Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ терминологиясы

Ахмет Байтұрсынұлының оқу-ағарту ісі мен білім-ғылым саласында істеген қызметі тарихымызда теңдесі жоқ феномендік құбылыс болды дей аламыз. Бұған ХХ ғасырдың алты миллиондай қазаққа алғашқы ұлттық жазу таңбасын жасап бергені; қазақ балаларының өз мкетебінде оқуларына күш салып, ана тілінің әліппесі Оқу құралы мен бастауыш білім сатысына арналған тұңғыш оқулықтарын Тіл құрал жазуы; сауат аштыру әдістерін Баяншы ұсынуы; кейінірек (1926 ж) әдебиеттануға арналған кітап Әдебиет танытқыш , мұны бұрын болмаған ғылыми монография десек те , жоғарғы оқу орындарының филология факультетіне арналған тұңғыш оқулық десек те болады және осындай еңбек жазғаны дәлел. Қазақ тіл білімінің, оның ішінде ғылыми терминологияның қалыптасуы мен дамуы туралы сөз қозғағанда, алдымен Ахмет Байтұрсынұлының есімі ойымызға оралады. Себебі - қазақтың ұлттық ғылым тілінің, терминологиялық қорының дамып, қалыптасуының тұтастай бір кезеңі ғалым еңбектерімен, оның ғылыми-педагогикалық, ағартушылық және ғылыми-ұйымдастырушылық қызме - тімен, қайраткерлігімен тікелей байланысты. Сондықтан да қазақ терми - нологиясының тарихы, оның даму, қалыптасу кезеңдері туралы сөз қозғағанда Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми шығармашылығы мен қоғамдық қызметіне жан-жақты тоқталу, оны терең зерттеу өте маңызды. ХХ ғасыр басындағы қазақ терминологиясының дамуы мен Алаш зиялыларының ұлттық ғылым тілін қалыптастырудағы рөлі туралы сөзді Ахмет Байтұрсынұлынан бастайтындығымыздың себептерін нақты тілдік-тарихи деректерге негіздей отырып айта алсақ қана біз ғалым мұрасының қадіріне жетіп, оның озық ойлары мен терминжасам тәжірибесін қажетімізге жарата аламыз. Ол бастаған жолды жалғастырып, ғылым тілін дамытудағы ол қалыптастырған лингвистикалық дәстүрді сабақтастыру мүмкіндігіне ие боламыз. Сол себептен де Ахмет Байтұрсынұлы мұрасына аса мұқият қарап, оған әр қырынан үңіліп, жан-жақты зерделеу - қазақ тіл білімінің кешегі тарихы үшін ғана емес, оның алдағы уақыттағы дамуы үшін де қажет іс. Біз ғалымның қазақтың ұлттық терминологиялық қорын қалыптастыруда ұстанған бағыты, қалыптастырған қағидаттары, айтқан ойлары мен терминжасам тәжірибесі төңірегінде ой өрбітпекшіміз.
Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми терминологияны қалыптастыруға қосқан үлесін ғалымның жекелеген немесе бір топ термин - дердің ғана авторы емес, бірнеше ғылым саласының терминдер жүйесінің негізін қа - лағанын аңғаруға болады.
Ең алдымен,Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ тіл білімінің терминологиясын жасаушы. Кез келген ғылымды оқып білу, меңгеру немесе оны өзгелерге үйрету сол ғылым саласында қолданатын арнаулы ұғым атауларынсыз мүмкін емес. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ғалым ретінде Ахмет Байтұрсынұлы осы ғылым саласындағы негізгі ұғымдарды және олардың өзара байланысын анықтап, яғни қазақ тілінің табиғатын көрсететін ұғымдар жүйесін түзумен қатар, сол ғылыми ұғымдардың атауларын да жасаған.
Ғылыми ұғымдарға ат қою оп-оңай жұмыс емес. Ол үлкен талғампаздықты, тілді шебер пайдалана білуді қажет ететін шығармашылық үдеріс. Онымен қоса, арнаулы ұғымдарға ат қою кезінде ұғымдар жүйесінің өзіндік ерекшеліктерін міндетті түрде ескеру қажет. Атаудың ықшам болуы, бірмағыналылығы және ұғым мазмұнын қамтуы тағы бар. Дегенмен, ақы иесі келмеске кетіп, есігі ашық қалған қазыналы иен үй секілді болған Ахмет Байтұрсынұлының терминдерін бар мүмкіндігінше қолдануға деген батыл құлық, бірізділік болмаған тәрізді. Мысалы, Байтұрсынұлының өте айқын сөзбен көріктеу деп атап кеткен ұғымын біз троп деп жүрміз. Ал айқындауды эпитет деп алуда қандай ұтымдылық бар десеңізші? Кез келген тілде айтылған зат пен ұғым, құбылысқа қатысты түсінікті ассосиация болуы керек қой. Мысал үшін,осы көріктеу ұғымын алайық. Көрік (сұлулық) деген сөзді әркім-ақ біледі. Күнделікті қолданыста. Енді осы сөзден жасалған көріктеу терминінің мәні мен мағынасы сол тілді тұтынушыға белгілі ғой. Ал тропты қазақ ұғымына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz