Ілияс Жансүгіровтің Құлагер поэмасы: поэтикасы, тақырыбы және қазақ поэзиясындағы орны


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

\«Қазақ поэзиясының Құлагері»

(І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасы)

Нағыз ақын кім десе, мен

бірінші Ілияс дер едім . . .

М. Әуезов

Бірінші желі.

Туған халқының әдебиет әлемінде «поэзиясының сұлу сарайын» соғып кеткен Ілияс Жансүгіров - сыршыл да сыншыл әрі талғампаз лирикалық туындылардың авторы ғана емес, кең тынысты, биік өрісті эпикалық туындыларының да авторы. Әуен мен әуезді үйлестіре отырып, ақын қазақ поэзиясын, оның әдеби тілін, көркемсөз мәдениетін ғарышпен үндескен биікке көтереді. Ақын ғажайып суреткер ғана болған жоқ, проза, драма, аударма жанрына да қалам сілтеді. Ең бастысы, ол - ұлтын сүйген, сол жолда жазықсыз құрбан болған азамат та еді.

Ақынды зерттеуші ғалымдар М. Дүйсенов, Т. Әбдрахмановалар пікіріне жүгінсек, қазақ поэзиясында соншама ақындық қуаты мол, туған тілін терең меңгерген, ол тілдің әр сөзіне көркем поэтикалық рең берген ақындар кемде-кем екен.

Ілиястың ақындық мектебінің басты қайнарлары: өзі жазғандай «тауында туып, тасында өскен» Жетісу өлкесінің ғажайып табиғаты да болуы мүмкін. Бұл - өз пікірім.

Ал ғалымдар пікіріне үңілсем, сол өлкенің бай ауыз әдебиеті, халық ақындары, әсіресе данышпан Абай дәстүрі, әлем әдебиетінің інжу-маржандары да ақынның сусыны қана ішкен бастаулары болған екен. Өзінің «Қысқаша өмірбаяным» деген еңбегінде «Қыз Жібекті» сүйіп оқығанын, оны тыңдаған талай жандардың жылағанын тілге тиек етеді. Ал Абайды оқуы жас Ілиясқа ғажайып поэзия есігін ашқан екен. Жоғарыдағы пікірлерінің дәлелі де ақынның өзі жазған осы бір естелігінен ғой деп ойлаймын.

Екінші желі.

Ілияс ақын лирикаларын саралап қарасақ, ол қалам сызбаған тақырыптар жоқ сияқты. Бәрін жазу мүмкін емес. Дегенмен, өзіме ерекше әсер еткен өлеңдеріне тоқталғым келеді.

Ақындығының алғашқы кезеңінде ағартушылық бағытта болған Ілияс жастар тақырыбына ерекше көңіл бөлген. Оның дәлелі ретінде «Жалпы жасқа», «Жастар ұраны», «Жас бұлбұлдарға» деген өлеңдерін алуға болады. Үгіт, насихат, ақыл-кеңес, шақыру стилінде жазылған бұл өлеңдердің мән-мағынасы бүгінгі азат еліміздің жастарына да үлгі деп ойлаймын.

Ал табиғат лирикаларында Ілияс ақын Абаймен өнер жарыстыратын сияқты. Ол Абайша табиғатты тірлік әлемімен үндестіре жырлай отырып, өзіндік тың жолдар да салады. Мысалы, жазды маңдайы жарқ еткен көңілді әрі ерке, әрі сұлу жас құдаша бейнесінде алса, «Ағынды менің Ақсуым» өлеңінде Ақсуын ашуланып, ақиып тұрған адам келбетінде суреттейді. Ақын мезгіл суреттерін өз бояуы, өз нақышымен кестелеуде адам мінез-құлқы, іс-әрекеті, көңіл-күйін байланыстыра алады. Ықшамдылық, тұжырымдылық, мінездеу - Ілияс табиғатының басты ерекшеліктері. Табиғат лирикасы арқылы ақын Абайдан кейінгі қазақ әдебиетіне тіл айшықтары жөнінен ерекше құбылыс болып есептелінетін ғажайып поэзия тудырады.

Ақынның еңбек тақырыбындағы «Ұршық», «Қырман» сынды өлеңдері де еңбек адамын марапаттаудың биік көрінісіндей. Әр ақын - өз заманының жыршысы. Олай болса, ақын ешкімнен жасырып қалуға болмайтын кеңестік өмірді де жырлады. Себебі ол жаңа заманнан жаңа үміт күтті, оған сенді. Сенімі ақталды ма, жоқ па, оны бәріміз де білеміз . . . Өкінішті, әрине . . .

Үшінші желі.

Ілияс ақынның эпикалық туындылары туралы сөз қозғау маған оңай болып тұрған жоқ. Оның «Күй», «Күйші», «Құлагерін» айту үшін ақын болу керек қой. Осы поэмалар арқылы «Ілияс - күй жаршысы, өнер жаршысы» атанды.

«Күй» мен «Күйшіде» ақын көзге көрінбейтін, тек жүрекпен сезетін күй құдіретін сөзбен жеткізді. Ол поэмаларды оқи отырып, бозінгенше боздап, күйші жігіттей аласұрып, Қарашаштай ғашық күйге енесің.

Ілиясша «Өнердің, күйдің жеңбейтіні жоқ». Өнер - азаттық, бостандық символы. Жанры жағынан романға бергісіз «Құлагер» поэмасы - өзімше, бүгінге дейінгі қазақ поэзиясының Гималайы сияқты. Бас кейіпкер Ақан арқылы ақын «өнер», «өнер адамының» тағдырын береді.

«Толғану» бөлімінен басталатын бұл поэма оқырманын Ақанмен бірге: «Бай, бай, Құлагерім»-деп зарлы жоқтауға салғызып, Ақанмен бірге өз заманына лағнет айтқызғандай. Дала тағылығы, күншілдік, менмендікке қарсы Ақан үні, тынысы поэманың өн бойынан орын алған. Ақынның өзі сияқты қорғансыз Құлагерінің мерт болуы да - ащы шындық. Құлагер өлімі- Ақанға шабылған айбалта. Поэманы оқи отырып, өкініш табы жүрегіңді жаулап, жауыздықтың шегі мен шеті болмайтындығына көзің жетіп, іштей ақынмен бірге егілгендей боласың. Ойлап қараңызшы, адамнан өткен жауыздық иесі бар ма екен, бұл әлемде. Ақанды көре алмаушылар, оны өлтірмейді. Ақынның ең жанды жері, рухани әлеміне балта шабады.

Поэманы кейбір ғалымдар роман жанрына жатқызады. Бұл пікірдің де жаны бар сияқты. Ауқымы кең, тынысы биік, көтерген мәселелері қабат-қабат «Құлагер» өз аудармашысын тапса, әлем әдебиетінің алып туындысының қатарында болар еді деп армандаймын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ілияс Жансүгіровтің лирикасының поэтикасы мен көркемдік ерекшеліктері
Ілияс Жансүгіровтің Құлагер поэмасындағы тілдік тұлға: когнитивті-прагматикалық және лингвостилистикалық талдау
Фольклордан өрілген Құлагер: Ілияс Жансүгіровтің поэзиясы мен мұрасы
Ілияс Жансүгіровтің ән-күй поэзиясы мен Құлагер поэмасының ерекшеліктері
Ілияс Жансүгіровтің Күйші поэмасындағы күй поэтикасы мен әлеуметтік мәні
Ілияс Жансүгіровтің поэмаларын оқыту әдістемесі
Ілияс Жансүгіровтің Күйші поэмасы: домбырашының тағдыры мен махаббаты
Ілияс Жансүгіров - Құлагер: қазақ поэзиясының эпостық қуаты мен қайсар тағдыры
Олжас Сүлейменовтің ғарыш тақырыбы және қазақ поэзиясындағы орны
Ілияс Жансүгіровтың Құлагер поэмасын ағылшын тіліне аударудағы лексикалық және грамматикалық трансформациялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz