Жылқылардың африкалық обасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

І. Сойып ашу хаттамсы

1. 1 Кіріспе бөлімі

Хаттама № 2

Мал түрі - жылқы

Жынысы - ер

Жасы - 4 жас

Түсі - торы

Тұқымы - адай

Салмағы - 356 кг

Лақап аты - Айжұлдыз

Өлген күні - 5 мамыр 2018 жыл

Мал иесі - Жақыпов Р. Д

Мал иесінің мекен-жайы - Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Қараменді ауылы, Пионер көшесі, 36 үй.

1. 2 Өмірінің анамнезі

Аnamnez vitae - мал иесінің айтуы бойынша «Айжұлдыз» деген лақап атты жылқы шаруашылықта 2014 жылдан бар. Жылқылар жыл бойында өрісте, шөппен азықтанады, ал қыста қорада тұрады. Азық құрамында жылқы организміне қажетті минералдық, витаминдік затар болды. Суарудың қайнар көзі - құдық. Үш мезгіл азықтанады. Қора өте таза, әкталған. Барлық дизенфекциялық шаралар орындалып отырды.

1. 3 Ауру мен ауырғаннан кейінгі анамнезі

Anamnez morbi - мал иесінің айтуы бойынша 29 сәуірден бастап ауру белгілері пайда болды. Лихорадка, ісік, жөтел танауынан сұйықтықтар ағуы, жүрек қызметінің нашарлауы, әлсіздік, бұлщық ет дірілі, жарықтан қорқу, дене қызуы 40-41 ° С қа көтеріліп, көз алды ойығының, қабақ домбығуы байқалды. Аталып отырған аурумен жануар оның алдында ауырған жоқ. Жылқыға үйде емдеу жүргезілмеген. Клиникалық диагноз - жылқылардың африкалық обасы. Сойып ашу жұмыстары 2018 жылдың 5 мамыр күні 8:00-де. Науырзым ауданының ветеринарлық зертханасында өткізілді.

Союды өткізген: ветеринарлық фельдшер Аманбаев К. Б

1. 4 Сырқы өзгерістер

Жылқы өлексесін сыртқы өзгерістері бойынша зерттеу:

1. Жылқы адай тұқымына жататын, торы түсті, дене тұрқы дұрыс, салмағы 356 кг.

2. Құлақтары таза.

3. Көз алды ойығының домбығуы байқалған.

4. Бұлшық ет дірілі байқалады.

5. Қанаушылық көрінеді.

6. Көзге көрінетін кілегейдің көгеруі.

7. . Құлақтары қозғалмаған, тікірейген .

1. 5 Ішкі тексеру

1. Бас пен мойын ісінген.

2. Талақта еш өзгеріс жоқ

3. Ми мен оның қабықтарында қанталаулар байқалған.

4. Эпикард, жүрек еттері қанталаған.

5 . Қанның түсі қоңырлау.

6. Таңауынан көпіршікті экссудат аққан.

7. Өкпесі ісінген.

8. Кілегей қабықшалар көгерген.

1. 6 Патолого-анатомиялық балау

1. Жылқылардың африкалық обасына тән тілі қанталаған.

2. Ерін, қабақ пен кеудесі мен құрсақ аумақтарының тері асты ісінген.

3. Көкірек пен құрсақ қуыстарында және прикардта сарғыш түсті мөлдір сұйықтық жиналған.

4. Трахеясында, бронхыларында, танауында сарғыш көпіршікті экссудат жиналған, өкпесі мен лимфа бездері ісінген.

5. Жүректің коронорлары тамырларына, эндокард пен көк бауырының капсуласына, бүйрегіне, асқазанына, жіңішке және жуан ішектерінің кілегейлі қабықшаларына, бас миының ақ заттарына қан құылған, бауыры қанға толған болады.

1. 7 Зертханалық зерттеулер нәтижелері.

Зертханалық зерттеу Қостанай облысы, Науырзым ауданындағы зертханада өткізілді. Биосынама нәтижелері: ауру мал қанын жылқылардың қан тамырларына немесе тышқандардың миына жұқтыру нәтижесінде жылқылардың африкалық обасы оң нәтиже берді.

Жолдама (іліспе) құжат

Форма № 2

Қостанай облысы, Науырзым аудандық ветеринариялық лабораториясына

Мекен-жайы: Науырзым ауданы, Қараменді, Абай көшесі, 26 үй.

Өлген жылқының диагнозын анықтау мақсатында бағытталған.

Патологиялық материал (қандай, саны) : қан және өкпе жіберілді. Саны 2

Иесінің мекен-жайы (мал түрі, жасы) : Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Қараменді ауылы, Пионер көшесі, 36 үй.

Мал түрі - жылқы, жасы - 4 жас

Ауырған күні: 29 сәуір 2018 жыл

Өлген күні - 5 мамыр 2018 жыл

Клиникалық белгілеріне: лихорадка, ісік, жөтел, танауынан сұйықтықтар ағуы, жүрек қызметінің нашарлауы.

Патологиялық жарып сою кезіндегі деректер: бұлшық еті ақшылдау, тері асты мен өкпесінің ісінуі, дене қуыстарында экссудат жиналуы, қанталаулардың болуы.

Болжамды диагнозы: Жылқылардың африкалық обасы

Патологиялық материалды жіберген күні: 5 мамыр 2018 жыл

Лауазымы: ветеринарлық фельдшер Аманбаев К. Б

Қолы:

1. 8 Қорытынды

Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша аурудың клиникалық белгілері мен ашып сою нәтижесінде жылқылардың африкалық обасына балау қойылды. Өлім себебі денеге қоздырушының енуі. Танауынан сұйықтықтар ағуы, басы мен мойынның қатты ісінуімен ерекшелене жүрек қызметінің нашарлауынан тоқтауы.

5 мамыр 2018 жыл

Студент: Кадирова Г. М

Иесі: Жақыпов Р. Д

Ветеринарлық дәрігер: Аманбаев К. Б

ІІ. АУРУДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2. 1 Ауруға қатысты толық деректер

Жылқылардың африкалық обасы (біртұяқтылардың африкалық обасы, ЖАО) - жіті ағымда өтетін, қызбамен, тері асты ісінуімен, ішкі органдарының қантаулауымен, тыныс мүшелері мен қан айналымының зақымдануымен және малдардың көпшілігінің өлімге ұшырауымен сипатталатын, қан сорғыш жәндіктер мен арқылы трансмиссивті жолмен тарайтын вирустық індет. Табиғи жағдайда тақ тұяқтылар: жылқы, қашыр, есек жиі шалдығады.

j21gHYkOUTA.jpg

Сурет 1. Жылқылардың африкалық обасы

2. 2 Қоздырушысының сипаттамасы

Ауру қоздырушысы - РНҚ- лы бар вирустар тобына, тұқымдастығына, Orbivirus туыстығына жатады. Қоздырушысы қанда, ішкі мүшелерде, экссудатпен ұлпалы сұйықтықта, ауру мал несебі мен сүтінде анықтайды. Вирус ақ тышқандарға, егеуқұйрықпен теңіз шошқаларына патогенді келеді және тауық эмбрионында, маймылдардың бүйректі ұлпасында көбейеді.

Вирустың 9 түрлі антигенді және иммунологиялық варианттары бар, олар жалпы комплимент біріктіргіш антигенге ие келеді. Бұл вирусты 1934 жылы алғаш рет анықтаған ғалымдар Александр мен Ди-Туа. Вирионның пішіні икосаэдр тәрізді, диаметрі 70-80 нм болады.

scoOg8suMv8.jpg

Сурет 27. Жылқылардың африкалық обасының қоздырушысы

2. 3 Төзімділігі

Вирус қошаған ортаның әртүрлі факторларының әсеріне төзімді. Ол 50 °С-та 3 сағат ішінді, 60 ° С -та 15 минут ішінде өледі. Ауру мал қанында 70°С - қа дейін қайнатқанда 5 минут ішінде белсеңділігін жояды, 45 ° С - та температура 6 тәулік бойы әсерін тигізбейді. 6, 0-12, 0 рh бірлігінде тіршілігін сақтап, рh қышқыл жаққа өзгеруіне сезімтал келеді. Ультракүлгін сәулелендіру вирусты бірнеше минут ішінде залалсыздандырады. Вирус лиофилизацияны жақсы көтереді, ол вирустың бірнеше жыл сақталуына мүмкіндік туғызады. Сілті, формалин, қышқылдар, бірхлоры йод әсеріне белсеңділігн жояды.

2. 4 Географиялық таралуы

Жалқылардың африкалық обасы 1958 жылға дейін Оңтүстік Африканың орталық тропиктік аймақтарымен Шығыс Африкада спорадиялық жағдайлары тіркелеген. Кейіннен ол Кипр, Иордания, Ливия, Сирия, Иран, Түрік, Ирак, Ауғаныстан, Пәкістан, Үндістанда 1959-1963 тіркелген. 1965-1966 дылдары ауру Морокко, Алжир, Тунисте, кейіннен Испанияда 1966, 1987-1990 жылдары және Португалияда 1989 жылы байқалды. Жануар денсаулығын қорғау бойынша Халықаралық ұйымның 2005 жылдың 1 шілде ақпараты бойынша Қазақстанға Бостван, Свазиленда, Зимбавадан мемлекеттік ветеринариялық қадағалауындағы импортқа тиым салынған.

2. 5 Эпизоотологиялық мәліметтері

Жалқылардың африкалық обасы табиғи жағдайда біртұяқты малдар бейім: жылқы, есек, ұрғашы есек, зебр, қашырлар. Жылқылардың африкалық оба ауруының етін жиген иттерде ауруы мүмкін. Жасанды жұқтыруға ешкілер сезімтал келеді. Ірі қара мал және қойларды виурспен жұқтыру тек ғана дене қызуының қысқа уақыт жоғарлауымен шектеледі. Жалқылардың африкалық обасына адам бейімсіз.

2. 6 Инфекция қоздырушысының қайнар көзі

Жалқылардың африкалық обасымен ауыратын малдар. Ауру жылдық жылы, жаңбырлы күндері ылғалды жерлерде анықталып, стационарлы түру (қан сорғыш-тасымалдаушылардың массалық көбеюіне байланысты) байқалады. Ауру қыста тіркелмеген. Көбіне тінгі жайылымға қалып қойған жылқылар жұқтырылатын байқалған. Осы жацылымға күндіз жайылу қауіп төндермейді. Эпизоотия кезеңігде әкелінген жалқылар әдетте ауырып, барлығы да өлімге ұшырайды, ал ол кезде жергілікті жылқылар тек ауырады. Ауру және сау малдарды бірге ұстау сау малдардың ауруына қауіп төңдермейді. Жұқтырылу факторлары ішкі мүшелер, ауру мал қаны, ұрық, несеп және т. б. Жылқыларда вирус тасымалдаушылық 18 күнге дейін, зебр мен есектерде 28 күнге дейін. Ауру малдардан сау малдарға ЖАО вирусын тасымалдаудың негізгі атқаратын рөлі Culicoides тұқымының шыбындарымен және т. б шыбындар, сондай ақ Hyallomaт тұқыммының кенелерімен шақырылады, олар ересек жылқыны сорғаннан кейін 5 апта ішінде вирус жұқтыруға қабілеттеі. Табиғатта вирустың басқа резервуарлары анықталмаған. Жұқпалы африка обасынның вирусы табиғатта жабайы жануарлармен құстармен жұқтырылады деген болжамдар бар. Вирус жұқтырылған жәндіктермен жел арқылы алыс қашықтықтарға беріледі.

2. 7 Жұқтырылу должары және патогенез

Вирус мал организміне жәндіктердің(трансмиссивті жолы) тістеу кезінде тері арқылы еніп, өзіне сезімтал торшаларда көбейіп, қан тамырларына бай(талақ, өкпе) мүшелер мен ұлпаларға қан арқылы барады. Одан әрі эритроциттермен - барлық организмге енеде(тамыр өткізгіштігі бұзылып, қанқұйылу, домбығу, лейкопения) .

Мал өлімі өкпе домбығуынан және жүрек жетімсіздігінен(гипоксия) пайда болады.

2. 8 Аурудың клиникалық суреті

Инкубациялық кезеңі 7-14 күн, бірақ одан да қысқы(2 күнге дейін) болуы мүмкін. Ауру жетіден жоғары(симптомсыз түрі), жіті(жеңіл түрі), жітілеу(жүрек түрі) .

Жітіден жоғары түрінде қызба (40, 5 °- 42 °С қа дейін күрт жоғарылауы), әдсіздік, қанаушылық, пульсінің жиіленуі, бұлщық ет дірілі, 1-3 күн ішінде егер жіті жүрек жетімсіздігі байқалса өлімге ұшырайды.

Аурудың жіті түрінде дене қызуы 41°С қа күрт көтеріліп, демекпе, спазматикалық жөтел, кеңейілген танауынан көпіршікті, созылмалы экссудат бөлініп, коньюнктивитпен, жарықтан қорқу сипатталады. Ауруды 5-7 ші күндері өкпенің үдемелі домбығуы, көзге көрінетін кілегейдің көгеруі дамиды. Бір аптада өлім байқалады.

Жітілеу кезінде дене қызуы 40° - 41°С қа көтеріліп, көз алды ойығының қабақ, бас, мойын, кеуде торшасы, іш аяқ аумақтарының домбығуы байқалады. Бір аптада өлім байқалады.

Өлімнене 1-2 күнде бұырн дене қызыу қалыпқа дейін төмендейді. Аурудың бұл түріндегі малдардың тең жартысы тірі болуы мүмкін, ал олардың күшін қалыпқа келтіру баяу болады. Өңеш салдануы түріндік асқынуда байқалуы мүмкін. Аралас түрінде барлық жоғарыда аталған симптомдар байқалады. Бір апта ішінде жүрек жетімсіздігінен мал өлімге ұшырайды.

Жүйкелі түрде сирек кездеседі. Жылқыларда 70-95%, қашырларда 50%, есектерде 10% өлімге ұшыррайды.

2. 9 Патологоанатомиялық өзгерістері

Жітіден жоғары түрінде байқалмауы мүмкін. Мұрын қуысынын көпіршікті сарғыш сұйықтық, тілде қан құйылу, ерін, қабақ, іш, мойын асты аумағында тері асты клетчатканың домбығуы. Кеуде, құрсқ қуыстарында, перикардта - сарғыштау мөлдір экссудат, кеңірдек, бронхтармен мұрын қуысында ақ түсті көпіршікті сұйықтық, өкпе домбығуы, перде аралық лимфа түйіндер ісінген жүректің коронарлық тамырлар жолы бойы, эндокард, талақ капсуласы астында, бүцрек, асқазан, ішектің жуан және жіңішке бөлігігнің астында, бас миының сұр және ақ затында қан құйылулар, талақ ұлғаймаған, бауыр қанға толы.

Без названия.jpg

Сурет 3. Жылқылардың африкалық оба кезінде патолоанатомиялық өзгерістері.

2. 10 Зертханалық балау

Жылқылардың африкалық оба вирусын бөліп алуға және идентификациялауға қажетті материал ретінде 50% ды глицерин, 0, 5% ды фенол, 0, 5% ды калий оксалатының қаны, өлген малдардың көк бауыры, өкпесі мен лимфа бездері алынады. Алынған патологиялық материалдар салқындатылған ( +4°С) контейнерлермен зертханаларға жеткізіледі.

2. 11 Балау

Балау эпизоотологиялық (біртұяқтылар ауырады, жаз мезгілі, табиғи климаттық факторлармен байланыс, тасымалдаушының бар болуы, бас басынның үлкен саны, жоғары өлімге ұшырау), клиникалық белгілері (қызба, домбығу, жөтел, таңауынан жөтел ағу, жүрек жетімсіздігі), патологранатомиялық өзгерістері (тері асты клетчатка домбыққан, жене қуыстарында экссудат жиналған, өкпе домбығуы, қан құйылулар және т. б) биосынама нәтижелері (жылқыларды тамыр ішілі жұқтыру немесе тышқандарды ми ішілі ауру мал қанымен) және лабораториялық серологиялық мәліметтер (РА; РТГА; РДП; РН; РСК; ИФА) сондай ақ вирус бөлу және оның антигендік түрін анықтау бойынша вирусологиялық зерттеу негізінде қояды.

2. 12 Ажыратып балау

Сібір жарасын, жылқылардың жұқпалы қаназдығын вирусты артерит, трипанозамоз, пироплазмоз, және т. б шығару қажет. Өлген малдарда оба кезінде талақ ұлғаймаған, ал басқа көрсетілген ауруларда біршама ұлғайған. Сонымен қатар лабораториялық зерттеуде әр ауруға тән қоздырушы анықталды.

ЖАО лабораториялық диагностикалау ұшін төмендегілер өңделген:

  • Лабораториялық диагностикалау үшін пассивті гемагглютинация реакциясының жиынтығы;
  • Қатты фазалық ИФА үшін диагностикум жиынтығы.

Алдын алу күресу шаралары ЖАО бойынша жүзеге асырылатын нұсқауды қатал орындау, біртұяқтылардың ауруының қоздырушысын келтірмеу шаралары, транспорттың барлық түрлерімен жұқтырылған қан сорғыш жәндіктердің таралуын келтірмейтін қатал ветеринарлы - санитарлық шараларды жүргізу, пограндық аудандарда күзетік - карантиндік шараларды іске асыру қажет. Ауруға бейім малдарды күндізгі уақытта бағып қан сорғыш жәндіктерден сақтайды, прфилактика жүргізеді: поливалентті вакцина, моновалентті вакцина, моновалентті әлсіреген 4 серотипінен вакцина. Қандай да болмасын вакцинаны нұсқауға сай қолданады.

2. 13 Емі

Ем қолданбайды. Терапияның спецификалық заттары өңделмеген. Қолайсыз аумақта ауру пайда болған жағдайда карантин орнатып, арнайы комиссия құрайды. Күмәндік және ауру малдарды өлтіріп, өлекселерді өртейді.

2. 14 Алдын - алу шаралары

Жылқының африкалық обасы еніп және таралып кетпес үшін:

  1. профилактикалық және басқа шараларды жүргізуін жүйелі бақылау;
  2. осы аурудың алдын алуда жергілікті географиялық жағдаййларды есекріп жүргізілетін іс шаралардың аумақтық шекарасын анықтау;
  3. мал басын, неше рет өткізу керектігін, бөлме көлемін, гематофагтардың жиналған жерлерін есептен іс шарларды жүргізуге қажетті биопрепараттарды, инсектицидтерді, және басқа материалдарды қамтамасыз ему шараларын ұйымдастыру;
  4. елді мекендердегі халықтар арасында осы аурудың тегі және онымен күрес жолдары туралы ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
  5. барлық тақ тұяқты және иттерді қатаң есепке алу;
  6. барлық тақ тұяқиыларды басқа малдардан бөлек ұстау;
  7. жылқының африкалық обасы жөнінде таза емес аймақтардан шаруашылық субьектілеріне жалқыны енгізуге, сонымен қатар азықпен құралдыр әкелуге, кіргізуге тиым салынады;
  8. кеміргеіштермен күресу жөніндегі іс шараларды жүзеге асыру, жануарларға арналған бөлмелерді және гематофагтардың жиналатын орындарға жүйелі түрде дезинфекциялау жүргізу.

Дезинфекция.jpg

Сурет 4. Алдын - алу шаралары

Қорытынды

Anamnez morbid мәліметтері, зертхана және сойып ашу кезінде мәліметтерге қарасақ, жылқы өліміне африкалық оба себеп болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқылардың африкалық обасымен ауыратын малдар
Жылқы африкалық обасының қоздырушысы
Евразиялық экономикалық қауымдастығына мүше - мемлекеттердің аумағына жануарлар, жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар
Халықаралық қатынаста жануарларды тасымалдаудағы қауіпсіздігі туралы Евразиялық конвенция
Жануарлардың стронгилятозын алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринарлық ережесі
Эмбриондарды, мал шәуеттерін тасымалдау талаптары және оларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық сараптау
Экспорт және импорт кезінде жануарларға, жануартекті өнім мен шикізатқа қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар
Мал шикізат өнімдері
Шошқалардың африкалық обасы
Шекарадағы және кедендік пунктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалауды ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz