Ішкі ағзаларға жалпы сипаттама беру, олардың топографиясын анықтау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Ішкі ағзаларға жалпы сипаттама беру, олардың топографиясын анықтау
Жоспары:
1. Ағзадағы ішкі мүшелер
2. Ішкі мүшелердің түрлері
3. Ішкі мүшелердің топографиялық анатомиясы
Ішкі мүшелер дене қуысында, оның ішінде бас, кеуде, құрсақ және жамбас қуысында орналасқан. Сондай-ақ бас пен мойында да ішкі мүшелер болады. Олар ағзаның зат алмасу қызметіне қатысады. Ішкі мүшелер дамуына, құрылыс ерекшелігіне, орналасу жағдайына, қызметіне қарай жүйеге немесе жүйелі мүшелерге бөлінеді. Олар: асқорыту жүйесі (systema digestorium), тыныс жүйесі (systema respiratorium), несеп-жыныс жүйесі (apparatus urogenitalis). Бұлар негізінен дененің көкірек, құрсақ және жамбас қуыстарында орналасып, қоршаған сыртқы ортамен денедегі табиғи тесіктер арқылы қатысады. Ішкі мүшелер - адам мен жануарлар организмдері мен қоршаған сыртқы ортамен денедегі табиғи тесіктер арқылы қатысады. Ішкі мүшелерді және олардың құрылысын зерттейтін ілім - спланхнология деп аталынады. Адам және жануарлар анатомиясы мен физиологиясы, пәнінен алдыңғы тақырыптарда топографиялық анатомияны айтып кеткен болатынбыз. Топографиялық анатомия-анатомия ғылымының бір бағыты, онда мүшелердің ағзада қалай орналасатындығы анықталады. Яғни адамның, жануарлардың ішкі ағзаларын топографиялық анатомияда талдап, түсіндіруге де болады.
Ас қорыту жүйесі ұзына бойы жатқан түтік тәрізді, оның ішкі қабырғасы қоректік заттармен тығыз байланысты. Бұл ағзалар арқылы сыртқы ортамен организм арасында зат алмасу процесі өтеді. Ас қорыту аппаратының бірінші бөлімі ауыз қуысынан басталады (2-сурет). Бұл көмей тесігі арқылы жұтқыншақпен байланысады, одан кейін өңеш, қарын, аш ішек, тоқ ішек, ең соңынан тік ішекпен аяқталады. Ас қорыту аппараты топографиялық орналасу жағдайына қарай бас, мойын, көкірек, құрсақ және жамбас бөліктеріне бөлінеді. Тыныс алу аппараты мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, өкпе болып бөлінеді. Олар газ алмасу, дыбыс шығару міндетін атқарады. Ал несеп шығару аппаратына қос бүйрек пен несепағар, қуық және несеп жолы жатады. Бұлар ыдырау процесінде пайда болған керексіз заттар мен суды сыртқы ортаға бөліп отырады. Сонымен қатар, ағзаның ішкі мүшелеріне жыныс аппараты мен ішкі секрециялық бездерді жатқызуға болады. Жыныс аппараты аналық және аталық жыныс мүшелері болып бөлінеді. Аталық жыныс мүшелеріне: ен, еннің қосалқысы, шәует жолы, шәует қуықшасы, бауы, аталық несеп жолы және ұма жататын болса, ал аналық жыныс аппараты: әурет, оның қосалқысы, жатыр, жатыр түтіктері, қынап жатады.
Ас қорыту жүйесі. Тамақ өнімдерінің едәуір қарапайым, ағзаға сіңірілетін заттарға ұсақталу және ыдырау процестері ас қорыту деп аталады. Ағзалардың құрылысы қоректенетін тамақ ерекшеліктеріне қарай түзілген. Мәселен, тек өсімдік пен не етпен қоректенетін жануарлардың ас қорыту ағзаларының құрылысы ерекше. Ал адам тағамының әр түрін қабылдағаннан кейін оның ас қорыту ағзаларында белгілі бір тағамға бейімделген ерекшелігі болмайды. Ас қорыту жүйесінің әрбір бөлігі түрлі қызмет атқаратындықтан құрылысы мен пішіні де түрліше болады. Оның жалпы ұзындығы 8-10 метрге дейін жетеді. Тағамды мұқият майдалау, шайнау ауыз қуысының қызметі болып есептеледі. Осыған байланысты ас қорыту ағзаларының ішінде тек осы бөлігінің негізі сүйектен түзілген.
Ас қорыту жүйесі

Ас қорыту бездері:
-сілекей бездері
-бауыр
-ұйқы безі
-асқазан бездері
-ішек бездері
Ас қорыту жолы:
-ауыз қуысы
-жұтқыншақ
-өңеш
-асқазан
-аш ішек
-тоқ ішек
-тік ішек

1-схема. Ас қорыту жүйесі түрлері
Ауыз қуысы (cavitas oris) жоғары жағынан-таңдаймен, төменгі жағынан-тіласты, жақасты еттерімен, екі бүйірінен-ұрт етімен, алдынан-ауыз қуысын жауып тұратын еріндерімен, ал арт жағынан-жұтқыншақ қуысына жалғасатын көмей тесігімен шектелген. Көмей үстіңгі жағында-жұмсақ таңдай, бүйірінен-көмей доғасы, астынан тілдің түбірімен шектеліп тұрады. Ауыздің кіреберісінде тіс, қызыл иек пен ерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі секрециялық және аралас секрециялық бездердің эндокринді бөлігінің анатомиясы
Жұлын құрылысы. Сұр зат. Ақ зат. Рефлекторлық доға. Жұлын-ми нервтерінің тармақтары. Вегетативті нерв жүйесінің бөліктері
Ортағасырлар дәуірі кезеңіндегі Арыс өзені бойындағы қалалық мәдениеттердің дамуы мен генезисі
Цитология және гистология түсінігі
Малдың жеке мүшелері
Хирургиялық операциянын жіктелуі
Түркі дәуірі ескерткіштері
Судың санитариялық-гигиеналық маңызы
Сырдарияның ежелгі Солтүстік арналары бассейндерінің ескерткіштерінде
ІШКІ ЖҰҚПАЛЫ ЕМЕС АУРУЛАР КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА РЕНГИНОЛОГИЯСЫМЕН пәніне арналған оқу-әдістемелік құралы
Пәндер