Ахмет Байтұрсынұлы туралы айшықты ойлар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

«Ұлы даланың жеті қыры: тарихи тұлға - Ахмет Байтұрсынұлы»

Ахмет Байтұрсынұлы туралы айшықты ойлар

Ахмет Байтұрсынов - ұлттық дамудың талай жыл әбден тот басып қараусыз қалған, тіпті қараң қала жаздаған тегершігін бір өзі айналдырып көріп, тоқтаусыз қозғалысқа қосып берген ерен тұлға. Туған халқының рухани жаңғыруының сырын тап ондай біліп, сол жолда қалтқысыз еңбек етіп, мәңгі ескірмейтін ағыл-тегіл мол үлес қосқан қайраткер туралы көзқарастарын айтып, пікірлерін білдірген тұлғалар аз емес.

Мәселен, С. Сейфулин: «Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары үйез, губернатор, судтардың күшін салып, тілмашы болып, кейбір оқығандары арларын сатып, ұлықтық іздеп жүргенде Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызметтерін қылды. Әуелі ол школда қазақ балаларын оқытып тұрды. Надандықпен күресіп, патша үкіметінің әділсіз өкім зорлығымен күресіп, Крылов деген орыстың жазушысының 40 мысалын қазақ тіліне аударды. Ол 40 мысалдың әрқайсысына сол патша заманның әділсіз тұрмысынан алып, қазаққа патша өкіметінің істейтін жәбіршілігін айтып, өзінен мысалдар келтірді. Қазақ халқының арын, намысын жоқтап, «Маса» атты өлең кітаптарын жазып шығарды. Одан соң Орынборда «Қазақ» деген газетті шығарды. Одан соң қазақтың бастауыш мектептеріне арнап «Оқу һәм тіл құралдарын» жазып шығарды. Коммунистерше жалы байлардың құлдығында жүрген жарлылардың ғана арын, намысын жоқтамаса да, коммунистерше жалпы байларға оқ атып, жалпы жарлылардың таяғын соқпаса да Ахметтің халыққа бұл істеген қызметтері зор қызмет, бұл қызметтің әсіресе көзге көрінетіндері: өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, әркім имандарын сатып жүргенде Ахмет халықтың арын ідеп, сол өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін, шын ұлтшыл» - дейді. [1]

… А. Байтұрсыновтың өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде бірінші орын алады… А. Байтұрсыновтың арқасында санасыз түрде болмаса да шын мәнінде орыстана және татарлана бастаған қазақ зиялыларының бір тобы дереу есін жиып, … өз ағаттықтарын түсіне бастады… (Міржақып Дулатов)

«Ақаңның бұрынғы айтқан сөзін әлі қазақ баласы ұмытқан жоқ, өлеңіндегі белгілі сарын әлі ескірген жоқ. Әлі күнге қазақ даласының күшті сарыны болып, Арқаның қоңыр желімен бірге есіп шалқып жатыр. Бұдан он-он бес жыл бұрын:

Алаштың үмбетінің бәрі мәлім,

Кім қалды таразыға тартылмаған, - деп Ақаң айтса, біз де осы күнде соны айтамыз. Айналып келіп таразыға тартылған, сыннан өткен деп Ақаңның ғана ардақты атын атаймыз. Одан басқа жалпақ елдің сынына ттолып, мейірін қандырған кісілер санаулы. Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны- “Қырық мысал”, “Маса”, “Қазақ” газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер- білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды» - десе, тағы бір сөзінде: өмір бойы туған халқының арын арлаған, арына айналған, елі абыройын арқа тұтқан Ахмет Байтұрсынұлы «қазақ жұртының алғашқы көсемі» ретінде, міне осылай танылды» - дейді. (Мұхтар Әуезов)

Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Бақия Атшабаровқа Ахмет Байтұрсынұлы туралы айтқан бір естелігінде Әлімхан Ермеков былай дейді: «Ахаңды біз өзімізше Алашорда үкіметінің құрамына сырттан кіргізіп қоятынбыз, сөйтіп ол кісінің халық арасындағы үлкен абыройын партия мақсатына пайдаланатын едік».

Ломоносовтың бойында екі түрлі қабілет бар- ақындық пен ғалымдық, оның соңғысы алғашқысына қарағанда күштірек”- деген еді В. Белинский. Осыған ұқсас жайды Ахмет бойынан да көреміз. Оның ақындығын ғалымдығы жеңіп кетті… Қазақ даласына азаттық идеясы тарай бастаған тұста жаңа поэзияның бастаушысы, алғашқы ту ұстаушысы болып Ахмет қашан да тарих биігінде тұрады. (Серік Қирабаев)

Екі жинақ- “Қырық мысал”, “Маса”- қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектерімен байытты; Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты ақындардың жаңа буыны тарам- тарам үлгілерді тереңдетіп, жалғастырып әкететін болады. - Рымғали Нұрғалиев

Сан салалы ғалым Ахмет Байтұрсынов туған тілдің, туған мәдениеттің басында тұрды. Туған тілдің әдеби нормасын жасады. Бірде- бір бөгде тілдің сөзін қоспай, бірде- бір цитата келтірмей, таза, мөлдір тілмен өзі тапқан қисынды баламалармен “Әдебиет танытқышты” жазып шықты. - Сырбай Мәуленов

Біз бүгін Ахаңның “Әдебиет танытқышын” Аристотель “Поэтикасымен” салыстырар едік. Мұның мәнісі- екеуі де: бірі грек әдебиетінің, екіншісі қазақ әдебиетінің алғашқы әліп- билері”. Асылы, үздік қасиеттер бір- бірінен неғұрлым ерекше болса, бір-біріне солғұрлым ұқсас болады”-десе, енді бір жерде: «Ахмет Байтұрсынұлы өзінің «Әдебиет танытқышы» арқылы қазақтың таза ұлттық топырағына егіп-өсіріп, жалпы әдебиет дегеннің болмысы мен бітімін Ахаңша есіліп, Ахаңша көсіліп бір толғап берді. Бұл - сөз өнерінің басы, «әліп-биі». Өйткені сөз өнерінің тек ұлттық қана емес, күллі адамбаласылық ұлы проблемалары әдебиеттің болмыс-бітімін белгілеумен ғана шектелмейді, бұдан әрі біріне-бірі тұтасып, әдеби шығарманың сыры мен сипатын парықтау, ақыр-аяғында әдеби дамудың мағынасы мен мәнін анықтау жатыр. Бұларды жүзеге асыру жолын «Сөз өнерінде былай белгілейміз: әдебиеттің теориялық мәселелерін бірыңғай қисынға ғана айналдырып, оны әлдебір қасаң ереже, кейде тіпті қатал заң ретінде ұсынбай, теориялық толғамдарымызды жазушылық шеберлік мәселесімен, қажет жағдайда қаламгерлік өнердің қиын иірімдерімен ұштастыра, көркем творчествоның психологиясымен байланыстыра жүйелеп отыруымыз керек. Бұл міндетті Ахаң өзінен кейінгілердің үлесіне қалдырып кетті». - Зейнолла Қабдолов

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті кітабын жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргетасын қалаған алғашқы адам- Ахмет. - Сәбит Мұқанов

Әбіш Кекілбаев: «Ахмет Байтұрсынов - ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға. Бәлкім, біреулерге бұл орынсыз тамсану боп көрінер. Оған дейін де бұл далада Фараби, Йассауи, Қорқыт, Асан Қайғы, Ыбырай, Шоқан, Абайлар да өтті ғой десер. Ол рас. Бірақ Ахмет Байтұрсынов оларға ұқсайды да, ұқсамайды да. Ұқсайтыны: ол да аталмыш алыптар сияқты, ұлттық дамуымыздың үрдісі мен қарқыны қалған дүниедегі даму үрдісі мен қарқынына сәйкес келмей кенде қалып, көрер көзге тығырыққа тірелген халқына адастырмас жол іздеді. Ұқсамайтыны: Ахмет Байтұрсынов ондай жол Қорқыт пен Асан қайғыдай үйреншікті үрдісті аман сақтап қалатындай жаңа қоныс іздеумен табылады деп түсінбеді; Фараби мен Йассауидей өз тұсындағы кең жайылған антикалық немесе исламдық дүниетанымға уақытылы көшу арқылы барлық мәселені шешуге болады деп ұқпады Абай, Шоқан, Ыбырайлардай теңдікке жетудің жолында тек ағартушылықпен шектелгісі келмеді. Оның үстіне, бұлардың ешқайсысын да Ахмет Байтұрсыновтың рухани қалыптасуына тікелей әсер етті деу тым асыра атқандық болар еді. Ол кезде жұрттың көбі Фараби мен Йассауидің заты түгілі, атына қанық емес еді» - дейді.

Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген- Ахмет Байтұрсынов. - Қайым Мұхамедханов

… Бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахметті қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі, сөзін оқып, сүйсінеді. - Ғаббас Тоқжанов

Ахмет Байтұрсынов- біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсыновтың әліп-биімен ашып, ана тілін Байтұрсыновтың “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді - Рабиға Сыздықова.

«ХХ ғасыр даналарының бірі - Ахмет Байтұрсынұлы. Ахаңның өмірі, тағдыры, мұрасы - оның ғасырдың ұлы перзенті екендігінің айғағы. Ол күрескен кесапаттар - надандық, қараңғылық, ұйықышылдық, адами хайуандық, отаршылдық, ұлттың азуы мен тозуы, оның бұратаналық болмысы, жараланған жан жарасы, құлшылдық санасы, таланған жері, қансыраған тілі, шоқындыру саясатынан жансыздана бастаған діні, орыстандыра бастаған ділі. Бір сөзбен айтқанда, қазақ халқының болашақта болу-болмау альтернативасы. Ахаң тағдыры - ел тағдыры . . . [1]

. . . А. Байтұрсынұлы - ХХ ғасырдың ірі құбылыс, феномені. Оның есімі осы дүбірлі ғасырдың түбірлі, түбегейлі құбылыстарымен тағдырлас. Сондықтан байтұрсынұлытану шын мәнінде ғасыртану десе де болады. Сондықтан байтұрсынұлытануды дамыту барлық гуманитарлық ғылымдардың ортақ парызы. Ендеше, Ахаң болмысы жан-жақты ашылғанда ғана ұлт перзентінрің қырлары мен сырлары ашылады, әлемдік ұлт-азаттық қозғалысына қазақ халқының косқан сүбелі үлесі сомдалады. Сөз жоқ, бұл болашақтың ісі». (М. Қозыбаев)

«Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетасын қалаудағы Ахаңның және бір зор еңбегі - ғылымның осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша термин ұсынды. Осы күнгі қолданылып жүрген «зат есім», «сын есім», «есімдік», «одағай», «үстеу», «бастауыш», «баяндауыш», «жай сөйлем», «құрмалас сөйлем» сияқты сан алуыан лингвистикалық терминдердің баршасы А. Байтұрсынұлыныкі. бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жаңғырту, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті шыққан атаулар. Мұны бұлардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан өміршеңдігі дәлелдейді. Ғалымның қазақ тіл біліміне әкелген жаңалығын замандастары жоғары бағалады» . (К. Хұсайын) [1]

«Ахмет Байтұрсынұлы - халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, әмбебап ғалым, ақын, аудармашы, журналист, көсемсөз шебері . . . Бір сөзбен айтқанда, «сегіз қырлы, бір сырлы» адам. Ахмет Байтұрсынұлынығ сан қырлы қасиеттерінің бірі оның қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі болып табылады. Осы күнге дейін А. Байтұрсынұлының аса ірі қоғам және мемлекет қайраткері, айлалы саясаткер ретіндегі қызметі туралы жеткіліксіз айтылып, аз жазылып келеді. оның басты себебі, Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық демократиялық Алаш қозғалысының көсемдерінің бірі, Алаш партиясы мен Алаш автономиясын құрудың бастау көзінде тұрған айтулы тұлғалардың бірегейі болғандығына ғана байланысты емес еді. Қоғам және мемлекет қайраткері ретінде Ахмет Байтұрсынұлы біраз бұлтарысы бар күрделі жолдан өткен адам. Алаш қозғалысының жетекшілерінің бірі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсынұлы өмір белестері, тарихы
Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармалары
Ахмет Байтұрсынұлы туралы
Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы
Ғалым, ағартушы, тілші - Ахмет Байтұрсынов
Ұлттың ұлы ұстазы: А.Байтұрсынұлының 130 жылдығына арналған әдістемелік құрал
Мағжан жұмабаевтың өмірбаяны
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін оқыту әдістемесі саласындағы еңбектері
Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық көзқарастары
С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, М.Дулатов шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz