Оқытудың педагогикалық технологиялары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан мектептерінің алдына қойып
отырған мақсаты — инновациялық оқыту технологиясы арқылы білім мен тәрбие
жұмыстарын жетілдіру, мемлекетіміздің әлеуметтік - экономикалық жағдайын
жақсарту жолында оқушыларға жүйелі, нақты білім беру.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің
басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа
технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу -
делініп, білім беру жүйесін дамытудағы міндеттері көзделеді. Осы міндеттер
мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық ізденісіне байланысты және іс жүзінде
жүзеге асыруы мүмкін болады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай Қазақстан-2030 стратегиялық
бағдарламасында Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі
және әл-ауқатының артуына бағытталған негізгі басым бағыттар мен
міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жақсартумен қатар, оқытудың
әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру қажеттілігін көрсеткен.
Қазіргі таңда республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік
білім беру кеңістігіне өтуге бағытталған.
Демек қазіргі таңда әрбір мұғалімнің мақсаты – сабақ сапасын көрсету,
оқушыларды пәнге қызығушылығын арттыруын, ізденуін және таным деңгейін
жоғарылату.
Осыған орай жалпы білім беретін мектептердегі өзекті мәселелердің бірі –
сабақтың жаңа түрлерін дамыту. Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибенің
бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін еркін
игеріп, әрбір нақты жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу, олардың
жиынтығын түрлендіре отырып пайдалану, әрі шығармашылықпен қолдану –
мұғалім шеберлігінің басты мақсаты. Осы аталған дәлелдерден келіп әдіс-
тәсілдерді қолдану барысында зерттеудің мақсаты анықталды.
Жұмыстың мақсаты: химия пәнін орта мектеп курсын шет елдік білім беру
жүйелерін пайдаланып оқыту әдістемесі тісілдерін қүрастұру.

Зерттеу нысандары: жалпы білім беретін мектептегі химия пәнін оқыту
жүйесі.
Зерттеудің пәні: химия пәнін шет елдік білім беру жүйелерін пайдаланып
оқыту әдістемесі тісілдерін қүрастұру.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: . Өзге елдердің оқыту әдістерін қолдану
оқушылар мен студенттердің жоғары белсенділігін, дүниетанымын және өзіндік
жұмыс аясын кеңейтеді, оқыту үрдісін саралауға, жан-жақты ізгілендіруге
көмектеседі. Осы көмекші құралдағы оқушы-көмекші құрал-оқытушы байланысы
орнатылғандықтан, қолдану мұғалімге де оқушы және студент де көп көмегін
көрсетеді: сабақтарда түсінбеген жерлерін оқушы өзі ізденіп, мұғалім бағыт
Алынған нәтижелері:
- жаңа жағдайға бейімдей оқытудың тәсілдерін құрастырудың ғылыми –
әдістемелік негізі анықталды.
- әдеби шолу арқылы анықталған ғылыми – әдістемелік негіздің нәтижесінде
жаңа жағдайға бейімдей оқытудың тәсілдері таңдалып алынды.
- осыларға байланысты өткізілген сарамандық сабақтарды талдау арқылы
жаңа жағдайға бейімдей оқытудың саралай және даралай тәсілдерін қолдану
оқудың нәтижесін елеулі түрде жоғарылатуға, оқыту бағдарламасының
жылдамдығын көтеруге, оқушылардың білім деңгейін арттыруға мүмкіндік
туғызатыны анықталды.
Практикалық маңызы:
Пәндерді оқыту әдістемесінде саралай және даралай оқыта отырып және
интеллектуалды ойын ретінде оқушылардың белсенділігін одан әрі арттыру,
олардың оқыту үрдісінде құрылымын басқаша, ескі үйреншікті жұмыс
әдістемесін бұза отырып, оқушының жеке басын дамыту деңгейін еселі
түрде өсіруге болады
1. Педагогика пәніне тығыз байланысты технологиялар ориялық мәнділігі:
мүмкіндетілді.
2. Қазақстанда сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы 90-шы жылдардан
бастап белгілі бола бастағаны айқындалды.
3. Сын тұрғысынан ойлау технологиялары көмегімен ақпаратты тиімді қамту
формалары, олардың мазмұндар мәселесі көрсетілді.
Зерттеудің практикалық манызы:
Жалпы білім беретін оқу орындарының педагогика саласына пайдалы,
әлеуметтік ортадағы қолданыста мол жүретін ақпараттық коммуникациялық
технологияға тығыз байланысты өзге елдің білім жетістігін нақты
пелагогикалық сабақтарда қолдана оқытудың аса үлкен пайдасы оқушылардың
танымдық белсенділігін арттырудың жолдарын теориялық тұрғыда негіздеп, оны
тәжірибе жүзінде қолданылуында.

1 Әдибетік шолу

1. Оқытудың педагогикалық технологиялары

Ғылыми тұрғыда технология ұғымы өндірістік және әлеуметтік технология
деп аталатын үлкен екі бағытқа жіктеледі. Әлеуметтік технология –
өндірістік технологиядан әлдеқайда ауқымды, жүзеге асыру жағынан күрделі,
қалыптасу, даму жағынан ұзақ мерзімді қажет ететін үрдіс. Білім берудегі
педагогикалық технологиялар қызмет ету сипаты тұрғысынан әлеуметтік
технологияларға біршама жақын.[1]
Қазіргі заманғы ғылыми техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің
алдына мүлде жаңа міндеттер қойып отыр. Педагог-ғалымдар қазіргі кезде
қолданылып жүрген білім беру технологиясы терминін әр қырынан ашып
көрсетуде. Педагогикалық технология термині ХХ ғасырдың 60-шы жылдары
АҚШ пен Англияда қалыптасып, қазіргі уақытта практика жүзінде барлық
дүниежүзі елдеріне таралып, білім беру саласында кең өріс алуда. Соңғы
кездерде білім берудің жаңа даму бағытын қамтитын оқытудың елуден астам
жаңа технологиялары практикаға енгізіліп, кеңінен пайдалануда.[2]
“Технология” – гректiң techne - өнер, шеберлiк, бiлiктiлiк, logos –оқу
сөздерiнен шыққан. Технологияға В.Дальдың сөздiгiнде: “белгiлi бiр маңызды
әрекетте, өнерде, шеберлiкте мақсатқа жету үшiн қолданылатын әдiс” деп
анықтама берiлсе, Қазiргi батыс әлеуметтану сөздiгiнде: “белгiлi әрекетте,
өнерде, шеберлiкте қолданылатын әдiс-тәсiлдердiң жиынтығы” деп көрсетiлген.
ЮНЕСКО-ның құжаттарында оқыту технологиясына “техникалық және адам
ресурстарын, олардың өзара бiрлiгiн ескере отырып, оқытудың тиiмдiлiгiн
арттыруды мiндет етiп қоятын мұғалiмнiң бүкiл оқыту iсi мен оқушының
бiлiмдi меңгеру әрекетiн ұйымдастырудың, қолданудың және анықтаудың жүйелi
әдiстерi” деп анықтама берiлген.[1]
Білім берудегі педагогикалық технологиялар жаңа технология, озық
технология, оқыту технологиясы т.б. терминдермен аталуда. Ал бұлардың
бір-бірінен айырмашылығы, өзіндік ерекшелігі жайлы ғалымдар арасында қызу
пікірталас бар. Жалпы ғалымдар технологияға шеберлікпен өнім алу, нәтижеге
жету, белгілі бір жоба, модельмен оқыту сияқты түрлі анықтамалар берген.
Солардың ішінде кең тарағаны – В.П.Беспальконың тұжырымдары. Оның
тұжырымдары бойынша технология төмендегідей шарттарды іске асыруы тиіс:
• Оқытуда дайындықсыз әрекеттерді болдырмау;
• Оқушының оқу-танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұны оқу-тәрбие
үрдісінің жобасына негізделуі қажет.Осыған орай В.П.Беспалько
технология тәжірибеде іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы,-
деп тұжырымдайды. Ал жалпы айтқанда, педагогикалық жүйе дегеніміз –
белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыру мен педагогикалық
үдерісті ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара
байланысқан бірлігі. Олай болса, Г.К.Селевконың оқыту технологиясы
− оқытудың тиімді жолдары мен үдерісінде қолданылатын әдістер,
тәсілдер мен қағидалар,-деген анықтамасы білім беру
технологияларының мәнін аша түседі.
Педагогикалық технология мәселесімен жан-жақты айналысып, зерттеу
жүргізіп жүрген ресейлік ғалымдардың бірі – М.М.Левин. Ол педагогикалық
технологияның негізгі қызметі – оқу үрдісінің білім беру мақсатын іске
асыру және жеке тұлғаны дамыту екендігіне тоқталады. М.Чошанов технологияны
дидактикалық жүйенің проссуалдық құрамдық бөлігі деп есептейді. Педагог-
ғалым В.М.Шепель: ”Технология – белгiлi заттың бейнесiн өзгерту үшiн
қолданылатын өнер, бiлiктiлiк, әдiс-тәсiлдер,”- дейдi. И.Г.Зайнышев:
“белгiлi затты, тұлғаны сапалы өзгертуде қолданылатын бiлiм мен әдiс-
тәсiлдер жүйесi” деген анықтамасын ұсынады. Е.И.Холостов болса,
технологияны “белгiлi шығармашылықтан сапалы нәтиже алу үшiн қолданылатын
әрекеттер жиынтығы” деп санайды. Ал Р.В.Овчарова оған “адамның әрекетiн,
бiлiктiлiгiн, тәжiрибесiн еңбекке қажеттi заттарды, әлеуметтiк шындықты
сапалы өзгертуге бағытталған әрекеттер жүйесi” деп қарауды ұсынады.[5]
Ресейлiк ғалымдардың iшiнде технологияның мәнiн бiршама анығырақ айтқан
Б.Т.Лихачев: ”Педагогикалық технология – оқыту тәсiлдерi мен тәрбие
құралдарын, оқытудың түрлерiн жинақтап, арнайы бiрiктiрудiң жолдарын
анықтайтын психологиялық-педагогикалық установкалардың бiрлiгi, сондықтан
да ол – педагогикалық процестiң инструментарийi болып саналады”, - дейдi.
Белгілі ғалым М.В.Кларин педагогикалық технологияға педагогикалық
мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара инструменталдық және
әдіснамалық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесі деген анықтама
берсе, В.М.Монахов технологияны оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай
тудыратын оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізу,- деп санайды.[10]
Қазақстандық ғалым Ғ.М.Құсайынов педагогикалық технологияны мұғалімнің
жоспарланған оқыту мен тәрбиелеу жолындағы мақсаттар мен нәтижеге жету және
сабақ беру үрдісіндегі ұжымдық оқыту әдісі. Себебі ұжымдық оқыту әдісі
қазіргі заман талабына сай жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеп
шығуға мүмкіндік береді. Педагогикалық оқу жоспарлары мен бағдарламаларында
берілген оқу материалын оқушылардың өздері бірін-бірі оқыту арқылы меңгеру
үрдісі деп санайды.[7]
Ж.А.Қараевтің пікірінше: Технология дегеніміз – әдістемелік жүйе мен
сәйкес дидактикалық үрдістер кешенінің тәжірибиеде жүзеге асырылатын
жобасы, ал педагогикалық жағдаяттарға сай қолданылатын әдістер, тәсілдер
оның құрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық технологияларға берілген
анықтамалар мен түсініктерді топтастырып жинақтайтын болсақ,
Педагогикалық технология –қоғамның қазiргi таңдағы бiлiм беру саласына
қойып отырған талаптарына сәйкес анықталған бiлiм мазмұнын жүзеге асыру
үшiн оқыту мақсатына қол жеткiзу жолындағы тұтас дидактикалық жүйе құрайтын
амалдар мен iс-әрекеттер тiзбегi,- деп тұжырымдаймыз.[11]
Көрiп отырғанымыздай, технология туралы қазiргi ғылымда орныққан дәл
анықтама болмағанымен, олардың бәрiнiң тоғысатын ортақ арналары бар. Олар,
бiрiншiден, технологияның шеберлiкпен, бiлiктiлiкпен байланыстылығы;
екiншiден, технологияның сапалық өзгерiс жасау мақсатында қолданылатыны;
үшiншiден, технологияның бiртұтас әдiс-тәсiлдер жиынтығынан құралатындығы.
Олай болса, технологияның бiлiм мекемелерiнiң кез келген типiнде жаппай
қолдануға қолайлы әрi тиiмдi оқу процесiн құрудың жолдарын iздестiрудiң
нәтижесi ретiнде туған тұжырым екендiгi даусыз. Бiлiм беру, оқыту
процесiндегi технология – қойылған мақсатқа тиiмдi жолмен қол жеткiзудi
қамтамасыз етушi жүйе, яғни бiлiм мазмұнын жүзеге асырудың тәсiлi.
Технология, бiр жағынан, бiлiмдiк ақпараттарды өңдеп ұсынудың,
өзгертудiң, ашудың әдiстерi мен құралдарының жиынтығы болса, екiншi
жағынан, мұғалiмнiң қажеттi техникалық және ақпараттық құралдарды оқу
процесiнде қолдана отырып, оқушыларға ықпал етуiнiң тәсiлдерi туралы ғылым.
Жалпы педагогикалық технологияның дамуының қайнар көздерiн педагогикалық
психологияның, әлеуметтану ғылымының, этнопедагогиканың жетiстiктерi мен
озық педагогикалық тәжiрибелер, сондай-ақ өткен жылдардағы отандық,
шетелдiк педагогикадағы жинақталған асыл қорлары құрайды. Сол себептi де
технология өткеннiң жетiстiктерi мен жаңашылдықты тоғыстыратын, оқыту
жүйесiнiң барлық мүмкiндiктерiн оқушының дамуына пайдалануды көздейтiн
бiртұтас ұғымға айналады. Түйiндей келгенде, оқыту технологиясы мұғалiм мен
оқушының мүддесiне қызмет ететiн, толық үндесiмге негiзделген оқытудың
әдiстемелiк жүйесi болып табылады.[16]
Оқыту технологиясына тән белгiлер:
• негiздiлiгi (кез келген технологияның өзiндiк философиясы, өзiндiк
тұжырымдамасы болуы шарт);
• жүйелiлiгi (құрылымдық элементтерiнiң бiртұтастығы);
• басқарылмалылығы (оқыту процесiн бастан-аяқ жоспарлап, нәтижесiн
тексеруге болатындығы);
• тиiмдiлiгi (қысқа мерзiмде аз шығынмен жоғары нәтижеге қол жеткiзу
мүмкiндiгi).
Педагогикалық технологияға қатысты мәселелер жан-жақты зерттелуде.
Өздерiнiң қомақты ой-пiкiрлерiмен салмақты орын алып отырған В.П.Беспалько,
М.В.Кларин, Г.К.Селевко, М.А.Чошанов, В.В.Давыдовтар технологияның түрлерiн
саралауда түрлi бағыттар ұсынады. Солардың iшiнде педтехнологияны
түбегейлi зерттеген ғалым Г.К.Селевко білім беру технологияларын
төмендегідей топтайды:
-қолдану өрiсiне қарай: жалпыпедагогикалық, жекепәндiк, модульдiк,
тарәдiстемелiк;
-мазмұны мен құрылымына қарай: оқыту (тәрбиелеу), зайырлы (дiни), жалпы
бiлiмдiк (бағдарлы), гуманитарлық (технократиялық), монотехнологиялық,
политехнологиялық, аралық;
-ұйымдастыру түрiне қарай: сыныптық-сабақтық (альтернативтiк).
академиялық (клубтық), жеке (топтық), ұжымдық оқыту тәсiлi, саралап оқыту.
Дегенмен, бiр ғана бағытпен шектелетiн монотехнология болмайтыны ақиқат.
Кез келген технологияға кешендiлiк тән. Бiрақ өзiнiң таңдаған басым
бағытына орай олардың арасында өзгешелiк те сақталады, соған cай белгiлi
бiр атауға ие болады. Сонымен, технология – жеке тұлғаны дамытуға
негiзделген мақсатты педагогикалық жүйе. Технологияны қолдануда мұғалiм
шеберлiгi ерекше мәнге ие. Оның кәсiби шеберлiгi мен оқытудың қандай әдiс-
тәсiлдерiн таңдауы ғана технологияның ұтымды болуына алғышарт жасайды.
Дәстүрлi оқыту жүйесiнен тыс жасалған технологиялар оқытудың мотивациялық
сипатын арттырып, оқушылардың пәнге қызығуын тудырады, оқушының өз
айналасындағылармен табиғи бәсекелестiгiн дамытады, оның дара тұлғалық
белсендiлiгiн күшейтедi, өз бойындағы қабiлетiн саналы түрде ашуына қолайлы
жағдай туғызады, олардың адамгершiлiк сапаларын жетiлдiредi,
шығармашылыққа, еркiндiкке ұмтылдырып оқушылардың бейiндi бiлiктiлiгiн
арттыруға мүмкiндiк туғызады. Сол себепті педагогикалық технология салалық
және локальдік деңгейлерде қолданылу болып бөлінеді.
Салалық ( пәндік) − бір пән шеңберіндегі оқыту мен тәрбие мазмұнын
жүзеге асыруға негізделген әдістер мен құралдар жиынтығы.
Локальдік (модульдік) жеке әрекеттер технологиясы ұғымын қалыптастыру,
дара қасиеттерді қалыптастыру және дамыту технологиясы, жаңа материалды
меңгерту технологиясы, қайталау және бақылауды ұйымдастыру технологиясы,
жеке жұмысты ұйымдастыру технологиясы болып іштей жіктеледі.[19]
Оқытуда тиімділік танытатын педагогикалық технологияларды iрiктеу мен
жүйелеудiң мынадай критерийлерi айқындалған:
• технологиялардың оқыту талаптарымен үндес болуы;
• технологиялардың білім алушылардың мүддесiне басымдылық беруі;
• технологиялардың оқыту деңгейлерінің кез келгенiнде қолдануға
қолайлылығы;
• технологиялардың бiлiм сапасын арттыруға ықпалының айқын болуы;
• технологиялардың студент бiлiмiн объективтi бағалаудағы тиiмдiлiгi;
• технологиялардың студенттің әрекетiн белсендiруге ықпалын тигiзетiндiгi
Педагогикалық технологияның негізгі мақсаты – білім алушылардың
даралық тұлғасын дамыту деп санаймыз. Енді осы ұғымға тоқталатын болсақ,
педагогикалық технология техникалық және адами ресурстарды ескере отырып
оқыту және білімді меңгерудің барлық үдерісін анықтап құру және қолданудың
жүйелі әдісі, сонымен бірге білім берудің жолдарын айқындаудың бірі ретінде
қарастырады.[22]
Педагогикалық технология-арнаулы және тұрақты педагогикалық нәтижелерге
қол жеткізу үшін барлық педагогикалық жүйені ұйымдастыру бағыттарымен
тікелей байланыста қарастырылатын теория мен практиканың зерттеу аймағы деп
зерттеуші П.Митчелл қарастырған.
Зерттеуші М.Шошановтың ғылыми еңбегінде педагогикалық технология
оқушының оқу танымдық қызметін арттыруға бағытталуы тиіс екендігін айта
келіп, педагогикалық технологияның негізгі белгілері ретінде: диагностика
мен нәтижелікті, үнемділікті және түзетуді атап өтеді. Педагогикалық
технологиялардың бастаулары ретінде педагогика, психология және әлеуметтік
ғылымдардың жетістіктерін, озық педагогикалық тәжірибелерді, халық
педагогикасын отандық және шетелдік педагогикадағы озық бағыттарды атауға
болады. Педагогикалық технология нақты педагогикалық тәжірибе барысында
оқу үдерісін жүзеге асырып, оқытып үйрету мен оқып үйренудің шын болмысын
бейнелейді.[26]
Бүгінгі оқу үдерісінде қолданылып жүрген педагогикалық технология
бағыттары ізгілік, дамытушылық, жеке қарым-қатынастарға негізделген. Ал,
бұл технологиялардың дидактикалық негіздеріне: белгілі бір мақсатқа
байланысты проблемалық оқыту, студенттердің қабілеті мен мүмкіндіктерін
ескеру, оқу қызметін саралап басқару, оқу үдерісін демократиялық жолмен
ұйымдастыруды айтуға болады деп есептейміз.[23]
Педагогикалық технологияның басты ерекшілігі оқу үдерісінің қойылған
мақсатқа жетуге кепілдік беретіндігінде. Педагогикалық әдебиеттерде
педагогикалық технология ұғымы үш бағытта қолданылады:
1) жалпы педагогикалық денгей–белгілі бір аймақтағы, оқу орнындағы білім
беру үдерісін сипаттайды;
2) жеке пәндік-әдістемелік деңгей–жеке пән әдістемесі ретінде
қолданылады;
3) элементтік (бөлімді) модельді деңгей-оқу-тәрбие үдерісінің жекелеген
бөлігінің технологиясы ретінде қарастырған.
Белгілі ғалым- әдіскер В.М. Монахов Педагогикалық технология бұл оқушы
мен мұғалімнің оқу үдерісін жобалап және ұйымдастыруға бірігіп қызмет
етуіне қолайлы жағдай туғызатын, әбден ойластырылған педагогика-лық іс-
әрекетінің үлгісі-, деп тұжырымдайды.
Білім берудегі педагогикалық технологиялардың оқыту үдерісінде жіктелуі
Білім берудегі педагогикалық технологиялардың негізгі қызметі – оқу
үдерісінің білімдік мақсаты мен міндеттерін іске асыру және жеке
тұлғаны дамыту екендігін ғалымдар педагогикалық-психологиялық негіздерін
анықтап, оларды философиялық тұрғыдан дәлелдеген. Педагогикалық
технологиялар оқушыларға нәтижелі білім беруге бағытталған тиімді құрал
болуымен қатар, мұғалімді де сапалы қызметке, нақты нәтижеге
жетелейтінмеханизм болып табылады Ең бастысы оқыту үдерісінде қолданылатын
пед.технологиялар сабақтың сапасын арттыруға, дара тұлғаны дамытуға және
түпкі нәтижеге жетуге ықпал етуі қажет.
Осы ретте білім беру технологияларын әдіскер-ғалымдар тұлғалық-бағдарлы
білім беру технологиялары, дамыта оқыту технологиялары, ұжымдық өзара оқыту
технологиялары, проблемалық оқыту деп төртке бөліп жіктейді.[29]
Қазіргі оқыту үдерісінде қолданылып жүрген білім берудегі тиімді
педагогикалық технологиялар ретінде мынадай педагогикалық технологиялар
жіктемесі сұрыпталған:
1. Оқушыны объект ретiнде емес, субъект ретiнде қарастырып, оның дара
тұлға ретiнде қалыптасуына жан-жақты әсер ететiн, қарым-қатынастың
демократиялық, iзгiлендiру бағытын негiзге алған – оқытуды
демократияландыру мен iзгiлендiру негiзiндегi педагогикалық
технологиялар(оған жататындар: Е.В. Бондаревский, Д.Б. Серикова, Ю.И.
Турчанинова, И.С.Якиманский, Ш.А.Амонашвилидiң iзгiлiктi-жеке тұлғалық
технологиясы, Е.Н. Ильинаның гуманитарлық пәндерді адам қалыптастырушы
пән ретiнде оқыту жүйесi және т.б. жатады);
2. Оқушының белсендi болуына, проблемалық жағдайда одан шығуды үйрететiн
– оқушы әрекетiн белсендiру мен интенсификациялау негiзiндегi педагогикалық
технологиялар (оған Е.И.Пассовтың коммуникативтiк оқыту технологоиялары,
В.Ф. Шаталовтың тiрек сигнал конспектiлерi негiзiндегі оқыту технологиясы,
проблемалық оқыту технологиялары жатады);
3. Балаға сырттан әсер етпей өзiнiң табиғий дамуына ықпал жасайтын,
баланың жаны мен жүрегiне жылулық ұялататын– халықтық педагогиканың
әдiстерiне сүйене отырып баланың табиғи дамуына негiзделген педагогикалық
технологиялар (Л.Н. Толстой, А.Кушнир, М.Монтессори технологиялары жатады);

4. Оқушының туа бiткен ақыл-ой қабiлетiнiң жеке дамуына негiзделген
–саралап оқыту технологиясы (Н.Гузик, И.Первин, В.Фирсов т.б.) ;
5. Оқушы мен оқытушы арасындағы қарым-қатынастың тең дәрежеде жүзеге
асуын қамтамассыз ететiн – ынтымақтастық педагогикалық технологиясы;
Әр оқушының жеке қасиетiн аша отырып, оның қабiлетi мен мүмкiндiк
деңгейiне қарай оқыту, тәрбиелеу бағытында жүзеге асатын технологияның түрi
– деңгейлеп саралап оқыту технологиясы;
6. Оқушылардың өз бетiмен жұмыс жасауына және қоғамдық белсендiлiгiнiң
артуына әсер ететiн– дамыта оқыту технологиясы(Эльконин-Давыдов, Л.В.
Занков, Г.Д. Кириллова, Г.И.Щукина т.б.);
7. Білім алушыларды ұжымда жұмыс iстеуге үйретуде, тiлдесiмде болуына,
бiрiн-бiрi үйретуiне үлкен әсер ететiн технология – оқытудың ұжымдық тәсiлi
жатады(В.Дьяченко, А.Соколов, А.Ривин, Н.Суртаева т.б.).
Бұл технологиялардың философиялық негiзiнде дамытушы, проблемалық,
тұлғаға бағдарланған оқыту жатады. Олар білім алушыларға бiлiмдi дайын
күйiнде бермей, тек баланың өз алдына iзденiп өзiндiк дамуына жағдай
жасатуға, белсендiлiкке, мәселеге сыни көз қараспен қарауға
бағытталған.[25]
Технология – жеке тұлғаны дамытуға негiзделген мақсатты педагогикалық
жүйе. Технологияны қолдануда мұғалiм шеберлiгi ерекше мәнге ие. Оның
кәсiби шеберлiгi мен оқытудың қандай әдiс-тәсiлдерiн таңдауы ғана
технологияның ұтымды болуына алғышарт жасайды. Дәстүрлi оқыту жүйесiнен тыс
жасалған технологиялар оқытудың мотивациялық сипатын арттырып, оқушылардың
пәнге қызығуын тудырады, оқушының өз айналасындағылармен табиғи
бәсекелестiгiн дамытады, оның дара тұлғалық белсендiлiгiн күшейтедi, өз
бойындағы қабiлетiн саналы түрде ашуына қолайлы жағдай туғызады, олардың
адамгершiлiк сапаларын жетiлдiредi, шығармашылыққа, еркiндiкке ұмтылдырып
оқушылардың бейiндi бiлiктiлiгiн арттыруға мүмкiндiк туғызады.
Білім берудегі педагогикалық технологиялар мынандай ұстанымдарға сәйкес
қолданылады:
1. Білім беру үдерісінің жариялылығы. Сыныптағы оқушылардың көпшілігі
оқылатын материалдың мазмұнын емес, мәнін түсінбеуі себепті оқуға деген
қызығушылығын жоғалтады, өз мүмкіндігінен төмен деңгей көрсетеді. Бұл ретте
оқушылардың білімге деген оң көзқарасын туғызу үшін өздері орындай алатын
оқу қызметін, әрекет түрлерін оқушының өзіне тапсырған дұрыс. Бұл
ұстанымның негізі Ш.А.Амонашвили, В.К.Дьяченко, И.П.Иванова,
В.Ю.Кричевский, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий еңбектерінде көрініс тапқан.
2. Педагогикалық үдерісті ізгілендіру ұстанымы. Білім беруді
ізгілендіру дегеніміз – оқыту барысында мұғалім мен оқушы арасында
ізгілікті, ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптастыру. Гуманитарлық пәндер
мазмұнында оқушылардың басқа адамдармен ынтымақтаса еңбек ету қабілеті,
өзіндік “Менін” қалыптастыру, оқушының жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік
мол.
3. Оқушының әлеуметтік құзыреттілігін дамыту ұстанымы. Білім беру мен
оқытудың жаңа талаптарына саймұғалім оқушының кез келген әлеуметтік
ортада, жағдаяттарда басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу қабілеті мен
білігін қалыптастыруға ықпал етуі керек.
4. Дамыта оқыту ұстанымы.Оқыту мен тәрбиелеуді қатар алып жүретін бұл
ұстанымоқушының интеллектуалдық, эмоционалдық, ерік-жігерлілік пен
ынталану бағыттарын қамти отырып, тұлғаның үйлесімді дамуына қызмет етеді.

5. Педагогикалық технологиялар тиімділігін арттыру ұстанымы берілген
оқу материалының жүзеге асырылуын және күтілетін нәтижені анықтауға
көмектеседі.
6.Іс-әрекет теориясын жүзеге асыру. Бұл теорияның негізі – оқушының
білімге деген саналы көзқарасын қалыптастыру (А.Н. Леонтьев).
7. Жүйелілік ұстанымы. Қазіргі қолданыстағы педагогикалық
технологиялардың мақсаты – тұлғалық қасиеттерді дамыту мен жетілдіру болып
табылатындықтан оқыту белгілі бір жүйеге құрылуы тиіс.
Сайып келгенде,бұл ұстанымдардың барлығы оқу іс-әрекеті нәтижесіне
оқушының өзіндік “Менін” қалыптастыру арқылы өзіне деген сенімділігін
туғызуға көмектеседі. Егер оқушының бойында өзіне деген сенімсіздік
болып, ол өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалай алмаса, оның сабақты
түсінуі, меңгеруі қиындық тудырады. Сонымен қатар мұғалім ынталандыру,
қызықтыру, оқушы ерік-жігерін шыңдау, қиындықтарды жою және мақсат қоя
білуге бағыттау мәселесіне көп көңіл бөлуі тиіс. Оқушының интеллектуалдық
қабілеті, оқу біліктері, “Мен – тұжырымдамасы”, ынталандыру мен ерік-
жігері өзара тығыз байланыста өз нәтижесін береді. Аталған функциялар бірін-
бірі өзара толықтыра отырып, кері байланыс орнатуға және оқушы білімін
бағалауға септігін тигізеді.[33]
Кері байланыс мәселесі жаңашыл педагогтар В.Ф.Шаталов, С.Д.Шевченко
еңбектерінде кеңінен қарастырылған. Бұл әдіске арнайы, қажетті жағдай
жасалғанда ғана қол жеткізуге болады.
Педагогикалық технологияларда оқу үдерісінің жобалауда заңдылықтар мен
принциптер
Педагогикалық технологияны атқаратын қызметіне қарай әдіскер-ғалымдар
төмендегідей топтарға саралайды:
1) Баланың әрекетін жандандыру және жетілдіру негізіндегі оқыту
технологиялары:
– ойын сабақ технологиясы;
– проблемалық оқыту;
– тірек конспектілерінегізіндеоқытутехнолог иясы;
– қатысымдықоқытужүйесі.
2) Оқуүдерісінұйымдастыружәнебасқарути імділігіне
негізделгентехнологиялар:
– бағдарламалы оқыту;
– дифференциалдапоқыту;
– даралапоқыту;
– ұжымдықжәнетоптықоқытутәсілдері;
– компьютерлік технологиялар арқылы оқыту.
Осы технологияларды қолдана отырып, шығармашылық іс-әрекет талаптары
орындау, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында бағдарламадағы
мәтіндерге сәйкес деңгейлік, шығармашылық тапсырмаларды алып қолдануға
болады және ол туралы төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:
- оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке
тұлғасын қалыптастыруға болады;
- қызығушылық іс-әрекет түрлері төменнен жоғары қарай, кезекті түрде,
белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы
дамиды;
- қызығушылық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен
ізденімпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды;
- оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай
топтарға бөліп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс
жүргізудің маңызы зор;
- қызығушылық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс-амалдар пайдалану
интеллектуалдық қабілеттерін дамытып, оқу-танымдық және ғылыми
ізденістер жасауға талаптандырады.
Нәтижелі білімді қамтамасыз етуде қазіргі қолданылып жатқан әдіс-
амалдар өте мол, оқушылардың қызығушылығын арттыруда жаңа технологиялар да
артуда, тек әр мұғалім тиімдісін қолдана білуден ұтады.[32]
Білім беру технологияларымынанегізде ұсынылады:
- дамыта оқыту технологиясы;
- модульдік оқыту технологиясы;
- ірі блогты шоғырландыра оқыту технологиясы;
- перспективалық-озық оқыту технологиясы;
- ойындық оқыту технологиясы;
- оқу материалдарының сызбалық және белгілік модельдерінің негізінде
жеделдетіп, оқыту технологиясы;
- жекелеген оқытудың технологиясы;
- сынып ішіндегі саралап оқыту технологиясы.
Сонымен педагогикалық технологияларды төмендегідей бөліп көрсетуге
болады:
• ойын арқылы оқыту технологиясы;
• проблемалық оқыту технологиясы;
• тірек сигналдары арқылы оқыту;
• деңгейлік саралап оқыту;
• міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік оқыту технологиясы;
• бағдарламалап оқыту технологиясы;
• оқытудың компьютерлік технологиясы;
• дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы;
• дамыта оқыту технологиясы;
• модульдік оқыту.
Бұл технологиялардың өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, В.Ф.Шаталовтың
тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшелігі:
• үнемі қайталау;
• ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану;
• жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;
• ізгілік;
• зорлықсыз, еркімен оқыту;
• әр оқушының табысының жариялылығын түзетуге, өсуге, табысқа
жетуге жағдай жасау;
• оқыту мен тәрбиелеуді біріктіру[i].
Сондай-ақ әрбір педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері бар.
Олардың негізгі қарастыратыны оқытуды нәтижелі ету. Педагогикалық жүйедегі
негізгі өзекті мәселе – оқушылардың, студенттердің ойлау қабілетін дамытып,
өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға
дағдыландыру.Педагогикалық технологиялардың ішінде оқытуды
демократияландыру мен iзгiлендiру негiзiндегi педагогикалық
технологиялардың тұлға дамуындағыпедагогикалық-психологиял ық маңызы ерекше
деп түсіндіріледі. Өйткені қазіргі қоғамға ең алдымен адамгершілік сапалары
қалыптасқан мамандар қажет.[31]
Ш.А.Амонашвилидің тұлғалық-ізгілендіру технологиясы оқушының жеке
тұлғалық қабілеттерін аша отырып, тәрбиелеу мен дамытуды, оның жүрегіне жол
табуды, танымдық күшін дамыту мен қалыптастыруды, білім мен қабілетті
тереңдететін және кеңейтетін жағдайлар жасауды, өзін-өзі тәрбиелеуді мақсат
етеді. Танымдық оқуды, жазбаша сөйлеу қызметін дамытуды, лингвистикалық
сезімді, қызметін жоспарлауды, шетел тілінде сөйлеуді, рухани дүниесін
байытуды, әлемнің сұлулығын танытуды көздейтін бұл технология барлық
жағдайлар арқылы ізгілендіре оқытуды негізге алады. Ш.А.Амонашвилидің
технологиясы оқушының қызметін бағалауды бірінші орынға қояды. Сандық
бағалаудан гөрі сапалық бағалауға (білім алушының істеген әрекетіне
мінездеме беру, нәтижесін шығару, өзін-өзі бағалау мен сыйлауға үйрету)
айрықша мән береді.
Дальтон технологиясы оқушының жеке дамуын қамтамасыз етуді көздейді.
Аталған технологияда материалдық-техникалық база негізгі рөл атқарады.
Себебі теориялық және практикалық тапсырмаларды орындауға белгілі бір
шарттар қойылады. Кез-келген мекеменің материалдық-техникалық базасы
аталған талапқа сай келе бермейді. Бұл технологияның кемшілігі болып
саналса да, Дальтон технологиясы бойынша оқитын оқушылар уақыттарын
жоспарлап үйренеді. Белгілі бір уақыттарға кітапханаға барып, материал
жинақтау арқылы білімдерін тереңдете алады. Теориялық білімдерін
лабораторияларда іс-тәжірибеден өткізу арқылы практикалық дағдыларын
қалыптастырады.
Ф.Ш.Оразбаеваның қатысымдық тұрғыдан оқыту технологиясы – қазіргі білім
беру үдерісінде ең жиі қолданыста жүрген технология. Бұл технология тілді
сөйлесім әрекетінің түрлері арқылы меңгерту көздейді. Әдіскер сөйлесім
әрекетінің барлық түрлеріне тән ең басты көрсеткіш: ол – түсіну. Бір адам
екінші адамның айтқанын түсінбесе, ұқпаса, онда пікірлесу мен сөйлесу де
жүзеге аспайтынын айта келіп, тілдік қатынасқа байланысты іске асатын
сөйлесім әрекетінің бес түрін ғылыми айналымға енгізді. Бұл технология тіке
байланыс, адамның жеке қабілетін ескеру, сөйлеуге үйретуде жүргізілетін
жұмыстардың түрлерін айқындау, сатылап даму, динамикалық өзгеру, өзектілік
ұстанымдарын басшылыққа алып, қатысымдық әдіс арқылы тілді меңгертуді
мақсат етеді.[18]
Оқушының айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы – маңызды
факторлардың бірі. Зерттеуші ғалымдар субъект әрекетінің ішкі қозғаушы
күштері, яғни уәждері оның қоғамдық қатынастары арқылы да қалыптасатынына
айрықша назар аударады. Қарым-қатынас арқылы оқушылар арасында
ынтымақтастық, сенім ахуалы қалыптасып, өзара сыйластық орнайды. Сөзді
жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі – өнер. Сөйлеу әрекеті тек қарым-
қатынас жүйесінде ерекше мәнге ие болады. Себебі тіл сөйлеу әрекеті арқылы
танылып, іске асады, студенттің ойлау дағдысын дамытады. Қатысымның мақсаты
мен міндеттерін анықтайтын тілдің әлеуметтік, танымдық қызметтері іске
асырылады. Сөйлесім әрекеті ойды дәл, анық, әсерлі беруге септігін
тигізетін барлық элементтердің жиынтығынан тұратын дұрыс жазу мен дұрыс
айта білу дағдыларының нәтижесі болғандықтан, ол әрі күрделі, әрі айқын
құбылыс.
Сөйлесім әрекетінің түрлерін (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым,)
тілдесім) қатысымдық бағытта өзара сабақтастыра оқыту, тілдік материалды
жүйемен іріктеп, ыңғайлап меңгерту негізге алынады.[16]
Белл-Ланкастерлік жүйе өзара қарым-қатынаста оқыту тәсіліне негізделген.
Мұғалімнің басшылығымен ересек оқушылар, оның ішінде жақсы оқитын оқушылар
сабақ өткізеді. Бұл әдіс жалпы сауаттылықты ашудың қажеттілігінен туындап,
1791 жылы алғаш рет Белл Индияда, Ланкастер 1801 жылы Ұлибританияда
қолданған. Осы әдісті пайдаланып, сабақ жүргізген балалар өз ата-аналарына
сабақ берген. Бұл әдіс бойынша негізінен 10 оқушыға сабақ беру тиімдірек
болған. Үлкен залдарда 100-500 адамға дейін білім алатын болған. Бірінші
үлкен балалар білім алып, алған білімдерін кіші балаларға үйреткен. Одан
осы балалардың ішіндегі ересектері таңдалып, олар кішілерді оқытқан. Оларды
монитор деп атаған. Мұғалімнен мониторлар бағыт-бағдар, тапсырмалар алып
отырған. Басқа жүйелерге қарағанда осы әдісті оқушылар тез қабылдайтын
болған.

1.2 Заманауи педагогикалық технологиялар

Жаңа оқыту технологияларын білім беру жүйесінде жүзеге асыруды-білім
беру жүйесінің дамуының заңдылықтарының бірі ретінде қарастыруға болады,
өйткені білім беру жүйесін және оның құрамының өзгеруін қажет ететін ескі
мен жаңа үдеріс арасында қайшылық болуы табиғи құбылыс. Адам өмірі мен
тұрмысының жаңа сапаға көтерілуі, білім мен тәрбиенің мазмұнын жанартуды
талап етері сөзсіз. Ал бұл өзгерістер оқыту үдерісінде оқу-тәрбие мақсаты
мен мазмұнын, оқыту тәсілдері мен құрал-жабықтарын өзгертумен қатар, оқу
үдерісін ұйымдастыру шараларын да түбегейлі өзгертуді талап етеді. Ал,
педогогиқалық жаңа технологиялар осы педагогикалық мақсатқа жетудің тиімді
жолы екені анық.[11]
Қазіргі педагогикалық технологиялар - обьективті қажеттілік
Қазіргі заманғы білім жүйесінің құрылымы мен қызметіндегі қоғамдық
тенденцияларды көрсететін маңызды әлеуметтік педагогикалық феномен ретінде
білім ізгілігінің мазмұны мен маңызын анықтауға байланысты қаралған
педагогикалық технологиялар өз тиімділігін дәлелдеуде.
Педагогикалық технологиялардың көкейтестілігін анықтауда төмендегі
қайшылықтарды атауға болады.
-қоғамның педагог мамандарға қойып отырған талабының күшеюі мен кәсіби
білім беруді жүзеге асыруда кездесеін қиыншылықтар арасындағы;
-қайта дамып отырған жекелеген педагогикалық жүйелер мен оларды жылдам
өзгеріп отырған еңбек шараларына бейімдеу, білім беру жүйесінің
консервативтілігі арасындағы;
-ғылымның даму деңгейі мен өндірістің оны іске асыруға мүмкіндік деңгейі
арасындағы;
-мұғалімнің әлеуметтік ролі және қоғамдық ақпараттық –коммуникациялық
қызметарасындағы;
- педагогикалық жоғары оқу орындары оқу бағдарламаларының мазмұнының
әдістемелік құралдары және қоғам мәдениеті арасындағы болатын қайшылықтар.
Білім ізгілігі-педагогтар мен оқушылардың өз шығармашылық даралығын
дамыту субьектісі болатын,үрдістің мәні мен сипатына деген көзқарасты
едәір өзгертетін , педагогикалық ойлаудың басты бөлшегі.[12]
Педагогикалық үрдістің негізгі мәні, мұндай жағдайда, ұлғаның дамуы мен
өзін -өзі дамытуы ретінде қалыптасады, олардың сапасы мен мазмұны
мұғалімдердің, оқу мекемелері мен бүкіл білім жүйесі жұмысында маңызды
шарттардың бірі болып табылады. Теорияларды талдау мен қалыптасқан
тәжірибелерді жалпылау білім ізгілігінің негізігі жолдарын анықтауға
мүмкіндік туғызады.
Соның ішінде ең маңыздылары;
1. Ізгілендірілген білім мазмұнында қаралатындар:
-білімділік-бағдарлық әдістен бас тарып, дамытушы тұлғалық бағдарлық
әдіске көшу;
- пәндік және жекелік білімнен білім берудің үздіксіз жүйесінің барлық
сатыларында терең және көп пәнаралық кіріктіруге, шоғырлануға көшу.
2. Балалардың қабілеті мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту
мен тәрбиелеудің тұлғалық бағдарлық технологиясын таңдау (
Ойлаудың, есте сақтаудың, назар аударудың негізгі типтері бойынша).
3. Мұғалімнің озық игілік дайындығы:
Оның оқушылармен ынтымақтастығын қалыптастыруға оқушылардың дайындығы,
педагогикалық үрдістегі шығармашылық, өзін-өзі көрсетудің қажеттігі.
Қоғамдық - тарихи тәжірибені игерудің басты әлеуметтік қызметі білімді
жинақтауда емес, бар білімді қайта қалыптастыруда.
Сондықтан қазіргі заманғы мектептер оқушылардың ойлау белсенділігін
кеңінен дамытып білімді өзіндік жаңарту мен толықтыруға , оларды теориялық
және тәжірибелік міндеттерді шешкенде және сапалы пайдалана білуге үйретуге
міндетті.[13]
Мұны П.П. Блонскийдің, Л.С.Выготскийдің, С.Л.Рубинштейннің,
А.Л.Леонтевтің, П.Я.Гальпериннің, Ф.Н. Тлызинаның және т.б.зерттеулері
дәлелдейді. Білім берудің сапасын мәнді жоғарылату жолдарын іздестіруде,
нақтырақ айтсақ, жоғары білімнің Н.Чебышев пен В.П.Коган пәнаралық
байланыстың тұжырымдамасын негіздей отыра оны жоғары білім беру
тәжірибесіне енгізудің нақты оқу-әдістемелік механизмін ұсынады. Бұл
бағыттағы инновациялық іс-әрекет мәселесі жалпы білім беру мектептерінде
шешілуі қажет. Сондықтан, әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен
оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап тәжірибеде
сынап қарауда мұғалім іс-әрекетінің маңызы зор.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру
мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және
басқа көптеген адами келбетінің, қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі
дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі,-деп
көрсетеді С.В.Селевко.[14]
Қоғам өмірінің барлық салаларында яғни экономикасы мен әлеуметтік
қатынастарында көптеген өзгерістер туып отырған жағдайда білім беру ісінде
де өзгерістің болуы заңды нәрсе. Себебі, халыққа білім беру немесе мектеп
ісін қоғамнан тыс алып қарауға болмайды. Бүкіл қоғам өмірінде бой көрсеткен
келеңсіздіктің халыққа білім беру саласына да соқпай өтпегені мәлім.
Сонымен, халыққа білім беру жүйесі қоғамдық әрекеттердің басқа салаларымен
де қатарлас алға басуы керек.
Ғылым мен халыққа білім берудің дамуы еліміздің техникалық прогресске
жеткізері мәлім. Ал, техникалық прогресс қоғамдық және жеке бастың өмір
сүру деңгейін көтеруші еңбек өнімділігінің жоғарылауына әкеледі. Сонымен,
білім беру жүйесін қоғамдық өмірдің өзге салаларының да егізі деп білуіміз
керек. Инновациялық педагогикалық іс-әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру
мен дамытудың стереотипіне қарама-қайшы, ол белгілі межеден шығып, жеке
шығармашыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім қалыптастыруға
бағытталады.
Шынында, бұл мәселенің шешімі ұстаздың кәсіпкерлік шынайы іске асыруға
тән сол бір ішкі обьективті қайшылықты анықтаумен байланысты. Ю.Н.Кулюткин
кәсіпкер ұстаздың мөлшерлік шығармашылық белсенділіктің ара қатынасы
мазмұны мен мәнінен бөлек, абстрактылы түрде қарастырылмайды дейді. Егер
іс-әрекеттің немқұрайлы іс-әрекеттік құрылымымен бірге ұстаздың
шығармашылық белсенділігі де мөлшермен берілсе, жаңа педагогикалық ойлар
және оларды шешу ұстаздың өзінен күтіледі.[23]
Педагогикалық жаңалық-жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес,
педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің
білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы.
Дәстүрлі оқу пәндерінде шоғырландырылған мақсат пен міндеттер
қойылмайды, пәнді меңгерудің басты міндеті болып, ғылыми міндеттерді
фотографиялық түрде меңгерту, көбінесе есте сақтау мен қайта жаңғырту (кей
кезде ойлау қабілетінің қатынасынсыз) деңгейінде ғана қалады. Мұғалімдердің
жұмыс тәжірибелерін зерттеу когнитивті ауқымдағы (Б.Блум) білім беру
мақсатының технологиясымен сәйкес, мұғалімнің зейіні мен меңгерілген
материалды Білімділігіне және Түсініктілігіне шоғырланады, ал талдау
жинақтауға, оқушылардың әрекетін өздік бағалауына, мұғалім іс-әрекетіне аз
деңгейде назар аударылатыны көрсетіледі.
Педагогтың кәсіби даярлығындағы технологиялық принцип болашақ
мамандығына бағдар беретін оқытудың мақсат, мазмұн оқыту әдістерінің
бірлігі болып табылады.
Оқыту технологиялары теориялық негізде құрылады: Егер Л.В.Занков
әдістемесі Л.С.Выготскийдің дамыту теориясына негізделсе, ол өзінің
принципін содан іздеп табады. Оқушылардың теориялық ойлауын дамыту, оқу
материалының теориялық күделілігінің жоғары деңгейі, оқу жұмысының жоғары
темпі оқушылардағы жеке тұрғыдағы бағдар.
С.Л.Рубинштейіннің, А.Н Леонтевтің іс-әрекет теориялары қазіргі оқытудың
инновациялық технологияларының әдіснамалық негізі.
Педагогикалық технология үш аспектіде қаралады:
-ғылыми;
- процессуалды - сипаттамалығы;
-процессуалды - әрекеттік.
Осындай жолмен педагогикалық технология оқытудың рационалды жолдарын
зерттеуші ғылым ретінде қызмет етеді, принциптер мен оқытуды зерттеуші
қызметін атқарады.
Кез-келген педагогикалық технология философиялық негізде қаралады.
Философия жалпы реттеуші білім беру технологияларын әдіснамалық қамтамасыз
етеді.
Философиялық тұрғыда білім беру мазмұнында, пән мазмұнында басшылыққа
алынады. Бірақ, идеологиялық бағдарда бірізділік жоқ, сондықтан мектептегі
білім мазмұны әлемнің бүтіндей картинасын бере алмайды. Әдістер мен
тәсілдердің философиялық негізін байқау қиын, ал технология белгілі бір
философиялық негізді ұстанушы ретінде қызмет ете алады. Көптеген
педагогикалық технологияларда кездесетін философиялық бағыттар:
- материализм және идеализм;
- диалектика және метафизика;
- Гуманизм және антигуманизм;
- Прагматизм және экзистенциализм.
Педагогикалық технология дерекнамасы педагогика психология және
әлеуметтік ғылымдар, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе, халықтық
педагогика отандық және шетел педагогикасының озық идеялар болып
табылады.[8]
Қазіргі таңда бұл жүйе қайтадан қаралып, қолданыла бастады. Монитор
қызметіне ие болған оқушыдан білімінің тереңдігі, топты ұйымдастыра алу
қабілеті, сөйлеу мәдениеті, өз ойын еркін жеткізі білуі, т.б. қасиеттер
талап етіледі. Кейде оқушыға мұғалімнің түсіндіргенінен гөрі, қатарлас
баланың түсіндіргені анағұрлым тиімді болатыны да рас. Монитор-оқушы өз
бетімен білімін жетілдіруге талпынса, басқалар соның дәрежесіне жетуге
тырысады. Ал мұғалім бүкіл топты еркін бақылауға мүмкіндік алады. Бұл
мұғалімға өзінің кейбір жіберген қателігін түзетуге мүмкіндік береді.
Монитор-студент топ алдында ұятқа қалмау үшін мұғалім берген тапсырмаларды
ерекше қызығушылықпен орындауға талпынады.
Ұжымдық өзара оқыту технологиялары
В.К.Дъяченконың ұжымдық оқыту технологиясы жоғары сапалы нәтижеге қол
жеткізу; алынған білімді бір-біріне сол сәтте және үздіксіз беру;
оқушылардың өзара әрекеті мен бірлігін қалыптастыру; жеке тұлғаны
қабілетіне сай оқыту; әрбір білім алушының еңбегін педагогизациялау;
тақырыптар мен тапсырмалардың әртүрлі болуын көздейді.
Ұжымдық оқыту технологиясы оқушының өз ойын айта білуіне, басқа
адамдармен қарым-қатынас жасай білуге бағытталған. Топтық, ұжымдық және
жеке оқушы арқылы да орындала береді. Оқушылар өз қалаулары бойынша топ
құра алады. Топтағы студент санына байланысты тапсырмалар саны
анықталады.[19]
Ұжымдық оқыту технологиясын үлкен тақырыпты өтіп болғаннан кейін
пайдалануға болады. Мысалы, сөз тіркесі синтаксисін өтіп болғаннан соң осы
технологияны пайдалануға болады. Ол үшін оқушыларға бірнеше тапсырмалар
беріледі. Олар кімнің мұғалім, кімнің оқушы болатынын өздері таңдайды.
Технология былайша жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде оқыту сапасын арттыруға ықпал ететін технологиялардың
бірі:
- ақпараттық- компьютерлік технологиялар: бейнероликтерді, интернет
материалдарын, мультимедиялық құралдарды, оқыту бағдарламаларын қолдану
ұсынылады. Оқытуда қазіргі қолданыстағы қарқынды – шоғырландырып оқыту,
жеке тұлғаның жан-жақты дамуына қажетті нәтижелі білімге бағыттау, білімді
ізгілендіру, өзіндік зерттеу т.б. технологияларды қолдану әдебиеттен
нәтижелі білім беруге ықпал етеді деп тұжырымдауға болады.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы әдебиетті
оқытуда аса тиімді деп танылады. Көркем шығарма негізінде өз алдына
сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз
пікірін айтып, оны дәлелдей алуға үйреттеін бұл оқыту түрі сонымен қатар
басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдермен қисынын
зерттеу дегенді де білдіреді. Сын тұрғысынан ойлау-ең алдымен шығармашылық
ойлау. Шығармашылық сөзі шығару, іздену, ойлап табу деген мағынаны
білдіреді. Демек, бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап табу,
жетістікке қол жеткізу деген сөз. Шығармашылық деп жаңалық ойлап табатын іс-
әрекеті деп тұжырымдалады. Шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады,
тұлғаның дамуы жеделдейді. (Л.С.Выготский) Оқушы шығармашылығын шыңдауға
оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының берер көмегі
зор.[14]
Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады:
1. Қызығушылықты ояту. Оқушы тақырыпқа байланысты өз білімін анықтайды,
еске түсіреді. Тіпті қағазға жазып, көршісімен бөліседі, тобында
талқылайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы
біліммен ұштастырады. Яғни тақырыпқа қызығушылық басталып, зерттеу
қалыптасады, белсенділігі артады.
2. Мағынаны тану.Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып
бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды.
3. Ой толғаныс: Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз
сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Өзгелердің ой кестесін үйренеді.
Үйренгендерін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану
керектігін ой елегінен өткізеді.Бір-бірімен ой алмастырады, ой түйістіреді,
әр түрлі шығармашылықпен көріне алады.
Сабақта осы бағдарламаның әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы көптеген
нәтижелерге қол жеткізуге болады. Мұнда ең бастысы оқушылар өз ойын шыңдап,
кез-келген даму деңгейіне сыни көзбен қарай алады. Бір-бірімен дұрыс қарым-
қатынас жасауды және бірін-бірі тыңдай білуді үйренеді. Өздеріне
сенімсіздік білдіріп, бұйығып отыратын оқушылар да өз ойларын аз да болса
жүйелеп еркін айтатын болады. Сабақта оқушыларды орталықтарға бөлу кезінде
сабаққа деген қызығушылығы артып, бір-бірімен пікір алмасып, еркін сөйлеуге
үйренеді және сөздік қорлары молаяды.
Оқушы–ізденуші тұлға. Кез-келген пәнге оқушы қызығушылығын арттыру үшін
дәстүрлі әдеттерге қоса хабарлама, көрнекі көрсету, безендіру әдістерін
қолдану, сонымен қатар зертханалық және сарамандық тәжірибелерді дұрыс
ұйымдастыра білу мұғалім шеберлігінің бір көрінісі. Адам топ ішінде ғана
толығады десек, оқушылардың топтасып жұмыс істеуі өз әсерін береді. Ойды ой
жетелейді. Сабақтың байланысып, бір-бірімен сабақтасып жатуына бағдарлама
әдістерін пайдалану септігін тигізеді.Сонымен бірге оқушыларды сабаққа
ынталандыру сабақ жоспарының түрлеріне де байланысты. Мәселен, жарыс сабақ,
сахналау сабақ және ойын сабақтарын қолдану баланың дүниетанымын кеңейтіп,
қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады. Оқыту барысында оқушылардың
өз бетімен білім алу құзыреттілігін қалыптастыру, олардың әрекеттік,
танымдық, креативтік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін жобалау
технологияларын қолдану да тиімділік көрсетеді. Алуан түрлі іс-әрекет
барысында шынайы қарым-қатынасқа жақындайтын жағдаяттар туғызуға мүмкіндік
беретін, түрлі дидактикалық материалдар (сөзжұмбақтар, ребустар, карталар,
кестелер, диаграммалар) кеңінен қолданылатын ойын технологиялары:
имитациялық-модельдік, жағдаяттық-рөлдік, пайданы өз мүддесіне ыңғайлау
(глобальная симуляция), дөңгелек үстел, брифинг, баспасөз-
конференциялардың да оқытудағы орны ерекше екендігі сөзсіз.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда ойталқы, ойға шабуыл
(идеялар көзі, сыншылар мен сарапшылардың қатысуымен шешім жасаудың
қалыпты түрлеріне қарама-қарсы, жаңа дара идеяларды табуды көздейтін)
сияқты тәсілдерді қолдану арқылы оқушының ойлау және сөйлесім әрекетінің
белсенділігін арттыратын проблемалық оқыту әдістері мен сын тұрғысынан
ойлауды дамыту тәсілдері де қазақ әдебиетін оқытуда тиімді деп
табылады.[15]
Интербелсенді оқыту әдістері
Қазіргі оқыту үдерісінде Әлеуметтік тәжірибе арқылы үйрену және үйрету
басты қағидалардың бірі ретінде қолданылады. 12-жылдық білім беру жүйесінің
дәстүрлі мектептен айырмашылығының өзі де осында.Оқушы алған білімін
өмірлік жағдаяттарда пайдалана алуы тиіс. Жалаң теориялық білім оқушыға
қызмет ете алмайды, сол себепті оқытуда білім алушының әлеуметтік
тәжірибесін арттыруға ерекше назар аудару керек, яғни оқу процесінде
әлеуметтік мазмұн басым болуы қажет. Сабақта шәкірттер мен ұстаз
коммуникативтік қарым-қатынас әрекетінің белсенді мүшесіне айналады. Мұндай
қарым-қатынаста әрбір шәкірттің өзіндік өмір тәжірибесінің алатын орны
ерекше. Сол себепті оқу мазмұны өмірлік тәжірибелерге негізделсе, оқушыда
қызығушылық пен ықылас арта түседі. Мысалы, М.Әуезовтің Абай жолы
эпопеясын, тіпті көркем туындының қайсысын болмасын оқытуда шығарманың
мамзұнын, көркемдік ерекшеліктерін, образдар жүйесін талдау жұмыстарын
неге?, неліктен?, олай болса, сен не істер едің? және т.б.
сұрақтармен, мысалдармен нақтылай отырып ұйымдастыруға болады.
Сондықтан әдебиетті оқытуда өмірді оқыту, үйрету, өмірден үйренуге
оқыту керек - деген мәселеге сәйкес дәстүрлі репродуктивті білімді
құрастырылған (конструктивтік) білім берумен ұштастыру көзделеді.
Репродуктивтік білім дайын оқу материалын белсенді, ырықсыз түрде
қабылдау дегенді білдіреді. Оқушылар бұл білімді сіңіргенде ешқандай
ізденуші немесе зерттеу жұмысын атқармайды, оның қажеттілігі туралы
ойланбайды, тек сырттан берілген ақпаратты механикалық түрде ғана
қабылдауға тырысады. Күнделікті өмірмен байланыспаған мұндай білімнің
қажеттілігі шамалы ғана болады, өйткені, үйренушілер оны өз өмірінде қалай
қолданатынын білмейді. Репродуктивтік білім оқу жоспарларын жүзеге
асыратындықтан оны бағдарлама центристік оқыту деп те атайды. Ал
құрастырылған конструктивті білім аты айтып тұрғандай білімнің үйренушіге
дайын күйде берілуі мүмкін еместігімен және әр оқушының қоршаған әлем, өмір
туралы өзіндік түсінік құрастыруымен ерекшеленеді. Педагогикада
конструктивті білім білім үйренушінің өзіндік ойлары, идеялары,
түсініктері, көзқарастары, дүниетанымы, пікірі, сұрақтары мен жауаптары,
дәлелдері, ұстанымдары, уәждері мен ұстанған құндылықтары деп
түсіндіріледі. Ал оның бәрін де үйренушілердің өздері әрекеттер мен ойлану
арқылы құрастырады, жасайды. Мұндай жағдайда ұстаз үйретпейді, ол тек
шәкірт тарапынан білімді өздігімен игерудің жағдайларын ғана жасайды.
Оқытудың нәитжелік сипатының құзыреттіліктермен өлшенуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заманауи білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі мен сипаттамасы
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқытудың бірыңғай технологиясын жүзеге асыруға даярлау
Кәсіптік білім берудің қазіргі технологиялары.
Математиканы оқыту жүйесін компъютерлендіру мәселелері
Дидактиканың оқыту технологиясы
Оқытудың қазіргі технологиялары
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Музыка сабағындағы заманауи технологиялар
Бастауыш сынып ана тілін оқытуда қазіргі технологияларды қолдануға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру
Пәндер