыртқалар бірігіп, жұлын жолын немесе жұлын
өзегін түзеді. Омыртқа жотасындағы өзекке жұлын орналасады. Омыртқа
доғасында бірнеше өсінді болады: артқы, екі қарама-қарсы, екі жоғарғы және
төменгі буын өсінділері.

Омыртқа жотасының бірінші омыртқасы ауыз омыртқа (атлант) деп аталады.
Ауыз омыртқасында дене және өсінділер болмайды, сондықтан оның пішіні
сақина сияқты. Оның екі ойығы бар, олар арқылы бас сүйегіне жалғасады.
Кеуде сүйектері. Кеуде қуысында жүрек, өкпе, кеңірдек, өңеш, үлкен қан
тамырлары, лимфа жолдары және жүйке талшықтары болады. Адам тыныс алғанда –
кеуде қуысының көлемі ұлғаяды, ал тыныс шығарғанда көлемі кішірейеді де,
ондағы мүшелердің жұмысына әсер етеді.

Он екі қабырғаның дөңес басы арқа омыртқаларының ойысына бекіп, екінші
жағынан шеміршекті төссүйекке жалғасады да, кеуде қуысын құрайды.Төстікке
жетпеген екі жұп қабырға қысқа күйінде тұрады. Бұларды аралық қабырға деп
те атайды. Қабырға ұзын, тұтас, жалпақ сүйектерге жатады.
Иық белдеуі иық және қол сүйектерінен тұрады. Иық белдеуі арқылы қол
сүйектері байланысады. Бұғана мен жауырын бірігіп, иық белдеуін құрады.
Бұғананың бір басы төстікпен, екінші басы жауырынмен буын арқылы жалғасады.
Кеуденің сыртқы жағына орналасқан жалпақ, үшбұрышты сүйек жауырын деп
аталады. Қол сүйектері тоқпан және кәрі жіліктерден тұрады. Кәрі жілік
шынтақ және шыбық сүйектен тұрады. Білезік сүйек, алақан және саусақ
сүйектері қол басы болып саналады.

Жамбас белдеуі жамбастан және аяқ жіліктері мен табан сүйектерінен
тұрады. Жамбас белдеуі жалпақ жамбас сүйегінен, ортан жіліктен, тізе,
қақпақ сүйегінен (тобық), асықты жіліктен, өкше сүйектен (толарсақ), табан
сүйектерімен башпай сүйектерінен құралады. Жамбас сүйегі артқы жағынан
сегізкөзбен берік тұтасып, алдыңғы жағынан өзара байланысады.

Бас сүйегі ми сауыты мен бет сүйегі бөлімдерінен тұрады. Ми сауыты
жұмыртқа пішінді. Оның ішіндегі ми сүйегінің қарақұс тесігі арқылы омыртқа
жотасындағы жұлынмен жалғасады. Ми сауыты өзара берік және қимылсыз
байланысқан сүйектерден – төбе, самай, маңдай, шүйде (қарақұс), жақ
сүйектерден құралады. Бет сүйектері жұп: үстіңгі және астыңғы жақ
сүйектерден тұрады. Жақ сүйектерде тістің түбірі орналасатын ұяшықтар
болады. Жас нәрестенің басында шеміршектердің түйіскен жерінде пайда
болатын былқылдақ дене еңбек деп аталады.Бала бір жасқа толғанда төбе
сүйегін ұлпалар қаптайды. Мешелмен ауырған баланың еңбегі кешірек қатаяды.

Сүйектердің өзара байланысу түрлері. Сүйектердің қозғалмалы байланысын
буын дейді. Организмде сүйектердің өзара жалғасуының үш түрі болады:
қозғалмайтын,қозғалмалы және жартылай қозғалмалы. Сүйектің қозғалмайтын
жалғасуына - бас сүйегі, жамбас сүйегі; жартылай қозғалмалы байланыс түріне
- омыртқа жотасы; сүйектердің қозғалмалы байланыс түріне буын арқылы
жалғасатын, яғни қол сүйектері, иық пен аяқ белдеулері, қабырғалар жатады.
Қозғалмайтын және жартылай қозғалмалы жалғасатын сүйектер денеде тіректік
қызмет атқарады және оған белгілі пішін береді, кеңістікте оның тұру қалпын
көрсетеді. Жартылай қозғалмалы жалғасатын сүйектер және оларға бекитін
бұлшық еттер организмді қозғалтып, қимылға келтіретін мүшелер болып
саналады. Мұндай жағдайда жартылай қозғалмалы жалғасатын сүйектер рычагқа
айналып кетеді.
Сүйектердің өзара жалғасуы.Сүйектердің дәнекер ұлпасы немесе шеміршек
ұлпасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүйек туралы
Балалардағы тірек-қимыл жүйесінің жасқа байланысты ерекшіліктері
Үлкен асықты жілік жоғарғы ұшы жуан төменгі ұшы бар жіңішке түтікті сүйек
Сүйектердің құрылысына еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсері
Адам анатомиясы және онын мiндеттерi
Тұлға мен қол –аяқ сүйектерінің жеке, жастық және жыныстық ерекшеліктері
Тірек - қимыл жүйесінің дамуы
Адамның тірек-қимыл жүйесі қызметінің ерекшеліктері
Тірек-қимыл жүйесі. Қаңқаның негізгі бөлімдері
Сүйектің құрылысына еңбектің, спорттың әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсері
Пәндер