ТҰРСЫН ЖҰРТБАЙ ЖАЗУШЫ - ҒАЛЫМ


ТҰРСЫН ЖҰРТБАЙ ЖАЗУШЫ - ҒАЛЫМ
Әлем кеңстігіне, жер жүзінің дария даласына жаратушы ием табиғат тынысын, шапағат нұрын, әсем үніне тұнған сырын шашқанда, сенім мен үміттің, талап пен ізденістің, тәрбие мен өнегенің нұрлы шапағатын тең дәрежеде шашқан екен. «Адам» атты перзентін киелі бесігінде тербеп, ғажайып тәрбие мен өнегенің бұлағынан нәр алдырған өнер иелері, сөз падишалары, айтыскер ақындар дүниеге келген. Осынау ғажайып мекенде дүние есігін ашқан, әдебиеттегі жарық жұлдыздардың бірі - Тұрсын Жұртбай. Тұрсын Жұртбай ең әуелі - жазушы. Бұл туралы оның көптеген қаламдас әріптестері жақсы пікірлер айтып та, жазып та жүр. Ол әдеби әлемге өлеңмен енді, прозамен өреллік байқатты. Оның «Қоңыр қаз», «Жүрегімде жұмыр жер» атты жыр кітаптары өз уақытында оқырман қауымынан да, әдеби ортадан да өз бағасын алғаны белгілі. Ал проза саласындағы алғашқы «Бесқарагер», «Аэродром» атты хикаяттары өз уақытында жастарға арналған республикалық конурста жүлдеге ие болды. «Мөлдір көз», «Көгілдір әлем», «Шиелі өзен қамыс-ай», «Қар астындағы көбелек», «Қалампыр» секілді прозалық шығармалары оқырманын сырлы да тұңғиық әлеміне тартады. Өзіне тән жазушы мәнері, қайталанбас стильі философиялық ой иірімдерімен ерекшеленеді. Оқырман жалған мен фәнидің, өмір мен өлімнің тереңіне бойлатып, рухани құндылықтармен суарып, тәтті де сұлу дүниеге мәңгілік аңсарды туғызатын «Бір уыс жусан», «Болашақтың бәйтерегі», «Түйешінің қызы» әңгімелерінің өзі бір төбе. Соңғы ширек уақытта қазақ қоғамы мен ұлттық руханиятында түбірлі толғаныстар мен түбегейлі қопарылыстар, түрлі психологиялық шиеленістер мен тебіреністер, санада сарғайған сілкіністер мен парасат пайымы болып өтті. Сол сындарлы да қиын кезеңде, әлеуметтік дағдарыс пен тәуелсіз түлеудің тұсында қоғам мен адам арасындағы қарым-қатынастың тамырын басып, жүрек лүпін сезіп, ғасырлар бойы ұйып қалған ұлттық тілдің дауасын іздеп, келешегіне көз жүгіртіп ой толғаған белсенді зиялы топ -жазушы қауымы болды. Сол топтың белді өкілі Тұрсын Жұртбайдың «Сүре сөз» жинағындағы толғау-эсселері тәуелсіздігіміздің барлық шеруі мен шерін қамтыған, тұйықталған өмір мен толқыған көңілдің пернесін басып, ой саралаған сүрелі сөз шежіресі болып табылады. Жазушының ашық та ащы пікірі, саралы да сүрелі ойлары, жанымыздың жарасын емдеп, жадымызды жаңғыртуға ұмтылған шынайы шындықтар бүгінгі тәуелсіз қоғамымыздың ойлау жүйесін қалыптастыруға белгілі дәрежеде негіз қалады.
Тұрсын Жұртбайдың тағы бір қыры -зерттеушілігі. Оның «Мәңгілік аңсар», «Ойсоқты аңсар» деген шығармаларынан оқырман өзіне керекті талай тағылымды мәліметтерді таба алады. Мұның әрбір бөлімі тарихи дерекке, жаңа мәліметтерге тұнып тұр. «Өлімші халықты тірілткен» деп сонау Күлтегін, Білге қағандардың тасқа қашаған өсиеттерін үлгі ете отырып, атажұртын «мәңгілік елдікке» шақырса, «Ел ұстап, төрелік еткен қағанды халық» деген екінші бөлімінде биліктің беделі мен биіктігінің сыры неде екеніне ізденіс жасайды. Автордың өзі айтпақшы, «Шынайы таланттың бойындағы ең басты қасиет -табиғилық. Егерде тумысынан туа біткен осынау мінезден сәл ауытқып, бұра тартса, сол құдіретті үйлесім мен нәзік үндестіктің арасына сызат түсіп, жамалмайтын жарықшаққа айналды». «Телқоңырда» айтқан осы сөздерінен авторымыз айнымай келе жатқан сияқты. Табиғилығынан жаңылмаған оның әрбір еңбегінде даралық сезіліп тұрады. Тіпті, әрбір мақаласынан қаламгерлердің асау мінезі мен терең танымы аңғарылады. [1; 260] Тұрсын Жұртбай қазақтың рухани әлеміне ұлы төңкеріс жасаған Абай ілімін зерттеуші. Абайды тану -ұлтымызды тану. Ол қазақ ұлтының рухани өміріндегі толастамайтын мәдени саясаттың мүдделі және күретамырлы тақырыбы. Даналардың жан жүйесі мен жан дүниесі мәңгілік танымдық тылсым. Абай ілімі -ұлтымыздың ұйыған ақыл-ой парасаты, қазақ елінің адамзаттық парасат пайымына қосқан үлесі. Сол даналық мәйегі қандай танымдық тамырлар арқылы әлемдік көркем ойлау жүйесімен үндестік тапқан? Міне, жазушы -ғалым Тұрсын Жұртбайдың философиялық еркін ойға құрылған «Күйесің, жүрек . . . сүйесің . . . » бұл толғанысы -соған жауап іздеген, Абайдың көркемдік жүйесін тосын қырынан талдап, тың тұжырым жасаған түбірлі зерттеу болып табылады. [2; 46] Жазушының «Құнанбай» атты еңбегіндегі басты нысана -өмірлік шындық пен «Абай жолы» роман-эпопеясында бейнеленген көркем шындықты салыстыра отырып, қазақ тарихындағы жетекші тұлғаның бірі Құнанбайдың ұлттық руханияттан алатын орнын саралау болып табылады. Зерттеуге оқырманға бүгін белгісіз архив құжаттары мен қалың қауымға бимәлім қолжазбалар мен мұрағат құжаттары, естелік дәптерлері мен жазбалар барынша мол пайдаланылған. [3; 40] Сонымен қатар Т. Жұртбай ұлы Абайды әлемге насихаттаған ұлы жазушы М. Әуезов еңбектерін зерттеуші. Әлемдік сөз өнерінің ХХ ғасырдағы ұлы тұлғалардың бірі Мұхтар Әуезовтың бүкіл өмірбаяны мен шығармашылық жолы қоғам мен тағдырдың, тарих пен танымның, тарихи тұлға мен жеке адамның талқысына құрылған аса күрделі жол. Ол 20-жылдардың басында тағдыр тәлкегі боп басталған кудалаудан бертінге дейін құтыла алмады. Ұлы қаламгердің осындай тауқыметке ұшыратқан шығармаларының жазылу тарихымен оның өміріндегі қиын белестерді салыстыра отырып талдап, пікір қозғайды. 1929-1932 жылдары Әуезовтың түрмедегі тергеу ісі, 1936-1938 жылдардағы қысымдар, қудалану кезеңдері, жазықсыз жапа шегулері туралы архив деректері алғаш рет оқырманға ұсынылып отыр. [4; 68] Жазушы -ғалым Тұрсын Жұртбайдың «Ұраным -Алаш!. . » атты бұл әфсанасы «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметі үстінен 1927-1932 және 1937-1938 жылдары жүргізілген тергеу ісінің негізінде жазылған. Автор 1988-1991 және 1997 жылдары Мемлекеттік қауіпсіздік (қазіргі Ұлттық қауіпсіздік) комитетінің архивіндегі жүзден астам «мемлекеттік аса құпия құжаттармен танысып щығуға мүмкіндік алған. Автор Алаш ардагерлерінің тағдырына қатысты жиырма жылға жуық жинақталған тарихи құжаттарын тергеу деректерімен жан-жақты салыстыра отырып, тың пайымдаулар ұсынады. Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбайдың «Ұраным -Алаш!. . » түрме әфсанасының «Тез» атты екінші кітабы -«Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, З. Уалиді, М. Дулатов, Х. Ғаббасов, М. Есполов, Ғ. Болғамбаев, Ғ. Бірімжанов қатарлы 41 алаш қайраткерлерінің
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz