Қазақ тіліндегі түр - түс атауларының ұлттық сипаты



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Алматы қаласы
Жетісу ауданы
№110 мектеп-гимназия

Тақырыбы:
Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының
ұлттық сипаты

Бағыты:
Секциясы:


Орындаған: Кенжеева Васила Абдумомуновна
5-сынып оқушысы
Ғылыми Дүйсенова Г.А
жетекшісі: ІІ санатты қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі



Алматы, 2018 ж
№110 мектеп-гимназияның 5-сынып оқушысы Кенжеева Василаның Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының ұлттық сипаты тақырыбындағы ғылыми жобасына

П і к і р
Жас зерттеуші Кенжеева Василаның ғылыми жобасы нақты, толық, ғылыми жүйеге сай жазылған. Жұмысты орындаушы қазақ тілінің сөздік қорындағы түр-түс атауларын зерттеу нысаны етіп алып, сол бойынша жұмыстар жүргізген.
Жұмыстың кіріспесінде аталған тақырыпты таңдап алғандағы мақсаты, әр қарай жұмыс жүргізудегі бағыты туралы баяндаған. Бұған дейін осы тақырыпты қарастырып жүрген, арнайы мақала, кітап жазған ғалымдардың еңбектеріне шолу жасап шығып, өзіне керекті тұстарын ұтымды пайдалана блген. Бұл оқушының ғылымға деген ерекше қабілеті мен қызығушылығын көрсетеді.
Жобаның негізгі зерттеу бөлімінде түр-түс атауларының тұлғалық ерекшелігі сараланған. Бір және екі құрамнан тұратын атауларды оқушы өзі сөздіктерден, көркем шығармалардан іздей отырып жинады. Бірақ тізімді алға қарай тағы да толықтыру керек деп ойлаймын.
Зерттеу бөлімінің екінші тарауында түр-түс атауларының қолданылу аясы, яғни мақал-мәтелдерде, фразеологизмдерде, поэзиялық шығармаларда кездесу жиілігі талданған. Осы орайда бір қуантарлығы, ізденуші қажетті мысалдарды түсіндірмелік, фразеологиялық сөздіктерден, мақал-мәтелдер жинағынан теріп жазып, бөлімдерге бөлген. Мысалы: қара түске байланысты мақал-мәтелдер, ақ түске байланысты мақал-мәтелдер, т.с.с.
Кенжеева Василаның ғылыми жобасы құнды мәліметтерді, тың деректерді қамтуымен ерекше деп ойлаймын.

Аннотация
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Қазақ тілінің сөздік қорындағы түр-түс атауларының тілде қолданылу аясы кең екенін, өте ауқымды ұғымды қамтитынын дәлелдеу;
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:
Тіліміздегі түр-түс атауларының мәні мен мағынасы халқымыздың салт-санасына, рухани және материалдық мәдениетіне орай дамып, қалыптасқан.
Жұмыстың орындалу әдістері:
Әр түрлі түстерге қатысты тілдік бірліктер, яғни мақал-мәтелдер, фразеологизмдер өзара салыстырылды, талданды.
Зерттеудің теориялық мәнділігі:
Ә.Қайдаров, З.Ахтамбердиева, Б.Өмірбеков, т.б. тілші-әдебиетші ғалымдардың теориялық еңбектеріндегі теориялық ұғымдар мен материалдар пайдаланылды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Түр-түс атауларының түрлі салаға бөлінетіні анықталып, мақал-мәтелдер мен фразеологизмдердің мағынасы талданды.
Зерттеу жаңалығы мен дербестігі:
Халық шаруашылығымен байланысты, күнделікті қолданыла бермейтін торы, кер, шабдар, бурыл, тарғыл; бидай өңді, т.б. түстер анықталды.
Қорытынды:
Түр-түс атаулары тіліміздегі түрлі сөздердің, атап айтсақ, жан-жануар, өсімдік атауларының, жер-су аттарының, тарихи ошақтардың, ру-тайпа атауларының, адам аттарының құрамында көптеп кездеседі.

Аннотация
Цель исследования:
Доказать, что названия цветов в словаре казахского языка охватывает очень широкий диапазон и смысл.
Научный прогноз исследования:
Сущность и смысл названий цветов на нашем языке сформировалась и развивалась благодаря культуре, духовности и материальной культуре нашего народа.
Методы выполнения работ:
Сравнивались и анализировались лингвистические единицы (пословицы-поговорки и фразеологизмы) с разными названиями цветов.
Теоретическая значимость исследования:
Теоретические концепции и материалы были использованы из теоретических работ таких литературоведов, как А. Кайдаров, З. Ахтамбердиева, Б. Умирбеков, и др.
Практическое значение исследования:
Было определено, что названия цветов разделены на разные сферы, и их значения в пословицах и идиомах были проанализированы.
Научная новизна:
Были идентифицированы названия цветов, которые мы не используем ежедневно. Они в основном связаны с животноводством, растениеводством.
Вывод:
Названия цветов встречаются в составе разными слов и словосочетаний на нашем языке. Например, названия животных, растений, имена племен, имена людей и др.

Abstract
The purpose of the study:
To prove that the names of colors in the dictionary of the Kazakh language covers a very wide range and meaning.
The scientific outlook of the study:
The essence and meaning of color names in our language emerged and evolved through culture, spiritual and material culture of our people.
Methods of work performed:
Linguistic units (proverbs, sayings and idioms) with different names of colors were compared and analyzed.
Explore theoretical value:
Theoretical concepts and materials were used from theoretical works of such literary critics as A. Kaydarov, Z. Akhtamberdiev, B. Umirbekov, and others.
Explore practical value:
It was determined that the names of the colors are divided into different spheres, and their meanings in proverbs and idioms were analyzed.
Isolation of news research:
Names of colors that we do not use daily have been identified. They are mainly associated with animal husbandry, crop production.
Conclusion:
The names of the colors are found in different words and phrases in our language. For example, the names of animals, plants, names of tribes, names of people, etc.

Жоспар

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Бір сөзден және екі сөзден тұратын түр-түс атаулары
2 Түр-түс атауларының мәні мен мағынасы
3 Түр-түс атауларын қолдану
3.1 Мақал-мәтелдердегі түр-түс атаулары
3.2 Тұрақты сөз тіркестеріндегі түр-түс атаулары
3.3 Поэзиялық шығармалардағы түр-түс атаулары
ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ
Табиғат бізге өзінің ерекше әсемдігімен, көркем сәнімен, бояу-нақышымен қымбат. Оның сұлулығы, көз тартар көркі ең алдымен түрлі-түсті реңкіне байланысты. Бастарын қар шалған асқар таулар мен мұнартқан зеңгір шыңдар, арайлап атқан таң мен манаурап батқан күн, толқынды теңіздер мен айдынды шалқар көлдер, жөңки көшкен бұйра бұлттар мен күн сәулесімен көмкерілген кемпірқосақ, жасыл орман мен көгорай шалғын дала - осының бәрі өз өңімен, өз реңкімен, бір-бірін қайталамайтын неше алуан түр-түсімен, нақыш-бояуымен көрікті де көркем, әсерлі де әсем.
Табиғат көркемдігін сүю, сұлулығын сезіну, түрлі түсті ажырата білу жеке адамның өз басына ғана байланысты болғанымен, жалпы қоғам үшін түр-түс жайында мәлімет өте қажет. Осыған орай, басқа да табиғи құбылыстар сияқты, түр-түс табиғатының тым күрделілігіне байланысты онымен бүгінде түрлі ғылым салалары айналысады.
Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының табиғатын зерттеген тілші-әдебиетші ғалымдар Ә.Қайдаров пен З.Ахтамбердиева тіліміздегі негізгі түр-түстердің атауларын санай келіп, олардың санын он бір деп көрсетеді: қызыл, сары, жасыл, көк, күлгін, қоңыр, қара, сұр, боз, ақ, көгілдір [1, 15]. Бірақ төрт түлік малдың түр-түс атаулары өзінше де, осы атауларға қосымша, қосарлана айтылып және салыстырмалы түрде де жасалып жататынын айтады. Төл әдебиетіміздің қай шығармасын алсаңыз да түр-түс атауларының байлығы арқылы суреттелетін табиғат, адам сұлулығы, төрт түлік малдың әрқайсысына тән түрі мен түсін ажырататын атаулар бұған дәлел бола алады.
Түр-түс мәселесін арнайы қарастырған шетелдік, отандық тілші ғалымдардың қатарында А.Н.Кононов, Ұ.Серікқалиева, Қ.Қайырбаева, З.Ахтамбердиева, Б.Өмірбеков, Б.Хасенов, А.Әділова, Н.Аитова т.б. атап көрсетуге болады.
Біз Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының ұлттық сипаты тақырыбындағы ғылыми жобаны жазу барысында осы аталған ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, бұл атауларды халқымыздың салт-санасымен, әдет-ғұрыптарымен, наным-сенімдерімен тығыз байланыста алып қарастырдық.
Түр-түс атаулары тіліміздің бай сөздік қорының маңызды бір бөлшегі болып табылады. Сондықтан бұл жұмыста түсті білдіретін сөздердің мәні мен мағынасына, қолданылу аясына ерекше мән берілді. Бұл атаулардың ең қызықты жақтары - олардың негізгі мағынасынан бөлек, ауыспалы мағынада қолданылуы деп білемін. Мәселен, ақ тек түс атауы ғана емес, бірде сүт өнімдерін білдірсе, бірде адалдықты, пәктікті, тазалықты, енді бірде әдеміліктің символы бола алады. Сол сияқты қара да тек түс атауы болып қана қоймай, сөз тіркестерінің, сөйлемнің құрамына енген кезде әр түрлі ауыспалы мағыналарға ие болады. Мәселен, бірде қарапайымдылықты (қара халық), бірде киелілікті (қара шаңырақ), енді бірде қасірет, уайым-қайғыны (қара жамылу) білдіреді.
Түр-түс атаулары тілімізде әр түрлі тілдік бірліктердің құрамында көрініс тауып отырады. Осы орайда, түр-түс атауларын тұрақты сөз тіркестерінің, мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың құрамынан іздеп, зерттедік. Зерттеу барысында түйгеніміз, тұрақты сөз тіркестерінде мұндай атаулар негізінен төрт түлік малға қатысты, соларды анықтаушы сөз ретінде келіп отырады. Бұдан қазақ халқының төрт түлік малды түстеп тануға келгенде алдына жан салмайтын керемет зеректігі мен көрегендігіне көзіміз жетті.
Сонымен бірге, қазақ халқының ұлттық мәдениетін де түр-түссіз елестетуге болмас. Себебі, тарихтан белгілі Көк түрік, Ақ Орда, Көк Орда, бала алғаш жүргенде аяғына ала жіп байлау - бәрі түр-түспен байланысты болып табылады. Тіпті, тұрмысқа жаңа шыққан қыз бала ата-анасына орамал тігіп, өз мұңын, жағдайын, қуанышын, шат көңілін, жіптің түр-түсімен жеткізіп отырған. Егер орамал қызыл жіппен кестеленсе, оның әке-шешесі бұл хабарға өте қатты қуанып, барған жеріне риза болған. Өйткені қызыл жіп қуанышты, шат көңілді, бейбіт өмірді білдіреді де, ал сары жіп - керісінше, уайым-қайғының белгісі болғандықтан, қыздың әке-шешесін сағынып жүргендігін білдірген - дейді Н.Аитова [2, 65].
Жұмыста әрі қарай осы мәселелер туралы кеңінен сөз қозғалмақ.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Бір сөзден және екі сөзден тұратын түр-түс атаулары
Табиғатта жай көзбен және арнаулы аспаптар жәрдемімен байқауға болатын 2 мыңнан 30 мыңға дейін түр-түс бар екен. Ғылыми деректерге қарағанда, бұлардың өзі табиғатына қарай түр-түстің негізгі түрлері және қосымша түрлері болып үлкен екі топқа жіктеледі екен. Сонда негізгі түстерге жеті хроматты (қызыл, сары қызыл, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) және үш ахроматты (қара, ақ, сұр) түстер жатады екен. Хроматты түстердің санын кейбір ғалымдар тоғызға, тіпті он беске дейін жеткізеді.
Қазақ тіліндегі жалпы түр-түс ұғымына қатысты атаулардың саны мыңнан асады. Табиғаттағы түр-түстердің құрамына сәйкес, олардың тілдегі көрінісі де әр алуан болып келеді [1, 24].
Түс атауларының қанша сөзден және қандай сөздерден тұатындығына көңіл аудару өте маңызды. Өйткені бұл олардың мағынасына тікелей байланысты. Басқаша айтқанда, бір сөзден тұратын атаулар бір текті түстерді, екі немесе одан да көп сөздерден тұратын атаулар әр текті, аралас түстерді көрсетеді. Бірақ, кейде бір сөзден тұратын атаулың өзі де аралас, қоспа реңктерді білдіруі мүмкін.
Бір сөзден тұратын түр-түс атаулары.
Оларға, мал және хайуанаттар түстерін қоса есептегенде, мыналар жатады: ақ, ақша, ақшыл, ақшылдау, аппақ; боз, бозаң, бозғыл, бозғылт, бозғылтым, бозалаң, бозаңқы; сұр, сұрша, сұрғылт, сұрғылтым, сұрлау; қара, қаралау, қаралаңқы; қызыл, қызылша, қызғылт, қызғылтым; көк, көкше, көгілдір, көкшіл, көкшілдеу, көгеріңкі, көкпеңбек, көгілжім; жасыл, жасылша, жасылдау; сары, сарыша, сарғыш, сарғылт, сарғылтым; ала, алаша, алалау, аламыш; қоңыр, қоңырша, қоңырлау, қоңырқай; құба, құбаша, құбаң, құбақай; торы, торыша, торғыл, торғылт, торғылтым; күрең, күреңше, күреңдеу; жирен, жирендеу; шұбар; тарғылғ тарғылша, тарғылдау, шабдар, теңбіл, теңбілше, теңбілдеу, т.б.
Екі сөзден тұратын түр-түс атаулары.
Бұлар әр түрлі, әр тектес, әр алуан түстер мен реңктерді білдіреді. Мұндай түс атауларын құрамындағы сөздердің мағыналарына қарай отырып, екі топқа бөлдік. Бірінші топ - екі сыңары да түр-түсті білдіретін сөздер, екінші топ - бір сыңары түр-түс атауы да, екінші сыңары басқа мағынадағы сөздер [3, 65].
Ақ: ақ ала, ақ құба, ақ сары, ақ сарғыл, ақшыл сары, ақ сұр, ақшыл боз, ақшыл көк, ақшыл қызыл, ақ сарғыш, ақ боз, ақ бөрте, ақ бурыл, ақ шұбар, ақшыл сары, ақ ала; ал: ал қызыл, ал қара, ал сары, ал қоңыр; ала: ала шұбар, ала жасыл, ала көк, ала қызыл; боз: боз ала, боз жирен, боз шұбар, бозғыл сары, бозғылт сұр, бозғыл көк; жасыл: жасыл сары, жасыл ала; жирен: жирен шабдар, жирен ала, жирен сары, жирен қоңыр; кер: кер ала, кер торы, кер жирен, кер шабдар, кер құла; көк: көк бөрте, көк теңбіл, көк ала, көкшіл торы; күлгін: күлгін қызыл, күлгін қоңыр, күлгін сары; күрең: күрең қызыл, күрең қошқыл, күрең қара, күрең көк; қара: қара ала, қара шұбар, қара қошқыл, қара сұр, қара тарғыл, қара теңбіл; қоңыр: қоңыр ала, қоңыр күрең, қоңыр сары, қоңыр сұр; қызыл: қызыл жирен, қазал күрең, қызыл күлгін, қызыл қоңыр, қызыл сары, қызғылт сары,қызғылт қара, қызыл шұбар; сары: сары ала, сары жирен, сары қызыл, сары боз, т.б.
Екі сыңары да түр-түс мағынасында жұмсалатын жоғарыда келтірілген атаулардың тағы бір ерекшелігі - олардың кейбіреулері орын тәртібін алмасып та қолданыла береді [4, 101].
Түр-түске байланысты сөздердің ішінде көп кездесетіні - бір сыңары ғана түр-түсті білдіріп, екінші сыңары ондай мағына бермейтін атаулар. Мысалы: шойын қара, тобылғы торы, т.б. Бұлардың орнын алмастырып қолдануға болмайды. Өйткені ол тіркеске тән тұрақтылық белгісі. Мұндай атауларға мысал ретінде мынадай тіркестерді таптық: көмір қара, мақпал қара, күйедей қара, ашық қара, қою қара, солғын қара, қанық қара, сүлік қара; ашық қызыл, қан қызыл, қанық қызыл, қою қызыл, өрттей қызыл, нарттай қызыл, шымқай қызыл, шиедей қызыл, түлкідей қызыл, қына қызыл, шоқтай қызыл; зеңгір көк, шымқай көк, аспан көк, бұйра көк, мұздай көк, мөлдір көк, ашық көк; ашық сары, айқын сары, шикіл сары, алтын сары, жылтыр сары, солғын сары.
Осы орайда айта кетерлік жайт, қазақ тіліндегі мұндай тіркестер алдыңғы сөздің түсіне ұқсас түсті сипаттаудан туындаған болса керек. Мәселен, аспан көк, қан қызыл, алтын сары. Бұл тәсіл орыс тіліндегі вишневый, грушевый, салатный, малиновый, серебристый сияқты сөздердің жасалуына ұқсас.

2. Түр-түс атауларының мәні мен мағынасы
Тіліміздегі барлық сөздер сияқты түр-түс атауларының да өздеріне тән мағынасы болады. Олар өздерінің түсті білдіретін негізгі мағынасымен қатар, көбінесе ауыспалы мағынада жұмсалып жатады. Оны көркем мәтіндерден, тұрақты сөз тіркестерінен, мақал-мәтелдерден жиі байқаймыз. Бірақ олардың бәрі бірдей ауыспалы мағынада қолданыла бермейді. Әсіресе малдың түр-түстері тек өз мағынасында қолданылуды қалайтын сияқты. Мәселен, торы, жирен, құла, кер, шабдар, т.б.
1. Ақ - қараға қарама-қарсы түс. Бұл - ақ түстің негізгі түстік, реңктік мағынасы. Мәселен, Ақ жаулығы ананың, ақ көрпесі баланың деген сөйлемдегі ақ атауы өзінің негізгі түстік мағынасын аңғартып тұр. Бірақ бұдан басқа жағдайларда ақ атауы тек түсті ғана білдіре бермейді. Оны біз халықтың ұлттық болмысымен, тұрмысымен байланысты тіркестерден көре аламыз. Енді ақ сөзінің басқа да мағыналарына тоқталайық:
Ақ - сүт, сүт тағамдары. Сүт тағамдарына төрт түлік малдың сүтінен өндірілетін (айран, қатық, сары май, құрт, ірімшік, қымыз, шұбат, т.б.) тағам, сусындар енеді. Ауылға барып, ақ ішіп демалып қайттым дегендегі ақ жалпылама сүт және сүт тағамдарын білдіріп тұр. Ақсырау - сүт және сүт тағамдарын сағыну.
Ақ - адал, таза, күнәсіз, пәк мағынасында. Мысалы: Аққа құдай жақ.
Ақ - ізгі тілек, жақсылық, бақыт. Мысалы: ақ тілек - шын көңілден айтылған ізгі тілек; ақ жол тілеу - сапардың, саяхаттың оң болуын, аман-есен оралуын тілеу; ақ босаға, ақ отау, ақ дастархан, ақ жаулық - осының бәрі игіліктің, жақсылықтың нышаны ретінде қолданылатын тіркестер.
Ақ - хан, бек, төре тұқымына тәндігін, елден ерекшелігін, олардың байлығын, дәулетін, сәулетін аңғартады. Мысалы: ақ сүйектер - хан, төре тұқымдары, ақ орда - билеуші қауымның мекені, ел басқаратын орталығы; ақ үй - дәулет нышаны, бай адамдардың отыратын үйі, ертеректе ел киіз үйлердің ақ-қара түстеріне қарап-ақ, байдың үйі ме, жоқ кедей-кепшіктің үйі ме, бірден анықтай алған; ақ саусақ - қара жұмыс істемей, өзін өзі күтумен ғана шұғылданатын адамдар.
Ақ - әйел адамдарға тән әдемілікті, келбеттілікті аңғартады. Мысалы: ақ дидар, ақ жүзді, ақша бет, т.б.
2. Қара - бұл түстің анықтамасы түсіндірме сөздікте ақтың қарама-қарсы түсі деп берілген [5, 335]. Қара көмір, қара күйе, қара түтін, қара шаш, қара айғыр деген тіркестерде қара сөзінің негізгі тура мағынасы көрінеді. Ал қазақ тілінде қара сөзінің ауыспалы мағынасы өте көп.
Қара - алыстан бұлдырап, қарауытып көрнетін бейне, жанды және жансыз зат тұлғасы. Мысалы: Алыстан бұлдырап бір қара көрінді.
Қара - хан, ақсүйектер, төре тұқымына жатпайтын жалпы халық не сол халықтың өкілі. Мысалы: Қарадан шығып хан болған; қара қазақ - мұнда да түр-түсінің қаралығы емес, қарапайым қазақ деген мағынада айтылып тұр. Қара халық, қара тобыр, қара шаруы (мал бағып күн көретін шаруа адам), қара бұқара, қара жұрт, т.б.
Қара - майсыз, дәмсіз, қатықсыз, сүтсіз дайындалған ас (ет, көже, сорпа, нан, шай). Мысалы: қара сорпа - майсыз сорпа, қара көже - құрт, айран, қатық қатпаған көже. Халықта Қайғысы жоқ адамға қара көже балмен тең деген мақал бар. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы
Жарнамадағы түс: психолингвистикалық зерттеу
Ақ, қара түс атауларының лингвистикалық әлеуеті
Ақ және қара түр - түс атауларының тұлғалық дамуы
Функционалды-семантикалық өріс проблемасы
Түр түс атаулары
Көркем мәтін тіліндегі сөз-символ қолданысы
Әлем бейнесі және әлемнің тілдік бейнесі ұғымдары
Қазақ тіл білімінде концептілердің зерттелуі
Қазақ және орыс тілдеріндегі гүл атауларына салғастырмалы талдау
Пәндер