Қаржылық ресурстарды басқару
МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер 3
Анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар 4
КІРІСПЕ 7
1. ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қаржы менеджментінің мәні, құрамы, құрылымы 10
1.2 Қаржыны басқару түсінігі және әдістері 18
1.3 Қаржы менеджментін бақылау және оның жұмыс істеу
принциптері 29
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ АСПЕКТІЛЕРІ
2.1 Қаржы менеджментін ұйымдастырудың механизмдері 39
2.2 Қаржы менеджментін ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі (мысалда АҚШ мемлекеті) 48
2.3 Дағдарыс кезеңінде қаржыны басқарудағы проблемалар 58
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАРЖЫНЫ БАСҚАРУДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАР
3.1 Қазақстан Республикасының қаржы менеджментін дамытудың жаңа тұжырымдамасы 65
3.2 Ұлттық қордың активтерін пайдаланудың бағыттары 75
ҚОРЫТЫНДЫ 86
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 89
ҚОСЫМШАЛАР
Нормативтік сілтемелер
1. Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы. ҚР Үкіметінің отырысында мақұлданған 2009 жылғы 27 тамыздағы № 32 хаттама.
2. Қазақстан Республикасы бюджетін қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 3 мамырдағы № 313 Жарлығы.
3. Қазақстан Республикасының 2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңы.
4. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. - Алматы: ЮРИСТ, 2012 ж.
5. Қазақстан Республикасының кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) - Алматы, 2009 жыл.
6.Қазақстан Республикасының Президентінің және Қазақстан Республика-сының Үкіметінің актілер жинағы - Астана, 2012 жыл.
Анықтамалар
Бұл диссертацияда келесі терминдер сәйкес анықтамалармен қолданылған:
Активтер - болашақта экономикалық пайда немесе сервистік әлеуетті қамтамасыз ете алатын, өткен оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік мекеме бақылайтын ресурстар.
Басқа міндетті төлемдер - уәкілетті мемлекеттік органдардың заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасағаны, мемлекеттік меншіктегі объектілерді пайдалану және мемлекет берген қызметті жүзеге асыру құқығына Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес рұқсат беру үшін бюджетке белгілі бір мөлшерде жүргізілетін міндетті ақшалай аударымдар (кедендік баждарды қоспағанда, төлемақы, алымдар, баждар).
Есепті қаржы жылы - жоспарлы кезеңнің ағымдағы қаржы жылының алдындағы жыл.
Жалпы сыртқы борыш - алынған (игерілген) және өтелмеген мемле-кеттік және мемлекеттік емес сыртқы қарыздардың, сондай-ақ ел резидентте-рінің өз бейрезиденттерімен келісім-шарттары бойынша борышқорлық міндет-темелерінің белгілі бір күнге сомасы.
Инвестициялық портфель - бағалы қағаздар рыногы субъектінің менші-гінде немесе басқаруындағы әр түрлі қаржылық құралдардың не Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасында белгленген талаптарға сәйкес инвестициялық қор мүлкінің жиынтығы.
Қаржылық қатынастар - өндірістік қатынастардың құрамды бөлігі; мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы ақшалай ны-сандағы экономикалық қатынастарды көрсетеді.
Қаржылық механизм - шаруашылық механизмінің құрамды бөлігі; бөлу және қайта бөлу қатынастарының кең жүйесі жүзеге асыратын табыстар мен қорланым құралатын және ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорлары құрылып, пайдаланылатын нысандар мен әдістердің жиынтығы. Қаржылық жоспарлауды, қаржылық басқаруды, қаржылық тұтқалар мен ынталандырмаларды, ақржылық көрсеткіштерді, нормативтерді, лимиттерді, қаржылық резервтерді кіріктіреді.
Қорлар - мынадай: өндірістік процесте пайдалану үшін шикізат және материалдар түріндегі; қызмет көрсету кезінде тұтынылатын немесе тара-тылатын шикізат пен материалдар түріндегі; кәсіпорынның қалыпты қызметі барысында сатуға немесе таратуға арналған; сату немесе тарату үшін өн-дірілетін активтер.
Салық мағлұмдамасы - салық төлеушінің, салық агенттігінің Салық ко-дексте белгіленге тәртіпке сәйкес салық органдарына берілген жазбаша өтініші және электрондық құжаты, онда салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ салықтық міндеттемелерді есептеу мен төлеуге байланысты басқа да деректер туралы мәліметтер болуға тиіс.
Салықтық түсімдер - Қазақстан Республикасының Салықтық кодекс-інде белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер.
Трансферттер - бюжетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, сондай-ақ бюджеттен, соның ішінде жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке төленетін өтеусіз және қайтарылмайтын төлемдер.
Ұлттық қор - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Рес-публикасының Ұлттық Банкіндегі шотында шоғырландырылған, мемлекеттің қаржылық актив түріндегі, сондай-ақ материалдық емес актив-терді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі активтер.
Ішкі жалпы өнім - аса маңызды микроэкономикалық, жалпылама көрсеткіштердің бірі, ол осы елдегі де, сондай-ақ басқа елдердегі де өндіріс факторларын пайдалана отырып, ел ішінде бір жыл бойына жасалған түпкі өнімнің (өнімнің, тауарлардың, қызметтер көрсетудің) рыноктық бағамен есептелген жиынтық құнын білдіреді.
Шығыстар - шетке кету түріндегі есепті кезең ішінде экономикалық пайда немесе сервистік әлеуеттің азаюы немесе капиталда қатысатын тұл-ғаларға бөлуге қатысты азаюдан ерекшеленетін, таза активтердің капиталдың азаюына әкелетін активтердің азаюы мен міндеттемеелерінің туындауы.
Белгілеулер мен қысқартулар
1. ҚР - Қазақстан Республикасы
2. ҰҚ - Ұлттық қор
3. ЖІӨ - жалпы ішкі өнім
4. ЖҰӨ - жалпы ұлттық өнім
5. ОБ - орталық басқару
6. БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары
7. А - А класы
8. [] - сілтеме белгісі
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі - нарықтық экономикада кәсіпорынның тиімді шарушылық жүргізуде қаржылық ресурстарды басқарудың қажеттілігі. Өйткені қаржылық ресурстарды басқарусыз ешбір кәсіпорынның, ұйымның атқаратын қызметі іске аспайды және де кәсіпорын үшін өз қызметтерін жүргізу қаржылық қызметісіз, яғни ақша ағынын басқару, қаржылық тәуекелдерді минималдау, жарғылық капталды құру және есеп айырысу операцияларын жүргізусіз мүмкін емес.
Біздің еліміздің халықтық шаруашылығынан нарықтық экономикаға көшу кезінде кәсіпорындар, фирма басшылығында күрделі өзгерістерді қажет етеді. Бұл осындай іс-әрекетті жасайтындардың барлығына қатысты. Бұл процесте маңызды рөлді кәсіпорынның қызметіндегі қаржылық қызметіне, ал нақтылай айтатын болсақ, ол - қаржыларды басқару атқарады.
Қазақстанның қаржы менеджменті әзірше әлі қалыптасып келеді. Осы жұмыстың көрінісі Қазақстан Республикасында кәсіпорынның статистикасын және есепке алу спецификасын есепке ала отырып, өздігінен қаржы менеджмент теориясын қолдануға талпыныс жасау болып табылады.
Отандық экономикалық теорияда және тәжірибе жүзінде кәсіпорын қызметін стратегиялық басқару мәселелері әлі де болса жеткіліксіз қарастырылып келеді. Мұның басты себебі - еліміздегі экономикалық бетбұрыстардың басталуына дейін стратегиялық басқару мемлекеттің өз қолында болып келді. Мемлекет өзінің экономикалық саясаты шеңберінде елдің дамуы мен келешегінің стратегиясын қалыптастырып, салалар мен кәсіпорындардың өзекті стратегиялық мақсаттарын анықтап келді. Алайда, нарықтық қатынастардың қалыптасуы және дамуы бәрін де өз орнына қойды. Қазіргі таңда кәсіпорындардың өміршеңдігі, табыстылығы, бәсекелестікке жарамдылығы өз қолдарында, яғни олардың өз қаржылық және шаруашылық жағдайын нығайту кәсіпорынның қаржы менеджментінің стратегиялық міндеті балып табылады.
Қаржылық менеджмент өндірістік процестерге қатысатын құралдардың бағалар құнының жиынтығын басқарудың күрделі жүйесін және кәсіпкерлік қызметті қаржыландыруды қамтамасыз ететін ақшалық капиталдың жиынтығын өндірумен айналысады.
Қаржылық менеджмент кәсіпкерлік қызметтің басымдылықтарын және масштабтарын анықтайтын қаржылық қамтамасыз етуді басқаратын тиімді нысан болып табылады. Мұнда қарастырылған қаржылық менеджменттің концепциясының негізі меншік қатынасына тиген қоғамның экономикалық базасында өзгеріс болып саналады. Тек қана осы өзгерістер кәсіпкерлік құрылымдардың қаржылары және жалпы мемлекеттік қаржылар арасында нақты шек қоюды қамтамасыз ете алуы мүмкін.
Жалпылай айтқанда қаржы менеджменті дегеніміз - бұл кәсіпорынның табыс табудың және өндірісті дамытудың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қажетті ақша ағындарын қамтамасыз етумен, қаражаттар мен ақша қорларын қалыптастырумен және қолданумен байланысты кәсіпорындардың басқару қызметі болып табылады.
1 ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қаржы менеджментінің мәні, құрамы және құрылымы
Қаржы менеджментін ұйымдастырудың екі аспектісін ажырата білген жөн: біріншіден, мемлекет қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметтік сфераны басқарудың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп, қоғамдық өндірістің бүкіл процесіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржының өзі басқарудың объектісі болып табылады: қаржы қатынастарының нысандары, ақша қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.
Қаржыны басқаруға ғылыми көзқарас қаржы қатынастарының әрбір сферасында, олардың әрбір буынында оны басқаруға көп жоспарлы сипат пен жүйелі кезқарасты айқындайды. Заңы заңдарда, қаржылық болжамдар мен жоспарларда, қаулыларда және басқаларда рәсімдслетін қаржылық сипаттағы басқару шешімдерін әзірлеген кезде экономикалық және заңи зандардың талаптарын, өткен шаруашылық кезеңнің қорытындыларының ғана емес, сонымен бірге келешекті экономикалық талдаудың нәтижелерін, экономикалық-математикалық өдістер мен қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесін, басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің ұтымды үйлесуін ескерген жөн. Қаржыны ғылыми басқару іс-қимылға жаңа қаржы әдістері мен тұтқаларын енгізу немесе ескілерінің күшін жою жолымен келеңсіз құбылыстарды уақтылы жеңіп отыруды қажет етеді. Сонымен бірге айқын және уақтылы экономикалық ақпарат, ғылыми негізделген көрсеткіштер, жоғары сапалы перспективалық және ағымдағы қаржылық жоспарлау талап етіледі.
Қаржы қатынастарының әрбір сферасы мен әрбір буынында басқару субъектілері қаржыга мақсатты ықпал етудің өзіндік әдістері мен нысандарын пайдаланады. Мәселен, қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты нақтылы функциялық элементтерді боледі: ақпарат, жоспарлау (болжау), ұйымдастыру, реттеу, бақылау.
Қаржылық, ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін де, сондай-ақ бүкіл қаржы процесін оперативті басқару үшін де зор маңызы бар. Жоспарлау процесіндегі басқару шсшімдері қаржы ақпаратына талдау жасау негізінде қабылданады, ол осыған байланысты жеткілікті толық әрі ақиқат болуы тиіс. Ақпаратты алудың ақиқаттығы мен уақыттылығы негізделген шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есеп беругс негізделеді.
Қазақстанның шаруашылық практикасында пайдаланылатын термин.
Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады. Бұл -- жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша қаражаттарының мөлшерін және оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорлары арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік-аумақтық бірліктері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімін (пропорциясын) белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т.б.
Ұйымдастыру -- басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын, айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары нәтижелілігін, басқару қызметкерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.
Қаржыны басқаруды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Көбінесе қаржыны оперативті басқарудың нәтижесі қаржы субъектілерінің -- қаржы органдарының, салық комитеттері мен қаржы полициясының және ұлттық шаруашылық салаларындағы қаржы бөлімдерінің толып жатқан аппаратының жұмысының қалай ұйымдастырылып отырғанына байланысты болады. Қаржы аппаратының ұйымдастырылу дәрежесі жоғары болуы тиіс. Бұл қаржы құрылымдарының барлық қызметкерлерінің біліктілігі мен жеке білгірлігіне жоғары талаптар қояды.
Қаржылық реттеу -- бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржы ресурстарын икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың барлық түрін алдын алуға және жоюға бағытталған; мұның өзі резервтік (сақтық) қорлары, жоспардан тыс қаржы ресурстары, пайдаланылмаған қаржылар есебінен қызметтердің барлық түрлерінде арақатынас пен үйлесімділікті қамтамасыз етуді білдіреді.
Бақылау басқарудың элементі ретінде жоспарлау процесінде де, сонымен бірге оперативтік басқару стадиясында да жүзеге асырылады. Ол қоғамда барлық қаржы процестерін (операцияларын) жүргізудің дұрыстығы мен зандылығын тексеру және қамтамасыз ету жөніндегі қаржы құқығының нормаларын басшылыққа алып отыратын қаржы аппараттарының қызметін қамтиды. Бақылау. қаржы ресурстарын пайдаланудың нақты нәтижелерін жоспарлы көрсеткіштермен салыстыруға, қаржы ресурстарын өсірудің резервтерін айқындауға, шаруашылықты неғүрлым тиімді жүргізудің жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржыны басқаруда басқа кез келген басқарылу жүйесіндегідей басқарудың объектілері мен субъектілері бөлінеді. Объектілер ретінде қаржы қатынастарының сан алуан түрлері бола алады, басқаруды жүзеге асыратын ұйымдық құрылымдар субъектілер болып табылады. Қаржы қатынастарын олардың сфераларына сәйкес объектілердің екі тобын бөледі: шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, мемлекеттің қаржысы. Оларға басқарудың мына субъектілері сәйкес келеді: қаржы службалары (шаруашылық жүргізуші субъектілердің бөлімдері), қаржы және салық органдары. Қаржыны басқаруды жүзеге асыратын барлык, ұйымдық құрлымдардың жиынтығы қаржы аппараты деп аталады.
Кәсіпорындарда және ұлттық шаруашылық саласында қаржыны басқаруды кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қаржы бөлімдсрі мен службалары, сондай-ақ сақталып отырған министрліктер мен ведомстволардың қаржы бөлімдері мсн басқармалары жүзеге асырып отырады.
Нарықтық экономиканың қалыптасып, дамуы жағдайындағы қаржыны басқару қаржы бойынша басқару шешімдерін негіздеуді, бүгінде нашар пайдаланып жүрген әдістерді іске асыруды, басқару функцияларының -- реттеудің, қаржы рыногын қалыптастыру әдістерінің бір элементі ретіндегі қаржы ресурстарын есебін тауып пайдалануды күшейтуді талап етеді. Бұл жағдайда нарықтық экономикаға кешкен Шығыс Европа елдерінің де, сонымен бірге әлеуметтік жағынан бағдарланған нарықтық экономика жағдайында көп жылдар бойы өмір сүріп отырған капиталистік елдердің де тәжірибесін ескерген жөн.
Өткен кездің оңтайлы тәжірибесіне келеңсіз қарау қаржының дамуына, оны басқаруға қайшы келді: бюджетке төленетін төлемдердің салық нысандары жеткіліксіз пайдаланылды; бюджеттен төленетін субвенциялардан (мақсатты жәрдем қаржыдан) бас тарту болды және т.б. Осы және басқа себептерге байланысты қаржының рөлі төмендеді. Экономиканы басқаруды қайта құру жаңа қаржы саясатын жасап, жүзеге асыруды, қаржыны басқарудың қағидалы жаңа әдістеріне көшуді талап етті. Бұл әдістер экономикаға қаржының реттеуші ықпалын күшейтуді қамтамасыз етуі, қоғамдық өндірістің тиімділігін өсіруге, әлеуметтік саланы дамытуға мүмкіндік туғызуы тиіс.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің қаржысын басқарудың қолданылып жүрген жүйесінің айтарлықтай кемшіліктері бар. Олардың бастыларына мыналарды жатқызуға болады.
Біріншіден, өкіметтік операцияларды қамтудың толық еместігі.
Қазіргі кезде өкіметтік операциялардың едәуір бөлігі, биліктің аймақтық және жергілікті органдарының барлық операциялары Қаржы министрлігі тарапынан болатын тиімді бақылаудан тыс қалып қояды. Ең алдымен бұл толып жатқан бюджеттен тыс қорлардың қаражаттарын, шетелдік субсидиялар мен нәтижелерді пайдалану жөніндегі операцияларға, шетел валютасындағы бюджет операцияларына, сондай-ақ мезгілі өткен сыртқы берешекке қызмет ету жөніндегі операцияларға қатысты.
Екіншіден, түсімдерді уақтылы алуға жеткілікті бақылау жасамау.
Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бұл проблемаларды ойдағыдай шеше алатыны, мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында салықтық түсімдерді, шығыстарды түзету жүйесіндегі икемділікті бөлугс бақылауды жолға қояры сөзсіз.
Үшіншіден, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру жүйесінің кемшіліктері.
Бұрынғы КСРО-да мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландырудың дәстүрлі көзі ұзақ жылдар бойы Мемлекеттік банктің пайызсыз кредиттері, сондай-ақ Жинақ банктеріндегі халықтың салымдары болып келді. Қазіргі кезде бұл көздерді пайдалану қиын мәселе болып қалды.
Мемлекеттік бюджет тапшылығын жабудың баламалы қаржы көзі ретінде пайдалануға болатын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бүгінге дейін кеңінен таралмай отыр. Мұның экономикалық дағдарыстар мен инфляция жағдайында занды екенін мойындауға тура келеді.
Фирманың қаржылық ресурстары басқару объектісі ретінде қаржылық міндеттемелерді орындауға арналған сыртқы түсім мен табыс нысанында байқалады.Алайда, қаржылық ресурстар нысандандыру көзіне байланысты жеке жұмылдырылған немесе қарыздық болып бөлінеді.Бұлардың арасындағы айырмашылық - кәсіпорын жабылатын жағдайда қаражат салымдарының заңды құқықтарында.Меншік қаржылық ресурстар жұмылдырылған және қарыздық ресурстармен есеп беру жүзеге асқаннан кейін барып өтеледі.
Меншік қаржылық ресурстар мыналарға байланысты қалыптасады:
1) Жарғылық капитал иесімен ұсынылатын капитал;
2) Кәсіпорын жинаған резервтер - ағымдағы кезеңнің үлестірілмеген табыстары, резервтік қорлардың әртүрлі жолдармен қалыптасқан және өткен кезеңнен жиналған үлестірілмеген табыс.
3) Басқа да заңды және жеке тұлғалардың салымдары(қаржыландыру, қайырымдылық салымдар және т.б.)
Жұмылдырылған және қарыздық қаржыландыру көздеріне жататындар:
1) Банктік ссудалар мен басқа да қаржы - несие саласындағы мекемелер
2) Қор нарығындағы операцияларды жүзеге асыру жолымен тартылған қаражаттар(ұзақ борышқорлық бағалы қағаздарды эмиссиялау мен орналастыру)
3) Несиегерлік берешектер.
Қаржылық көздерді ішкі және сыртқы деп бөлу кәсіпорынның өзіне қатынасымен шарттасылған, құрылтайшы мен акционерлермен тартылған қосымша қаражаттар да сыртқы қаржыландыру көздеріне жатады.
Сыртқы қаржылық ресурстарды меншік және қарыздық деп, екі топқа бөлуге болады.Бұндай бөлу кәсіпорын дамуындағы сыртқы қатысушылармен салынатын капитал нысанымен шарттасылған: кәсіпкерлік немесе ссудалық капитал.Сәйкесінще, кәсіпкерлік капиталды салу нәтижесі болып, ссудалық капиталды салу нәтижесіндегі тартылған меншік қаржылық ресурстарды құру табылады.
Кәсіпкерлік капитал дегеніміз - әртүрлі кәсіпорындарға пайда мен кәсіпорынды басқару құқығын алу мақсаында салынатын капитал.
Ссудалық капитал - бұл ақылылық және қайтарымдылық шартымен берілетін ақшалай капитал.Кәсіпкерлік капиталға қарағанда, ссудалық капитал фирмаға салынбайды, ол пайыз алу мақсатында уақытша қолдануға беріледі.Бұл бизнес түрімен арнайы қаржы - несие институттар(банктер, зейнетақы қорлары, инвестициялық қорлар және т.б.)айналысады.
Фирманың барлық қаржылық ресурстары фирма өкімінде болу уақытына байланысты қысқа мерзімді (1 жылға дейін) және ұзақ мерзімді(1 жылдан артық) болып бөлінеді.
Меншік қаржылық ресурстар - бұл кәсіпорын құрылған уақытта құрылатын барлық қаржылық ресурстардың базалық бөлігі.Бастапқы кезеңде уәсіпорын қызметінің қаржылық ресурстардың бұл бөлігі, кәсіпорынның қор немесе жарғылық капитал ретінде беріледі.Осының салдарынан компанияның даму үрдісінде меншік қаражаттар әртүрлі қорлар мен үлестірілмеген пайданың есебінен толтырылады.
Кәсіпорынның ұйымдық - құқықтық формасына байланысты оның жарғылық капиталы жарғылық капиталға пайлар, үлестер және т.б. салу, акцияларды шығару мен оларды сату есебінен қалыптасады.
Жарғылық капиталға салымдар салынып кәсіпорын құрылған кезде ол салымдар ақша қаражаттар, материалдық және материалдық емес активтер болуы мүмкін.Жарғылық капиталға активтер салымдар ретінде салынған уақытта шаруашлық жүргізуші субъектіге (ШЖС) меншік құқығы берілмейді. Бұл дегеніміз инвесторлар объектіге заттық құқықтарын жоғалтады. Кәсіпорын жабылатын жағдайда немесе қатысушы ұйымнан шығатын болса, онда ол тек қана қалған мүліктің үлесінен өтемақы алуға құқығы бар, бірақ жарғылық капиталға салым ретінде салынған объектілерді қайтаруға емес, басқаша айтқанда, жарғылық капитал кәсіпорынның инвесторлар алдында міндеттемелер сомасын білдіреді.
Жарғылық капиталдың мөлшері кәсіпорынның тіркелуі кезінде хабарланады, ал жарғылық капиталдың мөлшерін өзгерту(қосымша эмиссия, акциялардың номиналды құнын төмендету, қосымша өзгерістер енгізу, жаңақатысушыларды қабылдау және т.б.), тек қана белгілі бір қарастырылған заңдар мен құрылтайшы құжаттарымен іске асады.Кәсіпорын капиталы ұзақ уақытта ақшалай нысанында жатуға болмайды, себебі ол пайда табу мақсатында салынуы қажет.Кәсіпорын кассасында немесе оның банк шотындағы қалдық ақша қаражаты ешқандай пайда алып келмейді.
Өнім өндірісі мен қызмет көрсету үрдісінде жаңа құн құрылады, бұл құн сатудан түскен табыс сомасына байланысты анықталады.Бұл, өндіріске жұмсалған қаражатты қайтарудың негізгі көзіболып табылады, ақша қаражат қорын қалыптастыру ақша айналымының үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын түскен түсімнен материалдық шығындарды(шикізат, материалдар, отын, электрқуаты және де кәсіпорынға көрсетілген қызметтер) өтеуі қажет.Түскен түсімнің бір бөлігі амортизациялық аударымдарды қалыптастыруға бағытталады.Түсімнен қалған бөлігі жалпы табыс немесе қайта құрылған құнды құрайды, ол кәсіпорын пайдасын қалыптыстыру мен еңбекақыға, сонымен қатар бюджнттік емес қорларға аударымдар, салықтар және басқа да міндетті төлемдерді өтеуге бағытталуы қажет.
Өткізуден түскен түсім қаражат айналымынан аяқталады.Өндіріске салынған қаражат айналымының нәтижесі болып, пайда мен амортизациялық аударымдар табылады.лар кәсіпорынның меншік қаржылық ресурстары болып табылады, ал оларды мақсаттық қолдану өндірісті кеңейтуге көмектеседі.
Нақты айтқанда компания ресурстары айналым қоры мен айналмайтын активтер түрінде қалыптасады.Айналмайтын активтерге негізгі қорлар, материалдық емес активтер, аяқталмаған құрылысқа қаажат салу, бағалы қағаздар мен басқа да кәсіпорынға ұзақ мерзімді қаржлық салымдар.
Активтердің жалпы құнының азғантай үлесі ереже бойынша негізгі және айналым қоры жатады.Сәйкесінше басқару шешімдерінің көбісі осы ресурстар түрін қалыптастыру, пайдалану және бөлумен байланысты болады.Негізгі және айналым құралына сәйкесінше, негізгі және айналым қорларының ақшалай бағасы жатады.
Негізгі құралдар, өз кезегінде қаражат айналым процесіне байланысты өндірістік айнаым қоры мен айналыс қоры болып бөлінеді.
Өндірістік айналым қорларына жаатындар:
1) Өндірістік қорлар - еңбек заты (шикізат, сатып алынатын жартылай фабрикатта, негізгі және көмекші материалдар, отын, ыдс, ақшалай бөліктер) және белгілі шектегі еңбекқұралдары(арзан бағалы және макротозған затар);
2) Аяқталмаған өндіріс - өнімді өңдеу мен дайындау үрдісіне жататын еңбек заттары;
3) Болашақ кзеңнің шығындары - ағымдағы жылдың, бірақ болашақ кезеңнің өндірілетін және өткізілетін өнімнің өзіндік құн есебінен өтелетін шығындар;
Айналыс қоры айналыс саласына қызмет көрсетеді және осыған жататындар:
1) Қоймадағы және тұтынушыларға жөнелтілген дайын өнім;
2) Кассадағы және банк шотындағы ақша қаражаттары;
3) Есеп айырысу құралдары;
4) Дебиторлық берешектер.
Өндірістік айналым қоры және айналыс қоры компания қызметіндегі айналым құралы мен ресурстар құнын қамтамасыз етеді.Айналым қорының элементтерінің жетіспеушілігі немесе артық болуы өндіріс көлемінің қысқаруына, пайданың төмендеуіне және компанияның қаржылық жағдайының нашарлауына әкеледі. Сондықтан компанияның айналым капиталын басқару мақсаты айналым құралдарына номиналды қажеттілікті анықтау болып табылады.
Белгілі бір кәсіпорынның айналым құралының көлемі, оның құрамы және құрылымы өндіріс сипаты мен күрделілігіне, өндірістік циклұзақтығына, қолданылатын шикізаттың құнына байланысты болады.
Негізгі қорлар кәсіпорынның блансына тіркеледі және қолданыста, босалқы қорда болуы мүмкін және де жалға берілуі немесе басқа кәсіпорын қолдануы мүмкін.
Негізгі қорлар өндірістік тағайындау объектілері(өндірістік процеске тікелей қатысы бар), өндірістік емес объектілері(өндіріс прцесінің өмір сүруіне және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, денсаулық сақтау, білім, мәдениет салаларына арналған)болып бөлінеді.
Негізгі құралдар төрт кезеңге бөлінетін шаруашылық айналым жасайды:
1) Негізгі қорларды салу;
2) Амортизация;
3) Негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражат жинақталуы;
4) Қаржы жұмсау арқылы жүзеге асатын негізгі қорды ауыстыру.
Кәсіпорын қызметін талдау мен бағалауда өзінің тарихи дамуында бірнеше әдістемелер пайдаланылады:
* Көбінесе қолданылатын аналитикалық қызмет бухгалтерлік есептеме. Бухгалтерлік баланс элементарлы үлгіде қызмет етеді.Бұл дегеніміз кәсіпорын ресурстары - материалдық, қаржылық, ақшалай активте орналасады, ал қаржыландыру көздері пассивте болады.Пайда бойынша есеп беру кәсіпорынның пайдасы мен шығындарын қалыптастыру механизмі жатады.Ақша қаражатының қозғалысы бойынша есеп беруге әртүрлі салалардағы қызметті жүзеге асыру жатады және сәйкесінше, есеп беру кезеңінде кәсіпорынның саясаты туралы қорытынды жасауға көмектеседі.Осыған орай бухгалтерлік есеп беру компанияның қаржылық жағдайын зерттеу үшін жақсы дерек болып табылады.
* Экономикалық тәсіл кәсіпорынды өндіріс факторларының ұштастырылған орталығы ретінде анықтайды.Ол келесідей көрсетіледі:
нақты кіріс ағын нақты шығыс ағын
Өндіріс факторларды
ұштастыру
процесі
қаржылық шығыс ағын қаржылық кіріс ағын
Cурет 1 - кәсіпорын өндіріс факторлардың бірігу орталығы ретінде
Деректер негізі:.
Кәсіпорын қызметі әртүрлі байланыстарды тудырады, олар кәсіпорын мен сыртқы орта арасында әртүрлі уақыт кезеңдеріне жинақталады.Бұл байланыстар қаржылық ресурстар ағыны(шығыс ағын - шикізатты төлеу, қуат, жұмыс күші; кіріс ағын - қызмет көрсету мен өнімді өткізуден түсетін түсімдер) және нақты ресурстар ағыны(кіріс ағын - шикізат пен матералдарды иелену, жұмыс күші шығындары, қуат; шығыс ағын - тауарды сату, кәсіпорын активтерін сату) түрінде көрінеді.Әдетте қаржылық және нақты ағындар белгілі бір уақытта ажырауы мүмкін және кәсіпорынның қаржылық операцияларымен жүзеге асатын жеке қаржылық ағындармен толықтырылуы мүмкін.
* Ұйымдастырушылық тәсіл бұл - фирманы белгілі бір экономикалық мақсаттары бар адамдар бірлестігі ретінде қарастырады.Бұл дегеніміз кәсіпорын өзінің қызметінде экономикалық параметрлерден басқа әлеуметтік және еңбек параметрлерін ескереді. Осыған орай кәсіпорынның ақпараттық және коммуникациялық саясаты стратегияның басты факторы болып саналады, ал кәсіпорынның қызметі басқарушылық құбылыс ретінде талқыланады. Ұйымдастырушлық тәсіл гипотезасыкөптеген факторларды ажыратады және заңдардың тұрақсыздығы мен жеткіліксіздігінің әсер етуін қадағалау қиын немесе тіпті мүмкін емес. Ұйымдастырушылық тәсіл бойынша фрма қызметіне жалпы талдау жасаудың сыртқы орта мен шешім қабылдауға әсерін тигзетін тұлғаларды зерттеуде және де кәсіпорын дамуына стратегия құруда маңызы зор.
Қаржылық ресурстарды басқару.
Қаржылық ресурстарды басқару кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің, ағымдағы және келешек қаржылық қызметті басқарудың, қаржыландыру көздерін іздестірудің және оның атаулы құрылымын анықтаудың, кәсіпорын активтерінің оптималды құрамы мен көлеміне байланысты сұрақтарды шешу жүйесінің басты жүйесі болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің осы уақытқа дейін ешқандай мағынасы болмаған.Оның жұмыстары қатаң белгілі бір формалар мен есеп айырысулар және элементарлы қаржылық жоспар мен есеп берулерді құруға бағытталған болатын.Қаржылық жұмыстар бухгалтерия бөлімінің шеңберінде бір қызметімен бірлескен болатын.Әрине екі әртүрлі кәсіптің арасында тығыз байланыс бар: бухгалтер берілген трансакциялардың ашалай мағынасын тіркеп, қорытынды бухгалтерлік баланс құжатына енгізеді; қаржыгер көптеген белгісіздердің арасынан осының мағынасын қалыптастырады.
Басшы немесе қаржылық менеджердің жұмысы белгісіздік жағдайда шншім қабылдаумен байланысты, бұл шығармашылық қасиетті, жоғары тәуекелге бару және тәуекел деңгейін бағалауды, сыртқы ортада жаңашылдықты қабылдай білуді қажет етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы және де оның кадрлық құрамы кәсіпорын қызмет түрі мен көлеміне байланысты әртүрлі тәсілдерімен құрылуы мүмкін.Ірі компанияларға арнайы қаржы директорын тағайындау тән.Шағын кәсіпорындарда қаржы менеджер қызметін бірінші басшы немесе бас бухгалтер атқарады.
Қаржы менеджер қызметі негізіне төрт негізгі функциялар кіреді: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау.Осы функциялардың қосымша объектісі болып қаржылық кәсіпорындар, ал ынталандыру объектісі болып менеджердің өзі табылады.
Нарықтық экономикада кәсіпорын қызметі көптеген факторлармен анықталады.Осы факторлар объективті, кәсіпорынға тәуелді емес және басқарушы команда жағынан бақыланатын ішкі болып негізгі топқа бөлінеді.Бүкіл осы факторлардың әсер етуі жан-жақты бағытта болады, сондықтан фирма басшылығы қызметінің негізгі мотиві болып мүмкін болатын өзгерістерді алдын ала болжау мен барлық мүмкіншіліктерді қолдану табылады.
Нарықтық экономикада кәсіпорын қызметінің үш негізгі мақсаты бөліп көрсетеді: 1)тіршілік; 2)пайда алу; 3)фирма дамуындағы экономикалық өсу.Қаржылық контексте бұл мақсаттар:1)кәсіпорын шаруашылық жүргізуші бірлестік ретінде тіршілік етуіне қажетті шарт-қаржылыққа тұрақтылық; 2)рентабелділік; 3)экономикалық өсу.
Осыған орай кәсіпрынның қаржылық тұрақтылығына жетудің бірінші кезекті мәселесі болып табылады.
Қаржылық тұрақтылық түсінігі кәсіпорын қызметіндегі тұлғалар топтарының әртүрлі пікірлермен түсіндіріледі, акционерлерді көбінесе кәсіпорынның керекті табыс табу қабілеті қызықтырады, егерде меншік иесі мен басшылардың функцияларын бөлетін болса, онда кәсіпорын қызметіне аз көңіл бөледі.Несие берушілер кәсіпорынға берілген қаражаттарды уақытында қайтару бойынша сұрақтарға көп көңіл бөледі.Фирманың қаржылық жағдайының өзгерістерімен көбінесе басқарушы персонал топтары айналысады.Олар кәсіпорын қызметін көптеген ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Кәсіпорындағы басшылық қызметі өте әрқилы болады және де олар күнделікті көптеген әртүрлі сипаттағы шешімдер қабылдайды.Дегенмен, кез келген басқару шешімдері қаржылық ресурстардың өзгеруіне алып келеді - персонал жұмысының қысқаруы мен жұмысқа қабылдау туралы шешімдерге қатысты ма, әлде өндіріс көлемінің ұлғаюы туралы шешімдерге қатысты ма, немесе керісінше, сұранысы жоқ өнімдерді шығару ма... Бұл жерде кері байланыс байқалады:кез келген басқару шешімдерін қабылдау мен оны іске асыру мүмкіншілігі кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен меншіктенушінің қарыз қаражаттар көлеміне байланысты шектеледі.Осы шектеулерге байланысты кәспорынның қайта ұйымдастырылуы немесе жабылуына дейін жағдайы нашарлауы мүмкін.
Алайда, кәсіпорында қаржылық ресурстардың белгілі бір резервтік қоры болуы керек.Олар кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру, сондай-ақ, оның күнделікті және ағымдағы міндеттерін орындау үшін қажет.Кәсіпорын активтерін тиімді пайдалану мүмкіншіліктері мен ресурстардың резервтік қорын қалыптастыруға бірқатар факторлар әсерін тигізеді - тұтастай экономика мен әлемдік экономика тенденциялары.
Нарықтық экономикадағы кез келген кәсіпорын, оның қызметінің өзіндік ерекшелігіне қарамастан, басқару шешімдердің көмегімен іске асатын ақша қаражаттар қозғалысы мен қаржылық қатынастар жүйесі ретінде сипатталуы мүмкін.Бұл тәсіл 90 жылдарда ерекше мәнге ие болатын,сондай-ақ фирманың акционерлік құнын құру концепциясы ретінде қолданылған.Акционерлік құнды құру инвесторлар күткен ақша қаражаттар ағынынан көп болуына байланысты.Сәйкесінше, кәсіпорын ойдағыдай басқарылатын жүйе ретінде болашақта да оң ақша ағынын әкеледі.
1.2 Қаржыны басқару түсінігі, принциптері және әдістері
Нарыққа кіре алмаған, кәсіпорын басшыларының ең үлкен қателігі қаржылық менеджмент заңдарын елемеушілігі мен жете бағаламауы болып табылады.Кәсіпорын қызметінің жетістіктерін жоспарлаудың басты шарты ақша қаражаттармен қамтамасыз етілуін бағалау болып табылады және де кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау ақша қаражаттар ағынын талдаусыз мүмкін емес.
Ақша ағыны түсінігінің бірнеше мағынасын бөлуге болады."Бос резерв" - кәсіпорын өкімінде болатын ақшаның статистикалық деңгейдегі сандық мағынасы.Ақша ағыны инвестор үшін инвестициядан күтілетін болашақ табыс.Кәсіпорын басшылығының көзқарасы бойынша динамикалық деңгейде, ақша ағыны кәсіпорынның ақша қоры қозғалысы немесе алдағы кезеңде олардың қозғалысы туралы ақпарын білдіретін болашақ жоспар.
Қаржы менеджмент мамандардың пікірі бойынша "ақша ағыны" түсінігі кең мағынада талқыланады.Мысалы, қаржылық менеджмент саласындағы атақты маман Ю.Бригхем осы түсінікке келесі анық тама береді: "Ақша ағыны: белгілі бір кезең ішінде фирмаға келетін нақты ақша қаражаттар".Релевантты ақша ағынын бөлу мәселесін қарастырғанда, яғни капитал салымдарын орынды бағалау процесіндегі нақты капитал салымдарының мақсатқа сай сұрақтарын шешу барысында таза ақша ағынын ескеру қажет.Ол келесідей анықталады:
Таза ақша ағыны=таза табыс+амортизация= (1)
капиталға шыққан табыс
Р.А.Брейли мен С.С. Майерс таза келтірілген құн әдісі бойынша инвестициялық шешімдерді қабылдау процедурасын ашу барысында, ақша қаражаттар ағынын келесідей анықтауды ұстанады:"Өндірістік - шаруашылық қызметтің ақша қаражаттар ағыны сатылған тауардың құнын шегеру, басқа да шығындар мен өткізуден түскен түсімге салынатын салықпен анықталады".Бұл ақша қаражаттар ағынына айналым капиталының өсуі, бастапқы капитал салымдары мен жабдықтардың жойылу құны жатады.Егер күтілгендей, жойылу құны жабдықтың қалдық баланстық құнынан жоғары блатын болса, онда пайда болған айырмаға салық төленеді.Сондықтан осы деректерді ақша қаражат ағыны болжамына негізілуі қажет.
Әлемдік тәжірибеде ақша ағыны "cash flow" сөзімен белгіленеді. Бұл көрсеткіш АҚШ-та пайда болған және келесі рет бөлуге дейінуақытша қалатын ШЖС-ң ақша қаражаттардың бір бөлігін білдіреді. Ол амортизациялық аударымдардың, таза пайда және басқа да ақша қорлар сомасына тең.
"Сash flow" көрсеткіші ақша түсімдері мен оларды жұмсау арасындағы сальдо ретінде қалыптасатын ШЖС-ң есеп айырысу шотындағы ақшаның қалған сомасын анықтау үшін қолданылады. Ақша ағынында жылыстау түсімнен жоғары болғанда, ол жағымсыз болып саналады және керісінше, оң. Бұл көрсеткіш ақша ағыны жоспарын құру және қолма-қол балансын талдау үшін қажет.
Отандық ғалымдар ақша қаражаттар ағыны мен кәсіпорынның белгілі кезең ішінде бүкіл төленген және түскен ақша қаражаттар арасындағы айырмашылықты пайдамен салыстырады. Пайда кәсіпорын жұмысының тиімділік көрсеткіші мен оның тіршілік әрекетінің көзі ретінде болады. Пайданың өсуі кәсіпорын қызметін қайта қаржыландыру үшін қаржылық негіз жасайды және ұдайы өндірісті және әлеуметтік, материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыруды жүзеге асырады. Пайда есебінен кәсіпорынның бюджеттік, банктердің және басқа ұйымдардың алдында міндеттер орындалады.
Түскен пайда сомасы мен ақша қаражаттар көлемінің арасындағы айырмашылық келесілерге негізделеді:
* Пайда белгілі бір кезеңде ақшалай есеп-қисап және ақшалай емес табыстарды білдіреді;
* Пайда есептеу кезінде өнім өндірісінің шығындары өнімді өткізгеннен кейін мойындалады;
* Ақша ағыны пайданы есептеу кезінде ескерілмейтін ақша қаражаттар қозғалысын білдіреді: амортизация, капитал шығындары, салықтар, айыппұлдар, борышқорлық төлемдер мен борыштың таза сомасы, қарыздық және авансыланған қаражаттар.
Ақша қаражаттарының бар болуы ешқандай пайда әкелмейді, ал баға деңгейінің өсуі уақытысында ақырындап сатып алу қабілеттілігін жоғарылатады. Алайда берілген жағдайға қарамастан, ең өтімді активтердің болуы жоғары тәуекелді төмендетуді қамтамасыз етеді.
Өнімді өткізудің өзіндік құны мен сату көлемі арасындағы айырмашылық болып табылатын табыс ақша қаражаттар ағынына әртүрлі әсер етуі мүмкін. Мысалы, жабдықтар мен ғимараттарды эксплуатациялаумен шарттасылған шығындар көбінесе ақша қаражаттарды қолданумен байланысты болмайды, ал таза табысқа амортизация сомасын қосу, тек қана ақша қаражаттар ағынының шамалы көрсеткішін береді.
Ақша қаражаттардың түскен жалпы сомасы кәсіпорын басшылығының ресурстарды тарту қабілетіне тәуелді болады. Салынбаған ақша қаражат көзқарасында басшылық осы қаражаттарды ең маңызды деп есептейтін кез келген мақсаттарға бағыттайды. Ақша ағынын басқарудың негізгі міндеттердің бірі - ақша қаражаттар ағыны мен пайда мөлшері арасындағы байланысты анықтау, яғни тиімді ақша ағыны нітижесінен түскен пайда ма, жоқ әлде басқа факторлардан түскенін анықтау.
Ақша қаражаттарды басқару ақша ағынын болжау көмегімен жүзеге асады, яғни ақша қаражаттардың түсуі мен оларды қолдану. Жергілікті жетілмеген нарық шартында түсім мен шығынды анықтау тек қана шамалы болады.
Ақша ағынын талдау үш негізгі бағытта жүзеге асады: ағымдық, инвестициялық және кәсіпорынның жалпы қаржылық қызметі.
Ағымдық қызмет - бұл өткізуден түскен түсім, аванс, жеткізуші шоттарын төлеу, қысқа мерзімді несиелер мен займдар алу, еңбекақы төлеу, бюджетпен есеп айырысу, несиелер бойынша төленетіналынатын пайыздар.
Инвесициялық қызмет - материалық емес активтер мен негізгі құралдарды өткізнемесе иелену мен байланысты қаражаттар қозғалысы
Қаржылық қызмет - ұзак мерзімді несиелер мен қарыздарды алу,несие бойынша міндеттемелерді өтеу,дивидендтер төлеу.
Ақша қаражаттарды басқарудың негізгі мақсаты фирма жұмыс істеуіне қажет оларды ең төменгі мөлшерге дейін қысқарту.Қолма-қол қаражаттар фирманың келесі мүмкіншіліктері үшін қажет: 1)сауда шегерімін ұсыну; 2)несие беру мен алу; 3)болжанбаған шығындарды төлеу.
Кәсіпорынның ақша қаражаттар ағынын тиімді басқарудың үлкен рөлі келесі негізгі ережелер бойынша анықталады:
1. Ақша қаражаттар ағынын тиімді басқару кәсіпорынның стратегиялық даму процесінде оның қаржылық тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Бұл дамудың қарқыны, кәсіпорынның елеулі өлшемде қаржылық тұрақтылығы ақша қаражаттар ағынының әртүрлі түрлері қаншалықты бір-бірімен байланысты екеніне қарай анықталады.
2. Ақша ағыны кәсіаорынның шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін қызмет көрсетеді. Басқаша айтқанда, ақша ағынын кәсіпорынның шаруашыық ағзасының "қаржылық қан айналым" жүйесі ретінде білуге болады. Кәсіаорынның тиімді ұйымдастырылған ақша ағыны оның "қаржылық денсаулығының" маңызды симптомы болып табылады.
3. Ақша қаражаттар ағынын оңтайлы қалыптастыру кәсіаорынның операциялық процесін жүзеге асыру ырғақтылығын жоғарылатуға көмектеседі. Төлемдерді жүзеге асыруды кез келген қателік шикізаттың және материалдың өндірістік қорларына, еңбек өнімділік деңгейіне, дайын өнімді өткізуге және т.б. кері әсерін тигізеді. Ақша қаражаттар ағынын тиімді ұйымдастырып, кәсіпорынның операциялық процесін жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, өнімді өткізу мен өндіріс көлемінің өсуін қамтамасыз етеді.
4. Ақша қаражаттар ағынын тиімді басқару кәсіпорынның қарыз алу қажеттілігін қысқартады. Ақша ағынын белсенді басқара отырып, ішкі көзден қалыптасатын меншік қаржылық ресурстарды оңтайлы және үнемді қолдануды, кәсіпорынның несие алу тәуелділігінің қарқынын төмендетуді қамтамасыз етеді.
5. Ақша қаражаттар ағынын басқару кәсіпорынның айналым капиталын жылдамдатуды қамтамасыз ететін маңызды қаржылық тұтқа болып табылады. Бұл ақша ағынын нәтижелі басқару процесінде қол жеткізетін өндірістік және қаржылық кезеңін қысқартумен және де капиталға деген қажеттілікті төмендетумен сипатталады. Ақша ағынын тиімді басқару арқылы айналым капиталын жылдамдату кәсіпорын пайда көлемін ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
6. Ақша қаражаттар ағынын тиімді басқару кәсіпорынның төлемқабілетсіздік тәуекелін төмендетуді қамтамасыз етеді. Тіпті шаруашылық қызметін ойдағыдай жүзеге асырып жүрген кәсіпорындарда төлемқабілетсіздік ақша ағын түрлерінің теңгерімсіздігінен туындауы мүмкін.
Ослайша, кез келген кәсіпорынның жұмыс істеу процесінде ақша қаражаттар қозғалысы болады; ақша ағыны кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыру деңгейін, оның қаржылық күшін, қаржылық әлеуетін және табыстылығынбілдіреді. Кәсіпорынның ақша қаражаттар ағынын тиімді басқару қаржылық капитал салымдарды жүзеге асыру үшін қосымша инвестициялық ресурстарды қалыптастыруға көмектеседі [2,372б].
Ақша қаражаттар ағынын тиімді басқару мақсатында олардың белгілі бір жіктелімі қажет. Шаруашылық процеске қызмет көрсету ауқымы бойынша ақша ағыны былай бөлінеді:
* Жалпы кәсіпорын бойынша. Бұл ақша ағынының біріккентүрі болып табылады және де жалпы кәсіпорынның шаруашылық процесіне қызмет ететін ақша ағынының барлық түрлерін шоғырландырады;
* Кәсіпорын шаруашылық қызметінің бөлек түрі бойынша. Ақша ағынының бұл түрі кәсіпорынның жиынтық ақша ағынынсаралау нәтижесін мінездейді;
* Кәсіпорынның бөлек құрылымдық бөлімшелері бойынша. Кәсіпорынды ұйымдастырушылық-шаруашылық құру жүйесінде дербес басқару объектісі ретінде анықтайды.
* Бөлек шаруашылық операциялар бойынша. Дербес басқарудың бастапқы объектісі ретінде қарастыру қажет.
Шаруашылық қызмет түрі бойынша:
* Қызмет көрсетудің бөлек түрін атқарушылар;
* Персонал еңбекақысы; салықтық төлемдер;
* Салық органдардың қайта есептеу барысында артық төленген сомалар және есеп жүргізудің халықаралық стандарттарымен қарастырылған басқа да төлемдер;
* Инвестициялық қызмет бойынша. Нақты және қаржылық инвестициялауды жүзеге асыруға байланысты ақша қаражаттар төлемі мен түсімдерді мінездейді;
* Қаржылық қызмет бойынша. Қосымша акционерлік және жарналық капиталды тартумен байланысты ақша қаражаттар түсімі мен төлемдер, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелер мен қарыздарды алу, пайыздар мен дивиденттерді ақшалай нысанында төлеу және басқа да ақша ағыны.
Ақша қаражаттар қозғалысының бағыты бойынша:
* Кәсіпорынға әртүрлі шаруашылық операциялардан түсетін ақша қаражаттар жиынтығын мінездейтін оң ақша ағыны;
* Кәсіпорынның әртүрлі шаруашылық операцияларды жүзеге асыру барысында төленетін ақша қаражаттар жинтығын мінездейтін теріс ақша ағыны.
Көлемін есепеу әдісі бойынша:
* Жалпы ақша ағыны бойынша. Барлық ақша қаражаттардың түсуі мен жұмсалу жиынтығы;
* Таза ақша ағыны. Оң және теріс ақша ағынының арасындағы айырмашылық. Таза ақша ағыны кәсіпорынның қаржылық қызметіндегі маңызды нәтиже болып табылады және көп жағдайда қаржылық тепе-теңдік пен оның нарықтық құнының ұлғаю қарқынын анықтайды.
Қаражат көлемінің жеткіліктілік деңгейі бойынша:
* Артық ақша ағыны. Нысаналық тұтынуда кәсіпорынның ақша қаражаттар түсімі нақты қажеттіліктен жоғары болады;
* Тапшы ақша ағыны. Нысаналық тұтынуда кәсіпорынның ақша қаражаттар түсімі нақты қажеттіліктен төмен болады. Тіпті, таза ақша ағынының оң сомасы тапшылық ретінде сипатталуы мүмкін, егерде кәсіпорынның барлық қарастырылған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz